Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнінде дидактикалық ойындарды қолданудың әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Июля 2014 в 09:01, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің көкейтестілігі: Жалпы бiлiм беретiн мектептi беру мазмұнының тұжырымдамасында атап көрсетiлген мәселелердiң бiрi - окушыларыдың бiлiм сапасын арттыру делiнген. Мектеп педагогикасының басты проблемаларының қатарына олардың танымдық кызметiн қалыптастыру және жетiлдiру мiндеттерi қойылған. Бастауыш мектеп жасындағы бала психикасының дамуындағы негiзгi факторлардын бiрi - оның өзiндiк танымын кушейту болып табылады. Аталған фактордың әрекеттiк және әдiстемелiк мазмұнын балалардың психофизикалық дамуына белсендi әсер ету арқылы анықтау кажет[1]. Осындай белсендi әрекетке ойын әрекетi жатады.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................
I. Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындарды пайдаланудың теориялық мәселелері.....................................................................................8
1.1 Оқу-тәрбие процесінде дидактикалық ойындарды пайдалануды психологиялық - педагогикалық тұрғыдан негiздеу ……….........................
1.2 Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындардың түрлері мен маңызы....
II. Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнінде дидактикалық ойындарды қолданудың әдістемесі............................................................
2.1 Дидактикалық ойындарды пайдаланудың ерекшеліктері мен формалары…………………………………………………………………
2.2 Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнінің білім мазмұнын игеруде дидактикалық ойындарды қолдану әдістері………………………………

2.3 Жеке өз іс-тәжірибиемнен сабақ жоспарларының үлгілері.....................


Қорытынды …………………………………...…………………………

Пайдаланылған әдебиеттер …………………………………………………

Прикрепленные файлы: 1 файл

дайын Office Word.docx

— 184.77 Кб (Скачать документ)

                                                                                                                                                                    Ф-ОБ-001/33

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                           Мазмұны

 

Кіріспе........................................................................................................

I. Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындарды  пайдаланудың теориялық мәселелері.....................................................................................8

1.1 Оқу-тәрбие процесінде дидактикалық ойындарды пайдалануды  психологиялық - педагогикалық тұрғыдан негiздеу ……….........................

1.2 Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындардың түрлері мен маңызы....

II. Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнінде дидактикалық ойындарды  қолданудың  әдістемесі............................................................

2.1 Дидактикалық ойындарды  пайдаланудың ерекшеліктері мен  формалары…………………………………………………………………

2.2 Бастауыш сыныпта қазақ  тілі пәнінің білім мазмұнын  игеруде дидактикалық ойындарды  қолдану әдістері………………………………

 

  2.3 Жеке өз іс-тәжірибиемнен сабақ жоспарларының үлгілері.....................

 

 

Қорытынды …………………………………...…………………………

 

Пайдаланылған әдебиеттер …………………………………………………

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                   Кіріспе

       Зерттеудің көкейтестілігі: Жалпы бiлiм беретiн мектептi беру мазмұнының тұжырымдамасында атап көрсетiлген мәселелердiң бiрi - окушыларыдың бiлiм сапасын арттыру делiнген. Мектеп педагогикасының  басты проблемаларының қатарына олардың танымдық кызметiн қалыптастыру және жетiлдiру мiндеттерi қойылған. Бастауыш мектеп жасындағы бала психикасының дамуындағы негiзгi факторлардын бiрi - оның өзiндiк танымын кушейту болып табылады. Аталған фактордың әрекеттiк және әдiстемелiк мазмұнын балалардың психофизикалық дамуына белсендi әсер  ету арқылы  анықтау кажет[1]. Осындай белсендi әрекетке ойын әрекетi жатады.

Ойын баланың психикасында сапалы өзгерістер туғызады. Балалардың ересектермен бірлесіп өмір сүруге ұмтылысы бірлескен еңбек негізінде қанағаттандырылмайтыны белгілі. Бұл қажеттілігін  балалар ойын арқылы өздеріне ересектер ролін алып, еңбектік өмірді ғана емес, сол сияқты әлеуметтік қарым-қатынасты да нақтылап көрсетеді. Ойында ең алғаш баланың дүниеге әсер етуді қажетсінуі қалыптасады және көрінеді, ойынның негізі, жалпы мәні де осында [2].

Ойынның мәнін анықтайтын бірінші ереже, ойын мотивтерінің әртүрлі бала үшін мәні зор күйініштерге негізделетіндігі болса, екінші ереже-ойын әрекеті адам іс- рекетіне тән көптеген мотивтерді жүзеге асыруы болады. Бала белгілі бір рольді ойнағанда, ол тек басқа бір тұлғаға айналып қана қоймайды, өзін де байытады, ой-өрісін кеңейтеді, тереңдетеді. Оқыту процесiнде ойын элементтерiн пайдалану сабақтың дидактикалық мiндеттерiн күшейтедi, яғни оқыту әдiстерiнiң тиiмдiлiгiн арттырады. Сондықтан дидактикалық ойындарды оқу-тәрбие процесiнде қолдану педагогикалық процестiң  кұрамдас бөлiгi болып табылады.

Педагогикада дидактикалық ойындарға былай анықтама беріледі: дидактикалық ойындар дегеніміз - балаларға белгілі бір білім беріп, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру мақсатын көздейтін іс-әрекет. Ендеше, бұл ойындар оқытуға арналған болып саналады.

 Педагогика ғылымында  ойын әрекетінің оқу үрдісінде  алатын орны туралы пікірлер  айтылып зерттеліп жүрген еңбектер  өте көп. Ал ертедегі ұлы ойшылдар  Ж.Ж.Руссо мен И.Г.Песталоции [3] ойын  арқылы балаларды болашақ өмірге  бейімдеу керек деп түсіндірген. Ойынның теориясы мен маңыздылығы  туралы К.Д.Ушинский [4] мен П.Ф.Лесгафт, тәрбиеде және оқыту барысында  ойынның алатын орны ерекше  екендігі туралы В.А.Сухомлинский [5], С.П.Шацкий [6] және Н.К.Крупская [7] өз пікірлерін білдірген. Педагогикалық  үрдісті жетілдіруде ойынның  алар орны жөнінде Қазақстандық  ғалым Н.Құлжанова да зерттеген.

Қазақстан  Республикасының 2015 жылға дейінгі білім  беруді дамыту тұжырымдамасының  жобасында жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, жоғары оқу орындары зерттеулерінің әлеуметтік сала мен экономикалық қажеттіліктерімен тығыз байланысты білім беру және технологияларды жетілдіру болып табылады деп атап көрсетілгендей, қазіргі білім беру саласындағы басты мәселе: әлеуметтік-педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына  жаңалық енгізудің тиімді болып қалыптасуына негіз қалау [8].

Мұғалім өмір бойы оқуы керек,ол оқуын, білім алуын тоқтатқан сәттен бастап,оның бойында мұғалімдікте жойылады. Ойын бала үшін еліктеу, инстинкт күнделікті негізгі іс-әрекет және өмірі деп дәлелденген. Н.Құлжанованың айтуы бойынша ойынды әдептілік, тәрбиелік мақсатқа пайдалану-болашақ өміріне түзу жол салу, үлкендерге еліктеу және өмірдің талаптарына сай бейімдеу деп түсіндірген [9].

Себебі, ойын-оқу еңбек іс-әркеттері мен бірге адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі. Ойын баланың барлық қабілеттерінің дамуына, айналасындағы дүние жайлы түсініктерінің кеңейуіне көмектеседі. Халқымыз ойындарға тек балаларды  алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, олардың мінез-құлқының қалыптасу құралы деп ерекше бағалаған. Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психалогиялық, анатомиялық- физиологиялық, педагогикалық   маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынды әр бір адам ойнап  өседі, ойынды көп онаған адамның дүние танымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік, нағыз сезімтал тұлға болмақ. Ал кей балалар ойында шынайы өмірде бейнелесе, кей балалар ішкі сезімін білдіреді. Ойының  дамуына және баланың ойынға араласуына әсер ететін қызықты ойынның түрлері көп. Мысалы: қазақ  халқының ұлттық ойындары, бұл ойынның алғашқы танымы десек артық болмас.

Әр заманның өзіне тән экономикалық, саяси әлеуметтік және идеалогиялық ерекшеліктері болатыны айқын. Сол сияқты, бүгінгі күннің ұрпақ тәрбиесіне деген өз талабы, өз ерекшелігі бар.

Ойын әрекетінің философиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан қарастырған К.Гросс, Г.Спенсер, И.Хейзинга, И.Кант, Г.Гегель, В.Вундт, Ф.Шиллер, Г.Бюллер, В.Фригер, Р.Ван Дер Коэй, Г.Мэйес, В.Демин, Н.Каган, К.Юсупов т.б. ғалымдар ойын теориясын қалыптасуы мен дамуын ойын іс-әрекетінің әлеуметтік жақтарын айқындап, оны бала қабілетімен оң әсер ететінін анықтаған. Грек ойшылдары Гераклит ойынды «Шексіз әлемге» теңесе, Платон өзінің «Мемлекет» еңбегінде жас өскінге өмірлік, қажетті іс-әрекеттерді үйретуші құралға, өмірге, трагедияға, сезімге, жалпы ғарыштық әлемге теңеген. Ұлы ақынымыз Абай: «Асыр салып ойнамай, өсер бала болар ма?», - деп бала үшін ойынның маңыздылығын айтып өткен [10].

Ойын дегеніміз - жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді. Алғаш мектеп табалдырығын аттап отырған балалардың ұжымын ұйымдастыруға сабаққа деген белсенділігін арттыруға ойынды тәрбие құралы деп қарауға болады. Бала мектепке дейінгі жасында түрлі ойындармен ойнап үлгерген. Сондықтан да ол мектепте де ойнауға бейім тұрады. Бастауыш сынып мұғалімдерінің сабақ барысында ойын технологияларын әлі де болса аз қолдануы, оқушылардың оқу белсенділіктерін дамытуға бағытталған  ғылыми-әдістемелік материалдардың жетіспеуі мен қазіргі кезеңде бастауыш мектепке қойылып отырған мемлекеттік талаптар арасындағы қарама - қайшылықтарды шешу үшін біз дипломдық жұмыстың тақырыбын «Қазақ тілі пәнінде оқушыларға дидактикалық ойындарды ұйымдастырудың  әдістемесі» деп алдық.

Қазіргі үздіксіз тасқындаған ақпарат тасқынынан оқушыларды ұлттық сана сезімде, төл халқының өзіндік әдет-ғұрпын, мәдениеті мен әдебиетін сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелейтін деректерді оқыту үрдісіне енгізу әрбір қазақ тілі мұғалімінің міндеті болуы шарт. Өйткені қазақ тілі сабақтарында оқушыларды дидактикалық ойындар арқылы халық педагогикасының алтын қазынасымен, кәусар бұлағымен сусындатуға болады.

         Сондықтан қазақ тілін дидактикалық  ойындар арқылы меңгерту барысында  шәкірттердің  санасына ұлттық  рухты сіңіру, өз халқының өткеніне  мақтанышпен қарау сезімдерін  ояту керек. Бұл оқушылардың жеке  тұлғалық қасиеттерінің жетілуіне  негіз бола алады.

         Оқушылардың рухани дүниесін  ізгілендіруде, рухани жағынан дамытуда  дидактикалық  ойындарды кеңінен  қолдану мол мүмкіндік береді.

Себебі, дидактикалық ойындарды ойнау барысында оқушылар өздерін еркін сезінеді, өз ойларын қысылып қымтырылмай жеткізеді. Мұның өзі оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерінің дамуына, рухани жан дүниесінің толысып жетілуіне зор ықпал етеді.

         Демек, қазақ тілі сабағында дидактикалық  ойындарды тиімді қолдана білсек, оқушылардың рухани дүниесін  ізгілендіруде, жеке тұлғалық қасиеттерін  қалыптастыруға жол ашамыз. Ал, ойындар  кезінде оқушылар өздерін еркін  сезініп, ұжымды сыйлауға, өз ой  пікірін дәлелдеуге үйренеді.

Ұлттық педагогика негіздерімен оқушыларды оқыту арқылы олардың өз халқын сыйлауға, туған тілін құрметтеуге үйренеді. Бұл оқушылар бойына бір-бірімен қарым-қатынас кезінде өзара кішіпейілділікпен қарауды, әдеп сақтауды, сыпайы сыйласуды қалыптастырады және соның нәтижесінде балалардың тіл мәдениеті жетіледі.

          Бұл қазақ тілін дидактикалық  ойындар арқылы меңгертудің басты  педагогикалық талаптары ғана. Ал  оны жүзеге асыру үшін мұғалім  әдістемелік жағынан шебер қазақ  тілінің тілдік құрылысын жете  меңгерген, әдеби тілде өз ойын  анық, түсінікті жеткізе алатын  болмағы ләзім.

Бүгінгі танда ҚР-ң қоғамдық өмірінде жүріп жатқан демократиялық өзгерістерге байланысты белгілі әлеуметтік шарттарды ескере отырып, білім беру жүйесіне қойылып отырған талаптар күшеюде.

Сол талаптардың бірі-бастауыш сыныптарда пәндерді оқыту барысында дидактикалық ойындарды қолдану, оның алатын орны.

Білім-дүниетанудың кәусар бұлағы өйткені, дүниетануды бастауыш сыныпта оқытудың барысында дидактикалық ойындар арқылы да қалыптастыруға болады.

Оқушылардың танымдық әрекеттерінің түрлерін бірқатар 
психологтар мен педагогтардың еңбектерінде МА.Данилов [11], 
И.Я.Лернер [12],  Л.В.Занков [13], М.М.Махмудов [14], А.Н.Леонтьев [15],   П.Я.Гальперин [16] дидактикалық ойынның бала өміріндегі маңыздарын атап өтті.

Оқушылардың дидактикалық ойын әрекетін арттыруда проблемалық оқытудың атқаратын ролінің ерекше екендігін оны ұйымдастыру әдістері окушылардың ойлау процесі мен ізденушілік әрекетінің дамуына елеулі әсерін тигізетініне қазақтың белгілі дидактиктері И.Нұғыманов, Т.Сабыров[17] т.б. өз еңбектерінде дәлелдеген.

Бастауыш сыныпта жас өспірім окушылардың оқуға деген ынтасын жетілдірудегі ойлау қабілеттерін, арттыруда дидактикалық ойындардың ролі зор.

Қазіргі заман ағымына орай балаларға қазақ тілі  сабағында экономикалық, эстетикалық, білім берумен дидактикалық ойындарды байланыстыру мұғалімнің негізгі міндеті болып отыр.

Сондықтан бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнін оқыту барысында оқушылардың оқуға қабілетін, талғамын, іскерлігін арттыру мақсатымен дидактикалық ойындар негізгі роль атқаруда.

Дидактикадық ойындар - оқушылардың танымдық қызығушылығын өрістетудегі маңызды бұлақ болып табылады.

Бұл мәселенің мектеп өмірінде маңыздылығын, қажеттілігін А.В.Усова[18], Ж.Аймауытов [19], М.Жұмабаев [20], А.Байтұрсынов [21], Т.Сабыров [17], Ж.Қоянбаевтар [22] өз еңбектерінде ерекше мән берді.

Ойын арқылы баланың көзқарасы болашаққа деген түсінігі қалыптасады. Дидактикалық ойын оқушының ой-өрісін, қиял, сезімін дамытып, сөйлеу тілінің жетілуін қалыптастырады.

Бастауыш. сынып оқушыларын оқыту процесінде тәрбиелеу үшін олардың ойынына дұрыс көзқарас, басшылық жасау қажет.

Осыдан бастауыш сыныптарда қазақ тілі пәнін оқыту процесінде дидактикалық ойындарды пайдалану жолдарын қарастыру қажеттілігі туындап, оны пайдалану жолдары көзделуде.

          Тәуелсіз еліміздің білім беру  жүйесінде болып жатқан оң  өзгерістер қоғамның жас ұрпақ  тәрбиесі үшін жауапкершілігі  терең сезіліп отырған бүгінгі  таңда оқу тәрбие процесінің  тиімділігін арттыру бағытында  барлық мүмкіндіктер мен ресурстарды  пайдалануды көздейді. Дегенмен, оқу-тәрбие  процесінде барлық ресурстар  толық қолданыс таппай келеді. Тәрбиенің осындай сирек қолданатын  құралдарының бірі – ойын.

Сондықган тақырыптың өзектілігі, қажеттілігі жұмыстың зерттеу мақсаты мен міндеттерін айқындайды.

Зерттеудің мақсаты: Бастауыш мектепте қазақ тілі сабақтарыңда дидактикалық ойындарды пайдаланудың әдістерін, ерекшеліктерін анықтау.

Зерттеудің міңдеттері:

1. Бастауыш сынып оқушыларына қазақ тілі  пәнін оқытуда дидакгикалық ойындарды қолданудағы оқытудың ғылыми-әдістемелік, педагогикалық, психологиялық әдебиеттерді талдау, мазмұнын, мәнін ашу.

Информация о работе Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнінде дидактикалық ойындарды қолданудың әдістемесі