Бейіндік оқыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2012 в 09:34, лекция

Краткое описание

Бейіндік оқыту- кәсіптік білім беру бағдарламаларын игеруге даярлау, олардың кәсіптік бағдарлары үшін жағдай жасау, оқушылардың арнаулы бейімділігі мен қызығушылығын, танымдық қабілетін ескеруге бағытталған білім беру процесінің құрылымы мен мазмұнын ұйымдастыру түрі, жоғары сыныптағылардың оқуын даралау мен саралап жіктеудің педагогикалық жүйесі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Бейіндік оқыту.doc

— 30.50 Кб (Скачать документ)

Бейіндік оқыту- кәсіптік білім беру бағдарламаларын игеруге даярлау, олардың кәсіптік бағдарлары үшін жағдай жасау, оқушылардың арнаулы бейімділігі мен қызығушылығын, танымдық қабілетін ескеруге бағытталған білім беру процесінің құрылымы мен мазмұнын ұйымдастыру түрі, жоғары сыныптағылардың оқуын даралау мен саралап жіктеудің педагогикалық жүйесі.

12 жылдық  білім беруге көшуде бейіндік  оқыту моделін құрастыруға   қажетті,  төрт ұстанымды  көрсету  маңызды :

  • Бейіндік оқытудың міндеттерін жетістікпен іске асыру жағдайында негізгі орта білім беру деңгейінде оқушылардың бейіналды дайындық жүйесін ұйымдастыруды қарастыру қажет.
  • Бейіндік оқыту міндеттеріне оқушылардың кәсіби бағдары мен кәсіби бағдарламаларын жетістікпен игерудегі  даярлығын жатқызуға болады.
  • Бейіндік оқытуды ұйымдастыруды орта білім берудің барлық  деңгейінде, соның ішінде–техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында қарастыру қажет.
  • Бейіндік оқыту моделі оқу орындары моделдерінің деңгейінде білім беру вариативтілігін, білім беру мазмұнын, оқыту процесін, 11-12 сынып педагогы  инновациялық қызметін одан әрі даму қажеттілігін алдын-ала ескеру керек.

Бейіндік оқытуды ұйымдастыру  мақсаты:

1. Оқушылардың  әлеуметтену мүмкіндігін кеңейтіп, Қазақстан азаматтарының сындарлы  ролі ретінде базалық құзыреттер түріндегі білім беру жүйесінің ұлттық мақсаттарына жетуге мүмкіндік туғызу.

2. Жалпы  орта білім беру жеке оқу  жоспарларын жобалау мен іске  асыру мүмкіндігін, 11-12 сынып оқушыларының  білім беру мазмұнын  саралап  жіктеу үшін нормативттік және  ұйымдастырушылық педагогикалық жағдай жасау.

3. Оқушылардың  сапалы білімге қол жеткізуін,  олардың қабілеті мен қызығушылығын,  танымдық және  өмірлік қажеттіліктеріне, бейімділіктеріне сәйкес қамтамасыз  ету.

4. Жоғары  кәсіби және орта білім деңгейінің  сабақтастығын қамтамасыз ету.

Бейіндік  оқыту міндеттерін іске асыру  мақсатында 3 деңгейде вариативтік  білім беру жүйесі құрылады: институционалдық, мазмұнды және технологиялық.

Институционалдық деңгей 11-12 сыныптарда жалпы орта білім беретін оқу орнының  көп қыры мен түрлі деңгейін анықтаған. Әр түрлі жалпы білім беретін мектептер, гимназиялар (1-12 сыныптар), академиялық лицейлер (5-12 сыныптар), бейіндік мектептер (11-12  сыныптар)

Мазмұнды деңгей оқу бағдарламалары мен оқу әдебиеттерінің вариативтілігін, кіріктірілген оқу курстарын енгізуді, мектептің бейіндік оқыту бағыттарын, оқушының- таңдау бойынша курстар құрамын таңдау мүмкіндігін қарастырады. Оқу процесі – оқытудың жинақталған жүйесі негізінде құрылады.

Технологиялық деңгей оқытудың тиімді технологиясын енгізумен анықталған. Оқу бағдарламалары тек қана оқылатын материалды ғана емес  жоғары сыныптағылардың  қызмет түрлерін  көрсетеді: зерттеу, пікірталас, құрастыру, жобалау және т.б.

Бейіндік оқыту үш бағыт шеңберінде: жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық және технологиялық бағытта жүзеге асырылады.

Бейіндік бағытын мәлімдеген білім  беру мазмұны екі бағытты ескере анықталды. Біріншіден бейіндік оқытуды  анықтау бойынша 11-12 сынып оқушыларының жекелеген қабілеті мен қызығушылығын  ескеру үшін білім беру мазмұнының құрамы мен құрылымы педагогикалық жағдай жасауға бағытталу керек.

Екіншіден, үш бағыт шеңберінде білім  беру мазмұнын анықтауда оқушылардың  базалық жалпы білім беру даярлығын аяқтауды қамтамасыз ететін міндетті оқу пәндерінің көлемін азайтып, базалық мазмұндағы пәндер үшін оқу-әдістемелік кешендердің саны оңтайландырылып, республикада қалыптасқан вариативті білім берудің және т.б. институционализациялау деңгейінің мүмкіндігі ескеріледі.

Бейіндік оқытудың негізгі ұйымдастыру  түрлеріне мектепшілік және желілік  бейіндік оқыту жатқызылады.

Мектепшілік бейіндік оқыту

Жалпы білім беретін оқу орны оқушылардың білім алу қажеттілігіне, кадрлық және оқу-әдістемелік күш-қуатына  байланысты бейіндік оқытудың ұйымдастырылатын бағыттарын өздері анықтайды.

Бірбейінді оқыту кезінде (грек сөзі. мonos- біреу, жалғыз) оқу орны бейіндік оқытудың бір бағытын іске асырады.(жартылыстану-математикалық немесе қоғамдық-гуманитарлық немесе технологиялық)

Көпбейінді оқыту кезінде (грек сөзі. polys – көптеген, есепсіз, көлемді) оқу орны бейіндік оқытудың 2-3 бағытын іске асырады (жаратылыстану-математикалық немесе қоғамдық-гуманитарлық немесе технологиялық).

Желілік бейіндік оқыту

Бейіндік оқытудың мақсаты мен міндеттері басқа білім беру ұйымдарының білім беру қорларына оқу орындарының қатыстырылу есебінен іске асырылады.


Информация о работе Бейіндік оқыту