“Этнопедагогика” бойынша оқу-әдістемелік кешен

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2015 в 17:58, реферат

Краткое описание

«Этнопедагогика» курсы өзінің алдына этнопедагогиканың мәні және өзіндік ерекшелігі жайында мәселелер қарастырылады.
Курстың мазмұны: Этнопедагогика тарихына және халықтық педагогикаға қысқаша шолу, этнопедагогиканың даму, қалыптасу кезеңдерін, ғасырлар бойы халық жасап шығарған дәстүрлерді, салттарды

Прикрепленные файлы: 1 файл

UMKD. Этнопедагогика (1).doc

— 157.50 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Философия және саясаттану факультеті

Жалпы және этникалық педагогика кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

“Этнопедагогика”

бойынша оқу-әдістемелік кешен

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2010

 

Алғы сөз

 

«Этнопедагогика» курсы өзінің алдына этнопедагогиканың мәні және өзіндік ерекшелігі жайында мәселелер қарастырылады.

Курстың мазмұны: Этнопедагогика тарихына және халықтық педагогикаға қысқаша шолу, этнопедагогиканың даму, қалыптасу кезеңдерін, ғасырлар бойы халық жасап шығарған дәстүрлерді, салттарды

Курстың мақсаты: студенттерді біліммен қаруландыруды, ұлттық ерекшеліктер және ұлттық сананың өзіндігін есепке ала отырып, жас ұрпақ тәрбиесіне халықтардың дәстүрлері және салттарын ендіруде егеменділігін, көпұлттылығын есепке ала отырып, Қазақстан Республикасында этномәдениеттік білім беру концепциясының негізгі идеяларымен таныстыру.

Курстың міндеттері:

  1. этнопедагогика теориясының ғылыми және оқу пәні ретінде дамуының теориялық негізін беру;
  2. тұтас педагогикалық үрдіс барысында этнопедагогиканың тиімділігін арттыру жолдарын меңгерту;
  3. этнопедагогика курсы бойынша алған білімін практикада оңтайлы қолдану әдіс-тәсілдерімен қаруландыру.

Пререквезиттер: Курсты оқудың алдында «Философия», «Психология», «Мәдениеттану», пәндері оқылады. Бұл курс 2 кредит көлеміндегі бағдарлама 45 аудиториялық сабаққа, оның ішінде 30 сағат-дәріс, 15 сағат-семинар және 15 сағат СОӨЖ, аудиториядан тыс 45 сагат СӨЖ ге арналған.

«Этнопедагогика» оқу курсы үш модульден тұрады. Бірінші модульде этнопедагогика ғылым және оқу пәні ретінде қарастырылады. Екінші модульде этнопедагогиканың қайнар көздері мен дамуының негізгі кезеңдері, түрлері мен әдіс-тәсілдері қарастырылады. Үшінші модульде этнопедагогика үрдіс ретінде негізгі мәселелері сипатталады.

Автор туралы мәлімет: оқытушы Кудайбергенова А.М.

 

МОДУЛЬ 1. ЭТНОПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ОҚУ

ПӘНІ РЕТІНДЕ

1-тақырып. Этнопедагогиканың  әдіснамалық негіздері.

 

Этнопедагогика тарихына және халықтық педагогикаға қысқаша шолу. Этнопедагогиканың объекті және пәні. Этнопедагогиканың принциптері, міндеттері, қызметі. Этнопедагогиканың негізгі түсініктері: этностық тәрбие, этностық оқыту, ұлт, этнос. Педагогикалық ғылымдар жүйесіндегі этнопедагогиканың орны. Этнопедагогиканың философия, этнопсихология, этнография, этнофилософия ғылымдарымен өзара байланысы.

Этнопедагогиканың философиялық, мәдениеттану, психологиялық, этнографиялық негіздері. Қазақстан Республикасының ұлттық саясат жөніндегі құжаттары.

Егеменді мемлекет жағдайындағы этномәдениеттік дәстүрлердің қазіргі жағдайы.

 

2-тақырып. Адамзат дамуының  тарихындағы этнопедагогикалық 

идеялардың генезисі (тегі).

 

Педагогика классиктерінің мұраларындағы халықтық тәрбие, оқу мен тәрбиелердің ұлттық жүйесін дамытудағы Я.А.Коменскийдің қосқан үлесі. К.Д.Ушинскийдің халықтық тәрбие принциптері. А.С.Макаренконың педагогикалық іс-әрекетінде халықтық тәрбиенің элементтерін пайдалануы. В.А.Сухомлинскийдің халықтық педагогикасы.

ХV-ХІХғ. қазақ ақын-жырауларының тәрбие мектебі. (Асанқайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Ақтанберді, Шал, Дулат, Бұхар, Махамбет және т.б.) олардың халықты басқаруға қатысуы, отанды қорғауға шақыруы, гумандықты, еңбек сүйгіштікті, өнерді насихаттауы. ХVІІІ ғ. жас ұрпақты тапқырлыққа, шешендік өнерге тәрбиелеудегі билердің ерекше рөлі (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би).

Ш.Уәлихановтың еңбектеріндегі ұлттық тәрбие мен этнопедагогика мәселелері. Ы.Алтынсариннің мұраларының халықтық педагогика және психология ғылыми ұстанымдарында баяндалуы.

А.Құнанбаевтың қазақ педагогикасы мен психологиясын тереңірек дамытуға қосқан үлесі. Қазақтың халықтық тәрбиесі жайлы орыс және батыс европалық ғалымдардың ой-пікірлері. ХХ ғ. 20-30 жылдарындағы этнопедагогикалық идеялардың дамуы. М.Дулатов, А.Байтурсынов, М.Жұмабаев және т.б.

 

3-тақырып. Этнопедагогикадағы  тәрбиенің мақсаты.

 

Барлық этностардағы тәрбие мақсатының ортақтығы. Адамның халықтық идеалы. Адам қазіргі халықтық тәрбиенің мақсаты ретінде. Әр халықтың жетілген тұлға ретінде пікірінің даму шарттары. Ұлттық ар-намысқа тәрбиелеу тұлғаның мінез-құлқын жетілдірудің ірге тасы. Көп ұлтты Қазақстан жағдайындағы түрлі мәдениеттілікке тәрбиелеудің ерекшеліктері. Халықтың педагогикалық мәдениеті, мәні, мазмұны. Ұрпақтар ұласылымдығы тұлғаның әлеуметтік дамуының және халықтың рухани процесінің факторы.

 

4-тақырып. Этнопедагогикадағы  тәрбиенің әдістері және құралдары.

 

Халықтық педагогикадағы тәрбиенің әдістері. Тәрбиенің тәсілдері: өсиет және ғибрат, аға ұрпақтың жеке үлгісі, еліктеу және т.б. Халықтық тәрбиенің құралдары. Ертегілер, мақалдар, жаңылтпаштар, жұмбақтар халықтық өлеңдер – халықтық тәрбиенің құралдары. Табиғат – тәрбие құралы. Ойын – тәрбие құралы. Сөз – тәрбие құралы. Еңбек – тәрбие құралы.

 

5-тақырып. Қазақстан Республикасы  халықтарының ұлттық салт 

және дәстүрлері – халықтық тәрбиенің негізі.

Салт және дәстүр түсініктері: философиялық, әлеуметтік, педагогикалық және психологиялық анықтамалары. Дәстүр және салттардың құрылымы, салттар мен дәстүрдің жалпы ортақтығы және айырмашылығы. Рәсімдері және салтанатты өткізу реті. Адам тәрбиесімен байланысты салттар, әдеп-ғұрыптар, дәстүрлер, нанымдардың тәрбиелік мәні. Балалардың ерекшеліктерін есепке ала отырып, олардың өмір кезеңдеріне сипаттама. Үйлену мен жеке отбасын құрумен байланысты әдеп-ғұрыптар, достық, бата беруге, тілекке ант беру белгісі.

Адамның қуанышымен, қайғысымен қатар жүретін салттар және әдет-ғұрыптар, өлеңдер мен аңыздардың тәрбиелік мәні. Жаңа уақытқа байланысты туындаған салттар және дәстүрлер, олардың тәрбиелік мәні.

 

6-тақырып. Халық педагогикасындағы  рухани мінез-құлықтық және азаматтық, патриоттық тәрбие

 

Салттардағы, дәстүрлердегі, әндердегі, өлеңдердегі, мақалдардағы және мәтелдердегі өнегелі тәрбиеленгендік, ар-ұяттылық, руханилылық жөніндегі халықтық түсініктер. Жастарды парасаттылыққа, әдептілікке, үлкенді қадірлеуге отбасындағы аға ұрпақтың рөлі мен үлгісі. Қонақтармен амандасудың, қабылдаудың, қызмет етудің қайырымдылық пен әдептіліктінің тәрбиелік мәні. Дін тұлғаның рухани қалыптасуындағы өзекті фактор. Қазақ халқында рухани мінез-құлық тәрбиесінің ерекшеліктері.

Патриоттық тәрбиенің негізі өз отанына, халқына, туыстары мен жақындарына сүйіспеншілікті тәрбиелеу. Патриоттылықтың негізгі модельдері: (кіріктірілгендік, авторитарлық, бөлшектелген әр түрлілік). Патриоттық сезімнің, азаматтық жауапкершілік сезімнің отан алдындағы азаматтық борыштың өзара байланысы. Азаматтық, патриоттық тәрбиедегі мақал-мәтелдердің және бай аңыздардың мәні мен мағынасы. Жастарды жаудың бетін қайтаруға батылдығын және дайындығын тәрбиелейтін ұлттық ойындардың рөлі және мәні. Қазақ халқындағы азаматтық, патриоттық тәрбиенің ерекшеліктері.

 

7-тақырып. Халық педагогикасындағы еңбек және дене тәрбиесі

 

Еңбек сүйгіштікті, кәсіптік дағдыларды және кәсіптік бағдарды тәрбиелеу, аталар мен әкелердің балаларының мал бағуды, малға қора соғуды,  қол еңбегінің дағдыларын меңгеруді үйретудегі рөлі. Аналардың қыз балаларды кесте тігуге, ою-өрнектерді салуға, жүн тоқуға, кілем тоқуға, киім тігуге үйретудегі рөлі. Балаларды отбасында кәсіптік даярлау. Үй жануарларын бағу білігі, үй жануарларының ауруларын білу және оларды емдей білу әдістері. Атқа мініп жүруге және аң аулауға үйрету, қол өнер кәсіп дағдыларына баулу. Еңбек жайлы әндер, ертегілер, мақал және мәтелдердің тәрбиелік мәні. Қазақ халқындағы еңбекке тәрбиелеудің ерекшеліктері.

Халық педагогикасындағы дене тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері. Тұзды суда баланы шомылдырудың, денесін майлаудың, аяқ-қолын созудың мәні. Қазақстан Республикасында өмір сүретін халықтардың балаларды шынықтыру тәсілдері. Дене тәрбиесіндегі ұлттық ойындардың рөлі. Қазақ халқындағы дене тәрбиесінің ерекшеліктері.

 

8-тақырып. Халық педагогикасындағы эстетикалық және зиялылық тәрбиесі

 

Халық педагогикасындағы эстетикалық тәрбие, оның мақсаты мен міндеттері. Эстетикалық тәрбиенің негізгі бағыттары: сәулет өнері және бейнелеу өнері, өлеңдер мен жырлар, зергерлік және қол өнер, кілем тоқу, олардың халық өміріндегі жән тұрмысындағы мәні. Бейнелеу өнеріндегі этнопедагогикалық идеялар.

Жастарды өлең айту мәдениетіне және жырларға, шешендік пен тапқырлық өнеріне тәрбиелеудің халықтық мектебі. Халық композиторларының шығармаларындағы тәрбие мәселелері. Қыз балалардың эстетикалық сезімін тәрбиелеу, оған ата-ананың қатынасуы. Қазақ халқындағы эстетикалық тәрбиенің ерекшеліктері.

Зиялылыққа тәрбиелеу және оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі. Халықтың әлемдік құрылымды қабылдауы. Күн, ай, жұлдыздар, аңдар және үй жануарлары жөніндегі білімдер. Жеті ғалам, жеті қабат көк, жеті күн жайлы түсініктер. Халықтық күнтізбе, айларға және жыл мезгілдеріне бөлу. Білімнің және өнердің пайдасы, тапқыштық және жинақылық. Тапқыштыққа тәрбиелеуде ертегідлердің рөлі жөніндегі мақал-мәтелдер, аңыз-әңгімелер және ғұламалардың ой-пікірлері. Қазақ халқындағы зиялылыққа тәрбиелеу ерекшеліктері.

 

9-тақырып. Халық педагогиасының  қазіргі қызметі.

 

Халықтың этнопедагогикалық пансофиясы. Ұлтаралық қарама-қайшылықтар үшін халықтар мәдениетінде материалдың жоқтығы. Халықтардың рухани мінез-құлықтық құндылықтарындағы ұлтаралық және жалпы адамзаттылық. Символдық тұлғалардың әрекеттігі және олардың қызмет етуі. Этнопедагогиканың жалпы адамзаттық негіздері.

 

10-тақырып. Жалпы білім  беретін мекеменің оқу процесінде халық педагогикасының прогрессивтік элементтерін пайдалану.

Қазақстан Республикасы этнопедагогикалық білім беру тұжырымдамасы жастарға этнопедагогикалық білім беру тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасының халық педагогикасы бойынша қазіргі бағдарламалары.

“Атамекен”, “Елім-ай” және басқа бағдарламалардың мақсаты, міндеттері және ерекшеліктері. Халық педагогикасы бойынша Қазақстан мектептерінің жұмыс тәжірибесі. Отбасы тәжірибесін зерттеу, музыкалы аспаптармен, халықтық қолданбалы өнермен, халықтық ойындармен, ұлттық киім үлгілерімен танысу. Ата тектік “шежірені” зерттеу.

 

Семинар сабақтарының мазмұны

1-тақырып. Этнопедагогикалық  ой-пікірлердің шығу тарихы және  дамуы.

  1. Этнопедагогиканың негізгі түсініктері: этностық тәрбие, этностық оқыту, ұлт, этнос.
  2. Этнопедагогиканың принциптері, міндеттері, қызметі.
  3. Педагогикалық ғылымдар жүйесіндегі этнопедагогиканың орны.

 

2-тақырып. Жетілдірілген  адам – халықтық педагогиканың  мақсаты.

  1. Адам қазіргі халықтық тәрбиенің мақсаты ретінде.
  2. Әр халықтың жетілген тұлға ретіндегі пікірінің даму шарттары.
  3. Ұлттық ар-намысқа тәрбиелеу тұлғаның мінез-құлқын жетілдірудің ірге тасы.

 

3-тақырып. Халық педагогикасындағы  тәрбиенің әдістері, тәсілдері  және  құралдары.

  1. Халық педагогикасындағы тәрбиенің әдістері.
  2. Халықтық тәрбиенің құралдары.
  3. Тәрбиенің тәсілдері: өсиет және ғибрат, аға ұрпақтың жеке үлгісі, еліктеу және т.б.

 

4-тақырып. Қазақстан Республикасы  халықтарының ұлттық салттары  мен дәстүрлері.

  1. Салт және дәстүр түсініктері: философиялық, әлеуметтік, педагогикалық және психологиялық анықтамалары.
  2. Дәстүр және салттардың құрылымы, жалпы ортақтығы және айырмашылығы.
  3. Адам тәрбиесімен байланысты салттар, әдеп-ғұрыптар, дәстүрлер, нанымдардың тәрбиелік мәні.

5-тақырып. Халық педагогикасындағы  рухани мінез-құлықтық тәрбиесі.

  1. Қазақ халқында рухани мінез-құлық тәрбиесінің ерекшеліктері.
  2. Дін тұлғаның рухани қалыптасуындағы өзекті фактор.
  3. Жастарды парасаттылыққа, әдептілікке, үлкенді қадірлеуге отбасындағы аға ұрпақтың рөлі мен үлгісі.

 

6-тақырып. Халық педагогикасындағы  азаматтық, патриоттық тәрбие.

  1. Қазақ халқындағы азаматтық, париоттық тәрбиенің ерекшеліктері.
  2. Азаматтық, патриоттық тәрбиедегі мақал-мәтелдердің және бай аңыздардың мәні мен мағынасы.
  3. Патриоттылықтың негізгі модельдері: кіріктірілген, авторитарлық, бөлшектелген әр түрлілік.

 

7-тақырып. Жас ұрпақты тәрбиелеу және оқытуда халық педагогикасын пайдалану.

  1. Қазақстан Республикасы этнопедагогикалық білім беру тұжырымдамасы.
  2. «Атамекен», «Елімай» және басқа бағдарламалардың мақсаты, міндеттері және ерекшеліктері.
  3. Халық педагогикасы бойынша Қазақстан мектептерінің жұмыс тәжірибесі.

 

8-тақырып. Халық педагогикасының қазіргі қызметі.

  1. Этнопедагогиканың жалпы адамзаттық негіздері.
  2. Қазақстан Республикасының халық педагогикасы бойынша қазіргі бағдарламалары.

 

9-тақырып. Халық педагогикасындағы дене тәрбиесі.

  1. Халық педагогикасындағы дене тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері.
  2. Қазақстан Республикасында тұратын халықтардың балаларды шынықтыру тәсілдері.
  3. Дене тәрбиесіндегі ұлттық ойындардың ролі.

Информация о работе “Этнопедагогика” бойынша оқу-әдістемелік кешен