Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағында оқушылардың көрнекілік арқылы қызығушылығын ояту және құзыреттіліктерін дамыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2015 в 15:23, курсовая работа

Краткое описание

ОЗерттеу жұмысының өзектілігі:Қазіргі таңда Отанымыз күрделі тарихи бетбұрыстар мен қоғамдық жаңартулар тұсында дамып келеді. Осы кезеңде елімізде жүріп жатқан ауқымды өзгерістердің мәнін білім беру жүйесін, мектептердегі жас ұрпақты тәрбиелеп, оқыту мәселесінің жаңа қарқынмен дамуға бет алуынан байқауға болады.

Содержание

Кіріспе
І Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағын оқытудың әдістемесі
Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағын оқытудың маңызы
Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағын оқытудың мақсаты мен міндеттері
ІІ Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағында оқушылардың көрнекілік арқылы қызығушылығын ояту және құзыреттіліктерін дамыту
2.1 Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағында оқушылардың қызығушылығын көрнекілік арқылы ояту
2.2 Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағында оқушылардың құзыреттіліктерін дамыту
ІІІ Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағында оқушылардың көрнекілік арқылы қызығушылығын ояту және құзыреттіліктерін дамыту тақрыбын оқу процесінде қолдану

Прикрепленные файлы: 1 файл

Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағында оқушылардың көрнекілік арқылы қызығушыл%D.docx

— 63.97 Кб (Скачать документ)

Бейнелеу өнері адамның дамуын өте бай мүмкіндік туғызады. Бұл істе әсіресе сурет салудың орны ерекше. Сурет салу заттардың формасын талдауға және оны ұқыпты бақылауға үйретеді, дүннені тануға жәрдемдеседі, ойлауға  және эстетикалық дамуға көмектеседі. Сурет өнері көру есін, кеңістікті ойлауды дамытып, образды елестету қабілетін арттырады. Ол нақты есептеуге, табиғат әсемдігін тануға үйретеді, ойлау мен сезу икемділігін арттырады.

Бейнелеу өнерінің сабақтары өздерінің оқу-тәрбие жұмыстары бойынша да, түрлеріне байланысты да әр түрлі болып келеді. Мектеп бағдарламасында оқу сабақтарының төрт түрі қарастырылады, Олар: нұсқаға қарап сурет салу, сәндік сурет салу, тақырыптық сурет салу, өнер туралы әңгіме. Нұсқадан қарап сурет салу сурет және кескіндеме жұмыстарымен айналысуды көздейді, сәндік сурет салу – ою-өрнектерді көркем конструкциялау, ою-өрнек элементтерін құрастыру және т.б. жұмыстарын қарастырады.

2.Бейнелеу өнерін оқыту  мақсаттарының бірі көркемдік  білім мен қатар  эстетикалық тәрбие беру. Эстетикалық тәрбие-өмірдегі, табиғаттағы, өнердегі, ғылымдағы және қоғамдағы әсемдікті оқушылардың қабылдауын тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие – бұл адамды тек қана өнерге тарту емес, өмірдегі әсемдіктің барлық түрлері мен формаларына тарту болып табылады. Эстетикалық тәрбиенің мәні, әрбір адамның қызықты әдемі өмір сүруі, әсемдік қандай түрде кездесетіндігін түсініп, көре білуге үйренуі.

Эстетикалық тәрбие үдерісінде адамның эстетикалық көзқарасы, сезімі, талғамы және идеалы қалыптасады. Эстетиісалық тәрбие адамды игілікті істерге, әсемдікке, адамгершілік істерге бастайды. Орта мектептің міндеті-эстетикалық тәрбиенің әртүрлі әдістерімен эстетикалық эмоциясын тудыра отырып әсемдікке тарта отырып, шығармашылық мүмкіндік тудыра отырып, оқушылардың әсемдік талғамын тәрбиелеу болып табылады.

Балалардың әсемдікке деген талғамдарын ояту үшін бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі балалардың назарын өмірдегі сұлулыққа аударып,  оларды байқауға, сезуге, қабылдауға,  сүйене білуге, қуана білуге үйретуі тиіс. Әсемдік талғам   адамның   туғанан   пайда болатын қасиеті емес, ол дамиды. Оны мектепте дамытатын бейнелеу өнерінің мұғалімі.

Мұғалім балаларға табиғаттағы түстердің реңдерінің формалардың сан алуандығын көрсетеді. Нұсқасына қарап отырып табиғатты, ағаш жапырақтарын, гүлдерді салу барысында, зат формасын оқып үйрену кезінде балалар табиғатқа, олардағы  бояулар мен формалардың алуан түрлігіне онан сайын қызыға түседі. Мектептегі сурет салу адамға өмірді жан-жақты көре білуге үйретеді. Сондықтан өмір шындығын көре білу де өз алдына бір өнер.

3.Сурет салумен айналысудың ең басты міндеті — балаларға қоршаған өмір шындығын тануға көмектесу, олардың байқағыштығын дамыту, оларды дүрыс көре білуге үйрету.

Сурет сабағында балалар қоршаған заттарды, олардың алуан түрлі формаларымен, түстерімен, өлшемдерімен және басқа да ерекшеліктерімен, танысуға тиіс. Бұл таныстық зат туралы елестетулерінің нақты және толық болуына ықпал етіп, көру әсерін кеңейте түседі. Бейнелеу процесі оқушыға бұрын бірақ рет шала көрген затты терең зерттеуге мүмкіндік туғызады. Сурет  салу кезінде оқушы заттың формасын, құрылымын, пропорцияларын, түстер мен реңдік қатынастарын кеңістікте орналасуын зерттейді, сол арқылы оларды ұтымды да жан-жақты, терең де нақты қабылдауға үйренеді.

Мектептегі сурет салу балаларға өмірді кең көлемде және жан жақты көре білуге жаттықтырады. Сурет салуға оқыту өзара байлынсты екі міндетті шешуге ықпал етеді. Олар: оқушылардың көру арқылы қабылдауын дамыту және олардың көргендерін ой елегінен өткізу дағдыларын қалыптастыру.

Сонымен бастауыш сыныптарда бейнелеу өнерін оқыту көптеген оқу-тәрбие міндеттерінің жүзеге асыру процесі, оқушылардың қоршаған орта туралы елестетулерін жинақтап, тереңдетуге, дамытуға мүмкіндік тудырады, түптеп келгенде ғылыми дүниетанымының қалыптасуына ықпал етеді.

4. Мектептегі бейнелеу  өнерін оқытудың бір мақсаты- сурет сала білу адамға кең  көлемдегі іс-әрекет мүмкіндігін беретіндігін оқушыға ұғындыру. Сурет  салу  кез  келген  іс-әрекетке,  кез  келген мамандыққа қажет. Сурет салудың қарапайым бағдарын меңгеру адамға машина деталдарының суретін салуға, үй құрылысының жоспарын жасауға, қарапайым заттардың формасын салуға жәрдемдеседі. Кейде біз біреуге таныс емес, бір жерге қалай бару керектігін түсіндіру үшін жолдың бағыттарын суретке салып көрсетеміз.

Сурет салу сондай-ақ агрономға, шоферға, станоктағы жұмысшыға, хирургке де күрделі істер атқаруға жәрдемдескен. Бұлармен қатар сурет салудың жобасы архитекторларға, конструкторларға қажеттігі көпшілікке мәлім. Бұл жас ұрпақты өмірге дайындаудағы суреттің практикалық мәнін көрсетеді.

5. Бейнелеу өнерін орта  мектепте оқытудағы басты тағы  бір міндеті -оқушыларға реалистік  суреттің қарапайым негіздерін, сурет салудың ептіліктері мен дағдыларын меңгеру болып табылады. Мұғалім балаға қарандашты қолға қалай ұстау керек екендігін, сызықты қалай жүргізу қажеттігін, қағаз бетіне заттардың көлемін қалай бейнелеу керектігін көрнекті түрде салып көрсетеді. Сонымен қатар ол сурет салуға қажетті әр түрлі материалдармен, құралдармен таныстырып, суретті қандай әдістемелік бірізділікпен орындау қажеттігі жайлы айтып түсіндіреді.

6. Мектептегі бейнелеу өнері сабақтарының міндеттерінің бірі –балаларға   жұмысты   ұйымдастыру,   жұмыс   жүргізу   тәртібінойластыру, ойлау, саналы да жоспарлы жұмыс істеуге үйрету болып табылады. Сурет салу мақсатқа бағытталған жұмыс. Сурет сала отырып оқушы белгілі бір мақсатқа жетуге ұмтылады. Бірақ оның алдында көптеген кедергілер кездеседі. Олар кейде «Менің қолымнан келмейді»деп ойлайды. Бірақ ол бар қабілет мүмкіндіктерін жұмылдыру нәтижесінде белгілі үлгілерімге жететіндігін түсіне бермейді.

Оқушының жұмыс үрдісіне ұмтылысын дамыта отырып мектеп қабырғасында біз балаларды ертеңгі өмірге қажетті сапаларды тәрбиелеу іс -шараларын жүзеге асыруымыз қажет.

Мектептегі бейнелеу өнері зат формасы туралы анық та, нақты түсініктерінің жинақталуына жәрдемдесе отырып, айқын да нақты ойлауға ықпал етеді, сонымен қатар шығармашылық пен жаңадан ойлап табу қабілетін дамытуға көмектеседі.

Бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың образды ойлауын дамыту оқыту міндетнің бірі. Бұл көру арқылы қабылдауды дамыту, байқауға үйрету, көру есінің, образдық қиялынның дамуымен байланысты.

Бейнелеу өнері сабағында мұғалім оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатын қою арқылы, ол балалармен дұрыс жүмыс әдісін тандап алуы тиіс. Көптеген мүғалімдер өздерін қинамай-ақ өз оқушыларының шығармашылық қабілеттерін бетімен жібереді, сонан келіп әрбір оқушы өзінің шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатындағы тапсырманы өз бетінше орындауға талпынады.

Сондықтан    мектеп    оқушының    шығармашылық жұмыстарын басшылық жасауға болатын, бағыттауға болатын іс-әрекет деп тану қажет.Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту барысында мүғалім балардың қиялын дамытуға көңіл бөлуі тиіс. Адам қиялы адамның көңіл күйімен байланысты, сонымен қатар өнердің өзі көңіл күйге әсер етеді.

7. Бейнелеу өнерін оқытудың  маңызды міндеттерінің бірі -оқушыларды  өнердің даңықты шығармаларымен  таныстыру. Мұғалім өнер туралы әңгіме кезінде графика, кескіндеме, мүсін, сәулет, сәндік қолданбалы өнердің түрлері туралы әңгіме қозғайды. Өнер туралы әңгіме оқушыларды адамзат мәдениетінің даму тарихымен, өнердің даңықты шығармалармен, ұлы суретшілердің өмірі мен шығармашылығымен, белгілі кезеңнің стилімен, бұрынғы және қазіргі даңықты өнер адамдарымен таныстырады.

Мұғалім міндеті өнердің мәнін қарапайым, түсінікті, лайықты формада бала санасына дейін жеткізу болып табылады. Ол үшін бейнелеу өнерінің түрлерінің ерекшеліктерін атап көрсетіп, олардың жанрларына түсінік беру қажет. Өнер шығармасының көркемдік ерекшеліктерін талдап, оқушылардың қөзқарасы мен ойлау қабілеттерін қалыптастыру аса маңызды міндет болып табылады. Әңгіме кезінде мүғалім оқушыға өнер шығармасының көркемдік ерекшеліктері мен онан алған әсері туралы ойларын айтуға мүмкіндік туғызады. Шығармаға оң баға берген оқушыны мадақтап, ал егер ол суретші шығармасындағы басты және бағалыларын түсінбеген жағдайда лайықты түзету жасап, түсініктемелер береді.

Бейнелеу    өнерімен    таныстыру    өмірдегі    және    өнердегі әсемдікті түсінуге, отан мен табиғатты сүюге бағытталады.Әңгіме барысында мұғалім балалардың назарын өмір шындығының көркемдік бейнеленуі мен орындау техникасына талдау жасау арқылы өнер шығармасын тани білуге үйретеді.

Атап өтілген оқу–тәрбие міндеттерін жүзеге асыру үшін мүғалімге өнерді таныстырудағы белгілі жүйені ұстанып, оқушылармен жұмыс жүргізудің әртүрлі әдістерін қолдану қажет.

Мұғалім оқушыларға өнерді таныстыруда үлгерімге жеткізу үшін оқушылардың меңгеретін білімі мен дағдыларының көлемін біліп оқушылармен қандай жұмыс әдістерін таңдап алу керектігін білуге тиіс. Бұл міндеттер бейнелеу өнерін оқытудың бағдарламасында қарастырылған. Бірақ оқу бағдарламысы мұғалім қызметінің ерекшеліктерін көрсетпейді. Ең бастысы бағдарлама туралы білім формалды емес, ойластырылған, теориялық білімдерге сүйенген білім болуы тиіс.

Мектеп бағдарламасын талдау сурет сабақтарының мазмұнына кіретін нақты мәселелерді ашып көрсетуді қажет етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағында оқушылардың көрнекілік арқылы қызығушылығын ояту және құзыреттіліктерін дамыту

 

2.1 Бастауыш сыныптарда  бейнелеу өнері сабағында оқушылардың  қызығушылығын көрнекілік арқылы  ояту 

 

Бастауыш мектеп балаларды жан-жақты дамытудың негізін қалауға: шапшаң түсініп,мәнерлеп оқудың, сауатты жазудың, жақсы сөйлеудің, мәдениетті мінез-құлықтың берік дағдыларының қалыптастырылуын қамтамасыз етуге тиіс. 

Оқушылардың білім негізі бастауыш сыныптарда қалыптасатыны барша жұртқа аян. Сол үшін бастауыш сыныптағы оқу-тәрбие жұмысына баса назар аударуымыз керек. Оқу процесін жетілдіріп, сабақ сапасын арттырудың әдіс-тәсілдері өте көп. Сабақ сапасын арттырудың тағы бір шарты – сабақта көрнекілік пайдалану. 

Көрнекілік оқушының бірнеше таным қабілеттерін (елестету, еске сақтау, қисынды ойлау) дамытады.Баланың байқампаздығын дамыту жас кезінде, әсіресе адам қоршаған өмір шындығын жаңадан тани бастағанда маңызды. Ғылымдар қоршаған ортаны танудағы көру арқылы қабылдау басты орын алатындығын көрсеткен. Себебі олар 90% қабылданатын мәліметтердің көру арқылы алынатындығын дәлелдеген. Бұл адамға көрудің маңызды екендігін білдіреді. Сондықтан көруді дамытуды мектеп жасынан, жас шақтан бастап қолға алу қажет.

Ғалымдар бақылауды әлі де дұрыс көре білу, көргенін түсіне білу емес екендігін көрсеткен. Ересек адамдардың өзі заттың форма құрылысындағы ерекшеліктерді, оның ұсақ бөлшектерін, форма сипатын көбінесе аңғара бермейді. Мұғалімнің міндеті балаларды осы қиындықтан шығару.

Бейнелеу өнері сабақтарының міндеті нақтылы зейінге, ойлауға және зат формасына нақты талдау жасауға, үйрету. Сан түрлі әсерлерден байқағандардан дұрыс қорытынды жасап. оларды жалпы сипатқа біріктіру окушылардың ойлауын дамытып,   оларды  жаңа  білімге ұмтылдырады. Саналы   көру зейініні ретке келтіру, басқа зейін түрлерінің дамуына ыпқал етеді.

Осы орайда оқытудың көрнекілік әдісінсіз толық мәнді сабақ өткізіп,  берік білім беру қиын. Сондықтан оқушыларға білімді сапалы меңгертуде көрнекілік әдісін пайдаланудың маңызы зор.

Көрнекілік әдісі – мұғалім сабақта тақырыпқа байланысты көрнекіліктерді  (табиғи,жасанды,  техникалық,  дыбыстық  және  көрнекі құралдар)  пайдаланып  түсіндіреді.

Әл-Фараби "Оқытудың негізгі әдісі - көрнекілік" деп, оның мақсаттарын, тәсілдерін (түсіндіру, әсерлендіру, есте қалдыру) ұсынады. Оқу материалын меңгеру көп жағдайда оқыту процесінде қолданылатын көрнекі құралдарға және техникалық құралдарға байланысты.

Көрнекілік әдісі оқытудың сөздік және тәжірибелік әдістерімен өзара байланыста қолданылады және құбылыстармен, объектілермен оқушыларды таныстырғанда олардың сезім мүшелеріне әсер етіп, алуан түрлі сурет, көшірме, сызба арқылы құбылыс, процесс, объектілердің символдық бейнелерін немесе оларды табиғи күйінде қабылдайды. Қазіргі мектепте осы мақсатпен экрандық және техникалық құралдар кең қолданылады. Көрнекілік әдістерін шартты түрде екі үлкен топқа бөлуге болады: иллюстрация және демонстрация.

Иллюстрация әдісі арқылы оқушыларға иллюстрациялық құралдар – атап айтсақ: плакат, кесте, картина, карта, тақтадағы суреттер, үлгілер көрсетіледі.

Демонстрация әдісі арқылы заттар мен құбылыстар тәжірибе жасау арқылы немесе техникалық құралдардан, кино-фильмдерден, диафильмдерден көрсетіледі.

Оқу процесіне жаңа техникалық құралдарды енгізу (теледидар, видеомагнитофондар) оқытудың көрнекілік әдісінің мүмкіндіктерін кеңейтеді. Қазіргі уақытта көрнекі құралдың жаңа түрі – жеке тұлғалар қолданатын компьютерлерге ерекше көңіл бөлініп, мектептерде электронды-есептегіш техникасы кабинеттерін құру міндеті шешілуде, оқу процесіне белгілі бір жағдаяттарды және процестерді үлгілеуге мүмкіндік беретін компьютерлерді енгізу міндеті де қолға алынуда. Олар оқушыларға бұрын оқулық мәтінінен меңгерілген көптеген процестерді қозғалыста, көрнекі түрде көруге мүмкіндік береді. Компьютерлер, көрнекілік әдістерінің оқыту процесіндегі мүмкіндіктерін елеулі түрде кеңейтеді.

Информация о работе Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағында оқушылардың көрнекілік арқылы қызығушылығын ояту және құзыреттіліктерін дамыту