Автокөлік құралдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2013 в 14:36, лекция

Краткое описание

Халық шаруашылығында автомобиль транспорты зор роль атқарады. Өзінің жоғары маневрлігі, өткіштігі және әр түрлі жағдайларда жұмысқа ыңғайлылығының арқасында автомобиль транспорты халық шаруашылығының түрлі салаларында жолаушы, жүк т.б. тасуда қажетті құралдың бірі.
Революцияға дейін аздаған шетелдік автомобильдерден (көбінесе жеңіл автомобильдер) басқаны есептемегенде Россияда не өзінің автомобиль өндірісі, не автомобиль транспорты болған жоқ.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Avtomobil_lektsia.doc

— 362.00 Кб (Скачать документ)

ЗМЗ-53 двигательінің  бөлгіш білігінде эксцентрикпен  қарсы салмақ бөлгіш шестерняның  алдынғы жағында орналасқан. Үйкеліске  берік болулары үшін винтті шестерняның  тістері, эксцентрик, жұдырықшалармен бөлгіш болат біліктің тірек мойындары жиілігі жоғары тоқпен суарылады.

Тарату білігі мен иінді біліктің алдыңғы бастарында бөлгіш шестернялар отырғызылған. Тарату білігінің шестернясы  (ЗИЛ-130) шойыннан немесе текстолиттен (ЗМЗ-53 пен ГАЗ-24) жасалып, шпонкаға орнатылып айналып кетпеуі үшін болт пен шайба арқылы бекітіледі. Иінді біліктің шестернясы болаттан жасалады.

Төрт тактілі  двигательдің иінді білігі екі айналғанда әрбір клапан бір рет ашылуы керек, бұдан тарату білігінің айналу  саны иінді біліктің айналу санынан екі есе кем болатындығын көреміз. Тарату білігінің шестернясының иінді біліктің шестернясының диаметрінен екі есе үлкен болғанда ғана жоғарыдағыдай байланыс тұрқты болады. Клапандардың ашылуымен жабылуы цилиндр ішіндегі поршеньнің жағдайына (орнына) және жұмыс циклінің өту жағдайына байланысты. Сондықтан шестерняларды жинастырғанда олардың қондырма белгілері бір–біріне дәл келуі керек.

Шестерня  тістерінің қисықтылығының салдарынан жұмыс уақытында тарату білік  осінің жылжып қозғалуын тудырады, осы арқылы ол болат тірек фланецпен цилиндр блогінің алдынғы бүйіріне екі болтпен бекітіледі. Фланецтің ішкі бөлігі тарату шестерняның күпшегі мен біліктің алдыңғы тірек мойнының арсындағы саңылауға кіріп  тұрады. Сондықтан біліктің мойны мен шестерняның күпшегінің арасында саңылау болу үшін таяныш шайба қағылады.

Тарату фазалары. Цилиндрлерге берілетін жанғыш қоспаның таза және толық болуы мен қатар пайдаланылған газдардан цилиндрлердің толық тазаруы негізінде двигательдің қуаты мол болады.Сондықтан енгізу клапаны поршень өзінің ең жоғарғы жағдайына (ж.ө.н.) келгенге дейін ашылады,яғни 12-240 шамасында бұрын ашылып, поршень өзінің ең төменгі жағдайына (т.ө.н.) келгеннен кейін, яғни 60-70 шамасында кешігіп жабылады.

Енгізу клапаның алдын ала ашылуы цилиндрге жанар қоспасын бұрын берудің нәтижесі, өйткені енгізу тактысының жиі қайталануынан енгізу трубопроводында пайда болған инерция қысымының әсер етуінен жанар қоспасы цилиндрге поршеньнің өзінің ж.ө.н. қозғалуын тоқтатпаған, яғни шығару тактысының аяқ кезінде кіреді. Сонымен бірге поршень ж.ө.н. келу сәтінде клапан толық ашылып болады. Инерциялық қысымның ықпалымен жанғыш қоспаның цилиндрге енуі сығу тактысының бастапқы кезінде де тоқтамайды. Поршень т.ө.н. өтіп, жоғары көтеріле бастаған кезде цилиндрдің ішіндегі қысым аса көп болмайды. Сөйтіп енгізу клапанының ерте ашылып не кеш жабылуы цилиндрге жанғыш қоспаның ену уақытының ұзаруынан болады. Бұл қаралып отырған двигательдер үшін иінді біліктің 252-2760 айналу кезінде болады.

Шығару клапаны жұмыс тактысының аяқ кезінде т.ө.н. жетуден 50-570 бұрын ашылып,енгізу тактысын бастымас бұрын ж.ө.н. 18-390 өткеннен кейін жабылады.

Цилиндрдің  т.ө.н. дейін пайдаланылған газдардан  босауы жұмыс тактысының аяқ кезіндегі  газдардың қысымынан болса, ал ж.ө.н. өткеннен кейін енгізу тактысының бас кезінде пайдаланылған  газдар цилиндрдің инерция күшімен шыға бараді.Сөйтіп, пайдалынылған газдардың шығу ұзақтығы иінді біліктің 252-2760 шамасында айналу кезінде болады.

Өлі нүктелермен  салыстырғандағы иінді біліктің айналуын градуспен көрсетілген кездердегі клапандардың ашылып жабылу сәтін газ таратқыш  фазалар деп атайды. Газ таратқыш фазаларының диафрагмасынан көрінгеніндей, шығару тактысының аяғында, енгізу тактысының басында екі клапанда бір мезгілде шамалы уақытқа ашық болады. Бұл уақытты клапандардың жабылуы деп аталады. Осы уақыттың ішінде цилиндрлер тазарып үлгереді.

Төрт және сегіз цилиндрлі  төрт тактілі двигательдердің жұмыс  циклдері. Көп цилиндрлідвигательдердің жұмысы дұрыс және бір қалыпты болуы үшін түрлі цилиндрлердегі аттас тактілер бір уақытта болмауы керек. Яғни олардың белгілі бір шамада кезектесіп отырулары қажет. Түрлі цилиндрлердегі аттас тактылардың кезектесіп отыруын двигательдің жұмыс тәртібі деп аталады. Двигательдің жұмыс тәртібі иінді біліктің шатун мойындары мен бөлгіш біліктің жұдырықшаларының орналасуларына байланысты.

Төрт цилиндрлі  ГАЗ-24 «Волга» автомобилі двигательінің  цилиндрлерінің жұмыс тәртібі: 1-2-4-3. Өйкені төрт тактылы двигательдің әрбір  цилиндрінің толық циклі иінді  біліктің екі айналуында өтіп отырса,ал төрт цилиндрлі двигательдерде иінді білігінің әрбір жарты айналымында цилиндрлердің біреуінде жұмыс тактысы өтіп үлгереді. 24, а-суретте 1-2-4-3 сандарымен цилиндрлердің орналасулары белгіленген сандардың астындағы бағанада цилиндрлердің тактыларының өту реті көрсетілген. Бағананың әрбір клеткасы бір тактыға тура келеді немесе иінді біліктің 1800 айналуына тең. Тактылырдың аттары клеткаға жазылған. Жұмыс тәртібі 1-2-4-3  цилиндрлердің бірінші жарты айналымында жұмыс тактысы бірінші цилиндрге өтсе, екінші жарты айналымында – екінші, ү.шінші   жарты айналымында – төртінші және төртінші жарты айналымында – үшінші цилиндрде (24,а- сурет) өтіп отрады.

Сегіз цилиндрлі V-тәрізді ЗИЛ–130 және ЗМЗ–53 двигательдерінің  цилиндрлерінің жұмыс тәртібі 1-5-4-2-6-3-7-8. Двигательдің иінді білігінің шатундық мойындары бір- біріне 900 бұрышпен орналасқан (24,б – сурет). Мұндай жағдайда двигательдің аттас тактылары екі цилиндрде 90 градуста немесе поршеньнің жарты жүрісінде өтеді.

Сегізінші цилиндрде жұмыс тактісі бірінші жарты айналымда аяқталып, біріншіден толық өтіп бесінші цилиндрде басталады; екінші жарты айналымда бесіншіде бітіп, төртіншіде толық өтеді де, екінші цилиндрде басталады; үшінші жарты айналымда – екіншіде бітіп, алтыншыда толық өтеді де, үшінші цилиндрде басталады; төртінші жарьты айналымда – үшінші де бітіп ; жетіншіде толық өтеді де сегізіншіде басталады. Сегіз цилиндрлі V-тәрізді двигательдердің түрлі цилиндрлеріндегі жұмыс тактылары жоғарыда көрсетілгендей өтуі салдарынан двигатель бір қалыпты жұмыс істейді.

Автомобиль  жүргізуші двигательдерін жұмыс  істеу тәртібін, олардың сымдарын оталдыру свечаларына дұрыс жалғауды берулері керек.                                      

          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 - ГАЗ -24 төрт  цилиндрлі двигателінікі;

                     2 - ЗМЗ -53 және ЗИЛ –130 сегіз  цилиндрлі двигателінікі.

Иінді біліктің жарты айналуы.

Иінді біліктің бұрылу бұрышы.

Цилиндрлер

Иінді біліктің жарты айналымы

Иінді біліктің бұрылу бұрышы

Цилиндрлер 

1

2

3

4

1

2

3

4

5

6

7

8

1-ші

00 - 1800

жұмысшы жүрісі

сығу

шығару

енгізу

1-ші

 

 

00

900

1800

жұмысшы жүрісі

енгізу

шығар

сығу

 

Енгізу

шығару

жұмысшы жүрісі

сығу

енгізу

жұмысшы жүрісі

жұмысшы жүрісі

сығу

шығару

2-ші

3600

шығару

жұмыс. жүрісі

енгі-зу

сығу

2-ші

2700

3600

4500

шығару

жұмыс. жүрісі

сығу

енгізу

3-ші

5400

енгізу

шығару

сығу

жұмысшы жүрісі

3-ші

5400

енгізу

шығару

жұмысшы жүрісі

шығару

Шығару

жұмысшы жүрісі

сығу

Енгізу

енгізу

сығу

4-ші

7200

сығу

енгізу

жұмысшы жүрісі

шығару

4-ші

6300

сығу

енгізу

шығару

Енгізу

сығу

шығару

жұмысшы жүрісі

жұмысшы жүрісі

7200

           

 

                                                                                                  

САЛҚЫНДАТУ  ЖҮЙЕСІ

Двигатель жұмыс  істеп тұрған кезде отынның бір  бөлегі ғана пайдалы жұмысқа жұмсалады. Қалған жылу двигательдің бөлшектерін жылыту үшін және жанған заттармен бірге сыртқа келіп отырады.

Жұмыс циклінің орташа температурасы 800-9000 С шамасында болады. Мұндай температурада двигательді қолдан салқындату керек. Өтпеген күнде двигательдің бөлшектері қатты ысып, майлау майларының жанып кетуі, шамадан артық кеңейіп және поршеньдері сыналанып нығыздалап қалуы, подшипниктердің еріп кетуі т.б. ақаулар пайда болулары мүмкін. Сондықтан двигательдің дұрыс жұмыс жасауы үшін оның салқындату жүйесінің болуы, ол арқылы қызған бөлшектердің жылуын бөліп отыру керек .

Қаралып отырған  двигательдерде еріксіз циркуляциялайтыны  бар сұйықпен салқындату жүйесі қолданылады. Салқындатқыш сұйық ретінде суды, ал төменгі температурада- қату температурасы төмен сұйықтар қолданылады. Салқындатқыш сұйықтың температурасы жұмыс істеп тұрған двигательдер үшін 80-900 шамасына болады. Двигатель шамадан тыс салқындамауы керек, өйткені пайдалы жылу босқа кетеді де, салқындаған (суыған) жағар май үйкеліске кететін қуатты арттыра түседі; жанар қоспасының бір бөлегі сұйыққа айналып цилиндрлердің қабырғаларындағы майларды шайып кетеді де бөлшектердің тозуын тездетеді. Двигательдің сұйықпен салқындатылған жүйесіне кіретін бөліктері: блоктың салқындатқыш қабы, цилиндрлердің қалпақшасы, радиатор, су насосы, желдеткіш, термостат, қосу шлагалары, су крандары, жалюздер мен салқындатқыш сүйықтың температурасын көрсететін датчик.

Жұмыс істеп  тұрған двигательдің бөлшектері өзінің жылуын салқындатқыш сұйыққа беріп өздері салқындап отырады. Жылынған сұйық радиаторға барып онда салқындағаннан кейін қайтадан блоктың салқындатқыш қабына келеді. Желдеткіш ауаның ағымын радиатордың өзектері арқылы өткізуі салдарынан радиатордағы сұйақ салқындап отырады. Салқындаған сұйықты радиатордан блоктың қабына қайта қайтуды су насосы қамтамасыз етеді. Сұйықтың жедел салқындауы термостат, жалюздер немесе желдеткішті автоматты қосып, не ажырататын жүйе арқылы реттеледі. Салқындату қабы радиатормен, келте трубалармен және резиналанған матадан істелген шланглермен жалғастырылады. Салқындатқыш сұйықты радиатордың аузынан құяды.

Сұйықтың  температурасын электр көрсеткішімен  немесе сигнал лампасымен тексеріп біліп  отырады. Ол приборлардың құрылысы мен  жұмыс істеу принціпін «Электр  жабдықтары»   бөлімінде айтылған.

Двигательдің  салқындату жүйесін таза «жұмсақ» сумен  толтарыды, жаңбыр немесе қардың суы  болса өте жақсы. Артезиан, бұлақ  немесе теңіз суын қолдануға болмайды. Өзен мен көлдердің тұщы суын радиаторға құймас бұрын қайнатып жұмсартады да, бес–алты қабат дәкеден жасалға      сүзгімен  сүзеді.

Кермек суды қайнатқанда қақ пен тұнба  бөліп шығарады, ал мұндай сулармен жылтыратып өнделген заттарды жуса, кепкеннен  кейін ақ дақ қалып қояды. Судың  кермектігін сабынмен білуге де болады. Су тұщы болса сабын толық еріп, сабындағанда көбікті көп бөледі,ал кермек суда сабын іріп нашар ериді, әрі көпірмейді. Судың кермектігін аңықтау үшін тұз өлшеуіш пайдаланылады. Артезиан не бұлақ суын ионитті сүзгіден өткізгеннен кейін ғана пайдалануға болады. Салқындату жүйесінен құйып алған суды қайтадан пайдалануға болады. Суды жиі алмастыруға болмайды, өйткені салқындату жүйесінің бөлшектерін коррозияға шалдығуын тездетіп, нақ тұруын көбейтеді.

Егер ауаның температурасы 00 С-ден төмен болса, салқындату жүйесіне сумен бірге төменгі температурада қататын сұйық–антифриз құйған дұрыс. Антифриздің екі түрлі маркасы - 40 және 65 болады. Антифриз этиленгликоль мен судың қоспасынан тұрады. 40 маркалы антифриз  (ашық сары түсі) температурасы орташа орталық аудандарда пайдаланылатын автомобиольдерге қолданылады. Оның қату температурасы –400 С. 65 маркалы антифриз (қызғылт сары түсі) төменгі температура жағдайында жұмыс істейтін автомобильдерге қолданылады. Оның қату температутары – 650С. Антифриз улы, сондықтан оны қолданғанда өте сақ болуы керек. Адам денесіне тисе уландырады. Бұл сұйықтардың көлемінің кеңею коэффициенті судыкінен үлкен болғандықтан салқындату жүйесіне құйғанда оның жалпы көлемінің  93-95 процентің ғана толтыру керек. Егер двигательдің салқындату жүйесіндегі антифриз  денгейі оның булануы арқылы азайып кетсе үстіне су толтырып құйылады.

Радиатор блоктағы ысмытылған сұйықтықты труба арқылы жылуды айналадағы ауаға беріп салқынтату үшін керек. Ол жоғарғы және төменгі бачоктардан, келте трубадан, бу шығаратын түтіктен, өзек және бекітетін бөлшектерден тұрады.

Көбіне радиатор жезден жасалады. Сұйықтың негізгі  салқындайтын орны радиатордың өзегі  болып есептеледі. Түтікті радиатордың  өзегі қөптеген сопақша, немесе дөңелек  түтіктерден тұрады. Түтіктердің  салқындату бетін көбейту радиатордың қатаңдығын арттыратын жіңішке қөлденең пластиндерді қою арқылы орындалады. Бачоктың жоғарғы және төменгі жағының двигательдің салқындату қабымен қосатын келте трубасы болады. Жоғарғы бачоктың су т.б. сұйықтар құятын аузы бар. Сұйықтың құятын аузына бу шығатын түтік қойылады.

Информация о работе Автокөлік құралдары