Дидактикалық ойын - бала білімін берік меңгерту құралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2013 в 18:22, курсовая работа

Краткое описание

Ойын–баланың бірінші әрекеті, сондықтан да оның мән–мағынасы ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?», - деп айтқандай, баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз болады. Оларды біркелкі жұмыс тез жалықтырады. Сондықтан олардың зейінін үнемі қажетті бағытқа аудару үшін ойын түрінде жүргізу қажет. Өйткені ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде алған білімді ойынмен тиянақтау білімнің беріктігіне негіз қалайды. Ойынның түрлері көп, соның ішінде маңыздысы – дидактикалық ойын.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дидактикалық ойын.doc

— 42.50 Кб (Скачать документ)

 

              Дидактикалық ойын - бала білімін берік меңгерту құралы

 

Қоғамымызда болып  жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының  әлемдік білім кеңістігіне шығуы - білім беру саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай өзгерістер енгізуді талап етіп отыр.

Жаңа заман  баласын қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр-сырын  анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің  дамуына жағдай туғызу қажет. Баланың  қабілетін қаншалықты ерте ашып, дамытса, оның нәтижесі де соншалықты жемісті болмақ. Яғни, баланы тәрбиелеуді мектеп жасына дейінгі аралықта бастасақ жөн болар. Өйткені мектеп жасына дейінгі кезең тәрбиені меңгерудің табалдырығы іспетті. В.С. Мухина бойынша мектеп жасына дейiнгi және бастауыш мектеп жасындағы балаларда мiнез-құлық мотивациясы: мiнез-құлықтың саналы регуляциясы күшейедi, мотивтер мен қажеттiлiктер көлемi ұлғаяды, рухани және материалды қажеттiлiктер сферасы кеңейедi, қарым-қатынасқа деген қажеттiлiк, жетiстiкке жету, басқарушылыққа қажеттiлiк сияқты әлеуметтiк қажеттiлiктер нығая түседi. Көп бiлу, басқалардан жоғары болу, өзi жасай алу сияқты қарапайым қажеттiлiктер пайда болады.[4.79 б]Мектеп жасына дейінгі балалар өзінің айналасындағы қоршаған ортамен танысуға өте құштар. Мәселен, балаға әлем аздап ғана сырын ашса, онда баланың білуге деген құштарлығы арта түседі.

Мектеп жасына дейінгі  баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі іс-әрекет – ойын. Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылыстармен, адамдардың еңбегімен, қарым-қатынасымен танысады. Халқымыз ойындарды тек балаларды алдандыру, көңілін көтеру әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай олардың көзқарастарын, мінез-құлқын қалыптастыру құралы деп ерекше бағаланған. Ойын негізінен балаларға дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды құралы.

Баланың танымын алғашқы  күннен бастап дамыту құралы да, балада оқу мен білімнің, тәрбиенің негізін  қалыптастыратын да-ойын әрекеті  болып саналады.«Қай ғылымды алмайық  өздерінің жетекші әрекеті ол - ойын» деген сипаттама береді, өйткені ойын баланы ақыл-ой жағынан да, дене жағынан да алға жетелеп, дамытады, баланың ойын өрбітіп, бойын өсіреді. Орыс педагогы В.А.Сухомлинский: «Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл-ойдың қалыптасуы мүмкін де емес»-десе, ғалым Е.А.Покровский өзінің балалардың ойындарына арнаған еңбегінде әрбір халықтың ойын туралы түсінігіне сипаттама береді. Мысалы: ежелгі гректерде «ойын» түсінігі балалардың қимылы деген ұғымды білдіреді, ал еврей халқында «ойын» сөзі қуаныш, шаттық сезімдерін сипаттайды- деп, барлық халықтың ойын түсінігінің түп-тамырының сабақтасып жатқандығы туралы тұжырым жасайды.

Ойын–баланың бірінші  әрекеті, сондықтан да оның мән–мағынасы ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?», - деп айтқандай, баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз болады. Оларды біркелкі жұмыс тез жалықтырады. Сондықтан олардың зейінін үнемі қажетті бағытқа аудару үшін ойын түрінде жүргізу қажет. Өйткені ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде алған білімді ойынмен тиянақтау білімнің беріктігіне негіз қалайды. Ойынның түрлері көп, соның ішінде маңыздысы – дидактикалық ойын. Бұл ойынның пайдасы  баланың ой– өрісінің қалыптасуын, дамуын мақсат етіп қоюында. Сондай – ақ балалардың адамгершілік сезімін оятуға, адамдармен дұрыс қарым–қатынас жасау, еңбек адамдарына, басқа ұлт өкілдеріне, достық, туған жеріне сүйіспеншілік сезімін сияқты асыл қасиеттерді  тәрбиелеуге де көңіл бөлінеді. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді. Ойынның міндеті – баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру. Мысалы, геометриялық пішіндерге арналған дидактикалық ойындар. Мақсаты: балаларға біреуі артық немесе кем санды тауып, атауды үйрету. Көрнекілік: ою-өрнектер, геометриялық пішіндер салынған карточкалар жиынтығы, геометриялық пішіндер. Барысы: Балалар геометриялық үшбұрыш, шаршы, дөңгелек және тағы сол сияқты фигураларды пайдаланып, мұғалімнің тапсырмасына үндеместен жауап беруі тиіс.Тәрбиеші тапсырма береді, балалар оны орындайды:

а) дөңгелектерден біреуін  артық етіп, үшбұрыштарды қойыңдар.Үш дөңгелек салынған сандық карточканы көрсетеді;

б) мұндағы дөңгелектерден біреуін кем етіп, шаршыларды қойыңдар. Бес дөңгелек салынған сандық карточканы көрсетеді;

в) дәл осындай  пішінді көрсетіңдер. Дөңгелекті көрсетеді және осыларға сәйкес тапсырмаларды көрсетіндер.Ойын соңында қорытынды шығарылады. Қатені аз жіберген қатар ұтып шығады.Ойынның барысында балалардың зейіні, қол қимылының жылдамдығы, дәлдігі қалыптаса бастайды және санауды, біреуі артық немесе кем санды тауып, оны атауды үйренеді. Міне, осы сияқты дидактикалық ойындар негізінде баланың ойлау жүйесі, ақыл – ойы қалыптасады.

Баланың қуанышы  мен реніші ойында айқын көрінеді. Дидактикалық ойын кезіндегі баланың  психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындалады, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың шығармашылық қабілеті мен дарынын ұштайды. Мектеп жасына дейінгі балалар көргендерін, байқағандарын, айналасынан естігендерін ойын кезінде қолданатын байқауға болады. Ойын барысында балалар дүниені тани бастайды, өзінің күш жігерін жұмсап, сезімін білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді. Сондықтан да ойшыл ұлы адамдар балаларды ойын арқылы оқыту керек деген ойға келді. Ойын арқылы оқыту, бұл ой көптеген оқытушылар мен тәрбиешілерді қызықтырды. Грузин педагогы Ш.А.Амонашвили ойын арқылы балаларға өте қиын әлемдік танымды түсіндіре білді. Ш.А.Амонашвили өз оқушыларымен ойын ойнағанда өзін балалармен бірдей қоя отырып, олардың көңіліне, ойына, санасына пайдалы ұғымды беріп, өз ісіне сенімді болып, қиындықтарды жеңе білуге үйретті–баланың көздерінде білімге деген құштарлықты байқады. Осындай ойын арқылы оқытудың арқасында дидактикалық ойын пайда болды.[3.141б]  

Бұл ойындарды  тәрбиешінің шығармашылықпен түрлендіре отырып, балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау кезінде іс-әрекеттің мазмұнына сай пайдалануға болады. Сондықтан, мұндай ойындар ойнау балалардың ойлау, қабылдау, еліктеу қабілеті және заттардың түрін, түсін, көлемін ажырата білуін дамыта түсу үшін өте қажет. Дидактикалық ойындарда міндетті түрде екі бала қатысатын ойындар түрін пайдаланған тиімді. Ойын арқылы оқыту үшін дидактикалық ойындар құрылған. Балаларға тапсырмалар ойын түрінде беріледі, бұл дидактикалық ойындардың негізгі ерекшеліктері. Балалар ойнау арқылы белгілі бір білім, білік, дағдыларды және ойын әрекеттерін меңгереді. Әр дидактикалық ойынның танымдылық және тәрбиелік мазмұны болады. Дидактикалық ойын оқытудың әдістерінде 2 жолмен қарастырылады. Ойын сабақтар және дидактикалық тапсырмалар не болмаса автодидактикалық ойындар.  

Әр ойынды өткізген кезде тәрбиешіге шығармашылық қажет. Яғни балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету. Ойын арқылы баланың бойына адамгершілік асыл  қасиеттермен қатар, білімге, өнерге деген құштарлығы қалыптасады. Тіпті нашар оқиды-ау деген оқушылардың өздері де ойын түрлері араласқан сабаққа зер салып, ынталана түседі.Ойын – адамдардың қарым-қатынас, кәсіби және жанұялық өмірдің мектебі болып табылады. Балалар ойын арқылы барлық маңызды ақыл-ой әрекеті, қабілеттерінің дамуына, айналасындағы дүние жайлы түсініктерінің кеңеюіне, тілінің дамуына, жолдастарымен жақындасуына көмектеседі. Сондай-ақ, бейнебір өмірдің өзіндегідей қуаныш пен реніш сезімінде болады. Бұл баланың ойлау қабілеті мен сөздік қорын дамытуға түрлі дағды мен шеберлікті меңгеруге, қиындықты жеңуге, төзімділікке баулиды.

Бұған байланысты ойын туралы жасалатын тұжырым мынау:

а) ойын- тәрбие құралы арқылы, ақыл-ойды кеңейтеді, тілді  ұстартады, сөздік қорды байытады, өмірді танытып, сезімді кеңейтеді.

ә) ерік және мінез  қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді.

б) ұжымдық сезім  әрекеттері өсе түседі.

в) эстетикалық тәрбие беру құралы

г) еңбек тәрбиесін  беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік  береді.

д)дене күшінің  жетілуіне көмектеседі.

Дидактикалық  ойын – балалар үшін оқу да, еңбек  те. Ол балаларға өмірде кездескен  қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп  қана қоймай, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. Сондай-ақ, балалар өздерін ізденімпаз, тапқыр етіп көрсеткісі келеді. Әсіресе, түйсіну, сезіну, қабылдау, ойлау, зеійн қою сияқты таным үрдістері дамуына жол ашады.  Демек, ойын –баланың өміріндегі тәрбиенің шешуші шарты.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. «Зерек бала» мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасы.

2.  «Тәрбиеге жетекші», 2004ж. Б.И.Иманбекова

3. «Балабақшада рухани мәдениеткетәрбиелеу», Нечаева В.Г. 1981ж

4.  Мухина В.С. Возрастная психология. - М., 1998.


Информация о работе Дидактикалық ойын - бала білімін берік меңгерту құралы