ҚР азаматтық қоғамның қалыптасу мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Июня 2013 в 20:14, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Адамзаттың саяси өмірі мен ол құрған мемлекеттердің саяси жүйелерінің дамуының басым бағыттарының бірі – құқықтық мемлекет болуына байланысты. Сондықтан құқықтық мемлекет құру мәселесін жалпыадамзаттық құндылықтар қатарына батыл жатқызуға болады. Құқықтық мемлекеттің жалпылық сипаты болғанымен, бұл құбылыс өте күрделі саяси феномен. Құқықтық мемлекеттің әр елде қалыптасу үрдісін зерттеудің қиындығы да күрделілігі де оның осындай санқырлы қасиеті мен табиғатына байланысы. Құқықтық мемлекет фундаментінде демократиялық, әлеуметтік және өркениетті мемлекетте жасалады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дипломная вся гот.docx

— 121.46 Кб (Скачать документ)

Гоббс, Англиядағы шексіз (абсолюттік) монархияның қорғаушысы, қоғамдық өмірдегі құқықтық үстемдігі  туралы бірнеше прогрессивті еңбектер жазды. Кейіннен оның еңбектерін буржуазиялық революция оқымыстылары жетілдірді, дамытты. Сонымен қатар заң алдындағы  формалды теңдікті дәлелдеді және келісімнің тұрақтылығын көрсетті. Гоббс адамның  бостандығын заңмен тыйым салынбайтын  әрекеттің бәрін жасау құқығы деп түсінді. Соның негізінде  қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудегі әлдеқайда тиімді қағидалардың теориялық  негізін қалады.

Локк  Маркстің айтуы бойынша буржуазиялық қоғамның құқықтық ойларын, феодалдық  қарама-қойышылықтаға классикалық  жеткізушісі болды.  Локктың ойынша, адамның табиғи құқығын қорғау үшін құрылған мемлекет меншікті құруға және ұйымдастыруға заңдар қабылдайды және ол заңдарды арындауға, сырттан басып  кіруді болдырмауға қоғамдық күштерді пайдаланады. Ондай мемлекетте табиғи бөлінбейтін құқықтық меншікті. Жеке бостандықты және теңдікті қамтамасыз ететін заң үстемдік етеді.

Құқықтық  мемлекеттің жағдайындағы адам бостандығы Лоққтың сөзімен: «заңды өкіметпен  белгіленген бәріне ортақ бұлжымайтын  ережеде, бостандықта заң тыйым  салмайтын барлық жағдайда өз қалағаныңды  жасау және әрдайым басқа адамның  еркіне тәуелді болмау.

Монтескье құқытық мемлекеттің құрылуын азаматтық  қоғамдағы саяси бостандықтың қажеттілігі  деп түсіндіреді. Оның саяси бостаңдық  идеясы азаматтық бостандық идеясымен  байланысты және мемлекеттің азаматтарының  қауіпсіздігіне де қатысты. Қызметін пайдаланатындарды  болдырмау үшін барлық адамда заңдарды бұлжытпай орындауы қажет. Саяси  бостандық-заңдылықты және қауіпсіздікті  сақтау. Оған жету үшін өкіметті заң  шығарушы, атқарушы және соттыққа бөлу қажеттігі көрсетілген. Бұл идея оның саяси-құқытық теориясындағы  маңыздыларының бірі, кейіннен ол идеяның  дұрыстығын іс жүзінде көптеген өркениетті елдердің мемлекеттік құрылымынан  көруге мүмкіндік болды.

Дидро мемлекеттік  өкіметтің құқықтық бастамасын оның қоғамдық келісіммен құрылған тәуелсіздігі арқылы негіздейді. Мемлекеттік билік, оның ойынша, қоғамдық келісімнің жемісі ретінде пайда болды және ол қоғамға  ұыймдасқан түрдегі саяси нысанды  береді. Сондықтан мемлекеттік билік  халықтың еркіне негізделген. «Тек ұлт  қана шын тәуелсіз, шын заң шығарушы халық қана, тек халықтың еркі саяси биліктің шығар көзі». Мемлекеттің басты мақсаты – азаматтардың бөлінбейтін құқығын және олардың бақытын қамтамасыз ету. Дидроның осы идеялары И. Канттың философиялық негіздемесіне ие болып, құқықтық мемлекет теориясының аяқталғанын көрсетеді.

Джефферсон  АҚШ- тың тәуелсіздін декларациясының  авторы, іс жүзінде Америка аумағына құқықтық мемлекет идеясын таратушы. Қоғамдық келісім және адамдардың бөлінбейтін  құқығын жақтай отырып, монархиялық  басқару нысанын сынайды және халықтың тәуелсіздік қағидасын  қорғайды. Джефферсонның декларациясы бойынша, адамдардың бөліндейтін құқығы бар. Оны қамтамасыз ету үшін мемлекет құрылады. Декларацияға адамның табиғи құқығын кіргізу арқасында жеке адамдардың мемлекетке деген қатынасы олардың субъективтік құқығына айналады. Ресми мемлекеттік доктрина үшін бұл жаңа қағида болды. Себебі бұрын  адамдарға құқықты мемлекет береді деген ұғым болатын. Осы кезеңде  мемлекеттің негізгі элементтерінің дайындалуына маңызды үлес қосқандарға  Вольтер, Гельцеций, Руссо, Пейн және басқа  да көрнекті ғалымдарды жатқызуға болады.

Кант  құқықтық мемлекет теориясының философиялық негізін жан-жақты зерттеген адам. Көпшілік құқықтық қағидасына, философтың ойынша, халықтың шексіз құқығы жатады, яғни өзінің еркін білдіретін конституция  қабылдау арқылы тәртіпті орнату. Халықтың үстемдігі «көптеген адамдардың құқықтық заңға бағынған жиынтығы»  ретіндегі мемлекеттегі барлық азаматтардың бостандығын, теңдігін және тәуелсіздігін  қамтамасыз етеді. Конституциялық құқыққа  сүйенген мемлекеттің жұмысы халықтың жалпы еркіне сай болады, азаматтардың құқығы – жеке бастарының еркіндігі, адамгершілігі, ойлары.

Құқықтық  мемлекетте заңды бұлжытпай орындау  жолында күштеуге де баратындай мүмкіншілігі болуы қажет. Құқықтық құрылымның мүмкіндігін  Кант билікті парламент жүзеге асыратын заң шығарушы билікке, үкімет атқаратын  атқарушы билікке, халық сайлаған сот  жүзеге асыратын сот билігіне бөлумен  тікелей байланыстырады.

Канттың құқықтық мемлекет туралы тұжырымдамасы  саяси-құқықтық ойдаң одан әрі қарай  дамуына, өркениетті қоғамдағы мемлекеттік-құқықтық құрылымның қызметіне маңызды әсер етті.

Гегель  мемлекетті өзінің философиялық дүниетанымындағы жалпы жүйенің контексінде қарайды, оның маңызды бөлігі-құқық философиясы. Гегельдің ойынша, мемлекет те құқық  болып табылады, бірақ көбірек  жетіліп дамыған және мазмұны  бай. Өйткені ол өзінің бойында қалған құқықтардың бәрін-жеке адамның, отбасының  қоғамның құқықтарын қамтиды. Гегель мемлекетті жеке адам мен қоғамның үстіндегі  абсолютке көтеріп, мемлекет дамуының азаматтың қоғам дамуынан бұрын  болғанын дәлелдейді. Гегельдің осы  ойымен Маркс келіспей, мемлекет туралы тұжырымдамасының қате тұстарын көрсетеді. Шын мәнінде қоғам мемлекеттен  бұрын пайда болғандықтан, мемлекет қоғам дамуының жемісі болады.

Гегельдің ойынша мемлекет жетіліп дамыған  қоғам өмірінің ұйымы онда бәріде іске асырылған бостандықтың үстемдігін көрсететін құқық негізінде құрылады [2,  36]. Тек мемлекетте және мемлекет арқылы адамның ең жоғарғы адамгершілігі, бағалылығы іске асырылады, сондықтан ол «адамгершілік идеясының шындығы». Азаматтық қоғам құқықтық мекемелер арқылы жеке адамдардың мүдделерін қамтамасыз етіп, тәртіпті қорғайды. Мемлекетте жеке адамның бостандығы және сыртқы тәртіп біртұтас болады, онда мемлекет өзінің ең жоғарғы құқықтық және моральдық нысанының бірлігіне жетеді. Гегельдің мемлекетке көзқарасында оның функциялары қыстау, күштеу аса маңызды роль атқармайды. Маңыздысы – мемлекеттің қызметіндегі оның әлеуметтік және құқықтық бастамалары, оның терең адамгершілік мазмұны, парасаттылығы және қоғамға, жеке адамға пайдалылығы.

Маркс мемлекет пен құқықты ашық түрде қоғам  дамуының таптық теория тұрғысынан қарады. Ол теория бойынша, пролетариат диктатурасының құрылуына байланысты, таптардың  жоғалуына байланысты тапсыз қоғамға  көшу процесінде мемлекет пен құқық  та жоғалады. Маркс буржуазиялық мемлекеттің  құқықтық қатынастарын талдай отырып, заң-нәтиже, таптық қоғамның өндірістік қатынастарының материалдық көрінісі ретінде дәлелдейді. Заң шығару тек  экономикалық қатынастардың талабын  орындайды Маркс айтқандай, егер заңда көрсетілген әлеуметтік қатынастың тәртібі «қоғамдық өндіріс жолымен  гармониялық (үйлесімді) жағдайда болса, заң өзінің күшіне сонда кіреді.

Маркстың  құқықтық мемлекет туралы айтқанына  көңіл аударсақ: «Бостандық дегеніміз  – қоғамның үстінде тұрған орган, мемлекетті тұтастай сол қоғамға  бағынашты органға айналдыру».  

Батыс Еуропадағы прогрессивті саяси-құқықтық ойлардың иелері Иеринг, Еллинек, Дюги, Ориу, Паунда, Спенсер және басқалар құқықтық мемлекет теориясының элементтерін өз кезеңдеріндегі көзқарастарға тәжірибелеуге сай  дамытты. Иерингтің ойынша егер мемлекеттік  өкімет алдын ала өзі бекіткен тәртіпке өзі бағынса, сонда ғана ол ақырғы құқықтық бекітілуге не болады және сол жерде құқықтық мемлекет болады. Тек құқық үстемдік алғанда  ұлттың хал-жағдайы гүлденеді, сауда, кәсіпшілік өркендеу, халыққа тән  «ақылдылық және адамгершілік» өріс алады. 

Еллинектің  тұжырымдамасы бойынша, мемлекет өз халқының мүддесін қорғайтын орган  ретінде белгілінеді және адамдардың заңды одағын басқарып, жеке бастарына, ұлттық және жалпыадамдық біріккен мүдделердің  қоғам дауымдағы прогрестік жолға  бағытталуын қанағаттандырады.  

Құқықтық  мемлекет идеялары орыстың саяси-құқықтық  ойларында да кең көлемде орын алды. Ондай ойларды Д.Н. Писаревтің, А.И. Герценнің, Н.Г. Чернышевскийдің, А.Н. Радищевтің, П.П. Пестельдің, М.Н. Муравьевтің  және басқалардың еңбектерінен көруге болады. Олар көбінесе, феодализмнің заңсыздықтарын шындық негіздерге сай қатты сынға  алады.   

Құқықтық  мемлекет туралы орыс тұжырымдамасының бекігендігін Октябрь революциясына  дейінгі кезеңдегі  көрнекті заңгерлердің және  философтардың еңбектерінен толың көреміз: Н.М. Коркунов, С.Н. Котляровский, П.Н. Новгородцев, С.А. Муровцев, П.М. Гессен, Г.Ф. Шершеневич, Б.Н. Чичерин, Н.А. Бердяев және  басқалар. Олардың мемлекеттік-құқықтық зерттеулері негізінен саяси және құқықтық ілімдер тарихының пәніне  арналған. Төменіректе өте қысқа түрде сол тұжырымдардың құқықтық мемлекет туралы маңызды идеялары орыс заңгерлерінің көзқарастарына сай көрсетіледі.

Г.Ф. Шершеневич құқықтық мемлекеттің негізгі өлшемдерімен мынадай құрылу жолдарының нысандарын ұсынады:

1) бассыздықты  көрсетеді, біреуінің мүддесі  екіншісінен бөлінеді және мемлекет  мекешелері де осыған қатысты,  осыдан құқықтық басқарудағы  үстемдік идеясы туады;

2) егер  жеке адамдың ынтасы кеңдікті  тілесе, мемлекетке субъективтік  құқықтарды қорғаумен шектелу  жеткілікті;

3) өкімет  органдарының өз қимылдарымен  жаңа тәртіптіліктің бұзылмауы  үшін олардың міндеттерн қатаң  түрде белгілеу қажет және  орындаушы өкіметті заң шығарушыдан  бөліп, сот билігінің еркіндігін  бекітумен қатар, заң шығаруға  көмектесетін сайланған қоғамдық  элементтерді қатынастыру қажет.  Шершеневич құқықтық мемлекеттің  мұндай сипаттамасымен келісе  отырып, құқықтық мемлекеттің шын  мәніндегі кепілдігіне мыналарды  жатқызады:

а) жеке адамның бөлінбейтін құқығы;

ә) өкіметті бөлу принципі;

б) өкіметтің  өзің-өзі құқықтық шектеуі;

в) мемлекеттің  өз үстінде тұрған құқыққа бағынушылығы.

Шын мәнінде  ондай кепілдікке ұстамдылық күші бар  қоғамдық көзқарас қана ие бола  алады.

Өкіметтің «өзің-өзі ұстау» идеясы мемлекеттік  емес қоғамдық бірлестіктермен, қоғамдық көзқарастармен, басымдармен, радио-теледидармен мойындалады және қазіргі қоғам  өміріне іс жүзінде пайдаланылуымен  көрінеді.

Гессен  В.М. құқықтық мемлекетті шығыстық саяси-құқықтық орнықты көзқарастарына сүйеніп  анықтайды. «Құқықтық мемлекет деп  айтатыны – оның ойынша, өз міндеттілігін  үкімет ретінде мойындайтынында. Құқықтық мемлекет өзінің қызметінде, өзінің үкіметтік  және соттық функцияларын орындау кезінде  құқықпен байланысты және шектеледі, құқықтың сыртында емес және жоғарыда емес, одан төмен тұрады».

Сонымен бірге Гессен құқықтық мемлекеттің  мазмұндық жағына белгілі түзетулер  енгізді. Ол заң шығарудағы тәуелсіздікті  жақтап, оның ойынша мемлекет әдет-ғұрыппен және заң шығару құқығымен қатынасы жоқ себебі «мәңгілік» әдет-ғұрып  пен заң жоқ деген. Шын мәнінде  заң шығарушы билік заң мен  шектелмеуі керек. Бұл идеяда принципті  іс әрекеттің мәні жатыр- заңдар қоғамның өсу деңгейіне сай болуға міндетті, өзгеру үстіндегі экономикалық, әлеуметтік, мәдени және басқа да қоғам өмірінің жағдайларын көрсетуі керек, оның дамуындағы объективті қажеттілікке жауап беруі  қажет.

Котляревский  С.А. Канттың қарым-қатынастың және мемлекет пен жеке адамның бір-бірінің  алдындағы екі жақты жауапкершілігі теориясын жақтайды, оның кепілі биліктің бөлінгендігі болып табылады. Қазіргі  мемлекеттік құқықтық өмір үшін оның мемлекет пен жеке адамның шынайы екі жақты жауапкершілігін қамтамасу  ететін негізгі орган ретіндегі  соттың ролі туралы тұжырымның іс жүзіндегі  мәні бар. Ондай сот конституцияның негізінде ешкімге тәуелді болмай халықтың сеніміне ие болуы қажет.

Өйткені сенім жоғалса, сот қызметіне  нұқсан келеді және құқытық мемлекеттің  дамуына кедергі болады.

Кеңес мемлекетінің құқықтық ғылымы тоталитаризм кезеңінде  құқықтық мемлекет идеясын қабылдамай, оны буржуазиялық, мемлекеттің таптық тұжырымдамасына қарсы теория деп  есептеді.

Құқықтық  мемлекеттің көп ғасырлық  тәжіребесін, теориясы мен практикасын өктемдікпен  жоққа шығару және ғылыми тұрғыда  қабылдамау инерциясы қоғам өмірінде әлеуметтік-экономикалық, мәдени, рухани жеке ұлттық қақтығыстарды туғызады. Кейінгі жылдары реформалық процестердің тек біздің елімізде ғана емес, бұрынғы  Одаққа кірген мемлекеттерде жүріп  жатқанына байланысты мемлекет пен  құқыққа ғылыми көзқарастар пайда  болды. Қоғамның саяси жүйесіндегі  мемлекеттің рөлін бағалаудағы  жаңа қатынастан байқауға болады. Бұрынғы  және қазіргі ғылыми арсеналды, қазіргі  өркениетті елдердегі құқықтық мемлекеттіліктің қалыптаусы мен қызмет етуінің іс жүзіндегі тәжирибесін пайдалана  отырып, отандық құқытану философияның, экономикалық және саяси ойлар негізінде  шын мәніндегі болашақ құқықтық мемлекеттің үлгісін белгіледі.

 

 

1.2 Құқықтық мемлекеттің белгілері мен ерекшеліктері

 

Азаматтық қоғамның негізгі бағалылығы, айтылып  өткендей – адам және оның құқығы, ал оны саяси іске асырушы – мемлекет. Ондай миссияны орындау кез келген мемлекеттің қолынан келмейді, тек  принципі мен қызметі құқыққа  сай келген, құқық үстемдік құратын  мемлекеттің қолынан келеді. Ондай  мемлекетті жалпы түрде, құқықтық мемлекет деп атайды.

Мемлекет  пен құқықтың келіскен әрекеттестігін іздеу моделі, құқықты саяси биліктің негізін іске асыратын құрал ретінде  тануы, ерте заманнан басталады. Соған  сай идеялардың бастамасы ертедегі қытайлардың Легистерінде (Шан Ян – ІV ғ. б.э. дейінгі) заңды ғана сараптаған, құқықты мемлекеттің мәжбүрлеуінің  нысаны ретінде емес, тек билікке  оны орындаудың міндеттілігі ескертіледі.

Құқықтық  мемлекеттің негізгі идеяларының  элементтері көне оқымыстылармен құрылған. Оларға: Солон, Гераклит, Пифагор, Платон, Аристотель, Демокрит, Сократ, Цицерон  сонымен қатар софистер, стоиктер және рим заңгерлері жатады. Олардың  басқару нысаны жөніндегі дұрыс  емес ережелерге: табиғи және ерікті белгіленген  құқық қатынастары, адамдардың теңдігі туралы табиғи құқық, мемлекетті «халықтың жұмысы» құқықты адалдықтың өлшемі ретінде есептеу, жеке және көпшілік құқық жатады. Жаңа кезеңде, табиғи доктринасының теориялық дамуына ықпал жасады, екі мың жылдарға созылған кезеңдерде құқықтық мемлекет идеялары жетіле бастады.

Информация о работе ҚР азаматтық қоғамның қалыптасу мәселелері