Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағында оқушылардың көрнекілік арқылы қызығушылығын ояту және құзыреттіліктерін дамыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2015 в 15:23, курсовая работа

Краткое описание

ОЗерттеу жұмысының өзектілігі:Қазіргі таңда Отанымыз күрделі тарихи бетбұрыстар мен қоғамдық жаңартулар тұсында дамып келеді. Осы кезеңде елімізде жүріп жатқан ауқымды өзгерістердің мәнін білім беру жүйесін, мектептердегі жас ұрпақты тәрбиелеп, оқыту мәселесінің жаңа қарқынмен дамуға бет алуынан байқауға болады.

Содержание

Кіріспе
І Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағын оқытудың әдістемесі
Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағын оқытудың маңызы
Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағын оқытудың мақсаты мен міндеттері
ІІ Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағында оқушылардың көрнекілік арқылы қызығушылығын ояту және құзыреттіліктерін дамыту
2.1 Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағында оқушылардың қызығушылығын көрнекілік арқылы ояту
2.2 Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағында оқушылардың құзыреттіліктерін дамыту
ІІІ Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағында оқушылардың көрнекілік арқылы қызығушылығын ояту және құзыреттіліктерін дамыту тақрыбын оқу процесінде қолдану

Прикрепленные файлы: 1 файл

Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағында оқушылардың көрнекілік арқылы қызығушыл%D.docx

— 63.97 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

Кіріспе

І Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағын оқытудың әдістемесі

    1. Бастауыш сыныптарда  бейнелеу өнері сабағын оқытудың маңызы
    2. Бастауыш сыныптарда  бейнелеу өнері сабағын оқытудың мақсаты мен міндеттері

ІІ Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағында оқушылардың көрнекілік арқылы қызығушылығын ояту және құзыреттіліктерін дамыту

2.1 Бастауыш сыныптарда  бейнелеу өнері сабағында оқушылардың  қызығушылығын көрнекілік арқылы  ояту 

2.2 Бастауыш сыныптарда  бейнелеу өнері сабағында оқушылардың  құзыреттіліктерін дамыту

ІІІ Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағында оқушылардың көрнекілік арқылы қызығушылығын ояту және құзыреттіліктерін дамыту тақрыбын оқу процесінде қолдану

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Зерттеу жұмысының өзектілігі:Қазіргі таңда Отанымыз күрделі тарихи бетбұрыстар мен қоғамдық жаңартулар тұсында дамып келеді. Осы кезеңде елімізде жүріп жатқан ауқымды өзгерістердің мәнін білім беру жүйесін, мектептердегі жас ұрпақты тәрбиелеп, оқыту мәселесінің жаңа қарқынмен дамуға бет алуынан байқауға болады.

Кемелделген тұлға тәрбиелеу ісі ең алдымен оған қажетті алғы шарттар мен жан-жақты тәрбиелеу құралдарына тікелей байланысты. Осындай парасаттылыққа, ізгілікке және әсем талғамға тәрбиелеу құралдарының бірі — өнер болып табылады. Соның ішіндегі бейнелеу өнерінің жас ұрпақтың қалыптасуына, тәрбиесі мен білімін жетілдіруде әсері ұшан-теңіз. Атап айтсақ, оқушының өзін қоршаған ортаны танып-білуіне ұшқыр қиялы мен нәзік сезімдерінің дамуына, ғибрат пен саналылыққа, биік адамгершілік сезімдерге, яғни рухани жағынан дамып, жан-жақты жетілуіне ықпал ете алады.

Оқушыларға білім мен тәрбие беруде бейнелеу өнерінің оқуға қызығушылықтарын арттыруға тигізер әсері күшті. Олардағы оқуға қызығушылықтың негізінде қалыптасатын оқу іс-әрекетінің өнімдері білімдерде, іс-әрекетте, рухани өмірде, қоғамдық қатынастарда бейнеленеді. Сөйтіп, бұл оқу іс-әрекетінде тұлғаның барлық қажетті сапаларын қалыптастыруға көмектеседі.

Оқу сапасын, оқушылардың танымдық-шығармашылық белсенділігін, логикалық және абстрактылы ойлауын дамыту мақсаттарында сабақта көрнекі әдістерді пайдалану оның уақыт талабына сай түрлерінің жаңаруымен баса назар аудартады.Осы орайда бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағында көрнекілік арқылы оқушылардың қызығушылықтарын ояту мен құзыреттіліктерін дамытудың маңызы жоғары болып саналады.

Сондықтан тақырыптың өзектілігі, қажеттілігі жұмыстың зерттеу мақсаты мен міндеттерін айқындайды.

Зерттеу жұмысының мақсаты:Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағында оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында көрнекілік түрлерін қолдану арқылы құзыреттіліктерін дамыту жолдарын қарастыру.

Зерттеужұмысыныңміндеттері:

  • Бастауыш сыныптарда  бейнелеу өнері сабағын оқытудың маңызыдылығына талдау жасау;
  • Бастауыш сыныптарда  бейнелеу өнері сабағын оқытудың мақсаты мен міндеттерін айқындау;
  • Бастауыш сынып оқушыларының бейнелеу өнері сабағында көрнекіліктер арқылы қызығушылығын оятуды ғылыми-әдістемелік, педагогикалық әдебиеттерді талдау негізінде мазмұнын, мәнін ашу;
  • Оқушының өмірге, қоғамға көзқарасының қалыптасуының негізі – оның құзыреттілігін дамытуды жүзеге асыру жолдарын анықтау.

Зерттеужұмысыныңобъектісі: бейнелеу өнері пәнін оқыту барысында көрнекілікті қолдану.

Зерттеу әдістері:Зерттеу тақырыбы бойынша жазылған ой-пікірлерге, педагогикалық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге, оқулықтарға теориялық талдау жасау әдісі; олардағы зерттеу мәселесіне қатысты негізгі ұғымдар, көрнекілік, құзыреттілік ұғымының мәні, мазмұны, түрлері, оқыту әдістері мен талаптары контент-анализ (материалдардың мазмұнын талдау) әдісін қолдану арқылы анықталды; 

Зерттеужұмысының құрылымы: кіріспеден, үш бөлім, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағын оқытудың әдістемесі

 

    1.  Бастауыш сыныптарда  бейнелеу өнері сабағын оқытудың маңызы

 

Бейнелеу өнері – бұл адам баласының заманнан заманға рухани, эстетикалық байлығы ретінде ұласып келе жатқан өнер саласы, ал сурет – бұл шежіре, ондаған ғасырлар бойы бүкіл адам тарихтарын, тіршілік тарихын шашауын шығармай, жоғалтпай жеткізген бірден-бір куәгер. Бейнелеу өнерімен айналыса отырып, адам тек суретшінің практикалық дағдыларын ғана меңгеріп, шығармашылық ойларын жүзеге асырып қана қоймайды, сонымен бірге өзін талғампаздыққа тәрбиелейді.

Бастауыш сыныптарда  бейнелеу өнері сабағыкезеңінде оқушылардың бейнелеу әрекеті баланы көңілсіз жағдайдан шығарып, жүйкеге түскен салмақты азайтып, эмоционалдық көңіл-күй, оқуға қызығушылық туғызады.

Оқушыларға білім мен тәрбие беруде бейнелеу өнерінің өзіндік орны бар екендігі белгілі. Бейнелеу өнерінің жалпы білім беру пәні ретіндегі пайдасын педагог Я.А.Коменский белгілеп беріп, өнерді үш талап негізінде, яғни, өнерді дұрыс пайдалану, өнерді сапалы бағытта оқыту, жиі жаттығулар жасау арқылы үйренуді анықтаған.

Мектепте бейнелеу өнерін оқытудағы эстетикалық тәрбиенің мазмұнын айқындаған педагог Б.Неменский өз еңбектерінде неміс ақыны Иоганн Вольфганг Гетенің сурет салуға өте үлкен мән беріп, оның балаларды өте қызықтыратындығын, дүниені кең әрі терең тануға көмектесетіндігін жазғандығын мысал ретінде келтіреді. Ол И.В.Гетенің: «Сурет салу мен өнерді оқып білу кедергі жасаудың орнына ақындық шығармашылыққа көмектеседі. Жазуды азайтып, сурет салуды көбейту керек» деген сөздерін тілге тиек етеді.

Осындай  тұжырымдардың, идеялардың көп болғанына қарамастан бейнелеу өнерінің, сурет салудың мектептерде пән ретінде жүргізілуіне ХІХ ғасырда ғана қол жеткізілді. Оның жүзеге асырылуына көрнекті педагог И.Г.Пестолоццидің зор ықпалы болды, сондықтан И.Г.Пестолоцци сурет салуды мектептердің оқу бағдарламаларына пән ретінде енгізген педагог- ғалым деп саналады. Ол дүниені, қоршаған табиғатты дұрыс тану арқылы дұрыс  ойлау  мүмкіндігі  сурет  салумен  туатындығын   көрсетті.  Ол  өнердіталқылай отырып, игеру үшін арнайы жаттығулар, яғни көзді барлық заттар мен құбылыстарға салыстыра, талдай, топтастыра отырып қарауға үйрететін жаттығуларды ұсынды. Көрнекті ғалым жазудан бұрын сурет салуды үйренудің пайдалы әрі қызықты екендігін, яғни қызықты іс-әрекет ретінде сурет салу жазудың жеңіл үйретілуіне себепші болатындығын тәжірибе жүзінде дәлелдеген. Сөйтіп, сурет негіздеріне барлық баланы үйретуге болатындығын, сондықтан оның жалпы білім берушілік мәнін ескере отырып, басқа  пәндермен қатар мектептегі өз орнын алуын қолдады.

Өнерге жаны құштар, өз ісінің білгірі, терең ойлы бала жүрегін ұға алатын педагог өз кезегінде бала тәрбиесінде өнердің маңызын  жете  түсініп, өз мамандығын шығармашылық еңбекпен ұштастырары сөзсіз. Түрлі өнер саласы бойынша хабардар болып, жалпы көркемдік бағыттағы тәрбие туралы мәліметтер жинақтауы педагог беделін арттыра түседі. Әсіресе, бейнелеу өнері материалдарын пайдаланудың маңыздылығы да, көлемі де үлкен болып табылады. Бұл мәселелерге қатысты зерттеулер, оларды талдау мәселелері Б.М.Неменский, Л.С.Выготский, Б.Юсов, Т.Я.Шпикалова, М.Н.Ростовцев, С.Герасимов, Қ.Ералин, А.Қамақ, Қ.Болатбаев, Ж.Балкенов, Қ.Жеделов, т.б. еңбектерінде орын алған.

Бастауыш сыныптардағы бейнелеу өнері пәнінің оқу материалдарын игеру оқушыларға зор талап қоятыны белгілі. Өйткені, шындықтағы құбылыстардың сыр-сипатын, мән-жайын ұғыну — өте күрделі танымдық әрекет. Мұның өзі бірнеше кезеңдерден тұратыны қазіргі ғылымға белгілі. Мәселен, сабақта материалды ұғынып, түсінудің алғашқы таныстыру кезеңінде оқушы нені, қалай оқу керектігі жайлы жалпы мағлұмат алады. Бұдан кейінгі кезеңде, ол мұны тәжірибеде байқап көреді. Үшінші кезеңде түсінгенін, ұғынғанын сөзбен тұжырымдайды. Төртінші кезеңде олар ойына ұстап тұрады да, бесінші кезеңде оқушыда зат пен құбылыс туралы белгілі ұғым қалыптасатын болады. Ақыл-ой амалдарын меңгеру арқылы оқушы шындықтағы заттардың байланыс-қатынастарын меңгереді, бір затты екіншісімен салыстырып, олардың айырмашылық, ұқсастықтарын айыра білуге, соларды дәлелдей алуға  үйренеді. Ұғыну, түсіну дегеніміздің өзі де — нәрседе себеппен қатар нәтиже болатындығына оқушының көзінің жетуі.

Мектепте бейнелеу өнері пәнін оқытуда да осындай күрделі кезеңдердің барлығын тұтас ұстап тұратын өте маңызды және ауқымды күш – оқушылардың оқуға деген қызығушылықтары мен ынта-ықыластары болып табылады.

Мұғалім оқушы ойлауындағы талдау тәсілінің қалыптасуына жеткіліксіз көңіл бөлетін болса, ондайда оқушы материалдың бір-бірімен байланысының жеке жақтарын ғана меңгереді, әр ұғымның мәнін, өзіндік ерекшелігін жете түсінбей қалады. Сондай-ақ мұғалім сабақ беруде жинақтау тәсілін ойдағыдай пайдалана алмаса, онда берілетін мағлұмат бұрынғы материалмен дұрыс байланыспай қалады, бұл берілген мағлұматтың практикалық мәнінің төмендеуіне әкеліп  соғады.  

Оқушыда  белсенді  ойлау  процесін  дамытудың орнына олардың есте сақтау, жаттау қабілетін өсіруге ерекше мән беріліп кетеді. Әрине, оқушының есте сақтау қабілетін дамыту қажет. Бірақ оқушыны оқуға қызықтыра отырып ойландырып, әр нәрсені бір-бірімен салыстырғызып, талдатып-жинақтатып, дәлелдеткізіп үйретсе ғана олардың танымы мен білімі мазмұнды болады.

Сонымен, бастауыш сыныптардағы бейнелеу өнерін оқытуда оқушылардың көрнекілік арқылы қызығушылықтарын ояту олардың тәрбиесін, бүкіл білім ауқымын, дүниетанымдық түсініктерін арттыруға септігін тигізіп, олардың оқуға қызығушылықтарын арттырып, оқу іс-әрекеттерін жемісті болуына әсер етуші бірден-бір фактор болып табылады. Бастауыш сыныптардағы бейнелеу өнері сабағы оқушылардың жалпы оқуға деген қызығушылықтарын арттыруға өзіндік ықпал жасайтын ыңғайлы әрі өзіндік сипаты мен ерекшеліктері бар пән ретінде қарастыруымыз қажет. Осындай күрделі мәселенің бас-қасында әрине мұғалім тұрады. Мұғалім оқушылардың оқуға ынта-ықыласын, қызығушылығын тәрбиелеу арқылы олардың қабілеттерінің дамуына жол ашады. Ол алғашқы күннен бастап оқушының ынта-ықыласы мен бейімділігін, оның қолынан не істеу келетіндігін, оқу мен еңбекке ұқыптылығы қандай екендігін есепке алып, оқу үдерісін осы негізге орайластыра жүргізгені дұрыс. Себебі, мұғалім оқушы тәрбиесінің жан-жақты өсуіне және білімінің сапалы болып қалыптасуына ықпал етуші бірден-бір тұлға.

 

1.2 Бастауыш сыныптарда  бейнелеу өнері сабағын оқытудың мақсаты мен міндеттері

 

Егеменді Қазақстанның қазіргі даму бағыты жалпы білім беретін мектепте жас ұрпақты нарықтық заман талаптары мен мәдениеттің даму деңгейіне сай дайындауды қажет етеді. Жалпы білім беретін орта мектептерде барлық оқу пәндерін оқыту, жеке пәндердің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, еліміздің болашақ азаматтарын дайындау мен тәрбиелеу мақсатын қояды. Сондықтан бейнелеу өнері сабақтары, жас ұрпақтарды іс-әрекетке және іс-әрекет технологиясын түсінуге бағытталуы тиіс.

Еліміздің   перспективалық   бағыттарына   сәйкес   бастауыш сыныптардағы бейнелеу өнерінің оқу курсы өзінің мақсатын мынандай құрылымда айқындайды:

1. Еліміздің мемлекеттік, қоғамдық және шаруашылық өміріне  белсене араласуына қабілетті, білімді, тәрбиелі азаматтарын дайындау;

2. Балалардың дүниетанымын қалыптастыра отырып, олардың эстетикалық көзқарасына дұрыс бағыт олардың эстетикалық талғамын дамыту, эстетикалық тәрбие беру.

3. Балаларға қоршаған  ортаны тануға жәрдемдесіп, олардың  байқампаздығын      дамыту, логикалық ойлауға үйрету, көргендерін саналы ой елегінен өткізе білуге үйрету.

4. Бейнелеу өнерінің адам  өміріндегі практикалық мәнін  ашып көрсету, сурет өнерін еңбек  қызметінде қолдана білуге үйрету.

5. Сурет өнерінің элементарлық  негізі туралы оқушыларға білім беру, (бейнелеу өнерінің алғашқы дағдылары мен ептіліктерін меңгерту) бейнелеудің негізгібейнелеу тәсілдерімен таныстыру.

6. Оқушылардың шығармашылық қышеттерін дамыту, өмір шындығын эстетикалық қабылдауға дұрыс бағдар беру, кеңістікті ойлауын, образдық елестетуін және қиялын дамыту.

7. Мектеп оқушыларын әлемдік  және қазақ бейнелеу өнерінің даңықты шығармаларымен таныстыру. Бейнелеу қызметіне деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын қалыптастыру.

Осы айтылған мақсат міндеттерді тереңірек таныстыратын болсақ олар мынандай бағыт бағдарларды қамтиды.

1.Бейнелеу өнерін орта  мектепте оқыту ең бірінші  жалпы білім, берушілік мақсаты  көздейді. Негізгі міндет адамның ой өрісін кеңейту, қоғамның жан -жақты білімді мүшесін тәрбиелеу болып табылады.

Көпшілік қауым мектептегі  бейнелеу өнерін жалпы білім беретін пән емес, ол арнаулы пән деп қарастырады. Бұл дұрыс емес. Жалпы білім беретін мектеп математиктерді, химиктерді, ақындарды композиторларды дайындамайтыны сияқты суретшілерді де дайындамайды. Мұндай мамандар арнаулы оқу орындарында дайындалады. Жалпы білім беретін мектептегі әрбір пән жеке-жеке және бірлесе отырып оқушылардың жан-жақты дамуына ықпал етуге тиіс.

Информация о работе Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағында оқушылардың көрнекілік арқылы қызығушылығын ояту және құзыреттіліктерін дамыту