Білікті білім беру – ортақ міндет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2014 в 18:55, доклад

Краткое описание

Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты. Білім берудің үлгісі өзгерді, заманауи оқыту мазмұны пайда болды. Оқу үрдісіне жаппай педагогикалық технологиялардың түрлері енгізілуде. Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны кеңейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, жеке тұлғаның қабілетін оятып, талантын дамыту- заманның басты талабы.

Прикрепленные файлы: 1 файл

БАЛОВА Б.У. БІЛІКТІ БІЛІМ-ОРТАҚ МІНДЕТ.docx

— 299.01 Кб (Скачать документ)

Білікті  білім беру – ортақ міндет.

 

 Балова  Бакыт Умирбековна ,

 Бастауыш  сынып мұғалімі,

А.Байтұрсынов атындағы

бастауыш гимназия,

Арқалық қаласы.

 

Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі  жасалып, әлемдік  білім  беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика  теориясы  мен оқу-тәрбие  үрдісіндегі елеулі өзгерістерге  байланысты. Білім  берудің үлгісі өзгерді, заманауи  оқыту  мазмұны  пайда   болды.  Оқу  үрдісіне  жаппай  педагогикалық  технологиялардың  түрлері   енгізілуде.                                      Ғылым мен техниканың жедел дамыған,  ақпараттық  мәліметтер  ағыны  кеңейген  заманда ақыл-ой мүмкіндігін  қалыптастырып, жеке  тұлғаның қабілетін оятып, талантын дамыту- заманның  басты  талабы. Бүгінгі таңда  білім  саласындағы жаңа педагогикалық  технологияны  меңгеру мұғалімнің  зейін-зерделік,  кәсіптік,  адамгершілік,  рухани,  азаматтық  және басқа да  көптеген  ұстаздық  қабілетінің  қалыптасуына  игі  әсерін  тигізеді, өзін-өзі  бағалап, бақылап  дамытуына,  өз іс-әрекетін  жүйелі  ұйымдастыруға      жетелейді.   Білім беру технологияларын  терең  меңгерген  әрбір  педагог өз  сабағын нәтижелі  даму  жағынан   көрсете  алады. Мұғалім  алған   білім  технологияларын  оқып  үйренеді, меңгереді, тәжірибеде қолданады, дамытып  күтілетін   нәтижеге  қол  жеткізеді. Оқытылатын  пән  мазмұны,  мұғалім  мен   оқушының өзара  байланыс  іс-әрекеті, оқушының   ішкі  даму  үрдісі  негізінде  анықталатын нақты мақсат қана білім технологиясының  құрылымын   түсіну  кілті  болып  табылады.

Оқыту барысында озық, тиімді технологиялар тәжірибеге енгізілуде. Заман талабына сай білім беру - әр ұстаздың  өмірлік  ұстанымы мен көзқарасы. Қазіргі кездегі білім беру жүйесінің міндеті – оқушылардың білімді үйреніп қана қоймай, алған білімін үздіксіз дамытып, оны бойына сіңіріп, сыни көзқараспен  ойлана отырып , сындарлы  оқуға жол бастау.

      Заңғар жазушы Мұхтар Әуезов «Халықты халықпен теңестіретін-білім» деп, атап көрсеткендей, қай елдің болсын өркендеп өсіп-өнуі сол елдің білім деңгейі мен даму жүйесіне байланысты. Рухани ұлттық қажеттілікке жараған білім-ең мықты білім, оның нәрін бойына сіңіріп өскен ұрпақ елімізді гүлдендіріп, болашағымызды дамыта алады. Ал сол білімді шәкірт санасына себуші-ұстаз. Ендеше, мұғалімдер жаңалықтардан құр қалмай, жасы мен қызметіне қарамай, үнемі білім алып, ақпараттық дәуірдің белсенді мүшесі болуы қажет. Білім беруді технологиялық жолмен ұйымдастырудың мақсаты: жаңа бағыттағы ұстаздардың кәсіби шеберлігін дамытып, ізденіс барысында нәтижелі жұмыс жасауы. Әрбір жаңашыл ұстаз ақпараттық технологиялардың ғылыми-теориялық негізін меңгеріп, оқу  үрдісінде  қолдана білу  тиіс.

XXI ғасыр – бұл ақпараттық қоғам, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениетіне, мұқият қарайтын дәуір. Ендеше мұғалім өз пәніне педагогика- психологиялық тұрғыдан қарап, әдістемелік шеберлікпен келу қажет. Оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін қолданып, заман ағымына сай еңбек ету-бүгінгі ұстаздарға үлкен жауапкершілікті жүктейді. Интербелсенді әдістер мен ғаламтор желілеріндегі ақпарат деректерді, заманауи  технологияларды пайдалана отырып сабақ өткізу заман сұранысы. Сонда ғана біз өзіміздің шәкірттерімізді білім биігінен көре аламыз. Осындай мүмкіндікті пайдаланып, оқушылардың шығармашылығын, белсенділігін, білуге құмарлығын арттыру керек. Әр адам өмір бойына болдым, толдым демей, үйренумен, ізденумен болады. Өз бетінше ізденуіне нүкте қойған күннен бастап, оның өмірі тоқырайды. Себебі, адам өмір бойы үйренеді.  Ал ұстаз адамға, болашақ ұрпақты тәрбиелеушілер үшін әр күні, әр сағаты, тіпті әр минуты ізденіске толы. Сабақ – мұғалім мен оқушының өз қажеттілігіне орай оқу әрекеттерін яғни білімді меңгерту мен меңгеру, машық пен дағдыны қалыптастыру, ізденіске баулу, шығармашылық пен талапты ұштап, дамытуды қажет еткен мақсат, міндеттер тұрғысынан бірлесе жұмыс істейтін ынтымақтастық алаңы. Сабақ тек жалаң білім беруге құрылмай, оқушының шынайы қызығуы мен өз қажеттілігі мен сұранысын қамтамасыз етерлік шығармашылық ізденіс танымына орай құрылуы қажет.

      Жаңа формациядағы  мұғалімдердің  ізденіспен  жұмыс жасауы,  қазіргі  уақытта  Қазақстан  Республикасы  педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының  деңгейлі  бағдарламасы  аясындағы  оқытудың модулдері  негізінде  іске  асырылуда. Бағдарламаның   негізгі  мәселесі «ХХІ ғасырда нені  оқыту  керек?»,  «Мұғалімдер  оқушыларды  ХХІ  ғасырға  қалай  дайындайды?» Біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі мазмұны  жеті модуль түрінде берілген, олар оқыту барысында тізбектелген  сабақтар топтамасы  орта мерзімді жоспарлауда  көрінеді. Барлық оқыту үдерісін ұйымдастырып, көшбасшылық жасайтын мұғалім болғандықтан, бағдарлама ең алдымен, мұғалімге қарай бағытталады. Өйткені мұғалімдер ойлау қабілеттері жоғары деңгейде дамыған оқушыларды қалыптастырғылары келсе, онда алдымен өздерінің де терең ойлау қабілеттерін дамытқаны жөн. Сонда ғана біржақты, «тек менікі дұрыс» деген сенімнен гөрі, жаңашыл идеяларға деген көңіл көкжиектері ашылып, жаңаша оқыту үрдісі қалыптасуы мүмкін.   Осыған орай   өз іс тәжірибемізде   сабақтың  қалыптасқан   түрінен  басқа,  оқытудың жаңа әдіс- тәсілдеріне  негізделіп  құрылған сабақтар  түрлері  де  пайда болуда. Ондағы мақсат: әрбір сабақтың оқу-тәрбиелік  мүмкіншіліктерін  ескере отырып,  оны  жаңа  сапалық  сатыға көтеру. Бүгінде  оқыту жұмысын  осылай  ұйымдастыру мен әдіс-тәсілдердің   жаңалығы басқа  ұстаздардың,  жаңа жағдайға байланысты  оқу үрдісінде   шығармашылықпен  пайдаланудың  негізгі  өлшеміне айналды.   Кембридж тәсілінің  теориялық негіздерін оқу үрдісінде қолданудың тиімділігі анықталды. Қазіргі  таңда оқушы ақпаратпен  қаруланған, жан-жақты дамыған тұлға. Оның  білімдік  қабілеттерін  дамыту үшін біздер,  мұғалімдер жан-жақты қаруланған болуымыз керек. «Балаға білім бергенде, алыстан жақынға, таныстан жатқа көшіп,   жаңа білімді  ескі  білімге  байлап  беру керек»-деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, оқыту  процесіне жаңа көзқараспен  қарау  керек деп есептеймін. Бірінші деңгей бағдарламасы мұғалімдерге әріптестерімен бірге жаңа тәсілдерді пәнге енгізу үшін коучинг пен тәлімгерлік арқылы жұмыс істеуге мүмкіндік беретін дағдыларды ұсынады. Заманауи  оқыту  үрдісіндегі  ерекшелік,  әр  педагогтың  өзін  оқушының  орнына  қойып, өзін-өзі  бақылап, бағалай  білуі. Міне  осы мақсатта  гимназия  мұғалімдерімен   жүргізілген  коучинг  сессияларына   тоқталсам.   Әріптестермен  өткізілетін  коучинг сессиясының маңыздылығы  әр  ұстаздың  өз  ішіндегі  сұрақтары мен  томаға-тұйық  қалмай, керісінше  ортаға салып әдістемелік  тұрғыдан өз іс тәжірибелерін  толықтыруында. «Диалогтық  оқыту» модулі  тақырыбында  өткізілген  коучинг сессиясынан  күтілетін  нәтиже: Оқу үрдісінде диалогтық оқытуды қолданудың маңызын түсінеді; ЖАДА ұғымын сабақ үрдісінде қолдануды біледі;  Сұрақты нақты қоюдың тиімділігін ұғынады, қолданады. Әріптестермен  коучингты топқа стикерде жазылған  Кім? Не? сұрақтары  арқылы  топқа  бөлуден бастадым. Осы  уақытта  мұғалімдер топ ережелерін  еске түсіріп, топ мүшелерінің міндеттерін  бөлісіп, бағалау критерийлерімен таныс болды. Әріптестер  өз ұғымдары бойынша «Диалогтық оқыту» модуліне тұжырымдамалық карта жасады. Өзара пікір алмасу барысында оқу  үрдісінде Диалогты оқыту модулін қолдану өте тиімді екені байқалды. Жұптық, топтық тапсырмаларды орындауда өзара пікір алмасуда, тапсырманы бірлесе шешуде өз кәсіби біліктерін көтерді. Топпен жұмыс жасау барысында оқушылар бір-бірімен пікір алмасып, туындаған сұрақтарға жауап іздейтіндігін өздері  оқушы болған кезде сезінгендерін  ортаға салды.

А.Мерсер зерттеген  әңгіменің  үш түрінің  тиімділігін, төменгі және  жоғары деңгейлі сұрақ түрлерін қоюдың маңыздылығын түсінді. Келесі  коучинг  сессиясы  «Қуатты педагогикалық  құралдың бірі орта мерзімді жоспарлау» тақырыбында өтті. Орта мерзімді жоспарлау  қандай пән мұғалімі болса да қажетті.  Тізбектелген сабақтар топтамасы жеті модулді ықпалдастыру негізінде жасалатындығы, оқу  нәтижесі, оқу мақсаттары оқушының нәтижесіне сәйкес болуы қажеттілігін түсінді. Орта мерзімді жоспардың жасалуында қолданылатын әдіс түрлерінің тиімді  таңдалып алыну керектігі ескерілді. «Оқыту  үшін  бағалау  және  оқуды  бағалау» модулі  бойынша  бағалау  тек қана  тәсіл емес, ол  оқу  сапасы  туралы  жинақталған  қортынды ұғым болғандықтан, ол  оқу  үдерісінде оқушының  қай  кезеңде  тұрғанын  анықтайтын  аспекті. Критерийалды бағалау жүйесі  күтілетін нәтижеге қол жеткізетін бірден- бір тиімді тәсіл екенін ұғынды. Егер мұғалімдер балалардың білімдерін бағалауға үлкен мән бере отырып, қажетті критерийлер арқылы бағалауды ең алдымен өздері, сонан соң оқушыларға үйретсе, оқу үдерісіндегі үлкен бір ауқымды пайдалы іс. Өзін- өзі бағалау ұғымына да  терең көзқараспен қарап, шынайы талаптарға сай бағалау әрине, өте жақсы жетістік. Алған ұғымдары  бойынша табыс критерий сабақтың мақсатынан туатындығы бойынша өздерінің оң көзқарастары, жаңа пікірлері туындады. Оқыту  үшін бағалау   модулінің бастауыш сынып  оқушылары үшін тиімділігін ескеріп, оларды  оқу  үрдісінде  түрлі смайликтер, бағдаршам түстері  арқылы  бағалай  отырып  қызығушылығы туатындығы айтылды.  Оқытудың жаңаша әдіс- тәсілдеріне жеті модуль бойынша қысқаша шолу жасалды.  Жеті модуль бойынша әріптестер өз ойларын  ортаға  салды. Мысалы: оқытудың  жаңаша тәсілдерін сабақта қолдану  арқылы  ұстаздардың  кәсіби  біліктілігінің артуы, жеті модуль барысында түрлендіре сабақ  өткізудің тиімді болатындығы.

Енді  бастауыш сынып  оқушыларымен  қазақ  тілі  пәнінен  өткізілген «Бастауыштан  кейін  қойылатын сызықша» тақырыбында  оқушыларды  сандар  арқылы  топқа бөліп өткізуде  оқушылар өздеріне топта жұмыс жасаудың ұнайтындықтарын, кейбір оқушылар  білмегенімізді  қасымыздағы  оқушыдан үйрендік дегендері  болды.  Тіпті  алғашқы  сабақтарға  қарағанда  оқушылар  бағалаудың  әділ түрін  пайдаланды. Мысалы  өздерін бағалауда бағдаршамның түстері  арқылы, смайликтер арқылы  бағалау түрлерінің  тиімділігі көрінді. Бұл жерде  мұғалім көптеген  оқушылардың өте жақсы меңгергендерін, ал сары  түсті  көтерген  оқушылармен қосымша жұмыс жүргізу қажеттілігін ойға түйдім. Өз сабақтарымда  өткізуде әдіс-тәсілдердің бірнеше  түрлерін  қолдану  тиімділігі  байқалды. «Жұмыс істеу  қабырғасы»  бойынша  оқушылар  мәтінді  толық меңгергендерімен  өздеріне  түсініксіз  сұрақтарды стикерге  жазып қабырғада қалдыруы, немесе  топтар бір-біріне тараулар бойынша  сұрақтар дайындауы, оқушылардың сыни ойлау көзқарастарын қалыптастырды. Қазақ тілі, математика  пәндерінде «Қатені тап» тәсілі  тиімді  болды. Онда  топтар  бір-біріне  дұрыс жазылған сөздер немесе сөйлемдердің ішінде  бір, екі қате  жазылған сөздері  бар  карта дайындап бір-біріне қатені тап деп  алмасады. Бұрынғы дәстүрлі сабақта мен бәрібір  қате жазамын  деген  ойдан арылып, оқушы өзіне берілген тапсырмаға қызығушылықпен  қарап, қате жазылған сөзді есіне сақтап, қатесіз жазуға ұмтылғандығы байқалды. Бұл әсіресе қос дауыссыз н-ң дыбыстарына   байланысты болды. Оқушылар диалог әдісін қолдана отырып, білімді бірлесіп құру, талқылау, түсіну  дағдыларын қалыптастырды. Әр сабағымда оқушыларға сұрақтар қою арқылы, тақырып бойынша өз ойларын ашық, еркін айтуға мүмкіндік берілді. Өзара талқылау арқылы, түрлі ойлардың болатындығы, бір-бірінің түсінуіне көмектесетіндігі, сұхбаттасу арқылы өз ойларын дәлелдей алуы. Біз көбінесе диалогтік оқытуды сұрақ – жауап ретінде қолданамыз. Яғни, бала теорияны меңгерумен қатар тәжірибе жүзінде де қалай жасау қажеттігін ұғынды. Оқушылар өзара пікірлер мен болжамдар айта отырып, бірлесе жұмыс жасады. Мысалы, кез келген сабақтың басталуы сұрақ – жауаптан тұрады. Сұрақтардың берілуіне байланысты оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыруға болады. Оқушы мен мұғалім арасында жақсы қарым-қатынас орнады.

Диалогтік оқыту оқушы ↔ оқушы арасында да туындауы мүмкін. Мұнда оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды. Бір-бірінің жауабына қанағаттанбаса, қосымша да сұрақтар беруі мүмкін.  Жалпы  оқытуда  түрлі  әдіс-тәсілдердің  тиімді  қолданылуы  жаңалықты тұстары  өте  пайдалы. «Джиксо», сұрақ – жауап әдісі барысында Оқытуды диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақ қою арқылы байқағаным: оқушылар тақырып бойынша сындарлы сөйлеуге үйренді, пәнге қызығушылық көрсетті, зерттеуге ынталанды, оқушылар сыни тұрғыдан ойлануға көмектесті, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауына ықпалын тигізді, оқытудағы қиындықтар мен түсінбестіктерді анықтады. «Әлем шарлау» стратегиясы бойынша қойылған сұрақтарға оқушылар алған білімдерін бір - біріне түсіндіріп, жауап бергенде бір - бірін тыңдады. «Топтастыру» стратегиясы  барысында оқушылар бір нәрсе туралы ойындағы негізгі қажеттіліктерін, білетіндерін, білгендерін топтайды. Өткен сабақ пен  жана сабаққа  байланысты  мәліметтерді  қима  қағазға жазылып  әр топқа таратылды. Қажеттісін алып  топтастырды .Мысалы 1 топ «Абай шаңырағы»  2 топ «Сәкен аға» 3топ «Әбіш пен Абай»тақырыбы бойынша  топтастырады. Бұл жерде  де  дәстүрлі  тәсіл бойынша топтасыруды тек  мұғалім орындаса, жаңа тәсіл  бойынша өзіне  берілген  еркіндік, ізденістің  арқасында  оқушылар  топтаса  орындайды, топ баяндамашылары  әр топпен  алмаса түсіндіреді. «Рөлдік ойыны» барысында бір - біріне сұрақ қою арқылы тілдері жаттығып, образдарда ойнауға үйренді.

     Дәстүрлі әдіс бойынша оқушы үшін мұғалім білім көзі болып келді, ал сындарлы оқытуда білім көзі тек мұғалім емес, қоршаған ортасы, өзінің тәжірибесі мен өмірге деген көзқарасы. Нақтылап айтар болсақ, дәстүрлі оқытуда, оқушылардың төресі мұғалім болып табылды, тек мұғалім ғана біледі сұрақтың дұрыс жауабын деп ойлады, ал сындарлы оқытуда мұғалім оқушының қамқоршысы, көмекшісі, тек қана бағыттаушысы. Әр оқушы өзіндік бір әлем. Олардың жан дүниесі мүлдем бір-бірінен ерекше. Жаңа тәсілмен оқыту оқушылардың жеке тұлға болып қалыптасуына көп көмегін тигізеді. Дәстүрлі сабақтарда оқушыларға білім бере отырып,  сын тұрғысынан қарамадық, оқушылардың пікірлерін ескермедік, тек қана өзіміздің болжамымыз бен мақсатымызбен жүре бердік. Әрине, дәстүрлі оқытудың да мақтанатын тұстары айтарлықтай жеткілікті. Ал сындарлы оқытуда жоспар құрар алдын да барлық жағдай ескеріледі және оқушы пікірі мен ойы құнды болып табылады. Ендеше  сындарлы оқыту нәтижесінде  оқығанын еске сақтап, өз іс тәжірибесінде  қолдана  білетін  ұрпақ оқыту керек.


Информация о работе Білікті білім беру – ортақ міндет