Қазақстан Республикасы Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет ретіндегі маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2015 в 18:12, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі: Мемлекет типін анықтауда мемлекет нысаны сияқты түсінік көмектеседі. Мемлекет нысаны түсінігі басқару қалай қалыптасатынын, кім басқаратынын, мемлекет бөліктері мен тұтас мемлекет арасында өзара байланысты, билікті жүзеге асыру үшін қандай әдістер қолданылатындығын білуге мүмкіндік береді. Мемлекет нысаны туралы біршама толық түсінікті оның үш құрамдас бөліктері – басқару нысаны, мемлекеттік құрылым нысаны және мемлекеттік құқықтық режим береді.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1.ҚАЗІРГІ УАҚЫТТАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІ БАСҚАРУ НЫСАНЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.......................................................................................................5
1.1 Мемлекет нысанының ұғымы..............................................................................5
1.2 Мемлекеттің басқару нысанының ерекшеліктері.............................................10
1.3 Қазақстан Республикасы Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет ретіндегі маңызы......................................................................................12
2. МЕМЛЕКЕТТІК РЕЖИМДЕР.............................................................................15
2.1 Мемлекеттің саяси режимнің түсінігі мен түрлері.........................................15
2.2 Антидемократиялық режим................................................................................17
2.3 Тоталитарлық саяси режим................................................................................19
2.3 Демократиялық режим........................................................................................23
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................25

Прикрепленные файлы: 1 файл

мемлекет нысаны.docx

— 70.30 Кб (Скачать документ)

1991 жылы 16 желтоқсада Қазақстан  Республикасы өз алдына төуелсіздігін    жариялап    дербес    мемлекет    болғаныннан    кейін,    ел Президенті      сайланды.      

  Қазақстан  Республикасының  Конституциясының 2-бабында көрсетілген  Қазақстан Республикасының президенттік  басқару нысанындағы біртұтас  мемлекет болып табылады.

Президент бүл мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғарғы лауазымды түлға.

16 желтоқсан 1991 жылы «Қазақ  ССР-нің Президенттік сайлау»  туралы заңы Президенттің күшейтілген  жағдайы халық сайлауында үлкен  роль атқарды, себебі ол халық  атынан өзінің ойларын мақсаттарын, қызметін жүзеге асырды. Бұл орайда Президентіміз кезекті дауыс беру сайлауында жеңіп шығып екінші кезекке тағы да ел басы болып қалды.

Бұл дегеніміз халық сайлаған ел басы өз қамын ойламай, халқының ойынан шығып, халқы үшін қызмет істеп Қазақстан жерінің экономикалық жағдайын көтеріп, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын реттеп, қадағалап отырғаны өзімізге мәлім. Әуелден бастап елімізге егемендігімізді бейбітшілік жолмен алып берді, содан егеменді ел болғалы 1993 жылы 28 ақпанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі дербес, тәуелсіз мемлекеттің тұңғыш Конституциясы қабылданды, өзіміздің ақшаларымыз, теңгелеріміз жарық көрді. Содан келе Қазақстан жері бөлінбейтін біртұтас мемлекет болды.  

 Қазақстан Республикасы  Тәуелсіздік мемлекеттер достастығы  елдерімен де Бірікке Ұлттар  Ұйымымен де мүшесі болды. Қазақстан көршілес мемлекеттермен достығын нығайтып, халықтың бір-бірімен араласып, халықтың экономикалық әл-ауқатын дұрыстауға жол ашты.

1993 жылы 28 ақпанда қабылданған  Конституция жаңа мемлекетте  пайда болтан мәселелерді білдіре  алмады, яғни мемлекеттік, экономикалық  өмірдің, адам құқығы мен бостандықтарының  мәселелері және басқалары жататын. Басқару жүйесі туралы мәселе де тиянақты шешілген жоқ. Сондықтан     қоғамдық  өмірдің  өзі Конституцияны қайта құру туралы мәселені алға тартты. Президенттің басшылығымен жаңа Конституцияның жобасы әзірленіп, бүкілхалықтық талқыға салу үшін баспасөзде жарияланды. Бүкілхалықтық дауыс беру нәтижесінде 1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды.

Өз еліміздің көркендеуі, гүлденуі, дамуы өздерімізге де байланысты екенін естен шығармайық. Егер халық азаматтары үкіметтің берген 8 сағат жұмысын тиянақты істеп, төленетін салықтарды уақытылы төлеп тұрса, еліміздің Конституциялық заңдарын сақтаса, онда еліміздің әл-ауқаты биікке көтеріліп, ең биік шыңдарда Қазақстан туы желбіреп тұрар   еді.   Осы   мәселелерді   іске   асыру   өзіміздің   қолымызда.   Осы бейбітшілік жолмен келген егеменді тәуелсіз мемлекетімізді қастерлеп, сыйлап, ат салысайық.

Қазіргі уақытта Қазақстан бір орында тұрған жоқ екені өзімізге белгілі, тәуелсіз мемлекетіміздің экологиялық жағдайлары жақсаруда, Қазақстан жерінен құнды қазба байлықтар, шикі зат экспорттары өндірілуде (мүнай, газ, алтын, руда, көмір, гранит және т.б.). Жоғарғы басшылардың қабылдаған зандарының өзі де халықтың ғана емес елдің дамуына әсерін тигізеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. МЕМЛЕКЕТТІК  РЕЖИМДЕР

 

          2.1 Мемлекеттің саяси режимнің түсінігі мен түрлері

 

 

Саяси режим – бұл мемлекеттік билікті жүзеге асыруға жәрдемдесетін тәсілдер мен әдістер. Мемлекеттік биліктегі тәсілдер мен әдістердің жиынтығына қарай екі түрлі режимді бөліп атауға болады–демократиялық және антидемократиялық режимдер. Демократиялық режимнің белгілері:

1) халық мемлекеттік билікті  жүзеге асыруға тікелей (азаматтардың  референдумға қатысуы) және өкілдік (халықтың билікті өзі сайлаған  өкілдік органдар арқылы жүзеге  асыруы) демократия арқылы қатысады;

2) шешімді көпшілік азшылықтың  мүдделерін ескере отырып қабылдайды;

3) мемлекеттік биліктің  орталық және жергілікті органдарының  сайланбалылығы және ауыспалылығы, олардың сайлаушыларға есеп беруі, жариялылық;

4) сендіру, келісу, келісімге  келу әдістері жиі қолданылады;

5) қоғамдық өмірдің барлық  салаларындағы заңның үстемдігі;

6) адам мен азаматтың  құқықтары мен бостандықтары  жарияланады және шын мәнінде  қамтамасыз етіледі;

7) саяси плюрализм, соның  ішінде көппартиялылық;

8) биліктің тармақтарға  бөлінуі және т.б.

Антидемократиялық режимнің бірнеше түрі болады: тирания, деспотизм, фашизм, тоталитарлық және авторитарлық режимдер.

Антидемократиялық режимге мына белгілер тән:

1) бір саяси партияның  үстемдігі;

2) бір ресми идеологияның  болуы;

3) бір меншік түрінің  болуы,

4) саяси құқықтар мен  бостандықтарды жоққа шығару;

5) қоғамның сословиелік, касталық және т.б. белгілер бойынша  бөлінуі;

6) халықтың төмен экономикалық  деңгейі,

7) м.жбүрлеу мен жазалау  шараларының үстемдігі;

8) сыртқы саясаттағы агрессиялық  сипаттағы әрекеттер және т.б.

Саяси режим негізінен әрқашан саяси-құқықтық режим. Себебі: саяси режим анықтамасы әрқашан қандай құқықтың немесе құқыққа қарсы нысан жақтарымен байланысты болып келеді.

Мемлекет өз территориясындағы елді әртүрлі режимде басқарады. Бұл режимдер көп ғасырлық тарихы бар елдерде қолданылады. Оның негізгі түрлері ол: Демократиялық режим және Антидемократиялық режим.

Демократия — грек тіліндегі «халық билігі» деген ұғымнан шыққан сөз. Демократиялық режимде мемлекеттің жоғарғы органы халық мандатына ие болады, билік демократиялық және құқықтық әдіспен халық мүддесіне сәйкес құрылады. Адам және азамат құқығы мен еркіндігі жан-жақты қорғалады және кепілдік беріледі, заң қоғамның барлық саласында үстемдік етеді. Осы сөздің тамыры айтып тұрғандай, халық өзін-өзі басқаратын қоғам құру, яғни қазіргі қалыптасқан бұл құрылым, халық өзін басқаратын бір адамды сайлап алып, оған сенім білдіріп, басқарту. Сондықтан демократиялық елде халыққа қажетті заңдарды шығару сол елдің сенім білдіріп өздері сайлаған депутаттары арқылы келісіліп, жүзеге асады. Сол халық сенім артып сайлаған депутаттары арқылы заңдар шығарылып, соған халық бірдей бағынады. Бұл демократиялық қоғамда халықтар өздері сайлаған президентінің, депутаттарының билігін, атқарып жатқан жұмысын бақылай алады. Демократиялық елде теңдік, бостандық, жариялылық басты бағыт болып, заң алдында бәрі бірдей болып, қоғамның құрылымына бағынады. Демократия - осындай ел басқаруды жақсартуға бағытталған ой саралық тұжырымдамаларымен жоғары бағаланылатын құрылым қоғамның құрылымына бағынады.3

Демократияың негізгі принципі - әділдік. Әділдікті адамдардың көріп, есту түсінігімен айналада болып жатқан құбылысты сезіну арқылы қалыптасатын көзқарасымен және өзара келісімге келу арқылы түсіністік туғызып немесе айналасында өтіп жатқан оқиғалар шындығын жүрегімен сезінуімен байқалады.

Демократияның ең бірінші негізгі шарты; адам құқығы.4 Егер адам құқығы сақталмаған жағдайда немесе сөз жүзінде сақтап, іс жүзінде жүзеге аспаған жағдайда «халық билігі» құқықтық демократия дегеніміз бос сөз болып қалады. Адамның табиғи құқығы сақталмаған жерде демократияның болуы мүмкін емес. Ал адам құқығының өмір сүріп, бұзылуына елдің конституциясы мен ел президентінің қызметі негіз болуы тиіс.

Демократиялық режимнің қоғамдық өмірдегі негізгі өзегі митингілер, жиналыстар, референдумдар, шерулерге қоғамдық ұйымдар арқылы азаматтар көптеген шешуші мәселелерге араласады.

Түрлі көзқарастағы қарсы пікірлер ашық айтылмайтын жерде ешқандай демократия болмайды. Көзқарас, пікір ашық айгылса қандай істің де келешегі түзеліп, жөнделе бастайды, яғни демократиялық қоғамның негізгі принциптері жүзеге аса бастаса, оның өзгеріп алға жылжуына септігін тигізетіндігін тарихтан білеміз. Мысалы, Кеңес Одағын басқарушылардың соңғысы М.С. Горбачев алдыңғы дамыған елдерде жиі болып, олардың жедел дамуына жол ашқан демократиялық қоғамның дұрыс екенін мойындауы арқылы және оны жүзеге асыруды қолдайтын сыңай таныту арқылы, одақтық республикаларының ыдырауына өзінің ықпалын тигізді. Сол арқылы екі ғасырдан аса Ресей отаршылығында болып келген Қазақстан да өзінің тәуелсіздігін алды. Демократиялық режимге, мысал ретінде Қазақстан Республикасының демократияландыру саясатын алайық.

Бүгінгі Қазақстандық саясаткерлер мен саясаттанушылар арасында демократия жөнінде түрлі ой-пікірлер айтылуда. Біреулердің ойынша демократия ұғымының өзі біздер үшін мүлде жат, сырттан таңылып отырған түсінік. Ал енді біреулері демократияның далалық тарихи тамырларына айрықша назар аударуды талап етеді. Қазақстан қоғамындағы демократия жөніндегі әңгімені халқымыздың тарихынан бастаған жөн болар. Негізі қазақ даласында демократия ежелден-ақ бар. Кәдімгі өзіміз күнде ауызға алып жүрген Дала демократиясы. Хандардың сайлануымен қатар Қасым ханның «қасқа жолы», Есім ханның «ескі жолы» және Тәуке ханның «Жеті жарғысын» еске алсақ та жеткілікті.

Дала демократиясының мықты тұғырларды тірек еткеніне билер институты да куә болып табылады. Яғни халықтың өзі беделді-ау дейтіндей ел ағаларына сенім білдіріп, олардың қолдарына билік тізгіндерін ұстатқан және бір ғажабы, олардың әлеуметтік жағдайы немесе басқаша айтқанда жинаған байлықтары шешуші рөл атқармаған. Ал адам құқығы кез келген жерде аяққа тапталмаған. Мүліктік жазаның өзі жазаланушының жағдайын мейлінше ескеріп отырған мемлекеттік емес құрылымдар арасындағы салауатты бәсеке қазақстандық қоғамды демократияландыруға тән сипаттар, міне осылар. Осы заманғы өркениет құндылықтарының арасында адам құқықтарының алатын орны ерекше. Ол құқықтар дүниежүзілік қауымдастықта өзінің лайықты орнын алуды ойлайтын әрбір мемлекетте қоғамдық өмірді демократияландыру қажеттігін толық мойындауға негізделген болу тиіс.

Демократияландыру процесінде мемлекеттік өкімет билігі институттары мен қоғамның саяси, мәдениетін жетілдіру ерекше рөл атқарады. Қазіргі қоғамдық дамуға тән нәрсе қоғамның неғұрлым ашық бола түсуі және адамның құқықтарын құрметтеуге мән беруі.

Құқықтың мемлекет жағдайында ең алдымен құқықтық заңдардың, соның ішінде әсіресе, негізгі заң ретінде Конститутцияның басымдығы сөзсіз қамтамасыз етілетін болуы тиіс. Одан соң әрбір адамның, азаматтың, әр түрлі ұжымдар мен ұйымдардың бостандықтары мен құқықтарының заң жүзіндегі кепілдіктері туралы сөз етуге болады.

 

2.2 Антидемократиялық режим

 

Антидемократиялық режим – монархиялық, сондай-ақ республикалық басқару нысанында белгіленуі мүмкін. Олар мынадай белгілерімен сипатталады: толық түрде мемлекетті, яғни қоғам өмірінің барлық аясын: экономиканы, саясатты, идеологияны, әлеуметтікті, мәдени ұлттық құрылымдарды тексеруге тырысады; мемлекеттік билікті шексіз бір ортаға біріккен билік түрінде, шын мәніндегі бір өкілдіктегі органға не бірнеше органға біріктіру; бар өкілетті органдардың шын мәніндегі биліктің және органдар жүйесінде жоғары тұратын мемлекеттік биліктің атқару органдары жоқ, сол сияқты жазалау және әскери ұйымдар жоқ; барлық қоғамдық ұйымдарды мемлекеттендіру (кәсіподақты, жастар ұйымын, спорттық, т.б.); шын мәнінде жеке адамдарды субъективті құқықтарынан айыру, формалды түрде, тіпті конституцияда да жариялануы мүмкін.

Антидемократиялық саяси режимнің белгілері:

1.Демократиялық партиялар  мен ұйымдарға тыйым салынады;

2.Идеологиялық пікір алуандығы  болмайды, мемлекетте үстемдік етуші  идеология орнығады.

3.Сайлау жолымен құрылған  органдар болмайды.

4.демократиялық құқықтар  мен бостандықтар шектеледі.

5.Жаппай қуғын-сүргін  және заңсыздықтар орын алады.

6.Авторитарлық режим антидемократиялық  режимның бір түрі ретіндегі  сипаты дербестенеді, яғни, нақты  билеушілер түрінде көрініс табады, олар диктатура орнатады.

Тоталитарлық (латынның total - бүтін, тұтас деген ұғымын білдіреді) режим деп қоғам, адам өмірінің барлық салалары тұтасымен мемлекеттік бақылауға алынған мемлекеттік-саяси құрылымды айтамыз. Онды өндіріс, экономика, бұқаралық ақпарат құралдары, білім, мәдениет, адамдардың жеке өмірі – бәрі тек мемлекеттің бақылауында болады.

Сөз бостандығы болмайды. Жеке меншік, бәсекелестік, нарықтық қатынастарға жол берілмейді. Азаматтық қоғамның элементтері жұмыс істегенімен, ол тұтасымен мемлекеттің қарамағында. Жеке басқа табынушылық, бір партияның идеялық күштілігі байқалады.

Ақырғы шектегі антидемократиялық режимге жататындары – тирания және деспотия, сонымен бірге фашизм, расизм, апартеид, сегерегация. Тоталитарлық режимнің бір нысанына, әскери немес төңкерістің нәтижесінде пайда болған – клика не хунта.

Деспотизм - [ көне грекше: δεσποτία - шексіз билік] -Мемлекеттік құрылым жүйесі, бағынушылардың құқы жоқ, билікті шектен тыс қолданатын, шексіз монархия. Деспотизм классикалық түрі Ежелгі Шығыс мемлекеттеріне тән (Ассирия, Вавилон, Қытай империясы).

Ауыспалы мағынасында еркіндік, бостандықты қайырымсыз жаншу, қарамағындағыларға күш көрсетіп, езіп-жаншу.

Деспот (көне грекше: δεσπότης) - шексіз, қатал билеуші, тиран.

Тирания - [ гр. tyrannia ] - Ежелгі Грекияда әдетте күш қолдану арқылы орнатылған, тиранның бір өзі билеп-төстеуіне негізделген билік және басқару түрі. Тирания б.д.д. VII-VI ғасырларда текті ақсүйектер мен дамып келе жатқан демос арасындағы күрес нәтижесінде пайда болды. Тиран қоғамның қалыпты өмір сүруі үшін бір-бірімен бітіспес қайшылықтағы күштерді ымыраластыру қажеттігінен туындады. Көпшілік тирандардың әлеуметтік және саяси, қоғамдық реформалары демостың жағдайын түзеуге, жақсартуға бағытталды. Қазіргі қолданыстағы "тирания" ұғымы ауыспалы мағынасында, деспотияға негізделген басқаруды білдіреді.

Фашизм -  [итальянша  fascismo - одақ, буда]  Билікті сакрализациялау, мемлекеттің, оның диктаторлық функцияларының қызметінің күшеюі,  демократиялық еркіндіктермен күрес, адам құқының күрт шектелуі, шовинизм, расизм, экстремистік ұлтшылдық, элитаризм, әскери агрессияға талпыну сияқты қатал реакциялық тәртіп орнату және агрессиялық соғыстар жүргізу мақсатына бағытталған буржуазияның саясатын ашықтан-ашық қолдайтын террорлық диктатура. Ф а ш и з м н і ң германдық түрі шектен шыққан  ұлтшылдығы мен расизмге орай, «нацизм» деп  аталады.

Расизм - [франц. race, итал. razza - топ, жануарлар немесе өсімдіктер түрі] - биологиялық, психикалық және әлеуметтік қатынастарда адамдардың теңсіздігі жөніндегі ілім. Нәсілшілдік теориясының жақтастары нәсілдік айырмашылықтардың тарихқа, мәдениетке, қоғамның даму қарқынына шешуші ықпал ететінін айтады. Халықтардың о бастан теңсіздігі жөніндегі көзқарастар ерте дүниеден, құлиеленушілік дәуірден бастау алады. Отарлық соғыстар заманында бұл көзқарастар күшейе түсті. Нәсілшілдік тұжырымдамаларының бірін XIX г. ортасында француз Ж.А. Гобино ұсынды, ол "жоғарғы нәсіл" деп арийлерді (үндіеуропалық халықтар, үндіиран тілдік қауымдастығына жататындар; тар мағынада - солтүстік герман халықтарының өкілдері) атады. XX ғ. нәсілшілдік теориялар фашистік және нацистік тәртіптердің ресми идеологиясы қызметін атқарды. Кейбір елдерде расизм нәсілдік кемсітушілікті, сегрегация мен апартеидті ақтау мақсатында қолданылады.

 

2.3 Тоталитарлық саяси режим

 

Тоталитаризм – саяси режим ретінде, абсалютті (тоталды) түрде, әр адамның әр түрлі өмірінің жан-жақтарын және барлық қоғамды тұтасымен бақылауға негізделген. Оның негізінің маңызды жағына авторитарлық режимнің шектен шығатын көрінісіне биліктің бәрін қамтуға бәрін тексеруге тырысуы.

Информация о работе Қазақстан Республикасы Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет ретіндегі маңызы