Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2014 в 09:44, дипломная работа

Краткое описание

Сондықтан Қазақстан Республикасының Конституциясы елімізде қолданылып жүрген барлық заңдардың іргетасын қалайды, оның заңдарының заңы болуы шындық, ақиқат. Құқық қалыптарының бұл жүйесі заң салаларына қағидаттық қалып болып табылып, құқық реттегіштің базасына айналады. Ал, ағымдағы заңдар осы конституциялық қағидат қалыптарын әрі қарай дамытушы күш ретінде есептеледі.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................
I. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының ұғымы және принциптері
1.1. Қазақстан Республикасының конституциялық негіздері
1.2. Конституция – құқықтар мен бостандықтар кепілі
II. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы
2.1 Қазақстан Республикасы - зайырлы, демократиялық және құқықтық мемлекет
2.2. Қазақстанда құқықтық мемлекеттің қалыптасуы
2.3 Қазақстан Республикасының экономикалық негіздері
2.4. Қазақстан Республикасының саяси негіздері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

конституциялық құрылыс.doc

— 373.50 Кб (Скачать документ)

Біріншіден, азаматтардың Конституциямен бекітілген құқықтары мен бостандықтары шектелінбейді. Конституция ерекше жағдайларда ғана жекелеген құқықтар мен бостандықтардың шектелуіне рұқсат етеді. Конституцияда айтылғандай «азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын саяси себептер бойынша қандай нысанда болсын шектеуге рұқсат етілмейді».

Осы арқылы азаматтар мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар тарапынан болуы мүмкін қысымнан қорғалады. Жалпы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуге қандай жағдайда болсын жол берілмейді. Сөйтіп, мемлекеттің өзі азаматтарға қатысты белгілі бір құқықтық шекте болады. Екіншіден, кімнің тарапынан болсын кездесетін құқық бұзушылықтан азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға мүмкіндік беретін кең ауқымды, нақты құқықтық іс-жүргізу нормаларының болуы құқықтық мемлекеттің маңызды белгісі болып табылады. Құқықтар мен бостандықтар адам қызметінің баолық саласына қатысты. Егер қайсыбір салада азаматтардың құқықтарын қорғаудың құқықтық рәсімдері болмаса, онда азаматтар өздерінің құқықтарын қорғай алмайды. Мемлекеттік органдардың міндеті — заңдық рәсімдердің кемкетіктерінің орнын толтыру. Ол азаматтарға өздерінің құқықтарын түсініп, оларды табандылықпен қорғауларына құқықтық көмек көрсетуі тиіс. Айтылғандардан көрінгендей, құқықтық мемлекет өзінен-өзі қалыптаспайды. Ол мемлекеттің, оның органдары мен мекемелерінің тұрақты нысаналы қызметінің, мемлекеттік қызметкерлердің өз міндеттерін абыроймен орындау процесінде іске асады. Сот тәуелсіздігі принципінің Конституцияда бекітілуі құқықтық мемлекеттің маңызды белгісі болып табылады. Мемлекеттік биліктің үш тармағының бірі болғандықтан сот құқықтық мемлекетте маңызды орын алады. Барлық даулы мәселелер, негізінен, сотта шешілді. Сот билігі Республика Конституциясы, заңдары, өзге де нормативтік құқықтық актілері, халықаралық шарттары негізінде туындаған барлық істер мен дауларды қамтиды. Конституцияның 77-бабында: «Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады. Сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді және ол заң бойынша жауапкершілікке әкеліп соғады» деп жазылған. Судьялардың өмір бойына тағайындалуы соттардың тәуелсіздігін қамтамасыз етуді көздейтін шаралардың бірі болып табылады.

Мемлекет дамыған ұлттық құқықтық жүйесі болғанда ғана емес, ол іс жүзінде жүзеге асырылғанда ғана құқықтық мемлекет деп таныла алады. Мемлекеттің құқықтық сипатының деңгейі мемлекеттің халықаралық құқықпен қалай қатынас жасайтынымен, өз бойына барынша демократиялық, прогрессивті және адамгершілікті құқықтық идеяларды сіндіре алуына қарай да анықталады. Бұл мәселеге Қазақстан Республикасының Конституциясы айрықша мән береді. Онда, Қазақатан Республикасы халықаралық құқық принциптері мен нормаларын құрметейтіндігі жазылған. Қазақстан Республикасының қолданылын жүрген құқығына Республиканың халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелері кіреді. Республикада бекітілген халықаралық шарттар оның басқа заңдарынан басымдық сипатта болады және халықаралық шартта көрсетілгендей оны қолдану үшін заң шығару талап етілгеннен өзге жағдайда, тікелей қолданылады. Аталған конституциядық ережелер құқықтық мемлекеттің негізгі ережелері деңгейінде болады.

2.2. ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БІРТҰТАСТЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

Қазақстандық біртұтастықтың аяғынан тұру тарихы РКФСР Халық комиссарлары кеңесінің 1919 жылғы 10 шілдедегі «Қырғыз аймағын басқару бойынша революциялық комитет туралы» Декреті қабылданған сәттен басталады.

Онда: «Мүмкіндігінше қысқа уақытта шақырылатын жалпы қырғыз съезі шақырылғанға және Қырғыз аймағының автономиясы жарияланғанға дейін осы аймақты басқару үшін жоғары әскери-азаматтық басқарма шоғырландырылатын революциялық комитет құрылады» деп жазылды.

3. Қазақстан Республикасының экономикалық негіздері

Қазақстан Республикасының экономикалық құрылымы негіздерінде меншік нысандарының әр алуандылығы жатыр, сөйтіп нарықтық қатынастар конституциялық түрде бекітілген. Қазақстан Республикасының Конституциясы бірдей дәрежеде мемлекеттік меншік пен жеке меншікті таниды және қорғайды (6-б. 1-т.). Нарықтық қатынастарға кешу соңғы бірнеше жылдар сорабында жүзеге асырылып келе жатыр, бұл жөнде оның заңды аяқталуы ретінде жерге жеке меншік құқығының белгіленгенін айта кеткен орынды болмақ. Қазақстан Республикасының Конституциясы 6-бабының 3-тармағы "Жер заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шек-терде жеке меншікте де болуы мүмкін" деп мойындайды. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 22 желтоқсандары "Жер туралы" заң күші бар Жарлырында соған сәйкес жер жеке және заңды тұлғалардың меншігінде болуы мүмкін шарттар мен шектер белгіленді.

Мемлекет меншік құқығына кепілдік береді. Соттың шешімінсіз ешкімді де өз мүлкінен айыруға болмайды (26-б. 3-т.). Мұрагерлік құқығына да конституциямен кепілдік беріледі (26-б. 2-т.).

Мемлекет кәсіпкерлік қызмет еркіндігі және шаруашылық бәсе-келестік еркіндігі құқығын мойындайды және қолдайды. Бұл ретте монополистік қызмет заңмен реттеледі әрі шектеледі (26-б. 4-т.).

Конституцияға сәйкес жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдікте және жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс (6-б. 2-т.).

Мүліктен күштеп айыру заңмен қарастырылған ерекше жағдайларда мемлекет мүқтажы үшін, оның құны тең бағамен өтелген кезде жүргізілуі мүмкін.

4. Қазақстан Республикасының саяси негіздері

Конституция қоғамдық қатынастарды ұйымдастырудың негізгі принциптерін белгіледі. Оларға қоғамдық келісім және саяси тұрақтылық, идеологиялық және саяси әр алуандылық, қоғамдық және мемлекеттік институттарды бөлу сияқты принциптерді жатқызуға болады.

Қазақстан Республикасының саяси жүйесін билік үшін күресті, оны ұйымдастыруды және қызмет етуін жүзеге асырушы сан салалы ұйымдар, институттар және мекемелер құрайды. Саяси жүйенің элементтеріне қоғамдық бірлестіктер және мемлекет органдары жатады. Конституция ең алдымен мақсаты мен іс-әрекеті конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, т.б. бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметіне тыйым салады (5-б. 3-т.). Идеологиялық әр алуандылықты конституциялық бекіту (5-б. 1-т.) ешқандай да идеология мемлекеттік ретінде белгіленбейді дегенді білдіреді. Саяси әр алуандылық деп қоғамда өмір сүруші түрлі әлеуметтік-саяси құрылымдардың болуы ұғынылады. Саяси әр алуандылық негізінде Қазақстан Республикасындағы экономикалық қызмет нысандарының сан алуандылығы да жатады.

Әр түрлі бірлестіктердің қызметі Қазақстан Республикасындағы саяси процестерге барынша ықпал етеді және Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 31 мамырдағы "Қоғамдық бірлестіктер туралы" Заңымен реттеледі. Қазақстан Республикасындағы негізгі қоғамдық бірлестіктерге саяси партияларды, кәсіптік және шығармашылық одақтарды, әйелдер бірлестіктерін, ардагерлер ұйымдарын, діни бірлестіктерді, кәсіпкерлер одақтарын, қоғамдық, қайырымдылық қорларын және басқаларды жатқызу керек.

Партиялар оларға Президенттікке және Парламент депутаттығына кандидаттар ұсыну құқығын беруге байланысты саяси жүйеде және жалпы алғанда қоғамда уақыт санап барынша маңызға ие болуда. Республикада көп партиялы жүйенің қалыптасу процесі жүріп жатыр, ол өз кезегінде саяси оппозицияның жариялылығын қамтамасыз өтіп және саяси өмірге тұрғындардың қалың бөлігін тартуға ықпал жасайтын болады. Саяси партиялардың қызметі "Саяси партиялар туралы" Заңмен реттеледі. Кәсіптік одақтар қызметінің негізгі бағыттарын реттеуші "Кәсітік одақтар туралы" Заң қабылданды. Республикадағы кәсіптік одақтардың рөлі барынша байыпты, олар қоғамдағы демократиялық процестерге айрықша ықпал етеді.

Қазақстан Республикасындағы қоғамдық құрылыстың негізін қалаушы принциптердің бірі қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық болып табылады.

Саяси жүйенің кез келген институтының қызметі қоғамдағы саяси тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуға тиіс. Қазақстан Республикасының бір ерекшелігі оның көп ұлттылығы, сондықтан қоғамдық бірлестіктер өз қызметтерінің нысандары мен бағыттарын белгілеген кезде осы жағдайды есепке алуға және қоғамдық келісім орнатуға ұмтылуға тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Халық өзі дауыс беріп қабылдаған заңын әрдайым әділ деп есептейді. Заңға құрмет болмайынша, оны қастерлеу ішкі қажеттілікке айналмайынша, заңның құдіреті шамалы болады. Конституция мәртебелі болуы үшін, оның принциптері, қағидалары қоғам, мемлекет, халық өкіметінің туы, қазығы, мәні болуға тиіс.

Заң жақсы жұмыс істеуі үшін, оны бұлжытпай орындау азаматтардың күнделікті дағдысына, үйреншікті әдетіне айналуға тиіс. Әртүрлі амал-айламен заңды айналып өтуге тырысушылық өркениетті елдің мәдениетіне жатпайды.

Бізде қылмыс, ұрлық-қарлық, жемқорлық көп. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заң бекерден-бекерге шығып отырған жоқ. Бұл қылмыстың дәрежесі қоғамға, мемлекетімізге, едәуір қауіп төндіріп, алға басуымызғ бөгет бола бастады.

Заңды қабылдағаннан соң оны мүлтіксіз орындау қажет. Қалың көпшіліктің заңды жаппай мойындауын, іштей түйсініп сезінуін, өз өмірінің басты ережесіне айналдыруын қамтамасыз ету оңай шаруа емес.

Заң беделге, мансапқа, лауазымға, ақшаға, байлыққа сатылмай, тек ақиқатқа бас иеді. Біз де келешекте осыған жетуіміз керек.

Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң, халықаралық шарттары мен Республиканың басқа да мiндеттемелерiнiң, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесiнiң және Жоғарғы Соты нормативтiк қаулыларының нормалары болып табылады.

Конституцияның ең жоғары заңды күшi бар және Республиканың бүкiл аумағында ол тiкелей қолданылады.

Республика бекiткен халықаралық шарттардың Республика заңдарынан басымдығы болады және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшiн заң шығару талап етiлетiн жағдайдан басқа реттерде, тiкелей қолданылады.

 

Барлық заңдар, Республика қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар жарияланады. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты нормативтiк құқықтық актiлердi ресми түрде жариялау оларды қолданудың мiндеттi шартты болып табылады.

Біздің Негізгі Заң дүние жүзіндегі ең жас Конституциялардың бірі. Нағыз сәби шағы. Оған өзгерістер енгізуге кейде ұсыныстар болады. Бұлай өзгерістер енгізе беру Конституцияның беделін көтермейді. Уақыты келгенде, пісуі жеткенде ғана өзгерістер енгізген жөн.

 

 


Информация о работе Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы