“Этнопедагогика” бойынша оқу-әдістемелік кешен

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2015 в 17:58, реферат

Краткое описание

«Этнопедагогика» курсы өзінің алдына этнопедагогиканың мәні және өзіндік ерекшелігі жайында мәселелер қарастырылады.
Курстың мазмұны: Этнопедагогика тарихына және халықтық педагогикаға қысқаша шолу, этнопедагогиканың даму, қалыптасу кезеңдерін, ғасырлар бойы халық жасап шығарған дәстүрлерді, салттарды

Прикрепленные файлы: 1 файл

UMKD. Этнопедагогика (1).doc

— 157.50 Кб (Скачать документ)

 

10-тақырып. Халық педагогикасындағы  еңбек тәрбиесі.

  1. Қазақ халқындағы еңбекке тәрбиелеудің ерекшеліктері.
  2. Балаларды отбасында кәсіптік даярлау.
  3. Қыз балаларды кесте тігуге, ою-өрнектерді салуға, кілем тоқуға, киім тігуге үйретудегі ролі.

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Айдаров Г. Орхон ескерткіштерінің тексті. Алматы. Ғылым., 1990.
  2. Алтынсарин Ы. Таңдамалы педагогикалық мұралары. 3 т. Алматы., 1991.
  3. Арғынбаев Х. Қазақ халқының қол өнері. Алматы., 1987.
  4. Ахметова З. Кәусар бұлақ. Алматы., 1993.
  5. Баласағұн. Құтты білік. Алматы., 1995.
  6. Волков Г.Н. Этнопедагогика. Чебоксары., 1990.
  7. Виноградов Г. Народная педагогика. Иркутск., 1997.
  8. Диваев Ә. Тарту. Алматы. Ана тілі., 1992.
  9. Дулати М.Х. Тарихи-Рашиди. Алматы., 1999.
  10. Жарықбаев Қ.Б., Наурызбаев Ж. Қазақтың ұлттық тәлім тәрбие атауларының түсіндірме сөздігі. Алматы., 1993.
  11. Кәмәлашұлы Б. Қазақ халқының дәстүрлі той мереке, сауық-сайран, ұлттық ойын тамашалары. Алматы, 2005.
  12. Кәмәлашұлы Б. Қазақ халқының туыс-туғандық жүйесі, ұрпақ өсіру, тәрбиелеу дәстүрі, үйлену ғұрыптары. Алматы, 2005.
  13. Қалиев С. XV-XIX ғ.ғ. Ақын-жыраулар поэзиясындағы педагогикалық ойлар. Алматы., 1994.
  14. Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. Алматы., 2003.
  15. Қазақтың тәлімдік ой-пікірлері Антологиясы, 2 том, (құр. Қ.Жарықбаев, С.Қалиев). Алматы., 1994.
  16. Қожахметова К.Ж. Халықтық педагогиканы зерттеудің кейбір ғылыми және теориялық мәселелері. Алматы., 1993.
  17. Құралұлы А. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің анықтамалығы. Алматы, 1991.
  18. Құралұлы А. Салт-дәстүрге, тарихқа, дінге байланысты терминдер мен сөз тіркестерінің түсіндірме сөздігі. Алматы, 2006
  19. Табылды Ә. Қазақ этнопедагогикасы және оқыту әдістемесі. Алматы, 2004.
  20. Табылды Ә. Этнопедагогикалық оқылымдар. Алматы, 2006.

 

Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмыстарының тақырыптары (СОӨЖ)

 

 

 

 

11. Баға қою саясаты

Баға қою өлшемдері (сабақ түріне қарай баллдарға шағып есептеу)

    • I аралық бақылау (ағымдағы бақылауды қоса есептегенде -30%
    • II аралық бақылау (ағымдағы бақылауды қоса есептегенде-30%
    • ағымдық аттестациялау - 40%

Қорытынды      100%

Аралық бақылау (АБ) 7 және 15 аптада өткізіледі. АБ қорытындысы мен ағымдағы бақылау ведомоске жинақтау ұстанымы бойынша қойылады және емтиханға жіберуге негіз болып есептеледі.

 

- Бағалау шкаласы (%)

 

А

95-100%

Өте жақсы

А-

90-94

 

В+

85-89

Жақсы

B

80-84

 

B-

75-79

 

C+

70-74

 

C

65-69

 

C-

60-64

Қанағаттанарлық

D+

55-59

 

D

50-54

 

F

0-49

Қанағаттаннарлықсыз


 

Пән бойынша емтихан бағасы аралық бақылау (60%) және ағымдағы аттестациялау (40%) бойынша үлгерімнің қосындысынан шығады және ол 100% құрайды. Егер студент семестр бойы  АБ және ағымдагы бақылау қорытындылары бойынша жоғары баллдың (60%) жартысынан азын алса, онда ол емтиханға жіберілмейді.

 

 

Аралық бақылау (АБ)

Сабақ және студент жұмысының түрі

Қойылатын балл (%) саны

1

1

Аудиторияда дәріс сабақтарды меңгеруі

5

22

Аудиториядағы практикалық сабақ тапсырмаларын орындауы

10

3

СӨЖ нәтижелері

15

4

Аралық бақылау

15

5

Аралық бақылау

15

АБ бойынша қорытынды

60


 

12. Курсты жүргізу  саясаты:

1. Сабақтарға міндетті түрде қатысу;

2. Практикалық (семинар) сабақтарының барысында белсенділік таныту; сабаққа, СОӨЖ жэне үй тапсырмасын уақытында дұрыс орындау.

3. Сабаққа кешігуге, кетіп қалуға, сабақ барысында ұялы телефонды пайдалануға, тапсырмаларды кешіктіруге, көшіріп алуға болмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МОДУЛЬ 1. ЭТНОПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ОҚУ

ПӘНІ РЕТІНДЕ

1-дәріс. Этнопедагогиканың әдіснамалық негіздері.

 

Этнопедагогиканың зерттеу нысаны-халық педагогикасы. Халық  педагогикасы-халықтардың ғасырлар бойы ұрпақ тәрбиелеу тәсілдеріе негізделген бай тәжірибесінің эмпирикалық жиынтығы.

 Ал этнопедагогика-халық педагогикасының ұрпақ тәрбиелеудгі тағылымдарын ғылыми жүйеге клтіріп зерттейтін, оың тәжірибеде қолданудың әдіс-тәсілдерін теориялық тұрғыда сөз ететін ғылыми педагогиканың бір саласы.

Этнопедагогиканың мақсаты-халықтық, салт-дәстүрді, өнерді дәріптейті, ана тілі м дінін қадірлейтін, Отанын, елін, жерін сүйетін, жан-жақты жетілген, саналы, намысқой патриот азамат тәрбиелеу.

Этнос гректің «etnos»-тайпа, халық деген сөзінен шыққан. Ғылымда «халық» терминінің орнына «этнос» трмині орынды қолданыла бастады. Бұл термин этностың негізгі тарихи түрі- «тайпа», «ұлыс» («народность»), «ұлт» ұғымын түгл қамтиды. Оның үстіне, «халық» сөзінің «бір топ адам» (мәселен, «адам жиналы» десек) дегн мағынасы бар екені белгілі. Сондықтан, «этнос» терминін қолдану қолайлы. Адам ұжым болып тіршілік етеді.

«Әдеп-Ғұрып дегеніміз-блгілі ір қоғамда немесе ұжымда блгілі бір тарихи жағдайға байлаысты адамдар арасында қалыптасқан қоғамдық тәптіптің түрі.» Салт пен дәстүрдің айырмашылығы неде дегенге келсек, салт-адам өмірінің күделікті тіршілігінде (отбасынан бастап қоғамдық өмірдегі қатынаста) жиі қолданылатын мінез-құлық, қарым-қатынас ережелері ме жол-жора, рәсім, заңдарының жиынтығы. Ол жеке адам өміріде еңбек, іс-әрекет, адамгершілік, құқық, діни ережелермен байланысты көрініс береді де, біртіндеп ауыл-аймақ, ру-тайпаға ортақ рәсімге (ритуалға) айналады.

Ал дәстүрдің өресі салттан әлдеқайда кеңірек. Дәстүр-қоғамдық сананың барлық салаларымен айланыста дамыған, топтасқан қауымның қалыптасқан бірыңғай көзқарасын, әдт-заңын марапаттайтын рәсім.

Дәстүр-тарихи тұрақтанған, қоғамдық қарым-қатынастың нормада ьір ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғасып жататын, көпшілік қоғам мүшлріне ортақ әдт-ғұрыптардың жинақталған түрі.

Ал жол-жоралар ырымдар-әдет-ғұрыптың бөлшктері, сонан келіп салт пен дәстүр тоғысып, туындайды.

Этнопедагогика ғылымы орыс, Батыс елдеріне ХVII- ХVIII ғасырлардан бастап қолға алынған болса, қазақ этнопедагогикасының зерттелу жайы, ғылым ретінде қалыптасу тарихын сөз еткенде Қазақ этнопедагогиасының қалыптасу тарихын сөз еткенде, оны үш кезеңге бөліп қарастырамыз.

Бірінші кезең-XIX ғасырдың екінші жартысында өмір сүріп, қазақтың ұлттық тәлімгерлік ой-пікірлері мен салт-дәстүрлері жайында тұңғыш зртту еңбектерін жазған Шоқан, Ыбырай, Абай сияқты демократ ағартушылар мен орыс, батыс саяхатшы, этнограф  ғалымдарының (Э.С. Вульфсон, П.С. Паллас, А. Вамбери, А. Левшин, В. Родлов, А. Янушкевич, Янушкевич, Н.Г. Потанин, Н.Л. Зеланд, т.б.) қол жазбалары десек, екінші кезең-XX ғасырдың алғашқы 20-30 жылдарында бұл істі ғылыми тұрғыда арнайы қарастырып сөз еткен Ә. Диваев, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, Ш. Құдайбердиев, Х. Досмухамедов, М. Дулатов, Н. Құлжанова, М. Әуезов, т.. болды. Яғни, бұл кзеңді қазақ этопдагогикасының ғылым ретінде туып, қалыптасу кезеңі ретінде қарастырамыз. Үшінші кезең-35-40 жылдық үзілістн кейін (1970-2005 ж.ж.) қазақ этнопдагогикасының қайта жанданған, даму дәуірі дп аламыз.

 

 

Қазақтың салт-дәстүрлер құрылымы


Жол-


 

2-дәріс. Қазақ этносының пайда болу тарихы.

 

Қай халықтың болса да мәдениеттің шарықтауы мен құлдрауы-табиғи заңды процесс. Бір кезде (біздің жыл санауымызға дейін ІІ ғасырда) егіншілікпен, сауда-саттықпен айналысқан қытайлықтар мал шаруашылығымен айналысқан ғұндарға қарағанда мәдениеті жоғары, өркенденген ел болған. Соған қарамастан, қытайлардың Еуропаны жаулап алуына  жол бермеген себептерге келсек, біріншіден, жауынгер ғұн халқының ерік іс-әрекеті бөгет болса, екіншіден, қалың қытайлықтардың құрғақшылық табиғаты қатаң даладан гөрі, суы мол, ауасы жұмсақ, қыс болмайтын оңтүстік Азияның теңіз жағалауын мекендеуі қолайлы деп санауы, өзі мекендеген жерге бауыр басуы болды, үшіншіден қытайлықтарға қарағанда, Вавилонды, Кіші Азия ме Сириы, Еипетті жаулап алға, Тұра ойпатын жайлаған мәдениеті мен экономикасы басым парсылықтар Еуропаға қарай қытайлықтардың аяғын аттатпады.

Бүгінгі аса мәдениетті, экономикалық жағынан күшті деп саналатын Еуропа елдері ол кезде Қытай, Парсы елдеріне қарағанда әлдеқайда нашар даыған елдер болған. әрбір ың жылда бір ұлы өзгерістің болуы-әдениеті бай елдің соғыс, қуаңшылық, жер сілкінісі, т.б. апаттар салдарынан мүлде құрап кетуі немесе әлсіреп, шалажансар күйге түсуі, ал артта қалған елдің керісінше, тез қарқынмен дамуы-табиғи заңды құбылыс. Ертедегі Рим мәдениеті  менараб халифатының өркендеуі-осының айғағы.

Биосфералық процесінің әсерінен Еуропа мен Азия құрлығындағы этностар мыңдаан жылдар ішінде төрт рет бүлініске ұшырадыү ол ұлы даланыы мекендейтін этностарды орасан зор қоныс аударуға ұшыратты. Шығыста әлденеше рет Ғұндар мен Түріктер, Ұйғыр қағанаттарының қытайлықтармен қырғын соғысы болды. Аштық, өлім-жітім, табиғи апаттар этностардың бірінің туып,  екіншісінің пайда болып, өрке жаюын туғызады.

Міне, осы тарихи процестерді негізге ала отырып, ежелгі қытай, моңғол жазбалары ме орыс, Батыс елдері ғалымдарының еңбектеріе сүйене отырып, «қазақтар-түрік, моңғол, үнді-иран тектес, Қазастан территориясында тіршілік еткен, «Еуразия далаларының көшпелі үштігінен тараған сақ, ғұн, йсін тайпаларының қосындысынан құрылған ежелгі халық» деген анықтама  береміз.

Кез-келген халықтың пайда болу және қалыптасу тарихы-өте ұзақ та күрделі процесс. Экономикалық даму мен мәдени аралас-құраластарының нәтижесінде белгілі аймақта тілі ортақ, этностық салт-дәстүрі, тұрыс-тіршілігі мен өзіндік ортақ материалдық және рухани мәдениеті бар адамсдардың берік ақуымдастығы қалыптасады.

Қазақ халық негізінен, республианың қазіргі жерің мекендеген автохтонды (байырғы) тайпалардан қалыптасты және олардың этногенетикалық құрылыстарының түп-тамырлары сонау қола дәуіріне, Андронов мәдениеті деп аталатын көне кезеңге (б.з.б. XVIII−VII ғ.ғ) саяды.

егер сол көне дәуір ескерткіштеріне, айталық ,қыш ыдыстарының ою өрнегіе көз салып, Қазақстанның қазіргі уақыттағы ою-өрнегімен салыстырсақ, онда олардың көптеген ұқсастықтары мен ортақ үлгілерін табуға болады. Ертедегі темір дәуіріне (б.з.б. VI−IV ғ.ғ) Қазақстан жерін мекендеген сақ тайпалары-масагеттер, аргинейлер, дайлар, исседондар, т.б. мекендеген.

 Көрнекті әдебиетші ғалым  Ә. Қоңыртбаев өзінің «Көне мәдениет  жазбалары» атты еңбегіде А.Н. Бернштам пікірі қостай келе: «қазақ»сөзінің түбірі «ғұз-сақ»(оғызсақ) дейтін екі түрлі кезеңдегі тайпа атының бірлесуіне туған, «қазақ» сөзі «ғыз-сақ» деген тайпа атауынан туған деген ойды дәлелдеу үшін Орат Азия, Тұран, Алтай, Сібір, Қазақстан жерлерін мекендеген ежелгі тайпалар тарихына, атауларына назар аудару қажет»,-деген тұжырым жасайды.

 

 

3-дәріс. Қазақ этнопедаогикасының өзіндік ерекшеліктері.

 

Ұшы-қиырсыз жазира дала тұрғындары өздерінің сан ғасырлар бойғы тарихында жас ұрпаққа тәрбие берудің бай тәжірибесін жинақтап, ұлттың өзіндік салт-сана мен әдет-ғұрып, рәсімдерін туғызды. Көшпелі халық өзі өмір сүрген қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына, әдениетіе, тарихына орайлас жас буынға тәлім-тәрбие берудің айрықша талап-тілектері дүниеге әкелді. Мәселен, жас аданың жұртқа танымал моральды-психологиялық өлшемі белгіленді, оның мәні «сегіз қырлы бір сырлы» шынайы отаншыл азамат тәрбиелеу еді. Міе, осы қағида сан ғасырлық дала тұрғындарына қойылатын моральдық талаптарды айқындады. Ол талаптар көшпелі мал шаруашылығын жете игеру, еңбексүйгіштік, қиыншылықа төзе білу, ел амысын қорғау, жаудан беті қайтпау, ата-тегін жадынжа сақтау, сөз асылын қадірлеу, тапырлы пен алғырттық, ат құлағында ойнау, ата салытн бұзбау. Осыдай қоғамдық қатынастарды кішкентайынан көріп біліп өске ададарды мүдделестік, өмірге көзқарастың сәйкстігі қарым-қатынас ьарысынсда айқындалып, жеке бастың бұра тартуына ммкіндік қалдырмаған, психологиялы жағынан «бірауызды қауыдасқан жандар» нмі өзінің рулық одағына етене сіңіскен салттар ен дәстүрлерді ұстанды. Ал бұл принцип ұлттық психология мен ұлт әдениетінің сипатын айқындайтын факторлар болды.

Әр ұлттың өзіне тән тіршілік кәсібі, тарихы мен мәдениеті бар. Ол мәдениет сөйлеу тілінен, ойлау жүйесінен айқын көрініс табады. Сондай-ақ, ұлттықмәдение ерекшелік сол халықтың өмір сүру тәсіленен, діни-наным сеніме, әдет-ғұрпынан, салт-санасы мен дәстүрінен өзекті орын алады.

Осы тұрғыдан қарағанда, ар мен намыстықасықтай қаны қалғанша қорғай білу, дарқан көңіл, ақжарқындылық пен адалдық, досқа деген ейірімділік қазақ халқының бойына туа бітке ұлттық психологиялық ерекше қасиеті, философиялық ойлау жүйесінің негізі демекпеспіз.

Информация о работе “Этнопедагогика” бойынша оқу-әдістемелік кешен