Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнінде дидактикалық ойындарды қолданудың әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Июля 2014 в 09:01, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің көкейтестілігі: Жалпы бiлiм беретiн мектептi беру мазмұнының тұжырымдамасында атап көрсетiлген мәселелердiң бiрi - окушыларыдың бiлiм сапасын арттыру делiнген. Мектеп педагогикасының басты проблемаларының қатарына олардың танымдық кызметiн қалыптастыру және жетiлдiру мiндеттерi қойылған. Бастауыш мектеп жасындағы бала психикасының дамуындағы негiзгi факторлардын бiрi - оның өзiндiк танымын кушейту болып табылады. Аталған фактордың әрекеттiк және әдiстемелiк мазмұнын балалардың психофизикалық дамуына белсендi әсер ету арқылы анықтау кажет[1]. Осындай белсендi әрекетке ойын әрекетi жатады.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................
I. Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындарды пайдаланудың теориялық мәселелері.....................................................................................8
1.1 Оқу-тәрбие процесінде дидактикалық ойындарды пайдалануды психологиялық - педагогикалық тұрғыдан негiздеу ……….........................
1.2 Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындардың түрлері мен маңызы....
II. Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнінде дидактикалық ойындарды қолданудың әдістемесі............................................................
2.1 Дидактикалық ойындарды пайдаланудың ерекшеліктері мен формалары…………………………………………………………………
2.2 Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнінің білім мазмұнын игеруде дидактикалық ойындарды қолдану әдістері………………………………

2.3 Жеке өз іс-тәжірибиемнен сабақ жоспарларының үлгілері.....................


Қорытынды …………………………………...…………………………

Пайдаланылған әдебиеттер …………………………………………………

Прикрепленные файлы: 1 файл

дайын Office Word.docx

— 184.77 Кб (Скачать документ)

Дидактикалық ойындардың тиімділігі олардың сабақтың әр кезеңіндегі орны мен міндетін, мақсатын дәл анықтауга, оны қолданудың теориясы мен практикасын бастауыш сынып мүғалімінің жетік меңгеруіне, шеберлік танытуына, ойынға кажетті материалдарды алдын-ала дайындап алуға, ойын үрдісіне оқушыларды белсенді қатынастыруға байланысты. Төмендегі жағдайда дидактикалық ойындарды пайдалану тиімділігі артады:

- егер бастауыш сынып  мұғалімі балалардың ойын әрекетін ұйымдастыру жолдарын меңгерсе;

- егер ойынның түрлі  типтерінің өзара әрекеті қамтамассыз  етілсе;

- егер бастауыш сыныптарда  қолданылатын ойындар жүйесінде  басымдылық дидактикалық ойындарға  берілсе.

Бастауыш сыныптардағы сабақтарда дидактикалық ойындарды өткен материалдарды пысықтау, қайталау, кезінде қолданған пайдалы.

Дидактикалық ойындар балалар үшін өзіне тән жүру барысы, мақсаты маңызы бар әрекет. Мұндай ойындарды ұйымдастыру қашан да екі мақсатты көздейді:

  • танымдық, яғни балада тану, іздену;
  • тәрбиелік, яғни үлкендермен немесе өз тұрғыластарымен қарым-қатынас жасағанда қажетті негізгі дағдыларды, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.

           Дидактикалық ойындарды құру  мына принциптерге сүйенеді:

  1. Балалардың іс-әрекетінде ойын - элементтері мен оқуды байланыстыру және біртіндеп қызықты, жеңіл ойындардан ойын тапсырмалар арқылы оқу-тәрбие мәселесіне көшу.
  2. Ойынның шарты мен оқу міндеттерінің біртіндеп күрделенуі.
  3. Берілген тапсырмаларды шешуде баланың ақыл-ой белсенділігінің күшеюі.
  4. Оқу-тәрбие мақсаттарының бірлігі.

Сабақта тиімді қолданылған ойын элементтері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті меңгеруіне ықпал етеді. Өйткені бастауыш сынып оқушылары жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез сергіп тапсырманы тез, әрі жылдам орындайтын болады.

Дидактикалық ойындар оқушыларды өз бетінше жұмыс істей білуге дағдыландырады, ойлау қабілеттерін, ізденімпаздығын арттырады, сөздік қорларын молайтуға көмектеседі.

Сабақта дидактикалық ойынды қолдану бастауыш сынып оқушыларының сол пәнге деген қызығушылығын арттырады, белсенділік танытып, бағдарламалық материалды қажетті деңгейде меңгеруіне ықпал етеді.

     Дидактикалық ойындардың тиімділігі олардың сабақтың әр кезеңіндегі орны мен міндетін, мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын бастауыш сынып мұғалімінің жетік меңгеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті материалдарды алдын ала дайындап алуға ойын процесіне оқушыларды белсенді қатыстыруға байланысты.

Төмендегі шарттар орындалған жағдайда дидактикалық ойындарды пайдалану тиімділігі артады:

  • егер бастауыш сынып мұғалімі балалардың оқу әрекетін ұйымдастыру жолдарын меңгерсе;
  • егер ойынның түрлі типтерінің өзара әрекеті қамтамасыз етілсе;
  • егер бастауыш сыныптарда қолданылатын ойындар жүйесінде басымдылық дидактикалық ойындарға берілсе.

Бастауыш сыныптардағы сабақтарда дидактикалық ойындарды өткен материялды пысықтау,қайталау кезінде қолданған пайдалы.

Сөздік  диктант үнемі жүрсе баланы жалықтырады, сондықтан бұл ойынды оқушылар қызыға ойнайды. Осы ойын арқылы шағын диалогты ойнатуға болады.

Бұл ойын оқушыны дұрыс мәдениетті сөйлеуге үйретеді, сөздік қорын бағалауға мүмкіндік береді. Үлкен  бір модульді аяқтаған кезде нәтиже сабақта «Қоржынды кім тез шешеді?» деген ойын ойнаймыз. Үш қатар болса (немесе 3 топ) үш қоржын дайындайсыз. Әр қоржында аударма жұмысы, сөз тіркесін құру, буынға бөлу, модулға сәйкес грамматикалық тапсырма, мәнерлеп оқу, диалог болады. Қай топ тез дайындалып, дұрыс айтып шығады (7-1О минут). Бұл ойынды мұғалім белгілі бір модуль бойынша оқушының қандай деңгейде меңгергенін тексере алады.

Қазақтың ұлттық ойындарының бір қыдыруы асық ойынынан тұрады. Асықты «Сен айт»,  Мәтінді жалғастыр ойындарында қолдануға болады. Бұл ойындар асық лақтыру арқылы жүреді де, баланы шапшандыққа, тез ойлауға дағдыландырады. Сабақта ұлттық ойын элементтерін қолдану барысында мұғалім сөздермен таныстырады, дұрыс айтуға үйретеді, салт-дәстүрді сүюге тәрбиелейді. Оқушылар көбінесе сабақта ойын түрлерінің жиі болуына  жақсы дағдыланады. 

Мысалы : жануарлар атауларын жақсы естерінде сақтап қалулары үшін мынандай ойын түрін жүргіземін «Адасқан малдар» ойыны.

Төрт түлік  малдың сүреттері  тақтада ілулі тұрады және суреттердің қасында жануарлардың өз балалары сүреттелмеген.  Сонымен  балалар төрт түлік малдың  қозысын, ботасын, бұзауын, құлынын тауып тақтаға шығып жазады. Бұл ойын балалардың тез ойлану, дұрыс жазу дағдыларын қалыптастырады. Сабақтарда қолданатын ойын элементтері оқушылардың белсенділігін арттырып, оларды ынталандырады, теориялық білімдерін практикада қолдануға үйретеді. Кез келген ойын элементі сабақта екі түрлі мақсатқа бағытталады. Оның біріншісі – оқушының сабаққа  қызығушылығын, ынтасын арттыру, тілін дамыту, екіншісі – оқушыларды тапқырлыққа баулып, зейініне, ойлау қабілетін арттыру.

Ойын элементтерін тиімді қолдану 1-4 сыныптарда өте тиімді деп ойлаймын, себебі тез жазу, оқу, мазмұндау дағдылары қалыптаспаған оқушыларды бірыңғай жаттығу жұмысы жалықтырады, ал ойын технологиясы керісінше пәнді сүюге, қызығуға ықпал жасайды.

Оқушылардың білуге деген ынтасы мен мүмкіндіктерін толық пайдалану, оларды оқу процесінде үздіксіз дамытып отыру және сабақ барысында алған білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін дидактикалық ойындарды пайдаланудың орны ерекше.

Тиімді пайдаланған дидактикалық ойындар мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, оны берік меңгеруіне көмектеседі. өйткені ойын мектепке келген оқушылардың әрекетін белсендіріп, оларды тәрбиелеп, дамытудың аса маңызды құралы болады. Ойынды педагогикалық процеске енгізе отырып, тәрбиеші балаларды ойнауға, яғни А.С.Макаренконың сөзімен айтқанда, «Жақсы ойын» жасауға үйретеді. Мұндай ойынның өзіне тән сапасы бар, ол-мазмұнының тәрбиелік-танымдық құрылымы, бейнелейтін түсініктерінің толықтығы мен дұрыстығы, белсенділігі мен ұйымшылдығы, ойынның ережелерге бағынуы.

Ойын процесінде балалардың білімі мен ұғымы айқындалып, тереңдей түседі. Демек, ойын балалардың соған дейінгі білімдері мен түсініктерін баянды етіп қана қоймайды, сонымен бірге танымды белсенді іс-әрекетінің белсенді бір формасы болып табылады. Соның барысында олар мұғалімнің басшылығымен жаңа білімді меңгереді. Ойынды ұйымдастырып, оны басқара жүріп, ұстаз балалар ұжымына және ұжым арқылы әр балаға ықпал жасайды. Ойынға қатысушы бала өзінің ниеті мен әрекетін басқалармен үйлестіруге, ойында қалыптасқан ережелерге бағынуға тиісті болады.

Педагогикалық басшылық болмаған жағдайда балалардың ойындары кейде жарамсыз ықпал жасауы да мүмкін. Сонымен бірге дидактикалық ойын балалардың танымдық дамуына әсер етеді, білімдерін кеңейтуге қажеттілігін туғызады.

Дидактикалық ойындардың өзіне тән ерекшеліктері бар. Бір жағынан – ойында ойындық әрекет негізге алынған, оның көмегімен жеке тұлғаның белгілі бір сапалары:  зейін, байқағыштық, ес, ойлау, ізденімпаздық, белсенділік қалыптасады. Екінші жағынан – ойын сабақта белгілі бір дидактикалық міндетті, жаңа материалды оқып-үйрену, өткенді қайталау, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру, білімді іс жүзінде пайдалану міндеттерін шешуді көздейді.

Оқушылардың оқу іс-әрекеті процесінде аса дайындықты қажетсінбейтін дидактикалық ойындарды пайдалану керек және олар оқытатын, үйрететін сипатқа ие болуы тиіс. Дидактикалық ойындарды ұйымдастырғанда оның сабақтың мақсатына жетуге көмектесетін жағын ескеру маңызды. Оларды сабақтың әрбір кезеңіне сәйкес дұрыс пайдалану да өте тиімді. Сабақтың басында ойын баланың қызығушылығын оятады, оны ұйымдастырады, сабақтың ортасында ойын тақырыпты меңгертуге бағытталады, сабақтың аяғында ойын ізденіс сипатына ие болады. Бірақ ойын сабақтың қандай кезеңінде ұйымдастырылса да, қызықты, түсінікті болуы оқушыларды іс-әрекеттің әр түріне баули алуы тиіс.

Әдіскер – ғалым Ж.В.Арутюнян сынып оқушыларына математиканы оқытуда ойында қолдану әдістемесін жасады. Ол «оқытуда ойынды қолдану әдістемесін компоненттердің белгілі бір жүйесінің жиынтығы», - деп түсінеді. Оның негізгі компоненті ретінде ойынның мақсатын алады. Оған байланысты жүйенің басқа компоненттері қарастырылады: мазмұны, ұйымдастыру формасы, ойын түрлері, ойын құралдары, сонымен бірге олардың өзара байланысы.

ОЙЫНДЫ ПАЙДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Ойынның нақты мақсаты

Мазмұны         Құралдары

Ұйымдастыру формасы     Түрлері

Бұл жүйені мектептің оқыту процесінде басшылыққа алуда мұғалімге әдістемелік талаптар қойылады.

Мұғалімге қойылатын бірінші талап-ойынның нақты мақсаттарын түсіну және білу болып табылады, ойынның негізгі мақсаттары төмендегідей:

- Оқушылардың әрбір пән  бойынша меңгеруге тиісті білім  мөлшерін саналы түрде игеріп, оқушылардың іске икемділігін  қалыптастыру;

    • бала қабілетінің қырларын жан-жанқты дамыту;
    • ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту;
    • еңбек, дене тәрбиесін жетілдіру, оның өмірге көзқарасын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, әстетикалық талғамын арттыру.

Екінші талап – ойынның мазмұнын анықтау. Мұнда қажетті шарт-ойынның көмегімен жүзеге асырылатын деректі оқушының жас ерекшеліктеріне, бағдарламалық талаптарға, нақты мақсатқа сәйкес дәл білу болып табылады.

Ойынның мазмұны тек пәндік мақсаттар ғана емес, оқу әрекетінің іскерліктерін қалыптастыру, бейнелік және логикалық ойлауды дамыту мақсаттарын да жүзеге асыруды қамтамасыз етуі қажет. Ойынның мазмұнына қойылатын негізгі талаптардың бірі ойынды және оның түрлерін ұйымдастырудың мүмкін формаларын есепке алу болып табылады.

Ойынды ұйымдастыру формаларына қойылатын талаптар: (ұжымдық, топтық және даралық таңдау) ең алдымен оқушылардың ойлауының даму деңгейін, коммуникативтік іскерліктерді (оқу, жазу), қарым-қатынас іскерлігін қалыптастыру деңгейін нақты есепке алу негізінде анықталады 6-7 жасар балаларға тән көрнекті-әрекеттік және көрнекі-бейнелік ойлаудың даму ерекшеліктерін сүйене отырып, біз топтық немесе дара ойындарды пайдалану тиімді деп есептейміз. Мұндай жағдайда мұғалім әрбір оқушы арқылы ойынның мақсатын жүзеге асыруды қамтамасыз ете алады. Ол үшін ойынға қатынасушыларды қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету маңызды. Бұл тапсырмалар жазылған карточкалар, сюжетті суреттер, жинақтар, т.б.с. болуы мүмкін. Ойынды ұйымдастыру формасына оның түріне байланысты болу керек.

Ойынның құралдарына қойылатын талаптар ойынның мақсаты, мазмұны және формасы арқылы анықталады. Бұл жағдайда ойынға қатысты әрбір зат (ойыншықтар, материалдар, т.с.с.) оқушыларға жақсы таныс болуы керек.

Дидактикалық ойындарды ұйымдастыру мен жүргізу педагогикалық тұрғыдан бірқатар шарттарға байланысты:

  1. Ойынның сабақтың дидактикалық мақсатына сәйкестігі.
  2. Ойындардың мазмұны мен формасына қарай әртүрлілігі.
  3. Ойынға қатынасушылардың белсенді шығармашылық позициясы.
  4. Ойынның балаларға түсінікті және тартымды болуы.
  5. Ойынның әмоциональды болуы.

Осы шарттардан ойынды ұйымдастыруға мынадай әдістемелік талаптар қойылады:

  1. Ойынның мақсаты және керекті көрнекті құралдар мен материалдар күні бұрын дайындалып отыруы тиіс.
  2. Ойынға кірісер алдында оның  жүргізілу тәртібі оқушыларға әбден түсінідірілуі қажет.
  3. Ойынға сыныптағы оқушылардың барлығының қатысуын қамтамасыз ету керек.
  4. Оларды ойын үстінде ойлай білуге, шешім қабылдай білуіне желеу керек.

Бағдарламалық материалға сәйкес мұғалім мазмұны жағынан әртүрлі дидактикалық ойындарды-саяхат-ойындарын, тапсырма-ойындарды, жарыс-ойындарды, әңгіме-ойындарын, танымдық іс-әрекеттің сипатына қарай әртүрлі ойындарды-орындаушылық іс-әрекеті талап ететін, қайта жаңғырту әрекеті орындалатын, бақылау әрекетін, ізденушілік әрекетті көздейтін ойындарды пайдаланады. Содан кейін мұғалім ойынның сабақ құрылымындағы орнын және оны жүргізу әдістемесін анықтайды.

Дидактикалық ойындарды таңдап алу, оларды дұрыс өткізу мен ұйымдастыру – оның табысты болуының шешуші шарттары. Ойынды оқу әрекетіне енгізу, (бірден сабақта қолайлы) біріншіден сабақта қолайлы жағдайдың болуы, екіншіден мұғалімнің шеберлігін, үшіншіден оқушылардың психологиялық көңіл-күйінің болуын талап етеді.

Дидактикалық ойындардың тиімділігі олардың сабақтың кезеңіндегі орны мен міндетін және мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасының мұғалімнің жетік игеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті материалдардың жиынтығын алдын-ала дайындап алуға, ойын процесіне оқушыларды белсенді ұйымдастыруға байланысты.

Дидактикалық ойындардың қайсысын болмасын өткізу барысында оқушылар түрлі іс-әрекеттерді орынайды. Дегенмен олардың қандай да бір іс-әрекеттің басым орындалуына орай топтастыруға болады. Демек, ойын барысында орындалатын негізгі іс-әрекеттерді анықтап, оның түрлерін іс-әрекетке орай алмастырып отыруға түра келеді. Кейбір дидактикалық ойындарда оқушылардың орындаушылықпен (берілген үлгіге еліктей отырып), біршамасында еске түсіруімен, (қайта жаңғырықтандырумен) байланысты, қайсы бірінде тексеру мен бақылау, өзгерту, түрлендіру, әртүрлі мүмкін варианттарды іздестіру сияқты іс-әрекеттер орындайды. Ойын әлементтерін пайдалану нәтижелі болу үшін осы сияқты іс-әрекеттерді алмастыра отырып дидактикалық ойындардың өзгермелі болуын да жүзеге асыруымыз керек.

Информация о работе Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнінде дидактикалық ойындарды қолданудың әдістемесі