ҚР-дағы білім беру жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Апреля 2013 в 23:37, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасын әлемдік қоғамдастық нарықтық экономикалы мемлекет ретінде таныды. Тәуелсіздігінің қысқа тарихи кезеңінде еліміз әлемдік қоғамдастыққа ықпалдаса отырып, экономикада айтарлықтай өсуге қол жеткізді.
Осы орайда, қоғамдық даму деңгейінің, елдің экономикалық қуаты мен ұлттық қауіпсіздігінің өлшемдері ретінде білім беру жүйесінің, адам ресурстарының рөлі мен маңызы арта түседі. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өзгерістер білім беруге, одан ұтқырлықты, жаңа тарихи кезеңнің болмысына барабар әрекет етуді және экономиканың даму қажеттіліктеріне сай болуды талап ете отырып әсерін тигізеді.

Содержание

Кіріспе

І-ТАРАУ. ҚР-дағы білім беру жүйесі

1.1 Қазақстандағы жастар мәселесін әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қарастыру.
1.2 Білім беру деңгейін көтеру үшін қабылданған мемлекеттік бағдарламалар мен шаралар.
1.3 Білім беру саласындағы әлеуметтік-экономикалық кемшіліктерді жою мен шара қолдану.
1.4 Білімді жастардың болашағы – жоғарыға өрлететін жол.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

ped_ref_11.doc

— 157.00 Кб (Скачать документ)

 

 

Мазмұны:

 

Кіріспе

 

І-ТАРАУ. ҚР-дағы білім беру жүйесі

 

1.1 Қазақстандағы  жастар мәселесін әлеуметтік-экономикалық  тұрғыдан қарастыру.

1.2 Білім беру  деңгейін көтеру үшін қабылданған  мемлекеттік бағдарламалар мен  шаралар.

1.3 Білім беру  саласындағы әлеуметтік-экономикалық кемшіліктерді жою мен шара қолдану.

1.4 Білімді жастардың  болашағы – жоғарыға өрлететін  жол.

 

Қорытынды

 

Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қазақстан Республикасын  әлемдік қоғамдастық нарықтық экономикалы  мемлекет ретінде таныды. Тәуелсіздігінің қысқа тарихи кезеңінде еліміз әлемдік қоғамдастыққа ықпалдаса отырып, экономикада айтарлықтай өсуге қол жеткізді.

Осы орайда, қоғамдық даму деңгейінің, елдің экономикалық қуаты мен ұлттық қауіпсіздігінің  өлшемдері ретінде білім беру жүйесінің, адам ресурстарының рөлі мен маңызы арта түседі. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өзгерістер білім беруге, одан ұтқырлықты, жаңа тарихи кезеңнің болмысына барабар әрекет етуді және экономиканың даму қажеттіліктеріне сай болуды талап ете отырып әсерін тигізеді.

Жедел өзгеріп  отыратын әлем мен ақпарат легінің  ұлғаюы жағдайында іргелі пәндік білім  міндетті, бірақ ол білім берудің  жеткілікті нысанасы болып табылмайды. Қазақстандық білім беру жүйесі оның әлемдік білім беру кеңістігінде лайықты орын алуына мүмкіндік бермейтін ескірген әдіснамалық базасы, құрылымы мен мазмұны жағдайында дамуын жалғастыруда. Білім беру мазмұны фактологиялық күйінде қалып отыр және оқитындарды қоғам өміріне құзіретті, жауапты әрі шығармашылық тұрғыдан қарастыра отырып даярлауға бағдарланбаған. Өңірлік деңгейде білім беруді басқарудың біріздендірілген жүйесінің болуы, білім беру бөлімдерінде мамандардың штат санының жетіспеушілігі білім беруді басқарудың тиімділігіне кері әсер етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

І-ТАРАУ. ҚР-дағы білім беру жүйесі

 

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Көптеген дамыған елдер мектепке дейінгі білім беруге тең қол жеткізу үшін мүмкіндіктер жасайды. Ал, Қазақстанда 2000 жылмен салыстырғанда мектепке дейінгі ұйымдардың саны 12 бірлікке (1%), ал олардағы балалардың контингенті 25 421 балаға (18,7%) өсті, бұл мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту сұранысының өсуі мен осы сұраныстарды қанағаттандыру мүмкіндіктері арасындағы теңсіздікті айғақтайды (1 кесте). Нәтижесінде мектепке дейінгі ұйымдардағы 100 орынға 105-тен 130-ға дейін баладан келді. Тұтастай алғанда, республика бойынша 22 мыңға жуық бала мектепке дейінгі ұйымға орналасу үшін кезекте тұр, бес-алты жастағы 127 мың бала мектеп алды бағдарламамен қамтылуға тиіс.

1 кесте. Мектепке  дейінгі тәрбие мен оқыту

Жылдар

Желі

Контингент

2000

1144

135287

2001

1167

146375

2002

1162

153965

2003

1156

160708


 

Мектепке дейінгі  тәрбие жүйесінде 16,3 мың педагог  қызметкер еңбек етуде, олардың 38,7%-ының жоғары білімі, 52,8%-ының арнаулы орта педакогикалық білімі, 6,4%-ының аяқталмаған  жоғарғы педагогикалық білімі бар. Мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің 40%-ының ғана жоғары және бірінші санаттары бар, ал 31,2%-ының санаты жоқ.

1999 жылы Қазақстанда  балалардың міндетті мектепалды  дайындығы еңгізілді, бұл балаларды  мектепалды дайындық бағдарламасын қамтуға әсер етеді (1 диаграмма).

 

 

 

 

 

1 диаграмма.  Балалардың мектепалды дайындықпен  және мектепке дейінгі оқытумен  қамту көрсеткіштері 

Жалпы орта білім  беру. Жалпы білім беретін мектептегі реформалардың шетелдік тәжірибесі оқытудың мерзімін 12-13 жылға дейін ұзартуды, жоғарғы сатыдағы оқушылардың оқудағы жетістіктері мен кәсіби оқытуды сыртқы бағалау жүйесін еңгізуді көздейді.

Қазақстанның  жалпы орта білімі жалпы білім  беретін мектептер санының көбеюімен  әрі демографиялық және көші-қон процестеріне орай жекелеген өңірлерде шағын жинақталған мектептердің өсуіне ықпал еткен оқушылар контингенттінің азаюымен сипатталды (2 кесте).

2 кесте.Жалпы  орта білім беру

Оқу жылы

Мектептер саны

Оқитындар контингенті

2000/2001

8109

3043,3

2001/2002

8171

3019,5

2002/2003

8164

3095,6

2003/2004

8260

3026,2


 

Бастауыш және орта кәсіптік білім беру. Дамыған  елдердегі кәсіптік білім беру жағдайына  жасалған талдау кадрларды даярлау  процессіне қатысу үшін жұмыс берушілерді  көтермелеу тетіктерінің, сондай-ақ кәсіптік білім берудің сапасын реттеудің институтционалдық негізінің бар екенін және кәсіптік бағдарламалардың аса ұтқырлығы мен кірігуін айғақтайды. Қазақстан Республикасының бастауыш және орта кәсіптік білім беру жүйесі 722 оқу орнынан, оның ішінде жалпы оқушылар контингенті 341,3 мың адам 307 кәсіптік мектеп пен 415 колледжден тұрады.

Кәсіптік бастауыш білім беретін оқу орындарында  оқитындардың контингенті 2000 жылдан бастап 2004 жылға дейін 10,3 мың адамға ұлғайды.

4 кесте. Бастауыш пен орта кәсіптік білім беру

Оқу жылы

КМ (КЛ) саны

Оқитындардың  контингенті

Мембюджет қаражаты есебінен оқитындардың саны

2000/2001

306

88,3

75,4

2001/2002

312

88,1

72,1

2002/2003

312

89,6

82,3

2003/2004

307

98,7

91,3


 

Жоғарғы оқу  орнындарының 41 мың адамды құрайтын профессор-оқытушы құрамының 2520-сы ғылым докторы және 11610-ы ғылым кандидаты. 10000 тұрғынға шаққандағы студенттердің саны 2000-2001 оқу жылындағы 257 адамнан 2003-2004 оқу жылында 439 адамға артқан (5 кесте).

5 кесте. Жоғарғы  оқу орнында білім беру

Оқу жылы

Жоғарғы оқу  орындар саны

Оқитындардың  контингенті

Мемлекеттік тапсырыс

2000/2001

181

440715

21970

2001/2002

182

514738

25265

2002/2003

173

590982

25465

2003/2004

180

655661

26465


 

2000 жылы қабылданған  «Білім» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында жоғарғы білім беру мамандықтарының жіктеуіші жетілдірілген. Оқу процесінің технологиялы болуын қамтамасыз еткен бастауыш курстардың біріздендірілген білім беру бағдарламалары мен қоса жоғарғы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары әзірленді. Жоғарғы білімге даярлық мамандықтары мен бағыттарының пәндері 7000 үлгі оқу бағдарламаларымен қамтамасыз етілді.

Педагок кадрларды  даярлау, кайта даярлау және біліктілігін арттыру.

 Педагог  мамандықтары бойынша базалық даярлықты оқитындар контингенті 167 мың адамнан астам және жылына 22 мыңнан астам мұғалім шығаратын 34 жоғарғы оқу орны 19 педагогикалық мамандық бойынша жүргізді. Педагогтерді даярлауға арналған мектепттік білім беру тапсырысы: 2001 жылғы 5655 грант пен кредиттен 2004 жылы 6075-ке дейін өсті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1.  Қазақстандағы жастар мәселесін әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қарастыру.

 

Жақында ғана еліміз алғашқы мүше жасын атап өтті. Бірнеше  жылдар бойы аңсаған егемендікке  қолымыз жетіп, бүгінгі ұрпаққа оның қиындығы мен қуанышын көру бұйырған. Сонымен қатар мемлекетіміздің жеке отау болып, іргетасын қалап, алаулаған жалауын көтеру мен бірге, сол туды құлатпай, бүкіл әлемге паш етіп, дамыған елдер алдында бас имей, ғасырлар бойы әрбір шаршы метр жерін шоқпарымен қорғаған ата-бабалар аруағына кір келтірмей, елімізді алға апарар ұрпақ өсіріп, тәрбиелеу міндеті қоса жүктеліп отыр.

Атам қазақ  «ел болам десең, бесігіңді түзе»  деген екен. Ендеше сол келешегіміз, егемендігіміздің болашақ қорғаны, халқымыздың көш бастар серкелі – жастарымыздың бүгінгі күніне бір үңіліп көрейікші. Бұл жағдай сұрасаң, мен оны айтсам, сен де жылайсың, мен де жылаймын дегендей. «Ауруын жасырған өледі» демекші, ащы да болса шындыққа бойлап, ой салып сараптап көрелік, біздің елде білім беру дәрежесі төмен десек те қателеспейміз. Оған бізде бірнеше себептер бар соның бірі қаржыландыру мәселесі. Әрине, қаражат мәселесін министірлік ұсынысымен Үкімет шешуі тиіс. Менің жеке ойым, сол министрлікте тиісті бағдарлама жасалынып есептеп, талдау жасап отырған мамандар жоқ сияқты. Себебі, қарапайым есеппен, Үкімет басшысына, Мәжіліске мәселе қойып шықса, сол жердегі жауапты басшылар мен депутатардың барлығының отбасы, балалары бар, ешқайсысы қарсы болмас деп ойлаймын.

 Сонымен  қатар, нарықтық жағдайда кез келген өндірістік, әлеуметтік қарым-қатынастардың шешуін табатын алуан алуан әдістер мен амалдар бар. Тек жауаптық қызметте отырған белсенділердің жауапкершілік пен шешім қабылдау батылдығы керек. Мысалы, заманның ауыр кезеңінде кейбір облыстар қысқарып жатқанда, қазіргі Алматы қаласының әкімі Иманғали Тасмағанбетов Атырау облысын екі-үш жыл ішінде, өткен Одақтың бірінші хатшылары мен өзіне деген әкімдерін халық ісін істемеген қыруар шаруаларын шешіп еліне деген махаббаттың нарықтық істер мен дәлелдеп жергілікті тұрғындар кеңесіне кенелді. Ал министр болғанда, айлап-жылдап, күндіз-түні отырып жазған қол жазбаларын баспаға бере алмай қаражатсыз қиналып жүрген жүздеген ақын, жазушыларға қолұшын беріп бүкіл қазақ еліне керекті, заманымыздың әдеби мұра болатын кітаптарын шығарып берді. Бұл не көрсетеді? Демек, елім-халқым деген басшылар болса тап біздің Қазақстанның байлығы, мүмкіндігі азынаулақ, 15 миллионнан сәл асқан халқына дамыған басқадай мемлекеттер сияқты толықтай жағдай жасап, еңбек етіп, білім алуына мүмкіндік туғызуға болады.

Өкінішке орай, кейбір шенеуніктер ел жағдайын өзінің отырған жайлы орнымен және бала шағасының қарыны тоқтығымен өлшейтін сияқты. Осыдан  келіп, Президент  айтқандай, тегіс жерден күрделі  мәселе тудырып, қарапайым халықтың жанын қинап, басын ауыртар адам естімеген, естісе сенбейтін жағдайлар туады.

Бұл мәселенің  шешуін басқа деңгейде, жергілікті жағдайда қарастырып көрелік. Алматы қаласына жан-жақтан тіпті басқа мемлекеттерден келіп еңбек етіп отбасыларын  асырап, жағдайларын жөңдеп жүрген адамдар көп,  ол баршаға аян. Ауылдан келген студенттер де Сейфуллин, Рысқұлов даңғылдарына шығып біреудің ауласын тазалап , үйін жөндеп, үй-мүлкін көшіріп немесе күзетшілік, даяшылық, тағы сол сияқты жұмыстарды өз беттерімен тауып, күнделікті тамағына, азын-аулақ киім-кешегіне қаражат тауып, жоғарғы оқу орындағы оқуларын жалғастырып келеді. Олай болса, қалада жұмыс күшіне сұраныс жеткілікті, яғни, оны сол жоғарғы оқу орнының әкімшілігі жергілікті мемлекеттік атқару органдары мен бірлесе отырып сол жастардың көмегімен белгілі бір жүйеге келтіріп, ретке салуға болатын сияқты. Ондай жүйеде салған, біріншіден, студентердің жұмыс іздеуге кетер уақытын үнемдеп, екінші жағынан олардың еңбегін алдамай, ақысының дұрыс төленуіне бақылау жасау үшін керек. Нарықта осы жобаны іске асыру үшін төмендегідей жүйенің жобасын қарастыруға болады.

Қалалық әкімшілік  жанындағы Орта және шағын кәсіпкершілікті қолдайтын департамент жанында қала бойынша күндіз-түні істейтін диспетчерлік орын құрылып, ол қала ішіндегі уақытша және тұрақты тапсырыстар қабылдап, олармен істелетін жұмыс көлемін уақытын, оның керекті құрал-саймандарымен жабдықталуын, материалдармен қамтамасыз етілуін және төлейтін еңбекақысымен келісіп, жоғарғы оқу орындарында құрылған өздерінің филиалдары арқылы, студенттерден құрылған еңбек күштері мен атқарып отырса болар еді.

Бұл жобаны, тапсырыс берушілер үшін де артықшылығы бар. Өйткені, баршаға аян өз отбасының  хал-жағдайын, мүмкіндігін сырт адамдардың білмегенін қалайсың, себебі көптеген үй тонау, отбасына шапқыншылық жасау мүмкіндігі көп мезгілде өзінің бұрын білмейтін, сырттан келген адамдарды жұмысқа алу өте қауіпті. Ал әлгіндей жүйе болса, кез келген қала тұрғыны өз үйінде отырып орталық диспетчерге телефон соғып, тапсырыс берер еді.

Тағы бір  артықшылығы, бүкіл дүниеде үрей туғызып отырған бізден бетін аулақ қылсын, әр түрлі бағыттардағы ұйымдар мүшелерінің қарапайым жұмысшы ретінде қалаға еніп, лаң салу мүмкіндігін азайтады. Осы тұрғыда сол жоғарғы оқу орындарында да өздерінің студенттеріне жағдай жасауына бірнеше мүмкіндіктер бар.

Информация о работе ҚР-дағы білім беру жүйесі