Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2014 в 09:44, дипломная работа

Краткое описание

Сондықтан Қазақстан Республикасының Конституциясы елімізде қолданылып жүрген барлық заңдардың іргетасын қалайды, оның заңдарының заңы болуы шындық, ақиқат. Құқық қалыптарының бұл жүйесі заң салаларына қағидаттық қалып болып табылып, құқық реттегіштің базасына айналады. Ал, ағымдағы заңдар осы конституциялық қағидат қалыптарын әрі қарай дамытушы күш ретінде есептеледі.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................
I. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының ұғымы және принциптері
1.1. Қазақстан Республикасының конституциялық негіздері
1.2. Конституция – құқықтар мен бостандықтар кепілі
II. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы
2.1 Қазақстан Республикасы - зайырлы, демократиялық және құқықтық мемлекет
2.2. Қазақстанда құқықтық мемлекеттің қалыптасуы
2.3 Қазақстан Республикасының экономикалық негіздері
2.4. Қазақстан Республикасының саяси негіздері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

конституциялық құрылыс.doc

— 373.50 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы «Біз, Қазақстан халқы» деген сөздермен басталады. Алайда, бірінші тармағында былай делінеді: «Өзін-өзі танитын қазақ ұлтының мемлекеттілігінің нысаны ретінде Қазақстан Республикасы өзінің барлық азаматтары құқығының теңдігін қамтамасыз етеді». Аталған қағидалардың арасында қандай да бір қарама-қайшылық жоқ деп айта аламыз ба? Егер халық мемлекеттік егемендіктің қолдаушысы болып табылса, онда КСРО-ның ыдырауына байланысты Қазақстан аумағында пайда болған мемлекет те Республика тұрғындарының жартысына жуығын құрайтын бір қазақ ұлты ғана емес, көптеген ұлттық топтардан тұратын бүкіл халықтың өзін-өзі тануының нәтижесі болып табылады. Мүмкін бұған белгілі бір факторлар: КСРО-ның кенеттен ыдырауы және Қазақстанның іс жүзінде КСРО-ның құрамындағы әкімшілік-аумақтық бөліктен дербес мемлекетке айналуы және қазір бәрі, қай ұлтқа жататындығына қарамастан, тең негізде осы мемлекеттің азаматы болып табылатындығын санаға сіңдіріп үлгере алмағандық әсер еткен де болар. Ұлтсыз мемлекет болмайды десек те, бірақ көпұлтты елде тек бір ғана ұлттын өзін-өзі саяси тануы сол мемлекеттің өзін ауыр сынға салар еді. Өмір ақиқаттығы, әсіресе, халықтың орыс тілді азаматтары тарапынан тез ұғынылды. Мемлекеттілік нысаны туралы мәселе халықаралық қатынастарда ең маңыздысына айналды. Халықтың көп ұлтты құрамы жағдайында «өзін-өзі таныған қазақ ұлтының мемлекеттілігі» анықтамасын талап етудің әділетсіздігін халыктың қазақ бөлігі де түсіне бастады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша Қазақстан Республикасының 1993 жылға Конституциясын қайта қарауға және оның тікелей басшылығымен жаңа Конституцияның жобасын әзірлеуге, міне нақ осы басты себептердің бірі болды. Жаңа Конституция жобасында қолданылып жүрген 1993 жылғы Конституциядағы мынадай: «қазақ мемлекеттілігінің мызғымастыры.., «Қазақстан Республикасы өзін-өзі танитын қазақ ұлтының мемлекеттілігінің нысаны ретінде» деген қағидалар алып тасталды. Болашақ Конституциядан қазақ ұлтының болашағы үшін, әлбетте, өте маңызды осы қағидалардың алып тасталуы, мақұлдай қоймаған жекелеген пікірлер кездескенімен, қарсылық немесе қайсы бір ұлттық ауқымда қарсы әрекет тудырған жоқ. Тарихқа айналған осы фактінің өзі, әлбетте, кұптарлық жайт, Қазақстанда мемлекеттіліктің бүкіл халықтың саяси ұйымы ретінде қалыптаса бастағанын сезіну қазақ ұлтының саяси және құқықтық санасының айтарлықтай биік деңгейге көтерілгенінің белгісі болып табылады. Сонымен бірге халықтық, тиісінше, мемлекеттік егемендік «бетке ұстарлық» орынға шығуға, жеңілдік берілген ұлтқа ұмтылмайтын, бірақ ықылым заманнан бері тұратын өзінің байырғы мекеніндегі дербес мемлекетінде өмір сүруге ынталы қазақ ұлтының егемендігі мемлекет егемендігінің өзегі емес десек тарихи-ізеттілік тұрғысынан әділетсіздік және саяси тұрғыдан адасқандық болар еді.

Егемен мемлекет — мемлекеттің өзінің ішкі және сыртқы қызметтерін жүзеге асырған кезде басқа мемлекеттердің ықпалынсыз өз тәуелсіздігін және дербестігін сипаттайтындай қасиеті.

Әлемдік практикада мемлекеттік егемендіктің екіұдай мәнде сипатталатыны кездеседі: егер мемлекет экономикалық және әскери жағынан күшті болса, онда мұндай мемлекет басқа мемлекеттердің егемендігімен есептеспеуі және олардың ішкі істеріне араласу құқын өзіне иеленгісі келуі мүмкін. Мұндай мемлекет тіпі халықаралық шарттар мен міндеттемелер кезінде де басымдыққа ие болғандай сезінеді. Егемендігі мейлінше төмен мемлекет құдіретті мемлекеттің ерік қалауында болуы мүмкін. Турасын айту керек, ол ерекше ілім де, практика да емес. Ол ежелден жүзеге асырылып келеді және ерте ме, кеш пе бәрібір күйрей құлайды. Қуатты мемлекет егемендігінің мейлінше әлсіз мемлекеттің егемендігіне қарағанда басым болатындығы жөніндегі идея жалған және қауіпті идея. Халықаралық саясат мемлекет егемендігінің олардың көлеміне, экономикалық және әскери жағдайына қарай танылуына негізделмеуі тиіс. Өзінің егемендігін пайдалана отырып, мемлекет ойдағыдай дамиды. АҚШ сияқты мемлекет таныған Қазақстан Республикасы мұның мысалы бола алады. АҚШ Конгресінің Сенаты мен Өкілдер палатасының 2003 жылғы 25 қарашада Қазақстан бойынша қабылдаған Бірлескен қарарында Президент Н.Ә. Назарбаев басқарған Республика жетістітері жоғары бағаланды. Қарарда, атап айтқанда, Қазақстан қысқа мерзімнің ішінде зиялы, серпінді дамыған азаматтық қоғамға айналды, онда мықты мемлекеттік және қоғамдық институттар құрылды, тиімді демократиялық тұтқалар, заңның үстемдігі белгіленді және адамның негіз боларлық құқықтары құрметтеледі деп жазылды.

Мемлекеттің егемендігінің басты қасиеті мемлекеттік биліктің үстемдігі болып табылады. Үстемдік қоғамдық қатынастардың маңызды салаларын реттейтін дербес ұлттық құқықтық жүйені құруға мүмкіндік береді, бүкіл аумақта бірыңғай құқықтық тәртіпті орнатады, мемлекеттік органдардың құқықтық мәртебесін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын және міндеттерін белгілейді. Мемлекеттік биліктің үстемдігі Қазақстан аумағында Республика Конституциясының, сосын мемлекеттік биліктің жоғары органдары қабылдайтын заңдар мен басқа да нормативтік құқықтық актілердің үстемдігінен көрінеді. Бұл мемлекеттік биліктің үстемдігі шексіз деген сөз емес, оның аумағы Конституииямен, басқа заңдармен және заңға сәйкес актілермен белгіленеді. Тиісінше, егемендік, жоғары билік Қазақстан аумағында қолданылатын құқықтармен шектеледі.

Егемендіктің екінші бір белгісі мемлекеттік биліктің бір –тұтастығы болып табылалы. Қазақстан Республикасының Конституциясында «Республикада мемлекеттік билік біртұтас...» (3-бап, 4-тармақ) делінген. Мемлекеттік биліктің біртұтастығы жоғары мемлекеттік билікке шоғырланған органдар жүйесінің қызмет етуінен көрінеді. Ол үш тармаққа: заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлінеді. Біртұтас мемлекеттік билік те осылай бөліне отырып, бұл тармақтар өз өкілеттіктері шеңберінде бүкіл мемлекеттің қызметін атқарады. Өз өкілеттіктерін атқару барысында, биліктің әр түрлі тармақтары өз араларында өзіндік қатынаста болады.

Егемендіктің маңызды белгісі мемлекеттің тәуелсіздігі, яғни басқа мемлекеттерден дербестігі болып табылады. Қазақстан аумағында мемлекеттілік екі жүз жылдық үзілістен кейін 1920 жылы Қазақтың Кеңестік автономиясы нысанында өмірге қайта келді. Қазақтың Кеңестік Автономиялық Республикасы, мемлекеттіліктің кейбір белгілерін сақтай отырып 1936 жылға дейін Ресей Кеңес Федерациясы құрамында өмір сүрді, бірақ оның егемен бөлігі бола алмады. Қазақ Автономиялық Республикасы одақтас республика болып қайта құрылғаннан кейін КСРО Конституциясында да, Қазақ КСР Конституциясында да егемен мемлекет болып танылды. Алайда, Қазақ КСР-інің егемендігі шектеулі ғана егемендік болды. КСРО құрамына кіріп, біртұтас мемлекет болып танылған Қазақ КСР-і, тіпті егемендіктің барлық белгілері мен қасиеттерімен иеленгенімен егемендік тәуелсіздікті ала алмады.

Қазақстан КСРО-ның ыдырауы нәтижесінде дербес тәуелсіз мемлекет болды. Қазақстанның шынайы егемендігіне жол ашқан бірінші құқықтық құжат Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы декларация болды.

Мемлекеттік егемендік туралы декларация егемендікке тұңғыш рет батыл қадам басты, бірақ ол да іс жүзінде дербестікке әлі де ие болған жоқ. Онда тек Қазақ КСР-і КСРО-ға ерікті түрде бірігеді және оның құрамынан шығу құқығын сақтайды деп жазылды. Осыған сүйеніп, Республика ішінде мемлекеттік биліктің үстемдігі, дербестігі, жан-жақты толысқандығы, ал сыртқы қатынаста Одақтық шарт белгілеген шеңберде билік ететіндігі жарияланды. Мұндай қағида бұрынғы Қазақ Республикасының Конституциясында да бекітілді. КСРО сақталған жағдайда егемен, тәуелсіз Қазақстан мемлекеті туралы сөз етудің өзі мүмкін емес еді. Тек КСРО-ның ыдырауы ғана Қазақстанның дербестігі тарихындағы ұлы сапарының басы болды.

Екінші тарихи құжат Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 16 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заңы болып табылады. Заң Қазақстан Республикасын тәуелсіз, демократиялық мемлекет деп таныды. Қазақстан Республикасы өз аумағында билікті барынша толық иеленді, ішкі және сыртқы саясатты дербес белгілейді және жүзеге асырады деп көрсетілді. Қазақстан барлық мемлекеттерден өзінің қарым-қатынастарын халықаралық құқық принциптеріне сәйкес құрады деп жарияланды. Заң тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің саяси негізін бекітті. Қазақстанның жоғары мемлекеттік билік органдары қалыптасты. Тәуелсіз мемлекеттің әлеуметтік негізі Қазақстан халқы деп танылды. Заңда Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекеттің мәртебесіне сәйкес келетін дербес экономикалық жүйесі бар деп жазылды. Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет ретінде халықаралық құқық субъектісі болып табылады, дипломатиялық және консудық өкілдіктерімен алмасады, халықаралық ұйымдарға, ұжымдық қауіпсіздік жүйесіне шыға алады және олардың қызметіне қатысады деп жарияланды. Қазақстан Республикасы сыртқы экономикалық қызметті дербес шешеді деп көрсетілді. Заңда, әсіресе Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін қорғау және ұлттық мемлекеттігін нығайту жөнінде шаралар қолданатындығы атап айтылды. Жеке Қарулы күштерінің болуы тәуелсіздіктің атрибуты және кепілі болып табылады. Сондықтан, өзінің тәуелсіздігі мен аумағының тұтастығын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы өзінің Қарулы күштерін құра алатындығы заңда жазылды. Қазақстан мемлекетінің өз азаматтарының әскери қызметті өтеу тәртібі мен шартын дербес белгілейтіні, әскерді, қару мен техниканы өз аумағында орналастыру мәселелерін өзі шешетіндігі көрсетілді.

Сөйтіп, аталған екі құқықтық құжат Қазақстан мемлекетінің дербестігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз етудің барлық шарттарын бекітті.

Мемлекеттің Қазақстан аумағындағы жоғары билігі, әлі қалыптасу үстіндегі мемлекеттік органдар арқылы жүзеге асырылады. Бұл, әрине, егемендіктің сапасына, яғни, ішкі сондай-ақ сыртқы саясаттың қалыптасуы мен жүзеге асырылуына әсер етпей қоймайды. Мысал ретінде заң шығару органы мен президенттік биліктің қалыптасу процесін алалық. Қазақстан Республикасы заң шығару органының кеңестік нысаны – бір палаталы Жоғарғы Кеңесті қабылдады. Жоғарғы Кеңеске сайлау екі рет өтті. Алайда, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі бірнші ретте 1993 жылдың соңында өкілеттік мерзімі аяқталмай-ақ өзін-өзі таратты. Жоғарғы Кенеске екінші сайлау 1994 жылғы наурызда өтті және дәл бір жыл болғанда ол заңсыз деп танылды. Мүмкін, екі рет шақырылған Жоғарғы Кеңестің де таратылуының объективті де, субъективті де себептері бар шығар. Оның ішінде, біздің пікірімізше, Жоғарғы Кеңестің ішкі де, сыртқы да саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыруда өкілеттігінің шектеулі болғандығының, яғни, мемлекеттің билікті бөлу принципіне негізделген орган болуына қабілетсіздігінің мәні зор. Аталған қағиданы бұлтартпай сипаттайтын бір мысал келтірейін. Жоғарғы Кеңес 1992 жылы Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарын бекіту және олардың күшін жою тәртібі туралы Заң қабылдады. Алайда, Жоғарғы Кеңестің ешқандай заң шығарушылық құқығы жоқ, бірақ көптеген депутаттардан құрылған Төралқасы заңға елеулі өзгерістер енгізіп, Президентке ұсынды, оған ол қол қойды. Конституциялық сот істі мұқият қарап, заңды Конституцияға сәйкес келмейді деп таныды. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарын ратификациялау және олардың күшін жою тәртібі туралы заң Қазақстан Республикасында ұзақ уақыт болған жоқ. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы жаңа Конституциясы бойынша Парламенттің Қазақстанның халықаралық шарттарын ратификациялау және олардың күшін жою құқығы бар. Жаңа Парламент екі Палатадан: Мәжіліс және Сенаттан тұрады және оның конституциялық өкілеттігі ішкі және сыртқы саясаттың аса маңызды мәселелерін заң қабылдау жолымен шешудің заңдық негізін жасайды.

Қазақстан Республикасының өкілеттігін жүзеге асыруда Президент маңызды рөл атқарады. Соңғы бірнеше жыл ішінде мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына ықпалын кеңейту бағытында Президенттік институт айтарлықтай өзгерді. 1991 жылдың 25 тамызында, КСРО-ның толық ыдырағанына дейін, Қазақ КСР-і оның құрамында болған кезенде, Қазақ КСР-інің 1978 жылғы Конституциясына өзгерістер енгізілді. Қазақ КСР-інің Жоғарғы Кеңесі Республиканың билігіндегі кез келген мәселені өзінің қалауымен қабылдап, шешуге өкілетті бүкіл билікті иеленген бірден-бір орган болып қалды. Атап айтқанда, КСРО-ның ішкі және сыртқы саясаттағы негізгі бағыттарына сәйкес Қазақ КСР-інің ішкі саясаттағы және сыртқы саясаттағы бағыттарын белгілеу Жоғарғы Кеңестің ерекше қарауына берілді. Республика Президентіне атқарушылық қана қызметтер: Республиканың егемендігі, қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын қорғау жөнінде қажетті шаралар белгілеу, ел ішіндегі және халықаралық қатынастарда Қазақ КСР-інің атынан билік ету, заңдарға қол қою, келісімдер жүргізіп, халықаралық шарттарға қол қою қызметі ғана берілді.

КСРО ыдырағаннан кейін төрт айдан соң қабылданған Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң Президент мәртебесіне елеулі өзгеріс енгізді. Мемлекеттік билік енді оны үш тармаққа: заң шығарушылық, атқарушылық билікке және сот билігіне бөлу принципіне негізделіп құрылды. Республика халқының атынан билік ету құқығы Жоғарғы Кеңеске және Президентке берілді. Қазақстан Республикасының және оның атқарушылық билігінің басшысы Президент деп жарияланды. Қазақстан Республикасының Конституциясы Жоғарғы Кеңестің және Президенттің мәртебесін өзгеріссіз қалдырды. Жаңа Жоғарғы Кеңеске сайлау өткізілгенше Президентке уақытша заң шығару өкілеттігін беру туралы 1993 жылғы 10 желтоқсанда қабылданған Заң Қазақстан Республикасы Президенті мәртебесіне елеулі өзгеріс енгізді. Алайда, 1994 жылғы наурыз айында сайланған жаңа Жоғарғы Кеңес Қазақстан Президентіне уақытша заң шығару өкілеттігін беру туралы Заңның күшін тоқтатқан жоқ. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы жаңа Конституциясы Президент мәртебесіне түбегейлі өзгеріс енгізді. Онда Қазақстан Республикасында президенттік басқару жүйесінің белгіленгендігі туралы жазылды.

Қазақстан Реснубликасының егемендігін жүзеге асыруға Үкіметтін де қосатын белгілі бір үлесі бар. Ол республиканың әлеуметтік-экономикалық саясатының, қорғаныстық қабілетінің, қауіпсіздігінің негізгі бағыттарын әзірлейді, қоғамдық тәртіптің қамтамасыз етілуін және оның жүзеге асырылуын ұйымдастырады, сыртқы саясатты жүргізу жөнінде шаралар әзірлейді. Республиканы қорғау үшін қарулы күштер, сондай-ақ шекара әскерлері құрылды, олардың қызметі арнаулы заңдарда белгіленді.

«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштер туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңында Президенттің, Парламенттің, Үкіметтің қорғаныс саласындағы өкілеттіктері; орталық және жергіліікті атқарушы органдардың міндеттері, азаматтар мен ұнымдардың қорғаныс саласындағы құқықтары мен міндеттері; қорғанысты экономикалық жағынан қамтамасыз ету, Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құрамалар туралы, әскери жағдай жұмылдыру және басқа мәселелер туралы ережелер қамтылған.

Демек, қазір Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған органдар құрылып, олардың құзыреттері анықталды.

Республика егемендігіні маңызды элементі — оның өз Конституциясының және ұлттық заңдарының болуы. Төрт жылдың ішінде Қазақстанда екі Конституция қабылданды: біріншісін 1993 жылғы 28 қаңтарда Жоғарғы Кеңес қабылдады, екіншісі 1995 жылғы 30 тамызда референдуммен қабылданды. Біріншісі сияқты екіншісі де: 1) кеңес заңдарының тәжірибесін; 2) басқа мемлекеттердің конституциялық даму тәжірибесін; 3) социалистік деп аталатын саяси, экономикалық және рухани бір жүйеден, демократиялық және құқықтық деп аталатын екінші бір жүйеге көшу ерекшелігін; 4) жалпыға мәлім халықаралық құқық нормаларын ескере отырып әзірленді. Тәжірибеде көрінгендей, Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі әлем елдерінің демократиялық даму тәжірибесін ескере отырып қалыптасуда Қазақстан Республикасында жарияланған Республика қызметінің негізгі принциптері: қоғамдық келісім және саяси тұрақтылық, мемлекет өмірінің мейлінше маңызды мәселелерін де демократиялық әдістермен шешу принциптері, міне осының айғағы болып табылады. Бұл принциптердің заң арқылы жүзеге асуының, сондай-ақ мемлекет органдарының соның негізінде жүргізілген қызметінің, қоғамды нығайту мен қуатын күшейтудің Қазақстанда белгіленген саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін айрықша маңызы бар. Бірінші Конституция сияқты, Қазақстан Республикасының екінші Конституциясы да оның халқының дүниежүзілік қауымдастықтан өзінің тиісті орнын алуға ұмтылып отырғанын жариялады және Қазақстан Республикасының халықаралық құқық принциптері мен нормаларын құрметтейтіндігінің, мемлекеттер арасында ынтымақтастық және тату көршілік қатынас, олардың теңдігі және бір-бірінің ішкі ісіне араласпау, халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу саясатын жүргізетінің; қарулы күшті бірінші болып қолданудан бас тартатынын жария етті. Бұл жай ғана айтыла салған сөз емес, мұның астарында Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастар саласындағы нақты қызметінің демократиялық заңдармен қалыптасатындығы туралы терең мән жатыр. Қазақстан Республикасы 750-ге жуық халықаралық шартқа отырды, 40-тан астам мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатты және 15 халықаралық ұйыммен тығыз байланыс жасайды:

Информация о работе Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы