Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағында оқушылардың көрнекілік арқылы қызығушылығын ояту және құзыреттіліктерін дамыту
Курсовая работа, 31 Марта 2015, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
ОЗерттеу жұмысының өзектілігі:Қазіргі таңда Отанымыз күрделі тарихи бетбұрыстар мен қоғамдық жаңартулар тұсында дамып келеді. Осы кезеңде елімізде жүріп жатқан ауқымды өзгерістердің мәнін білім беру жүйесін, мектептердегі жас ұрпақты тәрбиелеп, оқыту мәселесінің жаңа қарқынмен дамуға бет алуынан байқауға болады.
Содержание
Кіріспе
І Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағын оқытудың әдістемесі
Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағын оқытудың маңызы
Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағын оқытудың мақсаты мен міндеттері
ІІ Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағында оқушылардың көрнекілік арқылы қызығушылығын ояту және құзыреттіліктерін дамыту
2.1 Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағында оқушылардың қызығушылығын көрнекілік арқылы ояту
2.2 Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағында оқушылардың құзыреттіліктерін дамыту
ІІІ Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағында оқушылардың көрнекілік арқылы қызығушылығын ояту және құзыреттіліктерін дамыту тақрыбын оқу процесінде қолдану
Прикрепленные файлы: 1 файл
Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағында оқушылардың көрнекілік арқылы қызығушыл%D.docx
— 63.97 Кб (Скачать документ)Оқытудың көрнекілік әдісінің шарттары:
- көрнекіліктің оқушылардың жасына сәйкестігі;
- көрнекілікті сабақтың керек сәтінде қолдану;
- демонстрацияланған затты барлық оқушылардың көруі;
- иллюстрацияның ең бастысын, мәндісін нақты бөлу;
- құбылыстарды демонстрациялау кезінде берілетін түсініктерді мұқият ойластыру;
- демонстрацияланатын көрнекіліктің оқу материалы мазмұнымен сәйкес келуі;
- көрнекі құрал мен демонстрациялық қондырғылардан керекті мәліметтерді табуға оқушыларды ңатыстыру.
Көрнекіліктің түрлері:
табиғи (сан түрлі табиғи объектілер, заттар) жасанды(макеттер, муляждар,тұлыптар, суреттер,карталар, фотографиялар,плакаттар, портреттер т.б.),графикалық (схемалықграфикалық бейнелер, сызулар, диаграммалар, таблицалар,
кестелер т.б.); дыбыстық (таспаға жазылған көркем сөз,
әдеби текстер, өлең, проза, музыка, ұлы адамдардың ойлы сөздері,
халықтың мақал-мәтелдері, жаңылтпаштары, жұмбақтары жазылған магнитафон таспалары,
күй табақтары т.б.), техникалық (киноаппараттар,
диафильмдер, диапозитивтер, диопроэкторлар,
эпидиаскоптар, телевизор, радио, проигрователь
т.б.) көрнекіліктер.
Бастауыш сыныптың бейнелеу өнері сабақтарында көрнекі құралдарды қолдану тиімділігі мынадай шарттар орындалған жағдайда артады: сабақта көрнекі құралдар жүйелі қолданылып, оқушылардың жас ерекшелігіне, материал мазмұнына сәйкес іріктелініп алынса, олардың байқампаздығы, пәнге деген қызығушылығы, абстрактылы ойлауы дамиды. Уақыт талабына сай көрнекі құралдар (аудио, визуальдық, компьютерлік және электрондық оқу құралы т.б.) оқушылардың өзіндік әрекеттері мен шығармашылық белсенділігін қамтамасыз етеді, логикалық ойлау қабілетін жетілдіруге мүмкіндік ашады.
Бастауыш сыныпта бейнелеу өнері пәнін оқыту үрдісінде интерактивті әдіспен оқыту оқушылардың танымдық-шығармашылық ізденістерін дамытады. Мультимедиялық тақта сабақты электронды түрге айналдырып, көрнекті түрде өткізуге мүмкіндік береді. Сабақтың өнімділігі артып, оқушылардың білім деңгейіне оң әсер етеді.
Оқыту процесінде көрнекілік принципін жүзеге асыру –бастауыш сыныптардағы бейнелеу өнері пәніне қойылатын басты талаптардың бірі. Кез келген жаңа сөзді көзбен көру, мүмкіндігі болса, қолмен ұстап көру оқушының санасына берік орын алады. Сабақты құрғақ сөзбен түсіндіргеннен гөрі, көрнекі құралды пайдаланып түсіндірген тиімді. Осыған орай, бастауыш сыныптардағы бейнелеу өнері пәнінің әрбір сабағын көрнекі құралды пайдалана отырып өткізген жөн. Оқулықта берілген материалдардан көрнекілік жасап алуға да болады. Көрнекі құралдарды әртүрлі тәсілмен пайдаланудың маңыздылығы оны жеткілікті және қажетті жағдайда қолдануын көрсетуі керек. Берекесіз пайдаланған көрнекілік өзінің сапасын жоғалтады. Мұнда оқу процесінің білімділігі де кемиді. Оқушылардың сабаққа деген ынта-жігері, қызығушылықтары жоғалады. Сондықтан көрнекіліктерді тиімді тәсілмен қолдану керек.
Енді көрнекі құралдардың
тиімділігіне келетін болсақ;
1. Жаңа сабақты меңгерген
кезде оқушының таным қабілеттерінің
барлығы қатысады.
2. Материалдарды түсіндірген кезде мұғалім көп қиналмайды, әрі уақытын үнемдейді.
3. Оқушы жаңа тақырыпты
тез түсініп, оңай қабылдайды.
4. Көрнекілік пайдалану
кезінде сұрақ-жауап қолдану қарым-қатынас
жасауға көп көмек береді.
5. Сурет арқылы жаңа сөздің мағынасын түсініп, екі-үш сөзден сөйлем құрай алады.
6. Сюжетті суреттерді
қолдану – оқушыларды жүйелі сөйлеуге
баулиды.
7. Оқушының тілін дамытып,
тіл ұстартуға тиімді.
Бейнелеу өнері сабақтарында жиі қолданылатын негізгі көрнекіліктер ретінде мыналарды атауға болады: схема түріндегі суреттер, геометриялық денелердің гипстен жасалған модельдері; классикалық мүсіндердің үлгілері; сым темірден, картоннан, пленопластан жасалған нұсқаның құрылым ерекшелігін көрсететін модель; жарық пен көлеңке және перспектива құбылысын түсіндіруге арналған приборлар; сурет салудың бірізділігін көрсетуге арналған таблицалар, суретшілер картиналарының репродукциялары, сурет салуға үйрететін кинофильмдер, диафильмдер және эпидаскоп, кинопроекторлар, педагогикалық сурет.
Бейнелеу өнері сабақтарындағы көрнекіліктер оқушылардың заттар мен құбылыстар туралы дүниетанымын арттырып, сурет өнерінің негізгі түсініктерін меңгеруге жәрдемдеседі, сонымен қатар бейнелеу процесінің түсінуге және оны бейнелеуге үйретеді.Сурет салу заңдылықтарын меңгеру үшін оқушыға бір ғана көрнекілік аздық етеді. Оған оқушының өзінің белсенділігі қосылуы тиіс. Көрнекілік арқылы оқушы көп нәрседен түсінік беретін белгілі көру образын алады. Осының нтижесі оқушыға көрерменнің рөлінен жаңа үлгі жасаушы рөліне ауысуына жәрдемдеседі. Оқушы өзінің оқу материалын қаншалықты меңгергенін өзінің бейнелеу жұмысында көрсете алады. Педагогтың көрсеткенін ол өзі практикада қолданып көз жеткізеді.
Сонымен, оқуда көрнекілікті қолдану арқылы оқушылардың білімі, нанымы дәлелді болады, ойлауы тереңдей түседі. Сонымен қатар, көрнекілік оқылатын нәрсе – заттардың негізгі белгілері мен ерекшеліктерін білуді жеңілдетеді, нәрсе – заттардың әр жағынан, салаларының байланыстары мен өзара қатынастарын түсінуге көмектеседі. Көрнекілік нәрсе – заттар жөніндегі мәліметтерді, деректерді есте берік сақтауға ықпал жасайды.
2.2 Бастауыш сыныптарда
бейнелеу өнері сабағында оқушылардың
құзыреттіліктерін дамыту