Қабылдау туралы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2014 в 15:55, курсовая работа

Краткое описание

Егер түйсік сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының қасиеттері мен сапаларының миымызда бейнеленуі болса, қабылдау заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуі болып табылады.
Қабылдауда заттар мен құбылыстардың түсі, дыбысы, дәмі, иісі, формасы тағы басқа қасиеттері тұтас түрінде бейнеленеді. Мысалы, алманы қабылдауды алайық. Мұнда біздің анализаторларымызға оның қызыл түсті, хош иісті тәтті дәмді т.б. осындай қасиеттері бір мезгілде әсер етеді де, миымызда тұтас зат бейнесі пайда болады.

Содержание

1. Кіріспе.....................................................................................................3
2. Негізгі бөлім
2.1 Қабылдау туралы түсінік.....................................................................5
2.2 Қабылдаудың қасиеттері және физиологиялық негіздері .............10
2.3 Бақылау және қабылдауға тәрбиелеу...............................................20
3. Қорытынды.........................................................................................24
4. Әдебиеттер тізімі................................................................................25

Прикрепленные файлы: 1 файл

кабылдау курсовой.doc

— 131.50 Кб (Скачать документ)

Заттың бағытын қабылдау көзінің торлы қабығындағы сәулеленумен қатар дене қозғалысының жағдайына да байланысты. Адам заттардың бағытын тік тұрып, не отырып, көлбеу жағдайда ғана дұрыс қабылдайды. Кеңістікті дұрыс қабылдаудың көлік жүргізушілер, ұшқыштар мен ғарышкерлер, суретшілер мен әскери қызметкерлер, дәлдік аппарат жасайтын мамандар үшін маңызы зор.

Уақыт та – материя өмір сүруінің объектив формасы. Дүниедегі материя мен заттардың бәрі де кеңістік пен уақыт ішінде қозғалыста болып, оларда қабылдау бірнеше құрылым бірліктері арқылы, құбылыстың белгілі бір ырғағымен өтеді, қарқын дәрежесімен өлшенеді. Қарқын – уақыттың бірізді тездігінің не баяулығының көрсеткіші.

Уақытты қабылдауда субъектив мезетте ерекше орын алады. Өйткені, шақ жылдам, қысқа мерзімге өткен сияқты. Оны дәуір, кезең, ғасыр, жылдармен өлшейді. Соған орай өткен уақиғалар көмескі болып қабылданады. Осы шақ та ғасыр, жыл, ай, күн сағатпен өлшенеді. Бұл нақтылы ізбен қабылданады. Өйткені шақтың тез өтуі, келер шақтың ұзақ болып көрінуі субъектив жағдайларға байланысты. Уақыт қызықты болса, тез өтеді, қызықсыз болса, ұзаққа созылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3 Бақылау және қабылдауға тәрбиелеу

Қабылдау ниеттелмеген және ниеттелген болып екіге бөлінеді. Ниеттелмеген қабылдауда алдын ала белгіленген мақсат міндетті көздемейміз, ол сыртқы орта ықпалынан туындайды. Ал ниеттелген қабылдау керісінше, әуел бастан алға қойылған міндетпен реттеліп, қажетті зат немесе құбылысқа назар аудару мақсаты қойылады. Ниетті қабылдау қандай да іс-әрекетке қосылып оның орындалу барысында жүзеге асады. Бірақ кейде қабылдау өз бетінше біршама дербес әрекет сипатына да ие болуы мүмкін.

Өз алдына қабылдау дербес іс-әрекет түрінде бақылау процесінде көрінеді. Бақылау – бұл қабылдау объектіне түскен құбылысты немесе онда жүріп жатқан өзгерістерді белгілі мақсатпен жоспарлы және ұзақ уақыт аралығында назарда ұстап, зерттеп бару.

Бақылау – адам қоршаған дүниені сезімдік тануының белсенді формасы. Дербес бағдарлы мақсаты бар іс-әрекет ретінде бақылау алғашқыдан-ақ оның бағытын айқындайтын мақсаты мен міндеттерін сөзбен өрнектеуден басталады. Бақылаудың табысты болуы оның алдына қойылған міндеттің өте анық әрі түсінікті болуына тәуелді. Жоспарлы ниеттеліп, ұзақ мерзімге созылатындықтан және танымдық мақсатты қабылдау болғандықтан бақылау жұмысы арнайы дайындықты керек етеді. Дайындық барысында аса қажет жұмыстар: бақылау міндетін түсініп алу, бақылау барысында орындалатын талаптарды жете тану, күні бұрын бақылаудың жоспары мен әр істерін анықтап алу. Бақылау белсенділігі, яғни бақылаушының зерттеу барысындағы ойлау қабілеті мен жедел қимыл әрекеті үлкен маңызға ие. Затпен айналыса, оған араласа, қатынас жасай отырып, адам бақылаудағы нысанның көп қырлары мен сырларын түбегейлі біле алады. Әрине мұндай жұмыстың жоспарлы әрі бірізді, үздіксіз болғаны жөн.

Затты жан-жақты әрі кең бақылау нәтижесінде зерттеуші анық, сонымен бірге жүйелі жұмыс белгілеп, бақылауындағы нысанның әр бөлігін белгілі тәртіпте бірінен соң бірін қарастыру мүмкіндігіне жетіседі, осыдан еш нәрсе көзден таса қалмайды, бұрын қабылдап, танығаны қайта оралып уақыт оздырмайды.

Бақылау ісіне болған адам қатынасы үлкен мәнге ие. Ұзақ жаттығудың арқасында бақылағыштық қабілет дамиды, яғни адам бір көргенге көзге түспейтін, онша қажет еместей көрінетін заттың майда ерекшеліктерін байқауға үйренеді. Бақылағыштық қасиетті дамыту мақсатында келесі жаттығуларды орындау қажет: әртүрлі заттарды және олардың тараптарын салыстыру; зат бөліктері арасындағы байланыс пен өзара ықпалына назар аудару; бір қарағаннан заттар мен құбылыстардың көбірек қасиет, сапаларын қамту; елеусіз өзгерістерге де мән беріп, назар аудару; қабылданатын заттың мәнді тараптарын айыру.

Бақылағыштық қабілетті дамыту үшін қабылдаудың нәтижелі болуына қажетті келесі шарттар орындалып баруы тиіс: міндет анықтығы; алдын ала дайындық; жүйелілік; жоспарлы болуы т.б. Адам өмірі мен қызметінің барша саласында бақылағыштықтың маңызы үлкен. Ал адамның бұл қасиетінің қажетті деңгейде болуы үшін оны балалық жастан ойын мен оқу барысында тәрбиелеп бару керек.        

Жаңа туған баланың жекелеген қарапайым түйсінулері дамып, біртіндеп олар қабылдауға айналады. Бұл көбінесе олардың түрлі қажеттілігін өтуіне байланысты. Түрлі байқауларға қарағанда, дененің сезіммен дәм айыру түйсігі ерте кезден-ақ әрекет ете бастайды. Алты айлық бала түрлі түстерді аңғарып, түрлі дыбыстарды айыра алады. Бала кеңістікті меңгерген сайын оның қабылдауы да өсе береді. Ең алдымен, ол өзінің қолы жететін, қолымен ұстап, аузымен алып баратын заттармен байланысты жақын жердегі кеңістікті таниды. Біртіндеп ол өзінен алыс кеңістікті де тани бастайды. Алғашқы бала көзінің аккомодациясы мен конвергенциясы дамымағындықтан алыстағы заттар көздің сәуле торына дұрыс сәулеленбейді. Зертеу мәліметіне қарағанда, екі жастағы бала өзіне жақын жердегі және шағын көлемді дұрыс шамалап біліп,  ол кеңістіктегі заттарды бір қалыпты болып қабылдауын да ажырата алатын көрінеді. Бірақ заттардың кеңістіктегі алатын орнын ажырату кейінірек пайда болады. Бұл жастағы балалар өздеріне таныс заттарды сыртқы пішініне қарай дұрыс ажырата алады.

Мектеп жасына дейінгі балалар өздеріне таныс заттарды ажырата білмеген геометриялық формаларды әлі дұрыс түсінбейді екен. Уақыт объективтік болмыс болмаған, оны тікелей қолмен ұстап, көзбен көріп, құлақпен естіп, денемен сезіп алмайтын болғандықтан, оны дұрыс қабылдау балаларға қиынға соғады. Мектеп жасындағы балалар күн мен түнді және жылдың төрт маусымын (әсіресе жазбен қысты) дұрыс ажырата алсада, күн мезгілдерін, уақыт өлшемдерін білуде қиналады. Тіптен олар бүгінді, ертеңді, кешені де дұрыс айыра алмай, бірімен-бірін шатастырып отырады. Әсіресе ұзақ мерзімді, келер шақ пен өткен шақты түсіну қиынға соғады. Мектепке бала география, жаратылыстану, тарих пәндерін оқумен байланысты, оның уақыты қабылдауы да дамып, түсінігі тереңдей береді.

Мектепке дейінгі бала дүниедегі заттармен кұбылыстарды шын мазмұны мен қарым қатынасын да толық аша алмайды. Қабылдауы дараланып жетпегендіктен, заттардың жеке бөлшектерін, сапаларын, қасиеттерін, олардың қарым-катынасын, бүтіннен бөлшекті айыру, бөлшектерді бір-біріне байланыстырып қатыстыру, оларды бүтінге енгізу, талдау мен топтастырып қабылданатын заттардың айрықша маңызды жақтарын айыру оңайға түспейді. Заттардың мазмұны мен ішкі байланыстарын дұрыс аша алмағандықтан бала көбінесе заттардың сыртқы көрінісі мен құрылысына карай бірімен бірін байланыстырйып қабылдайды. Бұл жағдайда, әсіресе балдардың салған суреттерінен жақсы байқауға болады. Өсе келе оқу мен тәрбиенің нәтижесінде балалардың ақыл ойының дамуы мен байланысты олардың қабылдауы да дамып, күрделене бастайды біртіндеп баланың арнайы байқауы байқағыштық қасиеті дамиды.

Франсуздың Бинэ деген оқымыстысы өзінің жүргізген тәжірибелеріне сүйеніп, балалардың қабылдауын үш сатыға бөледі. Оның пікірінше: жеті жасқа дейінгі балалар суреттегі заттардың тек аттарын ғана біледі, оларды сипаттап, мазмұнын айтып бере алмайды: он бір жасқа дейігі балалар суреттегі заттардың аттарын атаумен бірге оларды суреттеп, сипаттай алады: он бес жастан бастап ғана балалар суреттегі мазмұнын, мағынасын толық түсіндіре алады. Бинэнің теориясы бойынша әр жасқа лайықты қабылдаудың айрықша сипаты болады. Қабылдаудың түрі мен мазмұны баланың жасын, яғни тәннің биологиялық жетілуін дәлелдейді. Әдетте, әр жасқа ерте бастан белгіленген, бір қалыпты өзгермейтін псхикалық әрекеттер болмайды. Бала қабылдауының өзгешелігі - олардың тәрбиесіне, іс жүзінде жаттығуларына байланысты яғни оларға суреттегі таныс болса, бірден қабылдауы мүмкін және керісінше, ол суреттегі заттарды бұрын көрмеген болса, оның атын да атай алмауы мүмкін. Яғни қабылданатын заттардың күрделілігіне, таныстығына қарай олардың заттарын ғана атау, сипаттау не болмаса мазмұнын ашып, мағынасын түсіндіру, мектепке дейінгілерде және төменгі кластағы оқушыларда түрліше кездеседі.

Қабылдаудың оқу процесі үшін маңызы өте зор. Сондықтан бала қабылдауларын тәрбиелеп, дамытып отыру тәлімгерлер үшін өте қажетті мәселе. Қабылдау дұрыс, толық және оның нәтижесі жемісті болу үшін әр уақыт қабылдауға мақсат, міндет қойып отырған жөн. Оқушылардың істейтін жұмыстарын жақсылап түсіндіріп, қабылданатын заттардың, я кұбылыстардың  айрықша маңызды жақтарына зейін аудартып отыру өте қажет. Бастауыш кластарда оқудың көрнекті, анық болуы дұрыс. Әсіресе жас балаларға қабылданатын заттардың өзін не болмаса олардың модельдерін, суреттерін, схемаларын, түрлі таблицалар мен диаграммаларды көрсетіп отырған жөн. Қабылданатын заттар көрнекті, анық, болуы керек. Заттарды бірімен-бірін салыстырып, олардың ұқсастығы мен айырмашылығын, қарама-қарсылығын ажыратып, бөлшектеп талдау жасап, ол бөлшектерді біріне-бірін қосып, толтастырып, индукция мен дедукциялық ой қорытындылап отыру қажет. Қабылдау толық болу үшін оған тиісті даярлық жүргізіп, толық қабылдауға жеткілікті уақыт беріліп, балалардың жаңа қабылдауы бұрынғы қабылдауларымен байланысып отырылғаны жөн. 

 

 

Қорытынды

Жалпылап қабылдаудың дәрежесі адамның ақыл ой өрісімен байланысты. Адам қаншалықты білімді болса соншалықты жалпылап қабылдауда оның жан дүниесінің кең орын алады жалпылап қабылдаудағы ғылымда категориялық деп те атайды. Осылайша қабылдау арқылы адам жан қуаттарын жеңілдетіп, дүниедегі заттар мен құбылыстарды дұрысырақ және тереңірек түсінуге мүмкіндік алады; иллюзиялы қабылдау. Біздің қабылдауымыз әрқашан да қабылданатын затқа, не құбылысқа тепе-тең сәйкес болып келе бермейді. Кейбір себептерге байланысты бұрыс болуы да мүмкін. Мұндай бұрыс, қате қабылдауды иллюзиялық қабылдау дейді. Бұрыс, яғни иллюзиялық қабылдау адамның эмоциялық сезімдерінің әсер етуінен (қуану, күлу, ашулану, уайымдау, ренжу, қайғыру т.т.), объектінің анық қабылданбауынан не болмаса оның өте күрделі болуынан, сондай ақ біздің бұрынғы тәжірибемізде орын алмауына, немесе оның қоршауының айрықша болуынан туындайды. Мысалы: "Қорыққанның көзіне қос көрінеді" дегендей түнде айдалада, тоғайда жалғыз келе жаткан адам әр нәрседен сезіктеніп, қауіптенеді. Сондай-ақ адам киім кигенде, үлкенірек және толығырақ көрінсе, қара киім кигенде кішірек, ашыңырақ көрінеді. Не болмаса қысқа я көлденең жолдары бар матадан киім кигенде ол толық көрінеді де, ұзын я тік жолды киім кигенде, биік көрнеді.

Қабылдау процесінде адамның өткендегі тәжірибесі ерекше маңыз алады. Сыртқы ортадан адамға дамылсыз ақпарат келіп отырады. Кісі бұлардың бәрін бірдей дұрыс қабылдай алмайды, немесе үлгермейді. Егер бала өмір бойы поезд көрмей өссе, оны бірден жақсы тани алмайды. Адамның сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстарын қабылдауды селқос үңілуі емес, белсенді қабылдау. Белсенді қабылдау ғана дүниені тереңірек тануға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

1.  А. Садырбекова - Жалпы психология, Алматы – 1993.

2.  Ә.   Алдамұратов   -      Қызықты   психология     Алматы:   "Қазақ университеті".

3. В. Богословский - Жалпы психология, Алматы мектеп 1980.

4.  Г. Тәжібаев    Жалпы психология. Алматы 1993.

5.  Ғ. Құдиярова - Жас өспірімдердің  мінез құлқындағы ауытқушылықтар. Алматы, 1996.

6.  Жалпы психология. Алматы білім - 1996.

7. М. Мұқанов - Бақылау және ойлау. Алматы, мектеп баспасы -1959

8.  М. Мұқанов - Жан дүниесінің сыры. Алматы 1964.

9. Н.Итбаев Жалпы психология, Ақмола 1992.

10. С. Бап Баба - Жалпы психология Алматы 2003.

11. Қ. Жарықбаев - Жалпы психология.Алматы 2004.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 



Информация о работе Қабылдау туралы түсінік