ҚР азаматтық қоғамның қалыптасу мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Июня 2013 в 20:14, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Адамзаттың саяси өмірі мен ол құрған мемлекеттердің саяси жүйелерінің дамуының басым бағыттарының бірі – құқықтық мемлекет болуына байланысты. Сондықтан құқықтық мемлекет құру мәселесін жалпыадамзаттық құндылықтар қатарына батыл жатқызуға болады. Құқықтық мемлекеттің жалпылық сипаты болғанымен, бұл құбылыс өте күрделі саяси феномен. Құқықтық мемлекеттің әр елде қалыптасу үрдісін зерттеудің қиындығы да күрделілігі де оның осындай санқырлы қасиеті мен табиғатына байланысы. Құқықтық мемлекет фундаментінде демократиялық, әлеуметтік және өркениетті мемлекетте жасалады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дипломная вся гот.docx

— 121.46 Кб (Скачать документ)

Мүмкін, осы жағдайлардағы мемлекеттік  құрылымның үздік ұйымы, Аристотельдің  ойынша, оның негізгі үш элементтерін құрудың және олардың қызмет ету  тәсілдерінің түрлі шарттарын тиісті түрде үйлестіруде байланысты болар. Аристотель кез келген мемлекеттің  үш элементі барын атады: бірінші  – заң шығаруға жиналған орган, екінші – магистратура, үшінші – сот  органдары. Осы үш элемент, оның бағалауы бойынша, әрбір мемлекеттің негізін  құрайды, сондықтан мемлекеттік  құрылымның ерекшелігінің өзі осы  элементтердің түрлі ұйымдастырылғанына байланысты болады.

Алайда  Аристотельдің бұл ойларында  құқықтық мемлекет теориясына тән билікті  бөлу тұжырымдамасы әлі болмаған. Бұл құқықтық мемлекет теориясы бойынша  мемлекетті құрылымның түрлі нысандарының айырмашылықтары ойшыл атаған элементтердің  әрқайсысының түрлі ұйымдастырылуына ғана емес, сонымен қатар (дәл құқықтық мемлекет теориясы мен практикасы үшін елеүлі болатын) сол элементтер арасындағы қатынастардың сипатына, олардың  өзара байланыстыруының нысанына, олардың  өкілеттіліктерін шектеу тәсілдеріне, жалпы мемлкеттің биліктік өкілеттілігінің  барлық жиынтығын іске асыруға қатысу шамасына байланысты.

Одан  екі ғасыр өткеннен кейін Полибий (б.э.б. 210-128 ж.) дайындаған аралас басқару  тұжырымдамасы билікті бөлу теориясы тұрғысынан алғанда әлде-қайда жетілген болды. Спартада, Карфагенде және Римде  аралас басқарудың болғанын атай отырып, ол осы нысанның түрлі құрамдас элементтерінің өзара тежелу және бір-біріне қарсы әрекет ету сияқты артықшылығын ерекше атайды. Бұл жалпы алғанда саяси құрылымның тиісті түрдегі тұрақты ұйымдастырылуына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Бұл-билікті  бөлу теорясының да маңызды идеаларының  бірі.

Полибий «Жалпы тарих» еңбегінде (VI, 4-10) мемлекеттің  алты негізгі нысанының (патшалық өкімет, тирания, аристократия, олигархия, демократия және охлократия) пайда болу және ауысу  тәртібін «табиғат заңы» бойынша  болатын табиғи процесс ретінде  сипаттайды.

Полибийге сәйкес, патша үкіметі, аристокрастия  және демократияның ерекшеліктері  бірігетін басқару нысаны анағұрлым  жетілген болып табылады.

Басқарудың  осындай аралас нысанының басты  айырмашылығын Полибий тирания, олигархия және охлократия сияқты арнайы басқару нысандарына өтуге жол  бермейтін мемлекет тұрақтылығын қамтамас етуден көреді.

Полибий пікірінше осыны ең алғашқы болып  түсінген және аралас басқаруды ұйымдастырған  спартандық заң шығарушы Ликург болды: «оның құрған басқару нысаны қарапайым  емес және біркелкі емес, бірақ ол басқарудың үздік нысандарының бірі шектен тыс  қатты дамымауы үшін және сол арқылы өзіне жақын теріс нысанға  айналмауы үшін, олардың бәрі өздерін  өзі тежеу үшін, біріне-бірі қарсы  тұруы үшін сол үздік нысандардын  барлық артықшылықтарын біріктірді (Полибий. Жалпы тарих, VІ, 10).

Өз заманындағы  жағдайларға қарап, Полибий Рим  мемлекетінің ең үздік басқару жүгісімен  ерекшеленетінін атайды. Онда ол үш билікті атайды: консулдар билігі, сенат билігі және халық билігі. Олар тиісінше патшалық, аристократтық  және демократиялық бастауларды  білдіреді.

Римдегі үш биліктің арасындағы мемлекеттік  өкілетіктердің бөлінуін сипаттай келе, Полибий қайсыбір биліктерідің қажетіне қарай біріне-бірі кесел келтіретіндей  немесе керісінше өзара қолдау көрсететіндей  тұрақталған саяси процедуралар мен тәсілдерді қарастырады. Бұл  ретте бір биліктің өзіне қатысты  сәйкессіздің туралы наразылығы тиісті түрде басқа биліктердің қарсылығын тудырады, ал жалпы алғанда Рим  мемлекеті өзінің тұрақтылығы мен  беріктігін сақтайды.

Аралас  басқарудың ежелгі тұжырымдамасы мен  одан кейінгі билікті бөлу теориясы арасындағы барлық тарихи және әлеуметтік – саяси айырмашылықтарға қарамастан, оларда айтарлықтай маңызды ортақ  тұстар бар екенін оңай байқауға болады. Басқарудың аралас нысанында (әсіресе  Полибий ілімінде анағұрлым анық) басқарудың түрлі нысандары өкілдерінің  өкілеттіктері (билікті бөлу теориясындағы  түрлі биліктің өкілеттіктері секілді) біртұтас бастамаға бірікпейді және өзіндік ерекшеліктерін жоғалтпайды, бөлінген күйде, біршама дербес болып, қала береді, өзара әрекет етеді, үйлеседі және қатар өмір сүреді, тұрақты  бүтіндік – мемлекеттік құрылым  шектерінде өздерін-өзі тежейді. Екі  жағдайда да бір мақсат – басқару  тетіктері бір орталықта шоғырланбайтын, керісінше өзді-өздерін тежейтін, бір-біріне қарсылық көрсететін жалпы мемлекеттік биліктің құрамдас бөліктері арасында әділ бөлінетін мемлекеттік билік құрылымын қалыптастыру.

Мемлекетке  деген құқықтық көзқарас (мемлекетті құқықтық түсіну және талдау).

 Рим  авторларының шығармашылығында  елеулі түрде дамытылды және  тереңдетілді.

Бұл тұрғыда  мемлекетті адамдардың келісімді құқықтық араласуы және «жалпы құқықтық тәртіп»  ретінде түсіндіретін Цицеронның  табиғи құқықтық ілімі үлкен жетістік болды (Мемлекет туралы, I, XXXII, 49).

Цицероның тұжырымдамасынан мемлекет заңдарының табиғи құқық талаптарына сәйкес болу қажеттілігі туындайды. Тек  осындай заңдар ғана әділ болады. Әділетсіз  заңдарға келетін болсаң, олар «заң атауынан гөрі ортақ келісім бойынша  қараушылар қабылдаған шешімдерге тең» (Цицерон. Заңдар туралы, ІІ, 13). Ол маңызды  мемлекеттік-құқықтық жағына жасайды: «Бәрі де заң күшінің ықпалында  болуы керек» (Цицерон. Заңдар туралы, ІІІ, 17) .

Цицерон ойынша азаматтардың құқықтық теңдігіне  патшалық басқару, аристократия және демократия элементерінен құралатын мемлекеттің  аралас нысанында ғана қол жеткізуге  болады. «Өйткені, - дейді ол, - мемлекетке көрнекті де патшалық етуші болуы  лазым – биліктің бір бөлігі алдыңғы  қатардағы адамдардың беделдісіне  беріледі, ал кейбір істер халықтың талқылаумен еркіне ұсынылады (Цицерон. Мемлекет туралы, I, XV, 69).

Цицерон мемлекеттің аралас нысанының бір  бағытына қарай ауытқудың қауіптілігін атайды және олардың арасында «құқықтарды, міндеттерді және өкілеттіктерді тең  бөлу» арқылы олардың өзара тепе-теңдігін жақтайды (Цицерон. Мемлекет туралы, I, XXXI II, 57).

Мемлекеттің халық ісі және жалпы құқықтық тәртіп ретінде жүзеге асуы, Цицеронның ойынша, көбінесе бүкіл халықтың (тұрғындардың) саяси және құқықтық белсенділігіне байланысты.

Себебі  азаматтың бостандығы – оның құқықтары, яғни жалпы құқықтық тәртіптің, бүкіл  мемлекеттің негізгі бөлігі.

Мемлекетке  деген құқықтық көзқарастың дамуы  мен оның құқықтық сипатын зерттеу  үшін Рим заңгерлерінің құқықты  жеке және көпшілікке бөлуінің елеулі мәні бар. Мемлекетті жалпы-құқықтық жағынан  түсіндіру мемлекет ұғымын заңдастыруға ықпал етті және оның құқытық табиғатының  түсінігін тереңдетті.

Ежелгі  авторлардың идеялары мен конструкцияларға орта ғасырдағы еуропалық және жаңа дәуір ойшылдарының шығармаларында одан әрі дами түсті.

Құқықтық  мемлекеттік идеяларының тарихы тұрғысынан орта ғасыр бос, жоғалған уақыт болған жоқ. Керісінше, ортағасырдың саяси-құқықтық ой (ортағасырлық юриспруденция, саяси ғылым, философия теология) ежелгі дәуір мен жаңа дәуір идеяларының  арасында маңызды байланыстырушы роль атқарды.

Бұл ретте  ортағасырлық теологияның беделді  өкілі Фома Аквинскийдің (1225-1274) саяси-құқықтық көзқарасы танымды болып табылады.

Жаңа  жағдайларда ол ежелгі авторлардың  ең алдымен Аристотельдің (адамның  саяси табиғаты туралы, басқарудың саяси нысаны және т.б.туралы) және Рим  заңерлерінің (табиғи-құқықтық әділдік  және т.б. туралы) саяси-құқықтық идеяларының  бірқатарын христиандық тұрғыда  дамытты.

Фома  Аквинскийдің ойы бойынша, табиғи заң  өзің-өзі сақтауға және ұрпақ қалдыруға, шындық пен шынайы Құдайды іздеуге  ұмтылумен қатар, Жаратушы өз бетімен  және кейпімен жасаған саналы жан  ретіндегі адамның беделін мойындауды жіне сыйлауды талап етеді. Адам беделі туралы Фома Аквинский айтқан қағида христиандық гуманизмнің мызғымас негізгі принципі бола отырып, саяси-құқықтық тұрғыда адамның айырылмас табиғи құқығы идеясының алғашқы пайымдауы  болды. Бұдан шығатын қорытынды - мемлекет пен адам (позитивті) заңы адам беделін мойындауға және сыйлауға міндетті. Осыған сәйкес мемлекет жалпы  игілікті білдіретін саяси нысан  ретінде, Фома Аквинскийдің іліміне  сай, адамдар үшін өмір сүруге лайықты  жағдайларды, яғни адам беделіне сәйкес болатын жағдайларды қамтамасу  етуі керек.

Аристотельдің және басқа да ежелгі ойшылдардың  қағидаларын пайдалана отырып, Фома Аквинский шексіз (абсолютті) монархтия  мен саяси монархияның арасындағы айырмашылықты анықтайды. Оның пайымдауына  сәйкес, саяси монархияның артықшылығы  – басқарудың бұл формасы жалпы  ігілік адамды сыйлау монархтың өзі  де бағынуға міндетті заң негізінде  билікті жүзеге асыру талабын  анағұрлым жақсы үлгіде білдіреді. Сонымен бірге саяси монархияда монарх билігі өкілетті органмен шектелген.

Ежелгі  авторалар секілді Фома Аквинский  монархияны (шексіз және саяси) тирандыққа қарсы қояды және халықтық (шіркеудің  келісімімен) тирандық өкіметті күшпен құлату құқығын мойындайды. Фома Аквинский  мойындаған халықтың тирандыққа қарсы  шығұға құқығында халықтың егемендік  идеясы бар.

Осы дәуірде  Марсилий Падуанский (1275-1343) өзінің мемлекет пен құқық туралы зайырлы ілімінде халықтың егемендікті анағұрлым  анық мойындады және қорғады. Оның ойынша халық-барлық биліктің (зайырлы да, рухани да) көзі, егемендікті иеленуші және жоғарғы заң шығарушы. Шындығында ол «халық» деп қоғамның ортақ  игілік үшін қам жеген үздік, білімді  бөлігін атады.

Саяси ой тарихында Марсилий Падуанский алғашқылардың  бірі болып «Дүние қорғаушысы» еңбегінде  мемлекетегі заң шығарушы және атқарушы биліктерді заң шығарушы биліктің үстемдігі  мен атқарушы биліктің жалпыға міндетті заңмен байланыстылығы негізінде бөлу тұжырымдамасын негіздейді.

Марсилий  Падуанский алға тартқан барлық лауазымды  тұлғалар мен мемлекеттік институттардың, соның ішінде монархтың да сайлануы халындағы демократиялық принципке  де халықтық егемендік идеясына сүйенеді. Бұл ретте ол сайланатын монархияны ұрпақтан ұрпаққа берілетін монархияға қарағанда басқарудың әлдеқайда  жетілген нысаны деп есептеді.

Мемлекет  пен қолданылып жатқан позитивтік құқықты (табиғи құқық тұрғысынан) заңды  түсінудің және талқылаудың тереңдетуге  ортағасырлық заңгерлер (Г. Брэктон, Р. Лулий, Балдус және басқалар) елеулі үлес қосты. Юрист Балдус табиғи құқықтық мемлекет алдындағы басымдығын (үстемдігін) негіздей отырып, табиғи құқық принципаттан, яғни басқарушы билігінен күштірек деп атады.

Феодализмнен  капитализмге көшу кезеңінде өңдіріс  күшінің өсуі қоғамдағы әлеуметтік және саяси қатынастардың өзгеруі  мемлекетке және оның қоғамдық істерді  ұйымдастырудағы ролін түсінуге деген жаңа көзқарастар тудырады. Оларда билікті бір адамның немесе билік органының қолына беруге жол  бермейтін, заң алдында бәрінің  тең екенін дәлелдейтін, құқық арқылы жеке бостандықты қамтамасыз ететін мемлекеттік өмірдің құқықтық ұйымдастырылуына қатысты мәселелер басты орында тұрады.

Феодализм ыдырауының алғашқы кезеңдеріндегі құқықтық мемлекеттілік идеяларын  тарихи тұрғыда сол кездегі прогрессивті оқымыстылар Н. Макиавелли және Ж. Боден  айтқан. Макиавелли өзінің теориясында  ертегі және қазіргі көп ғасырлық мемлекеттің өміріндегі тәжірибенің  негізінде саясатық принципін түсіндірді. Саяси өмірдің дамуындағы қозғаушы күштерді білу арқылы сол уақытқа  қажетті идеалды мемлекеттің  нұсқасын салуды көздеді. Мемлекеттің  мақсаты заттарды ерікті пайдалануға  мүмкіндік жасап әр адамның қауіпсіздігін  қамтамасыз етуінде деп білді. Мемлекеттің  нысаны туралы мәселені көтергенде, республика нысанын қалады, өйткені тек республика нысаны ғана көп жағдайда теңдік пен  бостандықтың талаптарына сай келетін. Боден мемлекетті көптеген отбасыларды  және өзіне қарағандарды құқықтық басқару  деп анықтады. Мемлекеттің міндеті  құқық пен бостандықты қамтамасыз ету деп білді.

Буржуазиялық  революциялардың кезеңінде құқықтық мемлекет тұжырымдамасының дайындалуына прогрессивті оқымыстылар маңызды  үлес қосқан: Г. Гроций, Б. Спиноза, Т. Гоббс, Д. Локк, Ш. Монтескье, Д. Дидро, П. Гольбах, Т. Джефферсон және басқалар. Солардың ішіндегі құқықтық мемлекет туралы анағұрлым  маңызды ғылыми-теориялық ойлардың мазмұнын талдап көрсетеміз. Гроций табиғи-құқықтық мектептің алғашқы теориялық  маманы болды. Оның теориясы бойынша; табиғи құқық және ерікті белгіленген құқық  бар. Табиғи құқықтық шығатын көзіне адам табиғаты мен адамдық ақыл-ой жатады. Табиғи құқықтық ұйғарымына басқа  адамның нәрсесін алмау, өзін-өзі  ұстау, уәдеге тұру міндеттілігі кінәлілердің шығынды төлеуі, сонымен қатар  адамдарды қылмысына қарай жазалау  жатады. Мемлекеттен шығатын ерікті белгіленген құқық тұтастай табиғи құқық принциптеріне сәйкес келуі  қажет. Феодализмнің құқықтық институттарын  Гроций адам табиғатына қарсы деп  жариялады, сондықтан «ақыл-ой заңдылығына  жауып беретін» жаңа талаптарға сай  құқық қажет деп есептеді. Ол мемлекеттің  мақсатын құқықпен бекіту арқылы жеке меншікті қорғау, көпшілік келісімі бойынша  әр адамға өз мүлкін еркін пайдалануды  қамтамасыз ету деп білді. Мемлекеттің  кез келген нысанының шығу көзі, Гроцийдің ойынша, қоғамдық келісім  болып табылады. Сондықтан халық мемлекетті құрғанда кез келген басқару нысанын таңдауға мүмкіндігі бар, бірақ оны сайлағаннан кейін халық оның басқарушыларына бағынуға міндетті. Мемлекеттік басқару нысанын өзгертуге қоғамдық келісім жасағандардың екі жағының да келісімдері қажет.

Спиноза демократиялық мемлекеттің теориялық  негіздемесін алғашқылардың бірі болып  жасады. Оның айтуы бойынша мемлекет әрбір азаматтың өмірін қорғап қана қоймай, мүдделерін де қанағаттандыруға кепілдік бергенде ғана күшті болатынын  айтты. Сонымен бірге басқарушыларды жеке меншілікті, қауіпсіздікті, ар-ұятты, бостандықты және басқа да игіліктерді  сақтауға шақырды.

Информация о работе ҚР азаматтық қоғамның қалыптасу мәселелері