Тәуекелді отбасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2013 в 19:10, дипломная работа

Краткое описание

Отбасының әл-ауқаты – бұл кез келген елдің дамуы мен ілгерілеуінің өлшемі. Қазiргi кезде жас ұрпақтың рухани мәдениетiн дамытудағы отбасының ешбiр талас тудырмайтын рөлi жөнiндегi ой-пiкiрлер ғылыми түрде дәлелденген. Осы ретте аса күрделi үдерістерді талдау, отбасының қазiргi әлеуметтiк-мәдени жағдайдағы рөлiн айқындау маңызды. Бұл орайда қат-қабат проблемалардың қордаланып қалғанын ешкiм де жоққа шығара алмайды. Қазіргі таңда отбасы қиын кезеңді басынан өткізуде. Ажырасу мен толық емес отбасылар, отбасындағы кризис, жасөспірімдер арасындағы қылмыс, тәрбие саласының құлдырап, қоғамдағы жат қылықтардың көбеюі, қазіргі кездегі отбасының жауапкершілігінің төмендеуі, заңсыз отбасы құру, некесіз баланың туылуы, тастанды бала, т.б. қазіргі отбасының мәселелерін зерттеуді қажет етеді.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1
ТӘУЕКЕЛДІ ОТБАСЫ МӘСЕЛЕСІН ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ ЗЕРТТЕУДІҢ НЕГІЗДЕРІ
1.1
Тәуекелді отбасылар мәселесінің зерттелуі
5
1.2
Қазақстандық «тәуекелді отбасылар», олардың әлеуметтік мәселелері
14
2
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ «ТӘУЕКЕЛДІ ОТБАСЫЛАР», ОЛАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЛАРЫНА ТАЛДАУ ЖАСАУ
2.1
Қазіргі заманғы Қазақстандық отбасы және олардың жаһандану жағдайындағы өзгерістері
23
2.2
Тәуекелді отбасыларға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан
көмек түрлерінің көрсеткіштері
29
2.3
Кеңес беру – тәуекелді отбасы мәселесін шешудегі әлеуметтік зерттеу әдісі
40
3
«ТӘУЕКЕЛДІ ОТБАСЫ» МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕСІН ЖЕТІЛДІРУ
3.1
«Тәуекелді отбасылардың» әлеуметтік мәселесін шешудегі ұйымдастыру жұмыстарын жетілдіру
47
3.2
Тәуекелді отбасының қазіргі проблемаларын шешу үлгілері
52

ҚОРЫТЫНДЫ
61

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
63
МАЗМҰНЫ

Прикрепленные файлы: 1 файл

Айтолқын диплом.docx

— 398.61 Кб (Скачать документ)



 

5-кестеде Қазақстан Республикасының облыстары бойынша Облыстардың көбісінде және республика бойынша бұл жас 2005 жылдан бері өзгермеген.

20-24 жас аралығындағы  ажырасудан әйелдер ерлерден  асып түседі. Бұл әйелдердің ерлерге  қарағанда некеге ерте отыруына  және ерлі-зайыптылардың жас алшақтығына,  яғни ерлердің әйелдерден 1-5 жасқа  үлкен болуына байланысты. Оңтүстік  Қазақстан мен Қызылорда облыстарында  ажырасудың аз болу себебі, қазақтардың көп шоғырлануына байланысты. Екіншіден, жоғарғы ұрпақ өкілдерінің жұбайларға әсер етуі. 25-29 жас шамасына сәйкес ажырасу көрсеткішін анықтаймыз. Ерлер ішіндегі ажырасудан Алматы облысы – 4,6%, Жамбыл облысы – 4,1%, Қызылорда облысы – 3,5%, Оңтүстік Қазақстан облысы – 2,9% құрайды. Енді әйелдер бойынша Жамбыл облысында – 10,8%, Алматы облысында – 10,6%, Қызылорда облысында – 8,9%, Оңтүстік Қазақстан облысында – 27,8%.  25-29 жас аралығында ажырасудың негізгі себептері физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдай. Сонымен қатар ерлі-зайыптылардың әлі де жас болуына байланысты, болашақта жаңа отбасын құруға мүмкіндіктің болуы. Оның үстіне жастардың кейбірінде бала болса, кейбірінде болмайды.30-34 жас аралығында да ажырасу кездеседі. Тағы да Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында ажырасу екі жыныс бойынша төмен дәрежеде болуы, бұл өңірде қазақы дәстүрдің басым сақталуымен байланысты. Көрсетілген жас аралығындағы ажырасудың негізгі себептері жоғарыда атап көрсеткендей физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдай. Тағы бір айта кететін жайт, 30-34 жас аралығында ажырасуға тікелей әсер ететін ішкі отбасылық қатынас. Үй басшысы болуға талас, білім дәрежелерінің әр түрлі болуы, біреуінің мінезін екіншісінің көтере алмауы, әйел парызы мен еркек парызын түсінбеулері, ата-ене мен туған-туыстарының әсері, некеге кеш отыру.Сонымен қатар 35-39 жас шамасындағылардың арасында да ажырасу көп кездеседі. Бұған себеп – сезімнің жойылуы, материалдық жағдайдың жақсаруы, балалары өсіп, бұрынғыдай ерлі-зайыптыларды біріктіре алмауы, олар үшін бірге тұрудың қажетсіздігі, оның үстіне жұбайлардың біреуінің басқа адамда көңілінің болуы.

Ажырасулардың басты себептерінің бірі ретінде жұптардың сексуалдық сәйкес келмеуі аталды (3,75 пайыз), әйелі мен ерінің ой-өрісіндегі айырмашылықтар (14,75 пайыз), қызғаншақтық (16,25 пайыз), жұбайлардың өте жұмысбасты болуы (12,25 пайыз). Бала туа  алмау және  жұбайлардың біреуінің балалы болу ниетінің жоқтығы -7,5 пайыз. Әлеуметтік зерттеулердің мәліметтері  бойынша, әйелдердің 25 пайызы отбасындағы зорлыққа болашақтан үміт күткеннен шыдайды; 36,25 пайызы балалары үшін, жалғыз қалудан қорыққаннан-24,00 пайыз, материалдық тәуелділіктен - 23,25 пайыз, тұрғын үй  проблемасы-19,50 пайыз, әдет-11,50 пайыз, сүйгендіктен -6,75 пайыз, айналасындағы адамдардың пікірі -5,00 пайыз, діни және ұлттық құндылықтар -1,50 пайыз.   Зорлық-зомбылықтың түбіне балта шабу үшін әйелдің  өз жағдайын  өзгертуге деген ынтасы болуы керек. Қазақстан Республикасының заңнамасы және қоғамдық, мемлекеттік ұйымдардың қызметтері осы мәселелерді шешуге бағытталған. Ерлердің және жұптық серіктерінің агрессивті болуы көптеген жайларда психологиялық жаратылыстан болады: көңіл-күйдің нашар болуы – 41, 75 пайыз, жүйкесінің жұқаруы-37,25 пайыз, қызғаныш-33,00 пайыз,өз- өзіне көңілі толмау-15,75 пайыз, өзіне төмен баға беру-11,75 пайыз,  өзін-өзі артық санау- 4,00 пайыз, жақын адамын жоғалту - 0,50 пайыз, “тәрбиедегі олқылықтар”-12,50 пайыз.

Біздің елдегі тәуекелді отбасыларға әлеуметтік көмектің бірінші жүйесі – ол табысы кедейлік шегінен төмен аз қамтамасыз етілген отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек төленеді. Оның мөлшері жан басына шаққанда орташа табысы мен кедейлік шегі (ең төмен күнкөріс деңгейінің 40 пайызын құрайды) арасындағы айырма түрінде есептеледі. Бұған қатысты деректерге жүгінсек, 2011 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша республикада 194,5 мың адамға 2,8 млрд теңге сомаға АӘК тағайындалып, төленіпті. Атаулы әлеуметтік көмекті алушылардың 60 пайызға жуығын ауыл тұрғындары құрайды. Демек, бұл – атаулы әлеуметтік көмектің жалпы шығындар сомасының басым бөлігі де ауыл тұрғындарына бағытталды деген сөз. Тағы бір ескерер жайт, қазірде осы атаулы әлеуметтік көмек енгізілгелі бері оны алушылардың саны шамамен алты есеге төмендеді. Мысалы, 2002 жылы елде атаулы әлеуметтік көмек алатындардың саны бір миллионнан астам болса, 2010 жылы 200 мыңға жуық адамды құраған.

Сондай-ақ республикамызда  көрсетілетін әлеуметтік көмектің екінші бір түрі – балалы отбасыларға берілетін әлеуметтік көмек түрі. Біздің елде 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себетінен (ең төмен күнкөріс деңгейінің 60 пайызы) төмен болған жағдайда отбасындағы әр балаға 1 айлық есептік көрсеткіш, яғни 1512 теңге мөлшерінде балалар жәрдемақысы төленеді. Бұл еліміздің «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» заңы аясында жүзеге асуда. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін жәрдемақымен 750 мыңға жуық бала қамтылып, 9 млрд теңгеден астам жәрдемақы тағайындалып, төленді. Балалар жәрдемақысын төлеуге бөлінген жалпы соманың 75 пайызы ауылдық жерде тұратын балаларға бөлінгенін айта кету керек.

Бұдан кейін  үшінші бір әлеуметтік көмек бар. Ол аз қамтамасыз етілген отбасыларды әлеуметтік қолдау мақсатында тұрғын жайды ұстауға және коммуналдық қызметтердің ақысын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету бойынша жүзеге асады. Бұл «Тұрғын үй қатынастары туралы» заң аясында жүргізіледі. Соған сәйкес, 2010 жылы 184,5 мың отбасыға жалпы көлемі 3,5 млрд теңгенің тұрғын үй көмегі берілді. Ал, жалпы алғанда, дағдарыс жағдайында халықтың аз қамтамасыз етілген тобына уақтылы әлеуметтік көмек көрсету мақсатында 2008 жылдан бастап жыл сайын республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттерге нысаналы ағымдағы трансферттер бөлінуде. Осылайша 2008 және 2010 жылдар аралығындағы мерзімде осы мақсаттарға республикалық бюджеттен 10 млрд теңгеден астам қаражат, соның ішінде атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге – 3,37 млрд теңге, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақыларға – 6,8 млрд теңге бағытталды. Бұған қоса елімізде жоғарыда айтылған әлеуметтік көмектің үш түріне қоса жергілікті өкілдік органдардың шешімі бойынша әлеуметтік қолдаудың қосымша тағы 30 түрі көрсетіледі. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып айтарым, табысы төмен отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету – отбасының өмірлік проблемаларын тұрақты шешетін әрекет емес. Ол тек қана кедейлік проблемаларын шешуге бағытталған қосымша әлеуметтік қолдау болып табылады. Ал ең негізгі күшті біз лайықты еңбек жағдайын жасауға бағыттауымыз қажет.

Халықтың  бала туу деңгейін көтеріп, өлімді азайту мен салауатты өмір салтын қалыптастыру демографиялық саясат пен отбасын  нығайтудың 2010-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізгі мақсаты болып табылады. Сондай-ақ, онда 2010-2020 жылдар аралығында елімізде бала туу көрсеткішінің  артуына қолдау көрсету, өлім көрсеткішін  төмендету, миграциялық көрсеткіштерді оңтайландыру, отбасыларға жағдай жасау  шарттары көзделген. 2020 жылға қарай  балаға босану кезінде қайтыс болатын  аналар санын 100 мың адам ішінде 15-ке дейін, сәбилердің шетінеуін 100 мың  адамның ішінен 12 оқиғаға дейін  төмендету, әйелдер мен еркектердің  өмір сүру ұзақтығының ара айырмашылығын  биылғы 10,5 жылдан 2020 жылы 8 жылға дейін қықарту көзделген. Сонымен қатар, жәрдемақы көлемін арттыру, жас отбасылардың баспаналы болуы, еліміздегі мүгедектер мәртебесін халықаралық стандарттарға сәйкестендіру, халық өсімін шет елдегі қандастарымызды тарту есебінен көбейту қарастырылған. Республика Президенті Н.Назарбаев “Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы” атты Қазақстан халқына Жолдауында “Уақыт өтіп, қазына кірісі өскенде мемлекет үшін де, отбасын қолдауға тиімді демографиялық саясат үшін де қолайлы нысанда аналар мен балаларға мемлекеттік қолдау көрсетуге қаражат табамыз” деген болатын [21]. 2006 жылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша балалы отбасыларды қолдаудың тұтас жүйесі жасалды. Ол жүйе барлық отбасылар үшін бала туған кезде біржолғы жәрдемақы төлеуді, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жәрдемақы төлеуді, аз қамтамасыз етілген отбасылардағы 18 жасқа толмаған балалар үшін жәрдемақы төлеуді қарастырады. Балалар жәрдемақысының мөлшері отбасыдағы балалар санына қарай сараланады. Бірінші, екінші және үшінші бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы 30 АЕК-ті құраса, төртінші және одан кейінгі балаларға 2010 жылдан бастап 50 АЕК төленеді.

Әлеуметтік төлемнің жаңа түрі –  мүгедек бала тәрбиелеп отырған  ата-аналарға, қамқоршыларға 2010 жылдан бастап ең төмен жалақы мөлшерінде жәрдемақы енгізілді және мұндай мемлекеттік көмек түрі Қазақстан  азаматтарына бұрын берілмеген болатын. Мемлекет 2010 жылдан бастап “Алтын алқа”  және “Күміс алқа” белгілерімен көп  балалы аналарды марапаттау шарттарын  өзгертті. “Алтын алқа” белгісімен жеті және одан көп (бұрын – он және одан көп) балалы аналар, “Күміс алқамен” алты баланың (бұрын – сегіз) анасы  марапатталатын болды. Сонымен қатар, оларға берілетін арнайы мемлекеттік  жәрдемақының мөлшері 3,9 айлық есептік  көрсеткіштен 6 айлық есептік көрсеткішке  көбейтілді.

Демографиялық ахуалды жақсарту және балалы отбасыларын қолдау мақсатында «Қазақстан Республикасының заң  актілеріне азаматтардың кейбір санаттарын әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша  өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы жобасы жасалды, онда 2010 жылғы қаңтардың 1-інен бастап: төртінші және одан да көп бала туғандарға берілетін  біржолғы жәрдем мөлшерін 30-дан 50 айлық  есептік көрсеткішке дейін ұлғайту көзделген. Жәрдемақы мөлшері 70650 теңгені құрайды. Бір жасқа толғанға дейінгі бала күтімі жөніндегі ай сайынғы жәрдемақылар мөлшері: бірінші балаға 7773 теңге, екінші балаға – 9158, үшінші балаға -10598 теңге, төртінші және одан көп балаға – 12011 теңге берілмек. Сонымен қоса мүгедек баланы тәрбиелеп отырған адамдарға еңбеқақының төменгі мөлшерінде 14952 теңге жәрдемақы енгізілді. «Алтын алқанмен» он бала емес, жеті бала тәрбиелеп отырған, ал «Күміс алқамен» алты бала тәрбиелеп отырған аналар марапатталатын болады. Бұл наградаларға ие болған көп балалы аналар 8 мың теңгеден астам мөлшерде ай са-йынғы арнаулы мемлекеттік жәрдемақысына ие болмақ. Ана мен баланың денсаулығын қорғау бағдарламасына сәйкес көптеген жұмыстар жасалып жатыр. Жыл сайын 400 отбасы көмек алып отырады. Оған бюджеттен 182 миллион 952 мың теңге бөлінген. Осы орайда зейтақы мәселесін тілге тиек еткен жөн. 2010 жылы мемлекеттің әлеуметтік төлемдерді ұлғайту жөніндегі барлық міндеттемелер іске асып келеді. Аталмыш жылдың қаңтар айынан бастап зейнетақы төлемдері 25 пайызға көбейтілді. Нақтырақ айтқанда, төменгі зейнетақы-18 325 теңгені, орташа – 27 481 теңгені, ең көп зейнетақы- 40 001 теңгені құрайды[22]. Әрине, бұл қуантарлық жайт. Бірақ мемлекет тарапынан көмек жасалып отырса да, бүгінгі күнгі проблема азаяр емес. 2001 жылдан бастап демографиялық ахуал жақсарғанымен әр жанұяда баланың туу деңгейі төмендеп кеткен. Мәселен, әрбір отбасында қазір 1-2 бала ғана тұрақтанады. Бұл, әрине, үлкен мәселе. Зерттеулердің нәтижесі бойынша, мұның басты себептері – отбасының ажырасуы, еркектер арасындағы өлім көрсеткішінің жоғары болып отырғандығы. Оған қоса, халқымыздың арасында көптеген аурулардан қайтыс болуы, содан кейін қазіргі жас отбасылар арасында азаматтық некеде, яғни, тіркеусіз тұра беретіндер де көбейіп барады. Мәселен, 2007 жылмен салыстырғанда 2008 жылы халық өлім-жітімінің 1000 тұрғынға шаққандағы деңгейі 10,2 өлгендерден 9,7 өлгендерге дейін біршама азайды, 2008 жылы қаңтар-қарашада 8,8 адамға қарағанда, 2009 жылғы қаңтар-қарашада 9,0 адамға төмендегені байқалады. Мүмкін, әрбір отбасының экономикалық жағдайына, мемлекет тарапынан жастарға қандай көмек көрсетілетіні секілді мәселелерге байланысты шығар. Зерттеулер спирттік ішімдіктермен әуестену, нашақорлық сияқты факторлардың да бұған әсері үлкен екендігін анықтап отыр. Балалардың дүниеге келу санының азайып бара жатқанына мұның тікелей әсері бар. Ауруға байланысты айтар болсақ, бұл жерде жүрек дертінен қаза табатындардың саны бірінші орында тұр. Сонымен қатар, Семей полигонының зардабын шеккендердің әртүрлі деңгейдегі онкологиялық ауруға ұшырап, дүние салуы жоғары деңгейде қалып отыр. Бірақ, респу-блика бойынша кейбір облыс-тарда бала туу деңгейі жақсы қарқынмен өсіп келе жатыр деуге болады. Мысалы, Шымкент секілді оңтүстік облыстарда 2008 жылы бала туу 21 пайызға көбейді. Ал Солтүстік Қазақстан облысында керісінше 2,5 пайызға ғана. 2009 жылғы 1 қаңтарға республика халқының жалпы санындағы 15 жасқа дейінгі балалар үлесі 24, 2 пайызды, 15-64 жастағы және 65 және одан жоғары жастағы тұлғалар үлесі тиісінше 68,4 пайызды және 7,4 пайызды құрады. Сәбилердің, аналардың және жалпы халық өлімінің төмендеуі мен өмір жасының ұзаруына қарамастан, бұл көрсеткіштерімен Қазақстан дамыған елдерден көп кейін қалып келеді. Әйелдер мен балалар арасындағы қанның жетіспеушілігі дертінің деңгейі төмендемей отыр. Оған қоса ажырасқандар мен еш-қашан некеге отырмағандардың қатары ұлғайып барады.

Некеге отырмай туған сәбилердің саны да арта түсуде. Қазақстандағы  әрбір тоғызыншы отбасы ажырасқан. 500 мыңнан астам ана баласын жалғыз асырап отыр. Мәселен, былтыр елімізде дүниеге келген 360 мың сәбидің 25 пайызы – 80 мыңы азаматтық некеден туған. БҰҰ-ның есебі бойынша, Қазақстан  халқы қартайып бара жатқан елдердің қатарына жатады. Қазақстанда жасы 65-тен асқан егде кісілердің үлесі  бүкіл халықтың 7,5 пайызын құрайды. Осы орайда сөзіме біршама сандық дәлел келтірейін. 2008 жылы некеге тұрғандар  саны – 91 858, еш уақытта некеге тұрмағандар  саны – 89 226, тұлдар – 203, ажырасқан ерлер  – 2 225-ні құрап отырса, қалыңдықтар саны одан да асып жатыр. Яғни, некеге тұрған – 109 717, еш уақытта тұрмаған- 106 242, тұлдар- 399 және де 2 734 ажырасқан қалыңдықтарды құрап отыр. Бұның бәрі күрделі мәселелердің қатарында.

Еліміздегі тағы бір өзекті мәселе – қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйлердің хал-күйі. Қарттар  мен мүгедектерге арналған интернат үйлері денсаулық жағдайына байланысты бөгде адамның көмегіне және медициналық  қызмет көрсетуге мұқтаж бірінші, екінші топтағы мүгедектер мен қарттардың уақытша немесе тұрақты тұруына  арналған. 2006 жылғы 1 қаңтардағы мәлімет  бойынша, Қазақстанда 98 мемлекеттік  МӘМ, нақтырақ айтқанда қарттар мен  мүгедектерге арналған 48 жалпы үлгідегі интернат үйлері, тірек-қозғалу аппараты функцияларының бұзылушылықтары бар  балаларға арналған 3 интернат үйі, 17 психоневрологиялық балалар интернат үйлері бар.

    Қорыта келгенде Қазақстанда  тәуекелді отбасыларға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқанкөмек түрлерінің көрсеткіштері қанағаттанарлық деуге болады, бірақ мұндай отбасылар әлі де және ол қоғамның өзекті мәселесі болып қала бермек.

 

2.3 Кеңес беру – тәуекелді отбасы мәселесін шешудегі әлеуметтік зерттеу әдісі

 

Кеңес беру әлеуметтік жұмыстардың  маңызды әдісі  мен технологиясы болып табылады. Әлеуметтік жұмыс  тәжірибесінде біраз мәселелерді  шешу: дәрігер, заңгер, психолог сияқты көптеген  мамандармен ақпарат  алмасуды талап етеді. Әлеуметтік  жұмыстарды мақұлдау мен оларды қоғамдық тұрғыдан мойындау көбінесе кеңес берушілер  ретіндегі әлеуметтік қызметкерлердің  атқаратын рөлімен анықталады.

 Кеңес беру–бұл іс барысындағы  маманның   өтініш жасаған адамға  пайда болған мәселелердің мәнін  түсіндіріп және ұғындыратын,  сондай-ақ оны шешу үшін қолдануға  болатын түрлі амалдарды ұсынатын  әлеуметтік жұмыс түрі. Әлеуметтік  міндеттерді шешудің технологиялық  әдістері ретіндегі кеңес беру  –бұл азаматтардың, жеке  адамдардың,  отбасылардың, топтардың, қауымның  қажетті бір ақпаратты анықтау  мақсатын және оны қамтамасыз етудегі көмек көрсетудің баламалы түрлерін нұсқаумен ақыл-кеңес беру арқылы әлеуметтік қызметте  жиі пайдаланылатын шара. 

 Әлеуметтік кеңес берудің  түрлі әдістері мен тәсілдері  бар.Солардың арасынан: қадағалау,  тестілеу, көндіру, сендіру, хабарлау, кіші тренинг және басқаларын  атап өтуге болады.

 «Кеңес беру» деген терминнің  өзі бірнеше жағдайда қолданылады.  Мысал, кеңес беруді алдағы  бір болатын ықпалға дайындық  ретіндегі, психологиялық процесс  ретіндегі көмек көрсетудің ерекше  әрекеттік қатынасы деп қарастыруға  болады.

Жалпы  алғанда  «Кеңес берудің» анықтамасы негізгі деген бірнеше ережелерден  құралады:

     - Кеңес беру адамға өзінің қалауы бойынша белгілі бір амалды таңдап алуына және сол бойынша әрекет етуіне көмектеседі.

     - Кеңес беру жаңа мінез-құлыққа үйренуге мүмкіндік береді.

     -  Кеңес беру тұлғаның дамуына жағдай туғызады.

     - Кеңес беруде өтініш иесінің жауапкершілігіне деп қойылады, яғни тәуелсіз жауапты адам тиісті бір жағдайда өз бетімен шешім қабылдай алатындығы ескеріледі, ал Кеңес беруші болса өтініш иесінің еріктілік мінез-құлқына ынта жігер құйып, жағдай туғызады.

    - Кеңес берудің өзегі философияның «тұтынушы-орталықтану» терапиясына негізделген өтініш иесі мен Кеңес берушілердің арқасындағы « Кеңес беру өзара әрекеттестігі» болып табылады.

 Мақсаты бойынша бір-біріне  ұқсас және кәсіптік қызмет  түрлерінің техникасы-консалтинг, психотерапия, психокоррекция сияқты бір-біріне  жақын кеңес беру түрлерін  бөліп қарау қажет.

Әлеуметтік қызметте, әсіресе отбасымен  жұмыс жүргізгенде, психологиялық  кеңес беру пайдаланылады, яғни «адамдарға ықпал етудің негізгі жолы–әңгіме-дүкен  құру қажет болып табылатын, тұлғалар арасындағы қатынастардың қиыншылықтарына  байланысты әрқилы психологиялық мәселелерді  шешуге бағытталған тікелей жұмыстар жүргізу». Психологиялық кеңес беру өтініш иесіне ең алдымен оның тұлғааралық  қатынастарын қайта құруға, ал психокоррекциялық  немесе психотерапиялық ықпал ету  негізінен өмірі қиындықтары  мен шиеліністері негізіне жататын  адамның ішкі мәселелерін шешуге бағытталған.

Кез-келген кеңестік көмек көрсету  өтініш берушінің қажеттілігіне  негізделуі тиіс. Бұл тұрғыдан алғанда  екі негізгі мақсат туралы айтуға болады:

    - Өтініш иесінің жеке өмір сүруіне ие болуының тиімділігін арттыру;

    -Өтініш иесінің проблемалық жағдайды және қолдағы мүмкіндігін молайту қабілетін дамыта түсу.

Кеңес беру мақсатының қорытындысы-өтініш берушіні өзіне-өзі кеңесші бола білуіне баулу.

Информация о работе Тәуекелді отбасы