Кәсіпорын жұмысының кешенді сапа көрсеткіштері мен сапа индекстерін анықтау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2014 в 08:14, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі нарықтық экономика негізінде шығарылган өнімнің сапасына басқалай талап қояды. Бұл қазіргі дүниеде кез келген кәсіпорынның өміршендігі, оның тауарлар нарығындағы және қызмет көрсетудегі орнықты жағдайы бәсекеге жарамдылық деңгейін көрсетеді.
Өз кезегінде бәсекеге жарамдылық екі көрсеткішке байланысты — баға деңгейіне және өнім сапасы деңгейіне. Ал екінші фактор бірте-бірте бірінші орынға шығады. Еңбек өнімділігі, ресурстардың барлық түрлерін үнемдеу өнімнің сапасына тікелей орын береді.
Өнімнің сапасы — бұл белгілі мұқтаждылықты қанағаттандыруға үлкен себепші болатын өнімнің пайдалылығының жиынтық ерекшелігі. Өнімнің сапалылығы тек техникалық, тауар тану ғана емес, сонымен қатар ең маңызды экономикалық санаты болып табылады. Экономикалық санаты ретінде ол тұтыну құнына тығыз байланысты.

Содержание

І-БӨЛІМ.. Сапа көрсеткіштерінің мәні мен қызметі........................3

1.1 Сапа көрсеткіштері..............................................................................4
1.2. Сапаны басқару...................................................................................4
1.3 Сапаға қойылатын талаптар.............................................................5

ІІ- БӨЛІМ Индекстер туралы түсінік ...............................................6

2.1. Жеке, жалпы және орташа индекстерді есептеу...........................7
2.2. Тұрақты және өзгермелі құрамды индекстер...............................10
2.3 Өнімнің сапа индексін анықтау.....................................................11
ІІІ-БӨЛІМ. Қазақстан Республикасындағы сапа менеджменті жүйесін жетілдіру...........................................................................................................14
3.1 Өнімдерді аттестациядан өткізу қорытындысын анықтайтын сапа көрсеткіштері...................................................................................................17
3.2 Бақылау карталары............................................................................18
3.3 Қабаттарға бөлу және графиктер......................................................20

Қолданылған әдебиеттер...............................................................................26

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовая.doc

— 264.00 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Ш.Уалиханов атындағы КМҮ

С.Садуақасов атындағы аграрлы-техникалық институты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Курстық жұмыс

Пәні: Квалиметрия

Тақырыбы: Кәсіпорын жұмысының кешенді сапа көрсеткіштері мен сапа индекстерін анықтау

 

 

 

 

 

 

                                             

 

 

 

                                     Орындаған: студент СМC-11 тобы Галым А.Н

                                                Тексерген: аға оқытушы Булашева А.И.

 

 

 

 

 

 

                                                  

 

 

 

                                           

                                                       Көкшетау 2013

     

  М                                                            Мазмұны

 
І-БӨЛІМ.. Сапа көрсеткіштерінің мәні мен қызметі........................3

 

1.1 Сапа көрсеткіштері..............................................................................4 
1.2. Сапаны басқару...................................................................................
1.3 Сапаға қойылатын талаптар.............................................................5

 

  ІІ- БӨЛІМ   Индекстер туралы түсінік ...............................................6

 
2.1. Жеке, жалпы және орташа индекстерді есептеу...........................7

2.2. Тұрақты және өзгермелі құрамды индекстер...............................10 
2.3    Өнімнің сапа индексін анықтау.....................................................11

       ІІІ-БӨЛІМ. Қазақстан Республикасындағы сапа менеджменті жүйесін жетілдіру...........................................................................................................14

     3.1 Өнімдерді аттестациядан өткізу қорытындысын анықтайтын сапа көрсеткіштері...................................................................................................17

     3.2 Бақылау карталары............................................................................18

3.3 Қабаттарға бөлу және графиктер......................................................20

 
Қолданылған әдебиеттер...............................................................................26


                Сапа көрсеткіштерінің мәні мен қызметі

 
    Қазіргі нарықтық экономика  негізінде шығарылган өнімнің  сапасына басқалай талап қояды. Бұл қазіргі дүниеде кез келген  кәсіпорынның өміршендігі, оның тауарлар нарығындағы және қызмет көрсетудегі орнықты жағдайы бәсекеге жарамдылық деңгейін көрсетеді. 
   Өз кезегінде бәсекеге жарамдылық екі көрсеткішке байланысты — баға деңгейіне және өнім сапасы деңгейіне. Ал екінші фактор бірте-бірте бірінші орынға шығады. Еңбек өнімділігі, ресурстардың барлық түрлерін үнемдеу өнімнің сапасына тікелей орын береді. 
    Өнімнің сапасы — бұл белгілі мұқтаждылықты қанағаттандыруға үлкен себепші болатын өнімнің пайдалылығының жиынтық ерекшелігі. Өнімнің сапалылығы тек техникалық, тауар тану ғана емес, сонымен қатар ең маңызды экономикалық санаты болып табылады. Экономикалық санаты ретінде ол тұтыну құнына тығыз байланысты. Егер де тұтыну құны — бұл жалпы алғанда тауардың пайдалылығы болса, ал онімнің сапалылығы — бұл оны пайдаланудағы нақтылы жағдайда тұтыну құнының деңгейіндегі көрінуі. 
    Өнімнің сапа деңгейі оның сапалық көрсеткіштері жүйесі негізінде анықталады. Бұл деңгейді анықтау үшін мұның әрбір көрсеткіштерінің сандық маңызын білу және ұқсастық өнім көрсеткіштерімен салыстыру қажет. 
    Сапаның көрсеткішін анықтау оның саңдық маңызын өзін өзі түсіну болып табылады. Ол үшін практикада өнімнің өзіндік ерекшелігіне байланысты мына төмендегі әдістер пайдаланылады: 
өлшеуші әдіс (аснаитар, приборлардың көмегімен); 
тіркеу әдісі — бұл тіркеуге және есептеуге негізделген. Тіркеу әдісі мынадай көрсеткіштермен, атап айтқанда: қауіпсіздік, патенттік-құқықтық стандарттау, сәйкестендірумен анықталуы мүмкін; 
есептеу әдісі — өнімнің сапасы жөніндегі көрсеткіштерді анықтау үшін арнайы математикалық үлгілерді қолдануға негізделеді; 
органолептік әдіс — адам мүшесін сезу-көру, есту, дәм, түйсінуді талдауды қамтиды. Табылған маңыздылықтың дәлдігі және растылығы адамдардың біліктілігі, даңдылығына және қабілеттілігіне байланысты; 
социологиялық әдіс — өнім, оны нақты немесе тұтынушылардың мүмкіншілігі туралы пікірлерді талдау және жинау негізінде жүзеге асырылады; 
сарапшылық әдіс — мамандар тобы арқылы іске асырылады. Мысалы, дизайнерлер, дәм айырушылар. 
   Практикада өнімнің сапа деңгейін бағалау үшін көрсеткіштер жүйесін пайдаланады. Онда өзіне қорытындылау және өнімнің сапасы жөнідегі жеке көрсеткіштер қосылады. 
  

Сапаны жинақтап қорыту көрсеткіштері жалпы сапада немесе кәсіпорындарда өнім сапасының деңгейін сипаттайды. Бұл көрсеткішке жататындар: 
• сұрыптылығы; 
• маркасы; 
• жүктелімі; 
• пайдалы заттың мазмұны; 
• өнімнің дүниежүзілік стандартына сай үлесі, т.б. жеке көрсеткіштер тым әр түрлі және не ол, не бұл өнімнің өзіндік ерекшелігіне байланысты болады.

Сапа көрсеткіштері

    Сапаны басқаруда көрсеткіштердің  екі тобын ажыратқан жөн: 
- әр түрлі саладағы сапаның көрсеткіштері; 
- нақты позициялар бойынша сапа көрсеткіштерінің жүйесі. 
    А. Әр түрлі саладағы сапа көрсеткіштері. 
Көрсеткіштердің алғашқы тобы өндіріспен байланысты: 
- атқарумен түзетулердің көлемі. 
- Жұмыс жүктемесіндегі (нарядтағы) қателер. 
- Жарамсыз деп табылған бұйымдар проценті. 
    Екінші топ – сапаны қамтамасыз ету. 
- Қате жасалған партия проценті. 
- Құрылымды өзгерту мөлшері. 
- Есеп айырысудағы және шоттарды ресімдеудегі қателіктер. 
- Түзету шарасын өткізгенге дейінгі циклдің ұзақтығы. 
    Үшінші топ – бухгалтерлік есеп: 
- Мерзімі өткен төлемдер проценті; 
- Жаңылыс бухгалтерлік жазбалар; 
- Төлем тізімдемесіндегі қателер; 
- Ақпарат алу туралы өтінімдерді қанағаттандыру. 
     Төртінші топ – маркетинг: 
- Болжамдық жорамлдың дәлдігі; 
- Қате толтырылған тапсырыстар мөлшері; 
- Мәмілелердегі қателер; 
- Ақпарат алу уақыты. 
     Бесінші топ – ақпараттық қызмет көрсету; 
- график бойынша шығарылмаған есеп берулер саны; 
- бағдарламадан табылған қателер; 
- мәтінде өзгертілгендер саны; 
- Ақпаратты алу уақыт

Сапаны басқару

 
   Өнімнің сапасын басқару  — бұл белгілеу, камтамасыз ету  және сапаның қажетті деңгейін  қолдау мақсатындағы құру және  пайдалану немесе өнімді тұтыну кетіндегі жүргізілетін іс-әрекет. 
   Соңғы кездерге дейін кәсіпорындарда сапа проблемасын шешу кезінде нарықтылық қажеттілік есепке алынбай өнім сапасы техникалың деңгейге бағытталды. Сапаны басқару мәселелерімен техникалық бақылау және сапаны талдау бөлімдері айналысты. Олардың функцияларына бұйымдар параметрлерін (белгілер) тексеру, өндірістік процестердің әрбір операцияларында қолданылатын шикізаттар, материалдар, жабдықтардың дәлдік жұмыстары, өнімде табылған кемістіктер, оларды талдау және обоптерін белгілеу кіреді. 
   Өнімнің сапасын басқаруды жетілдіруде отандың өндірушілердің алдына қойылатын негізгі проблемалар, олар: 
• өнімнің сапалылығын басқару жүйесіне маркетинг қызметі механизмін қосу; 
• тұтынушыға және барлық өндірістік қызметтерде сапаны басқару жүйесін қалай бағыттау; 
• өнімнің өмірлік кезеңінің барлық белестеріндегі сапаны басқару жүйесіндегі механизм әсерлерді күшейту. 
   Сапаны басқару жүйесін енгізу кәсіпорында мынадай міндеттерді шешуге мүмкіндік береді: 
• жоғары сапалы өнімнің тұрақтылығын қамтамасыз ету; 
• өнім көлемін ұлғайту және оны сататын нарықты (рынокты) табу; 
• жоғары бағада сататын өнімді көбейту мүмкінділігін қарастыру; 
• өнімнің бәсекеге жарамдылығы және қаржы жағдайының тұрақтылығы жөніндегі проблемаларды шешу. 
  Сонымен, өнімнің сапасын басқару әрбір кәсіпорындарда жүйелі түрде іске асқан жөн. 
• Кәсіпорындарда шығарылатын өнімдердің сапасы — нарықтық жағдайда қызметтің негізгі факторы болып табылады, себебі, нарықтық саралымды кеңейтуді, кәсіпорынды жаңдандыруды, пайданың артуын қамтамасыз етеді. 
• Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, сапалылықты арттыру қызметі жүйелік басқару шеңберінде жүргізілуі мақсатқа сай болғаны дұрыс, өйткені, өнімнің барлық өміршеңдік кезеңін қамтиды — жобалаудан бастап жұмысшыларға және кәдеге жараттуға дейін. 
• Өнімнің сапасын басқару стандарттауға негізделеді Ол ұлттық шаруашылықтың, халықтық, қорғаныстың, экспорттың қажеттілігі үшін дайындалатын өнімдерге үдемелі талаптарды анықтайтын нормативті-техникалық негізі болып табылады. 
• Дайындалған өнімнің сапасының түпкілікті бағалылығы сертификат көмегімен жүзеге асырылады, өнімді сапауды, тиісті сертификат беруді, бағалау сынағының көмегіен кейінгі өндірістің жағдайы үшін өнімді таңбалауды және бақылауды білдіреді. 
• Өнімнің сапасын басқаруда нормативтік актілерді іске асыру сапаны және өнім қауіпсіздігі заңдылығын қамтамасыз етуде тиімділік жүйені ұйымдастыруды талап етеді. Шетелдік және отандық практиканы еске ала отырып, құрылған өнімнің сапасын бақылаудың нормативтік-құқықтық базасы Қазақстан Республикасының аумағында адамдардың және жеке тұлғалардың құқықтарының бұзылуында құқықтарын және мүдделерін қорғаудан тұрады.

Сапаға қойылатын талаптар

 
   Өндіріс сапасымен тиімділігі  арасында тікелей байланыс болады. Басқадай тең жағдайларда өндірілетін өнім сапасы жоғары болған сайын өндіріс тиімдірек. Сапа қайсы бір өндіріс (бөлімінің және т.б.) буынының немесе басқару деңгейінің артықшылығы болып саналмайды. Сапа – шын мәнінсінде баршаның және әркімнің мақсатты ісі. 
   Тиісті сапаны қамтамасыз ету үшін негіз салушы жағдайлар мен талаптарды сақтау қажет. 
А.Жағдайлар. 
- тұтынушыға осы процестің маңызды құрамдасы ретінде қарау; 
- басшылықтың фирманы басқару жүйесін жақсарту процесін енгізу жөніндегі ұзақ мерзімді міндеттемелерді қабылдауы; 
- кемелге келу шексіз деген сенім; 
- олар проблемалардың әсеріне жауап қатқаннан гөрі алдын алған жөн; 
- мүделілік, жетекші рөл және басшылықтың тікелей қатысуы; 
- ең аз шамадағы қателіктерден көрінетін жұмыстың үлгі-қалпы ( стандаоттары); 
- фирманың барлық қызметкерлерінің ұжымдық түрде де, жекеше түрде де қатысуы; 
- адамдарды емес, процестерді жетілдіруге баса назар аудару; 
- жабдықтаушылар сіздің серіктесіңіз болады деген кәміл сенім; 
- еңбекті мойындап, қадірлеу; 
   Сапаны шығынды қысқарту мен халықаралық бәсеке жағында тіршілік ету негізі деп қараған жөн. (Сапа – материалдық ресурстарды үнемдеу, өйткені өнімнің қызмет ету мерзімі ұзарады, бұл ресурстарды үнемдеуге әкеледі.    Сонымен қатар, ол – бәсекеге деген мүмкіншіліктің негізі.) 
Тұтынушы тұрғысынан қарағанда бұйым сапасы – тұтынушы талаптарын қанағаттандыру деңгейі. «Тұтынушыдан асқан бастық жоқ». 
   Б.Талаптар мынаған қойылады: 
- бақылау мен өнімді сынау жүйесіне – сенімділік сертификаты; 
- өндірісті ұйымдастыру жүйесіне; 
- сапалы жобалаудан бастап пайдалануға дейін басқару жүйесі; 
- сапаны технологиялық процесте қамтамасыз ету; 
- сапаны қолдау жүйесін фирмашілік бақылау.  

 

Индекстер туралы түсінік.

   Әлеуметтік-экономикалық құбылыстар  мен процестердің өзгеруіне талдау  жасауда қорытындылаушы көрсеткіштің  бір түрі индекстік әдіс болып табылады.

   Индекстік әдіс деп бір-біріне  тікелей қосуға болмайтын белгілерден  тұратын күрделі әлеуметтік-экономикалық  құбылыстардың жеке себептерінің  үлесін анықтауға қолданылатын  және уақытқа байланысты кеңістіктегі  орташа өзгеруін сипаттайтын қатысты шаманың бір түрі болып табылады.

    Индекстік әдісті қолдану  арқылы салыстыруға келмейтін  экономикалық құбылыстардың жеке  бөліктерінің өзгеруін; құбылыстар  құрылымының белгілеріне қарай  өзгеруін; күрделі құбылыстар көрсеткіштеріне әсер ететін себептерді анықтау мәселелерін шешуге болады.

    Индекстік әдісті қолдану  арқылы есеп жүргізүде екі  уақыт кезеңінің нақты сандық  көрсеткіштері алынады. Салыстырылатын  уақыт шамасы есепті немесе  ағымдағы деп аталады. Бұл көрсеткіш  үнемі индекстік қатыныстың алымында беріледі, «1» деген таңбамен белгіленеді.

    Индекстік әдіспен есептелінген  көрсеткіштер коэффициентпен, ал  оны 100-ге көбейту арқылы %-пен  өлшенеді. Егер индекстік көрсеткіштер 1-ден немесе 100-ден көп болса, құбылыстың  өткендігін, ал аз болса, онда кемігендігін көрсетеді.

    Индекстер зерттеу объектісінің  көрсеткіштеріне байланысты екі  топқа  бөлінеді: көлемдік және  сапалық .

    Көлемдік индекстерге  өнім көлемінің жалпы индекстері  жатады. М/ы, өнеркәсіптің, а/ш-ның, т.б. көлемі алынады. Көлемдік көрсеткіштер өзгеріссіз тұрақты бағамен бағаланады.

   Сапалық индекстерге бағаның, өзіндік құнның, еңбек өнімділігінің  индекстері жатады. Бұл индекстердің  бәрінде көлемдік көрсеткіштер  өзгеріссіз тұрақты бір ағымдағы  кезең дәрежесімен алынады.}

Жеке, жалпы және орташа индекстерді есептеу.

   Жиынтық бірліктерін қамту  дәрежесіне байланысты индекстер  жеке және жалпы болып бөлінеді.

   Жеке индекстер дегеніміз  біртектес құбылыстардың екі  уақыт аралығындағы нақты көрсеткіш  шамаларының қатынасы. М/ы, ағымдағы және базалық уақытты салыстыру арқылы көрсеткіштердің қаншаға өзгергендігін есептеуге болады.

   Жеке индекстер кіші «і»  әрпімен белгіленеді. Зерттеу объектісінің  белгісіне қарай индекстік белгінің  оң жағына оның таңбасы қатар  жазылады (ір,іq,іz). Бағаның жеке (дара) индексін есептеу үшін сол заттың ағымдағы кезеңдегі бағасын базалық кезеңдегі бағасына бөлу керек:

ір=Р1/Р0

Өнім көлемінің жеке индексі :

iq=q1/q0

Өнімнің өзіндік құнының жеке индексі:

iz=z1/z0

Еңбек өнімділігінің жеке индексі:

it=t0/t1

Мұндағы T1, T0 бір дана өнімді өндіруге жұмсалған уақыт мөлшері.

    Қатар дәрежелері уақытына  байланысты бірнеше кезеңнең  тұрып, олардың ағымдағы әрбір  дәрежесі оның алдынғы уақытта  тұрған шамасымен салыстырылса, ол өзгермелі немесе тізбекті индекстер деп аталады және  келесідей жазылады:

iq=q1/q0 ; q2/q3 ; q3/q2 ; т.с.с.

Егер қатардың әр дәрежесі белгілі бір тұрақты базалық кезең мәнімен салыстырылса, ол базалық индекстер деп аталады және оны келесідей көрсетеміз:

iq=q1/q0 ; q2/q0; q3/q 0 ; т.с.с.

    Жеке индекстер құбылыстардың  уақытқа байланысты өзгеруін  зерттеуде қолданылады, олар сол  құбылыстың қандай себептерге  байланысты өзгергендігін анықтай  алмайды. Сондықтан да жалпы индекстерді  қолданамыз.

    Жалпы индекстер дегеніміз  тікелей салыстыруға және қосуға келмейтін элементтерден тұратын, күрделі қоғамдық құбылыстардың уақытқа байланысты өзгерісі болып табылады. Құбылыстардың өзгерістеріне талдау жасау үшін, өзара қосуға болмайтын жекелеген белгілерін салыстыратын шама арқылы қосып, жалпы жиынтығын есептеуге болады.

    Статистикада жалпы индекстер  үлкен «І» әрпімен белгіленеді, оның төменгі оң жағына нені  зерттейтініне байланысты таңбасы  бірге жазылады.(Іq, Іp, Іz, Іqp, т.б.)

   Жиынтық бірліктері жеке  бөліктерден немесе топтардан  тұратын болса, олар топтық индекстер деп аталады. М/ы а/ш-қ өнімдері жалпы, ал мал шаруашылығы, өсімдік шар-ң өнімдері топтық индекстерге жатады.

    Есептеу әдістемесіне  байланысты жалпы немесе топтық  индекстер  агрегаттық және орташа  болып бөлінеді.

   Агрегатты индекстер, мұнда қарастырылып отырған индекстердің алымы мен бөлімі екі көрсеткіштің, яғни сандық пен сапалық белгілерінің көбейтіндісінің қосындысына тең.

   Тауар айналымының жалпы  индексін мына формуламен есептейді:

Іqp=Σq1p1/Σq0p0 , мұндағы

Σq1p1 және Σq0p0   - екі мерзімдегі сатылған тауарлардың жалпы құны;

Тауар айналымының көлемдік жалпы индексінің формуласы келесідей:

Іq=Σq1p0/Σq0p0 , мұндағы

Σq1p0 –ағымдағы мерзімде сатылған тауарлардың санын өткен бағамен есептегендегі шартты құны.

Σq0p0 -өткен мерзімдегі сатылған тауарлардың құны.

   Бағаның жалпы индексі  келесі (Паоша) формуламен өрнектеледі:

Ip= Σp1q1/Σp0q1 ; мұндағы

Σp1q1 –ағымдағы мерзімде сатылған тауарлардың жалпы құны;

    Σp0q1 - ағымдағы мерзімде сатылған тауарлардың санын өткен уақыттағы бағамен есептегендегі шартты құны. Осы индекстердің байланысын келесідей түрде көрсетуге болады:

Σp1q1/Σp0q0= Σq1p0/Σq0p0*Σp1q1/Σp0q1

   Агрегаттық индекстердің  өзара байланысы арқылы есептелген  көрсеткіштердің дұрыстығын және  экономикалық құбылыстардың өзгерісіне әсер ететін себептерді анықтауға болады.

   Көрсеткіштің сандық және  сапалық мәндері белгісіз болып, оның орнына өткен мерзімдегі  тауар айналымы, өнім өндіру шығындары, сатылған тауар көлемі, оның әр  данасының бағасы немесе өзіндік  құн % есебімен өзгерген түрде берілсе, олардың өзгерісін анықтау үшін агрегаттық индекстерді жеке индекстер бойынша есептелген көрсеткіштерді қолдана отырып, орташа индекстерге түрлендіреміз. Мұндай түрлендіруді екі тәсілмен жүргізуге болады: арифметикалық және үйлесімдік.     

Информация о работе Кәсіпорын жұмысының кешенді сапа көрсеткіштері мен сапа индекстерін анықтау