ҚР азаматтық қоғамның қалыптасу мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Июня 2013 в 20:14, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Адамзаттың саяси өмірі мен ол құрған мемлекеттердің саяси жүйелерінің дамуының басым бағыттарының бірі – құқықтық мемлекет болуына байланысты. Сондықтан құқықтық мемлекет құру мәселесін жалпыадамзаттық құндылықтар қатарына батыл жатқызуға болады. Құқықтық мемлекеттің жалпылық сипаты болғанымен, бұл құбылыс өте күрделі саяси феномен. Құқықтық мемлекеттің әр елде қалыптасу үрдісін зерттеудің қиындығы да күрделілігі де оның осындай санқырлы қасиеті мен табиғатына байланысы. Құқықтық мемлекет фундаментінде демократиялық, әлеуметтік және өркениетті мемлекетте жасалады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дипломная вся гот.docx

— 121.46 Кб (Скачать документ)

Өз кезегінде, Қазақстанда қалыптасушы  азаматтық қоғамның институттары бұзылу мен жойылып кетуден, оларды мемлекеттің  жұтып қоюынан  кепілдендірілмеген. Олар қорғауды қажет етеді, әсіресе  қазіргі жағдайда.

Қазақстандағы азаматтық  қоғамның өмір сүруі мен одан әрі  дамуының кепілдері ретінде қоғамдық қатынастардың әрқилы сфераларында тікелей азаматтардың өздері мен  мемлекет құрған жалпы адамзаттық құндылықтар, құралдар, құқықтық, мемлекеттік және қоғамдық механизмдер мен институттар  болуы мүмкін.

Қоғам өз ішінде болып  жатқан  оқиғалар жайында, мемлекеттік  проблемалар және мемлекеттік  билік  органдары оларды қалай шешіп  жатқандығы жайында, саяси жағдайды тұрақтандыру және әлеуметтік экономикалық, рухани мәдени даму деңгейін жақсарту үшін  қандай шаралар  қабылданып жатқандығы жайында  хабардар болуға құқылы. Бұқаралық ақпарат құралдары  қоғамды онда болып жатқан процестер мен мемлекет қолданатын басқару әдістері  туралы  хабарландыра отырып, мемлекеттік органдар қызметіне еріксіз баға береді, сол арқылы оның үстінен қоғамдық бақылауды жүзеге асырады. Сондай-ақ, өз кезегінде мемлекет те, қандай да бір мәселелер бойынша қоғамдық пікір жайында хабардар болуы тиіс және мемлекетке ол пікірлермен санаспауға болмайды.

Құқық пен Қазақстанның құқықтық жүйесі мемлекеттік құрылыс  нысанының, саяси және экономикалық жүйелердің, әлеуметтік және рухани мәдени сфералардың, яғни қалыптасып  келе  жатқан азаматтық қоғамның барлық сфераларының өмір сүруінің құқықтық кепілдіктері болып табылады.

Қазақстанда  азаматтық қоғамның өмір сүруі мен одан әрі дамуының кепілдіктері ретінде олардың ынтымақтастығының  нысандарын жетілдіру шеңберінде жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің қауіпсіздігін  қамтамасыз етуге қабілетті мемлекеттік  билік органдары бейнесіндегі мемлекет, сонымен қатар, кейбір дәрежеде мемлекеттік  емес институттар болып табылады.

Біздің  тұжырымымыз  бойынша, Қазақстан жағдайында азаматтық  қоғамның қалыптасу проблемалары  кешенді сипатқа ие болады. Олардың  шешімі тұлғаның жеке бостандығы,  әрбір  адамның құндылығы, әрбір тұлғаның өзін өзі көрсете алуы, азаматтардың жеке өмірі сферасына мемлекеттік  билік органдары түріндегі мемлекеттің  қол сұғушылығына жол бермеу үшін жағдай жасаумен байланысты болуы тиіс.

Қазақстандық қоғамның дамуын  ұлттық идеясыз елестету мүмкін емес. Біздің ойымызша, Қазақстан  сияқты көпұлтты мемлекетте ұлттық идея ретінде бүкіл қоғам мойындайтын  және Қазақстан аумағында жасап  жатқан  халықтың,  барлық ұлттар мен ұлыстардың, әлеуметтік топтар мен таптардың  мүдделеріне сәйкес келетін идея болуы қажет.

Бұл идеяның мақсаты  жеке тұлғаның, оның құқықтары мен  бостандықтарының және мүдделерінің барынша  қорғалғандығы болуы тиіс. Оның орталық  өзегі - тұлғаның ырыс берекесі, оның өзін өзі жүзеге асыруы үшін, оның қоғамға  пайдасын тигізуі үшін барынша жағдай жасау. Жеке тұлғаның ырыс берекесі  адам өмір сүретін  отбасының ырыс берекелі болуына әкеп соғады, ал отбасының  ырыс берекелі болуы бүкіл қоғамның ырыс берекесі болуына жағдай жасайды. 

Осылайша, қазақстандық қоғамның барлық өмір сүру сфераларын демократиялық  жаңғырту, конституциялық негіздерді реформалау, елдердің арасындағы  интеграциялық  процестер Қазақстанда азаматтық  қоғамның одан әрі қалыптасуына нақты  алғышарттарды құрады.

Диплом жұмыстың зерттеу нәтижелерінің  қорытындылары жеке тұлғалардың  құқықтары мен бостандықтарын қорғау мен қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік  билік органдарының, басқа да органдар мен қоғамдық бірлестіктердің құқық  қолдану тәжірибесі үшін де ерекше маңызы бар.

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

1 Нерсесянц В.С. Общая теория права и государства. Учебник. М.Норма-Анфра. М. 1999.

2 Гегель Философия права. М.1990.

 


Информация о работе ҚР азаматтық қоғамның қалыптасу мәселелері