Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнінде дидактикалық ойындарды қолданудың әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Июля 2014 в 09:01, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің көкейтестілігі: Жалпы бiлiм беретiн мектептi беру мазмұнының тұжырымдамасында атап көрсетiлген мәселелердiң бiрi - окушыларыдың бiлiм сапасын арттыру делiнген. Мектеп педагогикасының басты проблемаларының қатарына олардың танымдық кызметiн қалыптастыру және жетiлдiру мiндеттерi қойылған. Бастауыш мектеп жасындағы бала психикасының дамуындағы негiзгi факторлардын бiрi - оның өзiндiк танымын кушейту болып табылады. Аталған фактордың әрекеттiк және әдiстемелiк мазмұнын балалардың психофизикалық дамуына белсендi әсер ету арқылы анықтау кажет[1]. Осындай белсендi әрекетке ойын әрекетi жатады.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................
I. Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындарды пайдаланудың теориялық мәселелері.....................................................................................8
1.1 Оқу-тәрбие процесінде дидактикалық ойындарды пайдалануды психологиялық - педагогикалық тұрғыдан негiздеу ……….........................
1.2 Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындардың түрлері мен маңызы....
II. Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнінде дидактикалық ойындарды қолданудың әдістемесі............................................................
2.1 Дидактикалық ойындарды пайдаланудың ерекшеліктері мен формалары…………………………………………………………………
2.2 Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнінің білім мазмұнын игеруде дидактикалық ойындарды қолдану әдістері………………………………

2.3 Жеке өз іс-тәжірибиемнен сабақ жоспарларының үлгілері.....................


Қорытынды …………………………………...…………………………

Пайдаланылған әдебиеттер …………………………………………………

Прикрепленные файлы: 1 файл

дайын Office Word.docx

— 184.77 Кб (Скачать документ)

1.Оқулықтағы  материалдың мазмұнын талдау;

2.Ең негізгі мәселені  айыра білу;

3.Салыстыру.

4.Топтастыру

5.Жүйелеу

6.Схемалар

Бастауыш сыныпта окушылардың мұңдай тәсілдерді меңгеруі оны жан-жақты дамытады, оқуға деген көзқарасын өзгертеді.

Қазақ мектебі өз халқының болашағының негізін қалауы тиіс. Сондықтан бастауыш мектептегі білім мазмұнында қазақтың, халықтық ұлттық ерекшеліктері орын алуы тиіс.

Бастауыш    мектептегі    оқу    процесін демократияландыру, ізгілендіру принципін оқушылардың белсенділігін арттыру оқу-тәрбие бірілігінде ақыл-ой, еңбек, эстетикалық бірлігін негіздей отырып дидактикалық ойындарды пайдаланудың жоларын қарастыру қажет.

Оқыту ісі білім берумен қатар оқушылардың танымдық қабілеттерін, логикалық ойлаудың дамытуға дидактикалық ойындарды пайдаланудың маңызы зор.

Бастауыш сыныпта білім берудің мақсатын айқындау үшін Ж.Аймауытовтың мына сөздерін еске алған жөн: "Мектеп бітіріп шыққан бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен ашылған саналы ақыл көзімен қарай білсе, білімендірудің көздейтін түпкі мақсаты-ойындарды, соның ішіңде дидактикалық ойыңдарды қолдану болып табылады". Мектепте осы бағытта баланың келешекте жетілуіне, ойлауына негіз бола алады [29].

Білім беру - қоғамдық процесс, ол арқылы алдыңғы ұрпақтың әлеуметтік маңызды тәрбиесі кейінгі ұрпакқа беріледі. Бастауыш сыныпта қазақ тілі  пәнін оқыту барысында дидактикалық ойындарды қолдануда оқушыларда қызығулар туады. Оқушылардың білімін жетілдіруде дидактикалық ойындардың өзіндік ерекшелігі бар. Ол үшін мұғалім мынандай міндеттерді білуі, оны орындауы қажет.

1.Оқушылардың  дидактикалық ойындардың мазмұнымен  толық түсіну.

2. Дидактикалық ойындарды  орында да мақсаты мен міндетін  толық түсіну.

3..Дидактикалық ойындарды орындауда ептілік дағдының 
қалыптасуын байқау.

Бастауыш сынып оқушылары дидактикалық ойындарды орындап шығуда мына шарттарды білгені жөн.

1. Дидактикалық ойындардың мақсатын айқын түсінуі.

2.  Дидактикалық ойындардың дұрыс орындалуы, оның нәтижесіне қызығуы.

З. Дидактикалық ойындарды қалауымен, қызығуымен нәтижелі орындауы.

Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындарды қолдануда мынадай талаптар қойылады.

- жұмыстың көлемін, сапасын арттыруға көңіл бөлу;

-дидактикалық ойындардың  түрлерін басқа дидактикалық  материалдармен ұштастыра білу;

- оқушының ойлау қабілетін, белсенділігін жүйелі түрде дамыту;

- дидактикалық материал мазмұнын күнделікті өмірден алу;

- дидактикалық ойындар табиғат пен қоғам дамуының зандылықтарын нақты фактілер мен құбылыстарды өздері талдап, түсінуге үйрену;

- дидактикалық ойындар негізінде алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;

- сабақ барысында дидактикалық ойындарды қолдану барысында еңбек ету дағдысын қалыптастыру;

Енді осы шарттарға сүйене отырып дидактикалық ойындарды сабақта, мұғалімнің жаңа материалды баяндауын талдауын және сабақта мүғалімнің оқулықтан берілетін тапсырманы орындалуы кезінде қолдануға болады.

Оқушылар сабақ үстінде де, үйде де дидактикалық ойындарды мұғалімнің немесе ересектермен бірге, басшылығымен ғана тиянақгы, нәтижелі орындай алады. Сондықтан бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнін оқыту барысында дидактикалық ойындарды ұйымдастыруда білім нәрін себетін басты тұлға - ұстаз.

Ұстаз білімді, тәжірибелі шебер болса ғана шәкірттері нағыз тіршіліктің тынысын байқай алады.

Ұлы педагог В.А.Сухомминский оқушылардың өз бетінше орындайтын жұмысты ұйымдастыруға да дидактикалық ойындардың рөліне ерекше мән берген. Ол былай деді "Оқушылар кітапқа, ғылымға қызығып, өз еркімен, өз ықыласымен журналдар, ғылыми-көпшілік әдебиеттерді оқитын болса, дидактикалық ойындарды орындап шешуде еш қиналмай жақсы орындап шығады." Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнін оқыту барысында дидактикалық ойындарды пайдаланудың маңызы зор [3О].

Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындарды қолдануда оның мазмұнына, ұйымдастыру формасына қарай бірнеше топқа бөлуге болады.

1.ұлтық ойындар

2.дидактикалық ойындар

3.қимыл-қозғалыс, спорттық  ойындар

Ойын-баланың қажетті әрекетінің бірі. Ойында бастауыш сынып окушыларының табиғаты қажет етеді. Балалардың оқуы, еңбегі ойыннан басталады. Ойын оқушылардың оқу әрекетін жандандырып, окуға деген ынтасын арттыратын маңызды құрал. Бала өміріндегі ойынның маңызы туралы былай деп жазды: "Ойын дегеніміз-орасан зор жарық терезе, осы терезе арқылы баланың рухани дүниесіне қоршаған дүние туралы түсініктердің, ұғымдардың, ширақ тасқыны келіп кұйылады. Ойын дегеніміз-бұл ынталылық пен құмарлықгың отын жағатын ұшқын "

Бастауыш сыныпта ұлттық ойындар мен дидактикалық ойындардың сабақгарда кеңінен қолданудың маңызы зор. Әсіресе өткен материалды пысыктау, қайталау кездерінде ойынды қолдану  пайдалы.    Мысалы    мұғалімдер    грамматикалық   математикалық логико, домино ойындарын саяхат, почта, санамақ, тоғыз құмалақ сиякты өзіндік   ережесімен ойнау тәртібін    біліп ролдік сипатын сақтап, дұрыс ұйымдастыра білу қажет.

Мұғалім дидактикалық (материалды) ойындарды қолданған да әдістемелік мәселелерге ерекше көңіл бөлу керек. Ең алдымен оқушыларды сабақ барысында дидактикалық ойындарды қолдану түрлерін арттыру керек.

Сабақ барысында мына шарттарды орындап отыру көзделсе, онда дидактикалық ойындарды пайдаланудың жолдары қалыптасады.

Бірінші шарт - сабақта дидактикалық ойындарды қолданудың тиімді жолдарын қарастыру.

Екінші шарт - ұжымдық, топтық түрде дидактикалық ойындарды орындау.

Үшінші шарт - жеке оқушының өз бетінше дидактикалық ойындарды орындау қабілеті қалыптастыру.

Бастауыш    сынып    оқушыларымен    дидактикалық    ойындарды қолдануда мынандай ережелерді есте сақтау қажет.

1. Дидактикалық ойындарды  қолдануда талаппен, ережені орындау  қажет.

2.Дидактикалық ойынды  пайдалануда дұрыс түсіндіруді  қажет етеді.

З.Дидактикалық ойынды пайдаланып оны орындауда жүйемен, накты орындау қажет.

4. Дидактикалық ойындарды орындау барысында мұғалімнен кеңес, ақыл сұраудың пайдасы бар.

5. Дидактикалық ойынды пайдалану, орындау кезінде асықпай, ойланып жұмыс жасау керек.

Ұстаз-ұрпақ тәрбиелеп өсіруші қоғам сенген өкіл. Ұстаздың қызметтің қыры мен сыры мол, сан қилы және әр тарапты. Ол-әдіскер де, білімдар және өз ісін жетік білетін маман.

Бастауыш сыныпта дидактикалық ойынды пайдаланудың маңызы ерекше. Дидактикалық ойынды қолдануда қабілеттің рөлі зор. Соңдықтан баланың бойында өзіндік психологиялық қасиеті, қабілеті болады.

Ұстаздың оқушыларға білім беруі, дидактикалық ойынды ұйымдастыруы қабілеттің жемісі болып табылады.

Бүгінгі күннің талабына сай ұрпақ тәрбиесінің мазмұнын, әдіс-тәсілдерін, дидактикалық ойындарды ұйымдастыру  оны бір жүйеге келтіру мұғалімнің алдына қойған мақсаттарының бірі.

Бастауыш сынып оқушыларын жан-жақты сауатты, білімді етіп тәрбилеуде дидактикалық ойындар өз үлесін қоса алады. Мектеп өмірі-балаларға жаңа әлемді ашып береді. Бұл тұрғыда бастауыш мектептің негізгі міндеттері - баланың жеке басының қалыптасуын қамтамасыз ету, оқуға деген ынтасын, іскерлігін, қабілетін, зейінін қалыптастыру.

Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындарды ұйымдастырудың танымдық және тәрбиелік мәні зор. Оқыту барысының нәтижелі болуы мұғалімнің шеберлігіне, іс-тәжірибесіне де байланысты болады. Оқыту процесінде әдіс-тәсіл оқытушы мен оқушы арасындағы жұмыс түрлеріне байланысты болып келеді. Мектептегі оқыту процесі оқыту әдістері арқылы жүзеге асады.

Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнін оқытуда практикалық, өзіндік жұмыс, зерттеу әдістері ерекше орын алады.

Бастауыш сынып мұғалімдері жеке пәндерді оқыту барысында академик Ю.Н.Бабанский өзінің "оку-тәрбиесін оптималдандыру" деген еңбегіңде әдістерді үш топқа бөлген.

1.Оқушылардың  ой-таным қызметін ұйымдастыру  әдістері;

2.Оқушылардың  оқу-таным қызметін көтермелеу  әдістері;

3.Оқу-таным қызметінің  тиімділігін бақылау әдістері

Әр топ бірнеше оқыту әдістерінен тұрады. Мысалы: 1 топқа оқыту әдістеріне мыналар жатады:

    1.Сөздік (әңгіме, пікірлесу)

    2.Көрнекілік (суреттеу, мүсіндеу, портрет)

    3.Практикалық (өздігінен орындалатын  жұмыстар) Әр топтағы әдістемелердің өз ерекшелігі бар.

Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындарды пайдалану барсыңда да осы әдістерді қолдануға болады.

Мысалы: зерттеу әдісі: мүнда мұғалімнің берілген білімінің ғылымилығын арттыру, қосымша материалдармен байыту, толықтыру, өз бетімен проблема шештіру.

Оқушыларға өздігінен проблема шештіру, олрды ойлануға ізденуге ұмтылдырады.

Қазақ тілі пәнін оқыту барысында дидактикалық ойындарды қолдануда оқыған материалдардың мазмұнына, сипатына, мәніне көңіл бөлу қажет. Ол үшін бастауыш сынып оқушылары мәтінді дұрыс түсіну үшін мынандай жұмыстар жүргізуге болады.

1. Материалдың  мазмүнын қабылдауға психологиясын  дайындау.

2. Материалдың (мәтіннің) мазмұнына байланысты сөздік 
жұмыстарын жүргізу

3.Мәтінді, шығарманы оқып  түсіну

4.Мәтіннің жоспарын түзу

5.Әңгіме немесе мәтіннің  мазмұнын айту

6.Мәтіннің мазмұны бойынша  дидактикалық ойынды орындау  шығармашылық қабылеттері.

Бастауыш сыныпта қзақ тілі пәнін оқыту барысында жаңа сабақты түсіндіру шығарма, мәтінді таныстырады, сол кезде окушыларды психологиялық дайындау қажет. Себебі шығарманы оқыған кезде оқушыға елес туады. Оқылатын әңгіменің мазмұнына қызығу, түсініксіз сөздерді түсіндіру арқылы істелінетін жұмыстың барысына түсінік беріледі.

Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнін оқыту барысында дидактикалық ойындарды орындаудың нәтижесінде оқушылардың дербестігі, дағдысы, өзіндік жұмысты орындау қабілеті артады. Оқушының үйдегі жұмысын сабақтағы тапсырма жалғастырып, толықтырып отырғанда ғана, оқушылардың алған білімдері терең тиянақты қалыптасады.

Оқушының үйдегі орындалатын өзіндік жұмысының тәрбиелік мәні бар:

а) тапсырманы күнделікті өздігінен орындауды еңбекқорлыққа, ой еңбегімен айналысуға баулиды.

ә) ой еңбегімен шүғылдануға, тапсырманы тиянақты орындауға үйретеді.

б) дидактикалық материалды орындауда өзіндік жұмыстың маңызы

в) үйге берілген тапсырмалар өмірмен, іс-тәжірибемен 
байланысуы;

г)  баланың қызығуы, қабілетінің орнауы;

д) берілген тапсырмалар шығармашылық сипатта болуы; 
ж) баланың жас ерекшелігін ескере отырып ұйымдастыру;

 з) тапсырманы толық, аяғына  дейін орындауға баулу;

и) дидактикалық ойындарды пайдалануда окушылардың өзін-өзі қадағалау.

Оқыту процесінде дидактикалық ойындарды қолдану өз алдына дербес практикалық буын болып табылады.

          Оқушылардың рухани дүниесін  ізгілендіруде, рухани жағынан дамытуда  дидактикалық  ойындарды кеңінен  қолдану мол мүмкіндік береді.

Себебі, дидактикалық ойындарды ойнау барысында оқушылар өздерін еркін сезінеді, өз ойларын қысылып қымтырылмай жеткізеді. Мұның өзі оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерінің дамуына, рухани жан дүниесінің толысып жетілуіне зор ықпал етеді.

Оқушы тұлғасының дамуына айтарлықтай ықпал жасауды дәстүрлі мектеп іргесінде іске асыру – қазіргі кездегі білім беру жүйесінің дамуындағы елеулі бағыт. Яғни, мемлекеттік білім беру стандарты бойынша, базистік оқу жоспарына негізделген, сыныпты-сабақты ұстанымын сақтайтын, бірақ үнемі өзгерістегі, заманға қарай икемделудегі білім жүйесі және психологиялық-педагогикалық жетістіктерге ашық мектеп болуы керек.

Оқушы тұлғасының дамуына масималды себептер болу үшін дамыта оқыту идеясы бойынша  ұстанымдар  жүйесі  қалыптасқан.  Соның ішінен сабақ беруде басшылыққа  алып, қолдануға  ыңғайлысын келтіре кетейік.

  1. Оқыту үрдісінде танып – білу арналған материалға және оны игеру уәжіне оқушының қызығуын тудыру.
  2. Мұғалім білім беру мазмұнын өңдеп жоспарлағанда оқыту үрдісін оқушы есептің шешуін табу, не басқа оқу  мәсілесін шешу барысында өзінің өзекті даму аймағына сүйенетіндей етіп,  ал  нәтижесін оның  жақын даму аймағына әкелетіндей етіп жасау керек. Басқаша айтқанда , оқыту үрдісі оқушының өзіне  берілген есепті шешу барысында оны шешуге  қабілеті, білімі жеткендіктен оны ұжымдық талқылап,  ойланып, гипотеза ұсынып,  оны тексеруіне, қосымша әдебиеттермен жұмыс істеуіне  негізделуі қажет.
  3. Оқушының тиімді даму жолдарын ашу үшін олардың әрқайсысының «жеңістік жағдаятын» алдын-ала ескеру қажеттігі туады,  яғни оларға өз  күштерімен шығара алатын  есептер мен атқара алатын оқу тапсырмаларын беру керек. Сонда бала өзін жеңімпаз, қиын  шыңды басып өтуші,  меншікті жеңісті иеленуші ретінде сезінеді.
  4. Жұмысты тексеруде баға оқушының жеткен нәтижесіне емес, оның еңбегінің мөлшеріне сәйкес қойылуы керек.
  5. «Сырттағы» білімді «іштегі» білімге алмастыруға арналған іс-әрекеттер  тізбектерін  алдын-ала болжау қажет. Бұл нәтижеге топтық талдау, пікірталастар және т.б. жеткізеді.
  6. Дамыта оқыту үрдісінде білім дайын берілмеуі тисі, оқушы білім тереңіне қарқынды ой еңбегін қажет ететін тапсырманы орындау арқасында өзі жетуі керек.

Информация о работе Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнінде дидактикалық ойындарды қолданудың әдістемесі