Дефектология туралы түсінік
Реферат, 01 Октября 2015, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Дефектология (лат. дефект – жетімсіздік және гр. логия – ілім) – педагогиканың көру, есту, сөйлеу мүшелерінде, ақыл-ойының дамуында табиғи кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін зерттейтін ғылымның арнаулы саласы.
Бұл саладағы зерттеу нұсқасы мүмкіндігі шектеулі балалар, яғни тәрбиелеуі қиын (аномальді) балалар. Ондай жандарға қарап арың, ұятың оянады
Содержание
I.Кіріспе
1. Дефектология туралы түсінік
II.Негізгі бөлім
1.Дефектология салалары
1.Аномальды балалардың даму тарихы.
III.Қорытынды
IV.Пайдаланған әдебиеттер
Прикрепленные файлы: 1 файл
Дефектология срсп.docx
— 37.06 Кб (Скачать документ)Жоспар:
I.Кіріспе
1. Дефектология туралы түсінік
II.Негізгі бөлім
1.Дефектология салалары
1.Аномальды балалардың даму тарихы.
III.Қорытынды
IV.Пайдаланған әдебиеттер
Дефектология (лат. дефект – жетімсіздік
және гр. логия – ілім) – педагогиканың
көру, есту, сөйлеу мүшелерінде, ақыл-ойының
дамуында табиғи кемістігі бар балаларды
оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін зерттейтін
ғылымның арнаулы саласы.
Бұл саладағы зерттеу нұсқасы мүмкіндігі
шектеулі балалар, яғни тәрбиелеуі қиын
(аномальді) балалар. Ондай жандарға қарап
арың, ұятың оянады. Олармен жұмыс істеу
өте қызықты, сонымен қатар аса жауапкершілікті,
шыдамдылықты талап етеді. Мына бес күндік
жалған дүниеден баз кешіп кеткеніңде,
олардың арасына кірсең, бейнебір өзіңді
өзге планетада жүргендей сезінесің.
Сөзден ауытқымай, мамандық жайлы кеңінен
тоқтала кетсем, дефектология төрт салаға
бөлінеді:
1. Сурдопедагогика –
мылқау балаларға білім және тәрбие беру
проблемаларын зерттейді. Оған құлағы
нашар және мүлде естімейтін балалар кіреді.
Оларға білім беру барысында қолмен сөйлеу
құралы кіреді. Әріптерді қолмен көрсету
түрі:
2. Тифлопедагогика –
педагогика ғылымының көру қабілеті бұзылған
(зағип) балаларды оқыту және тәрбиелеу
жөніндегі саласы. Көру қабілеттері төмен
немесе мүлде көрмейтін балалар ерекше
тәрбие мен білімді талап етеді.
Тифлопедагогика жалпы педагогиканың
саласы ретінде философияға, гуманистік
тәрбие мен жалпы-дидактикалық оқыту принциптеріне,
көру қабілетінің кемістігі бар адамдардың
өсу ерекшеліктеріне негізделіп дамиды.
Тифлопедагогика ғылымының міндеттері:
көру қабілеті бұзылған тұлғаларды психологиялық-педагогикалық
және клиникалық тұрғыдан зерттеу.
Көру кемістігі бар ересектерді оқытудағы
мақсат – өмірлік тәжірибесі мен жалпы
біліктілігін, білімін және әлеум. дәрежесін
көтеру. Оқыту мен тәрбиелеудің әдістеріне
арнайы нұсқау, бағдарлама, методика, тифлотех.
жабдықтар, т.б. жатады.
Көру кемістігі бар жандар үшін оқу құралы:
3. Олигофренопедагогика —
ақыл-ой дамуынан қалып қойған балаларды
тәрбиелеу мен оқыту туралы ғылым.
Олигофренопедагогика педагогикалық
ғылымның жеке тарауына әзірлеуі жалпы
білім беру мектептерінің кеңейтілгеніне
байланысты балалар арасындағы ақыл-ой
жағынан қалып қойғандық кұбылысына дәрігерлер,
ұстаздар, психолоттар мен қоғам қайраткерлердің
назары аударылған кезі ХІХ ғасырдың аяғы
— ХХ гасыр басына катысты. Олигофренопедагогика
мазмұны болып табылатыны:
1. балалардағы
ақыл-ой қалып қойғандық мэні, аномалды
баланың ерекшеліктерін педагогикалық
және психологиялық зерттеудің жолдары
мен құралдары туралы ілім;
2. ақыл-ой дамуынан
қалып қойған баланы оқытудың теориясы
(дидактика);
3. көмекші мектептердегі
ақыл-ой дамуынан қалып қойған балаларды
оқытудың ғылыми негіздемесі;
4. мектеп курсының
пәндері бойынша ақыл-ой дамуынан қалып
қойган балаларды білім мен дағдыларға
оқытудың жеке әдістемелердің негіздемесі;
5. ақыл-ой дамуынан
қалып қойған балаларда еңбекке с2тті
енгізуі мен социалистік жатакхананың
ережелерін орындауына қажетті жа5ымды
өнегелі қасиеттерді тәрбиелеудің ұстанымдары
мен әдістердің негіздемесі.
4. Логопедия –
тілінің кемісі бар балаларға білім және
тәрбие беру проблемаларын зерттейді. быраттарыңның
айтуынша (бұл салаға аса қызығушылық
танытқан жоқ едім): Алғаш 17 ғасырда қолға
алынғанымен тілінің мүкісі бар балаларды
медицина және психология жолдармен зерттеп,
тиісті емдеу шараларын қолданудың жолын
табу әрекеттері 20 ғасырдың 30-жылдарына
дейін созылды. Кемшіліктердің қайсыбірі
сөйлеу жағынан (мәселен, тіл мүкістігінен)
байқалса, екіншісі оқуы мен жазуының
(дислекция, дисграфия) бұзылуынан да көрінеді.
Фонетика, сондай-ақ, лексика-грамматика
жүйені (алалия, афазия) қамтитын бұзылулар
бар. Көбінде тілдің кемістіктері оның
қарқыны мен созылмалығына (тұтықпа) қатысты
болады.
Ерте кезде де аномальды балаларға әлеуметтік
проблема ретінде қарап, көңіл бөлген.
Балалардың қоғамдық орнын (жағдайын)
белгілейтін барлық заң ережелерінде,
Рим правосында, Юстициан кодексінде аномальды
балалар жөнінде айтылып, олардың қоғамдық
жағдайы белгіленді. Киев Русінің негізгі
(мемлекеттік қағидалар жинағы) кітаптарында,
Москва мемлекетінің «Жүз тарауында»
(«Стоглавасында») аномальды балалардың
қоғамдағы орны ерекше бұйрықтармен
шектелді.
Аномальды балалар қай кезде де философиялық
ойға негіз болып келеді. Сондықтан да
философтар, егер баланың құлағы есітпесе,
көзі көрмесе, дұрыс сөйлемесе оның дүниені,
өзін қоршаған ортаны танып білуі қалай
өтеді деген мәселемен шұғылданды.
Аристотель аномальды балаларға арналған
екі трактат жазды. Кардано, Гольвеций,
Дидро және басқалар аномальды балалар
туралы арнайы кітаптар жазды.
А.И.Радищев өзінің атақты трактатында
аномальды балалар дамуының кейбір заңдылықтарын
анықтайды. Неміс философтары Кант және
Бауэр аномальды балалардың даму ерекшеліктері
жөнінде жазды.
Кемістігі бар балаларға
арналған мекемелердің пайда болу тарихы
XIX ғасырдың II жартысынан Ұлы Қазан революциясының
уақытына дейін созылады. XIX ғасырдың 80
жылдары Ресейде тек соқыр адамдарға арналған
Санкт-Петербургтік училище және Петер,
Мәскеу, Варшавада құлағы нашар еститіндер
мен ақыл-есі кем балаларға арналған приют
пен арнайы мектептерде 200-ге жуық балалар
ғана тәрбие алатын.
XX ғасырдың басында тек екі қосымша мектептерде
ғана балаларға логопедияялық көмек көрсетілді.
XIX ғасырдың соңында ғана Ресейде зағип
адамдар саны 250 000 жуық, құлағы нашар еститіндер
саны 150 000, ақыл-есі кем адамдар саны
200 000 жеткен еді.
Ең алғаш аномальды балаларды оқыту мен
тәрбиелеу проблемасы 1896 жылы кәсіби-техникалық
білімді басқарудың №2 съезінде талқыланған
болатын. Сол съезде көзі нашар көретіндер,
құлағы нашар еститіндер, ақыл-есі кем
балаларды оқыту секциясы құрылды. Бұл
жерде талқыланған мәселе – Ресейдегі
аномальды балаларға үкімет басшылығының
және қоғамның көңілін аударуды және арнайы
мекемелер жүйесін ұлғайтып, кеңейтуге
ұсыныс етті. Бұл секцияның ең басты жұмысы
– Ресейдегі дефектологтардың I съезді
болатын. Съезге қатысушылар аномальды
балаларға деген қамқорлық – ол қоғамның
міндеті екендігін дәлелдеді. Олар
балаларға көмектің тек негізгі формасын
ғана емес, мектепке дейінгі және мектептегі
балаларға арналған мекемелер құрылымын
анықтады. Бұл сұрақтардың шешімін тапқан
соң шетелдік аномальды балаларға арналған
мекемелердің тәжірибесі ескерілді.
Съездің шешімі
бойынша осы проблемелар, яғни
аномальды балаларға көмек беру,
оларды емдеу, оқыту бүкіл ресей
қоғамдық бағдарламасының басты
міндеті болды.
Ауытқуы бар балаларды
оқыту мен тәрбиелеудің даму
құрылысы филантропикалық негізде
болды. Ал арнайы мекемелер жүйесінің
даму проблемасы шешілмей қалды.
Ұлы Қазан революциясынан
кейінгі барлық іс-шаралар, яғни
ауытқушылықпен күресу және оның
профилактикасы жалпы өсіп келе
жатқан ұрпақтың саулығын сақтауға
бағытталады.
Аномальды балаларды
тәрбиелеудегі жабық жүйеге Л.С.Выготский
қарсы болды. Аномальды балаларға
арналған мекемелер жүйесінің
түрлері көбейді, олар: балалар үйі,
мектептер, қабылдау мектептері
және т.б. мекемелер болды.
Н.К.Крупская аномальды
балаларға қамқорлық жасай отырып,
ақыл-есінің дамуында және физикалық
дамуында ауытқуы бар балаларға
арналған мекемелер жүйесін ашудың
маңыздылығын атап көрсетті.
Аномальды балаларға
арналған арнайы мекемелер жүйесі
сол уақытта тек мектеп қана
емес, мектепке дейінгі де және
көзі көрмейтін, құлағы естімейтін
ересектерге арналған кешкі
оқыту мекемесі қолға алынды.
Аномальды балаларды
зерттеу жүйесінде ғылымның жаңа
бөлімі пайда болды. Оның көру
мен есту түйсіктерін тікелей
зерттеумен айналысқан және ақыл-ой
кемдігінің клиникасын зерттеген
саласы бөлініп шықты. Аномальды
балаларды зерттеудің қажеттігінен
дәрігерлер, физиологтар және медицина-биология
ғылымының басқа да өкілдері
күш біріктіріп жұмыс істеуде.
Психологтарға келетін
болсақ, олардың назары қашан
да аномальды балаларға аударылып
келгені мәлім. Ал педагогтарға
келсек, олар керең баланы оқытуға
бола ма, көзі көрмейтін балаға
жазуды үйретуге бола ма деген
мәселемен айналысты. Осыған байланысты
бұлардың арасында прогрессивті және
реакцияшыл көзқарастары бар көптеген
теориялар да орын алды.
Педагогтар аномальды
балаларды оқытудың әр түрлі
жүйесін қолданып, бар күш-жігерін
жұмсап бақты. Аномальды балаларды
оқыту процесі өте кеш – XVIII
ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың
басында басталды. Бұл уақытта
аномальды баланы жеке оқыту
тәсілі орын алды. Бұлай оқытумен
оны эксперимент түрінде жүргізген
кейбір ғылымның өкілдері айналысты.
Ал шет елдерде осы уақытқа
дейін аномальды балаларды мемлекет
тарапынан міндетті түрде оқыту
жоқ. Тек меншіктегі мектептер, шіркеулік
және әлденеше мемлекеттік оқу
орындары ғана бар. Міндетті түрдегі
жалпыға бірдей оқу жүйесі
де жоқ.
Арнаулы
мекемелердің құрылуымен бірге
кеңес дефектологиясы дами берді.
Кеңес дефектологтары алдында
аномальды балаларға кімдерді
жатқызуға болады? – деген басты
проблема тұрды. Мұндай балалардың
даму ерекшеліктері қандай? Олардың
типологиясы қандай болуы тиіс?
Шет елдердің өкілдері
аномальды балаларға кімдерді
жатқызуға болады деген мәселе
төңірегінде әлденеше идеалистік
теориялар ұсынды. Шет елдік дефектология
ғылыми өкілдеріне біріншіден
мынадай пайымдаулар тән болатын:
қайсыбір органның бұзылуы (кемістігі)
қызметі бұзылған соның өзін
ғана қамтиды деп есептеді. Мысалы,
дұрыс есітпеу тек кереңдікке
ғана байланысты, соқырлық тек
көздің зақымдануына ғана байланысты
деді. Қайсыбір органның немесе
жүйенің бұзылуы бала дамуының
осы жағына ғана қатысы болады
деп жорамалдады.
Шын мәнісінде мұның бәрі де
әлдеқайда қиындығы мол мәселе
болып шықты. Сондықтан кеңес
дефектологтары алдында аномальды
балалардың даму ерекшеліктерін
ашу міндеті тұрды.
Шет ел дефектологиясы
өкілдеріне тән екінші бір
ерекшелік болды. Олар мынадай, ақау-кемістіктің
өзі (дефект) аномальды баланы оқытуды
ұйымдастырудың бастамасы деп
санады. Ақауды жойып, оған барлық
іс-әрекетті бағындырып, соның өзімен
байланыстыру керек деп қарайды.
Мұның мәнісі, егер бала көрмейтін
болса, онда көздің көруі арқылы
қабылданатын түйсіктерді, білімді
оқытудан шығарып тастау негізінде
құрылуы керек. Кемістікті жалпы
дамудан тыс оқшау қарап түсіну
және ақауға барлығын да бағындыру
– буржуазиялық теорияның басты
бағыты болды.
Соңғы он жыл
ішінде аномальды балалардың
ақыл-ойы дамуын педагогикалық
тұрғыдан анықтау өте қиын. Ақыл-ойы
кем бала белгілі бір дәрежеге
дейін ғана көтеріле алады, сондай-ақ
мылқау-керең балалар да дамудың
жоғарғы сатысына көтеріле алмайды,
өйткені олардың сөйлеуге тілі
болмайды дегенді жақтайтын неше
түрлі жорамалдар пайда болды.
Шет ел ғалымдары қалыпты балалық шақты бірнеше кезеңге бөледі:
0-3 жасқа дейін – биологиялық
кезең, 3-7 жасқа дейін – алғашқы
дағдылар кезеңі, 7-12 жасқа дейін
– нақтылы көріп-білгенін көңілге
түйетін кезең. Ал адам баласының
нағыз даму кезеңі, дейді олар,
12 жастан кейін басталады. Осыған
байланысты Пелле барлық аномальды
балалар кереңдік, соқырлық және
т.б. қандай кемістіктерге ұшыраса
да 12 жастан жоғары олардың ақыл-ойы
өспейді дейді, яғни оның пікірінше
ондай балаларға ойлау жат.
Кеңес дефектологтары
аномальды балалар жөніндегі
мұндай көзқарастарға үзілді-кесілді
соққы берді. Бұл проблеманы шешуде
белгілі психолог Л.С.Выготский
үлкен үлес қосты. Аномальды балалардың
дамуындағы кемістікті ол бірініші
сатылы және екінші сатылы
деп бөлді. Егер баланың естуі
бұзылып, көзі көрмей қалса, биологиялық
бірінші кемістік. Кеңес мамандары,
бірінші кемістіктен кейін табиғи
сипаты мүлдем өзгеше, екінші
кемістік пайда болады, деп көрсетті.
Керең баланың құлағы зақымданғаннан
кейін екінші кемістік пайда болып,
ол бүкіл сөйлеу органдары дұрыс болғанына
қарамастан, сөйлемей қалады. Баланың
тілі болмағанына байланысты, оның ұғымы
мен түсінігі де әлдеқайда төменгі дәрежеде
дамиды. Егер адамның көзі көрмесе, ол
өзін қоршаған тіршілікке, айналасына
көз жібере алмайды. Сөйтіп онда дәл осы
кеңістіктегі тіршілік жөніндегі ұғымның
дамуы жеткіліксіз болады.
Өмірде нағыз тұқым
қуатын кемістіктер соншама көп
те емес, демек, біз көбінесе туғаннан
кейінгі кемістіктің дамуымен
жұмыс істей аламыз. Ал туғаннан
кейінгі кемістіктер көптеген
жағдайда бала өмірінің алғашқы
жылында пайда болады. Энцефалит,
менингит т.с.с. көп жағдайда есту,
интеллектуалдық ерекшеліктер және
т.б. бұзады.
Ауруларды болдырмау
жолында ұшаң-теңіз жұмыстар істелді.
Көп жағдайда адамның қорасаннан
(оспадан) соқыр болып қалатыны
да мәлім. Қорасанға қарсы алдын-ала
егу адам баласын ондай қасіретті
аурудан және оның зардабынан
құтқарды.
Қазіргі кезде
біз кереңдік пен соқырлықтың
азайғанын білеміз. Бұл кеңінен
жүргізілген профилактикалық жұмыстың
нәтижесі. Алайда кейбір жағдайда
бірінші кемістікпен күресуге
осы заманғы құрал әлі де
дәрменсіздік көрсеткенімен, екінші
кемістікпен күресте жағдай мүлдем
басқаша. Мұнда аномальды баланы
арнайы оқыту шарттары және
тәрбиелеу арқылы екінші кемістіктің
пайда болуына жол бермей, алдын
алуға болады.
Егер дер кезінде
оқытып, үйретсе керең бала ешнәрсе
есітпегенімен оның сөйлеу тілі
дамитын болады. Шынында мектеп
жасына дейінгі керең баланың
сөйлеу тілі қалыптасып, кәдімгі
дені сау бала тәрізді өсіп-дамиды.
Мұндай құрал педагогтың қолында.
Біз, міне осы құрал арқылы
баланың дамуындағы кенжеліктің,
кеш қалушылықтың алдын аламыз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Выготский В.С. Баланың жас ерекшеліктері және кемтар бала психологиясы туралы таңдамалы еңбектер. Алматы, 1999
Астапов В.М. Введение в дефектологию с основами нейро и патопсихологии: - М., «Знание». 1991.
В.А. Лапшин, Б.П. Пузанов Основы Дефектологии. М.,1990
- В.А. Лапшин, Б.П. Пузанов Словарь по дефектологии.
- Лебединский В.В. Нарушения психического развития в детском возрасте. М., 2003.
Оқыту заңдылықтары және принциптері туралы жалпы түсінік
17.07.2011, 00:06 | |
Оқыту заңдылықтары және принциптері
туралы жалпы түсінік | |