Қазақстан Республикасы Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет ретіндегі маңызы
Курсовая работа, 27 Февраля 2015, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Курстық жұмыстың өзектілігі: Мемлекет типін анықтауда мемлекет нысаны сияқты түсінік көмектеседі. Мемлекет нысаны түсінігі басқару қалай қалыптасатынын, кім басқаратынын, мемлекет бөліктері мен тұтас мемлекет арасында өзара байланысты, билікті жүзеге асыру үшін қандай әдістер қолданылатындығын білуге мүмкіндік береді. Мемлекет нысаны туралы біршама толық түсінікті оның үш құрамдас бөліктері – басқару нысаны, мемлекеттік құрылым нысаны және мемлекеттік құқықтық режим береді.
Содержание
КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1.ҚАЗІРГІ УАҚЫТТАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІ БАСҚАРУ НЫСАНЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.......................................................................................................5
1.1 Мемлекет нысанының ұғымы..............................................................................5
1.2 Мемлекеттің басқару нысанының ерекшеліктері.............................................10
1.3 Қазақстан Республикасы Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет ретіндегі маңызы......................................................................................12
2. МЕМЛЕКЕТТІК РЕЖИМДЕР.............................................................................15
2.1 Мемлекеттің саяси режимнің түсінігі мен түрлері.........................................15
2.2 Антидемократиялық режим................................................................................17
2.3 Тоталитарлық саяси режим................................................................................19
2.3 Демократиялық режим........................................................................................23
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................25
Прикрепленные файлы: 1 файл
мемлекет нысаны.docx
— 70.30 Кб (Скачать документ)Мемлекет нысаны– бұл басқару нысанынан, мемлекеттік құрылым нысанынан және саяси режим нысанынан тұратын қоғамның құрылымдық ұйымы.
Басқару нысаны – жоғарғы мемлекеттік билік органдарының құрамы, құрылу тәртібі және өкілеттіліктерінің арақатынасы.Басқару нысаны мынадай негізгі түрлерге бөлінеді: монархия және республика. Монархия – бұл тақ ұрпақтан ұрпаққа мұрагерлік жолмен берілетін, жоғарғы мемлекеттік билік бір адамның – монархтың қолында болатын басқару нысаны.
Монархиялар шексіз – бұнда монарх бірден бір мемлекеттік билік органы болып табылады, және шектеулі – бұнда жоғарғы билік өкілеттіліктері монархпен және қандай – да бір монархтың билігін шектейтін басқа органның арасында бөлінген, болып бөлінеді. Шектеулі монархиялар өз кезегінде өкілді (дуалистік), бұл кезде монархта атқарушы билік, үкіметті құру құқығы, олардың алдында жауапты министрлерді тағайындау және ығыстыру құқығы, вето құқығы және парламетті шектеусіз тарату құқығы қалдырылған, және парламентарлық, бұнда монархтық құқықтық жағдайы біршама шектелген, өйткені мемлекет басшысы тағайындаған министрлер парламенттің сенім вотумына тәуелді болады, монархтың заңмен қарастырылған жағдайда ғана кідіртушілікті қажет етпейтін вето құқығы, парламентті тарату құқығы ғана қалдырылады, болып бөлінеді.
Республика – бұл жоғарғы мемлекеттік билік нақты бір мерзімге сайланған органдарға берілгенн және сайлаушылары алдында жауап беретін басқару нысаны. Жоғарғы мемлекеттік билік органдарын сайлауға қатысу құқығы берілген тұрғындардың топтарына байланысты барлық республикалар ақсүйектік, автократтық және демократиялық болып бөлінеді.
Демократиялық республикалар өз кезегінде мынадай болып бөлінеді:1) парламенттік, бұнда саяси өмірде шешуші рөл басында премьер –министр болатын парламент құрған үкіметке тиесілі болады; 2) президенттік, бұнда сайланған мемлекет басшысы, сонымен біруақытта үкіметтің басшысын тағайындайтын және үкіметті тарататын үкімет басшысы болады.; 3) аралас, бұнда үкіметті президент пен парламент біріге отырып құрады. ҚР президенттік басқару нысандағы мемлекет болып табылады.
3. Мемлекеттік құрылым нысаны – бұл мемлекеттің құрамды бөліктерінің арасындағы, сондай – ақ олардың әрқайсысының мемлекетпен арасындағы өзара байланысын сипаттайтын мемлекеттің аумақтық құрылымы. Барлық мемлекеттер өз мемлекеттік құрылым бойынша жай және күрделі болып бөлінеді.
Мемлекеттердің қауымдастығы – бұл қоғамның мемлекеттік ұйымға өтудегі ауыспалы нысаны. Қауымдастықтың негізінде көп жағдайда қауымдастыққа кіретін мемлекеттердің интеграциялық байланыстарын күшейтетін және конфедерацияға бірігуге септігін тигізетін мемлекеттік аралық шарт қаланады.Тәуелсіз Қазақстанда екі жылдан кейін, 1993 жылғы Конституциясының орнына екінші 1995 жылғы Конституция алынды. Бұл соңғы Конституция мемлекеттің сыртқы нысанын өзгертіп, Қазақстанда президенттік республиканың саяси жүйесі құрылды.
Поликратиялық мемлекет нысаны – биліктің мемлекеттің әртүрлі органдарының арасында бөлінуі (парламент – заң шығарушы, мемлекет басшысы және үкімет-атқарушы, соттар – сот билігі) өзін-өзі тежеу мен тепе-теңдік принциптерімен, аумақтың өзін-өзі басқару арқылы жүргізіледі.
Монократиялық мемлекет нысаны - белгілі бір органның немесе лауазымды тұлғаның жеке билігімен сипатталады.
Мемлекет нысаны мынадай сұрақтарға жауап береді. Мемлекеттік билік қандай принциптерге және қандай территориялық ерекшелікке байланысты құрылған, мемлекеттің жоғары органдары қалай құрылады, олар өзара және халықпен қандай байланыста жұмыс істейді, олар қандай әдістермен жүзеге асырылады.
Мемлекет нысаны дегеніміз – басқару нысанына және саяси (мемлекеттік) режиміне сәйкес мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы, мемлекет формасы сол мемлекеттің қалыптасуы мен дамуының нақты тарихи жағдайына байланысты болады, оған мемлекеттік тарихи типі мен мәні әсерін тигізеді. Мысалы феодалдық типтегі мемлекетке басқарудың монархиялық формасы сәйкес келді, ал буржуазиялыққа республикалық.
Мемлекет формасы көп жағдайда елдегі саяси күштерге байланысты дамиды. Мысалы: буржуазиялық революциялар (Англиядағы) буржуазия мен феодалдық келісімге келуіне әкелді, соның нәтижесінде конституциялық монархия пайда болды. Мемлекет формасына мемлекеттің ұлттық құрамы, тарихи дәстүрлер, мемлекеттің территориялық көлемі, басқа да факторларға әсер етуі мүмкін.
Мемлекет формасы мына мәселелерге жауап береді: мемлекеттік билік қандай принципке сүйеніп, қандай территориялық негізге құралған, мемлекеттің ең жоғарғы билік органдарының құрылысы, олардың арасындағы және халықпен өзара байланыстылығы.1 Мемлекет формасы ретінде мемлекеттік басқару формасына, мемлекеттік құрылысына және саяси режимге байланысты мемлекеттік билік ұйымдарының құрылуы түсіндіріледі. Мемлекет формасы нақты тарихи қалыптасуы мен даму жағдайларына байланысты.
Мемлекет формасы мемлекеттік ұлттық құрамы, тарихи дәстүрлері, елдік теориялық көлемі және тағы басқа факторлар әсер ете алады. Мемлекет басқару формасы мен саяси өкіметтің негізгі институттарының құрылысына қарай да әр түрлі болады. Мемлекеттің белгілері оның алғышарттарындағы көріністерден тарихи процестер барысында мемлекеттің нысанына айналады.
Мемлекеттік нысаны (формасы) дегеніміз адамдар арасындағы, адамдар мен мемлекет арасындағы, мемлекет пен адамдар арасындағы оларды басқару процесінде (саяси режим) өзара саяси қарым-қатынасына айқындайтын (басқару нысаны) және мемлекеттік әкімшілік аумақтық бөлінуін аймақтық құрылым ұйымдастыра алатын мемлекеттік құрылымы болып табылады.
Саяси режим – бұл мемлекеттік билікті жүзеге асыратын тәсілдер мен әдістер. Мемлекеттік билік жүргізудің әдістері мен тәсілдерінің жинақталуына байланысты режимнің екі түрін ажыратуға болады: - демократиялық және антидемократиялық. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық, зиялы, әлеуметтік мемлекет деп жариялады.
1.2 Мемлекеттің басқару нысанының ерекшеліктері
Басқару нысаны - жоғары мемлекеттік билікті ұйымдастырумен оны құру тәртібі. Басқару нысанының сипаты түптеп келгенде қоғамның түріне байланысты болады. Айырбастың экономикалық арқауларына қатысы жоқ және орталықтандырылған мемлекеттік биліктің күшімен бірігуге мәжбүр қоғамда басқарудың табиғи тұрпаты монархия болып табылады. Басқару нысаны жерге феодалдық меншік жүйесінің иерархиясымен және монархтық меншікпен тұтасып жатпаса ол деспоттық түрге ие болады. Ептің саяси жағынан тең субъектілер меншік иелері арасындағы алмасуға негізделген қоғам үшін басқарудың республикалық нысаны тән.
Басқару нысаны, сондай-ақ, әлеуметтік-саяси күштерге және өзара күрестің нәтижелеріне, жекелеген елдердің тарихи ерекшеліктеріне, елге саяси процестердің ықпалына да байланысты қалыптастырады. Айталық, Ресейде басқарудың демократиялық тұрпатын қалыптастырудағы қиындықтар оның қоғамдық құрылысындағы өзіндік ерекшеліктеріне байланысты болып отыр. Әлеуметтік факторларға негізделген саяси режим мемлекеттегі нақты қалыптасқан тарихи жағдайларға сәйкес басқару нысанына ықпал етеді. Бұл ретте әлемдік және жеке халықтардың тәжірибелері де пайдалануы мүмкін.
Басқарудың тарихи нақты қалыптасқан нысандарына байланысты мемлекет теориясы басқаруды бірнеше түрге бөледі. Оның ішінде ең көп тарағаны мемлекеттің нысанын билеушілердің санына қарай бөлу. Егер билік, бір адамның қолында болса - монархия көп адамда болса - демократия, халықта болса - демократия немесе республика.
Мемлекеттің тура аттарын жіктеуді Геродот та айтып кеткен екен.
Мемлекеттің түрлеріне байланысты басқа да пікірлер көп. Дегенмен, Геродоттың басқару нысаны бөлу жөніндегі пайымдаулары бізге дейін жетті. Геродот айтқан аристократтық нысаны мемлекеттің дамуы барысында ығыстырылып, қазір монархия мен республиканың айырмашылығы туралы тұжырымдар қалыптасты.
Басқару нысаны ретінде монархияның кейбір ерекшеліктері мынадай:
1) Бір адамның – монархтық (фараон, король, патша, император, ұлы князь, шах, әмір т.б.) өмір бойы жоғары билікке ие болуы;
2) Жоғары бөліктің сабақтастығы мұрагерлерге берілу арқылы, шешіліп отырады;
3) Монарх мемлекеттік өкілдікті өз құқық бойынша алады;
4) Монархтық мемлекет
басшы ретінде заңды жауапкершілігінің
болмауы. Дегенмен, бұл белгілердің
нақты жүзеге асырылмаған мысалдары
да көп. Византияда билік құрған
109 императордың 74-і өлтіріліп, олардың
орнына мұрагерлері отырмаған. Рим
легионерлері императорларды тағайындап
және алып тастап отырған. Тарихи
даму барысында монархиялық билікке
де елеулі өзгерістер жасалды.
Бірқатар елдерде король билігіне
конституция мен парламент арқылы
шектеулер қойылады.
Монархияның екі түрі бар: шексіз (абсолюттік) монархияда монарх мемлекеттегі жалғыз жоғары басқарушы орган болып табылады. Бұндай жағдайда монарх заң шығару функциясын жүзеге асырады, атқарушы органдардың қызметіне басшылық жасайды, сот билігіне бақылау жасайды. Басқару нысаны ретінде Республиканың мынадай ерекшелік белгілері болады:
1) мемлекеттік органдардың белгілі бір мезгілге сайлануы;
2) мемлекеттік басшының белгілі бір мезгілге сайлануы;
3) мемлекеттік биліктің
өз құқықтары бойынша емес, тәуелсіз
халықтың тапсыруы бойынша жүзеге
асырылуы;
4) мемлекет басшысының заңды жауапкершілігі болуы;
Тарихи кезеңдерде республиканың бірнеше түрлері болған. Айталық, буржуазиялық республика азаматтық қоғамды саяси ұйымдастыруға қабілетті. Азаматтардың теңдігі олардың саяси жағынан біреуіне мүмкіндік береді.2
Қазіргі кездегі республикалық басқару үшке бөлінеді: парламенттік, президенттік, аралас. Бұлардың бір-бірінен айырмашылығы: жоғары билік органдарының парламент немесе президенттің қайсысы үкіметті құрайды және оның жұмысына бағыт береді және қайсысының алдында үкімет жауапты, парламенттің бе, әлде президенттің бе, осыған байланысты. Парламенттік республикада, парламент тек қана заң шығарушы өкілетікке ие болып қоймайды, сонымен қатар үкіметті отставкаға жіберу құқығына ие болады, оған сенімсіздік білдіре алады.
Үкімет парламент алдында
өз қызметі үшін жауапты. Бұндай
жағдайда Президент тек қана
мемлекет басшысы болып есептеледі,
үкімет басшысы бола алмайды.
Президенттік республикада президент
үкіметті құрайды, бақылау жасайды,
үкімет президент алдында өз
қызметі үшін жауапты. Аралас
президенттік - парламенттік республикада
парламент те, президент те үкіметке
қатар бақылау жасайды, үкіметке
қатысты екеуі де жауапты болады.
1.3 Қазақстан Республикасы Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет ретіндегі маңызы