Бастауыш сынып оқушыларында шығармашылық қабілетті қалыптастырудың теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2015 в 17:53, реферат

Краткое описание

Әрбір қоғамның әлеуметтік – экономикалық даму деңгейі, сол қоғамдағы жеке адамның шығармашылық потенциалына байланысты. Олай болса, егеменді еліміз Қазақстанда шығармашылық жеке адамды дайындау қажеттігі туындап отыр. Қазіргі кезде қоғамдағы қарқынды өзгерістер жыл сайын жаңа өмір салтын құруда. Осыған орай, қоғамның жаңа талап-тілектері мен әлеуметтік сұранысын қамтамасыз ету мақсатында творчестволық тұрғыда ойлаушы, тәуелсіз жеке адамды, дербес шешім қабылдауға бейім ұрпақты тәрбиелеу – бүгінгі күнде аса маңызды мәселе болып отыр. Шығармашылық жеке адамды қалыптастыру педагогикалық психология ғылымының кейбір жақтарын жаңаша қарауды талап етеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

КУРСОВАЯ ПСИХОЛОГИЯ.docx

— 64.52 Кб (Скачать документ)

Баланың мектепке келуі және осымен байланысты өмірдегі жаңа бейнелер оның әлеуметтік жағдайын түп тамырымен өзгертеді. Балалардың қабілеттіліктері жөнінде, ең алдымен: олардың қалай оқитындығын, оқу материалынтүсінуі және есте сақтауы, өз білімдерін қолдана алуы, тапсырманы орындаудағы қабілеті, жазу және сөйлеу тілінің қаншалықты дәрежеде екендігі жайлы білгеннен кейін ғана дұрыс шешімге келуге болады. Балалардың қабілеттіліктерінің кейбір көрсеткіштері мына сапалар бола алады: зейінділік, тез және берік есте сақтау, ойлай білу, тапқырлық, ұшқыр қиял, инициативасы, жұмыс үстіндегі дербестігі және оның жақсы нәтижелілігі.

Бала неге бейім және қандай қабілеті бар, ол қалай дамуда екендігін мұғалім білуі керек. Мұнда қорытынды жасауға асықпау қажет. Кейде талантты балалардың өзін қабілетсіз деп таныған ғой. Мысалы, данышпан жазушы Н.В. Гогольді мұғалімдері орыс тіліне қабілетсіз деп есептеген. Кішкене П.И. Чайковскийдің музыкаға ерекше қабілетін байқаған жоқ. Мектеп оқушысы Николай Лузинді математикаға қабілетсіз деп есептеді, ал одан кейіннен, математикада бірқатар маңыды жаңалықтар ашқан, ірі ғалым шықты.

Жалқау немесе түрлі себептермен білімінде олқылықтары бар оқушыны қабілетсіз деп есептейтін жағдайлар да кездеседі. Кейбір кезде қабілетті, бірақ жүйелі еңбекке дағдыланбаған, ықылассыз, іске немкетті қарайтын, самарқау жұмыс жасайтын оқушыны да қабілетсіз деп танимыз. Алайда, оның жұмыс істеуіне жасалған кедергілерді жойса, қызықтырса, көңілін сергітсе, уақытында көмек көрсетсе, ол жақсы оқу үшін жеткілікті қабілеттіліктер көрсете бастайды. Ақыл-есі сау балалардың ішінде бастауыш кластың оқу материалдарын қанағаттанарлық дәрежеде игеруге қабілеттері жетпейтіндер жоқ. Әдетте, төменгі класс оқушыларында қабілеттіліктері әр салаға бөлінгендері байқалады. Бірқатар балалар оқу мен жазуға, біреулері – математикаға, енді біреулері сурет салуға (немесе қол еңбегіне) қабілеттірек. Бірқатарлары тез есте сақтайды, бірақ тез ұмытып қалады, ал кейбіреулері баяу есте ұстайды, бірақ ұзақ есінде сақтайды. Мұғалім балалардың осындай жекелеген айырмашылықтарымен есептесуі қажет.

Мектептерде оқытудың актив методтары қолданылады, мұнда оқушы есте сақтап қана қоймайды, сондай-ақ көп ойлайды, бұл оның қабілеттерінің дамуына көп көмегін тигізеді. Оқушы мұғалімнің басшылығымен жиі-жиі орыс тілі мен математиканың ережелерін талдауы, оны жасауы, оқығандарын қорытып және айтып беруі, өз бетінше математикалық есептер ойлап, оны шығаруы, шығармашылық шығармалар жазуы өте пайдалы. Мұғалім жұмыстың кез келген түрінде баланың шығармашылығы мен белсенділігін құптап, мадақтап отыруы қажет. Оқушыға қиыншылықтар кездескен жағдайға көмек беруге асықпауы тиіс. Дұрысы оның өзіне ойлануға жағдай туғызып, ал қажет болса, оған жетекші сұрақтар берген жөн.

Қиындықты бірте-бірте көбейте түсудің зор мәні бар. Оқушыға берілген тапсырмалар біраз ақыл-ой жұмсауды талап еткені дұрыс. Мектеп оқушысына жекелеп қатынас жасай білу қажет, олардың ерекшеліктерін ескеріп, соған сай тапсырмалар берген жөн. Күшті оқушыларға, сабақта зерігіп кетпес үшін және үйде орындауға жетерліктей, қосымша жұмыстар беру керек. Нашар оқитындарға, шамасы келетіндей талаптар қойып, бала нәтижелі орындай алатындай жеңілдеу тапсырмалар беріп, көбірек көмектесуге тура келеді. Мұндай оқушыларды жиі мадақтап, жұмыс орындаудағы кішкене жетістіктерін байқау керек, бұл оларда өз күшіне деген сенім туғаызады, оқуға талаптандырады. әлсіз оқушыларға жүйелі түрде көмек көрсетуге ата-аналар мен ересек баларды тартқан жөн Әдетте мұндай шаралардың бәрі көмегін тигізеді, балалар ІІІ сыныпты нәтижелі аяқтап, орта мектепте қанағаттанарлық дәрежеде оқиды.

Өкінішке орай, жақсы оқуға мүмкіншілігі толық жететін оқушыны, оның кейбір ақыл-ой енжарлығына қарап, қабілетсіз деп есептейтін жағдайлар да кездеседі. Бұл оқуға қызығушылықтың жоқтығынан, ақыл-ой жұмсаудан қашу ниетінен, онда қалыптасқан сенімнен, яғни білім – баланың қабілеті жетпейтін, өте қиын нәрсе дегеннен келіп пайда болады. Мұндай балаларға қозғау салып, оны белсенділікке бастап, бейімділік көрсеткен нәрселерінен мағлұматтар беріп қызықтыру қажет. Оған қосымша қызықтыратын материал беріп, білім алудың қуанышын бастан кешруге (мысалы, бұрын оған қиын көрінген, есепті дұрыс шығару кезі) жағдай туғызған пайдалы. Бұл мектеп оқушысының өз күшіне деген сенімін туғызады, сөйтіп басқалардан қалыспай тәуір оқи алатындығына көзін жеткізеді. Мұғалімнің, ойлы, қабілетті балаларға төнген қауіпті де ұмытуына болмайды. Олар оқуды жеңіл меңгереді, сондықтан да олар еңбектенуге дағдыланбаған және қажетті ықыласы жоқ. Ақыл-ой күшін жұмсаудың болмауы мынандай жағдайға әкелуі мүмкін: мұндай балалардың бірте-бірте қабілеттіліктері жойылады, талантты мектеп оқушысынан еңбекке жарамсыз, орта, тіпті нашар жұмыскерлерге де айналып кетеді.

Талантты оқушылармен қарым-қатынаста сақтық жасау керек: оларды шектен тыс мадақтамау керек, оларды бәрін білемін, басқалардан артықпын дегендей сезімге негізделген көкіректікке тәрбиелемес үшін, бұл балалардың ерекше екендігіне сонша мән беріп айтпау қажет. Талантты бала, әдетте өзінің басқалардан қабілеттірек екенін түсінеді, бірақ сонымен бірге онда жұмысқа деген жоғары жауапкершілік сезімі де болуы тиіс.

Кейбір төменгі класс оқушылары іс-әрекеттің қандай да бір түріне қабілеттілігін көрсетеді. Мысалы, суретке, музыкаға. Бұл қабілеттіліктердің одан әрі жетіле түсуіне көмектесу қажет. Мектептің алдында тұрған міндет – баланың жан дүниесі мен дене күшін жан-жақты дамыту екенін есте ұстауымыз керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ Тарау. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетінің дамуын экспериментальды зерттеу

2.1. Экспериментальды  зерттеудің мақсаты, міндеттері, әдістемесі

Әрбір қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық даму сол қоғамның шығармашылық жеке адамдарының шығармашылық потенциалына енгізе отырып қоғамның жаңа талап-тілектерін, жаңа әлеуметтік сұраныстарды қамтамасыз ету үшіншығармалы ойлаушы, тәуелсіз жеке адамдарды, айрықша, стандартты емес шешім қабылдауға бейім ұрпақтарды тәрбиелеу қажеттілігі бүгінде аса маңызды болып отыр.

Қазақстан Республикасы орта білімді дамыту Тұжырымдамасында «Шығармашылық - бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабыдау білуге үйренуі керек.

Адам бойындағы қабілеттерді дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі табуына көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес, тудырушы, жаратушы да. Ол өзіне-өзі, өзінің шынайы болмысына бастайтын жол іздеуі керек. Адам өзін-өзі жеьілдіруге де, сонымен қатар өзінен-өзі жойылуға да қабілетті болады. Адамның өз болмысын тануға ұмтылысында көмектесіп, тереңде жатқан талап-тілектерін, қабілеттерін дамыту, сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады» делінген.

Шығармашылық потенциалдың дамуы балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты жүзеге асады. Кіші мектеп оқушыларында жас ерекшеліктеріне байланысты жүзеге асады. Кіші мектеп оқушыларында бұл жағдай балалардың қызығуларын ескеріп құрылады.

Кіші мектеп оқушыларының қызығулары заттық әлеммен байланысты. Оларға тән жағдай үлкендерге бағдарлану, яғ,ни оларға еліктеу, оларды үлгі тұту ерекшеліктері педагог үшін мықты дамыту құралы болып табылады. Соның негізінде балалардың шығармашылық және интеллектуалды даму деңгейлері жоғарылап қана қоймайды, әрі олардың мінез-құлқындағы позитивті өзгерістер де жүзеге асырылады.

Біз мектептегі білімдер жүйесінде қазіргі кезде белгілі бір дағдарыс кезеңдерін көреміз, оның мәні-оқыту әдістерінің жеткіліксіздігі емес немесе мектеп өмірін басқаша ұйымдастыру емес. Бүгінгі күннің негізгі бір талабы – білімді адамнан әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын шығармашылық адамды дайындау.

Балаларда әлемнің көпбейнелі жақтарын шығармашылық таным негізінде көре білу қабілетін дамыту, соның негізінде интеллектуалды, креативті ұрпақты тәрбиелеп оқыту, педагогикаплық психологияның маңызды мәселелерінің бірі деп білеміз. Педагогикалық психология тұрғысынан шығармашылық іс-әрекетті зерттеу, соның бір аспектісі шығармашылық қабілет мәселесі аса мәнді сұрақтардың бірі.

Шығармашылық қабілетті зерттеу проблемасына іс-әрекеттік ықпал және жеке адамды бүтіндей жүйеде қарастыратын Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейннің концепциялары, творчествоның мәнін түсіну үшін жеке адамды оның базалық ұғымдары жүйесінде бүтіндей ықпалда қарастыратын Н.И.Непомнящаяның концепциясы, творчество психологиясында жиі айтылып жүрген Л.Л.Гурова, А.М.Матюшкин, Д.Б.Богоявленская тағы басқалардың жеке адамның когнитивті және жеке бастық аспектілерін арақатыстыру концпциялары, К.Роджерс, А.Маслоу, Н.Роджерс тағы басқалардың шығармагшылық жеке адамның өздігінен дамуы дейтін гуманистік ықпалдары біздің зерттеулерімізге негіз болды.

Сондай-ақ зерттеуге методикалық өзек болған еңбектер – Б.М.,Теплов, Б.Г.Ананьев, В.С.Мерлин, Небылицин, П.Я.Понамарев, П.К.Энгельмейер, П.Торренс, Дж.Гильфорд, Г.Хейманс, Е.Вирсма, Дж.Рензулли, Э.Боно т.б. жұмыстары болды.

Оқу іс-әрекеті баланың тек өзінің барлық күштерін қолдану мүмкіншілігін ғана қамтамасыз етіп қоймайды, сондай-ақ оны жан-жақты етіп қалыптастырады. Қабілеттердің дамуы мен қалыптасуына оқу мен тәрбие ерекше орын алады. Қабілеттілік іс-әрекет барысында стихиялы қалыптасаы береді, дегенмен одан көп уақыт пен өте көп күш талап етіледі. Арпнайы оқыту мен тәрбиелеу қабілеттің даму барысын жылдамдатады, іс-әрекет механизміндегі қажет емес жақтарын іріктейді. Оқу барысында оқушы білімнің екі түрін меңгереді: табиғи және қоғамдық болмыс жағдайларында теориялық және практикалық міндеттерді шешудің тәсілдері туралы білімдер. Адамзатта жинақталған болмыс заңдылықтары туралы ілім және қабілеттіліктің дамуын қамтамасыз етеді. Қабілеттің қалыптасуы үшін ең негізгі роль тапсырмаларды шешудің рациогналды тәсілін меңгеру болып табылады. Мұндай мәсілдер болашақта жалпыланып, қабілеттің бір бөлігі бола бастайды.

Шығармашылық дамудың көрсеткіші ретінде қазақ мектеп оқушыларының интеллекттерінің даму жағдайын экспериментті зерттеу сипатталынған. Қазақ мектептеріндегі оқушылардың интеллектуалды дамуының диагностикалық нәтижелері қарастырылып, мектеп мұғалімдеріне дарынды, қабілетті баланы қалай түсінетіндіктерін анықтау мақсатындаанкеталар, сұрақнамалар жүргізу арқылы «творчестволы қабілетті бала» моделі жасалынды.

Шығармашылық және интеллектуалды қабілеттерді диагностикалауға бағытталған тестілік тапсырмаларды осыған ұқсас өзгешеліктердің болуы – шығармашылық қабілетті көрсетуге арналған идеалды жағдайлар төмендегілерден тұрады деген ойға итермелейді: шектелмеген уақыт ішінде қойылған мәселе бойынша жұмыс істей отырып, зерттелінуші міндетті өзі қояды, шешу тәсілін өзі таңдайды, осының негізінде зерттелінуші тек субъективті емес, сондай-ақ объективті жаңа бірнеше өнімді тудыра алады.

Тесттердің көпшілігі баланың креативтілігінің дамуына әсер етеді, бірақ мұнымен бірге ірі қиыншылық болады, онда баланың жауабын бағалау өте қиын.

Бала қандай да бір потенциалмен туылса да, интеллект мінез*құлық формаларының дамуы үшін қажеттілік, өзі өмір сүретін ортамен өзара әрекеттестік байланысын дамытумен оны жетілдіру арқылы жүзеге асады.Интеллект коэффициентін Стенфорд-Бине тесті бойынша және Векслер шкаласы бойынша өлшеуге болады. Творчестволық ойлаудың өзгешелік белгілері болғандықтан және интеллектімен бірдей болмағандықтан, ІQ – 120 – дан жоғары болған жағдайда творчество мен интеллектуалды іс-әрекет арасындағы корреляция жоғалады, себебі творчестволық ойлауда интеллектіге тән ерекшелік болады.

Креативтілік пен интеллектінің өзара байланысы туралы мәселе, креативтіліктің өз алдына фактор ретінде бөліне бастаған кезден бастап қойыла бастады. Гилфорд шығармашылық дарындылық дивергентті ойлау мен ақыл-ойды біртұтастылыққа бағыттайды. Гилфорд өзінің көптеген еңбектерінде ақыл-ой мен креативтіліктің өзара байланысын ашып көрсетуге тырысады. Оның айтуы бойынша интеллект нәтижелі дұрыс түсінуді және жаңа материалды меңгеруді анықтайды, ал дивергентті ойлау шығармашылық өнімді анықтайды.

Гилфорд креативтіліктің 4 негізгі факторын бөліп шығарады:

  1. Сонылығы – қашықтағы ассоциацияларды, ерекшелікті жауаптарды жасай білу қабілеттігі. Тестілер:

1) бір мәтін беріледі, тексерілуші оған барынша көп  ат қою керек.

2) бірнеше болжамдық жағдаят  суреттеледі, тексерілуші оның аяқталатынын  баяндауға тиісті.

  1. Семантикалық иілмелілігі – объектінің функциясын бөліп және оны жаңадан қолдануға ұсыну қабілеттілігі. Тестілер:

  1. 5 объект беріледі, бірақ оның біреуімен ғана қойылған міндетті шешуге болады. Мысалы, тапсырма «От жағу» объектілері: а) қаламсап; б) қағаз; в) қалта сағаты; г) лампочка; д) шарик. Жауабы: қалта сағаты, себебі оның әйнегі арқылы қойылған мақсатты орындауға болады.

  1. екі объект беріледі, екеуін қосып пайдалы үшінші объект жасау керек.

  1. Бейнелілік адаптивтік иілмелілік – стимулдық формаларын өзгертіп, онда жаңа мүмкіндіктерді көру қабілеті.

Тест: сіріңкемен орындалатын жаттығулар, тапсырмалар. Онда бірнеше сіріңкенің орнын өзгерту арқылы берілген түрдегі конфигурация алынады.

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларында шығармашылық қабілетті қалыптастырудың теориялық негіздері