Кәсіпорын жұмысының кешенді сапа көрсеткіштері мен сапа индекстерін анықтау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2014 в 08:14, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі нарықтық экономика негізінде шығарылган өнімнің сапасына басқалай талап қояды. Бұл қазіргі дүниеде кез келген кәсіпорынның өміршендігі, оның тауарлар нарығындағы және қызмет көрсетудегі орнықты жағдайы бәсекеге жарамдылық деңгейін көрсетеді.
Өз кезегінде бәсекеге жарамдылық екі көрсеткішке байланысты — баға деңгейіне және өнім сапасы деңгейіне. Ал екінші фактор бірте-бірте бірінші орынға шығады. Еңбек өнімділігі, ресурстардың барлық түрлерін үнемдеу өнімнің сапасына тікелей орын береді.
Өнімнің сапасы — бұл белгілі мұқтаждылықты қанағаттандыруға үлкен себепші болатын өнімнің пайдалылығының жиынтық ерекшелігі. Өнімнің сапалылығы тек техникалық, тауар тану ғана емес, сонымен қатар ең маңызды экономикалық санаты болып табылады. Экономикалық санаты ретінде ол тұтыну құнына тығыз байланысты.

Содержание

І-БӨЛІМ.. Сапа көрсеткіштерінің мәні мен қызметі........................3

1.1 Сапа көрсеткіштері..............................................................................4
1.2. Сапаны басқару...................................................................................4
1.3 Сапаға қойылатын талаптар.............................................................5

ІІ- БӨЛІМ Индекстер туралы түсінік ...............................................6

2.1. Жеке, жалпы және орташа индекстерді есептеу...........................7
2.2. Тұрақты және өзгермелі құрамды индекстер...............................10
2.3 Өнімнің сапа индексін анықтау.....................................................11
ІІІ-БӨЛІМ. Қазақстан Республикасындағы сапа менеджменті жүйесін жетілдіру...........................................................................................................14
3.1 Өнімдерді аттестациядан өткізу қорытындысын анықтайтын сапа көрсеткіштері...................................................................................................17
3.2 Бақылау карталары............................................................................18
3.3 Қабаттарға бөлу және графиктер......................................................20

Қолданылған әдебиеттер...............................................................................26

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовая.doc

— 264.00 Кб (Скачать документ)

 Арифметикалық орташа индекс. Егер шығарылған өнімнің саны (q) мен өзіндік құны (z) белгісіз, ал өткен мерзімдегі жалпы шығын (z0q0) мен өндірілген өнім көлемінің өзгерісі (iq) белгілі болатын болса, өнім көлемінің өзгерісін анықтау үшін, көлемдік индексті қолданамыз:

Іq=Σq1z0/Σq0z0

   Әрбір өндірілген өнім  көлемінің өзгергені жеке индекс  түрінде белгілі. Онда жеке көлемдік  индекстің формуласынан (iq=q1/q0), белгісіз (q1=iqq0) тауып, бөлшектің алымына жазсақ, формула келесідей түрге түрленеді:

Іq=Σq1z0/Σq0z0=Σ iq q0z0/Σq0z0

  Арифметикалық орташа индекс  экономикалық құбылыстар мен  процестерді зерттеуде көрсеткіштердің  өзгерістері коэфицентпен немесе %-н берілгенде қолданылады.

   Үйлесімдік орташа индекс. Егер ағымдағы мерзімде шығарылған өнім саны (q1) және өзіндік құны (z1) белгісіз, ал жалпы шығын (z1q1) мен өнімнің өзіндік құнының өзгерісі (iz)  белгілі болса, онда мұндай көрсеткіштерді есептеу үшін, өзіндік құнның жалпы индексін үйлесімдік орташа индекске түрлендіреміз. Ол үшін агрегаттық индекстің (Iz= Σz1q1/Σz0q1) бөліміндегі өткен уақыттағы өзіндік құнды есептеп алу керек. Оны есептеу үшін өзіндік құнның жеке индексінен (iz = z1/z0) өткен мерзімдегі өзіндік құнды тауып (z0=z1/iz) қойсақ , үйлесімдік орташа индекстің формуласы келесідей түрге түрленеді:

Iz=ΣZz1q1/Σz0q1= Σq1z1/Σz1/izq1=Σz1q1/Σz1q1/iz}

Тұрақты және өзгермелі құрамды индекстер.

   Экономикалық  құбылыстардың орташа көрсеткіштерінің өзгерісін зерттегенде, оның әсерін тигізетін әрбір себептер жеке-жеке есептеледі. Статистикада бұл көрсеткіштер тұрақты және өзгермелі құрамды индекстер арқылы анықталады.

   Тұрақты құрамды индекс. Құбылыстың өзгеруіне әсерін  тигізетін себепті анықтау үшін  сапалық көрсеткіштер құрамын  өзгермелі түрде алсақ , яғни салыстыратын  екі уақыт мерзімдерінің шамасы алынса, ал салмағы ретінде ағымдағы кезеңнің тұрақты дәрежесі қолданылса, онда тұрақты индекс шығады, оны сапалық мәндері бойынша келесі формуламен көрсетеміз.

1) баға бойынша: Ipт.қ=Σp1q1/Σp0q1= Σq1p1/Σq1: Σp0q1/Σq1

2) өзіндік құн бойынша: Izт.қ=Σz1q1/Σz0q1= Σq1z1/Σq1: Σz0q1/Σq1

   Өзгермелі құрамды индекс. Мұнда статистикалық талдау жасау  үшін, екі уақыт кезеңіндегі зерттелетін  құбылыстың орташа шамалары жеке-жеке  есептеледі, бір-бірімен салыстырылады  және олардың қандай себептерден  өзгергені анықталады. Бұл индексте салмақталған екі орташа шаманың қатынасы қарастырылады. Сондықтан оны орташа шамалар индексі деп те айтады және келесі формулалармен есептеледі:

1) баға бойынша: Ір= Σq1p1/Σq1 : Σp0q0/Σq0= p1:p0   

2) өзіндік құн бойынша: Іz= Σq1z1/Σq1 : Σz0q0/Σq0= z1:z0   

     Құрылымның өзгеру индексі. Егер жиынтық құрамының өзгеру әсерінен орташа сапа көрсеткішінің өзгерісі анықталса, ол құрылымның өзгеру индексі деп аталады. Оны есептеу үшін өзгермелі құрамды индексті тұрақты құрамды индекске бөлу керек және формуласын келесідей түрде көрсетуге болады:

Іқұрылымның өзгеру индексі = Іөзгермелі инд. / Ітұрақты инд.

Қарастырылған үш индекстің арасындағы өзара байланысты көрсетсек:

Іөзгермелі құр-ы инд.= Ітұрақты құр-ы инд. * Іқұрылымның құр-ы инд.

  Бұл индекстер басқару жұмыстарына талдау жасауда, экономикалық мәселелерді шешуде жиі қолданылады. Өзгермелі құрамды индекс жалпы сапалық көрсеткіштің орташа өзгерісін, тұрақты құрамды индекс сапалық көрсеткіштің орташа өзгерісін сол жиынтық құрамының тұрақтылығы арқылы көрсетеді, яғни сапа көрсеткіштері өзгерістерінің қандай себептер әсерінен болғанын анықтайды. 

Өнімнің сапа индексін анықтау

 

Индекс көмегімен әртүрлі өнімдердің сапасын бағалау әдісі келесі жағдайларда қолданылуы мүмкін.

    1. Өнімдердің сапасын жоғарылату жоспарын құру және осы жоспардың орындалуын тексеруде;
    2. Өнімдер сапасының динамикасын өзгеруін анықтауда;
    3. Әртүрлі шаруашылық өнім сапасының тұрақтылығы мен сәйкестігін бағалауда;
    4. Өнім сапасына әсер етуші негізгі шарттар мен факторларды анықтау;
    5. Сапаны жоғарылату үшін материалдық көмек қорын анықтау.

Әр түрлі өнім сапасының индекс қарқынында жалпы пайдаланатын кешенді көрсеткіштер: сапа индексі мен ақау индексі (ГОСТ 16431-80).

Әр түрлі өнім сапасын индекстің көмегімен белгілеуде сапасы мен бағасы есептеледі. Әр түрлі өнім сапасының деңгейі өзгергенімен, олардың индексінің құрылымы өзгермейді (базистік есеп кезеңіндегі нақты сапа деңгейі), ал екі кезеңде де баға бірдей болады.

Сапа индексі – белгілі кезеңдегі әр түрлі өнімнің кешенді көрсеткіштерімен анықталады және ол әртүрлі өнімнің орташа көрсеткіштерінің қатынасы арқылы анықталады.


 

 

Мұнда

S – өнімнің көлемі, саны.

ni – өнімдердің і түрінің саны.

qi – i-өнімнің басты сапа көрсеткіші.

li –  теңгеге шаққандағы і-өнімнің көтерме бағасы.

 

і түріндегі шығарылған өнімнің соммасы (сі) мына төменгі формуламен анықталады.

cі=ni li

 

Барлық өндірілген өнім көлемінің жалпы соммасы (с) мына формуламен анықталады.

 

 

Онда сапа индексі мына формуламен есептеледі:

 

 

Цехтардың, зауыттардың және жеке бригадалардың қызметін бағалау үшін сапаны қамтамасыздандыру ақау бар өнімдердің үлесінің жалпы өнімдер санына қатынасымен анықталатын әр түрлі өнімдердің ақау индексі есептелінеді.

 

 

Мұндағы:

сj – шығарылған j түріндегі өнімнің жалпы соммасы (қарастырылған кезеңдегі);

Djб – j түріндегі өнім ақауының өткен жылғы жұмыс қорытындысының базалық көрсеткіші;

Dj – j түріндегі өнімнің ақаулық коэффициенті мына формуламен анықталады:

 

 

Мұндағы:

п – тексеруге алынған өнімдер саны (выборки);

d – берілген өнімде кездесетін барлық ақаулар саны;

ri – i түріндегі ақаулар мөлшері;

mi – i түріндегі ақаудың салмақтық коэффициенті.

 

Өнімнің әр түріндегі ақаулар алдын ала арнайы кестелерде тіркеледі және онда әр ақаудың салмақтық коэффициенті көрсетіледі.

Егер Ид<1 - өндірістің қабылданған көрсеткіштері базалық көрсеткішінен төмен емес.

Егер Ид>1 – өндіріс сапасы төмен қателіктерді  міндетті түрде табу және жою қажет.

Мысал 1. Зауыт 3 түрлі өнім шығарады А, Б, және В.

А – Көлемі 20 мың дана – Көтерме бағасы 200 теңге– Орташа ресурс 120 мың сағ.

Б - Көлемі 10 мың дана – Көтерме бағасы 1500 теңге– Орташа ресурс 150 мың сағ.

В - Көлемі 40 мың дана – Көтерме бағасы 80 теңге– Орташа ресурс 10 мың сағ.

Ресурстың базалық көрсеткіші (өткен жылдың жетістігі) 110, 140 және 80 мың сағ.

Жылдық сапаның өсуі ресурс көлемінің артуынан болады, ал қалған өнім сапасы өзгермейді. Сапа деңгейіне бағалау жүргізу.

 

 

Ик =1,09 немесе 109 %.

Шешуі: өндіріліп жатқан (ағымдағы) тауар сапасының деңгейі өткен жылдағыға қарағанда жоғары.

Мысал 2. Завод А, Б және В түріндегі жылу қозғалтқыштарын шығарады және шығарылған өнімдердің ақаулар саны есепке алынады. Шығарылған бұйым үшін үш түрлі ақау қабылданған (1,11,111) және осыған сәйкес келетін үш салмақтың коэффициент шамасы берілген: 0,5; 0,3; 0,2. барлық қозғалтқыштар үшін бірдей базалық көрсеткіш қабылданған. Дб=0,27.

А түріндегі қозғалтқыштар 150 млн теңгеге шығарылған.

Б түріндегі 120 млн теңгеге,

В түріндегі 80 млн теңге мөлшерін құрайды.

Тексеруде әрбір түрінен 10 қозғалтқыш алынған, сонда А түрінен 8 ақау табылған (1-2; 11-3; 111-3). Б түріндегі қозғалтқыштардан жалпы саны 6 ақау (1-0; 11-3; 111-3) және В түріндегіден 9 ақау (1-2; 11-4; 111-3) табылған.

Өнім сапасын анықтау үшін олардың ақау коэффициенті мен ақау индексін анықтау керек.

Шешуі: формула бойынша  Д – ақауының коэффициентін анықтаймыз.

А қозғалтқыштар түрі ДА=1/10 (0,5*2+0,3*3+0,2*3)=0,25

Б қозғалтқыштар түрі ДБ=1/10 (0,5*0+0,3*3+0,2*3)=0,18

В қозғалтқыштар түрі ДВ=1/10 (0,5*2+0,3*4+0,2*3)=0,28

 

 

Бұл формула бойынша өнімнің ақау индексін табамыз.

 

 

өнімнің сапа деңгейі базалық өнімнің сапасынан төмен емес деген шешім қабылдауға болады, себебі Ид<1.

 

Қазақстан Республикасындағы сапа менеджменті жүйесін жетілдіру

 
   Бизнес жүйесінің интегративтік  сапалары. Іскерлік қатынастың кез  келген табиғатын, өндірістің ғылыми  жүйелері сияқты өзіне тән  бизнестік жүйелік қасиеттері болады. Әдетте, бизнестің осы қасиеттерін бизнес жүйесінің интегративтік сапалары дейміз. Өзіне тән қасиетіне байланысты осы сапа аталған жүйенің біртүтас құрамы болып қалыптасады. Бизнес жүйесінің негізгі интегративтік жүйелеріне төмендегілер жатады: 
— бизнес жүйесінде атқаратын функционалдық қызметіне қарамай-ақ барлық субъектілердің әлеуметтік-экономикалық тәуелсіздігі сақталады; 
— іскерлік қатыс барлық субъектілер ықыластарының консенсусы болып табылады. 
   Бизнестегі қатыс барлық субъектілердің бір-бірінен тәуелсіз болулары шартты жағдай. Бұл қағиданы сақтау кәсіпкерлерден, жалдамалы қызметкерлерден, тұтынушылардан, мемлекет мекемелерінен келісімнің жаңа түрін іздеуде, өз қимыл-әрекеттерін іске асыру жолында, керек болса, өздерінің мүлкімен заң алдында жауап беруді талап етеді. Бұл субъектілер бір-бірінің мүддесіне карама-қарсы келмеулері керек. 
    Іскерлік қатыс субъектілерінің тәуелсіздіктерін бір мағынада түсінуге болмайды. Экономикалық субъектінің бостандығы керісінше — өз серіктестерінің мүдделерімен санаспай, өз бетінше әрекет жүргізу принципі. Бұл принцип экономиканың талаптарына сай келмейді. Себебі, рыноктың толық іске асуы үшін кәсіпкерлердің шығаратын өнімдері тұтынушыларды толық қанағаттандырулары керек. Жалдамалы қызметкерлер де, егер өз жұмысшы күшінің бағасы, жұмыс орнының саны мен сапасы, қажетті мамандарының саны мен сапасы, тағы басқалары жайынан ақпараттары болмаса, кәсіпкерлерге тең құқықты жағдайда жалдана алмайды. 
Іскерлік қатыстар субъектілерінің тәуелсіздігі дел келісім жүргізген кезде олардың бір-біріне ықыласымен, саналы қатыстардың шарттарының толык сақталуымен қоса, субъектілер іс-әрекеттерін үкімет орындары мен оның басқару буындарының қорғауында болуы айтылады. 
    Бизнес жүйесінде өзара байланыстары бар субъектілер қашан болса да жаңа шешім қабылдағанда, барлық қажетін қанағаттандыратын әлеуметтік-экономикалық мүдденің консенсусына көңіл аударулары тиіс. Мүдденің консенсусы дегеніміз — осы ықыласқа барлық жақтың іскерлікке қатысты уәделеріне берік болып, өз контрагентінің тәуелсіздігін бұзбау. 
Бизнестің жүйесі экономиканың ұзақ эволюциялық жолмен дамуының нәтижесі. 
   Іскерлік қатыстар субъектілерінің тәуелсіздігі мен олардың арасындағы мүдделерінің консенсусы бірін-бірі қамтамасыз етеді. «Іскерлік» адамдардың өзара қатынастарындағы қайшылықтар қоғамдық консенсустың шегінен шықпауы керек және жалпы мемлекеттік мәселеге айиалып шешілмесе, тұйыққа тірелмеуі керек. 
   Бизнес өзін-өзі реттеуші жүйе. Бірақ та іскерлік қатыстардың заң шығарушылық және бағдарлаушылық реттеушілері бар. Заң шығарушылық — реттеуші заңды және заңсыз бизнестерді бірінен бірі ажыратып, заңды бизнесті қолдап, көлеңке бизнеске тыйым салады. Сонымен қатар, бизнеске қатысушылардың бір-бірінің алдында жауапкершілігінің заңдылық жағын анықтайды. Бизнестің мөлшерін бағдарлаушы, реттеуші, көтермелеуші сияқты экономикалық тетіктер заңды бизнесті кепілдікке алу, қолдау және қорғау жолдарын анықтайды. 
   Бүгінгі Қазақстан экономикасында бизнестің жүйелі түрі қалыптасуда. Бұрынғы Совет Одағында жеке кәсіпкершілікке ресми түрде тыйым салынды, тіпті, ол әрекет заң алдында жауап беретін іс болды. Жоспарлы экономикада қосымша шаруашылыққада еңбек ететін және ұсақ қолөнер кәсіпкершілігімен шұғылданатын адамдар тысқары қалды. «Бизнесті» айтпағанда, «кәсіпкер», «кәсіпкершілік» деген сөздер қолданбақ түгілі, ол аталмаушы еді. 
   Кәсіпкерлік фирмалардың түрлері. Кәсіпкерлік фирма дегеніміз — азаматтардың және ұйымдардың заңды кәсіпкерлік қызметінің түрі.     «Кәсіпкерлік фирма» — заңды экономикалық термин. Қазақстан Республикасындағы барлық кәсіпкерлік фирмалар қызметтерінің іс жүйесін Қазақстан Республикасының заңы реттейді. 
    Қазақстан Республикасы бекіткен ереже бойынша жалдамалы еңбекті пайдаланбайтын ұжымдар жеке еңбек әрекеті, ал жалдамалы еңбекті пайдалану арқылы жүргізілетін кәсіпкерлік әрекет өнеркәсіп ұжымы болып тіркеледі. 
   Сөйтіп, кәсіпкерлік фирма — жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланатын кәсіпкерліктің бір түрі. Рыноктық экономика дамыған елдердің бәрінде де саны және сапасы жағынан әртүрлі кәсіпкерлік фирмалар бар. 
Фирмалардың әр түрлі болуы олардың меншік түріне тікелей байланысты.     Сонымен қоса кәсіпкерлік фирмалар өнім ассортименттерінің әртүрлілігімен, одақтарға кіру тәсілімен, бәсеке жүргізу жағдайы және бәсекелестік жолы жағынан ажыратылады. 
   Сапалық көрсеткіштер негізіне меншік түрлері жатады. Олардың ішіндегі жиі кездесетін түрлерін атап өтелік: 
- жеке меншіктегі фирмалар; 
- жауапкершілігі шектелген ұжымдық кәсіпорындар; 
- мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындар (Батыс елдеріне бұған мемлекеттік ұжымдық не мемлекеттік және меншіктік аралас меншіктегі капиталдары бар өнеркәсіптер де жатқызылады); 
- фирмалардың филиалдары мен өкілдіктері. 
    Сонымен қоса фирмалардың сапалық және сандық сипаттамалары бар.              Кәсіпкерлік  фирмалар сапалық жағынан меншік түрлеріне байланысты болса, сандық жағын жұмыскерлер саны мен капиталдың жылдық айналым мөлшеріне қарай ажыратуға болады. 
   Өнеркәсіптердің сандық параметрі кызметкерлердің санына сәйкес мына төмендегідей бөлінеді (мысалы АКД): 
- ең шағын өнеркәсіптер (қызметкерлер саны оннан аспайды); 
- өте ұсақ өнеркәсіптер (қызметкерлер саны 20-дан аспайды); 
- ұсақ өнеркәсіптер (қызметкерлер саны 99-дан аспайды); 
- ірі өнеркәсіптер (қызметкерлер саны 500-ден астам). 
    Басқа елдердегі кәсіпкерлік фирмалардың түрлерін ажырату сандық параметрлері жағынан осыған ұқсас. 
    Өнеркәсіптер капиталдың жылдық айналым мөлшеріне сай мына төмендегідей бөлінеді (Германия): 
- ұсақ өнеркәсіптер (капиталдың жылдық айналымы 25 мың маркадан аспайды), 
- орта және ірі өнеркәсіптер (25 мың маркадан жоғары). Фирманың сандық параметріне қарай олардың жауапкершілігі де өзгереді. Мысалы: ұсак және өте ұсақ өнеркәсіптер, жауапкершіліктері шектелмеген жеке меншіктегі фирмалар немесе ұжымдық кәсіпорындары тобын айтуға болады. Орта және ірі фирмаларға көбіне жауапкершілігі шектелген акционерлік қоғамдар жатады. 
   Рынок экономикасы дамыған елдердің бәрінде де кәсіпкерлік фирмалардың әрекеттерін заң қорғайды және олардың өнімдері қоғам үшін аса қажетті деп саналады. 
    Қазақстан Республикасы экономикасындағы кәсіпкершілік фирмалардың қалыптасуы төмендегідей өтуде: жеке меншіктегі жауапкершіліктері шектелген ұжымдар, кәсіпорындар азаматтардың мемлекеттік, униципалдық және басқадай меншіктегі кәсіпорындарды сатып алу арқылы немесе жаңа кәсіпорындар ұйымдастыру арқылы пайда болуда. 
   Әрбір меншік иесі фирманың барлық алған міндеттемелері үшін толық жауап береді. Ол фирманың капиталын алған, алынған кірістен немесе пайдадан, табыстардан не болмаса меншік иесінің жеке жарнасынан пайда болады. 
  Рыноктық экономика қалыптасқан елдерде меншік классикалық жеке меншік емес, яғни бір-ақ адамның меншігі сирек кездеседі. Мұнда меншіктер көбіне ұсақ кәсіпкершілік түрінде болады. Мысалы, Американың ауылшаруашылық секторында орта жылдық кірістері 50 мың долларға жететін 11 миллион дербес фирмалар бар. 

 

Өнімдерді аттестациядан өткізу қорытындысын анықтайтын сапа көрсеткіштері

 

Тауардың сапа деңгейі бұл жағдайда салыстырмалы көрсеткіш Ис-менен есептеледі және ол мына формуламен анықталады.

 

 

moр-бағаланатын өнімнің орташа баллы;

mб – базалық салыстырудағы өнімнің орташа баллы.

 

 

Сі – і-категория сапасындағы өндірілген тауардың соммасы;

ті – і-категория сапасындағы өнімдерге сәйкес алынатын балл.

 

Қорыта келгенде өнімнің мемлекеттік және аймақтық аттестациядан өткізуде тауар сапасы белгілі категорияға бөлінеді (кесте).

 

Категориялар

Өндіру соммасы

Балл

Жоғары (мемлекеттік сапа белгісімен)

Сж

1

Бірінші

С1

0,5

Екінші

С2

0


 

Сапаның жоғарғы көрсеткішіне сәйкес келетін база үшін 1 баллды қолданамыз.

 

 

С-көрсетілген кезеңде шығарылған өнімнің жалпы соммасы

 

С=Сж+С1+С2

 

Сапа көрсеткішінің максималды мәні 1-ге тең.

Иmax=1 - өндірілген өнімнің сапа белгісі, ал минималдық нөлге тең И min=0.

Сапа индексін министрлікте, фирма, завод, цехтарда есептеуге болады.

Егер п объектісінде (цехта, заводта, т.б.) индекс сапасы белгілі болса Ик1, Ик2, ..., Икп және сәйкес болатын С1,С2,..., Сп өндірілген өнім болса, онда жалпы сапа индексі мына формуламен есептеледі.

 

 

Бақылау карталарын қолдану себептері. 
 
   Әртүрлі өндірістік жағдайларды тұрақты деңгейде ұстауға қаншалықты тырысқанмен, ол жағдайлар өзгеріп отырады, өзгерістер шығарылатын өнімнің сапалық көрсеткіштерінің ауытқуына апарып соғады. 
 
   Жоюға келмейтін ауытқулардың орын алуына өндірістің кездейсоқ қателіктері себеп болады, мысалы: 
 
- шикізат пен материалдар сапасының өзгеруі (рұқсат етілген шек ішінде); 
 
- өндірістік жағдайлардың (температура, ауа қысымы, оның ылғалдығы, электр тогының күші, оның кернеуі және т.б.) өзгеруі. 
 
   Жоюға келетін ауытқулар өндірісте жүйелік қателіктердің орын алуымен байланысты. Жүйелік қателіктер стандартқа сай келмейтін шикізат пен материалдардың қолданғанынан, техникалық режимдердің бұзылуынан, технологиялық құжаттардың кемшіліктерінен, жабдықтардың дұрыс жұмыс ісемеуінен, өлшеу құралдарының дұрыс өлшемеуінен және т.б. себептерден орын алуы мүмкін. Демек, жоюға келетін ауытқулардың себебі болып түзетуге келетін жағдайлар табылады. 
 

Информация о работе Кәсіпорын жұмысының кешенді сапа көрсеткіштері мен сапа индекстерін анықтау