Бастауыш сынып оқушыларында шығармашылық қабілетті қалыптастырудың теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2015 в 17:53, реферат

Краткое описание

Әрбір қоғамның әлеуметтік – экономикалық даму деңгейі, сол қоғамдағы жеке адамның шығармашылық потенциалына байланысты. Олай болса, егеменді еліміз Қазақстанда шығармашылық жеке адамды дайындау қажеттігі туындап отыр. Қазіргі кезде қоғамдағы қарқынды өзгерістер жыл сайын жаңа өмір салтын құруда. Осыған орай, қоғамның жаңа талап-тілектері мен әлеуметтік сұранысын қамтамасыз ету мақсатында творчестволық тұрғыда ойлаушы, тәуелсіз жеке адамды, дербес шешім қабылдауға бейім ұрпақты тәрбиелеу – бүгінгі күнде аса маңызды мәселе болып отыр. Шығармашылық жеке адамды қалыптастыру педагогикалық психология ғылымының кейбір жақтарын жаңаша қарауды талап етеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

КУРСОВАЯ ПСИХОЛОГИЯ.docx

— 64.52 Кб (Скачать документ)

А.М.Матюшкин дарындылықты, таланттылықты, творчествоның көрінуімен, творчестволық адамның функциялануымен. өзіндік творчестволық іс-әрекеттің ерекшеліктерімен міндетті түрде байланыстыруды аса қажет деп есептейді.

Қабілет, дарындылық, талант мәселесін шешудің эмпирикалық негізін салушы, әрі осы күнге дейін қолданып жүрген оның зерттеу әдістері мен әдістемелерін ұсынған Гальтон болды. Оның айтуы бойынша қабілеттің детерминациясы – тұқымқуалаушылық пен ортаның сәйкестігі және жалпы қабілет пен арнайы қабілеттің өзара байланысы – қабілеттің дамуының негізі болып табылады.

Н.С.Лейтес дарынды балаларды зерттей келе, олар еңбекке тартымдылығымен өзгешеленетін және «еңбектен қанағаттануды сезінетін нағыз кішкентай еңбекқорлар болып табылады», - деп көрсетеді. Барлық қабілеттің түрлерінің дамуын қамтамасыз ететін ең негізгі фактор – іс-әрекет, олай болса, балалардың негізгі іс-әрекеті – ойын әрекетін белсендіре отырып, творчестволық қабілетін дамытуға болатындығы дәлелдене түседі. Баланың айнала қоршаған ортамен өзара әрекеттесуі көбінесе өзі үлгі тұтатын мұғалімдері мен ата-аналары болғандықтан, ересектердің бала қабілетінің дамуына әсері ұшан-теңіз.Сондықтан шығармашыл жеке адамды қалыптастыруда шығармашыл ұстаздың психологиялық дайындығы жоғары деңгейде болуы тиіс. Осыған орай мұғалімнің оқу барысында арнайы оқу жүйесін ұйымдастыру аса маңызды бола түседі.

Дамудың жас кезеңдері барысында, әсіресе, соның ішінде – жалпы қабілеттің алғы шарттарының әртүрлі жақтары - әрбір балалық шақта - өзіне тән нақты жақтары болатындығына негіздеме бар. «Жалпы қабілеттің қалыптасуы үшін, тек ақыл-ой деңгейі ғана аса қажет емес, сондай-ақ оқу-тәрбиелік әсердің де, жас кезеңдерінде де мәні зор», - деп көрсетеді Н.С.Лейтес.

Қабілет мәселесіне байланысты әдебиеттерге шолу жасау арқылы оның дамуының төмендегідей тарихи кезеңдік сатыларын байқауға болады:

  • Қабілетті туа біткен және интеллектуалды құбылыс деп құрастыратын түсініктердің қазіргі кездегі жеке адамның құрылымы ретінде, оның дамуына табиғи және ортаның әсері бар деп қарастыратын жаңа теориялық концепцияларға енуі де көп жағдайды айтады.
  • Қабілеттің негізгі компоненті ретінде жоғары интеллект және творчество – жеке адамның мүмкіншілігін көрсетуді, өзін-өзі іске асруды қамтамасыз ететін даму көрсеткіші болып табылады.
  • Қабілеттің негізінде творчестволық потенцияла, оның таным мотивацияларының басымдылығымен, психикалық процестердің жылдам дамуымен, творчествоға ынталылығымен, жаңа бейне құра алуға икемділігімен сипатталынатын түсіндірме концепциялары алынады.
  • Қабілет – адамның өмір сүру барысында іс-әрекетте дамиды, осыған сәйкес қабілеттің дамуына әлеуметтік орта арнайы жағдайлар құру арқылы оның жедел дамуына әсер етуге болатындығын дәлелдейтін ой-пікірлер болып табылады.

Шығармашылық іс-әрекеттің бірнеше белгілерін атап кетсек: таныс объектіден жаңа функция көре білу, зерттеуге жататын объектінің құрылымын көре білу, альтернативті шешімді көре білу және оны іздестіру, проблеманы шешудің бұрынғы танымалы тәсілдерін жаңа тәсілге қиылыстыру, басқа танымалы шешімнің айрықша тәсілін құра білу болып табылады.

Шығармашылықтың дамуында интеллектуалдық, қарым-қатынас және тапсырмаларды шешу жүзеге асырылады. Бала өзінің бос уақытының көп бөлігін ойынмен өткізеді. Олардың бірқатары шығармашылық қабілеттің дамуына әсер етуі мүмкін. Біздің қалай ойнайтынымыздың да мәні зор. Ойын барысында шығармашылық элементтерді қолдану арқылы, кез-келген ойын затына шығармашылық танымдық сипатта жүзеге асыру арқылы балалардың ойынында шығармашылық қабілетті дамытуға болады.

Шығармашылық механизмі туралы айтқанда, бұл шығармашылық қабілетті зерттеуді өзімен ілестіре жүреді.

Психология ғылымында қабілеттің үш концепциясы қалыптасқан. Оның бірі – қабілет толығымен әлеуметтік орта және тәрбиеге байланысты анықталады. Біршама дұрыс концепция – қабілеттің үшінші концепциясы. Оның өкілдері Б.М.Теплов, В.А.Крутецкий, Я.А.Пономарев концепцияларында кез келген адам белгіл бір нышанмен туылады, дегенмен табиғи күштер мен нышан, қабілеттің дамуы үшін әлеуметтік қолайлы жағдай қажет деп көрсетеді. Үшінші концепция табиғилықтың мәнін жоққа шығармайды, сонымен бірге қабілеттердің әлеуметтік тарихи сипатын ашып көрсетеді. Біз өзіміздің жұмысымызда осы концепцияны басшылыққа ала отырып, бастауыш мектеп оқушыларына әлеуметтік қолайлы жағдай құру арқылы олардың шығармашылық қабілетін дамытуға болатынын дәлелдеп отырмыз.

Д.Маймонның және тағы басқа зерттеушілер креативтіліктің дамуына еліктеу объектісі болып табылатын шығармашылық сипаттағы үлгі және жағымды жағдай жасау әсер етеді деп көрсетеді. Бастауыш мектеп жасындағы балаларда шығармашылық қабілетті дамытуға бағытталған біздің зерттеуіміздегі педагогтармен жүргізілген жұмыстарымыздың негізі де осы тұжырымдамадан алынды.

Қабілеттің дамуы мен қалыптасуына оқу мен тәрбие ерекше орын алады. Шығармашылық белсенділіктің даму барысы балалардың жас ерекшелік мүмкіншіліктеріне және іс-әрекет сипатына байланысты. Л.С.Выготский өзінің зерттеулерінде оқу мен тәрбие дамуды өзімен бірге сүйреп жүретін және дамудың алдында ілгері жүру деп оқу мен тәрбиенің негізгі ролін көрсетті.

Білімдерді меңгерудің екі жолы бар, олардың әрқайсысынан таным процестерінің сипаты анықталады. Бір жолы жаңа білімді өз бетінше алуға әкеп соғатын іс-әрекеттің белсенді қалыптасуына бағытталған: баланың заттар арасындағы байланысты байқауынан бастап бұрын ешкімге танымал болмаған заңдылықтарды көрсету және алдыңғы өнер табыстарына дейінгі жаңа білім. Екінші жолы – дайын бейнелер мен эталондарды меңгеруінде құрылатын қайта жаңғыру іс-әрекетіне бағытталған. Бірінші жағдайда шығармашылық продуктивті процесс туралы айтылады. Шығармашылық өлшемі ситуацияның жаңалығына, жаңадан қайта жасап шығару құралдары мен тәсілдеріне, алынған нәтиженің айрықшалығына байланысты болады.

Таным процесінің шығармашылық жолы – жеке адам өзінің шығармашылық мүмкіншіліктерін көрсетуге қажетті негізгі жағдай ретінде ішкі танымдық мотивация болып табылады. Жеке адамның шығармашылық мүмкіншіліктеріне: шығармашылық процестің ізденіс механизмі, мәсеені айқындауға осы мүмкіншілітердің өзі, айрықша шешім іздестіру, образды ойлауды өзіндік реттеу жатады. Мұның бәрі де қиял бейнелерінен туындайтындығы белгілі. Олай болса, шығармашылық қабілеттің дамуы – шығармашылық тапсырмаларды шешу қиялдың негізінен жасалады. И.М.Розете зерттеулері бала үшін сыртқы әлем туралы білім әлі жеткіліксіз болғандықтан, таңқаларлық әрі өткір ойлы және күтпеген нәтижелі бейнелерді құруын жеңіл қолдана алады.

Шығармашылық қабілетті дамыту мәселесі бойынша әдебиеттерге шолу нәтижесінде мектеп жасына дейінгі балаларда шығармашылық қабілетті дамыту мәселелері терең қаралғанмен, бастауыш мектеп жасындағы баланың шығармашылық жеке адам ретінде даму концепциялары жоқтың қасы деген тұжырымға келдік.

Осыған орай шығармашылық қабілеттің даму мәселесін ғылыми тұрғыда зерттеу барысында көптеген еңбектерден аңғарғанымыз, баланың шығармашылық қабілетінің дамуының ең нәтижелі кезеңі 3-5 жас деп көрсетеді. Ал біздің зерттеу жұмысымыз мектеп өмірінің алғашқы жылдарында да осы нәтижелі дамуды балада шығармашылыққа деген орнықты мотивацияны қалыптастыра отырып жалғастыруға болатындығын көрсетіп отырмыз.

Көп жағдайда шығармашылық қабілет жағдайында немесе шығармашылық таным мәселесі бойынша жеке қаралған, мұны тұтастай бір комплексте қарау көп ескеріле бермейді. Осыған байланысты біз өз зерттеу мақсатымызды бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетінің дамуы мен интеллектуалды дамуының өзара байланысын және шығармашылық танымдығы негізгі жеке бастық құрылымдардың байланысын ашу арқылы, олардың шығармашылық қабілетін дамытудың психологиялық ерекшеліктерін анықтау деп алдық.

Оқыту үрдісінде балалардың шығармашылық қабілеттілігінің дамуына жағдай жасау – мемлекеттік білім беру стандарттық бағдарламасын іске асрудың негізгі құралы.

Ж.Аймауытов өз еңбектерінде «жақсы қойылған сұрау, жақсы жауап тілейді» дей отырып, балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға байланысты жақсы тапсырмалар мен жақсы сұраулар қойылса, соған сәйкес бала қабілеттіліктің жан-жақты әрі мәнді көрінуіне әсерін тигізетіндігін дәлелдейді. «Оқыту адамдардың табиғатына қарай болсын» деп айтылған ойы бар бала бойындағы қабілет құрылымы, бағыты, жүйесіне орай тапсырмалар беру – баланың білімді тез әрі жеңіл меңгеруіне, қабілеттің ақындылығына себепші болады.

«Кітаптан өмірге емес, өмірден кітапқа қарай жылжысын» деген ойынан бала мектептегі оқу бағдарламасынан алған білім жүйесін, өмірде білімді қолдана алуға, қоғамға пайда келтіретін жаңа ұсыныстар мен ой қорытындыларын шығара алуға, жаңа бейне жасауға бейім болу қажет деп түсінуге болады.

Балалар психологиясында әрбір жас кезеңдерінде, әсіресе, бастауыш мектеп кезеңіндегі психикалық даму ерекшеліктері – педагогикалық тәлім-тәрбиелік іс-әрекеттерді ұйымдастыру мәселелеріндегі толғантатын жәйт.

Еліміздің болашақ елеулі азаматын, кәсіби шығармашылық тұрғыда жан-жақты жетілген жеке адамды даярлауда – кіші мектеп кезіндегі оқу үрдісін тиімді ұйымдастырудың алатын орны ерекше екеніді даусыз. Сондықтан бала бойындағы шығармашылық қабілеттің жандануына жол ашу, жағдай жасау керектігі жайында ғұлама психолог – педагог ғалымдардың еңбектерінде ерте кезден-ақ баяндалып жүр.

Білім негізі бастауышта қаланатын болғандықтан, ендігі кезекте бастауыш мектеп кезеңінде ұлттық ерекшеліктерді, бастауыш мектептің оқу бағдарламасына енгізіліп отырған жыл сайынғы өзгерістерді, баланың тұрғылықты мекен-жайының өзгешеліктерін, баланың жеке даралық психологиялық қасиеттерін ескере отырып, оқу үрдісінде нақты пәндер бойынша белгілі бір саладағы шығармашылық қабілеттілікті дамытуға тиімді әдістемелік жолды теориялық және практикалық тұрғыда ашып беру керек деп ойлаймын.

1.2. Бастауыш сынып  оқушыларының психологиялық даму ерекшеліктері

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында «Жалпы орта білім беруде үш сатыны көздейтін 12 жылдық оқытуға көшу жүзеге асырылатын болады» делінген.

І саты – жалпы бастауыш білім беру, оқу ұзақтығы – 4 жыл, 1-4 сыныптар. Оқыту 6 кластан басталады. Бастауыш мектептің бағдарламасы баланың жеке тұлғасын қалыптастыруға, оның жеке қабілетін ашуға және дамытуға бағытталған.

І сатыдағы оқыту мен тәрбиелеу оқу қызметінде негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кейіннен игеру үшін мыналарды: оқу, жазу, есептеудің тиянақты дағдыларын. қарапайым тілдік қарым-қатынас тәжірибесін, шығармашылықпен өзін өзі көрсетеді, мінез-құлық мәдениетін жеке гигиена және салауатты өмір салтының негіздерін қалыптастыруға бағдарланған.

Бастауыш мектеп - өскелең ұрпаққа білім берудің бастамасы. Қазіргі қоғам талаптарының өзгеруіне байланысты, еліміздің көркейіп-өркендеуіне, ел талап-тілектерінің бетбұрыстарына байланысты жаңа ұрпақтың психологиясы да айтарлықтай өзгерістерге ұшырап, оны неғұрлым өмір талабына қарай өрістету міндеттері қойылды.

Еліміздің егемендігі мен тіліміздің тәуелсіздігі де өскелең ұрпаққа жаңа талаптар қояды. Бала психологиясын жан-жақты зерттеп, оны терең білу, оның даралық ерекшеліктерімен үнемі санасып отыру мектеп пен мұғалімдерге жауапты да құрметті міндеттер жүктейді.

Бастауыш мектеп оқушысының психологиясы тек жас ерекшелігіне ғана байланысты емес, сонымен қатар тұрған, өскен ортасына (қала, ауыл) балабақшада болу-болмауына, тұрмыстық жағдайына, табиғи ортаға, әлеуметтік ортаға, т.б. жағдайларға байланысты.

Бастауыш мектеп кезеңіне 7-10 жас аралығындағы балалар жатады. Бұл кезеңде баланың денесі едәуір дамып, бұлшық еттері мен шеміршектері, сүйектері нығайып, табаны сүйектенеді, омыртқасы барлық мойын, арқа бел бүгілістері дамиды. Бұлшық еттері шапшаң өседі. Мидың маңдай бөліктерінің жетілуі баланың психикалық іс-әрекеті мен жүйке қалыптасуына үлкен роль атқарады.

Жекелеген психикалық үрдістердің қарқынды дамуы баланың бастауыш мектеп шағында жүзеге асады.Бұл кезде қабылдау қабілеті жетіледі. Көру мен есту қабілеті түстерді айқын ажырата алады. Қабылдаған заттардың қасиеттері мен сапаларын меңгереді. Қоғам өміріндегі жаңа негіздерге бақылампаздығыартып, қабылдауын басқарып, оны қажетті мақсатқа бағыттай алады.

Бала зейінің негізінен өздері тікелей қызығатын нәрселерге аударады. Бала біртіндеп енді жай сырттай жартымды заттарға ғана емес, қажетті нәрселерге зейінін бағыттап, оны тұрақтандыруға үйренеді. Ырықты зейінінің дамуында сыртқы әсердің тартымдылығы, ұнамдылығы, көрнекілігінің мәні зор. Зейіннің дамуы, сондай-ақ оның көлемінің кеңеюі баланың қазіргі кездегі ойын әрекетінің алуан түрлерімен танысып, оларды меңгере алумен байланысты.

Бастауыш мектеп кезеңінде негізгі іс-әрекет оқу болғандықтан, баланың барлық психикалық үрдісіне өзгеріс енеді. Іс-әрекетке белсенділігін көрсете отырып, ақыл-ой еңбегін зейін арқылы жүзеге асырады.

Оқу іс-әрекеті балаға өзінің есте сақтау үрдісін басқаруды талап етеді. Мектептегі оқу үрдісінің талаптары мен өзіне тән мазмұны бұл үрдісті едәуір дамытады; есте сақтау мықтылығы беки түседі. Есте сақтау деңгейі – есте сақталынатын материалдың мазмұнына, іс-әрекет сипатына, материалды есте сақтау және қайта жаңғырту тәсілдері мен әдістерін меңгеру деңгейіне байланысты болады.

Бастауыш мектеп кезеңінде сөздік материалды есте сақтау мүмкіншілігі күрт жоғарылайды, меңгерілетін оқу материалы үнемі оқушыдан елестетеу үрдісін талап етіп отырады. Есте сақтау мен елестету баланың күш-жігерді керек ететін мотивтерге байланысты өзгеріп отырады. Бастауыш мектеп кезеңінде алған білімдерді бала өз іс-әрекетінде қолдануға машықтанады. Баланың ақыл-ой әрекетінің дамуы үрдісінде орындау практикалық әрекетінен ішкі ақыл-ой әрекетіне көшу көрінеді. Дегенмен, практикалық әрекет жоғалмай, керісінше, оқушылардың жаңа, қиын тапсырмаларды орындау негізінде байқалады. Ойлаудың ішкі жоспарға көшуі арқылы ізденіс, негізгі сипаттағы практикалық әрекетті орындауды үйренеді.

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларында шығармашылық қабілетті қалыптастырудың теориялық негіздері