Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2014 в 09:44, дипломная работа

Краткое описание

Сондықтан Қазақстан Республикасының Конституциясы елімізде қолданылып жүрген барлық заңдардың іргетасын қалайды, оның заңдарының заңы болуы шындық, ақиқат. Құқық қалыптарының бұл жүйесі заң салаларына қағидаттық қалып болып табылып, құқық реттегіштің базасына айналады. Ал, ағымдағы заңдар осы конституциялық қағидат қалыптарын әрі қарай дамытушы күш ретінде есептеледі.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................
I. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының ұғымы және принциптері
1.1. Қазақстан Республикасының конституциялық негіздері
1.2. Конституция – құқықтар мен бостандықтар кепілі
II. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы
2.1 Қазақстан Республикасы - зайырлы, демократиялық және құқықтық мемлекет
2.2. Қазақстанда құқықтық мемлекеттің қалыптасуы
2.3 Қазақстан Республикасының экономикалық негіздері
2.4. Қазақстан Республикасының саяси негіздері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

конституциялық құрылыс.doc

— 373.50 Кб (Скачать документ)

Егемендіктің басты атрибуттарының бірі — өз азаматтығының болуы. Осыдан келіп, 1991 жылғы 20 желтоқсанда егемендік алынысымен «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заң қабылданды. Заңда қос азаматтықтың мүмкіндігі туралы норманың жоқтығы бұл заңның маңызды қағидаларының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы, Конституцияда және халықаралық шарттарда көзделгеннен өзге жағдайда, басқа мемлекеттің азаматының Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтындығын белгіледі. Аталған қағидада ешқандай ерекшелік жоқ, дүние жүзінің барлық елдерінде дерлік, белгілі бір ерекшеліктерден өзге жағдайларда, қос азаматтық танылмайды. Алайда, бұл мәселе Қазақстан Республикасы үшін Ресей Федерациясына қатысы айрықша қаралды. Оның мәні мынада, Қазақстандағы орыс тілді тұрғындардың белгілі бір бөлігі мұндай қос азаматтықты: Қазақстанның және Ресейдің азаматтығын белгілеу туралы меселе көтерді. Ресей Федерациясының ресми органдары бұл талапты қолдады. Мәселе мемлекетаралық сипаттағы мәнге ие болды. Бұл жағдай іс жүзінде қарапайым мәселе емес еді. Дербес Қазақстан мемлекетінің құрылуына, Қазақстан мен Ресей арасында мемлекеттік шекараның белгіленуіне, ақша жүйесінің айырмашылығына және өзге мән-жайларға орай Қазақстан азаматтарының Ресейдегі туысқандарымен араласу жағдайы айтарлықтай күрделіленіп кетті. Сөйтіп, мәселені осылай шешуге болатындай қос азаматтық мәселесі көтерілді. Бұл арада саяси астар да жоқ емес. Алайда, екінші жақ жаппай қос азаматтықтың берілуін қолдауға болмайтындығына, ондай жағдайда мемлекеттік егемендіктің бұзылатындығына мән бермеді. Сонымен біре, екі жақ үшін мәселенің ортақ шешімін табу керек болды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 1993 жылғы 23 желтоқсанда Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдаудың жеңілдетілген тәртібі туралы Жарлық шығарып, жағдайды біраз жұмсартты.

Алайда, Ресей жағы Қазақстанда қос азаматтық туралы шарт жобасын ұсынды. Оны қабылдауға болмайтындығына көз жеткізе дәлелдеп, бұл шартты Қазақстан жағы қабылдамай тастады. Қазақстан мен Ресей арасында екі жақтың азаматтығына қабылдаудың жеңілдетілген тәртібі туралы меморандум қабылданды. Онда қос азаматтақ туралы мәселе жоқ.

Казақстан — зайырлы мемлекет

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында Қазақстанның зайырлы мемлекет болып табылатындығы айтылған. Қазақстан мемлекетінің зайырлық сипаты онда ресми, мемлекеттік діннің болмайтындырынан — көптеген діни уағыздың бірде-бірінің міндетті немесе басым болып танылмайтындығынан көрінеді. Конституцияға сәйкес діннің канондары мен парыздары, Қазақстандағы діни бірлестіктер мемлекеттің саясатына, мемлекеттік құрылысқа, мемлекеттік органдардың және оның лауазымды адамдарының қызметіне ықпал етпеуі тиіс. Қазақстан мемлекетінің зайырлық сипаты діни бірлестіктердің мемлекетпен бөлінуімен сипатталады. Бұл сонымен бірге мемлекет органдарының діни бірлестіктердің қызметіне заңсыз араласуға, сондай-ақ діни бірлестіктерге мемлекеттік органдардың қызметін жүктеуге жол бермеу қажеттігін білдіреді. Оның үстіне мемлекет діни бірлестіктерді қаржыландырмауы тиіс.

Одан әрі, Қазақстан мемлекетінің зайырлық сипаты саяси партиялардың діни негіздегі қызметіне жол бермеуден де көрінеді. Конституцияда толық айтылмаған идея бар сияқты. Онда саяси партиялардың діни негіздегі қызметіне жол бермеу туралы айтылады. Бұдан саяси партияларды діни негізде құруға тыйым салынбайды деген ой тумайды. Әрине, бұл қағиданың Конституцияда жоқтығы өзінен-өзі түсінікті. Мәселе мынада, егер партияның діни негіздегі қызметіне тыйым салынса, онда мұндай партияны құруға да болмайды. Мұндай партияларды мемлекеттік органдарға тіркеуге болмайды. Ал тіркелген партиялар заңсыз деп танылады.

Қазақстан Республикасының Конституциясы саяси партиялардың діни негіздегі қызметін заңсыз деп тани отырып, онымен сабақтастыра мемлекеттің зайырлық сипатын бекітеді. Саяси партиялар саяси жұмыстар жүргізу үшін, мемлекет саясатының қалыптасуына және оның одан әрі жүргізілуіне ықпал ету үшін құрылады. Мемлекет діннен бөлінгендіктен діни бірлестіктер мемлекеттің саясатына, мемлекеттің ісіне араласпауы тиіс. Мұны діни бірлестіктердің құқығына нұқсан келтіру деп қарауға болмайды. Өйткені олар діни парыздарын өтеу үшін құрылады, сондықтан тек дінге сенушілердің сұранысын қанағаттандыруға қызмет етуі тиіс. Қандай дінді ұстайтындығына қарамастан азаматтардың саяси құқықтары болады. Дін ұстаушылар сияқты, дін қызметкерлері де тиісті конфессиялардың өкілі ретінде емес, басқа да азаматтар сияқты мемлекеттік органдарға сайлана алады.

Мақсаты мен әрекеті конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге, Республиканың тұтастығын бұзуға, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, діни алауыздықты ушықтыруға бағытталған діни бірлестіктерді құруға және олардың қызметіне тыйым салынады.

Сонымен бірге мемлекет діни бірлестіктердің заңды қызметін қорғайды.

Діни ұйымдарға және мәселелерді шешуге байланысты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жанынан Дін істері жөніндегі комитет құрылды.

Діннің мемлекеттен бөлінуі діни парызды мемлекеттік оқу орындарында оқытуға жол берілмейтіндігін білдіреді. Діни бірлестіктердің, олардың өкілдерінің кез келген мемлекеттік органның, мемлекеттік мекеменің қызметіне қатысуы, мысалы ашылатын мемлекеттік мекемелерде (мектептерде, кітапханаларда, клубтарда және басқаларында), олар өнім шығаратын кәсіпорындарда қызмет көрсетуі және басқалары, сондай-ақ онда қайсыбір діни рәміздік белгілерін орналастыру бұл принциппен сыйыспайды.

Діни бірлестіктердің жарғысы республиканың әділет органдарында тіркеледі. Діни бірлестіктің жарғысын тіркеген мемлекеттік орган олардың өздерінің жарғыларын сақтауын қадағалайды. Бұл орган бірлестіктер органы басшыларынан қабылдаған шешімдері туралы түсінік талап етуге, діни бірлестіктер өткізетін шараларға қатысу үшін онда өз өкілдерін жіберуге, жарғының сақталуына қатысты мәселелер бойынша олардың мүшелерінен түсініктеме алуға құқылы.

Жарғылық құжаттардың талабын немесе тіркелу шартын орындамаған діни бірлестіктердің қызметшілері заңга сәйкес жауаптылыққа тартылады. «Діни наным-сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес діни бірлестіктердің қызметі жарғыны немесе заңды бұзған жағдайда сот шешімі бойынша тоқтатылуы мүмкін.

Қазақстан мемлекетінің зайырлық сипаты діни бірлестіктерді мемлекеттің қаржысымен қаржыландыруға жол берілмейтіндіктен де көрінеді.

Қазақстанда құқықтық мемлекеттің қалыптасуы

Дербес даму жолына түскен Қазақстан бірден құқықтық мемлекет идеясын қабылдады. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы» «Конституциялық заңы» оны «тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет» деп жариялады. Жоғарыда айтылғандай, әкімшіл-бұйрықшыл басқару жүйесінің құлап, демократиялық саяси институттардың қалыптаса бастауына орай, Қазақстанды демократиялық мемлекет деп есептеуге болады. Сонымен бірге Қазақстанды құқықтық мемлекет деп атауға да нақты негіз бар. Құқықтық мемлекет — ұзақ жылдар бойы тарихи дамудың жемісі. Осы мән-жайды ескере келе, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы құқықтық мемлекет идеясына сақтықпен қарайды. Конституцияның 1-бабында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады» деп жазылды. Демек, әңгіме Қазақстанның қазірдің өзінде құқықтық мемлекет болып табылатындығы туралы болып отырған жоқ. Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекетті орнықтыру жолына, құқыққа негізделген мемлекет құру жолына түсті.  

Мемлекеттің бірінші принципі заңның жоғары тұруы, оның қоғам өміріндегі үстемдігі болып табылады. Қоғам өмірінің маңызды бағгыттары тікелей заң арқылы реттелуі тиіс. Қазақстан Республикасының Конституциясы заң шығару органдарын, міне осыған бағыттайды. Конституцияға сәркес Қазақстан Республикасының Парламенті: «...жеке және заңды тұлғалардың құқық субъектілігіне, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, жеке және заңды тұлғалардың міндеттері мен жауапкершілігіне...мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызметінің, мемлекеттік және әскери қызметтің негіздеріне қатысты негізгі принциптер мен нормаларды белгілейтін заңдар шығаруға хақылы» және т.б. Президентке заң шығару өкілеттігі берілуі мүмкін және ол заң күші бар жарлықтар шығара алады. Белгілі бір жағдайларда халық референдум жолымен конституциялық және жай заңдық күші бар заң актілерін қабылдауға құқылы. Заң шығаруға құқылы субъектілер ауқымының кеңеюі мемлекеттің құқықтық мемлекет болуға деген талпынысын көрсетеді. Әңгіме тек заңның қоғамдағы мәні мен орнын көтеру жөнінде ғана емес. Заңдардың үстемшілдігі сапасына, олардың қоғамның прогрессиыті дамуына сай келетініне не сай келмейтініне байланысты.

Заңдарды кемсітетін немесе олардың қолданылу тиімділігін төмендететін факторлар бар. Заң шығарушылық қызметте «заң эйфориясы», заңның құдыреттілігіне сену, құқыққа табынушылық зиянды. Бір жағынан, бюрократтық іс-әрекеттердің, сыбайлас жемқорлықтың көріністері, екінші жағынан, қоғамдық құқықтық сананың төмендігі заңдардың қолданылу тиімділігін төмендететін факторлар болып табылады.                                                                                                                                                                                                                                                                                                  

Құқықтық мемлекеттің тағы да маңызды факторларының бірі заң талаптарын орындауға барлық мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың бірдей міндеттілігі. Заңдар, ең алдымен мемлекеттен, оның органдарынан бастау алады. Сондықтан мемлекеттің өзі заң талабын орындауға бірінші кезекте міндеттенеді. Барлық жағдайда да заңдардың орындалуы мемлекетке, оның органдарына келіп тіреледі. Мемлекеттік органдар не оның жүзеге асырылуын қадағалайды, не ол заңдарды өздері қоладанады, не олар заңдардың қолданылуын қамтамасыз етеді, не бұзушыларға қарсы ықпал ету және т.б шаралар қолданады. Сондықтан, мемлекет заңдарды қабылдай отырып, ол заң талаптарын орындауға міндеттеніп қана қоймайды. Олар барлық субъектілердің заңдарды жүзеге асырудағы бүкіл жұмысының барысын қадағалап отыруы тиіс. Оның қатарына мемлекеттік органдар, барлық сатыдағы және лауазымдағы мемлекеттік қызметкерлер жатады.

Құқықтық мемлекеттің қалыптасуында заң ережелерін мемлекеттің, оның органдарының және лауазымды адамдар орындауының айрықша мәні бар. Құқықтық мемлекет қалыптасатын, көптеген заңдар қабылданатын ғана емес. Құқықтық мемлекет сонымен бірге, мемлекеттік органдардың және мекемелердің қызметі түбірімен қабылданған заңдарға негізделетін мемлекет. Лауазымды адамдардың, мемлекеттік органдардың, тіпті мемлекеттің қолданылып жүрген ережелерді бұзуы тұтас алғанда сол мемлекеттің өзін ауыр зардаптарға ұшыратады. Тіпті, айтарлықтай тәп-тәуір заң қабылданғанмен оларды мемлекеттік органдар бұзса, бір жағынан құқықтық мемлекеті қалыптастыру процесіне кері әсер етеді, екінші жағынан, халық пен мемлекет арасында саяси салқындық тудырады. Мемлекеттік органдардың және лауазымды адамдардың заң қағидаларын бұзуы барлық уақытта болды, әлі де болатын шығар. Мұндай жайт тіпті ең дамыған, «құқықтық»деп атауға болатын мемлекеттердің өздерінде де кездеседі. Алайда, әңгіме, біріншіден, заң бұзушылыұтың ауқымы, екіншіден, мемлекеттің олармен үнемі және тұрақты күресуге нық сенімі туралы болып отыр. Егер заң бұзушылық жаппай сипат алса және бұған қарсы тұруға мемлекет қауқарсыз болса, не бұған «назар аудармаса», құқықтық мемлекетті қалыптастыру туралы сөз ету. Оның ауқымы әсіресе өтпелі және дағдарысты кезде кеңейе түсетіні белгілі. Заң қызмет бабын теріс пайдалану, атқарушы органдардың заңға қайшы шешімдер шығаруы, сыбайлас жемқорлық, парақорлық, ұрлық және тағы басқалары арқылы көрінеді.

Осыған байланысты мемлекеттік қызметшілерді құқықтық жағынан тәрбиелеуге айрықша және тұрақты назар аударылуы тиіс.

Азаматтардың заңды мүлтіксіз орындауы құқықтық мемлекеттің манызды принципі болып табылады. Ол үшін азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және міндеттерін белгілейтін звңдарды, басқа да нормативтік актілерді жақсы білуі керек. Ол үшін Қазақстан Республикасы Конституциясы барлық заңдардың жариялануына жағдай жасайды: азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің ресми жариялануы олардың қолданылуына қолайлы жағдай жасау деген сөз. Азаматтардың құқықтық білімін көтеруде осы конституциялық ережелердің үлкен мәні бар, өйткені ол олардың құқықтарын, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілермен танысуға мүмкіндік алады. Аталған конституциялық қағида азаматтар олардың құқықтары мен міндеттері нақтыланатын көптеген ведомстволық актілермен дер кезінде қамтылуын қамтамасыз етуі тиіс. Ведомстволардың өздерінің нормативтік актілерін жарияламауы, сөйтіп, оларды азаматтардың толық пайдалануын шектеушілік жиі кездеседі. Мұның себептерінің бірі — оларда азаматтардың заңды құқықтары мен бостандықтарын бұзатын ережелердің болуы.

Азаматтардың заң ережелерін бұзуының тағы бір себебі, олардың құқықтық саналарының толық қалыптастырылмауы болып табылады. Бұл мәселеге қажетті деңгейде назар аударылған жоқ. Мемлекеттің халықтың құқықтық білімін көтеру жөніндегі мәселеге қатысты көзқарасында түбірлі өзгеріс Қазақстан Республикасы Президентінің «Елімізде жалпыға бірдей құқықтық білім беруді жузеге асыру жөніндегі шаралар туралы» 1995 жылғы 4 маусымдағы қаулысынан басталды. Бұл актінің үлкен саяси мәні бар деп ешқандай әсірелеусіз-ақ айтуға болады. Осы қаулының негізінде құқықтық мемлекетті қалыптастыруды қамтамасыз ету идеясы жатыр. Онда құқықтық және адамгершілік нормаларға оқыту мектеп жасына дейінгі кезеңнен бастап қарастырылған Құқықтық білім беру жасына, білім алу, жұмыс және қызмет жағдайларына қарамастан, тіпті министрге дейін, баршаны қамтиды. Мәселе — президенттік қаулыны жүзеге асыруда. Заңға құлаққойғыш азаматтар мен заңды қалтқысыз орындыйтын мемлекеттік қызметкерлер балалық шағынан қалыптасады.

Заң талабын сақтай отырып, азаматтар, әрине, өзінің мемлекет алдындағы жауапкершілігін сезінуі тиіс. Алайда, бұл жауапкершілік тек бір жақты ғана сипатта болады деген сөз емес. Тек азаматтар ғана мемлекет алдында жауапты емес, сонымен бірге мемлекет те өз азаматтары алдында жауапты. Бұрын азаматтардың құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің азаматтарға деген сыйындай сезілетін. Шын мәнінде, құқықтар мен бостандықтар заңмен бекітілген табиғи құқықтар мен бостандықтар. Тіпті, мемлекет таныған құқықтар мен бостандықтардың өзі объективті түрде белгіленген. Мемлекет оларды қорғау, олардың жүзеге асырылуы үшін жауап береді. Мемлекет, оның органдары, мекемелері, лауазымды адамдары азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асырылуын қамтамасыз етуі тиіс, сонымен бірге олар оны таптарға, әлеуметтік қабаттарға, ұлттық топтарға бөлмей бүкіл қоғамға қызмет етуі қажет. Ол нақ адамға қызмет етуі, солардың заңды құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуі тиіс. Бұл Қазақстан Республикасы Конституциясының маңызды сипаттарының бірі, оның 1-бабында былай делінген: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және элеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары».                                                                                                                                                                                                                                             

Информация о работе Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы