ҚР азаматтық қоғамның қалыптасу мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Июня 2013 в 20:14, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Адамзаттың саяси өмірі мен ол құрған мемлекеттердің саяси жүйелерінің дамуының басым бағыттарының бірі – құқықтық мемлекет болуына байланысты. Сондықтан құқықтық мемлекет құру мәселесін жалпыадамзаттық құндылықтар қатарына батыл жатқызуға болады. Құқықтық мемлекеттің жалпылық сипаты болғанымен, бұл құбылыс өте күрделі саяси феномен. Құқықтық мемлекеттің әр елде қалыптасу үрдісін зерттеудің қиындығы да күрделілігі де оның осындай санқырлы қасиеті мен табиғатына байланысы. Құқықтық мемлекет фундаментінде демократиялық, әлеуметтік және өркениетті мемлекетте жасалады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дипломная вся гот.docx

— 121.46 Кб (Скачать документ)

Президентті орнынан кетіру мәселесін көтерген сәтте Парламенттің өкілеттілігін  тоқтатуға Президент себепті  оңай таба алады. Сонымен бірге “Президентке мемлекетке опасыздық жасады деп  тағылған айыптың қабылданбауы оның қай кезеңде де осы мәселенің  қаралуына себепті болған. Мәжіліс  депутаттарының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкеп соғады”. Бұл талаптың өзі Мәжіліс депутаттарына Президентке қарсы шығудың қауіпті екендігін алдын ала ескертеді.

Құқықтық  мемлекеттің негізгі белгілерінің бірі – заңдардың Конституцияға  сәйкестігі және мүлтіксіз орындалуы. Осы ретте Конституциялық Кеңестің заңдар дұрыстығы мен орындалуын қадағалаушы ретіндегі маңызы зор. Ел Ата заңында Конституциялық Кеңеске де Президенттің ықпалы тым басым. Мысалы, “Конституциялық Кеңестің Төрағасын Республиканың Президенті тағайындайды”. Сонымен қатар оның тағы 2 мүшесін Президент тағайындайды. Конституциялық Кеңестің 7 мүшесінің үшеуі Президенттің өкілі ретінде оған тәуелді. Оның мүшелерінің тең жартысы әрбір үш жылда жаңартылып отырады. Демек, Конституциялық Кеңес өз қызметінде елдегі заңдылықты Президенттік билік мүддесі тұрғысынан шешетіндігі даусыз. Бұл жағдай Президенттік билікті күшейте түсуі. Президенттің іс-әрекеттерінің заңдылығын қадағалау мүмкіндігін әлсірете түседі. Вертикалды Президенттік билікке Конституциялық Кеңес өз бақылауын жасай алмайтындай ахуал жасалынған.

Конституцияда, өкінішке орай, сот және прокурор органдары  Президентке тәуелді. Себебі осы  заң органдарының басшыларын Президент  Сенат келісімімен тағайындайды немесе Президент ұсынуымен Сенат  сайлайды. Конституцияның осы баптарынан елдегі құқық қорғау органдарының басшыларының Президентке тікелей тәуелділігін байқаймыз.

Құқықтық  мемлекетке жылжу барысында Қазақстанда  биліктің бір қолға шоғырлану  құбылысын жеңу маңызды. Ол үшін алдымен  Конституциялық Кеңес төрағасы, Республика Бас Прокуроры, Жоғарғы Соттың төрағасы атқарушы билікке ешқандай тәуелді  болмағаны дұрыс. Құқық қорғау органдарының бірінші басшыларын Парламент сайлауы  кезінде депутаттармен бірге  сайлап, олар Президентке ант беріп, Парламент пен Президент алдында  бірдей жауапты болуы пайдалы. Олардың  қызметтерінің тиімділігінің критерийі  елдегі заңдылықтың салтанат құруы, барлық билік институттарының заңға  бағынуы, азаматтардың құқық органдарына  деген жоғары сенімі болмақ. Заңдардың  дұрыс қолданылуы, қоғамдағы әділеттілік  билік институттарының басшыларының халық алдында, Президент пен  Парламент алдында жауапкершілікті  толықтай білуіне байланысты.

Құқықтық  мемлекетке  орталық билік пен  жергілікті билік арасында нақты  билік бекінісі болады. Жергілікті билікте сол жерге қатысты  мәселелерді шешуге толық шешетіндей дәрежедегі билік болуы қажет. Жергілікті атқарушы биліктің басшылары халық  және халық сайлаған өкілетті органдар алдында жауапты болуы шарт. Қазақстандағы  жергілікті билік орындарын басқаратын әкімдер тікелей орталықтан тағайындалады, орталықтың айтқанын орындайды және мәслихаттардың алдында формальды  түрде есеп береді.

Елдегі  әкімдер жүйесі транзитті даму кезеңінде  позитивті жұмыс істеді деп бағалауға  болады. Бірақ та нарықтық қатынастардың  қалыптасуы, елдің саяси жүйесін  демократияландыру талаптары әкімдер  жүйесін түбегейлі өзгертуді  қажет етеді. Әкімдердің жергілікті жерлерде биліктің бақылаусыз болуы  қауіпті. Әкімдердің бақылаусыз билігі мәселелердің құқық жолымен шешілуіне  бөгет жасайды.

Өркениетті  құқықтық мемлекеттер тәжірибесі жергілікті басқару органдарының сол жердің сайланып қойылатын халық өкілдерінің  жиналысының алдында есеп беруін және оған жауапты болуын қалайды. Демек осы бағытта да ел Конституциясына өзгерістер енгізу қажеттігі бар.

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы  толыққанды құқықтық қоғам орнату мәселесін  әлі де болса толық шеше алмайтын құжат деп бағалауға болады. Себебі, бұл Конституцияда вертикалды президенттік билік тым күшейтіліп жіберілген. Ал биліктің заң шығарушы, сот тармақтары тым әлсіретілген. Олардың атқарушы билік тармағын бақылауға, шектеуге, заң талаптарын орындағанын тексеруге  құқықтары жетіспейді. Қазақстанда  заңдардың бұзылуының, экономикадағы  жемқорлықтың себептері осында. Атқарушы биліктің жауапкершілігінің аздығынан  Қазақстандағы көлеңкелі экономиканың көлемі ішкі жалпы өнімнің (ІЖӨ) 22-30 пайызы деңгейіне жеткен. Тек 2010 жылы ғана прокуратура органдары қаржы полициясы органдарымен бірлесе отырып, 690 жалған кәсіпорындарды анықтаған. Анықталған жалған кәсіпорындардың заңсыз әрекеттері салдарынан мемлекет бюджетіне 6,5 млрд. теңге салық төленбей қалған.

Аталған фактілер атқарушы биліктің және оларға қарасты финанс органдарының жүгенсіздігін  дәлелдейді. Ел байлығының тек табыс  бөлшегінің 10 пайыздан астамын атқарушы биліктің “көмегімен” түрлі алаяқтар талан-таражға түсіріп отырған. Заң шығарушы және сот органдары атқарушы биліктің әрбір қадамына, шешіміне бақылау жасай алмайды, мемлекеттік бюджеттік қаржыны қалай пайдаланып жатқанын білмейді. Биліктің бір тармағының екінші тармағын бақылауға, жауапқа тартуға мүмкіндігі болмағандықтан, Қазақстан ұйымдасқан жемқорлық деңгейінің өсуінен әлемдегі алдыңғы орындарға шығып отыр.

Бұдан Конституциядағы  қиғаштық немесе биліктің атқарушы тармағының күшеюі елдегі түрлі девенттық құбылыстардың  өрістеуіне себеп болып отыр деген  қорытынды шығаруға болады. Әсіресе, ұйымдасқан жемқорлықтың, парақорлықтың  шектен шығуына атқарушы биліктің бақылаусыз болуы себеп деп есептейміз. Құқықтық қоғамға тән билік тармақтарының  тепе-теңдігі болмаған жағдайда Қазақстан  қоғамындағы аталған қайшылықтар  жойылмайды. Сондықтан, өркениетті елдерге  тән биліктің бөлінуі мен жіктелуі процесі Қазақстанда да болуы  шарт. Мысалы, АҚШ-та, Президент ел басы бола тұра, Конгреске өз айтқанын міндеттей  алмайды. “Рональд Рейган 8 жыл АҚШ  Президенті болған жылдарында Конгрестен федералды білім және энергетика министрліктерін жоюға рұқсат ала  алмаған”. Бұл дамыған елде міндетті түрде биліктің бір тармағының оның екінші тармағын тежейтіндігін және бақылайтындығын көреміз.

Қазақстанда, өкінішке орай, атқарушы биліктің тежеусіздігі қоғамдағы заңдылықтың жиі бұзылуына  әкеліп отыр. Бұл жағдай елдегі нарықтық қатынастардың ойдағыдай дамуына  кедергі болуда. Республика Парламентінің  депутаты Амангелді Айталы елдегі құқықтық қоғам мәселелерін сараптай келе: “Екінші үлкен мәселе – заң  алдындағы Қазақстан азаматтарының  теңсіздігі, адам құқығының аяққа  тапталуы. 2010 жылы кәсіпкер азаматтар  ісіне шенеуніктер заңсыз араласқан 4571 жағдай тіркелген. Қазақстан азаматтары шетелдік кәсіпорындарда жаппай кемсітушілікке ұшырауда. Азаматтардың еңбек құқығы да жиі бұзылады. Қазақстандық және шетелдік кәсіпорындарда 2003 жылы 300 адам қаза тауып, 10 мыңнан астам жұмыскер жарақат алды. 114 мыңнан астам азаматтың еңбек саласындағы құқықтары бұзылды”.

Бұл деректерден  Қазақстанда құқықтық мемлекетті жылдам қалыптастыру қажеттілігін байқаймыз. Бірақ та бұндай маңызды мемлекеттік  шараны шешу үшін саяси жүйенің де, халықтың да құқықтық мәдениеті қалыптасуы қажет. Әр азамат заңды бұлжытпай  орындаудың және басқалардан да заңдылық шеңберінде қызмет етуді талап етуінің  маңызы үлкен. Ол үшін Қазақстандағы  ішкі саяси процестерді сапалық  жаңа деңгейге және тұрлаулы реформалардың  траекториясына шығару дұрыс. Президенттік вертикалды билікті шектеу арқылы Парламенттің рөлін арттыру, атқарушы билікті  орталықсыздандыру, сот жүйесін  реформалау арқылы заңдылықты нығайту, сыбайлас жемқорлықты ауыздықтау мақсатында батыл қадамдар жасау құқықтық мемлекеттің  нақты шындыққа айналуына көмектеседі.

Қазақстан қоғамы біртіндеп, сатылап құқықтық алаңға келе жатыр. Құқықтық мемлекеттің  құрылуының негізгі белгісі –  күш көрсету органдарының шектен шыққан билігінің болмауы. Қазақстан  Кеңес Одағы құрамында болғанда ЧК, ОГПУ, НКВД, КГБ сияқты органдардың  теперішін әбден көрді. Кейбір деректерге қарағанда Қазақстанда 30-шы жылдарда ғана 75000 адам жазықсыз репрессияға  ұшыраған. Күш көрсету органдары  “халық жауы” деген жалаумен, заңсыз қандай азаматты болмасын қамауға ала  алатын. Ондаған мың адамдар жазықсыз зорлық-зомбылық, қинау мен қорлауды көрді. Бүкіл қоғамды қорқыныш биледі. Сот, прокуратура, милиция органдары  халықты емес, саяси жүйе мен саяси  идеологияны ғана қорғады. Ол қорғау халықты қорқыту, шошыту және репрессиялау саясаты арқылы жүзеге асырылды. Конституция  мен заңдылық Кеңес Одағында саяси  жүйе мүддесіне бағындырылды. Халық  мүддесі, азаматтардың құқықтары мен  бостандықтары сөз жүзіндегі  бос ұрандар ретінде қалды. Сондықтан  Кеңес Одағы жылдарында, әсіресе  сталинизмнің билік құрған кезеңінде  заңдылық принциптері, құқықтық мемлекет идеясы өрескел бұрмаланды. Кеңес  халықтарының заңдылық күшіне деген  сенімі жоғала бастады. Заңның бұрмалануы және әлсіреуі қоғамды сатқындыққа, өтірікке, екіжүзділікке тәрбиелейді. Тоталдық сенімсіздік, сексоттық психология қалыптасты. “Хомо советикус” деп  аталған идеология үшін жақындарын жау көретін, мансап үшін адал адамдарды  оққа байлап беретін сатқын, жалқау, өтірікші адам типі қалыптасты.

Кеңес Одағында адамның конституциялық құқықтары  мен бостандықтары, заң жүзіндегі  қорғалуы сөз жүзінде жақсы айтылғанымен, іс жүзінде олар ұрандар, жақсы пиғылдар ретінде ғана қалып қойды. Сондықтан  Кеңес Одағында және оның құрамындағы  Қазақстанда ешқандай құқықтық мемлекет болған жоқ деп айтуға мәжбүрміз.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, соттардың, прокуратура мен полицияның қызметтерінің  мазмұны өзгерді. Олардың Кеңес  Одағы жағдайындағы шектелмейтін билігі тоқтатылды. Әрбір құқық қорғау органы өзіне тән заңдармен белгіленген функционалдық қызметтерін ғана орындайтындай заңдық алаң қалыптаса бастады. Олардың адам құқықтарына, саяси қозғалыстар мен партиялар қызметтеріне заңсыз араласуына қатаң тыйым салынды.

Қазақстанда құқықтық мемлекет қалыптасуы елдің  өз мемлекеттік қауіпсіздігін қамтамасыз ете алуына тәуелді. Бұл істе шешуші фактор – елдің қарулы күштерінің шекаралық мызғымастық пен территориялық  біртұтастықты қорғауға қабілеті. Қазақстан  қарулы күштері тек бейбіт мақсатта құрылған. Оның негізгі функциясы  Қазақстан халқының тәуелсіздігін  болуы ықтимал агрессиядан қорғау. Елдің әскери доктринасы осы бейбітшілік  принципінде құрылған. Қазақстанның ешбір мемлекетке өз еркімен агрессияға баруға ниеті жоқ екендігін “Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы күштері туралы” заңы дәлелдейді.

Қазақстан Республикасының билік институттары үшін Конституциялық заңдылықты орындауға  қызмет ету маңызды бағытқа айналды. Заңдылық пен Конституциялық принциптердің  елде құқықтық мемлекет құруға ықпал  жасай бастағандығы туралы Қазақстан  Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми былай дейді: “Елімізде  заңдылық пен конституциялық тәртіптің  салтанат құруы негізгі бағытқа  айналды. Заңдылықты бұлжытпай орындау  немесе сақтай білу жауапкершілігі –  Қазақстанның тұрақты дамуына жағдай жасай  отырып, мемлекетіміздің өзекті деген бағыт-бағдарындағы барлық құқықтық қызметтің өркен жаюына жол ашып берді. Ал әркім өзін мемлекет сенімді  түрде қорғай алатынын еркін сезініп, конституциялық заңдылық азаматтар  мен адамдардың құқығына және бостандығына нақты кепілдік беретінін жан-жақты  түсіне бастады”.

Қазақстанда құқықтық мемлекеттің фундаменті берік  түрде құрыла бастағандығын елдің  құқықтық кеңістігі мен саяси  жүйесіндегі келесідей түбегейлі  өзгерістерден байқаймыз:

Біріншіден, Қазақстан азаматтары өз құқықтары  мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға болатындығына көз жеткізді. Мемлекет өзінің адам құқықтарын қорғау функциясын орындауын қамтамасыз етті. Адамдар  өздерінің еркіндіктері мен бостандықтарын қорғай білуді үйренді.

Екіншіден, елде өркениетті елдерге тән құқықтық қоғам құрушы басты инструмент –  жаңа үлгідегі сот жүйесі қалыптасты. Сот жүйесі адамдардың жеке басының  бостандықтарын қорғауда ғана емес, экономикалық, әлеуметтік және мәдени жаңару, реформалар процесінде заңдылықты орнатушы күшке  айналды.

Үшіншіден, Республика Конституциясы негізінде  құқықтық қоғамның негізгі белгілі  мемлекеттік биліктің үш тармаққа бөлінуінің нақты үрдісі басталды. Мемлекеттік  құрылым жүйесінің құқықтық сипатының  нақты белгісі болып табылатын  “сот билігі” өзіне тән сипатын  және мақсаттарын айқындады.

Төртіншіден, сот билігінің атқарушы билікпен тәуелсіздігі бекітілді. Заңдарды, адамдар  мүдделерін, экономиканың дамуын заңмен реттеу, қауіпсіздікті қамтамасыз ету  органдарының қызметтерін заңдылыққа бағындыру, азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын қамтамасыз ету, жалпы айтқанда қоғамдық дамудың негізгі салаларында құқық пен заңның біртұтас үстемділігін қамтамасыз ету арқылы сот билігі құқықтық мемлекет құруға үздіксіз жағдай жасай бастады.

Бесіншіден, құқықтық мемлекетке бастайтын заң  шығарушы орган қос палаталы Парламенттің рөлі күшейе түсті. Өзінің заң шығарушылық  қызметі жағынан Сенат пен  Мәжіліс палаталары өркениетті елдердің парламенттерімен бірдей қызмет ете  алатындықтарын дәлелдеді. Мысалы, 1995 жылдан 2005 жылға дейін елімізде 1400-ден  аса заң қабылданған. Олардың 300-ден  астамы толық заңдар (өзгерістер мен  толықтырулар енгізу туралы заңдардан  бөлек). Мұның өзі Қазақстанда  демократиялық жолдармен қабылданған  заңдар қоғамдық өмірдің барлық салаларының  құқықтық кеңістікте қызмет істей бастағанын айғақтайды.

Алтыншыдан, Қазақстанда Конституция негізінде  біртұтас соттар жүйесі құрылып, Жоғарғы  сот, жергілікті соттар жүйесімен бірге  Конституциялық Кеңес те қызмет атқара бастады. Бұл сот органының мақсаты  елдің бүкіл аумағында Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ету, тұрақтылық пен конституциялық заңдылықты дамыту, адам мен азаматтың құқықтары  мен бостандықтарын қамтамасыз ету. Конституциялық Кеңес өзіне берген өкілеттілік шеңберінде әртүрлі  дауларды конституциялық ретке келтіріп, билік тармақтары арасындағы түйіні қиын дауларды, тартыстарды Конституцияға  сәйкес реттеп отырады. Конституциялық Кеңес бүкіл саяси жүйенің  тағдырына ықпал жасайтын шешімі қиын мемлекеттік мәселелерді ел Конституциясы мен заңдарына  негіздеп шешеді. Мысалы, 2005 жылдың басынан  қоғамдық саяси ахуалда даулы  мәселе болған президенттік сайлаудың  нақты мерзімі туралы тартыстарға  шек қойып, заңды кеңістікте мәселені шешіп берді.

Информация о работе ҚР азаматтық қоғамның қалыптасу мәселелері