Қазақстандағы медиация: өзектілігі, проблемалары, шешу жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2015 в 09:04, реферат

Краткое описание

Қазақ халқы үшін бітімгершілік – билік айтудың ең озық өнегесі. Тоқсан рулы елдің дауларын тоғыз ауыз сөзбен түйіндеп, татуластырып отырған дана бабаларымыздың бітімгершілік саясаты егеменді елімізде жаңа серпінмен қолға алуы өте құптарлық жайт.Яғни, қолданысқа енген Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы аты бөлек болғанымен қазақ құқығы үшін жат дүние емес. Бұл «алдыңа келсе атаңның да құнын кеш» деген қағиданы басшылыққа алған дарабоз билердің дәстүрлі билік жүргізу тәсілінің заңды жалғасыдепесептеуге болады.

Содержание

1. Кіріспе
2. Медиация туралы ұғым
3. Әлемдік тәжірибедегі медиация
4. Медиацияның қолданылу аясы
5. Қазақстандағы медиация: өзектілігі,
проблемалары, шешу жолдары
6. Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

медиация.docx

— 80.41 Кб (Скачать документ)

Сондай-ақ, медиатор өзінің функцияларын жүзеге асыруына кедергі болатын мән-жайларды білген жағдайда бұл істен өздігінен бас тарта алады. Медиациялық рәсімді өткізудің уақыты мен күні тараптардың келісімі бойынша белгіленеді. Іс соттың қарауында жүргізіліп жатып, тараптардың келісімімен сот шешімі шыққанға дейінгі уақытта тараптар істі қайтарып алып, медиатордың көмегіне жүгіне алады. 23-бап негізінде бітімгерлік рәсімдер келісім жасалған күннен бастап отыз күн ішінде аяқталуы тиіс. Қажет болған жағдайда тараптардың өзара шешімі бойынша бітімгерлік рәсімдерді жүргізу мерзімі отыз күнге дейін ұзартылуы мүмкін. Медиатордың негізгі міндеті – екі тарапты татуластырып, бітістіру, яғни, талапкер мен жауапкер өзара келісімдері арқылы мәміле жасауы. Ол үшін ең алдымен жауапкер өз кінәсін мойындап, талапкермен келісімге келуі керек. 27-бапқа сәйкес медиацияны жүргізу кезінде медиация тараптары қол жеткізген дауды (дау-шарды) реттеу туралы келісім жазбаша түрде жасалады және оған тараптар қол қояды. Дауды (дау-шарды) реттеу туралы келісімді медиация тараптары ерікті түрде осы келісімде көзделген тәртіппен және мерзімде орындауға тиіс. Дау-шарды реттеу туралы келісім оған тараптар қол қойған күні ғана күшіне енеді.

Құқық қатынастарынан туындайтын дауларды реттеу кезіндегі медиация сотқа жүгінгенге дейін де, сот талқылауы басталғаннан кейін де қолданылуы мүмкін. Медиацияныжүргізу медиация тараптары медиация туралышартжасасқанкүнненбасталады. Медиацияныжүргізуүшінтараптарөзаракелісімбойыншабірнемесебірнешемедиатордытаңдайды. Медиацияныөткізумерзімі, медиация туралышартпенайқындалады, бірақолкүнтізбелікотызкүнненаспайтын болу керек.  

Тараптар дауды (дау-шарды) медиация арқылы шешу ниетін білдірген кездерінде, жазбаша нысанда ресімделген медиация туралы шарт жасайды. Ол шартта, оның жасақталынған күні, уақыты және орны, дау-шар тараптарының атаулары, өкілеттіктері көрсетілген олардың өкілдерінің тегі және аты-жөні, лауазымдары, даудың (дау-шардың) нысанасы, медиация тараптары таңдаған медиатор (медиаторлар) туралы мәліметтер, медиацияны жүргізуге байланысты шығыстардың, ал медиацияны кәсіби негізде жүзеге асырған жағдайда – медиацияны жүргізгені үшін медиаторға (медиаторларға) сыйақы төлеудің шарттары, тәртібі және мөлшері, медиацияны жүргізу тілі, медиацияны жүргізудің құпиялылығы туралы тараптардың міндеттемесі және мұндай міндеттемені орындамаудың салдары, медиация тараптарының дауды (дау-шарды) реттеуге қатысатын медиатордың медиация тараптары үшін шығын (залал) келтірген әрекеті (әрекетсіздігі) үшін жауапкершілігінің негіздері мен көлемі, тараптардың деректемелері (жеке басын куәландыратындеректер,тұрғылықтыжері,байланыстелефондары), медиацияны жүргізу мерзімі, медиацияны жүргізу тәртібі болып табылады. 

Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі (бұдан әрі – уәкілетті орган) Қазақстан Республикасының аумағында кәсіби емес негізде медиацияны жүзеге асыратын кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді. Медиацияны кәсіби емес негізде жүзеге асыратын медиаторлар кәсіпқой емес медиаторлар тізіліміне қосылу үшін уәкілетті органға жеке куәліктерінің нотариат куәландырған көшірмесін, үміткердің тұрғылықты жері бойынша наркологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымнан және психоневрологиялық ұйымнан берілген медициналық анықтамаларды, соттылығының жоқтығы туралы анықтаманы қоса ұсына отырып жүгінуге міндетті.

Уәкілетті орган медиаторларды, өтінішті алған күннен бастап он күн ішінде хабарлау тәртібімен кәсіпқой емес медиаторлар тізіліміне қосады.

Медиаторды кәсіпқой емес медиаторлар тізіліміне қоспаған жағдайда уәкілетті орган тиісті өтінішті алған күннен бастап он күн ішінде бас тарту себептері туралы жазбаша түрде дәлелді жауап беруге міндетті. Егерде уәкілетті орган, кәсіпқой емес медиаторды тізімге қосқан жағдайда, баспасөз басылымдарында кәсіпқой емес медиаторлар тізілімін жариялауға құқылы.

Медиацияның істің сотта қаралуынан ерекшелігін айтып өткен жөн.

Медиацияның басты мақсаты – қос тарапты бірдей қанағаттандыратын және дауласушылық деңгейін төмендететін өзара тиімді әрі өзара қолайлы, бейбіт келісімге келу деп жоғарыда атап өттік.  Сот өндірісінен айырмашылығы – медиация барысында «кәнілілер» мен «кінәсіздер» деген тараптар болмайды.  Өйткені, бұл құқық саласы қылмыс жасаушылар қатарын бірыңғай бас бостандығынан айыру жолымен жазалауды емес, адам құқықтары мен бостандығын қорғауды және қалпына келтіруді көздейді. Басқаша айтқанда, медиация мүмкіндігіне қарай істі сотқа жеткізбеу мақсатын көздейді.

Сотта іс әдетте ұзаққа созылады, ол тіпті айларға созылуы мүмкін.  Бірнеше мәрте сот отырыстары белгіленеді, оған тараптардың бірінің өкілдері келмеуі де мүмкін, сөйтіп жағдай ушыға түседі.  Бұл ретте медиацияның келесі ерекшеліктері алдыңғы қатарға шығады – тараптардың еріктілігі  және жеделдетілген шараның бейресмилігі. Белгілі бір себептермен 30 күн мерзімі ұзартылуы да мүмкін, бірақ 60 күннен аспауы тиіс.

Сотта тараптар бір-біріне қарсы әрекет етеді, ал медиация барысында өзара ынтымақтаса қимылдайды.Сот тағайындалады, ал медиатор таңдалады.   Сот шешімді заңға сәйкес қабылдайды, ал медиатор тараптардың мүдделерін ескере отырып, бірақ заң аясында қабылдайды.

Сот – жария үдеріс, ал медиация құпиялылықты қамтамасыз етеді, бұл медиатордың рәсім барысында мәлім болған ақпаратты оны ұсынған тараптың келісімінсіз жария қылуына жол бермейді.  Сәйкесінше, медиатордан куәгер ретінде жауап алуға рұқсат етілмейді.

Медиаторға жүгіну керек пе, жоқ па дегенді тараптар өзара келісіп шешеді.  Мұндай жолмен мәселенің шешілуі мүмкін болмаған жағдайда олардың сотқа жүгіну құқығы сақталады. Медиация барысында тараптардың тең құқылықты көздейтіні сөзсіз,  сондай-ақ оларға тең міндеттер жүктеледі.  

Сонымен қатар тараптар өз қалаулары бойынша медиацияны жүргізу орны мен медиацияны жүргізу барысында қай тілдің қолданылатыны жайында келісе алады. Тараптардың келісімімен медиатор медиацияның жүргізілу күні мен уақытын белгілейді.

Медиация тәртібінің соттық талқылаудан айырмашылығы

Сот

Медиация

Процесс бір тараптың қарсылығына қарамай басталуы мүмкін

Медиация  еркінділікдегендібілдіреді

Судья тағайындалады

Медиатор сайланады

Шешім қатаң түрде заң деген әріптен бастап қабылданады

Шешім заң шеңберінде екі жақ тараптарының қызығушылығы ескеріліп қабылданады

Сотта  билік  күші бар

Медиатордабиліккүшіжоқ,текшешімшығаруғаәсеретеді

Ұзақ және үстірт атқару тәртібі

Тездетілен және үстірт емес атқару тәртібі (апта,күн)

Процесстің  ашықтығы

құпиялығы

Тараптардыңжарысатындығы

Тараптардыңеңбектестігі

Процесс міндетті,мәжбүрлеуарқылы

Консенсусты, еріктікейдәрежебойыншаміндетті

Өкілдерменжиналу  

Тараптарменжиналу

Барлығынемесеештеңе

Әртүрліварианттар


Медиация аясында не қарастырылады?

  • Корпорацияаралықжәнекорпорацияішілікдаулар.
  • Банк жәнесақтандырусаласындағыдаулар.
  • Жүзегеасырылуыкөптегентараптардыңмүдделерінқамтитынжобалардысүйемелдеу.
  • Жұмыстағыдаулар.
  • Отбасылықдаулар.
  • Авторлыққұқыққажәнезияткерлікменшіккеқатыстыдаулар.
  • Білімсаласындағы медиация.
  • Мәдениетаралықдауларжәнебасқалары.

 

Делдал көмегімен дау шешуге алғашқы қадам.

Делдал арқылы дау шешуге тілек білдірген тарап  Қазақстанның Халықаралық Арбитражы секретариатына делдал арқылы дау шешудің басталатыны жайлы төмендегілерді қамтитын жазбаша сұраным жіберуі керек:

  • даудыңмәні;
  • аталған дау бойыншаталаптарқұны;
  • делдаларқылы дау шешутараптарыныңжәне/немесеолардыңуәкілеттіөкілдерініңатауы, пошталықмекенжайы, телефон нөмірлері, факстері;
  • делдаларқылы дау шешудіжүргізубойынша ҚХА құзіретіненұсқау;
  • ұсынылатынмедиатордыңкандидатурасы.

Егер делдал арқылы дау шешу туралы келісімнің тараптары сұранымды бірлесе бермесе, сұраным жіберген тарапқа  келесі тарапты делдал арқылы дау шешу жөнінде хабардар етіп, оған делдал арқылы дау шешу сұранымының  көшірмесін жіберу міндеті жүктеледі.  

Делдал арқылы дау шешу жөніндегі сұранымды ҚХА тіркеу алымы төленгеннен кейін  қабылдайды.

Делдал арқылы дау шешудің басталу күні болып ҚХА секретариаты ол жайында сұраным алған күн есептеледі.

Медиация жүргізудегі шығындар

Сыйақылар мен шығындардың төленуі

Депозит

Делдал арқылы дау шешу жөнінде сұраныс жіберілген сәттен бастап 14 күн ішінде тараптар ҚХА-ға делдал арқылы дау шешуге байланысты шығындарды, оның ішінде медиаторға сыйақы мен оның шығындарын және  ҚХА-ның әкімшілік шығындарын өтеуге қажетті депозитті төлеулері тиіс. Депозитті тараптар тең үлеспен (немесе олар өзара келіскен сәйкестікте) медиатор тағайындалғанға дейін төлеулері тиіс.

Депозит төленгенге дейін медиатор тағайындалған болып есептелмейді және делдал арқылы дау шешу рәсімі басталмайды. 
Делдал арқылы дау шешу аяқталғаннан кейін, ҚХА медиатормен бірлесе отырып, медиатордың сыйақысы мен шығындарын және әкімшілік шығындарды қосқандағы делдал арқылы дау шешуге жұмсалатын шығындардың есебін жүргізеді. 

Төленген депозит сомасы шыққан шығыннан артық болған жағдайда артық төленген сома тараптарға олар депозитті  төлеген сәйкестікте қайтарылады. Ал егер шығын депозит сомасынан артып кетсе, қаражаттың жетіспейтін бөлігін тараптар тең үлеспен (немесе олар өзара келіскен сәйкестікте) тез арада төлеулері керек.

Тараптар медиатор алдында оған сыйақы мен шығындарының ақысы және ҚХА алдында әкімшілік шығындардың төленуі үшін тиісті ақырғы сомалар толық төленгенше бірлесе отырып немесе жекелей жауапты.

Әкімшілік шығындарды(Қазақстанның Халықаралық Арбитражы) ҚХА-ның делдал арқылы дау шешуге байланысты шыққан шығындарын (пошталық шығындар, телефон арқылы байланыс ақысы, бөлме жалдау және делдал арқылы дау шешуді жүргізуге қатысты басқа да шығындар) әрбір жекелеген жағдайда ҚХА есептеп, тараптар төлейді.

 

Медиаторлардың cыйақылары мен шығындары

Сыйақылар

ҚХА тағайындаған медиаторлар төлемді сағаттап төлейтін төлем негізінде алады.  Төлем мөлшерлемелері істің жай-жапсары мен медиатордың арнайы біліктілігіне қарай түрленуі мүмкін.   
Төлем мөлшерлемесін тараптар мен медиатор соңғысы тағайындалғанға дейін келіседі және ол келесі шектерде белгіленуі тиіс: 
сағатына-100-300 АҚШдоллары.

Делдал арқылы дау шешуді жүргізуге қатысты медиатордың шығындарын тараптар медиатор ұсынып, ҚХА бекіткен мәліметтер негізінде төлейді.  

Кәсіби медиаторлар тізілімі

Әрбір медиаторлар ұйымы Қазақстан Республикасының аумағында медиацияны жүзеге асыратын кәсіпқой медиаторларының өзіндік тізілімін жүргізеді.

Кәсіпқой медиаторлар тізілімі мыналарды қамтиды:

  • медиатордың тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болған кезде);
  • медиатордыңзаңдықмекенжайы;
  • медиатордыңбайланысдеректері (поштамекенжайынемесеэлектрондыпоштаныңмекенжайы не телефон немесе телефакс нөмірі);
  • медиатордыңмаманданыпжүрген медиация саласытуралымәліметтер;
  • медиатордыңмедиацияныжүзегеасыраалатынтілітуралымәліметтер;
  • медиаторлардыдаярлаубағдарламасыбойыншаоқытуданөткенінрастайтын құжаттың (сертификаттың) бар екендігітуралымәліметтер;
  • медиатордыңқызметінтоқтататұрутуралымәліметтер.

Бүгінгі күні елімізде Қазақстан Тұтынушылары Ұлттық лигасының бастамасы бойынша құрылған, осымен 12 жыл бойы қоғамда медиацияны ілгерілетіп, медиаторлар даярлаумен айналысып келе жатқан жалғыз ғана медиаторлар ұйымы – «Медиация» Біртұтас Медиация және Бітімгершілік Орталығы» ҚБ  жұмыс істейді. Аталған ұйымның өңірлерде өкілдіктері бар.

 

5. Қазақстандағы медиация: өзектілігі, проблемалары және шешу жолдары

2013 жылдың жұмысын қорытындылаған Астана қалалық сотындағылардың айтуынша, елімізде азаматтар медиация туралы заңға жүгінуге әлде де құлықсыздық танытуда.

Бас шаһарда негізінен баспана мен жер дауы өршіп тұр.

Айта кететін жайт үстіміздегі жылдың басында Астаналық үкіметтік емес ұйымдар «Билер соты» деген қоғамдық бақылау палатасын құруды ұсынған.Онда соттардың әділдігі мен туралығына күмән келтіргендер шағымдана алады. Алайда, арыз-шағым тасып, әуре-сарсаңға түскенше, сотқа сенімсіздік танытқандардың медиацияға жүгінгендері дұрыс дейді бүгінгі билер.

Информация о работе Қазақстандағы медиация: өзектілігі, проблемалары, шешу жолдары