Тәуекелді отбасы
Дипломная работа, 12 Ноября 2013, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Отбасының әл-ауқаты – бұл кез келген елдің дамуы мен ілгерілеуінің өлшемі. Қазiргi кезде жас ұрпақтың рухани мәдениетiн дамытудағы отбасының ешбiр талас тудырмайтын рөлi жөнiндегi ой-пiкiрлер ғылыми түрде дәлелденген. Осы ретте аса күрделi үдерістерді талдау, отбасының қазiргi әлеуметтiк-мәдени жағдайдағы рөлiн айқындау маңызды. Бұл орайда қат-қабат проблемалардың қордаланып қалғанын ешкiм де жоққа шығара алмайды. Қазіргі таңда отбасы қиын кезеңді басынан өткізуде. Ажырасу мен толық емес отбасылар, отбасындағы кризис, жасөспірімдер арасындағы қылмыс, тәрбие саласының құлдырап, қоғамдағы жат қылықтардың көбеюі, қазіргі кездегі отбасының жауапкершілігінің төмендеуі, заңсыз отбасы құру, некесіз баланың туылуы, тастанды бала, т.б. қазіргі отбасының мәселелерін зерттеуді қажет етеді.
Содержание
КІРІСПЕ 3
1
ТӘУЕКЕЛДІ ОТБАСЫ МӘСЕЛЕСІН ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ ЗЕРТТЕУДІҢ НЕГІЗДЕРІ
1.1
Тәуекелді отбасылар мәселесінің зерттелуі
5
1.2
Қазақстандық «тәуекелді отбасылар», олардың әлеуметтік мәселелері
14
2
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ «ТӘУЕКЕЛДІ ОТБАСЫЛАР», ОЛАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЛАРЫНА ТАЛДАУ ЖАСАУ
2.1
Қазіргі заманғы Қазақстандық отбасы және олардың жаһандану жағдайындағы өзгерістері
23
2.2
Тәуекелді отбасыларға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан
көмек түрлерінің көрсеткіштері
29
2.3
Кеңес беру – тәуекелді отбасы мәселесін шешудегі әлеуметтік зерттеу әдісі
40
3
«ТӘУЕКЕЛДІ ОТБАСЫ» МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕСІН ЖЕТІЛДІРУ
3.1
«Тәуекелді отбасылардың» әлеуметтік мәселесін шешудегі ұйымдастыру жұмыстарын жетілдіру
47
3.2
Тәуекелді отбасының қазіргі проблемаларын шешу үлгілері
52
ҚОРЫТЫНДЫ
61
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
63
МАЗМҰНЫ
Прикрепленные файлы: 1 файл
Айтолқын диплом.docx
— 398.61 Кб (Скачать документ)
3 «ТӘУЕКЕЛДІ ОТБАСЫ» МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕСІН ЖЕТІЛДІРУ
3.1«Тәуекелді отбасылардың»
әлеуметтік мәселесін шешудегі
ұйымдастыру жұмыстарын
«Тәуекелді отбасылардың» әлеуметтік мәселелері - мемлекеттің басты мәселелерінің бірі. «Тәуекелді отбасылардың» тобындағы отбасыларды әлеуметтік қорғау келесідей негізгі бағытпен орындалады: әлеуметтік қызмет ету, әлеуметтік көмек көрсету және т.б.
«Тәуекелді отбасылардың» тобындағы отбасыларын күрделі проблемалар кешені деуге болады, олармен жұмыс істеу үшін жан-жақты дайындық, материалдық, қаржылық, демеушілік қолдау көрсету тәжірибесі керек.
Отбасы проблемаларын тек жан-жақты зерттегенде ғана жағдайды жақсартуға болады, бірақ олардың тұрақтылығына кешенді іс-шараларды ұзақ уақыт өткізіп барып қол жеткізуге болады. Соңғы нәтижеге бірнеше процесстерді жүргізгеннен кейін жетеді, сондықтан әр кезеңде атқарылатын іс-шараларға мұқият болу керек.
«Тәуекелді отбасылардың» тобындағы отбасылармен жұмыс істегенде мына принциптерді ұстанған жөн: шыдамдылық, уақыт, себеп-салдарларды анықтау. Бұл санаттағы отбасылардың байланысқа ашық түспейтінін, мамандардан көмек сұрамайтынын, ал байланысқа түсе бастасаң қарсылық көрсететінін есте ұстаған жөн. «Тәуекелді отбасылардың» тобындағы отбасылармен жұмыс істеу үшін әлеуметтік жұмыс, психология, әлеуметтану, психиатрия салаларынан білімнің болуын қажет етеді. Мұндай отбасылармен жұмыс жасайтын әлеуметтік қызметкердің міндеттері мынадай болуы керек:
-Баланың жеке тұлға болып қалыптасуына және дамуына кері ықпалын тигізетін отбасының нақты проблемарын шешуге байланысты ақыл-кеңестер беру, үйлестіру;
-Отбасыларындағы дағдарыстық жағдайларда отбасының барлық мүшелері үшін бітістіруші міндетін жүзеге асыру, жанұяның мүмкіншілігін үйлестіру және жұмылдыру;
-Отбасындағы климатқа талдау жасай отырып, үйдегі жағдайға жағымды әсер етуді жүзеге асыру;
«Тәуекелді отбасылардың» тобындағы отбасылармен жұмыстың негізгі бағыттары:
- Ата-аналармен сенімділік қарым-қатынастарды қалыптастыру, байланысқа түсу;
- Әңгімелесу, келесі кездесудің уақытын белгілеу (отбасының барлық мүшелері шақырылады);
- Үйлеріне бару, ата-аналарымен, туыстарымен, айналасындағылармен танысу;
- Отбасын зерттеу және сырттай бақылау;
- Отбасын әлеуметтік-педогогикалық және психологиялық диагностикалау. -
-Тәрбиелеу ортасын зерттеу. Ата-аналары мен олардың әлеуметтік статустарын, тұрмыстық және материалдық жағдайларын анықтау. Балалары мен ата-аналары арасындағы қарым-қатынасты зерттеу;
- Отбасы сәтсіздіктерінің себептерін анықтау;Отбасылық тәрбие жөнінде ата-аналарды психологиялық-педогогикалық ағарту; Отбасына практикалық көмек және психологиялық қолдау көрсету болып табылады.
Әлеуметтік
қызметкердің көп балалы отбасыларымен
жұмыс жүргізуінің негізгі
- Көп балалар отбасыларын анықтау және есепке алу, кешенді мінездеме құрастыру жөніндегі жұмыстар, отбасы мүшелерінің саны. Соның ішінде көп балалы отбасылармен бірге тұратын балалары, өзге де туысқандары, ата-аналар мен балалардың жынысы мен жасы, отбасының материалдық жағдайы мен ата-аналарының жұмыс істейтін орны мен табыс көлемі, отбасы құрамындағы жасөспірімдердің жұмыс істейтіндігі, істемейтіндігі және табысы туралы мәлімет.
- Түрлі жәрдемақылар, жеңілдіктер алуға көп балалы отбасы үшін қолданылатын жәрдемақылар мен жеңілдіктер туралы ақпаратты алуға көмектесу.
Әлеуметтік
қызметкер кедей отбасыларымен
жұмыс жүргізуінің бағытына
- Осындай тектегі отбасыларды анықтау. Оларды қадағалап, олардың
сұраныстарын, бала тәрбиесінің ерекшеліктері мен отбасы ішіндегі қарым-қатынастарын зерделеу арқылы отбасылардың типтерін анықтау, сол сияқты басқа да мамандар мен ұйымдарды тарта отырып көрсетілетін көмектерді анықтау.
- Заң көмегін көрсету: кедейшіліктегі отбасылар мен олардың
мүшелерінің мүдделерін қорғау, кедейшіліктегі адамдарға түрлі кеңес беру қызметін көрсету, құқықтарын қорғау және тағы басқа.
- Қажет болған жағдайда психологиялық көмек беру қызметін жіберу.
- Осы санаттағы адамдар тұратын аумақтағы кәсіподақ ұйымдарымен,
кәсіпорындар мен ұжымдардың әкімшіліктерімен бірге отырып, олардың бос уақыттары мен демалысын өткізуді ұйымдастыру.
- Жұмысқа орналасуына көмек көрсету, кәсіптік оқыту мен қайта
даярлау үшін клубтар, үйірмелер, орталықтар ұйымдастыруға жәрдемдесу.
- Кәмелетке толмағандарды жұмысқа орналастыру.
- Ассоцияциялар, бірлестіктер, өзіне-өзі көмектесетін топтар құруға
іске кірісетін топтармен, жеке адамдармен араласуын ұйымдастыруға көмек көрсету.
- Түрлі курстар, үйірмелер мен мектептер ұйымдастыруға көмектесу.
- Арнайы қорлар ашу[27].
Жұмыссыз отбасылармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс жүргізудің негізгі бағыттары;
- Жұмыссыз отбасыларын әшкерелеу, оларды сыртынан қадағалау, олардың жай-күйі мен сұранысын зерделеу. Мұндай отбасын талдау үшін мәліметтер керек: отбасы мүшелерінің, соның ішінде балалардың саны; ата-аналар мен балалардың жынысы мен жасы; отбасының материалдық жағдайы; отбасындағы жұмыссыздардың саны; жұмыссыз болу кезеңі, оның себептері; тұрғын үй жағдайы; ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынас; балалар мен ата-аналардың денсаулық жағдайы; бала кезінен науқас, мүгедектердің саны; жұмыссыздың білім деңгейі; жұмыссыздың мамандығы, оның еңбек өтілімі, балалардың оқитын және қандай оқу орнында оқитыны жайлы мәлімет; олардың оқу үлгерімі; оқымайтын және жұмыс істемейтін балаларының бар жоқтығы, оның себептері; отбасы мүшелерінің әлеуметтік үйлеспейтін қылықтары, оның типтері; жазғы демалыстарын өткізу мүмкіндіктері; отбасын қызықтыратын мәселелер шеңбері және басқалары.
- Негізгі проблемаларды анықтау, әрбір нақты жағдайда ұсынылуы мүмкін көмектің бағытын жобалау;
- Мейлінше күшті ұйымдастырылған заңды көмек көрсету жұмыссыз және отбасы мүшелерінің мүдделерін қорғау, кеңес беру қызметін көрсету.
- Жұмыссыздар мен отбасы мүшелерін психологиялық көмекпен қамтамасыз ету.
- Балалардың бос уақыты мен демалысын үйымдастыру.
- Жұмыссыздың өзіне, оның отбасы мүшелеріне, соның ішінде кәмелетке толмағандарына жұмысқа орналасуына көмектесу.
- Өзіне-өзі көмектесетін топтар құруға жәрдемдесу.
Жұмысы барларды да, сол
сияқты жұмыссыздарды да оқыту
мен қайта дайындау мақсатында
курстар, үйірмелер ашуға,
- Міндетті материалдық қаражат іздестірумен оны бөліп беру ғана
емес, сонымен бизнеспен айналысуға ниет білдіретін балаларды іздестіру болып табылатын балалар қорын құруға және ондай балалардың кәсіби бағдар алуын және әрі қарай оқуын ұйымдастыруға көмектесу.
- Әртүрлі материалдық көмек алуға көмектесу – кәсіпорынның
қысқартылуына байланысты компенсация
беру, кәсіптік оқыту мен қайта
даярлау және біліктілігін жоғарылату
курстарында оқитындарға
- Ақпараттық-ұйымдық, делдалдық қызмет көрсету.
Жұмыссыз азаматтар отбасынан шыққан «тәуекел топтағы балаларға» әлеуметтік көмек көрсету, осы отбасыларға қосымша көмек пен жеңілдік алуы үшін аз қамтылған отбасы мәртебесін беруге қатысты зерттеу жүргізу.
Отбасылық кеңес берудің техникасы
Отбасылық кеңес берудің процесін шартты түрде 5 фазаға бөлуге болады: байланыс орнату, проблемаларды анықтау, жұмыс фазасы, шешім мен әрекет фазасы және кері байланыс фазасы
Бірінші кезең - өтініш
иесімен байланыс орнату. Қорытындысы:
олармен өзара әректтесу шегін
анықтау. Ол бастапқы әңгіме-
Бастапқы әңгіме
дүкенде ата-аналардың
Тәжірибелі кеңесші
бір кездескеннің өзінде-ақ
Екінші кезең -
өтініш иесінің проблемаларын,
отбасының проблемаларын (
Әңгіме-дүкеннің сипаты
(басқарылатын немесе
Үшінші кезең –
жұмыстық. Қорытындысы: кеңес алушы
мен бірге проблемаларлы
Бұл кезең үшін
мынадай динамика тән: кеңес
алушы мен кеңесшінің
Төртінші кезең –
шешім мен әрекет қабылдау. Қорытындысы:
қалыпты табиғи жағдайдағы
Бұл кезеңде белгілі
бір кеңес беру теориясына
сүйене отырып, маман кеңес алушының
қалыптасқан жағдайдан шығу
Бесінші байланыс
– кері байланыс. Қорытындысы:
кеңес алушыны кеңес бер
Кеңесші ішінара
мұндай ақпараттарды кеңес
Кері байланыс
қағидасын бағдарға ала отырып,
Әлеуметтік қызметкердің отбасымен жұмыс жүргізудегі кәсіби және рухани адамгершілік қасиеттері тәуекелді отбасылар мәселесін шешуде көп көмекке келеді. Әлеуметтік қызметкерлер халықтың барлық топтарына әлеуметтік көмек көрсететін кәсіби, жоғары білікті мамандары. Соның ішінде отбасымен жұмыс жүргізудегі олардың орны ерекше. Себебі, отбасы өмірге бала әкелу, оны тәрбиелеу, қажеттіліктерін қанағаттандыру, яғни әлеуметтендірумен айналысатын әлеуметтік институт. Сондықтан шаңырақ шайқалмас үшін, келешек ұрпақ тәрбиелі, өнегелі, дені сау болып өсуі үшін отбасылық қатынастар дұрыс болуы керек. Ол үшін әлеуметтік қызметкерлердің көмегі қажет болады.