Автокөлік құралдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2013 в 14:36, лекция

Краткое описание

Халық шаруашылығында автомобиль транспорты зор роль атқарады. Өзінің жоғары маневрлігі, өткіштігі және әр түрлі жағдайларда жұмысқа ыңғайлылығының арқасында автомобиль транспорты халық шаруашылығының түрлі салаларында жолаушы, жүк т.б. тасуда қажетті құралдың бірі.
Революцияға дейін аздаған шетелдік автомобильдерден (көбінесе жеңіл автомобильдер) басқаны есептемегенде Россияда не өзінің автомобиль өндірісі, не автомобиль транспорты болған жоқ.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Avtomobil_lektsia.doc

— 362.00 Кб (Скачать документ)

Одан әрі двигательдің жұмыс тәртібі жоғарыда көрсетілген ретпен қайталана береді.

Сайып келгенде, жұмыс кезінде цилиндрлерде белгілі  бір тәртіппен (енгізу, сығу, жұмыс  жүрісі, шығару) жүріп  отырған  процесті   ж ұ м ы с      ц  и к л і   деп атайды.

Поршеннің әрбір төрт жүрісінен кейін, немесе иінді біліктің  екі айналымынан кейін тактілері  қайталанып отыратын двигательдерді  төрт тактлі деп атайды

Двигательді іске қосарда дайындық тактларын  иінді біліктін қол тұтқасымен не стартермен бұрап іске асырады. Двигатель жұмыс істеп тұрған кезде бұл тактылар жұмыс тактысында жиналған маховиктің энергиясымен атқарылып отырады.

Іштен жанатын  двигательдің жұмыс цикілінің барлық процестерін жузеге асыруды: кривошипті–шатундық  және газ тарату механизмі және салқындату, майлау, коректендіру мен оталдыру жүйелері атқарады.

К р и в о ш  и п т і  - ш а т у н  д ы қ    м е х а  н и з м і   жану тактісінде газ қысымын қабылдап, көлемін ұлғайтады да  поршеннің түзу сызықты ілгерілемелі қозғалыстарын иінді біліктің  айналмалы қозғалысына айналдырады.

Газ тарату механизімі - двигательдің цилиндріне дәл уақытында жаңа отын қоспасының  қажетті зарядын енгізіп және пайдаланылған газдарды шығаруға  арналған.

Салқындату жүйесі - двигательдің жылуын оның бөлшектерінен бөліп, оны қалыпты жылу режимде ұстап тұруға арналған .

Майлау жүйесі двигательдің үйкелетін бөлшектеріне май жіберіп тұратындықтан үйкелу күші азаяды, оларды  қамтамасыз етеді.

Қоректендіру жүйесі отын жеткізіп  беруге, карбюраторға ауа жіберіп, оны тазартуға және жанар қоспаны дайындап, цилиндрлерге беруге, бұдан пайдаланған газды  шығарып отыруға арналған.

Оталдыру жүйесі – электр ұшқындарын жасап, онымен двигательдің цилиндрлердегі  жұмыс қоспасын оталдыру үшін керек.

Бір цилиндрлі  двигатель, әсіресе оның көлемін  үлкейткенде жұмысының бір қалыпсыздығын азайтатын маховигіне қарамастан біркелкі істемейді, өйткені төрт тактысының біреуі ғана жұмыс істеуші болып есептеледі. Двигательдің біркелкі жұмыс істемеуінен ол дірілдеп, бекіту  тетіктері босап және бөлшектері тез тозады.  Бірнеше бір цилиндрлі двигательдерді қолданғанда жқмыстың бір қалыпсыздығы едәуір қысқарады, олардың ортақ бір ғана иінді біолігі болады. Мұндай жағдайда әр түрлі цилиндрлердегі жұмыс тактісі белгілі бір қалыппен кезектесіп отыратыдықтан ,көп цилиндрлі двигательдің жұмыс істеуі тұрақты болады. 

         Қаралып отырған автомобиль двигательдерінің  негізгі техникалық пайдалану  мәліметтері 2-таблицада көрсетілген.

2 – т а  б л и ц а 

 

Негізгі мәліметтер

Двигатель

ЗИЛ-130

ЗМЗ-53

ГАЗ-24

Цилиндрлердің орналасулары

Ү тәріздес

Қатарлы

Цилиндрлердің саны

8

8

4

Цилиндрлердің жұмыс істеу реті

1-5-4-2-6-3-7-8

1-5-4-2-6-3-7-8

1-2-4-3

Двигательдің  қуаты, а.к. (квт)

170

115

98

Толық қуатпен  істегенде иінді біліктің айналу саны, айн/мин

3600

3200

4500

Литражы, л

6,000

4,250

2,445

Сығу дәрежесі

6,5

6,7

8,2


 

 

№3-Дәріс

КРИВОШИПТІ-ШАТУНДЫҚ МЕХАНИЗМІ.

  1. Цилиндрлер блогы
  2. Поршень тобы
  3. Иінді білік
  4. Маховик

Кривошипті–шатун  механизміне қалпақша мен цилиндрлер гильзасы, сақиналар мен оның поршеньдері, поршень саусақтары, шатундар, иінді білік, маховик және картер кіреді.

1. Цилиндрлер блогы. Цилиндрлер блогы двигательдің негізгі бөлшегі болып табылады, оған барлық бөлшектері мен механизмдері бекітіледі. Ол ЗИЛ-130 двигательдері үшін шойыннан, ал ЗМЗ-53 және ГАЗ-24 двигательдері үшін алюминийден құйылады. Бұл құймамен картер мен цилиндрлердің салқындатқыш қорабымен қабырғалары көрсетілген.

Двигательдердің конструциясына қарай оның цилиндрлері  блоктың ішінде V-тәрізді болып 900 бұрышпен қаз-қатар орналасады (ЗМЗ-53 және ЗИЛ-130 двигательдері) немесе тік бір қатар болып орналасады (ГАЗ-24 двигателі)

Цилиндрлер  блогынде салқындатқыш сұйықпен  жуылып отыратын және ылғалды деп аталатын алмалы–салмалы гилзалар орнатылған. Олардың ішкі бетімен поршеньдер сырғып қозғалады. Поршень төменгі жағында нығыздаушы сақиналар болады. Жоғарғы жағы цилиндрлердің қалпақшасының басына салатын төсенішпен нығыздалады. Цилиндрлердің қабырғалары үйкеліске берік болулары үшін олардың жоғарғы бөлігіне үйкелуге берік, тоттанбайтын шойынан жасалған қысқа  және   жұқа   ендірме престеп   қағады. ЗМЗ-53 және ГАЗ-24 двигательдерінде цилиндр гильзалары жоғарғы жағынан тек цилиндрлердің қалпақшасыменғана ұсталады, сондықтан  оларды құрастырғандагильзаның төменгіжағына нығыздалатын мыс сақиналарыды мұқият комплектеп алып, гильза блок  пен  цилиндрдің қалпақшасы арасын қосатын тегістіктен  0,02-0,10 шығып тұруын қамтамасыз ету керек.

Блоктың үстінгі  бетін алюминий құймасынан дайындаған цилиндрлер қалпақшасымен жабады. Қалпақша салқындатқыш сұйық құйылатын кеуек (қуыс)және от алу свечалары үшін тесіктері салмалы ершігі бар жану қоспаларын енгізу және шығару каналдары мен бағыттаушы клапан втулкасы орналастырылған. Цилиндрдің қалпақшасы штампталған қақпақпен жабылған. Қақпақпен  қалпақша арасына майға төзімді резина төсеніш салынады.

Цилиндрдің  қалпақшасы блокқа шпилькалар мен гайкалар арқылы бекітіледі. Екі арасы тығыз  болуы үшін арасына металмен  асбестен жасалған төсеніш салынады. Қалпақшаның үстіне газ бөлетін  механизмнің бөлшектері бекітілген.

2. Поршень тобы. Поршень   газдардың қысымдарын өзінің саусақтары арқылы шатунға (жұмыс кезінде) беру үшін қажет болса және дайындық тактылары да поршень арқылы іске асырылады.

Поршеньдер (9-сурет) цилиндр формалы болып алюминий қоспаларынан құйылады. Поршеньнің түбі мен басы және бағыттауыш қабырғалары (юбкасы) болады.  Поршеньнің цилиндртәрізді қалпақшасы ның сақиналар кигізетін жырқшалары болады. Бағыттаушы қабырғаларында поршенің саусағын орнататын екі жапсырма сы (тесіктері бар бобышка) болады. ЗМЗ-53 және ГАЗ-24двигательдерінің поршеньдері жеңіл болулары үшін поршень қабырғасының бір бөлігі (бобышка асты) алынып тасталған (9-сурет). Бұл инерциялық күшті азайту үшін істеледі. Жұмыс істеп тұрған двигатель жылынып қызған уақытта поршень цилиндрдің ішінде сыналанбауы үшін олардың арасында санылау болу керек. Ыстық газдардың температурасынан поршеньнің бағыттаушы қабырғаларына қарағанда оның бас жағы көбірек қызатын болғандықтан  қалпақша диаметрін кішірек етіп жасайды. Двигательқызған кезінде оның поршені мен цилиндрінің арасындағы санылау өте аз болуы керек, ал салқын двигательдегі тарсылды болдырмау үшін поршеньнің бағыттаушы қабырғалары нсопақтау жасайды, оның улкен осі бүйір күштердің жазықтығына, ал кіші осі поршень саусақтары жазықтығы наәсер етеді. Сондықтан поршеньнің қабырғасына ойықтар жасайды. Құрастырғанда поршеньді өз орнына дұрыс жинау үшін оның түбіне  стрелкамен белгіленген «Алға» деген жазуы болады. Поршеньдер цилиндрлермен тез қосарланып істеуі үшін олардың сыртың қалайының жұқа қабатымен жабады.

Қаралып отырған двигательдердің поршеньдерінің құрылыстары бірдей деуге болады, бірақ та олар бір-біріне диаметірімен және басқа сол двигательде лайықты кейбір ерекшеліктері арқылы ерекшеленеді.

Поршень қабырғасының төменгі жағында айналуы кезінде  қарсы салмақ өтуге арналған ойығы болады. ЗМЗ-53 двигателі қабырғасының көлденең қимасының формасы конус қимасындай болады. ЗИЛ-130 двигателі поршенінің қабырғасындағы ойық–қиғаш, ал ЗМЗ-53 және ГАЗ-24 двигательдерінде  Т - тәрізді келеді.

ЗИЛ-130 двигателінің поршенін шатунмен дұрыс жалғастыру үшін поршень қалпақшасының түбінде тегістелген жері, ЗМЗ-53 поршенінің бүйір бетінде бобышқа тетігінің тұсында «Перед» - деген жазу бар. ГАЗ-24 двигателінің поршенінің бүйір қабырғасында «Назад» деп құйылған жазу бар. Поршень өзінің жазуы бар, яғни, двигательдің артқы жағына қарауы керек. ЗИЛ-130 және ГАЗ-24 двигательдерінің поршень саусақтарының осі поршеньнің орта жазықтығынан 1,5-1,6 мм қашықтықта, оң жағына жылжытылған  (автомобильдің жүрісі бойынша). Бұл поршеньнің жоғары өлі нүкте арқылы болатын тарсылын азайту үшін жасалады.

Поршень сақиналары.

Атқаратын қызметіне  қарай сақиналар компрессиялық  және май ысырғыш болып бөлінеді. Компрессиялық двигатель картеріне  газдардың өтпеуі үшін, ал май ысырғыш  цилиндр қабырғаларындағы артық майды ысыру үшін қолданылады.

Сақиналар (9-сурет) шойыннан немесе болаттан жасалып, ойығы (құлпы) болады, ол өзінің серпімділігі арқасында жабысып тұрады. Компрессиялық  сақиналарды цилиндрдің бос жағындағы  ойықтарға кигізсе, май ысырғыш  сақинаны ойыққа кигізеді.

Поршеньге кигізілетін  сақиналардың саны бірдей емес. ЗМЗ-53 және ГАЗ-24 двигательдерінің поршеньдерінде екіден компрессиялық шойын сақиналары кигізілсе, ал ЗИЛ-130 двигателінің поршеньдеріне  үштен сақина кигізіледі. ЗМЗ-53 двигателінде бір майсыдырғыш сақина болады.

Майысыдырғыш  сақиналардың компрессиялық сақиналардан айырмашы-лығы олардың май өткізетін  тесіктері болады. ЗИЛ-130 және ГАЗ-24 двигательдерінде май ысырғыш сақина да бірден, бірақ ол төрт жеке элементтен құралған – екеуі жұқа кесік болат сақина, ал екеуі кеңірдектенген болат кеңейткіші (осьтік және тарамдалған) болады. Май ысырғыш сақина астындағы жырашық поршеньнің ішкі бетімен тесіктер арқылы жалғас-тырылады.

Сақиналар үйкеліске  жақсы қарсылық істеуі үшін, олардын  сыртын жұқа қалайы қабатымен жалатады немесе фосфаттайды. Сақинаның жақсы үйкелуі үшін оның ішкі бетінің қырналуы үлкен роль атқарады. Тозуын азайту үшін жоғарғы компрессиялық сақина. ЗИЛ-130 двигательінде жоғарғы екі       компрессиялық сақина хроммен қапталады. ГАЗ-24 двигательінің май ысырғыш болат сақинасының жұмыстық бөлігі қатты хроммен жабылған. Сақинаны поршеньге кигізгенде газдың картерге өтуін азайту үшін олардың бекіткішін бір-біріне қарама–қарсы бағытта кигізеді.

Поршень саусақтары шатунды поршеньмен топсалы қосу үшінкерек. Поршеньнің саусағыцилиндр формалы іші қуыс болаттын стерженьнен істеледі. Саусақтың сыртын жоғары жиілікті тоқпен суарады. Саусақтың ось бойымен жылжып қозғалмауы үшін поршеньнің қырналған бобышасына орнатылатын болат серіппе сақина бекітіледі.

Қаралып отырған  двигательдерде шатунның жоғарғы басы мен поршеньнің бобышасында еркін  айналуы үшін «жүзгіш» саусақ қолданылады, бұл саусақтың тозбауы үшін қажет.

Шатун поршень  мен иінді біліктің шатунды мойының  жалғастыры үшін және жұмыс жүрісінде  поршеннің күшін иінді білікке беру үшін, сондай – ақ дайындық тақталары кезінде иінді біліктің қозғалысын поршенге беру үшін керек. Ол көлденең қимасы қоставарлы болат стерженьнің жоғарғы алынбайтын және төменгі алынбалы қалпақшадан тұрады. Шатунның жоғарғы басына үйкелістен сақтау үшін қола втулка ұстатылған.Екі бөлектен тұратын төменгі басына жұқа қабатты қосымша ішпек қондырылған. Шатунның төменгі басының екі бөлегі өзара болтпен бекітіліп, гайкамен тартылғаннан кейін шплинттеледі. Цилиндрдің қабырғалары мен бөлгіш білікке май шашып тұруы үшін шатунның төменгі басында тесік жасалынған. Шатунның стерженінде бөлшектің нөмірі шампталған, ал қақпағында белгісі болады. Шатунды жинағанда (құрастырғанда) белгі мен нөмірі бір жаққа қарауы керек. V тәрізді двигательдерде иінді біліктің бір шатун мойнына екі шатун бекітіледі. Сондықтан оларды поршеньдерімен дұрыс құрастырып жинауы үшін цилиндрдің оң қатарындағы шатундар поршенімен келесідей жиналуы керек, яғни ЗМЗ-53 двигателінің нөмірі, ал ЗИЛ-130 двигателінде шатунның бекітетін дөнесі автомобальдің жүру бағытына кері қарай орналасуы керек (11 сурет). Ал  сол қатардағысы – алға қарайды, яғни поршень түбіндегі жолақшамен, не шатунның бетіндегі жазумен сәйкестеледі.

3. Иінді  білік. Иінді білік шатунның поршеньге берілген күшін айналдырушы моментке ауыстырып, маховик арқылы трансмиссияға береді.

ЗИЛ-130 автомобильінің иінді білігіболаттан, ал ЗМЗ-53 және ГАЗ-24 двигателбдерінің білігі аса  берік шойыннан құйылады. Иінді білік  түпкі және шатундық тірек мойындардан, жақтан, қарсы салмақтан тұрады (12-сурет). Біліктің алдыңғы ұшында шестерня мен желдеткіш жетегінің шкивін бекітетін шпонка жырашығы болады. Біліктің доғал басында храповикті бекітетін бұрандалы тесігі, екінші ұшында маховикті бекітетін фланеці болады. Фланецтің орта шенінде беріліс қорабының жетек білігінің подшипнигін орнататын қуыс жасалған. Біліктің қарсы салмағы жақтарымен бірге жасалып, түпкі мойын подшипниктеріне түсетін центрден тепкіш күштердің әсерінен женілдетеді. Себебі ол иінді біліктің подшипнігінің үйкелісін тездетеді.Сондықтан біліктің шатун мойының іші қуыс етіліп жасалады. Түпкі мойыннан шатун мойына қарай май жүреді тесік істеледі. Шатун мойны қуысы слас ұстағыш ролін атқарады. Лас ұстағыштарға май түпкі мойын арқылы кіріп, білік айналғанда центрден тепкіш күштің әсерімен бұл бөлшектер майдан бөлініп, қуыс қабырғаларында шөгеді де шатунның мойынына тазартылған май кіреді. Мойын қуысын двигательді бөлшектегенде ғана бұранда тығызмен жабылған доғал жағындағы тесік арқылы тазартып отырады.

Информация о работе Автокөлік құралдары