Автокөлік құралдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2013 в 14:36, лекция

Краткое описание

Халық шаруашылығында автомобиль транспорты зор роль атқарады. Өзінің жоғары маневрлігі, өткіштігі және әр түрлі жағдайларда жұмысқа ыңғайлылығының арқасында автомобиль транспорты халық шаруашылығының түрлі салаларында жолаушы, жүк т.б. тасуда қажетті құралдың бірі.
Революцияға дейін аздаған шетелдік автомобильдерден (көбінесе жеңіл автомобильдер) басқаны есептемегенде Россияда не өзінің автомобиль өндірісі, не автомобиль транспорты болған жоқ.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Avtomobil_lektsia.doc

— 362.00 Кб (Скачать документ)

Қаралып отырған  двигательдерде жабық салқындату жүйесі қолданылады, олардың жүйе қуысы  атмосферадан радиатордың су құятын аузын нығыздап жабатын тығынмен бөлінген. Тығынның бу шығаратын және ауа кіретін клапондары бар. Бу клапаны салқындату жүйесінде қысымның 0,28-0,55 кс/см2 болуына жол береді (ЗИЛ-130 двигателінде 1кгс/см2 дейін), бұл атмосфералық қысымнан жоғары. Сөйтіп, мұның өзі жүйедеі су температурасының 108-1120 С дейін (ЗИЛ-130 двигателінде 1190С дейін) қайнау артуына және буланудан судың едәуір азаюына жағдай жасайды. Жүйе ішінде қысым шамадан тыс көбейгенде клапан автоматты түрде ашылады.

Сұйық салқындап  және оның буларының конденсациялануынан  жүйеде сұйықтық сирейтіндіктен радиаторға сыртқы ауаны жіберіп тұратын ауа клапанына бөгет жасайды. Радиатор ішінің сиреуі түтіктердің жапырылып толуына әкеліп  отырады.

Автомобиль  жүріп келе жатқанда жайсыз жолдарда ұрылып-соғылуын жұмсарту үшін радиаторды кронштейнге бекітетін жерге  резина жастық қойылады.

Желдеткіш – радиатордың өзегі мен оның ішіндегі салқындатқыш сұйығы арқылы өтетін ауаның ағысын арттыру қызметін арттырады. Желдеткіш шкивтің күпшегіне бекітілген төрт, немесе алты қалақшалардан тұрады. Желдеткіштің білігі су насосының білігі ретінде де қызмет етеді, ол оның корпусына екі шарикті подшипнигі арқылы бекітіледі. Корпуста майлау майы шығатын бақылау тесігі болады. Радиатор мен двигательдің ауамен салқындатуын жақсарту үшін желдеткіштің бағыттауыш құндағы бар.

ГАЗ-24 двигательдерінің барлығында, сондай-ақ кейбір ЗМЗ-53 двигателінде қажетті жылу энериясын ұстап тұру үшін желдеткіш жетегінің муфтасының электромагнитті жетегі болады. Ол салқындату жүйесіндегі температураға байланысты қысылып-ажырауы автоматты түрде өтеді. Муфта су насосы жетегінде жетек шкивімен бірге орнатылған электромагниттен және шарикті екі подшипниктерде еркін айналатын пластиналы серіппе арқылы якорьмен жалғастырылған желдеткіш күпшегінен тұрады. Электромагниттің катушкасы жылу релесі арқылы қосылған, оның датчигі радиаторға орналастырылған. Радиатордың жоғарғы бачогындағы салқындатушы сұйықтың температурасы 88-97 0С жеткенде жылу релесінің контактылары тұйықталады да ток электромагниттің катушкасына беріледі. Осының нәтижесінде пайда болып магнит өрісінің әсерімен желдеткішке орнатылған күпшекті айналдыра отырып, якорь электромагнитке тартылады. Радиатордың үстіңгі бачогындағы салқындайтын сұйықтың температурасы 78-850С төмендегенде реленің контактасы ажырайды да желдеткіш тоқтайды.

Су насосы салқындату жүйесіндегі сұйықты еріксіз циркуляциялау үшін қолданылады. Насостың негізгі бөліктері: корпус, білік пен оның қалақшасы және өздігінен нығыздалатын сальник. Су насосы желдеткішпен бірге блоктың алдыңғы бүйіріне бекітіліп иінді біліктің шкивінен тек рементмен іске қосылады. ЗИЛ-130 двигателінде жетек рульмен басқарудың гидрокүшейткіш насосының шкивін де қозғалысқа келтіреді, ЗМЗ-53 двигателіне тартқыш ролик, ал ГАЗ-24 двигателінде генератор іске қосылады.

Су радиатордың  төменгі бачогіне кіретін келте  труба арқылы насостың корпусының ортасына келеді. Қанаттың қалақшалары айналғанда суды өзіне тартып, центрден тепкіш күштің әсерімен оны корпусының қабырғаларына қарай шашады. Насостың корпусындағы су цилиндр блогінің бүйіріндегі тесігі арқылы двигательдің салқындату қабына (ГАЗ-24) немесе цилиндрлер блогінің оң және сол жақ қатарына (ЗМЗ-53 және ЗИЛ-130) кіреді. Суды насостың корпусынан біліктің шығатын жеріне ығыстыруға өздігінен тығыздалғыш сальник кедергі келтіреді. Ол металл құрсауы бар резина манжеттен, серіппе және текстолит шайбадан тұрады. Манжет білікке тығыз киіліп серіппенің қөмегімен текстолит шайбаға, ал соңғысы корпустың өңделген бүйіріне қосылады. Сальник арқылы су ағатын жағдайда ол бақылау тесігі арқылы сыртқа шығады.

Жалюздер – ауаның ағысымен радиатордың интенсивті салқындауын өзгертіп отыруға арналған. Ол әрқайсысы айналып тұратын бірнеше пластиналардан тұрады. Олар жоғарғы және төменгі бастарымен топсалы бекітіліп радиатордың алдыңғы жағына қойылады. Жалюз пластина кабинадан рычагпен басқарылады. Рычагты өзіне қарай тартып, жалюзді жапса радиаторды салқындататын ауаның ағыны азаяды.

Термостат двигательді іске қосқаннан кейін оның тез жылынуына және жылыту дәрежесіне байланысты радиатор арқылы циркуляцияның интенсивтілігін өзерту жолымен салқындайтын сұйықтың температурасы автоматты реттеуге арналған. Термостат корпустан, гофрирленген цилиндр және қос клапанды штоктан тұрады. Жұқа жезден істелген гофрирленген цилиндрдің ішіне тез буланғыш сұйық эфирдің сулы ерітіндісі немесе этил спиртінің ерітіндісі құйылады. Термостат цилиндр қалпақшасының келте трубасының камерасына қойылады. Келте труба камерасының жоғарғы бөлігінде екі каналы болады. Оның үлкені радиатордың жоғарғы бачогымен, кішісі су насосының корпусымен жалғасқан. Салқындатушы сұйықтың тмпературасы 700 С төмен болса, термостаттың негізгі клапаны жабық, ал өткізуші клапан болғандықтан одан өткен сұйық қысқа жолмен (насос-салқындату қабы, термостат-насос) айналып, радиаторға соқпайды.

ЗИЛ-130 двигателінің жылыну кезінде сұйық өткізу шлангасы арқылы радиаторға соқпай циркуляцияланады. Салқындатқыш сұйықтың температурасы 700С аса термостаттың цилиндрдегі сұйық буланады да термостаттың гофрирленен цилиндрдің ішіндегі қысым артады. Сондықтан цилиндр ұзарып, негізгі клапан жоғары қөтерілуінен үлкен канал ашылып, өткізу каналы жабылады да салқындатушы сұйық үлкен (ұзақ) жолмен – радиатор арқылы айналады. ЗИЛ-130 двигателінде термостаттың клапаны толық ашылған кезде сұйық радиатор мен компрессордың салқындатқыш қабы арқылы бір мезгілде айналады.

Кейде термостаттың ішін қатты затпен де толтырады. Мұндай термостаттың корпусның ішіне церезинмен мыс ұнтағы араластырылып толтырылған мыс баллон қойылады. Баллон қақпақпен жабылған. Баллон мен қақпақтың арасына резинадан жасалған диафрагма қойылып, оның үстіне шток орналасқан, ол ось арқылы клапанға бекітілген шығыршыққа тіреледі де нық қабысып тұрады.

Термостаттың  корпусында клапан қоюға арналған екі  ойық болады. Двигательдің салқын кезінде  баллонның ішіндегі масса қатты  күйде болады да спираль серіппесінің әсерімен термостаттың клапаны жабылап тұрады. Двигательдегі салқындатқыш сұйық жылына бастағанда баллонның ішіндегі масса балқи бастайды да оның қөлемі өсіп, диафрама мен штокты итеріп клапанды ашады. Температурасы 70-830 С жеткенде массаның қөлемі үлкейіп соның әсерінен клапан толық ашылады.

Сайып келгенде, двигательдің жылу режимін бір қалыпты  ұстауды қамтамасыз етуе қарағанда  термостат клапанын автоматты түрде  өзгерткенде радиатор арқылы өтетін сұйықтың мөлшері де өзгереді.

Іске қосушы жылытқыштар. Салқын уақыттарда ГАЗ-53 және ЗИЛ-130 двигательдерін іске қосар алдында жылытып алу үшін қолданылатын іске қосушы жылытқыштары болады. Жылытқыш двигательдердің бүйіріндегі рамаға бекітіледі. Ол бағыттаушы келте трубасы бар қазаннан, электр желдеткіш пен отын багінен, элетромагнитті бекіту клапаннан, қыздырушы свечалардан, басқару пультінен, құятын воронкадан, келте трубадан, жалғастырушы түтіктер мен шлангілерден тұрады.

Жылытқыш  двигательдің салқындау жүйесімен  тұрақты жалғанған. Отын бачогі двиательге қолданылатын отынмен толтырылып, электромагнитті бекіту клапаны арқылы қазанның жану камерасына ауа электр желдеткішпен беріледі. Жанғыш қоспасы алдымен қызған свечамен от алса, кейін сол жағынан оттың жалынымен жана береді. Пайдаланған газдар картердегі майды жылыту үшін келте трубамен табанға бағытталады.

Қыздыру свечаларының сөндіргіші, желдеткіш қосқышы, электромагнитті  клапан, кнопкалы сақтандырғыш және бақылау  спиралі басқару пультінде болады.

Двигательді жылыту үшін алдымен отын бочогінің кранын ашып, қолмен қысқышты I жағдайына қойып, жылытқышты 30-60 секунд бойы үрлеу керек, одан кейін қолмен қысқыш нольдік жағдайға келтіріліп қойылады. Қыздыру свечасын қосып бақылау спираль ашық қызыл жарық бергенде қолмен қысқыш II жағдайға ауыстырылады. Бірнеше секундтан кейін сырт еткен және гулеген дыбыстар естілісімен қыздыру свечасын токтан ажыратып, жылытқышты 20-30 секунд жұмыс істеп барып қолмен қысқыштың тұтқасы ноль жағдайына ысырып қойылады. Суды жылытқыштың воронкасы арқылы бақылау кранигінің деңгейіне дейін құйып, тығынын жабады. Содан кейін жылытқышты іске қайта қосып, ауаның температурасына сай 15-20 минут істетеді. Радиатордың су құятын аузынан бу шыға бастағанда двиательдің иінді білігін қол тұтқасымен айналдырып, двигательді іске қосады да радиаторды сумен толтырады.

Қосқыштың тұтқасын I жағдайда (үрлеу) ауыстырып, отын багының кранын жапқанда ғана жылытқыш жұмысын тоқтатады. Жылыту камерасында жанудың тоқтағанына 50-60 секунд өткеннен кейін жылытқыштың тұтқасы нольдік жағдайда қойылады.

Іліністі ажыратуға  кедергі жасамау үшін двигательді іске қосқаннан кейін желдеткіштің шлангасын ажыратып алу керек.

ЗИЛ-130 автомобилінің салқындату жүйесінің сыйымдылықтары–29 л, ГАЗ  – 53  - 23  л және ГАЗ – 24 «Волга» - 11,5л.

Сұйық радиатордың  төменгі келте трубасының кранигі  мен цилиндр  блогының  салқынждату қабынан ағызылады. V типтес двигательдердің болоктарының оң және сол жақтарында екі краник бар. Оларды пайдалану оңай болу үшін двигательдің жоғарғы жағына шығарылып қойған тартқышы болады.

МАЙЛАУ  ЖҮЙЕСІ

Автомобильдердеге қолданылатын май және майлау материалдары. Двигатель бөлшектерін майлау үшін қолданылатын майлар мен трансмиссия майлары минералды майлар болып саналады. Оларды мазуттан, яғни мұнайдың ішіндегі жану фракцияларын айдап ажыратқаннан кейінгі қалдығын алады. Двигательдің бөлшектерін майлайтын майларды мазуттан айдау арқылы алып, оны дистилятты майлар деп атайды. Трансмиссиялық майларды мазут қалдықтарын тұндырып тазртып алады да, оны қалдық майлар деп атайды.

Айдалғаннан кейінгі дистилятты майлардың құрамында зиянды қоспалар юолады. Олардан майларды қышқфлмен (қышқылды тазарту) немесе ерітінділермен (селективті тазарту) тазартады.

Майларды тазарту тәсілдері, олардың мапкаларында көрсетілген; АК немесе АС майлардағы А әрпі майдың автомобиль үшін қолданылатынын, ал Қ  әрпі қышқылды немесе немесе С селективті тазартылғанын қөрсетеді. Егерде майдың белгіленуінде П әрпі болса, ол майға оның қасиетін жақсартатын комплексті присадка қосылғанын қөрсетеді.

Присадканы майдың тұтқырлығын, тотығуға қарсы тұрақтылығын, коррозияға қарсылығын және жуылғыштығын жақсарту үшін, сондай-ақ температура артқан сайын оның сұйылуға тұрақтылығын арттыру үшін 3 – 14% шамасында қосады.

Әдетте комплексті приссадкалар (АЗНИ-1, ПМС-200А, ВНИИНМ-360 т.б.) қолданылады. Дизель майларын Д әрпімен белгілейді. Соңғы кездерде майлардың жаңа маркалы түрлері шығарылып жүр, мәселен, М-6Б, мұндағы М әрпі мотор май деген ұғым берсе, 6 саны майдың тұтқырлығын, ал саннан кейінгі әріп пайдалану жағдайын қөрсетеді. Карбюраторлы двигательдер үшін қолданылатын майлардың маркасында А, Б және В әріптері  болады. А әрпі майдың присадкасыз екенін және оны жеңіл пайдаланудың жеңіл жағдайларда қолдану керектігін, Б әрпі майдың ішінде орта жағдайларда пайдалануға болатындай шамада присадка қосылғанын, В әрпі майдың ішінде присадка барлығын әрі оны пайдаланудың ауыр жағдайларда қолдануға болатындығын қөрсетеді.

Дизельді двигательдер үшін қолданылатын майлардың цифрдан  кейін В, Г, Д әріптері болады. В  әрпі майдың присадкамен жеңіл, Г  әрпі орта, Д әрпі пайдаланудың ауыр жағдайларында қолдануға болатындығын көрсетеді.

Двигательдердің бөлшектерін  майлауға қолданылатын майлар белгілі  бір талапқа жауап беруі тиіс. Май таза болуы керек, яғни оның ішінде механикалық қоспа кездеспеуі қажет, ол бөлшектердің үйкеліс беттерінің тез тозуына болады; майдың ішінде су болмау керек, өйткені ол төменгі температурада қатып қалып двигательдің майлау жүйесінің каналын бүлдіруі мүмкін; майдың ішінде бөлшектерді тез коррозияға ұшырататын қышқыл мен сілтілер болмауы керек. Бұлардан басқа майдың белгілі тұрақтылығы, қату температурасы және тұрақты болуы шарт.

Майдың тұрақтылығы  деп майдың кішкентай бөлшектерінің  бір-бірімен өзара үйкелуіне қөрсететін қарсылығын айтамыз. Егер майдыңтұрақтылығы  нашар болса, ол өзара үйкелетін бөлшектердің арасынан тез шығып кетеді де, ал тұтқырлығы жоғары болса оның майлау жүйелері кналдарынан өтуі нашарлайды және нашар шашырайды.

Майдың тұрақтылығы  санмен белгіленіп, ол майдың маркасын анықтайтын әріптердің соңынан жазылады, мәселен, АС-8 (М8-Б). сан неғұрлым көп болса, майдың тұтқырлығы соғұрлым жоғары болады.

Ауаның температурасы  төмен кезде май өзінің ағып-қозғалу  қабілетін жоғалтады. Оның бұл қасиетін қату (қоюлану) температурасы деп  атайды. Қату температурасы минус 20 градустан минус 400С аралығында болады. Сондықтан двигательдерге қыстыгүндері қолданылатын майлардың қату температурасы жазда қолданылатын майлардың қату температурасынан төмен болуы керек. Май өзінің қасиеттерін ұзақ уақыт бойы жоғалтпауы тиіс, яғни тұрақты және ауадағы оттегінің әсерінен қышқылданып ашымау керек. Төмен температурада жұмыс істейтін двигательдер үшін тұрақтылығы төмен, жоғары температурада жұмыс істейтін двигательдер үшін тұтқырлы жоғары жоғары майлар қолданылады.

Қаралып отырған  автомобиль двигательдерінің бөлшектерін майлау үшін АС-8 майы қолданылады.

Автомобиль  бөлшектерінің  өзара үйкелісте  болып, бөлшектері әр түрлі температура  жағдайында әр түрлі жылдамдықпен қозғалып және әр түрлі қысымда істейді, сондықтан  автомобильдің әрбір механизмі үшін әр түрлі майлау майларын пайдалану керек.

Трансмиссия механизмдері мен руль механизмдері үшін тұтқырлығы көбірек, қалдық майлар тобына қосылатын майлау майларын қолданады. Бұл майлардың қату температурасы  төмен, майлау қасиеті жоғары. Қолданылатын нигролдың тұтқырлығы жоғары болғандықтан температура төмендеген сайын оның қоюлануы да арта түсетіндіктен, қыс айларында (әсіресе қыста) оған тұтқырлығы төмен (веретен) май қосады.

Информация о работе Автокөлік құралдары