Кәсіпорын жұмысының кешенді сапа көрсеткіштері мен сапа индекстерін анықтау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2014 в 08:14, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі нарықтық экономика негізінде шығарылган өнімнің сапасына басқалай талап қояды. Бұл қазіргі дүниеде кез келген кәсіпорынның өміршендігі, оның тауарлар нарығындағы және қызмет көрсетудегі орнықты жағдайы бәсекеге жарамдылық деңгейін көрсетеді.
Өз кезегінде бәсекеге жарамдылық екі көрсеткішке байланысты — баға деңгейіне және өнім сапасы деңгейіне. Ал екінші фактор бірте-бірте бірінші орынға шығады. Еңбек өнімділігі, ресурстардың барлық түрлерін үнемдеу өнімнің сапасына тікелей орын береді.
Өнімнің сапасы — бұл белгілі мұқтаждылықты қанағаттандыруға үлкен себепші болатын өнімнің пайдалылығының жиынтық ерекшелігі. Өнімнің сапалылығы тек техникалық, тауар тану ғана емес, сонымен қатар ең маңызды экономикалық санаты болып табылады. Экономикалық санаты ретінде ол тұтыну құнына тығыз байланысты.

Содержание

І-БӨЛІМ.. Сапа көрсеткіштерінің мәні мен қызметі........................3

1.1 Сапа көрсеткіштері..............................................................................4
1.2. Сапаны басқару...................................................................................4
1.3 Сапаға қойылатын талаптар.............................................................5

ІІ- БӨЛІМ Индекстер туралы түсінік ...............................................6

2.1. Жеке, жалпы және орташа индекстерді есептеу...........................7
2.2. Тұрақты және өзгермелі құрамды индекстер...............................10
2.3 Өнімнің сапа индексін анықтау.....................................................11
ІІІ-БӨЛІМ. Қазақстан Республикасындағы сапа менеджменті жүйесін жетілдіру...........................................................................................................14
3.1 Өнімдерді аттестациядан өткізу қорытындысын анықтайтын сапа көрсеткіштері...................................................................................................17
3.2 Бақылау карталары............................................................................18
3.3 Қабаттарға бөлу және графиктер......................................................20

Қолданылған әдебиеттер...............................................................................26

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовая.doc

— 264.00 Кб (Скачать документ)

Бақылау карталарының мәні 

 
   Бақылау карталары процестің  динамикасын, яғни сапалық көрсеткіштердің  уақыт барысында өзгеруін график  түрінде көрсетеді (... сурет). Әдетте картада мәліметтердің жоғарғы және төменгі шекара (реттеу шекарасы) ішінен табылатын шашырау диапазоны көрсетіледі. Реттеу шекарасын бағалау үшін 3 орташа квардаттық ауытқу (3 σ) қолданылады.  
 
 
 
... сурет. Бақылау картасы.  
 
1 – процесс реттелген; 2 – процесс реттелмеген

 
 
ЖРШ – жоғарғы реттеу шегі; ТРШ - төменгі реттеу шегі  
   Бақылау карталары технологиялық процестерді талдау және реттеу үшін кеңінен пайдаланылады. 
  Егер бақылау картасына енгізілген нүктелер реттеу шекарасынан шықпайтын болса, онда процесс түрақты жүріп жатыр деп есептелінеді. Нүктелердің шашырауы сапалық көрсеткіштің түзетуге келмейтін ауытқуы деп танылады, өндірісті оған өзгерістер енгізбей жалғастыра береді. 
  Ал егер картадағы нүктелер реттеу шекарасынан шығып жатса, технологиялық процеске кейбір табу және түзетуге жататын жүйелік қателектер енді деп есептеледі. Бақылау карталары пайдалы ақпарат көзі болып табылады, өйткені сапалық көрсеткіштердің шашырауымен бірге орташа мәндерге, яғни технологиялық процестің реттелу деңгейіне ықтималдық баға беруге мүмкіндік туғызады. Көрсетілген қасиеттерінің нәтижесінде бақылау карталары технологялық процестерді талдау және жетілдірудің тиімді құралдарының бірі болып табылады.  

 
Бақылау карталарының жіктелуі. 

 
    Бақылау карталарының көптеген түрлері кездеседі. Оларды екі үлкен топқа бөлуге болады:

  •  
    сандық (өлшеуге келетін) сипаты бойынша бақылау карталары;
  •  
    сапалық (альтернативалық) сипаты бойынша бақылау карталары.

 
    Сандық сипаты бойынша  бақылау карталарына өнімнің бақыланатын сандық сипаттамалары енгізіледі, ал сапалық (альтернативалық) сипаты бойынша бақылау карталарына ақаулы өнім бірліктерінің сандық сипаттамалары немесе өнімнің белгілі санды бірліктерінен шығатын ақаулар саны енгізіледі. 
   Сандық сипаты бойынша бақылау карталар жеке-дара (1 функция атқару үшін) және комбинирленген (процестің реттелу деңгейіне және сапа көрсеткіштерінің шашырауына бір мезгілде әсер көрсету үшін) деп бөлінеді. 
   Бақылау карталарын арналуы (функциялары) бойынша да ажыратады. Олар өндірістік процесті реттеу үшін (орташа арифметикалық мәндер карталары, медианалар карталары және т.б.) және сапа көрсеткіштерінің шашырауын реттеу үшін (орташа квадраттық ауытқу карталары, құлаштар карталары және т.б.) деп бөлінеді. 
 
   Сандық сипаттары бойынша бақылау карталары: 
 
- орташа мән мен құлаш үшін ( , R); 
 
- медиана және құлаш үшін ( , R); 
 
- орташа мән мен орташа квр\адраттық ауытқу үшін ( , S). 
 
    Сандық сипаттары бойынша бақылау карталарының кең тараған түрі болып орташа мәндер үшін бақылау карталары және құлаш R үшін бақылау карталары табылады. Бұл карталардың әрқайсысын жеке немесе бірге қолдануға болады.  
 
    Сапалық (альтернативалық) сипаттары бойынша бақылау карталары: 
 
- ақаулы өнімдір үлесінің бақылау карталары (р-карталары); 
 
- ақаулы өнімдер санының бақылау карталары (np-карталары); 
 
- ақаулардың сомалық санының бақылау карталары (с-карталар); 
 
- өнім бірлегіне келетін ақаулар санының бақылау карталары (u-карталары). 
 
   Ақауларды есепке алу мақсатында ақаулы өнім бірліктерінің үлесін бақылау үшін карталар (p-карталар) және өнім бірлігіне келетін ақаулардың санын бақылау үшін карталар (с-карталар) жиі қолданылады.  

 
 
Қабаттарға бөлу (қабаттарға бөліп талдау)

 
Қабаттарға бөлу әдісін бұйымның сипаттамаларының шашырау себептерін анықтау үшін қолданады. Әдістің мәні – алынған сипаттамаларды әртүрлі факторлар: персоналдың біліктілігі, бастапқы материалдардың сапасы, жұмысты орындау әдістері, жабдықтардың сипаттамалары және т.б. бойынша қабаттарға бөлу табылады. Бұл жерде жеке факторлардың бұйым сипаттамаларына әсері анықталады, сол арқылы олардың шектен тыс шашырауын болдырмау мақсатында қажетті шаралар қолданылады. 
 
Мысал үшін, бір атты бұйымдар бірнеше станокта шығарылады дейік. Станоктардың техникалық сипаттамалары бір бірінен ажырасуына байланысты әртүрлі станоктан шаққан өнімдердің сипаттамаларының да шашырауы орын алады. Осыған байланысты, мәліметтерді өнімдер шыққан станоктар бойынша бөле отырып талдау арқылы ақаулардың себептері туралы бағалы ақпарат алуға болады. Сонымен қатар, бұйымның сапалық көрсеткіштерінің шашырауына басқа факторлар да: орындаушының біліктілігі мен ұқыптылығы, бастапқы материалдардың сапасы, өндіру әдістері мен өндіріс жағдайлары, шығару уақыты және т.б. әсер етеді. Осы факторлар бойынша да қабаттарға бөліп талдауды одан ары тереңдетуге және шешімнің негізделуін арттыруға болады. 
 
Қабатқа бөлу жүргізілетін бірінші кезектегі факторларды қарыстыру кезінде олардан тәуелді екінші, үшінше кезектегі факторлар анықталуы мүмкін. Олар бойынша да қабаттарға бөлуге болады. Біздің мысалда екінші кезектегі қабаттарға бөлу факторлары ретінде жабдықтардың типі мен формасы, оператордың біліктілігі, операцияларды жүргізу әдісі; операцияларды жүргізу жағдайлары – температура, қысым және т.б., бүйымның сапасы алынуы мүмкін. 
 
Қабаттарға бөлу әдісі басқа статистикалық әдістерді пайдалану жағдайларында: себеп-салдар диаграммаларын, Парето диаграммаларын гистограммаларды, бақылау карталарын құру кезінде қолданылады. 
 
Тұтынушының тапсырысы өз уақытында орындалмау жағдайы жиі кездеседі. Бұндай жағдайда проблемаға қатысы бар барлық мамандар мен орындаушылардың қатысуымен отырыс жүргізіледі. Отырыстың мақсаты – тапсырысты орындау мерзімі сақталмауының себептерін табу және оларды жою үшін шараларды белгілеу болып табылады. Әдетте, бұндай жағдайда «тапсырысты орындау мерзімін ұзарту керек» немесе «тапсырыс қабылданған күнді анық көрсету керек» деген пікірлер айтылады. Бұл жерде мәліметтер жинап, оларды жан-жақты талдау және тапсырыс қабылданған күнді анық көрсету пробелманы шешу үшін жеткілікті болу-болмауын анықтау қажет.  
 
2.1 кестеде көрсетілген мәліметтер тапсырыс күнін уақытында өңдеу жағдайды едәуір жақсартатынын көрсетеді. Проблема шешілді депуге болады. 
 
2.1 кесте.

 
Тапсырысты өңдеу

 
Тапсырыс уақытында орындалды, жағдайлар саны

 
Тапсырыс кешіктіріп орындалды, жағдайлар саны

 

 

 

 
Барлығы

Уақытында

21

 
2

 

 
23

 
Кешіктіріп

 
3

 
42

 

 
45

 
Барлығы

 
24

 
44

 

 
68


 
2.2 кестедегі мәліметтерді талдау  бойынша тапсырысты уақытында  өңдеу проблеманы шешеді деп  айтуға келмейді.  

 
2.2 кесте.

 
Тапсырысты өңдеу

 
Тапсырыс уақытында орындалды, жағдайлар саны

 
Тапсырыс кешіктіріп орындалды, жағдайлар саны

 
Барлығы

Уақытында

 
6

 
17

 
23

 
Кешіктіріп

 
18

 
27

 
45

 
Барлығы

 
21

 
44

 
68


 

 
Бұл жерде қабаттарға бөлуді тереңдету керек. Ең алдымен тапсырысты құрайтын бөлшектер бойынша қабаттарға бөлу керек (2.3 кесте). 
 

2.3 кесте.

       

Бөлшектер

Тапсырыс уақытында орындалды, жағдайлар саны

Тапсырыс кешіктіріп орындалды, жағдайлар саны

Барлығы

 
A

 
1

 
14

 
15

 
B

 
2

 
11

 
13

 
C

 
0

 
11

 
11

 
D

 
8

 
1

 
9

 
E

 
6

 
4

 
10

       

 
F

 
7

 
3

 
10

 
Барлығы

 
24

 
44

 
68


 
2.3 кестеден тапсырыс кешіктіріп орындалған жағдайлар А, В, С бөлшектермен байланысты. Олармен салыстырғанда D, E, F бөлшектерін кешіктіру сирек кездеседі. Бұндай айырмашылықтың себебі А, В, С бөлшектерге тапсырысты орындау мерзімінде болуын тексеру керек.  
 
А, В, С бөлшектері D, E, F- ке қарағанда қосымша өңдеуді талап ететіні анықталды дейік. Онда оларды шығару үшін қосымша уақыткерек болып табылады. Сонымен бірге, қосымша өңдеу процесі екінші кезектегі тапсырыс негізінде басқа кәсіпорында орындалады екен. Талдау барысында қосымша өңдеуге жатпайтын D, E, F бөлшектері де екінші кезектегі тапсырыспен басқа кәсіпорынға жіберілетіні анықталды. Бұл мәліметтерді (екінші кезектегі тапсырыс болу-болмау себебі бойынша қабаттарға бөліп 2.4 кестеге енгізеді де, талдау жүргізіледі. 
 
2.4 кесте.

 
Екінші кезектегі тапсырыс

 
Тапсырыс уақытында орындалды, жағдайлар саны

 
Тапсырыс кешіктіріп орындалды, жағдайлар саны

 
Барлығы

 
орын алды

 
3

 
42

 
45

 
орын алған жоқ

 
21

 
2

 
23

 
Барлығы

 
24

 
44

 
68


 
2.4 кестесін талдау бірінші кезектегі тапсырысты орындау мерзіміне екінші кезектегі тапсырыстың болуы үлкен әсер ететінін көрсетеді. 
 
Сонымен, қабаттарға бөліп талдау нәтижесінде проблеманы толығынан шешу үшін төмендегі шаралар қолданылуы керек деп қорытындылаймыз: 
 
1) тапсырыс беруші кәсіпорынмен алдын ала келісу болмай екінші кезектегі тапсырыстарға жол бермеу керек; 
 
2) тапсырыстырдың көлемін оларды тапсырыс алушы кәсіпорын өз күшімен, басқа кәсіпорынмен екінші кезектегі тапсырысқа отырмай орындай алатындай қылып реттеу керек. 
 
Мәліметтерді график түрінде көрсету (графиктер) мәліметтердің мағынасын кернекі түрде және жеңіл түсіну мүмкіндігін беру мақсатында кеңінен қолданылады.  
 
Графиктердің мынадай түрлері кездеседі:

  •  
    сынық сызық түріндегі графиктер;
  •  
    сызықтық график;
  •  
    шеңбер түріндегі график;
  •  
    таспа түріндегі график;
  •  
    Z-тәрізді график;

 
Шеңберлік графиктер - қарастырылатын мәліметтердің пайыздық қатынасын көрсету үшін қолданылады. Шеңберлік график көмегімен бүтін параметрді құрайтын бірліктерді көреді. Құраушылар шеңбер секторы ретінде көрсетіліп, шеңбер бойымен сағат тілінің бағытымен ең көп пайыздық элементтен бастап, азына қарай бағыттайды. Шеңберлік графикте бірден бірліктермен құраушыларды жеңіл көруге болады. Шеңберлік график 1.1 суретте көрсетілген. Графикте карп өнімінің өзіндік бағасын құрайтын қатынастарды тез бағалауға болады. Егер өнімнің әр түрі бойынша шығынды қорытындап, тексеру мен сату шығындарын қосып бөлетін болсақ, онда өнімнің өзіндік бағасын төмендетуге ықпал ететін ақпарат алуға болады.

 

 
Рис. 1.1. Өндірістің өзіндік құнын құрастырушы элементтер 
 
1 - өндірістің құны; 2 – жанама шығындар; 3 – тура шығындар; 4 – шикізат пен материалдарның құны; 5 – сыртқы тапсырыстар бойынша төлемдер; 6 – жалақы; 7 – сатып алынатын бөлшектердің құны; 8 – басқа шығындар; 9 – электр құаты мен отынның құны; 10 – арзан бағамен сату; 11 – млн. тенге


 
Бағандық графиктер.  
 
Бағандық графиктің көмегімен бағанмен көрсетілетін сандық көрсеткіштерді анықтайды. Бағандық графиктер түрлері болып Парето диаграммасы, гистограммалар табылады. Бағандық график суреті 1.2.

 

 
 
 
Рис. 1.2. Сатып алуға ынталандыру стимулдары 
 
1 – жағдайлар саны; 2 – жағдайлар; 3 – бұйымды сатып алуға ынталандыру стимулдары; 4 – сапасы; 5 – бағасын түсіру; 6 – кепілдік мерзімі; 7 – дизайн; 8 – жеткізіп беру; 9 – басқалар.


 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

Фомин В.Н. Квалиметрия. Управление качеством. Сертификация.-Ось-89-2005,

Ильенкова С.Д., Ильенкова Н.Д., Ягудин С.Ю. и др. Управление качеством.- М., 1996.

Хамханова Д.Н. Основы квалиметрии. Учебное пособие.- Улан-Удэ: Изд-во ВСГТУ, 2003.

Воскобойников В. Новые подходы к управлению качеством продукции.// Экономика и жизнь.- 1993.-дек.

Вахрушев В. Принципы японского управления.- М.: ФОБЗ, 1992.

Гличев А.В. Современное представление о механизме упраления качеством продукции.//Стандарты и качество.- 1995.

Мишин В.М. Проектирование систем качества конкурентоспособной продукции машиностроения. М.,1991.

Руководство по качеству./Воронежское акционерное самолетостроительное общество.- Воронеж,1993

Туровец О.Г., Попов В.Н. и др. Организация производства.-Воронеж,1993

Информация о работе Кәсіпорын жұмысының кешенді сапа көрсеткіштері мен сапа индекстерін анықтау