Жеті модульді химия сабағында қолдану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2013 в 18:29, доклад

Краткое описание

Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі, ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұрпақтың ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты. Осы орайда егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жүргізіліп жатқан талпыныстар барлық іс-әрекеттерде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыдан өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән беріледі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жеті модульді химия сабағында қолдану.docx

— 2.99 Мб (Скачать документ)


                                                           Жезқазған қаласы 

 "№21 жалпы білім беретін

                                                  орта мектебі" КММ                                                                               химия пәнінің мұғалімі

                                           Олжабекова З.С

Жеті модульді химия сабағында  қолдану

 

Тәуелсіз  мемлекетіміздің ертеңі, ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұрпақтың ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне  байланысты. Осы орайда егеменді еліміздің  білім беру жүйесінде әлемдік  деңгейге жету үшін жүргізіліп жатқан талпыныстар барлық іс-әрекеттерде  шығармашылық бағыт ұстанатын, сол  тұрғыдан өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән беріледі.

«Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім – мектептің  жүрегі» деп қазақ даласының тұнғыш педагогы Ыбырай Алтынсарин бекер айтпаған. Мұғалім мектептің ғана жүрегі емес, ол мемлекеттің тірегі. Әрбір баладан дана өсірудің жолдында ізденумен жүрген адам жанының зергері – бейімді ұстаздың тәрбиелеген зейінді шәкірттері ертеңгі тіректері. Демек, ұстаз – мемлекеттің алтын діңгегі.

Мұғалімнің  кәсіби біліктілігін арттыру жүзеге асыру аясында педагогикалық шеберлік орталығы Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстары ұйымдастырылған. Мақсаты, мұғалімдерге кәсіби дамуға дайын болуға көмектесу және мұғалім оқушылардың өз бетімен білім алуын қамтамасыз ете отырып, олардың өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыруға бағыттауға негізделген. Аталмыш курстың бағдарламасы дүние жүзіндегі озық тәжірбиелі мұғалімдердің ғылыми зерттеулерінің нәтижесінде алынған теориялық негіздер мен әдіс-тәсілдер, құнды мәліметтермен қамтылған.

Қазіргі уақытта білім беру жүйесіне Кембридж университетінің сынарлы  оқыту – бүгінгі күннің ерекше жаңалық, замануи талаптарына сай елеулі бетбұрыс.

Бірінші ерекшілігі, дәстүрлі оқытуға қарағанда сынарлы оқытуда  ерікті негізінде өткізіледі. Оқушылар ынта мен бейімділіктеріне байланысты 7 модуль аясында стратегиялар қолдана отырып, жұптық, топтық  жұмыстарға қатысады.

Екінші ерекшілігі, оның мақсаты мен міндеті бағдарламалар көлемімен байланысты болғанымен,оның мазмұны 7модуль аясында жоспарланады.

Оқушылардың ықылас қалауын ескере отырып жұмыс жоспары жасалады. Оның мазмұны анағұрлым қызықты, оқушы  бйіміне ыңғайлы, қосымша мәліметтері  көп, заман талабына сай келетін  сабақтар болады.

Ал үшінші ерекшілігі, жас шамасы әр түрлі оқушыларды қамтитындығында.

Мұғалім еңбегінің ең бастысы сыныптағы  оқушылармен жұмыс істеуге бағытталады. Ол әр баланың жас ерекшілігімен  жеке қабілеттерін ескере отырып, танымдық қызығушылығын қалыптастыруға міндетті. Жеке жұмыс жүргізу үшін түрлі  әдіс-тәсілдерді қолдану баланың  еңбек дағдысын, шығармашыл, дара қабілеттерін дамытады.

       Қазірғі кезде жүзеге асырлып  жатқан үздіксіз білім беру  концеппциясы мазмұнының құрамдас  бөліктерінің бірі, оқушыларды  өздігімен  білім ала білу тәсілдермен  қамтамасыз ету болып табылады.

 

Мұғалімнің жаңа технологияларды  қолдана отырып өткізген сабағының  аналитикалық рефлективті талдауы.

 

Модуль бойынша түсінгенім

 

  1. Оқыту  мен оқудағы жаңа  тәсілдер

 

 

Бұл модуль бойынша оқушы мен оқытушы  арасында еркін диалог болады. Оқушы  өзінің ойын еркін баяндайды. Оқытушы  оқушы ойына бағыт беруші ролін  атқарады.

   

Тәжірибемде

 

Оқушылардың алғашқы диологтік қарым қатынастары  сұрақ қойып, жауап алу барысында  иә, неге? жоқ деген сөздермен  ғана шектелетін. Оқушыларға өзімнің  тарапымнан  ой тастап және дәйекті  сұрақтар қойып немесе сұрақтары  бар таратпа материалдармен жұмыс  жасату арқылы, сұрақ жауап алу  тәсілінде қолдана отырып диологты қарым қатынасты дамытуға тырыстым. Осындай жұмыстарды басшылыққа ала  отырып оқушылар арасынан мынандай әркеттерді байқадым: оқушылар  арасында еркін  диалог қалыптасты және оқушы өзінің ойын еркін жеткізетін болды.

 

  1. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

Сыни  тұрғыдан ойлауға үйретуде оқушы  мен оқытушы берілген тақырыпты  екі мағнада қарастырады. Екі  жақ бірін бірі толықтырып отырады.         

 

    Тәжірибемде

                 

Оқушылар арасында сыни тұрғыдан ойлау  үшін таратпа материалдар және ментальді  карталар, Венн диограммасы сияқты тапсырмалар арқылы жүзеге асырылды. Алғашқы сәттерде оқушылар Бұл не? Қалай орындалады? Кімнен көмек күтем? деген сұрақтардың астында қалды. Көмекті тек бір бірлерінен ғана күтетінін және әркімнің  пікірі құнды деген қағидамен оқушыларды сыни тұрғыда ойлауға жетеледім.  Оқушыларды қадағалау барысында  мынандай әрекеттер байқалды:

      • Жан жақты ойлау мен қатар бір бірлерімен бәсекелестік пайда болды.
      • Топпен жүргізілген жұмыстарда ынтымақтастық  атмосферасы және өз ара жауап  іздеп талдау сияқты әрекеттер бірте бірте іске асырылып отырылды.
      • Оқушылар жұмыстарын толықтырып үйренді.
      • Жанжақты ойлап өздеріне ынғайлы тәсілдерін таңдай алды.

 

  1. Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау 

Оқыту барысында оқушылардың ілгерілеу  қадамдарын айқындау мен оған қолдау көрсету үшін қажет. Оқытушы мен  оқушы үшін өздерінің қандай да бір  мақсатқа жетуді көздейді. Осыған байланысты бағдарлама критерийлері бағалау тәсілдерін де қарастырады.

 

Тәжірибемде

  • Ойлау қызметінің қандай түрлерін сабақта   

пайдаланғандығын өзі  анықтау 

  • Ұжымдағы, жұптағы жұмыстарда сұрақтарды  
  • талқылағанда басқаларды сендіре білу
  • Дәйектеме жауапты іздеудегі сенімділі
  • Қарсы жақтың көзқарасын қабылдай білу


 

Түсіну  дәрежесін бағалау

             

 

Жауап алу  үдерісін бағалау

 

Оқушылардың жауаптарына баға беру

    

 

                   

  1. Білім беруді ақпаратты – коммуникациялық технологияларды пайдалану. (АКТ)

Менің ойымша бұл модульдің жетістігі  сол - бағдарламаны меңгеріп шыққан біздер үшін ақпаратты алу, бағалау, сақтау, өндіру, ұсыну, тәжірибе алмасу үшін қолдану  және Интернет желісінде бірлескен  жұмысқа қатысу үшін өте тиімді.

Тәжірибемде

 

    

        

Оқушылар  арасында АКТ ны қолдануда жасап  жатқан жұмыстарымыз көбінесе үй жұмысына берілген тапсырмалар арасында пайдаланылады. Ғаламтордан мәлімет жинау, теледидардан ақпарат тындау, бейнетаспаға түсіру сияқты жұмыстар жасалып отырады. Өзімнің  тарапымнан Power Point, компьютерде тестілеу сияқты жұмыстар жасалып, тапсырма және көрнекілік ретінде оқушыларға сабақ  беру барысында қолданудамын.

 

  1. Талантты және дарынды баларды оқыту.

Тәрбиелеу мен оқыту үрдісі кезінде талантты және дарынды балаларды анықтап, олардың шығармашылығына қолдау көрсетіп, бағыт беріп , талабын ұштау. Еліміздің болашағы үшін талантты да, дарынды оқушыларды тауып, оларды білім  беру барысында дамыту өте маңызды  деп білемін.

      Тәжірибемде

 

                                    

Қандайда  бір модуль балса да бір бірлерімен тығыз байланыста болып тұрады. Талантты және дарынды баланы анықтау үшін таратпа материалдар арқылы жұмыстар беріп және олардың орындалу деңгейін бақылап, сыни тұрғыдан ойлау кезінде  айтайын деп тұрған ойды талдап, бір сөзбен қалай айтуға болатыны жайлы түйін сөз айта кетуі  де маңызды деп білемін. Балаға бағыт  бере отырып, талабына сай білім  беруді де басты мәселенің бірі деп  ойлаймын.

 

  1. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту.

Бұл модуль алдағы аталып кеткен «Оқыту  мен оқудағы жаңа  тәсілдер», «Талантты және дарынды балаларды оқыту» және «Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау »

модульдерімен тығыз байланысты. Ауылдық өңірлерде  кездесетін жас шамасы әр түрлі сыныптарда тиімді оқыту және білім беру стратегияларын іске асыру жолдары қарастырылатын болады.

 

Тәжірибемде

 

                            

        Оқушылардың жас ерекшілігін  байқай отырып алдымен білім  деңгейін анықтап аламын. Мен  қашықтықта оқу кезенінде байқағаным  оқушылардың жас ерекшеліктеріне  сәйкес білім алу кезінде көбінесе  шулап кетуі, не болмаса бос  сөйлеп және өтірік жауап беру  сияқты әркеттер болды. Алдымен  шешім қабылдамас бұрын психологтің  тарапынан бақылауын сұрап және  психологтің пікірін тыңдап алғаннан  кейін баламен қалай жұмыс  жасау жолын іздедім. Жауабыңа  өзің ойланып көрші? Сенің ойынша  неге бұлай болды екен? Қандай  қателікті байқадың? Балалардан  кеңес ал немесе жауабына құлақ  сал деген сияқты сұрақтар  арқылы оқушыны өзін өзі бақылауға  тарттым. Бірер күндерден соң  бала дұрыс жауап іздеуге әрекет жасап, зейін салып тыңдауы және бағалау кезінде кеткен қателіктеріне назар аударуы секілді әрекеттер байқалды.

 

  1. Білім беруді басқару және көшбасшылық.

Білім берудің кез келген жүйесіндегі  тұрақты даму мен өзгерістердің  сырттан енгізілуі мүмкін емес , олар нақты сыныптардағы мұғалімдердің  тәжірибесі мен түсініктеріндегі өзгерістерден  бастау алуы керек деп ойлаймын.  Бұл модуль «Сыни тұрғысынан ойлауға  оқыту» модулімен тығыз байланысты.

             

Тәжірибемде

 

         

           Қашықтықтан оқу кезенінде   көшбасшылықты мен өзімнен бастадым. Мектепке  келген күннен бастап  әріптестеріме курс жайлы айтып,  тиімді жағдайларын түсіндіре  отырып, келесі жолы мүмкіндіктері  болса курсқа баруларын айта  кеттім. Оқушыларды басшылыққа ала  отырып жұмысымды бірден бастап  кеттім. Топпен жұмыс жасау барысында  көбінесе байқалатын әдіс тәсілдің  бірі көшбасшылық болып табылады. Психологтың қатысу кезінде де  оның бір айта кетері де  осы болды.  Топпен жұмыс жасағанда  бірінші күндері келіспеушілік  немесе уақыт үнемдемеуі сияқты  әркеттері байқалды.  «Көш жүре  түзеледі» демекші балалар арсынан  басқаруды өз қолдарына алғандар  қатары байқалды. Жұмыс барысында  тапсырманы бөліп алуы, қалай  тиімді орындау тәсілдерін тауып  жол сілтеуі, өз тарапынан қолдау  көрсету сияқты әркеттері пайда  бола бастады.

 

Жалпы білім мазмұның жаңартудың ғылыми негізіне мектеп оқушысын белгілі бір  қажетті біліктіліктер мен дағдылардың  иесі, жас ерекшілігіне байланысты өз жасын қалыптастыруға күш жұмсап, еңбектенетін бала деп қарастыратын, осыған орай көп қырлы құрлымды білім  мен тәрбие мазмұнын анықтап, құруға көмектесетін қазіргі заманғы дамыта оқыту идеяасы арқау болды. Сонымен  қатар қай мемлекетті айтар болсақ негізгі тірегі  білімді, білікті, іскер, белсенді адамдар екені өтірік емес. Сондықтан, қоғам талабына сай  ол қоғамды көркейтетін, дамытатын  жастар тәрбиелеу ең маңызды мәселе екені даусыз.

Себебі, заман талабына сай, еліміз бәсекеге қабілетті елу ел қатарына кіру үшін, жаһандану саясатына байланысты жастарымыздың білім деңгейлері әлемдік стандартқа сай болуы  керек. Ол үшін озық тәжірибелерді пайдалана  отырып, оқытуды инновациялық технологияларға  негіздеп, оқыту үрдісін әр түрлі  әдіс-тәсілдер арқылы ұйымдастыру қажет. Сондықтан оқыту үрдісінде өткізуде 7 модуль аясында жаңа стратегияларды   химия сабағында пайдалану арқылы көп жетістіктерге жетуге болады.

Болашақ мұғалімдер жан-жақты жетілген, жарасымды, өз мамандығының шебері, терең теориялық  сауатты ұстаз  болу керек.

 

Пайдаланылған   әдебиеттер:

1.Мұғалімдерге  арналған нұсқаулық  үшініші  басылым.


Информация о работе Жеті модульді химия сабағында қолдану