Қабылдау туралы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2014 в 15:55, курсовая работа

Краткое описание

Егер түйсік сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының қасиеттері мен сапаларының миымызда бейнеленуі болса, қабылдау заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуі болып табылады.
Қабылдауда заттар мен құбылыстардың түсі, дыбысы, дәмі, иісі, формасы тағы басқа қасиеттері тұтас түрінде бейнеленеді. Мысалы, алманы қабылдауды алайық. Мұнда біздің анализаторларымызға оның қызыл түсті, хош иісті тәтті дәмді т.б. осындай қасиеттері бір мезгілде әсер етеді де, миымызда тұтас зат бейнесі пайда болады.

Содержание

1. Кіріспе.....................................................................................................3
2. Негізгі бөлім
2.1 Қабылдау туралы түсінік.....................................................................5
2.2 Қабылдаудың қасиеттері және физиологиялық негіздері .............10
2.3 Бақылау және қабылдауға тәрбиелеу...............................................20
3. Қорытынды.........................................................................................24
4. Әдебиеттер тізімі................................................................................25

Прикрепленные файлы: 1 файл

кабылдау курсовой.doc

— 131.50 Кб (Скачать документ)

Қабылдаудың тұрақтылығы (константтығы). Қабылдау тұрақтылығы деп өзгерген жағдайларға қарамастан заттың кейбір қасиеттерінің бір текті сақталуын айтамыз. Өзгерістер орнын толықтыру қабілетіне ие қабылдаушы талдағыштардан құрылатын тұрақтылыққа орай біз қоршаған дүние заттарын бір қалыпты күйінде танып, білеміз. Көбіне заттардың түрі, көлемі мен формасы мызғымас қалпында бейнеленеді.

Қабылдаудың мағыналылығы. Қабылданған нысан тұтас, оның мәні сөзбен беріледі, мазмұны тұжырымдалады. Қабылдау мағынасының қарапайым түрі – тану. Тану жалпылай тану немесе талғаусыз тану және даралап тану болып бөлінеді. Жалпылап тануда нәрселердің жай-жапсары терең біліне бермейді, ал даралап тануда заттар мен құбылыстарды айыру анық әрі толық түрде өтеді.

Күмбезді әр шетіне шығын қарасақ, ол түрліше болып көрінеді, бірақ оны қай жағынан қарасақ та, күмбез формасы жоғалмай қабылданады. Күнде көріп көз үйренген зат бізден қашықтаған сайын оның көзіміздің сәуле торындағы көрінісі кішірейе береді. Кейбір ғалымдардың «Дүниедегі заттарды біз зат есебінде қабылдамаймыз, олар біздің түйсінулерімізге тәуелді, солардың шумағы болып табылады, егер біз оларды қабылдасақ қана олар зат болып табылады, егер біз оларды қабылдамасақ, - олар зат есебінде жоқ» деген пікірлерінің қате екендігіне қабылдаудың константты заңдылығы дәлел бола алады. Жағдайдың өзгеруіне қарамастан заттың түсінің, формасының, мөлшерінің қалыптағыдай болып  көрінуі дүниедегі заттардың шын қасиеттерін танумен байланысты. Егер заттардың өзгешелігіне қарай түрліше болып қабылданатын болса, біз дүниені, тіптен заттардың өзін дұрыс тани алмай қабылдауымыз объективтік қиынға соғар еді; заттардың мазмұны мен мағынасын түсініп қабылдау. Қабылдаудың түсінулердің негізгі айырмашылығының бірі оның бізге таныс заттардың, мағынасы мен мазмұнына түсіне білуімізде жатыр. Егер заттардың мазмұны мен мағынасы жақсылап түсінілмесе, олар дұрыс қабылданбайды да.

Апперцепция. Қабылдаудың адамның жалпы психикалық тұрмысы мен өткен тәжірибесінің мазмұнына байланыстылығын апперцепция дейді. Апперцепция тұрақты және уақытша болып екіге бөлінеді. Тұрақты апперцепция адамның қызығуы мен мамандығы, білімі мен дүниетанымына байланысты болып отырады. Мәселен, «түбір» деген сөзді әр адам түрліше қабылдауы мүмкін. Тіл маманы осы сөзді ести салысымен сөздің түбірі жайлы айтқысы келеді. Ал ботаник болса,  шөптің түбірін, математик санның түбірін айтып беретіндігі белгілі. Апперцепция затты түрлі жағынан бағалай алу, адамның оны өзінше талқылап, өзінше көзқарасын білдіре алуы. Апперцепцияның мол болуы білімділікке байланысты. Білім адамның ойын тереңдетіп, оның мазмұнын кеңітіп қана қоймайды, дүниені жан-жағынан терең түсіне білуге жағдай туғызады. Адам есейген сайын оның білімі, тәжірибесі молайа түседі, дүниетанымы қалыптасады. Бұл оның апперцепциясының өзгеруіне әсер етеді. Балалардың оқу материалдарын жақсы қабылдай алуы олардың апперцепциясына байланысты болып отырады. Оқушыны жаңа сабаққа даярлау бұл, бір жағынан, оның апперцепциясын тудырып отыру   деген сөз.    

Қабылдау процесі тек тітіркенуден ғана пайда болмай, субъектінің өзіне де байланысты көрініс береді. Қабылдайтын көз, құлақ емес, әрекетшең адам, сондықтан терімен де сипатталады. Қабылдау нәтижесінің жеке адам психикалық өміріне, оның тұлғалық ерекшеліктеріне тәуелділігі өткен өмір тәжірибесі үлкен рөл ойнайды. Сондықтан да бір заттың өзін әрқилы адамдар (біліміне, тәжірибесіне, тәрбиеленген ортасына, жасына, ұлтына, қызметтік дәрежесіне, т.т. орай) әртүрлі қабылдайды.

Қабылдау мазмұны адамның алдына қойған мақсат, мүддесіне де орайлас келеді. Ниет, көңіл шарпуларының ықпалымен қабылдау мазмұны уақытша өзгеріске де түсуі мүмкін. Мұндай уақытша апперцепция адамның әртүрлі алдануы – иллюзия салдарынан жаңсақ пікірлер туғызатын жағдайлар да болады.

   Жүйке жүйесінің ауруға шалдығуына байланысты жалған, теріс, бұрмаланған бейнелер туындайды. Мұндайдағы қабылдау галюцинация деп аталады.

Қабылдаудың объектісі кейбір жеке қасиеттерден жеке бөліктерден тұрғаны мен біз оларды бүтіндей, тұтастай қабылдаймыз.

Кей кезде бұрынғы тәжірибемізде ұшыраған кейбір объектілердің жеке бөліктері, шет жағасы, үзінділері қабылданса да, біз бұларды тұтас зат формасында қабылдаймыз. Егер «Дударай» операсындағы Мариям әнінің басталуын ғана құлағымыз шалса, осы әннің мазмұнын тұтастай қабылдайтын боламыз. Адам алдындағы үш нүктені жеке ноқат ретінде қабылдамайды. Мұны үшбұрыштың тұтас бейнесі деп түсінеді. Өйткені, қабылдаудағы жеке бөліктер жиналып келіп, тұтас нәрсенің бейнесін құрайды.

Бұл ерекшелікте қабылдаудың түйсіктердің негізгі айырмашылығын жақсы көрсетеді. Ол объектілердің мазмұнын жақсылап түсінбейінше, белгілі тұжырымдар мен сөз арқылы аталмайынша ол толық қабылданбайды.

Қабылдауда объектінің аты сөзбен берілсе, қандай нәрсе болса да оңай және тез қабылданады. Мәселен, өзіміз түсінбейтін тілде сөйлеген сөздердің мүлде ұқпайтын болсақ, азын-аулақ хабарымыз бар тілді шала-шарпы қабылдаймыз. Адам ана тіліндегі сөздерге жақсы, толық түсінетіндіктен ғана оларды толық қабылдай алады.

Заттар мен құбылыстардың мағынасын түсінудің қарапайым түрі – тану. Нәрсені танымайынша оны аңғарып, қабылдау қиын. Тану жалпылай және даралап тану болып екіге бөлінеді. Жалпылай тану дегеніміз талғаусыз қалай болса солай тану. Жалпылай тануда адам нәрселердің өздеріне тән қасиеттерін біле бермейді. Объектілерді даралап тану арқылы ғана оларды анық, толық қабылдауға мүмкіндік туады. Мәселен, көпшілік арасынан таныс адамды бірден тану, көп киімнің ішінен өз пальтоңды бірден тану оп-оңай.

Мұғалім бірнеше оқушыдан үй тапсырмасын сұраған кезде оған бір баланың жауабы ерекше ұнайды. Бұған ол аса зейін қояды. Сонда мұғалімнің объектісі сол бала болады да, қалғандырының жауабы жөнді еленбейді. Қабылдауда ерекше айқын көрініп тұрған нәрсе фигура делінеді де, қалғандары соның фоны болады. Сөйтіп, аса зейін зат әр кезде фигура болады да, оның айналсындағы қоршау фон болып есептелінеді. Осылайша түрлі жағдайда әркімнің өзінше қабылдауы көбінесе адамның мамандығына да байланысты. Мәселен, суретші алдымен екі профильге назар аударса, мұражай қызметкері бірден вазаны көреді.

Әрқашанда қабылданатын затқа не құбылысқа қабылдау сәйкес келе бермейді. Түрлі себептерге байланысты шындықты бұрмалап, теріс қабылдайтын кездер де болады. Түрлі себептерге байланысты шындықтағы объектілерді қате қабылдауды иллюзия деп атайды. Иллюзиялар сан алуан себептерге байланысты пайда болады. Мысалы, шай құйылған стаканға салынған қасықтың "сынған" құсап тұруы физикалық қасиеттерімен тусіндірілсе, кейбір нәрсе жөніндегі жансақ пікірлер адамның әр түрлі ерекшеліктеріне баланысты.

Иллюзияның табиғаты ғылымда әлі толық зерттелмеген.

Иллюзияның түрлері өте көп. Соның ішінде көру қабылдауында иллюзиялар жиі кездеседі. Мәселен, перспектива иллюзиясын алайық. Айталық үш бағананың биіктігі бірдей дейік. Ал көріп тұрған кезінде олардың ең әрідегісі бәрінен үлкен сияқты көрінеді. Мұның себебі – нәрсе алыстаған сайын бейнесі кішірейе беретіндіктен, нәрсе өзінің кішкентай нәрсенің қасында тұрса - үлкейіп, үлкен нәрсемен қатар тұрса - кішірейіп көрінеді.

Белгілі ғұлама Ә.Бөкейханов шығармаларында иллюзия жөнінде қызықты фактілер келтірген. Ол былай дейді: Сұқ қолы мен ортаң қолды бір-бірінен артылтып салып, екеуі бірдей тиетін қылып, астына бытырадай домалақ қамырды салып, екеуінің арасын домалатып, көзіңді жұмшы. Жалғыз домалақ қамыр екені көрінеді. Қол алданды, көз түзетті. Жақындап келіп, айнаға қарашы: терезе не есік болып, ар жағында бір нәрсе тұрғандай көрінеді. Қолыңмен сипасаң анықтала кетеді. Көз адасты, саусақ сезімді түзетті. Мәселен, иллюзиялар архитектура мен бейнелеу өнерінеде әскери маскировкада, баспахана әріптерін жасауда, сахнаны безендіруде жиі қолданылады. Иллюзияның заңдылықтарын білу адам ойлауындағы сыншылдықты дамыта түседі. Иллюзияларды адамның жүйке жүйесінің ауруға шалдығуына байланнысты туатын заттардың жалған, теріс бейнелері – галлюцинациялардан ажырату қажет. Мұндай науқасқа ұшыраған адамның ұғыну қабілеті кемиді де, есі кіресілі-шығасылы болады. Мәселен, оған ешкім дауыстамаса да ол бір дауыс естігендей, денесінде қайдағы бір жоқ жорғалап жүргендей көрінеді. Бұл көбінесе шизофрения, инфекция ауруларының негізінде пайда болып отырады. Бұл ауруларда психиатор-дәрігерлердің көмегімен айығуға болады. Ми қабығында қозу процесі тежелумен алмаспай бір орында тұрып қалған кезде осындай галлюцинациялық бейнелер пайда болады.       

Қабылдаудың  тұтастығы.   Егер  түйсіну  арқылы   біз  әсер  етуші заттардың кейбір қасиеттерін,  кейбір  бөлшектерін ғана сезетін болсақ, қабылдау процесінде сезімімізбен әсер етуші   заттарды бүтіндей,  тұтас түрде    қабылдаймыз.    Қабылдауда   заттарды    сезу,    заттық сезу болып табылады. Зат бізге қалай әсер етсе, сол затты біз солай қабылдаймыз.

Кей  кезде  біздің  бұрынғы  тәжірибемізде  ұшыраған  заттар мен құбылыстар бізге бүтіндей, тұтастай сезілмей-ақ олардың шет жағасы кейбір бөлшектері, үзіндісі ғана көрінсе де, біз ол заттарды көбінде тұтас зат күйінде қабылдаймыз. Егер " Қыз Жібек " операсындағы операсының бір бөлшегін ғана құлағымыз шалса, біз "Гәкку'' әнін толық естіп   қабылдағандай   боламыз.   Төрт  аяқты   столдың   суретте   үш   аяғы салынса да, оның үшінші аяғын әдепкі кезде елемей, төрт аяқты стол есебінде қабылдаймыз.

Жалпылап қабылдаудың дәрежесі адамның ақыл ой өрісімен байланысты. Адам қаншалықты білімді болса соншалықты жалпылап қабылдауда оның жан дүниесінің кең орын алады жалпылап қабылдаудағы ғылымда категориялық деп те атайды. Осылайша қабылдау арқылы адам жан қуаттарын жеңілдетіп, дүниедегі заттар мен құбылыстарды дұрысырақ және тереңірек түсінуге мүмкіндік алады; иллюзиялы қабылдау. Біздің қабылдауымыз әрқашан да қабылданатын затқа, не құбылысқа тепе-тең сәйкес болып келе бермейді. Кейбір себептерге байланысты бұрыс болуы да мүмкін. Мұндай бұрыс, қате қабылдауды иллюзиялық қабылдау дейді. Бұрыс, яғни иллюзиялық қабылдау адамның эмоциялық сезімдерінің әсер етуінен (қуану, күлу, ашулану, уайымдау, ренжу, қайғыру т.т.), объектіні анық қабылданбауынан не болмаса оның өте күрделі болуынан, сондай ақ біздің бұрынғы тәжірибемізде орын алмауына, немесе оның қоршауының айрықша болуынан туындайды. Мысалы: "Қорыққанның көзіне қос көрінеді" дегендей түнде айдалада, тоғайда жалғыз келе жаткан адам әр нәрседен сезіктеніп, қауіптенеді. Сондай-ақ адам киім кигенде, үлкенірек және толығырақ көрінсе, қара киім кигенде кішірек, ашыңырақ көрінеді. Не болмаса қысқа я көлденең жолдары бар матадан киім кигенде ол толық көрінеді де, ұзын я тік жолды киім кигенде, биік көрнеді.

Қабылдау да түйсік секілді рефлекторлы процесс. Оның негізінде қоршаған орта заттары мен құбылыстарының рецепторларға әсер етуінен үлкен ми сыңарлары қабығында пайда болған шартты рефлекстер мен уақытша түскен құрамды тітіркендіргіштер күрделі талдаудан өтіп, бірігіп жатады. Қабылдау нысаны талдау арқылы жалпы ортадан (фон) бөліп алынады, сонымен бірге оның барша қасиеттері біртұтас сапалық бейнеге біріктіріледі.

Түйсікпен салыстырғанда қабылдау процесі ми қызметінің ең жоғарғы талдану-бірігу формасы. Талдау болмай, қабылданатын зат не құбылыстың мән жайына жету мүмкін емес. Мысалы, түсініксіз тілдегі ауызша баянның басы мен аяғын аңдау мүмкін емес, тұтасқан дыбыстық сарын. Ал енді осы баянды түсініп, қабылдау үшін оны бөлек тіркестер мен сөздерге мағынасына орай жіктеу қажет, яғни естіп тұрғанымызды дұрыс қабылдауымыз үшін талдаумен бір уақытта біріктіру әрекеті де жүріп жатады. Осының арқасында біз дараланған дыбыстарды ғана қабылдап қоймастан, тұтас сөздер мен сөз тіркестерін ұғамыз. Мұндағы бірігім уақытша жүйке байланыстарының түзілуімен жасалып отыр. Жалпы қабылдау жүйке байланыстарының екі түріне негізделген: бірінші байланыс түрі талдағыш төңірегінде түзілген де, екіншісіне – талдағыштар арасындағы байланыстар себепті. Бірінші жүйке байланысы ағзаға бір текті құрамды тітіркендіргіштердің әсер етуінен болады, мысалы, есту талдағышына әсер етуші жеке дыбыстардың ерекше бірікпесінен пайда болған ән-күй біртұтас күрделі тітіркендіргіш ретінде қабылданады. Бұл үлкен ми сыңарларында өтетін бірігу процесі мен күрделі синтездердің болуынан.

Құрамды тітіркендіргіштердің әсерінен түзілетін жүйке байланыстарының екінші түрі-әртүрлі талдағыштардың аралық байланысынан, заттар немесе кеңістікті қабылдау, көру, қозғалыс, сипай сезу және басқа да түйсіктердің өзара байланысынан жүзеге келеді (И.П.Сеченев). Адамдағы бұл ассоциацияларға нақты зат немесе кеңістіктегі қатынастарды белгілейтін сөздің дыбыстық бейнесі қосылады. Заттардың көлемі мен жайласу аралығын қабылдауда көру түйсігі бұлшық еттер түйсігімен байланыспай болмайды.

Қабылдау негізінде жатқан уақытша жүйке байланыстары объектив дүние заттары мен құбылыстарының шындық арақатынастарының болуынан туындайды. Әртүрлі талдағыштар арасында орныққан байланыстардың жәрдемімен біз арнайы талдағышты болмаған заттар мен құбылыстар қасиеттерін де қабылдап, бейнелей аламыз (мысалы, зат аумағы, меншікті салмақ және т.б.). Түйсікке қарағанда қабылдау барысында біздің дүниені тереңірек қабылдап, дәлірек тануымыз осыдан.

Сонымен, қабылдау сынды бейне түзуші күрделі процесс негізінде бір талдағыштың өзіндегі және талдағыштар аралық байланыстар жататынын аңдадық. Осы байланыстар арқылы біз тітіркендіргіштерді жете танып, күрделі тұтастық құраған зат қасиеттерінің өзара ықпалды әрекеттерін ескереміз.

Қабылдау формалары. Ғылым болмыс жасауының екі түрлі формасы бар деп санайды. Олар – кеңістік пен уақыт. Бұл формалар шексіз. Уақыт пен кеңістікті түйсіну адамның тіршілік етуіне қолайлы жағдай жасап, дұрыс бағдар көрсетеді. Сол арқылы адам объектив дүниені бейнелегенде өзінің өмір сүретін ортасы жайында қажетті мәліметтерді біліп, тіршілік ету жағдайына бейімделеді.

Кеңістік нысандарын қабылдау – күрделі процесс. Дүниедегі заттардың барлығы кеңістікте орналасқан. Олардың әрқайсысының белгілі түп-тұрпаты бар: ұзын-қысқа, енді-енсіз, биік-аласа, үлкен-кіші т.б. Олар бізден түрлі қашықтықта орналасқан. Кеңістіктегі заттардың көлемін бір көзбен монокулярлық – көру нәрселердің тереңдігі жөнінде дәл мағлұмат бере алмайды. Осылайша көріп, қабылдауда заттарды көріп, қабылдауда заттар тұтасып, олардың қашықтығы, қоршауы, шамасы, түр-түсі, рельеф-бедері әртарапты байқалып, анық та нақты бейнеге түседі.

Қашықтық пен заттар көлемін қабылдауда көздің конвергенция, яғни екі көзбен көретін затқа бір көздей болып әрекет етіп, жақын жердегі нәрселерді ажыратудан байқалады. Ал алыстағы нәрселерге қарауда олардың екі бөлініп кетуі дивергенция делінеді. Көздің түрліше қашықтықтағы заттарды көруге бейімделу қабілеті аккомодация (көз үйрету) деп аталынады. Қашықтықтағы нәрселерді қабылдау адамның өмір тәжірибесімен байланысты. Кеңістіктегі қабылдау жас кезден басталады. Бұл ретте, орман ішінде өскен бала мен кең далада өскен баланың кеңістікті қабылдауы түрліше болып келеді.

Информация о работе Қабылдау туралы түсінік