Қазақстан Республикасы Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет ретіндегі маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2015 в 18:12, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі: Мемлекет типін анықтауда мемлекет нысаны сияқты түсінік көмектеседі. Мемлекет нысаны түсінігі басқару қалай қалыптасатынын, кім басқаратынын, мемлекет бөліктері мен тұтас мемлекет арасында өзара байланысты, билікті жүзеге асыру үшін қандай әдістер қолданылатындығын білуге мүмкіндік береді. Мемлекет нысаны туралы біршама толық түсінікті оның үш құрамдас бөліктері – басқару нысаны, мемлекеттік құрылым нысаны және мемлекеттік құқықтық режим береді.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1.ҚАЗІРГІ УАҚЫТТАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІ БАСҚАРУ НЫСАНЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.......................................................................................................5
1.1 Мемлекет нысанының ұғымы..............................................................................5
1.2 Мемлекеттің басқару нысанының ерекшеліктері.............................................10
1.3 Қазақстан Республикасы Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет ретіндегі маңызы......................................................................................12
2. МЕМЛЕКЕТТІК РЕЖИМДЕР.............................................................................15
2.1 Мемлекеттің саяси режимнің түсінігі мен түрлері.........................................15
2.2 Антидемократиялық режим................................................................................17
2.3 Тоталитарлық саяси режим................................................................................19
2.3 Демократиялық режим........................................................................................23
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................25

Прикрепленные файлы: 1 файл

мемлекет нысаны.docx

— 70.30 Кб (Скачать документ)

«Тоталитаризм» ұғымы латынның «totalis» деген сөзінен шыққан, бүкіл, тұтас, толық дегенді білдіреді. Оны ХХ ғасырдың басында айналымға енгізген итальян фашизмінің идеологы Дж.Джентиле. Бұл түсінік алғаш рет 1925 ж. итальян парламентінде айтылды. Итальян фашизмінің жетекшісі Б.Муссолини оны саяси сөз қорына енгізді. Жаңа саяси режим ретінде Б.Муссолини тоталитаризмнің мәнін былайша тұжырымдады: «барлығы да мемлекетте, мемлекеттен тыс ештеңе жоқ, мемлекетке ештеңе қарсы емес». Кейінірек бұл ұғымды неміс және американ саясаттанушылары қолданды. Ф.Хайектің «Дорога к рабству» (1944), Х.Арендтің «Истоки тоталитаризма» (1951), К.Фридрихтың «Тоталитаризм» (1954), К.Фридрих пен З.Бзежинскийдің «Тоталитарная диктатура и автократия (1956), Р.Аронның «Демократия и тоталитаризм» (1958) атты еңбектерінде бұл құбылыстың тұжырымдамалық жағынан жете зерттелуіне қол жеткізілді.

Тоталитаризм тек ХХ ғасырда ғана шындыққа айналғанымен, оның идеялық қайнар көздері ежелден бастау алады. Көптеген тоталитарлық идеялар Шан Янның, Платонның, Т.Мордың, Т.Кампанелланың, Г.Бабефтың, Р.Оуэннің, А.Сен-Симонның, Ш.Фурьенің, Фихтенің, Гегельдің, Маркстің, Ницше және т.б. шығармаларында да болды. Алайда, саяси режим ретіндегі тоталитаризм идеялары тек ХХ ғасырда ғана кеңінен тарап, тәжірибеге енді. Тоталитарлық саяси режимнің пайда болуына ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы объективті процестер мүмкіндік берді. Тоталитаризмнің алғышарттары көп түрлі және қоғамдық өмірдің шаруашылық, саяси, әлеуметтік салаларынан шығады. Олардың негізінде дүниетанымдық алғышарттар мен психологиялық факторлар жатыр.

Адамзат қоғамы дамудың индустриалдық сатысына аяқ басуы жаппай көпшілік коммуникацияның тармақтанған жүйесін құруға себепші болды, тұлғаға идеологиялық және саяси бақылау жасаудың технологиялық мүмкіндіктері пайда болды. Индустриалдық еңбектің өскелең бөлінісі мен мамандандырылуы өмірдің дәстүрлі формаларын бұзды, тұлғаны нарықтың сұрапыл және бәсекелестік әлемі алдында қорғансыз етті. Әлеуметтік қатынастардың күрделенуі әмбебап реттеуіш және мүдделері сәйкес келмейтін индивидтердің өзара әрекетін ұйымдастырушы ретінде мемлекет рөлінің күшеюін талап етті. Тәжірибе көрсеткеніндей, тоталитарлық саяси режимдер, әдетте, төтенше жағдайлар: қоғамдағы үдей түскен тұрақсыздық; өмірдің барлық жақтарын қамтыған терең дағдарыс; ақырында, ел үшін өте маңызды стратегиялық міндеттердің шешілуінің қажеттігі барысында пайда болады.

Айта кеткен жөн, тоталитарлық саяси режимдер қалыптасуының объективті алғышарттары ХХ ғасырдың бірінші жартысында көптеген әлем елдерінде өмір сүрді. Бірақ, дәстүрлері берік, демократиялық мәдениеті дамыған жерлерде мемлекет тек азаматтық қоғамды ығыстыра түсті, дегенмен, оның институттары мен ұйымдарын жоймады, ол өзінің билігін монополиялауға ұмтылмады. 30-40-жылдардағы уақыттың үндеуіне терең демократиялық дәстүрлері бар қоғамның қалай жауап бергенінің жарқын мысалы АҚШ президенті Ф.Рузвельттің «жаңа бағыты» болып табылады. Қарама-қарсы реакция демократиялық дәстүрлер мен азаматтық қоғамның дамыған институттарына ие емес елдерде, Германия мен Ресейде (КСРО) болды. Нақ осы елдерде 30-40-жылдарда тоталитарлық саяси тәртіп орнықты. Тоталитарлық саяси режимнің қалыптасуы адамзатқа қайғы-қасірет әкелетіні белгілі.

Айта кету керек, тоталитарлық саяси режимнің іс жүзіндегі шарты – экономикалық және саяси биліктің арасына шек қою, индивидтің экономикалық еркіндігі болып табылатын азаматтық қоғам болмайды.

Тоталитаризмде меншік толығымен мемлекетке тиісті және оның қатал бақылауында болады. Бұл болмай қалмайтын билік монополиясын тудырады, сондай-ақ, саясат пен экономиканың тетіктері бір жерге біріктіріледі, сөйтіп, мемлекеттің мәжбүрлі жалпыға бірдей билігіне алып келеді. Тоталитарлық саяси режимнің қалған ерекше белгілерінің бәрі осыдан келіп шығады. Тарихтан белгілі дәстүрлі деспоттық режимдерге қарағанда тоталитарлық жүйе белгілі бір уақыт ағымында басқарушылар мен басқарылатындар арасында консенсус сақталатын ішкі бірлігімен ерекшеленеді.

Тоталитарлық режимның белгілері:

1. Мемлекетте бір ғана  саяси партия үстемдік етеді, ол мемлекеттік биліктің ұйтқысы  болады.

2. Бір ғана идеология  үстемдік етеді, идеологиядағы плюрализмге  төзбеушілік етек алады.

3. Қоғамда жеке адамға  табыну мемлекет тарапынан қамтамасыз  етіледі.

4. Мемлекет әкімшіл-әміршіл  жүйе арқылы басқарылады.

5. Азаматтардың құқықсыздығы, олардың жүріс-тұрысы мен іс-әрекеттерінің  жөн-жобасы қатал түрде реттеліп, жүзеге асырылады.

 Халық дін ретінде  бір идеологияға сенеді, бағынады. Барлық іс-әрекеттер алдын ала  жоспарланған, жоғарыдан түсетін  бұйрық арқылы жүзеге асырылады, жекелікке, даралыққа жол берілмейді. Мемлекеттің идеясына қарсы шыққандарды  «халық жауы» деп құртады. Оппозицияны  болдырмайды.

Тоталитаризмнің үш түрі ХХ ғасырда болған. Ол Италиядағы Муссолини кезіндегі фашизм, Германиядағы Гитлер кезіндегі национал-социализм және Кеңес Одағындағы Сталин негізін салған коммунизм. Бұл мемлекеттегі идеологияның күштілігінен осы елдер өз уақытында ірі мемлекеттерге айналды. Авторитаризммен органикалық байланыстағы және одан тек тоталдығымен (лат. totalis-жалпы, жаппай, барлығын қамтитын), яғни акциялардың, әрекеттердің бәрін қамтып, жекелікті жоққа шығарушылығымен ерекшеленетін ерекше саяси режим.

Саяси өмірде тоталдық идеясы ежелден белгілі. Адамдардың тіршілік әрекеттерін жаппай қадағалау мен оны толықтай реттеудің қажеттілігін ежелгігрек философы Платон  (б.д.д.428-348 жж) ұсынып, талдаған болатын. Ол идеалды мемлекетте адамдардың барлық өмірі қатаң  ережелерге бағынуы керек деп есептеді. Тек мемлекет қана жеке мүдделерді ортақ мүдделерге бағындырып, заңдарды қолдану арқылы қоғамда тәртіп орнатуға міндетті.

Қытай императоры Цинь Ши-Хуанди (б.д.д. 259-210 жж) Фацзы (легистер) мектебінің идеяларына сүйене отырып, билікті орталықтандыру мен бірпікірлілікті қалыптастыру арқылы тоталитарлық идеяларды жүзеге асыруға талпынды. Ол ұлы қытай ойшылы Конфуцийдің еңбектерін еркін ойлаудың уағыздаушысы ретінде отқа жақты.

 Дегенмен тоталитаризм  ХХ ғ. жемісі болып саналады. Ғасырдың  саяси процесіне өзіндік қолтаңбаларын  қалдырған ірі тоталитарлық мемлекеттер  осы ХХ ғ. пайда болды.

Итальяндық фашистердің лидері Бенито Муссолини өзінің 1932 ж. жарық көрген «Фашизм доктринасы»  атты еңбегінде тоталитаризмнің бір түрі фашизмнің идеологиялық концепциясын нақты және айқын түрде баяндап берді. Онда ол, ең алдымен,мемлекетшіл ретінде көрінеді. Ол: «Мемлекет халықтың ұжданы мен еркінің білдірушісі болды. Либерализм Мемлекетті индивид үшін жоққа шығарды; фашизм индивидтің нағыз мәнінің жоқтаушысы ретінде Мемлекет құқығына көңіл аударады» деп есептеді.

Мемлекеттің басымдылығына баса назар аудара отырып, ол әрдайым бұл терминді бас әріппен жазады: «Мемлекеттің фашистік концепциясы барлығын қамтиды: одан тыс ешқандай адами, рухани құндылықтар болмайды немесе ондай құндылықтардың мәні өте төмен болады. Осындай түсініктегі фашизм тоталитарлық және фашистік Мемлекет – ол өзіне барлық құндылықтарды жинап алатын синтез және бірігу, -  халықтың барлық өмірін түсіндіреді, дамытады және күш береді».

Муссолинидың доктринасында күш көрсету факторы неміс национал-социализмі мен кеңес коммунизмі доктриналарындағыдай  айқын көрінбейтіндігін байқауға болады.

Адольф Гитлердің атышулы «Менің күресім» атты кітабында герман национал-социализмінің болашақ саяси практикасы ашық түрде баяндалған. Онда бірінші орында – национал-социалистік мемлекеттің мүдделері, нәсілшілдік, сонымен қатар антисемиттік, антикоммунистік идеологиямен қаруланған неміс ұлтының этникалық үстемдігі баяндалған.

Тоталитарлық жүйе ретіндегі коммунизм идеологиясы жаңа тапсыз қоғам құрудың кеңестік тәжірибесінің негізінде қалыптасты. Әрине, оның бастапқы принциптерін К.Маркс берген болатын, ол пролетариаттың таптық диктатурасының ерекше креативтік рөлі туралы  ережелерінде еуропалық елдердегі революциялық тәжірибені зерттеу негізінде осы диктатураның тарихи болмай қалмайтындығы мен қажеттілігін баса атап өтті. К.Маркстың іліміндегі пролетариат диктатурасын орнату қажеттілігі идеясын мойындай отырып, В.И.Ленин бұл диктатураның орнауы таптық күрестің тарихи кезеңіне, азамат соғысына, мемлекетаралық қайшылықтарға алып келеді деп көрсетті. Аталған саяси процесте күш көрсету факторы шығармашылық рөл атқарады. Тек күш қолданудың негізінде ғана жаңа қоғамның пайда болуы және дамуы мүмкін.

Яғни, «сталинизм» ерекше ілім болып саналмайды, өйткені ол өзінің мазмұны бойынша  Лениннің тоталитарлық идеяларын іс жүзінде толықтай жүзеге асырған тоталитарлық практика еді.

Тоталитарлық режимдер демократиялық дәстүрлері әлсіз әлемнің көптеген елдерінде қалыптасты, олар: азаматтық соғыстың нәтижесінде демократиясы күйреген Испания, Қытай, Солтүстік Корея, Куба, Румыния, Албания, Югославия. Чехословакия, Венгрия, Польша, ГДР секілді социалистік бағыттағы Еуропаның бірқатар елдерінде КСРО-ның қысымымен тоталитарлық тенденциялар қалыптасты.

Тоталитарлы саяси жүйе - мемлекеттің қоғамға және жеке адамға толықтай, тұтас бақылау орнатуымен сипатталатын саяси жүйенің бір түрі. Оған тән ерекше белгілер: азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының барынша бұзылуы; барлық деңгейдегі биліктің жоғарыдан тағайындалуы; билік бөлінісі принципінің жойылуы, яғни, биліктің барлық - атқарушы, заңшығарушы, сот тармақтарының тұтасып кетуі; басында көсемі бар бір ғана билеуші партияның болуы және оның мемлекетпен тұтасып кетуі; басқа партиялардың және ұйымдардың қызметінің ресми "қозғалыс" қызметімен алмастырылуы; қоғамның барлық мүшелеріне бір ресми идеологиялық доктринаның таңылуы; тек қана мемлекеттік нысандағы бұқаралық ақпарат құралдарының болуы, қандай да болмасын ақпараттың қатаң "сүзгіден" өткізілуі; үздіксіз әрі тұтастай зорлыққа негізделген мемлекеттік ұйымдасқан лаңкестік.

  

 

 

2.3 Демократиялық режим

 

Демократиялық режим – жеке адамның дұрыс өмір сүріп, барыншы толық дамуын қамтамасыз етуге керек. Мұндағы саяси режимде азаматтардың құқығы мен бостандығы тек мойындалып қоймай, кепілдік беріледі, қамтамасыз етіледі және халықтың қатысуымен құрылған мемлекеттік органда-рымен тікелей және өкілеттік демократияның көмегімен қорғалады.

Мұндай режимде ел халқының кең әлеуметтік жіктері, халық, демос (гр.сөзі demos — халық) қоғамды, қоғамдық істерді басқарып, билікті жүзеге асырады. Демократия — әлеуметтік өмір агенттері өздері құрған билік құрылымында шешімдердің қабылдануына тең дәрежеде қатыса алатын басқару формасы болып саналады. Демократияны ерекше әлеуметтік құндылық дей отырып, ежелгі грек ойшылы Демокрит былай деген: "Демократиядағы кедейлік патша кезіндегі молшылықтан (азаматтардың) қаншалық артық болса, еріктілік құлдыққа қарағанда соншалық жақсы".

Демократия өз тамырын алғашқы басқару құрылымдары мен шешімдерді әлеуметтік өмірдің қатысушылары тікелей өздері қабылдаған қоғамның мемлекетке дейінгі кезеңінен алады. Тарихи әдебиетте, саяси ойлар тарихында, негізі Афины қала-мемлекетінің ерікті ата-анадан туған азаматтары болған ежелгігректік афины демократиясы толықтай сипатталған. Алайда Афины қала-мемлекетінің ересек тұрғындарының барлығының бірдей биліктік мәселелерді шешуге қатысу құқығы болмады. Қатысу қүқығына құлдар, өте ірі қала-порт, экономикалық өмірдің орталығы Афиныға сауда, қолөнер, экономикалық пайда үшін келген әр түрлі тектегі келімсекгер ие бола алмады. Афинылық демократия туыстық және сословиелік құрылымдардан шыққандықтан, ондағы демократиялық режимді қалыптастыратын әлеуметтік өмірдің агенті Афины азаматы, яғни ерікті ата-анадан туған, жынысы ер, жасьі кәмелетке толған афинылық болатын. Қоғамдық істерді шешу мен шешімдерді қабылдауға мүдделі адамдардың барлығының демократиялық жолмен қатысуы көптеген елдердің тарихында болды.

Демократиялық режим мынадай белгілерге тән: жеке адамға экономикалық деңгейде бостандық беру, себебі ондай жағдай қоғамның материалдық жақсылығын құрайды; шын мәніндегі азаматтардың құқығы мен бостандығына кепілдік береді, олардың мемлекеттің саясаты туралы өз пікірлерін айтуға, белсенді түрде мәдени және басқадай қоғамдық ұйымдарға қатынасуға мүмкіндігі; ел тұрғындарының мемлекеттік билікке тікелей ықпал ететін тиімді жүйе құруы; жеке адамның бассыздық пен заңсыздықтан қорғалғандығы, себебі, оның құқығы тұрақты құқық қорғау органдарының қарамағында; биліктің бір деңгейдегі, көпшілік пен азшылықтың мүдделерін қамтамасыз етуі. Мемлекеттік режим заңдарға негізделеді, жеке адамның және қоғамның объективтік қажеттілігін көрсетеді.

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Сонымен, бірінші мемлекеттің мәні қарастырылды. Оның ішінде мемлекеттің пайда болу теориялары, түсінігі және белгілері, мақсаттары мен міндеттері, қызметі мен сипаты ашылған.

Мемлекеттің нысандары үшке бөлінеді - басқару нысандары, мемлекеттік құрылым нысандары және саяси режим.

Басқару нысандар - монархия және республика болып жіктеледі. Монархия - құл иеленуші, феодалдық және буржуазиялық болып келеді. Ал, республика - парламенттік және президенттік болып табылады.

Ұлттық-мемлекеттік құрылым нысандары - федерация, біртұтас және конфедерация болып бөлінеді.

Саяси режим түрлер - демократиялық және террористік екіншісі өзінше тағы екіге жіктеледі. Авторитарлы және тоталитарлы.

Мемлекеттің басқару нысанына оның жоғарғы, орталық және жергілікті органдарының құрылуы, олардың қарым қатынастары қандай принциппен қалыптасты, халық олардың сайлауына қандай түрде қатысады деген сұрақтарға жауап береді. Мемлекет нысанының арасында басқару нысаны маңызды элемент болып саналады.

Басқару нысаны жоғарғы мемлекет билігінің әдісін ашады, оның органдарының өзара қарым қатынасын және халықпен қатынасын, тұрғындарды белгілі нысанға келтіру дәрежесін анықтайды.

Жалаң фактілерге келер болсақ, олар келесідей: мемлекет типологиясына деген формациялық көзқарастың бөліну критерийі қоғамдық экономикалық формацияның типі. Ол - құлиеленуші, феодалды, капиталистік және социалистік мемлекеттерде орын алған. Мемлекет типологиясында өркениетті көзқарастың бөліну критерийі өркениет типі - ежелгі шығыс, ежелгі афиндік, ежелгі Римдік, орта ғасырлық және қазіргі тандағы мемлекетте көрініс табады.

Қазіргі таңда, қоғамдық дамудың марксистік концепциясының жалпы дадарысымен байланысты, методологиялық дағдарысты бірте бірте жеңіп жатқан отандық мемлекет және құқық теориясы мемлекет нысандарының негізгі сипаттамаларының бірі ретінде мемлекеттік құрылым нысанын біршама толық және жеткілікті негізді түсінуін ұсына алады, бұл нысандардың бршама салмақты саралануын бере алады, олардың дамуының біршама шынайы болжамын белгілей алады. Бұл елдің аумақтық құрылымын біршама тиімді ұйымдастыру нысанын іздестіру кезінде елдің саяси өмірі үшін өте маңызды.

Информация о работе Қазақстан Республикасы Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет ретіндегі маңызы