«Негізгі құралдар» бөліміне сәйкес

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Июня 2013 в 21:40, контрольная работа

Краткое описание

Негізгі құралдар – бұл:
1) тауарларды шығаруда немесе қызметтерді көрсетуде немесе беруде пайдалануға, басқа адамдарға жалға беруге арналған немесе әкімшілік мақсаттарға арналатын, және
2) күтіліп отырғандай бір кезеңнен (12 айдан) астам ішінде пайдаланылатын материалдық активтер.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Негізгі құралдар есебі.doc

— 243.00 Кб (Скачать документ)

 №2 ҰҚЕС 16  «Негізгі құралдар» бөліміне сәйкес

Негізгі құралдар – бұл:

1) тауарларды шығаруда немесе қызметтерді көрсетуде немесе беруде пайдалануға, басқа адамдарға жалға беруге арналған немесе әкімшілік мақсаттарға арналатын, және

2) күтіліп отырғандай бір кезеңнен (12 айдан) астам ішінде пайдаланылатын материалдық активтер.

Қосалқы бөлшектер мен қызмет көрсетуші  жабдық, әдетте, қорлар ретінде ескеріледі және пайдада және залалда оларды тұтыну шамасына қарай танылады. Алайда, ірі қосалқы бөлшектер мен  резервтік жабдық, егер субъект оларды бір кезеңнен астам пайдалануға болжаса, негізгі құралдар ретінде санапталады. Ұқсас тәсілмен, егер қосалқы бөлшектер мен қызмет көрсетуші жабдық негізгі құралдар объектісіне байланысты ғана пайдаланыла алатын болса, онда олар негізгі құралдар деп саналады.

Негізгі құралдардың кейбір объектілерінің бөліктері тек аралық уақыттан кейін  алмастыруды талап ете алады. Егер субъект негізгі құралдар объектісінің бөлшектерін алмастыру болашақ  экономикалық пайданың ағынын ұлғайтады деп күтсе, онда мұндай алмастырудың құны бөлшекті алмастыруға жұмсалатын шығындарды тану сәтінде объектінің баланстық құнына қосылуға тиіс. Алмастырылатын бөлшектердің баланстық құны мұндай жағдайда осы Стандарттың 291-294-тармақтарына сәйкес субъект негізгі құралдар объектісін тануды мынадай жағдайда тоқтатады:

1) объект шығып қалған кезде; немесе

2) оны пайдаланудан немесе оның шығып қалуынан ешқандай болашақ экономикалық пайда күтілмеген кезде.

3) объектіні жалға беріп экономикалық  пайда түсіре алмаса.

Негізгі құралдар объектісін (мысалы, автобус) пайдалануды жалғастырудың  шарты осы объектінің бір бөлігін  алмастыру болғандығына қарамастан, ақауларды анықтау мәніне үнемі  күрделі техникалық қараулар жүргізу  болуы мүмкін. Әрбір күрделі техникалық қарау жүргізілген кезде оны құны негізгі құралдардың тиісті объектісінің баланстық құнында, егер тану өлшеуі сақталса алмастыру ретінде танылады. Алдағы техникалық қарауға жұмсалатын шығындардың баланстық құнының қалған бөлігін (табиғи бөлімдерден ерекше) тану тоқтатылады. Бұл объектіні сатып алу немесе салу жөніндегі операциялардың нәтижесінде сәйкестендірілген алдыңғы техникалық қарауға жұмсалған шығындардың болуына қарамастан жүргізіледі. Қажет болған кезде болашақ ұқсас техникалық қарауды жүргізуге жұмсалатын шығындарды есептік бағалау объектіні сатып алған немесе салған кезде техникалық қарауға жұмсалатын шығындардың қолда бар құрамдас бөлігінің құны қандай болғандығының индикаторы ретінде пайдаланылуы мүмкін.

Жер мен ғимарат бөлінетін актив  болып табылады және, егер олар бірге сатып алынса да бөлек ескеріледі.

Негізгі құралдар объектісін бастапқы тану кезінде субъект бұл объектіні оның іс жүзіндегі өзіндік құны бойынша өлшеуге тиіс.

Ұсынылып отырған анықтамада үш негізгі белгі бөліп көрсетіледі:

1.материалдық нысанының болуы;

2.компанияның қалыпты қызметінің (сатуға арнамалған) барысында пайдаланудың  мақсатты сипаты;

3.пайдаланудың ұзақ мерзімі  (бір кезеңнен астам).

№2 ҰҚЕС 16--«Негізгі құралдар» бөліміне сәйкес, негізгі  құралдардың объектісі, бұл – актив болып танылады, егер :

1.активтің қатысуымен болашақта  экономикалық пайда алуына;

2.кәсіпорынға активтің өзіндік  құны дұрыс бағаланса.

Егер актив экономикалық пайда  әкелмесе, онда оны сатып алуға  жұмсалған шығындар есептік кезеңнің шығыстарына есептен шығарылады.

Активті танудың екінші міндетті шарты  оның құнын сенімді бағалау яғни активті сатып алуға жұмсалған  нақты шығынды сенімді бағалау  болып табылады. Сондықтан, қажет  болған жағдайда активтің өзіндік құнын  сенімді бағалау үшін тәуелсіз сарапшылар тартылуы мүмкін.

Сонымен :негізгі құралдар дегеніміз – материалдық активтер,оларды ұйым өндірісте пайдалану немесе басқа тұлғаларға жалға беру немесе әкімшілік мақсаттар үшін ұстап тұрады және бір жылдан көп мерзім пайдаланылады, осы пайдалану мерзімде өз құнын амортизация арқылы бірте бірте өндірілген өнімге ауыстырады.

        Негізгі құралдардың  есебінде  4 ең маңызды әрекеттері бар:

    • негізгі құралдардың  алынған мерзімдегі тіркелген сомасы;
    • негізгі құралдардың  пайдалану мерзімінде есептейтін тозу ставкасы;
    • қабылдап алынғаннан кейін  негізгі құралдардың өзгеріп отырған құндары шоттарда қалай көрсетілетінділігі;
    • негізгі құралдардың   шығарылынуындағы  тіркелуі.

Негізгі құралдар бухгалтерлік есепте жеке инвентарлық объект ретінде  көрсетіледі , мысалы ғимарат  бұл объектіге әрбір жеке тұрған  ұй кіреді, сол сияқты жабдықтарда , сондықтан есепке аларда кіріс құжатында (паспорт) объектіге жататын құрылғылар (қосалқы бөлшектер)жазылу керек.

Негізгі құралдар №2 ҰҚЕС 16 бөліміне «Негізгі құралдар» сәйкес жіктеледі:

салалар бойынша;

бағыты бойынша; (өндірістік,өн.емес)

пайдалану бағыты бойынша түрлер мен  түр топтарына; (жер,жабдықтар,ғимараттар..) 9 түр.

 иелігі бойынша;(меншікті, жалға  алынған,уақытша пайдалануда)

пайдалану маңызы бойынша;(әрекетті, запастағы,әрекетсіз)

мүліктік құрамы бойынша;(инвентарлық, инвентарсыз)

 салықтық нысандар бойынша  (топталған, әр топқа өз шектелген  норма белгіленеді).

Шаруашылықтың әр саласында, натуральдық-заттық белгі бойынша,негізгі құралдар мынадай түрлерге бөлінеді:ғимараттар; құрылыстар; беріліс құрылғылары;саймандар;өндірістік мүліктермен иеліктер;шаруашылық мүліктері;үлкен жұмыс малы мен өсім малы; кітапхана қоры;жерді жақсартуға күрделі шығындар(ғимараттардан басқа);мұражай құндылықтарымен басқа объектілер;басқа да негізгі құралдар.

Иелігіне байланысты негізгі құралдар меншікті және жалданған болып бөлінеді.

Меншікті негізгі құралдар –сол кәсіпорын ие болатын және баланстық есепте ескерілетін негізгі құралдар.

Жалданған негізгі құралдар- бұл басқа ұйым немесе кәсіпорын ие болып,басқа бір ұйымда жалға алу шарты бойынша уақытша пайдаланым негізгі құралдар. Бұл құралдар жалға алушыда баланстан тыс шоттарда есептеледі.  Сонымен негізгі құралдар көптеген өндіріс құралдары бойына пайдалынылады, қасиетімен нысанын сақтай отырып, жанама түрде тозады, өзінің құнын жаңадан жасалған өнімге біртіндеп көшіреді.

 Бағалануы.

Жылжымайтын мүлік, ғимараттар және жабдықтар (негізгі құралдар) қозғалысы №16 ХҚЕС –на сәйкес бағаланады: -өзіндік құн (нақты) бойынша немесе

Бастапқы құн - бұл негізгі құралдарды салу немесе сатып алу бойынша нақты жұмсалған шығынның құны,бұған төленген, өтелмеген салықтар мен алымдар,сондай-ақ активтерді мақсатқа сай пайдалану үшін жұмыстын күйіне келтіруге байланысты жеткізу,монтаждау,қондыру,іске қосу шығындары және кез келген өзге шығындар енгізіледі. Күрделі қаржы есебінен салынған (тұрғызылған) немесе сатып алынған негізгі құралдар үшін бастапқы құны мүлік құны болып табылады. Ол мыналардан тұрады: ғимараттар мен құрылыстар үшін объектілер салу(тұрғызу)жөніндегі құрылыс және монтаж жұмыстарының шығындары, жобалау-іздестіру жұмыстары, сондай-ақ объектілердің мүліктік құнына бекітілген тәртіпке енгізуге жататын басқа шығындар. Өзіндік құн – активті алуға жасалған шығындырдың жиын сомасы.

Өзіндік құнға жатпайтын шығындар активті жұмыс жағдайға келтіргенге дейін жасалған шығындар (әкімшілік немесе үстеме шығындар), ағымдағы жөндеу шығындарына жатқызатын шығындар, алдағы кезкңдерге жатқызатын шығындар.

Баланстық құн – бастапқы құнның сомасынан жиынтық тозуды алыптастаған құн (есептік құн).

Жою құны – бұл негізгі құралдарды пайдалы қызметінің соныңда пайда болатын қосалқы бөлшектердің, сынықтардың, қалдықтардың жорамал құны, бұдан шығарып тастау жөнінде күтілетін шығындар шығарып тасталады(жобаланған құн).

Дұрыс құн – екі жақтың келісімі мен жақсы жасалған операциялардың құны (нарықтық құн).

Қайта бағаланған құн – қайта бағалану жасалған мерзімдегі дұрыс құн, осы күнге дейін жасалған шығындармен амортизация шегертілген құн.

Тозу – активтердің құны пайдалану мерзімде унемі, біргелкі өз құнын азайтып отырудағы есептеме, өзіндік құннан жою құны шегертілгеннен кейінгі.

Кәсіпорындағы активтердің ағымдағы құны – бұл кәсіпорын активтерінің қозғалысынан болжамдайтын құн.

Құнның төмендеуінен болған зиян – сатылған құн баланстық құннан төмен болғаны.

Негізгі құралдардың  бастапқы бағалануы

Негізгі құралдар №2 ҰҚЕС № 16бөлімінде қарастырылған «Негізгі құралдар», №12 журнал-ордер қарастырылған.

Бухгалтерлік есептің  жұмыс жоспарында екінші бөлімде  орналасқан

№2400,2410 шоттарда «Негізгі құралдар», 2420 «Негізгі құралдардың амортизациясы және құнсыздануы»,2430 «Негізгі құралдардың құнсыздануы», 2600 «Барлау және бағалау активтері», 2620 - «Барлау және бағалау активтердің амортизациясы», 2630 «Барлау және бағалау активтердің құнсыздануы»

Өзіндік құнның элементтері:

          -сатыпалынған  баға, оның ішінде импорттық төлемдер  мен салымдар , және сатып алу  бойынша жасалған шығындар.

  Негізгі құралдарды құжаттық ресімдеу.

Негізгі қорлардың есептік инвентарлық  карточкасы бухгалтерлік қызметте негізгі құралдардың әрбір объектісіне жүргізіледі. Орын алмастыруы, реконструкциясы мен модернизациясы бойынша  негізгі құралдардың құжаттары бір дана ғана толтырылады. Инвентарлық карточка негізгі құралдардың объектілерінің негізгі сапалық және сандық көрсеткіштерін құрайды .

      Негізгі құралдарға  инвентарлық нөмер олардың келіп  түскен реттік – сериялық жүйелері  бойынша беріледі.                                                                                                                                

Негізгі құралдардың объектілерін есептеуде, объектілер іс-әрекет еткенде  заңға сәйкес жүргізілуі тиіс, сонымен  қатар негізгі құралдардың құрамын  өткізу кезінде,  басқа ұйымға сатуда негізгі құралдардың алыс – беріс  акті қолданылады. Әр объектіге және біріккен объектілерге акт екі данада құралады. Құралған акт қосымша техникалық құжаттармен бухгалтерлік бөлімге тапсырылады, жеке кәсіпкер немесе ұйымның басқарушысы ретінде бас бухгалтердің қол қоюымен бекітіледі.

Енгізілген объекттер әрекеті  берілген қағидада өз ретімен құжатталу, негізгі құралдардың құрамынан беру кезінде есептен шығару, басқа ұйымдарға негізгі құралдың объектілерінің тобын сату кезінде алыс – беріс актісі қолданылады. Бұған құжаттарды дайындау нағыз Ережелердің 71 тарауына сәйкес орындалады.

Объектілердің ішкі орналасуын немесе ұйымның құрылымдық бөлімшелеріндегі негізгі құралдардың объектілерінің топтарын құжаттау, объектілердің берілуін қамтамасыз ету немесе негізгі құралдардың  объектілерінің топтарын қоймадан  (қордан) алу үшін негізгі құралдарды ішкі орналастыруға накладной қолданылады. Накладной екі нұсқауда жазылады. Алушы мен беруші тілхаты (түсініктемесімен) бар бірінші дана бухгалтерлік қызметке, ал екіншісі ұйымның құрылымдық бөлімшесіне тапсырылады.

 Негізгі құралдарды жөндеуден, модернизациялаудан кейін алыс – берісін құжаттау, негізгі құралдардың жөндеуден өткен, модернизацияланған қабылдау – беру актісінде қолданылады. Жеке кәсіпкердің материалдарға жауапты жұмысшысымен немесе негізгі құралдарды қабылдайтын ұйым және жөндеу жүргізуші ұйымның өкілімен жазынған акт екі дана болып құрылады. Ол актке бас бухгалтердің қолы қойылып, жеке кәсіпкер немесе ұйымның жетекшісімен бекітіледі.

Негізгі құралдардың объектілерін толық немесе ішінара есептен  шығару негізгі құралдарды есептен  шығару актісі бойынша жүргізіледі.Акт екі данада құрылады, оған комиссия мүшелері қол қойып, жеке кәсіпкер немесе ұйым жетекшісімен бекітіледі. Бірінші данасы негізгі құралдарды есептен шығару үшін бухгалтерлік қызметке беріледі, ал екінші данасы объектінің сақталуына жауапты тұлғада қалады.

Автотранспорттық құралдарды есептен  шығару актісі автотранспортты есептен  шығару үшін құжатталады. Акт екі  данада құрылады, оған комиссия мүшелері, жеке кәсіпкер немесе ұйым жетекшісі  қол қойып, жеке кәсіпкер немесе ұйым жетекшісімен бекітіледі. Кеден полицияларында есептен шығарылғанын дәлелдейтін акттің бір данасы бухгалтерлік қызметке беріледі, ал екінші данасы объектінің сақталуына жауапты тұлғада қалады.

Негізгі құралдардың объектілерінің жалдық есебі үшін негізгі құралдардың  жалдық есеп карточкасы қолданылады.

Қоймаға келіп түскен құралдарды құрастыру  үшін құралдардың келіп түскендігі туралы акт қолданылады. Акт екі  данада құрылады, оған комиссия мүшелері қол қояды.

Құралдарды монтаждау ұйымына  берген кезде құралдарды монтажға алыс – беріс актісі толтырылады. Монтаждық жұмыстар жүзеге асырылғанда қабылдау комиссиясы құрылады, оның құрамына құралдық тапсырыстарды жүзеге асыратын ұйым өкілдері, монтаждық ұйым өкілдері кіреді. Құралдарды жауапкершілікті сақтауға алған монтаждау ұйымының өкілі актке қол қояды және оған акт көшірмесі беріледі.

Информация о работе «Негізгі құралдар» бөліміне сәйкес