Қабылдау туралы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2014 в 15:55, курсовая работа

Краткое описание

Егер түйсік сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының қасиеттері мен сапаларының миымызда бейнеленуі болса, қабылдау заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуі болып табылады.
Қабылдауда заттар мен құбылыстардың түсі, дыбысы, дәмі, иісі, формасы тағы басқа қасиеттері тұтас түрінде бейнеленеді. Мысалы, алманы қабылдауды алайық. Мұнда біздің анализаторларымызға оның қызыл түсті, хош иісті тәтті дәмді т.б. осындай қасиеттері бір мезгілде әсер етеді де, миымызда тұтас зат бейнесі пайда болады.

Содержание

1. Кіріспе.....................................................................................................3
2. Негізгі бөлім
2.1 Қабылдау туралы түсінік.....................................................................5
2.2 Қабылдаудың қасиеттері және физиологиялық негіздері .............10
2.3 Бақылау және қабылдауға тәрбиелеу...............................................20
3. Қорытынды.........................................................................................24
4. Әдебиеттер тізімі................................................................................25

Прикрепленные файлы: 1 файл

кабылдау курсовой.doc

— 131.50 Кб (Скачать документ)

                                      Жоспары

1. Кіріспе.....................................................................................................3

2. Негізгі бөлім

2.1 Қабылдау туралы түсінік.....................................................................5

2.2 Қабылдаудың қасиеттері және физиологиялық негіздері .............10

2.3 Бақылау және қабылдауға тәрбиелеу...............................................20

3. Қорытынды.........................................................................................24

4. Әдебиеттер тізімі................................................................................25

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                 Кіріспе

Егер түйсік сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының қасиеттері мен сапаларының миымызда бейнеленуі болса, қабылдау заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуі болып табылады.

Қабылдауда заттар мен құбылыстардың түсі, дыбысы, дәмі, иісі, формасы тағы басқа қасиеттері тұтас түрінде бейнеленеді. Мысалы, алманы қабылдауды алайық. Мұнда біздің анализаторларымызға оның қызыл түсті,  хош иісті тәтті дәмді т.б. осындай қасиеттері бір мезгілде әсер етеді де, миымызда тұтас зат бейнесі пайда болады.

Қабылдау процесінде адамның өткендегі тәжірибесі ерекше маңыз алады. Сыртқы ортадан адамға дамылсыз ақпарат келіп отырады. Кісі бұлардың бәрін бірдей дұрыс қабылдай алмайды, немесе үлгермейді. Егер бала өмір бойы поезд көрмей өссе, оны бірден жақсы тани алмайды. Адамның сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстарын қабылдауды селқос үңілуі емес, белсенді қабылдау. Белсенді қабылдау ғана дүниені тереңірек тануға мүмкіндік береді.

1Қабылдау – ми қабығының күрделі анализдік және синтездік қызметінің нәтижесі. Қабылдаудың физиологиялық негізіне бірнеше тітіркендіргіштердің жиынтығы мен олардың қарым-қатынасында пайда болатын уақытша жүйке байланыстары жатады. Мұны И.П.Павлов қатынас рефлексі деп атаған. Мәселен, көру анализаторында осындай қатынас рефлексінің жасалуы (яғни тітіркендіргіштердің байланысы) затың түрі, түсі мөлшеріне қарамай-ақ оның тұлғасын тануға мүмкіндік береді.

Сөйтіп, қабылдау – түйсіктегідей бір анализатордың ғана қызметі емес, бірнеше анализаторлардың бірлесіп, қызмет істеуінің нәтижесі. Мәселен, киноны көру екі анализатордың (көру, есту) өзара байланысып жұмыс істеуінен болады.

Бұрыннан белгілі заттарды (кітап, үй) танудың ешбір қиындығы жоқ – қажетті пікірге келу үшін адам қабылданатын объекттің бір-екі белгісін біріктірсе, жетіп жатыр. Ал жаңа немесе бейтаныс заттардың қабылданып,

1 Қ. Жарықбаев - Жалпы психология.Алматы 2004.

танылуы әлдеқайда күрделірек әрі көптеген формалардың бір-біріне қатынасын ұғу негізінде орындалады. Мұндай заттардың толық қабылдануы олардың мәнді тараптарын айыра білу, онша қажетті болмаған белгілеулерін елемеу арқылы түсінікті болған бөлшектерін біртұтас заттық мағынаға келтіру сияқты күрделі талдау-біріктіру жұмыстың нәтижесінде іске асады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                             2.1 Қабылдау туралы түсінік

Қабылдау – ақиқат дүниесіндегі заттар мен құбылыстардың сезім мүшелері тікелей әсер етіп, тұтастай заттық түрде бейнеленуі. Қабылдау түйсінулерге негізделіп құралады.

Егер адам түйсіну арқылы дүниедегі заттардың жеке қасиеттерін ғана сәулелендіретін болса, қабылдау арқылы дүниедегі заттар мен құбылыстарды бүтіндей, тұтас зат күйінде сәулелендіреді. Түйсіну, қабылау пайда болуы үшін дүниедегі заттар мен құбылыстар адамның сыртқы сезім мүшелеріне тікелей әсер етіп отыруы керек.

Қабылдау түйсінуге қарағанда, неғұрлым күрделірек және жоғарырақ сатыда тұрған психикалық процесс болып табылады. Қабылдау түйсінулердің жай ғана қосындысы емес, ол сонымен қатар заттың жеке қасиеттерін тұтас бейнелеуден пайда болатын күрделі процесс. Мысалы, адамды алсақ, адам өзінің дене мүшелерінің жай ғана қосындысы емес, адамның мүшелерінің бірін-біріне қоса салғаннан адам құралмайды. Адам жоғары сатыға шыққан бейне құрылысы жағынан да психикалық әрекеттері жағынан да хайуандардың сапалы айырмашылығы бар, аса күрделі организм. Қабылдау да сол сияқты жекелеген түйсіктердің қосындысынан жоғарырақ тұрған жан қуаттарының бірі.

Қабылдауға түйсінулермен қатар ой элементтері елестеулер мен ұғымдар да еніп отырады. Заттар мен құбылыстарды қабылдаған кезде соларды түйсіну қабылдаумен бірге біз ол заттардың қайта пайда болғанын, иә болмағанын, олардың қасиеттерінің қандай екенін елестетіп түсінігімізді, ұғымымызды кеңейтіп отырамыз. Адам заттарды қабылдаған кезде көбінесе олардың мазмұнын түсініп, ой жіберіп, оларды санасынан өткізіп отырады. Анық және дұрыс қабылданған заттар ғана түсінікті болады. Керісінше, адам заттарды дұрыс түсінбесе, оларды қате қабылдайды. Мысалы: біз жақсы білетін өзіміздің ана тілімізде, не болмаса өзіміз білетін басқа тілде айтылған сөзді жақсы түсінеміз. Ал басқа бір елдің түсінбейтін тілін естітетін болсақ, оларды түсінбейміз. Өйткені олардың әрбір сөзі бізге біріне-бірі ұқсас, бір сарынды болып көрінеді. Сондықтан да оларды бірінен-бірін ажыратып дұрыс қабылдай алмаймыз. Егер алдымыздағы столдың үстінде жатқан қарындашты көрсек, оны қабылдаумен бірге ол қарындаштың неге ондай екенін, не үшін керектігін, ол кімнің қарындашы екендігін, оны біз қайдан алғанымызды көз алдымызға елестетеміз. Сөйтіп, қабылдау процесінде түйсінулермен бірге елестету, түйсіну, ұғыну тағы басқа жан қуаттары да араласып отырады. Мұның нәтижесінде адам қабылдауы толығырақ, дәлірек болып шығады.

Қабылдауда адам қабылдайтын заттар мен құбылыстардың жағымды я жағымсыз екендігін сезіп отырады. Адамда алдымен қарапайым түйсіктер мен қабылдаулар пайда болып, біртіндеп еңбек процесінде қоғамда өмір сүруі арқылы күрделі психикалық процестерде пайда болады. Түйсіну мен қабылдау процестері болмайынша, дүниедегі заттарды білу мүмкін емес. Дүние танудың қай түрін, қай формасын алсақ та, олар қарапайым қабылдаудан басталады. Адам дүиедегі заттарды қабылдай отырып, оларды сипаттайды, бірімен-бірін салыстырады, олардың арасындағы ұқсастығын, айырмашылығын, олардың жалпы қасиеттерін ажыратып отырады. Осының нәтижесінде ғана адам қабылдау процесінен жоғары сатыда тұрған ойлау сияқты психикалық процестерге көшіп отырады.

Ерте кездегі адамдар біз сияқты дұрыс қабылдай алмаған. Олар дүниедегі көп заттар мен құбылыстарды дұрыс қабылдай алмаған, олардың қасиеттерін қалай дамып отырғанын, яғни дүниенің өсіп-дамуы заңдарын білмеген. Тарихи даму барысында экономикалық, ғылымның, мәдениттің алға өршіп дамуы арқылы дүиетану процесінде адам баласының неше түрлі приборлар, аппараттар қолдануы арқылы ертеректегі адам баласы қабылдай алмайтын заттарды, құбылыстарды дұрыс қабылдай алатын болады. Мәселен, ерте замандағы адамдар радио, телеграф, телефон тағы басқа сол сияқты заттарды білмеді. Олар жайында ойлауға ол адамдардың ойы да, қиялы да жетпейді. Ал қазіргі кезде мұның бәрі де тұрмысымызға енген ақиқат заттар, біз оларды көзімізбен көріп, құлағымызбен есітіп, денемізбен сезіп отырамыз.

2Қабылдау процесінде адам өзінің ойы мен ақылын бір мақсат көздеп, соған жұмсап отырады. Бұл адамның қабылдау процесінің қатысу арқылы жалпылау элементтері де ұшырайды. Қабылдаған заттарды жалпылағанда кей кезде адам оларды да бір-біріне қосып, бір әрекет етіп отырады. Бұл жөнінде Л.Фейербах ойлаудың барлық сезімдерімізге қатысының барлығын «тап-таза» көру процесінде де ойдың қатысып отырғандығын, егер көретін заттарға адам зейін бұрмаса, оларды айналасындағы басқа заттардың бөліп, бөлшектеп, даралап алып қарамаса, адамның оларды жақсылап көре алмайтындығын, сезе алмайтындығын айтады.

Қабылдау психикалық функциялар сияқты, дүниедегі объективтік заттардың адамның санасында субъективтік сәулеленуі болып табылады. Әр адам айналасындағы заттарды өзінше қабылдайды. Мұнысы әсер етуші объективтік заттарға тәуелді болуынан. Адам қабылдауының мазмұны түгелімен сыртқы дүниедегі заттардың және құбылыстардың мазмұнымен байланысты. Сол заттарды мазмұны қандай болса, адамның санасында пайда болады – қабылдаудың мазмұны да сондай болады. Бірақ әр қабылдаудың өзгешелігі дүниедегі әсер етуші заттардың өзгешелігімен ғана байланысты емес, олар сондай-ақ адамның физиологиялық әрекеттерімен де байланысты.

Ф.Энгельстің айтуыншша, егер адамның миы дүниенің, жаратылыстың бір бөлшегі болатын болса, сол дүниенің пайда болған мидың әрекеті де адамның психикалық процестері де сыртқы дүниедегі, дүниенің өсіп-дамуы заңдарына қайшы келмейді. Психикалық әрекеттер айналадағы дүниенің миға әсер етуінен, онда сәулеленуінен пайда болады. Сол себептен адамның айналасындағы дүниенің мазмұны қалай болады, оның психикалық әрекеттерінің мазмұны сондай болады.

Адамның қабылдау қоғамдық қабылдаудың кезеңіне сәйкес, белгілі бір дәуірдің өзгешелігіне бағынышты болады. Ол екі негізгі себептермен байланысты. Біріншіден, адамның қабылдауы, бүкіл жан дүниесінің даму деңгейі, қоғамдық прогрестің тиісті табысты жеңуімен орайластырып жатады,

2 Г. Тәжібаев     Жалпы психология. Алматы  1993. 

яғни қоғам дамуымен ғылым мен техниканың өршіп алға кетуімен адамның қабылдаулары да дамып, өзгеріп отырады. Мысалы: бұрын физика ғылымына материяның протон, электрон деген элементтері мәлім болмай тұрған кезде, алдымен материя молекулалардан құралады, онан соң бара-бара материяның ең ұсақ бөлшегі – атом деген ұғым болатын. Кейінірек физиканың ілгері дамуымен материя тек атомдардан тұрмайтындығын, онда электрон, протон деген материяның бөлшектері бар екені айқындалады. Осы сияқты дүниенің дүниенің тетігін ашып, оның күшін меңгеріп, бізге белгісіз табиғат құбылыстарын танып, дүниенің өсіп-даму заңдарын дұрыс түсінген сайын, қабылдау процесіміз де өсіп, дамып отырады. Екіншіден, жоғарыда айтылған адамның қабылдау процестері заттарды қабылдайтын сезім мүшелерінің айрықша құбылысымен де байланысты. Адамның көзі мен құлағы айрықша жетілгендіктен, заттарды көріп, оларды ести аламыз. Бірақ бұл айтылғандардан адамның сезім мүшелері қандай болса, оның дүниені қабылдай алуы да   сондай-ақ болады, тікелей әсер еткен заттарды сезім мүшелерімен қабылдап, басқа жолмен біле алмайды деу қате түсінік болған болар еді.

Адам тәжірибесінің ұлғаюымен бірге олар түрлі құралдар мен аспаптар арқылы өз қабылдауларын да кеңейтіп, тереңдетіп отырады. Мысалы: түрлі приборлар, аспаптар арқылы көзбен көрмейтін, денемен сезбейтін заттарды көреміз, естімейтін дыбыстарды естіп, тікелей дәмін татып иіскей алмайтын заттарды танып біліп отырамыз. Кейбір зерттеулерге қарағанда, адам жай көзбен аспанға қарап 5500 шамасындай ақ жұлдыздарды көреді екен, ал телескоп арқылы 100 миллионнан астам жұлдыздарды көреміз. Жай көзбен адам арақашықтығы миллиметрдің 1/40-індей сызықтарды көретін болса, микроскоп арқылы аралығының қашықтығы миллиметрдің 10 мыңнан біріндей көретін көрінеді. Адам баласы тікелей ультрафиолет, рентген сәулелерін және электрмагнит құбылыстарын қабылдай алмайтын болса, оларды түрлі аппараттар мен приборлар арқылы танып біледі. Энгельс құмырысқа көзінің адам көзінен өзгеше екендігін, химиялық сәулелерді көретінін, бірақ олармен салыстырғанда адам көзге көрінбес сәулелерді көре алмайтындығын айтады.

Қорытып айтқанда, қоғамның, мәдениттің, ғылымның, техниканың тарихи-өсіп дамуымен бірге, адамның қабылдауы да, дамып өзгеріп, күрделі күйге түсіп отырады.

Адамның сезім мүшелерінің мидың жарты шарлар қыртыстарында болатын процестермен тығыз байланыста болады. Қабылдау үшін сыртқы дүниедегі заттар адамның жүйке саласына әсер етіп, оның миында өз бейнелерін, суреттерін қалдырып отыруы шарт. Қабылдаудың физиологиялық негізі – ми қабығындағы талдағыштар (анализатор) жүйесінің бірлескен қызметі мен мидың талдау, жинақтау функциясынан туындайды. И.П.Павлов тілімен айтқанда, қабылдау мидағы «Қатынас рефлексінің» жұмысы, мидағы екінші сигнал жүйесіне тәуелді болып отырады. Қабылдау түрлері әсер етуші заттардың түрлерімен өте тығыз байланысты. Мәселен, біздің көз алдымызда тұрған нәрселерді көреміз, айналадағы дыбыстарды естиміз, түрлі иіс болса, оны білеміз, денемізге тиген заттарды сезіп, олардың температурасын, сыртқы пішінін, тағы басқа қасиеттері мен сапаларын ажыратамыз. Сөйтіп, қабылдау процесінде қандай талдағыш көбірек орын алса, қабылдау да соларға байланысты болып отырады. Егер қабылдау процесінде көру талдағышы көбірек орын алса, көру қабылдауы, ал егер есту талдағышы көбірек орын алса, есту қабылдауы болады. 

Қабылдау – аса көп талдап, біріктіру қызметін керек ететін құрылымды әрі белсенді психикалық әрекет. Бұл күрделілік пен белсенділік келесі жәйттерден көрінеді. Ең алдымен, ақпарат ағымы – бұл сезім мүшелері жәй тітіркенуінің нәтижесінде қозулардың шеткі қабылдаушы мүшелерден миға жетуі ғана емес. Қабылдау қызметіне қоғалыс әрекеті де қосылады.     

 

 

 

 

 

 

2.2 Қабылдаудың қасиеттері және физиологиялық негіздері

Қабылдаудың заттық тетігі. Қабылдаудың бұл қасиеті оның объектив болмыстық көрінісімен түсіндіріледі, яғни сыртқы дүниеден алынатын ақпарат көзі осы объектив дүниенің өзінде болуы. Заттай қабылдау адамның тума қасиеті емес, ол өмір бойы қалыптасып, іс-әрекеттің барша саласында бағыттау-реттеу қызметін атқарады. Қоршаған дүниені заттай тану сол затпен жанасу барысындағы қозғалыс процестерінің негізінде орнығады (И.М.Сеченов). Қозғалыс болмаған жерде біздің қабылдауымыз заттық қасиетінен айрылып, сыртқы ортамен байланысқа келе алмаған болар еді.3

Қабылдаудың заттық негізді болуы әрекет-қылықты реттеуде үлкен маңызға ие. Әдетте, біз нақты нысанды басқалардан түрі мен сипатына қарай бөлмейміз, біз үшін бұл жағдайда ең қажеттісі оның тұрмыстық қажеттілікке жарайтын негізгі қасиеттері. Мысалы, пышақ кесуге жараса – пышақ, болмаса әншейін металл. Қабылдаудағы басты міндет – осы қасиеттерді тану.

Қабылдаудың тұтастығы. Түйсік, жоғарыда айтқанымыздай, заттардың жеке қасиеттерінен ақпарат жинауға қажет, ал қабылдауда сол заттардың қарапайым бөлшектері жөніндегі біліктерді біріктіру арқылы тұтастай бейне жаратамыз.

Түйсік құрайтын бөліктер өзара өте тығыз әрі күшті байланысқан, мұны біз сезім мүшелерімізге кейбір заттардың бір қасиеті немесе бөлігі ғана әсер етуден-ақ біздің санамызда сол заттың күрделі бейнесі туындайды (мақпал, мәрмәр тас). Мұндай танымның негізінде біздің бұрынғы тәжірибемізде көру мен сипай сезу арасындағы шартты рефлексті қалыптасқан байланыстар жатыр.

Тұтастық – қабылдаудың құрылымды болуымен байланысты. Қабылдау көп жағдайда біздің мезеттік түйсінулерімізге тура келе бермейді, әрі сол түйсіктердің қарапайым қосындысынан жасалмайды. Адам, әдетте, нақты түйсінуден дербестеніп, дерексізденген қорытынды құрылымды қабылдайда, ал бұл қорытындыға келу біршама уақыт өтуін талап қылады. Егер сіз қандай да

бір  әуенді  тыңдай  қалсаңыз,  алғашқы  естіген нотаңыз келесі нота берілгенше

3  Н.Итбаев  Жалпы психология, Ақмола 1992.

құлағыңыздан кетпей қояды. Әдетте, тыңдаушы үшін ән-күй бірінен соң бірі келетін ноталармен емес, біртұтас әуенімен мәнді.

Қабылдаудың тұтастығы мен құрылымдығы бейнеленуші қоршаған дүние нысандарының шындыққа сай өзіндік ерекшеліктерінен туындайды.

Информация о работе Қабылдау туралы түсінік