Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2014 в 09:44, дипломная работа

Краткое описание

Сондықтан Қазақстан Республикасының Конституциясы елімізде қолданылып жүрген барлық заңдардың іргетасын қалайды, оның заңдарының заңы болуы шындық, ақиқат. Құқық қалыптарының бұл жүйесі заң салаларына қағидаттық қалып болып табылып, құқық реттегіштің базасына айналады. Ал, ағымдағы заңдар осы конституциялық қағидат қалыптарын әрі қарай дамытушы күш ретінде есептеледі.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................
I. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының ұғымы және принциптері
1.1. Қазақстан Республикасының конституциялық негіздері
1.2. Конституция – құқықтар мен бостандықтар кепілі
II. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы
2.1 Қазақстан Республикасы - зайырлы, демократиялық және құқықтық мемлекет
2.2. Қазақстанда құқықтық мемлекеттің қалыптасуы
2.3 Қазақстан Республикасының экономикалық негіздері
2.4. Қазақстан Республикасының саяси негіздері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

конституциялық құрылыс.doc

— 373.50 Кб (Скачать документ)

Жоспар

Кіріспе.....................................................................................................

I. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының ұғымы және принциптері

1.1. Қазақстан Республикасының конституциялық  негіздері

1.2. Конституция – құқықтар мен бостандықтар кепілі

II. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы

2.1 Қазақстан Республикасы - зайырлы, демократиялық және құқықтық мемлекет

2.2. Қазақстанда құқықтық мемлекеттің қалыптасуы

2.3 Қазақстан Республикасының экономикалық негіздері

2.4. Қазақстан Республикасының саяси негіздері

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Қазақстан халқы егеменді мемлекеттің ұлттық өркендеу процесінің негізін 90-жылдары қалай бастады. Біздің ата-қонысымыз мыңдаған жылдар бойына талай басқыншылықты басынан кешті. Қаншама көне қалалар, мәдени орталықтар қирады, кітаптар өртеліп, жазықсыз жандар кұрбан болып, өлшеусіз қан төгілді. Бірақ қандай қырғын болса да алтын бесік ата-баба жері, атамекен дәл бүгінгідей ойрандалған емес. Жер ананың аялы алақанында аман қалған әрбір от басынан рулы ел тарап, халық қашан да еңсесін көтеріп, ел болып дамып кете беретін. Халқымыздың ата-қоныс қара орманға деген ұрпақтық сүйіспеншілігінің түп-тамыры да дәл осында жатыр. Сондықтан да ата-бабамыз осындай ұлан-ғайыр жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра еткен.

Өкінішке орай, осы бір тарихи жалғастық Қазақстанды да өз уысында ұстаған тоталитарлық мемлекет кезінде үзіліп қалды. 70 жыл ішінде жүргізілген аяусыз зұлмат тек қазақ халқын сан жағынан ғана селдіретіп, өз отанында азшылыққа ұшыратып қойған жоқ, ол өмір сүретін табиғи ортаны да ойрандады, халық санасын уландырды, оның тарихында мыңдаған жылдар бойына мәңгілік болып саналып келген талай табиғи байлық ондаған жылдардың ішінде-ақ сарқылып келмеске кетті.

Конституцияның ұғымы Конституция ұғымын ерте заманда Грецияда Аристотель қалыптастырған болатын. Ол кезде «Конституция» деген сөз «саяси құрылыс» ұғымын білдіретін. ХҮІІ ғасырда Францияда бұл сөз рентаны, рента шартын бейнеледі. Ұлы француз төңкерісі қарсаңында «Конституция» сөзі «Мемлекеттің жай-күйі» ұғымын танытты. Конституция сөзі латынның constitutio – бекіту, орнату деген мағынаны білдірді. Рим империясы заңдарында императорлардың құқық көздеріне айналған түрлі нұсқаулары мен жарлықтарын білдірді. Орта ғасырларда феодалдық еркіндік туралы құжаттар осылай атала бастады. Ең алғашқы конституциялық типтік актілер Англияда қабылданған болатын. Ұлыбритания, Жаңа Зеландия жазбалы емес конституциялары бар мемлекеттер. Оның жазбалы емес конституция деп аталуы ХІІІ – ХХ ғасырларда қабылданған көптеген актілер, соның ішінде сот үрдістері (прецедент), әдет-ғұрып (конституциялық келісім) жататындығынан. Бұлардың бәрі бір-бірімен байланысы жоқ, белгілі бір жүйеге келтірілмеген, сондықтан тұтас акті ретінде қалыптаспаған. Егер алғашқы жазбалы Конституцияны (ішкі құрылымдарға бөлінген бірыңғай негізгі заң) АҚШ – тікі деп атауымызға болады, ол 1787 жылы қабылданып, осы уақытқа дейін қолданылып жүр. Еуропадағы жазбалы конституциялар Польша мен Францияда 1791 жылы қабылданған болатын. Конституцяның ерекше белгілерін айқындай отырып, құқықтанушылар, оны ұлттық құқықтың басқа көздеріне қарағанда қоғам мен мемлекетте ең жоғары заңдық күші бар құқық нормаларының жүйесі, ол бір жағынан адам мен қоғамның, екінші жағынан адам мен мемлекеттің арасындағы қатынастар негізін, сонымен бірге мемлекеттің өзінің ұйымдастыру негіздерін қоғамдық және конституциялық құрылыстың негіздерін, адам мен азаматтың негізгі құқықтарын, бостандықтарын, міндеттерін, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару буындарын ұйымдастыру және олардың қызметі қағидаттарын бекітуші әрі реттеуші Негізгі Заң ретінде тұжырымдайды. Сондықтан Қазақстан Республикасының Конституциясы елімізде қолданылып жүрген барлық заңдардың іргетасын қалайды, оның заңдарының заңы болуы шындық, ақиқат. Құқық қалыптарының бұл жүйесі заң салаларына қағидаттық қалып болып табылып, құқық реттегіштің базасына айналады. Ал, ағымдағы заңдар осы конституциялық қағидат қалыптарын әрі қарай дамытушы күш ретінде есептеледі.

КСРО өзінің 70 жылдық тарихында ұлттардың, этникалық топтардың, аз халықтардың теңдігі мен құқы жөнінде жар салудан жалыққан емес, ал іс жүзінде халықаралық міндеттерді сақтау былай тұрсын, тіпті, конституциялық заң ережелері де орындалмады. Шынайы демократия болмағандықтан да заң әрқашан қағаз жүзінде қалып отырды. Тек егеменді Қазақстан Республикасы жағдайында ғана құқықтық мемлекет құрудың шынайы мүмкіндігі туып отыр. Біздің жас мемлекетіміздің Конституциясында міне осы қадам тәуелсіз Қазақстанның демократиялық дамуының кепілі ретінде жүзеге асырылады.

 

1. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының ұғымы және принциптері

Әрбір мемлекет өзінің Конституциясына сәйкес мемлекеттік билікті ұйымдастыруды белгілейді және олардың адам және азамат, аталмыш қоғам өкілдерімен қарым-қатынасын бекіте отырып, мемлекеттік органдар жүйесінің негізін қалайды.

Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы - мемлекет ұйымдастыру тәсілдеріне, оның түлрамен қатынасына негіз болатын, Конституция нормаларымен бектілген және оны конституциялық мемлекет ретінде сипаттайтын қоғамдық «қатынастардың жүйесі Конституцияда Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысына негіз болатын барлық принциптер бектілген. Олар — халықтық билік, мемлекеттік егемендік, біртұтастық, биліктерді бөлу принципі, құқықтың үстемдігі, мемлекеттік өмірдің аса маңызды мәселелерін демократиялық жолмен шешу, идеологиялық және саяси әр алуандылық және басқа принциптер.

Қазақстан Республикасының мемлекеттілігін құру концепциясында Қазақстан Республмкасының конституциялық құрылысының негізгі белгісі ретінде халықтық билікті этап айтура болады. Қазақстан Республикасының Конституциясында "Мемлекеттік биліктін бірден-бір бастауы — халық" деп белгіленген (З-б.). Халық билікті республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады. Сондай-ақ халық өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді. Сондықтан да Қазақстан Республикасындағы демократияның тікелей және өкілді нысандары туралы берік сеніммен айтура болады.

Мемлекеттің егемендігі конституциялық құрылыс негіздерінің бірі ретінде Конституциямен жария етіледі. Егемендік республиканың бүкіл аумағын қамтиды, өз аумағында және одан тысқары жерлерде, Қазақстан Республикасы халқының ерік-жігері негізінде, басқа мемлекеттерге тәуелсіз жағдайда, өз алдына дербес мемлекет функцияларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының егемендігін қамтамасыз етуде 1990 жылдың 25 қазанында қабылданған "Қазақ ССР-інің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация" айрықша рөлге ие.

Қазақстан Республикасының егемендігін 1991 жылдың 16 желтоксанында қабылданған "Қазақстан Республикасының мемлекеттің тәуелсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы одан әрі нығайта түсті. Ол Қазақстан Республикасын дербес және тәуелсіз мемлекет ретінде бекітті. Сөйтіп, Қазақстан Республикасы егемен мемлекет болып табылады.

Қазақстан Республикасы егемендігінің негізін оның аумағы, жері, қойнауы, табиғат байлықтары, мәдени құндылықтары және барлық экономикалық потенциал құрайды. Егемендіктің бастауы — халық, сонымен қатар егемендік Қазахстан Республикасының әрбір азаматына таратылады. Мемлекеттік егемендік ең алдымен мынадан көрініс табады: Қазақстан Республикасы ішкі құрылымға қатысты және басқа мемлекеттермен арадағы қатынастарға байланысты барлық мәселелерді өз алдына дербес шешуге ха-қылы. Егемендік идеясы 1995 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясында да алдыңғы қатарда тұр.

Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасы — президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет болып табылады (2-б.). Біртұтастық Қазақстан Республикасы конституциялық құрылысының маңызды бір белгісі болып табылады. Біртұтас мемлекет ретінде Республика өз алдына дербес мемлекеттікке ие емес әкімшілік-аумақтардан тұратын бірыңғай, саяси біртекті құрылымымен сипатталады. Біртұтастық бірыңғай азаматтыққа, заңдарға және мемлекеттік органдар жүйесіне негіз болады.

Қазақстан Республикасында билік біртұтас, дегенмен ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік және тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады (4-б. 3-т.). Бұл ретте биліктерді бөлудің Республика жағдайына бейімделген президенттік механизмі кезделген.

Президенттік институты қазақстан халқының мемлекеттік бірлігін бейнелеуге және жүзеге асыруға бағытталған. Қазақстан Республикасының Президенті Конституцияның 40-бабына сәйкес мемлекеттің басшысы, оның ең жоғары лауазымды тұлғасы болып табылады. Президент халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі.

Президент қазақстан қоғамын үлестіруші және нығайтушы фактор бола отырып, мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Президенттік билікті күшейту қоғамның саяси және экономикалық жүйесін реформалауды барынша тиімді жүргізуге және алға қойған мақсатқа жетуге қабілетті әлуетті әрі үйлесімді мемлекеттік билік жүйесінің қажеттілігімен негізделеді.

1.2.  Конституция – құқытар мен бостандықтардың кепілі

Негізгі заңның биылғы он бес жылдық мерекесі тәуеліз еліміздің бірден -бір ірі оқиғаларының бірі. Тәуелсіз Қазақстанның эволюциялық дамуындағы аз уақыт үзіндісі басқа елдердегі ондаған жылдар бойы жасалған тарихи оқиғаларды өн бойына қамтығанын көрсетіп отыр. Бәріне аян «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» 1991 жылғы Конституциялық заңы Қазақстанның жаңа дербес мемдекеттілігінің бастауы болды. Республика Жоғары Кенесі 1993 жылы қабылдаған тәуелсіз мемлекетіміздің тұңғыш Конституциясы көп ретте ымыралы және өтпелі сипатқа ие болатын. Сондықтан екі жылдан кейін жаңа Конституция қабылдау қажеттілігі туралы мәселе қойылды. Қазақстан халықтар Ассамблеясының отырысында мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев болашақ заңның басымдықтарын баяндап берді. Жарияланған жаңа Конституция жобасын бүкілхалықтық талқылау барысында Республика азаматтарынан 30 мыңға жуық ұсыныстар келіп түсті. 1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық референдумда жаңа Конституция қабылдауын жақтап қазақстандықтардың 90 пайызы дауыс берді, бұл жеті миллионнан астам адам деген сөз.

Қабылданған негізгі заң: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады: оның ең қымбат қазынасы- адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» - деп орнықтырды. Конституция бойынша мемлекетіміздің түбегейлі принциптері болып мынадай қағидалар бекітілді: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкілхалықтың игілігін көздейтін экономикалық даму, Қазақстандық патриотизм, мемлекет өмірің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық референдумде немесе Парламенте дауыс беру арқылы шешу.

Конституцияның басты құндылықтарының бірі - онда демократиясы дамыған елдердің конституцияларында орын алған прогрессивті идеялары мен принциптері ескерілген. Оның нормалары қалыптасқан халықаралық стандарттарға, Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы қағидаларына және өзге де халықаралық-құқықтық актілерге сәйкес келеді. Конституция Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттардың ұлттық заңдардан басымдылығын белгілейді. Қазақстан «Әйелдерге кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы», «Нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы», «Азаптауға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттермен жазалау түрлеріне қарсы туралы», «Балалардың құқықтарын қорғау туралы» секілді конвенцияларға және басқа да маңызды халықалық құжаттарға қосылды.

Еліміздің  Негізгі заңында президенттік басқару  нысаны, біртұтас мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлу принципі және олардың арасындағы тежемелік пен тепе-теңдік жүйесі, құқықтық демократиялық құрылыстың пәрменді құралы ретінде бүкіл әлемге таңымал болып отырған адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары» қорғау механизмдері бекітілген. Айта кету орынды, Қазақстан Республикасының   Конституциясының әлгі аталған қағидаларын шетелдік сарапшылар жоғары бағалауда.

Негізгі заң қабылданғалы он бес жыл Конституциямыздың әрбір Қазақстан азаматының болмысына сіңіп, бөліп алғысыз нышанға айналғанын көрсетіп отыр. Қазақстан азаматтары өздерінің конституциялық құқықтары мен бостандықтарын білуге ғана емес, өздеріне берілген мүмкіндіктерді белсенді түрде пайдалануға да ұмтылыс білдіруде. Еліміз алға қарай жүрген сайын Конституцияға деген қажеттілік, қоғам үшін оның құндылықтарын ұғыну арта береріне ешқандай күмән жоқ.

Бүгіндері Республика Қазақстандық конституционализмді құру жолында өзінің стратегиялық әлеуетін тиімді және дәйекті түрде атқара келе, Қазақстан халқының егемен мемлекеттілігі мен тәуелсіздігін қамтмасыз ету жолындағы, ғасырлар бойындағы арманы мен күш-қайратын ақиқатқа айналдырып, Қазақстан мемлекетінің Негізгі заңы ретінде өзін паш етті деп нық сеніммен айтуға болады.

Қазақстанның демократиялық және құқықтық даму үлгісін таңдауының дұрыс болып шыққанын уақыт дәлелдей түсуде. Әсіресе реформалық жаңғыруда Қазақстанның әлеуметтік бағыт ұстауы ел ішінде саяси тұрақтылықты орнықтыра түсуде. Бүгінгі таңда Қазақстан саяси және әлеуметтік әділеттіліктің берік ірге тасына негізделген, заңның күші үстем мемлекет болуға түбегейлі бет бұрған. Бүкіл қазақстандықтар болашаққа қарай алға басудың сенімді кепілі осы деп біледі. Бұған дәлел ретінде Әділет министрлігіндегі Президент Жолдауына сәйкес болып жатқан халықты тіркеу және құжаттандыру ережелерінің жүйелендірілуінен, бір терезе принципінің жүзеге асыруылынан көруге боларлық. Олар Конституция нормалары негізінде жүзеге асуда.

Тәуелсіздік жылдары Қазақстандықтар үшін ізденіс пен ұмтылыс, сенім мен жарасым жылдары болып отыр. Алдағы өмір жолының бұдан да мазмұнды, бұданда үйлесімді болатынына сенім мол.

1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәусіздігі туралы» 1991 жылғы Конституциялық заңы

2. ҚР Констптуциясы 28.01.1993 ж.

3. ҚР Конституциясы 30.08.1995 ж.

2. Қазақстан Республикасы - зайырлы, демократиялық және құқықтық мемлекет

Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекет болып табылады. Мемлекеттің демократиялық құрылымы Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы негіздері және оның принциптерінен келіп шығады.

Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет болып табылады, ол діни бірлестіктердің мемлекеттен бөлек болуынан және білім берудің зайырлық сипатымен, мектептер діни бірлестіктерден бөлектенеді, қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар Қазақстан Республикасында бір де бір діни конфессия міндетті не артықшылықты деп танылмайды, сондай-ақ республикада ресми, мемлекеттік дін жоқ. Конституцияға сәйкес Республикада діни негіздегі партиялардың қызметіне жол берілмейді.

Информация о работе Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы