Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнінде дидактикалық ойындарды қолданудың әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Июля 2014 в 09:01, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің көкейтестілігі: Жалпы бiлiм беретiн мектептi беру мазмұнының тұжырымдамасында атап көрсетiлген мәселелердiң бiрi - окушыларыдың бiлiм сапасын арттыру делiнген. Мектеп педагогикасының басты проблемаларының қатарына олардың танымдық кызметiн қалыптастыру және жетiлдiру мiндеттерi қойылған. Бастауыш мектеп жасындағы бала психикасының дамуындағы негiзгi факторлардын бiрi - оның өзiндiк танымын кушейту болып табылады. Аталған фактордың әрекеттiк және әдiстемелiк мазмұнын балалардың психофизикалық дамуына белсендi әсер ету арқылы анықтау кажет[1]. Осындай белсендi әрекетке ойын әрекетi жатады.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................
I. Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындарды пайдаланудың теориялық мәселелері.....................................................................................8
1.1 Оқу-тәрбие процесінде дидактикалық ойындарды пайдалануды психологиялық - педагогикалық тұрғыдан негiздеу ……….........................
1.2 Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындардың түрлері мен маңызы....
II. Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнінде дидактикалық ойындарды қолданудың әдістемесі............................................................
2.1 Дидактикалық ойындарды пайдаланудың ерекшеліктері мен формалары…………………………………………………………………
2.2 Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнінің білім мазмұнын игеруде дидактикалық ойындарды қолдану әдістері………………………………

2.3 Жеке өз іс-тәжірибиемнен сабақ жоспарларының үлгілері.....................


Қорытынды …………………………………...…………………………

Пайдаланылған әдебиеттер …………………………………………………

Прикрепленные файлы: 1 файл

дайын Office Word.docx

— 184.77 Кб (Скачать документ)

*оқу ойын іс-әрекетінің  екі мақсаттылығы принципі.

Іскерлік ойын болашақ маман тұлғасын дамытуда біршама маңызды міндеттерді шешеді: оқушылар мамандығына  қажет білімдер мен дағдыларды меңгереді, әлеуметтік және кәсіби біліктерді (компетенциялар) игереді. Бірақ, бұл маңызды іс-әрекет ойын формасында іске асырылады да, оқушыларға иетеллектуалдық, эмоциялық және творчестволық тұрғыдан өзін көрсете білуіне мүмкіндік береді.

Оқытудың ойындық түрлері білімді игерудің барлық деңгейлерін пайдалануға мүмкіндік береді: өңдеуден қайта жасауға, одан әрі негізгі мақсат-шығармашылық-ізденімпаздық қызметіне дейін. Бұл сатылардан өте келе оқушы оқудың әдіс-тәсілдерін игере алады.

Ойынды қолдана отырып оқыту технологиясының мақсаты да оқушыны өз оқуының мотивін, өмір мен ойындағы өз мінез-құлқын түсінуіне, яғни өзіндік іс-әрекеттің мақсаты мен бағдарламасын қалыптастырып, оның жақын болашақтағы нәтижелерін алдын-ала болжай білуге үйрету [22].

Ойынның  функциясы өте көп дидактикалық, танымдық, оқытушылық, дамытушылық, тәрбиелеушілік т.б.

Барлық ойынды танымдық деп атасақ қателеспейміз.

«Дидактикалық ойындар» термині дидактика бөліміне мақсатгы түрде кіргізілетін ойындардың бәріне тән. Баланың танымдық белсенділігін, интеллектісін дамытатын ойындардың бірнеше тобы бар:

1-ші топ-заттық ойындар-ойыншықтар  мен заттар арқылы жүзеге асады. Ойыншықтар мен заттар арқылы балалар түрді, түсті, көлемді, материалдарды, адамдар мен жануарлар әлемін, олардың арасындагы қарым-қатынастарды т.б. зерттеп таниды.

2-ші топ-шығармашылық, сюжеттік-рөлдік  ойындар. Мұнда сюжет-интеллектуалдық іс-әрекеттің формасы.

Саяхат ойындары. Бұған кітаптар, карталар, документтер бойынша жасалатын географиялық, тарихи, өлкетанушылық, ізшілер т.б. саяхаттар жатады. Оқушылар ойша геолог, зоолог, жономиет, топограф т.б. ролдерді атқарады, күнделіктер жүргізеді, хаттар жазады, түрлі танымдық материалдар жинақтайды. Бұл ойындардың оқушылардың шығармашылық қиялын дамытудағы маңызы зор.

3-ші топ дайын ережелері  бар ойындар. Бұл ойындар, әдетте, оқушыдан жұмбақты шеше білуді, тарқата білуді, болжай білуді, ең бастысы-пәнді білуді талап етеді.

4-ші топ-еңбек, техникалық, конструкторлық, құрылыс ойындары. Бұл ойындар ересектердің кәсіби қызметтерін    бейнелейді.  Бұл ойындардың барысында оқушылар өз жұмысын жоспарлауға, керекті материалдарды жинақтауға, өзінің және басқалардың жұмысына сын көзбен қарауға, шығармашылық міндеттерді тез және дұрыс шеше білуге үйренеді. Еңбек белсенділігі таным белсенділігіне ұштасады.

5-ші топ-баланың психикалық  сферасына әсер етуге негізделген  жаттығу ойындары, тренингтер. Өзара  жарысқа негізделген бұл ойындар ойнаушы балаларға салыстырмалы түрде өздерінің дайындық, жаттығу деңгейін аңғартып, одан әрі жетілдіру жолдарын көрсетеді.

Ең жақсы деген ойындар өз бетімен оқуға негізделген. Олар оқушыларды біліммен, біліктермен, біліктермен және дағдылармен және дағдылармен қарулануға бағыттайды. Оқытудың екі негізгі компоненттен тұратыны белгілі керекті ақпаратты жинау және дұрыс шешім қабылдау. Оқушылардың дидактикалық тәжірибесін толықтыратын да осы компоненттер. Бұл жерде психологиялық сипаттағы дамытушы ойындарды да атап кеткен жөн кроссвордтар, викториналар, ребустар, криптограммалар т.б. [23].

Дидактикалық ойындардың нәтижелілігі, біріншіден, оларды қолданудың жүйелілігіне; екіншіден, ойын бағдарламаларының максаттылығына тығыз байланысты. Ойынның мақсаты оқытудың басты мақсатымен үндес-оқушының білуге, білімге деген құштарлығын ояту.

Іскерлік ойынның жүргізілу технологиясы (М.Валиеваның құрастыруы бойынша):

Дайындық кезеңі.   І.

1. Ойынды дайындау:

*Сценарийін дайындау; 

*Жоспар құру;

*Жалпы сипаттау;

*Мазмұнын меңгеру;

*Материалмен қамтамасыз  ету.

2.Ойынға кіріспе:

*Проблемалық мақсат қою;

*Шарттарын білу;

*Топ құру;

*Рөлдерді бөлісу;

*Регламент белгілеу;

*Жалпы түсінік беру;

*Тиісті консультация  беру.

Ойынды жүргізу кезеңі

1 .Топтық жұмыс:

*әдебиеттермен жұмыс;

*тренинг;

*ойлану;

*ойыншылармен жұмыс.

2.топ аралық жұмыс, пікірталас:

*топтардың жұмысты баяндауы;

*нәтижені қорғау,

*пікірталас туғызу.

Талдау және қорытындылау кезеңі.

*Ойынға қорытынды жасау;

*Талдау, рефлексия;

*Баға және өзіндік баға;

*Қорытындылау, жинақтау;

*Ұсыныстар беру. [24]

Іскерлік ойындары – бұл да белсенді оқытудың бір түрі. Ойынның бұл түрі әртүрлі практикалық жағдайларды көрсету арқылы жүзеге асады. Қазіргі кездегі соғыс ойындары, спорт ойындары, дидактикалық және тағы басқа ойындар осы байырғы мәдениетттен туындағын. Осылайша ХХ ғ 5О –ші жылдарынан бастап, басқару, экономикалық ойындар, беретін келе психологиялық, педагогикалық ойындар пайда бола бастады.

Іскерлік ойыны сабақтың дәстүрлі емес түріне жатады. Бұл ойын қызығушылықты тудырып, мектепке дейінгі педагогика курсында қолдануға үлкен мүмкіндік береді. Ойында ойыншының кәсіби – педагогикалық ойлау образына енуі, бұл ойынның басты ерекшелігі болып табылады.

Дидактикалық ойынның маңызы мынада:

1. Дидактикалық  ойын оқушылардың қоршаған дүние  туралы түсінігін кеңейтеді, оны бекітіп, нақтылай түседі.

2. Әрбір дидактикалық  ойын оқушыны ойлай білуге  баулып, сөздік қорын молайтады, ақыл-ой қызметін қалыптастырады.

З. Дидактикалық ойын адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады.

Дидактикалық ойын ережелері балалардан ұстамдылықты, тәртіптілікті қажет етеді.

Өмірімен белсенді араласу жеке адамның қоғамдағы орны. Мектепке дейінгі мекеменің маманданған тәжірибелі педагогына керектісі арнайы білімі ғана емес, сондай – ақ дамыған таным белсенділігі, шығармашылық қабілеттілігі және жақсы ұйымдастыруға ынтасы болуы керек. Сонымен қатар тұтас өзіндік салыстыруы, көзқарасы және алға қойған мақсаты, балабақшада дұрыс тәрбие беру болып табылады. Осы міндеттері оқыту әдістерімен белсенді формалары негізінде маңызды да өзекті теориялық және практикалық проблемалардың шешу жолдарымен тәсілдерін іздеуде әрбір оқушының қарастырылу принципіне жатады.

 

2. Бастауыш сыныпта  қазақ тілі пәнінде дидактикалық ойындарды  қолданудың  әдістемесі.

2.1 Дидактикалық  ойындарды пайдаланудың ерекшеліктері  мен формалары.

Оқушылардың білуге деген ынтасы мен мүмкіндіктерін толық пайдалану, оларды оқу процесінде үздіксіз дамытып отыру және сабақ барысында алған білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін дидактикалық ойындарды пайдаланудың орны ерекше.

Тиімді пайдаланған дидактикалық ойындар мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, оны берік меңгеруіне көмектеседі. өйткені ойын мектепке келген оқушылардың әрекетін белсендіріп, оларды тәрбиелеп, дамытудың аса маңызды құралы болады. Ойынды педагогикалық процеске енгізе отырып, тәрбиеші балаларды ойнауға, яғни А.С.Макаренконың сөзімен айтқанда, «Жақсы ойын» жасауға үйретеді. Мұндай ойынның өзіне тән сапасы бар, ол-мазмұнының тәрбиелік-танымдық құрылымы, бейнелейтін түсініктерінің толықтығы мен дұрыстығы, белсенділігі мен ұйымшылдығы, ойынның ережелерге бағынуы.

Ойын процесінде балалардың білімі мен ұғымы айқындалып, тереңдей түседі. Демек, ойын балалардың соған дейінгі білімдері мен түсініктерін баянды етіп қана қоймайды, сонымен бірге танымды белсенді іс-әрекетінің белсенді бір формасы болып табылады. Соның барысында олар мұғалімнің басшылығымен жаңа білімді меңгереді. Ойынды ұйымдастырып, оны басқара жүріп, ұстаз балалар ұжымына және ұжым арқылы әр балаға ықпал жасайды. Ойынға қатысушы бала өзінің ниеті мен әрекетін басқалармен үйлестіруге, ойында қалыптасқан ережелерге бағынуға тиісті болады.

Қазақ тілін оқыту формасы деп – оқу процесін ұйымдастыру тәсілдері түсіндіріледі. Сабақ жоспарларын қарастыру кезінде ойынның ережелері құрылады, атрибуттары дайындалады. Бұл процеске оқушылар да тартылады.

Ойынды әрекеттің басқа түрлері мен шартты болуы ерекшелендіріледі. Сондықтан керекті шарттарды не арқылы туатынын ескере отырып, ойындарды мынадай топтарға бөліп қарастырдық:


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 

  Қазақ тілі сабағында ойын элементтерін қолданғанда:  

Баланың бойында



 

Ойлау       

                    Тапқырлық            Ұйымдастырушылық   Белсенділік

 

қасиеттері қалыптасады [25].

Тәуелсіз еліміздің білім беру жүйесінде болып жатқан оң өзгерістер қоғамның жас ұрпақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі сезіліп бүгінгі таңда оқу-тәрбие үрдістерінің тиімділігін арттыру, бағытында барлық мүмкіндіктер мен ресурстарды пайдалануды көздейді.

Дегенмен, оқу-тәрбие үрдісінде барлық ресурстар толық қолданыс таппай келеді.

Тәрбиенің осындай сирек қолданылатын құралдарының бірі  -дидактикалық ойындар.

Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті-ойын десек, оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу (таным) әрекетін орындауға бейімделуі тиіс.

Ол сабақ барысында пайдалынатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асырылады.

Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді.

Ойынның мақсаты - бағдарламада анықталған білім, білік, дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді.

Дидактикалық ойынның міндеті  - баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынған нақты мазмұнмен анықталынады.

Әдістемелік     әдебиеттерде     берілген     және     бастауыш     сынып

мұғалімдерінің тәжірбиелерінде пайдаланылып жүрген дидактикалық

ойындар өте көп.

Алайда олардың барлығы бірдей бүгінгі күннің талаптарынан туындап отырған білім мазмұнының өзгерістеріне, сондай-ақ оқушылардың жас және псиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келе бермейді. Сондықтан ғылыми тұрғыда негізделген дидактикалық ойындар түрлерін сұрыптап, ой елегінен өткізе отырып, ойындар жүйесін және оларды пайдалану әдістемесін ұсыну қажет.  Дидактикалық   ойындар   балалар   үшін   өзіне   тән   жүру   барысы

мақсаты, маңызы бар әрекет. Мұндағы ойындарды ұйымдастыру қашанда төмендегідей екі мақсатты көздейді:

- танымдылық яғни балада  тану, іздену әрекетін дамыту;

- тәрбиелік,  яғни үлкендермен  немесе өз құрбыластарымен қарым-

қатынас   жасағанда   қажетті   негізгі   дағдыларды,   адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.

Дидактикалық ойындарды құру мына негіздерге сүйенеді:

1.Балалардың іс-әрекетінде  ойын түрлерімен оқуды байланыстыру және біртіндеп қызықты, жеңіл ойындардан ойын тапсырмалар арқылы оқу-тәрбие мәселесіне көшу.

2. Ойынның шартты мен  оқу міндеттерінің біртіндеп  күрделенуі.

З. Берілген тапсырмаларды шешуге баланың ақыл-ой белсенділігінің күшейюі.

4. Оқу мен тәрбие мақсаттарының  бірлігі.

Дидактикалық ойындар үш топқа бөлінеді:

1. Заттық дидактикалық  ойындар, дидактикалық ойыншықтармен  және түрлі ойын материалдарымен  ұйымдастырылады.

2. Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар: «Лото» «Домино».

З. Сөздік дидактикалық ойындар.

Бастауыш сыныптың қазақ тілі  пәнін оқыту процесінде дидактикалық ойындарды пайдалануда окушылардың өзіндік әрекетіне тән ерекшеліктері бар. Олар мыналар:

І.Дидактикалық ойынның мақсаты мен міндеттерін анықтау.

2.Дидактикалық  ойында  қандай тәсілді қолданудың жоспарын  түзу.

З.Жұмысты нәтижелі аяқтау үшін оқушы өзін-өзі бақылап отыруын қадағалау;

Бастауыш сынып оқушылары қазақ тілі  пәнін игеру барысында өздігінен жұмыс істеуге дағдыланбаса, оның сабақ үлгерімі жақсы болмайды. Бұл кезде окушының сабакқа деген қабілеті, зейіні төмендейді. Соның салдарынан қазақ тілі  пәніне деген қызығуы, сабақ үлгерімі нашарлап, үлгермеушілер қатарына қосылады. Сондықтан мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі-оқушылармен дидактикалық ойындарды қолдануда шеберлікпен үйрету, қолдану керек.

Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті меңеруіне ықпал етеді. Өйткені, бастауыш сынып оқушылары жас ерекшелігіне байланысты ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез сергіп, тапсырманы жылдам, дұрыс орындайтын болады.

Дидактикалық ойындар оқушыларды өз бетінше жұмыс істей білуге дағдыландырады, ойлау қабілеттерін, ізденімпаздығын арттырады, сөздік қорларын молайтуға көмектеседі.

Сабақта дидактикалық ойынды қолдану бастауыш сынып оқушыларының сол пәнге деген қызығушылығын арттырады, белсенділік танытып, бағдарламалық материалды қажетті деңгейде меңгеруіне ықпал етеді.

Информация о работе Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнінде дидактикалық ойындарды қолданудың әдістемесі