Бастауыш сынып оқушыларында шығармашылық қабілетті қалыптастырудың теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2015 в 17:53, реферат

Краткое описание

Әрбір қоғамның әлеуметтік – экономикалық даму деңгейі, сол қоғамдағы жеке адамның шығармашылық потенциалына байланысты. Олай болса, егеменді еліміз Қазақстанда шығармашылық жеке адамды дайындау қажеттігі туындап отыр. Қазіргі кезде қоғамдағы қарқынды өзгерістер жыл сайын жаңа өмір салтын құруда. Осыған орай, қоғамның жаңа талап-тілектері мен әлеуметтік сұранысын қамтамасыз ету мақсатында творчестволық тұрғыда ойлаушы, тәуелсіз жеке адамды, дербес шешім қабылдауға бейім ұрпақты тәрбиелеу – бүгінгі күнде аса маңызды мәселе болып отыр. Шығармашылық жеке адамды қалыптастыру педагогикалық психология ғылымының кейбір жақтарын жаңаша қарауды талап етеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

КУРСОВАЯ ПСИХОЛОГИЯ.docx

— 64.52 Кб (Скачать документ)

Оқу үрдісінде ой операциялары да іске асады. Елестету бойынша заттарды дұрыс әрі оңай салыстыра алады. Абстрактылы ұғымдарды салыстыру байқалады. Логикалық ойлауының даму ерекшелігіне ой қорытындысын жасай алу, себеп-салдар анықтау, түсінік беру сияқты түрлері анық көріне бастайды. Оқушыларға жоғары дәрежеде, жүйелі түрде және нәтижелі ақыл-ой әрекеті дамып жетіледі. Бұл өзін қоршаған орта туралы, қоғамға еніп жатқан жаңа техника туралы, танымдық қатынастарды меңгере алуынан көрінеді. Осы арқылы баланың ақылы және оның танымдық қызығушылықтары қалыптасады. Еліміздегі тіл туралы заң жыл сайын әрбір Қазақстан азаматына үлкен жүктеме артып отыруға байланысты тек ересектердің сөйлеу әрекетінен ғана нәтиже байқалмайды, сонымен қатар бастауыш мектеп жасындағы балалардың тіл дамуы – ана тілін терең әрі ұлттық ерекшелікте меңгерілгендігі байқалады. Оқушы енді өз ойын, өз қалауын, өз сезімін ана тіліндегі сөз байлығын қолдана отырып, грамматикалық түрде өте дәйекті тұрғыда түсіндіре алады.

Бала тілінің дамуының мотивтеріне құрбыларымен, ересектермен қарым-қатынас жасау, қоғамның жаңа талаптарына сәйкес нәрселерді білгісі келетіндігі, түсіндіруге тырысушылық, әңгімені эмоциялық тұрғыда жеткізе білуі жатады. Бала бойында кездесетін әр түрлі жағдайларда ішкі сөйлеу қалыптасады. Сөйлеудің коммуникативтік, сигнификативтік функцияларын қолдана алады. Өзін қоршаған орта туралы, қоғам өзгерістері жайлы, бірқатар ұлттар арасындағы өзара қатынастар мен өзгешеліктер туралы тыңдау, оқу, әңгіме, пікірталас, талдау сияқты түрлерді меңгере бастайды.

Бастауыш мектеп жасындағы көркем жазу бала ойына едәуір өзгешелік енгізеді. Көркем жазу сабағы ана тілінің грамматикалық табиғатын ашады және ана тілін еркін меңгеруге мүмкіндік береді. Баланың алғашқы мектеп табалдырығын аттауы – оның бойында күрделі сезімдер туғызады. Бұл балалар арасындағы, әр үйдегі, әрі мектептегі жаңа талаптарға негізделеді.

Қоғамдық талаптардың өзгеруі баланың жеке басындағы адамгершілік, жауапкершілік, әділдік, қайырымдылық, еңбекқорлық сияқты қасиеттерді ашады. Бастауыш мектеп оқушысының ерік сапаларының дамуы: біріншіден, жетістіктерге жету мақсаттарының мазмұны мен көлемінің ұлғаюына және өзгеруіне, екіншіден, ішкі және сыртқы қиыншылықтарды жеңе алуына, үшіншіден, ұзақ уақыт күш жұмсай алуына, төртіншіден, өзін ерікті тежеу барысында өзін-өзі меңгеру, тоқтамға келуінде қалыптасады. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың жеке басының дамуы – оқуы мен танымдық әрекеттерінің қалыптасуында оқу іс-әрекетіндегі белсенділігі мен адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуындағы қарқынды кезең. Олардың өзгелермен қарым-қатынас жасау белсенділігінің күшті кезеңі деп аталады. Мұғалім мен тәрбиешілердің үнемі бақылауында болатын балалардың психикалық даму кезеңдері айтарлықтай сапалы өзгерістерге ұшырайды.

Бұл жастағылардың негізгі әрекеті бұрын ойын болса, оқуға кіргеннен кейін оқу қызметі шешуші роль атқарадаы. Сөйтіп, оқу негізгі қызметке айналып баланың психикалық дамуын билейтін болады. Осыған орай бала психикасы елеулі өзгерістерге ұшырайды. Мұның себебі ойынға қарағанда оқу талабының бала үшін қиындығында. Әуелгі уақытта мектептегі жаңа жағдайға бала әлі беймделе алмағандықтан, оқу үстінде мына қиындықтарға кезігеді: 1-ші: баланың мектеп жағдайына бейімделуі, -2-ші: мұғалім, құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасы.3-ші: 1 сынып оқушыларына беретін тапсырмалар тым жеңіл болып, қызығу жоғалып кетуі мүмкін. Алайда, барлық қиындықтар бала психикасы дамуына байланысты шешіледі, жаман-жақсыны ажырата бастайды.

Мектепке кірерде бала дене жағынан алға қарай недәуір өріс алып, бұлшық еттері мен шеміршектері және сүйектері недәуір нығалды. Бас миының салмағы 100 гр-нан 1400 гр дейін өседі. әсіресе оның (миы) маңдай бөлігі жақсы қалыптасып, ой мен сөйлеудің дамуының қарқындауына әкеледі. Кіші мектеп жасындағы балаларда ми жасушаларындағы қозу мен тежелу мөлшері күрделі маңызды. Бұл кезде тежелу қабілеті үстем алып, осының нәтидесінде кіші оқушы өзін-өзі меңгере алуына, керек деген жерде өзін-өзі теңселте алуына мүмкіндігі бар. Кіші мектеп жасында бала мақсатты іс-әрекет етіп, өзнің қозғалысын басқара алатын болады.

Бала мектепке барғанша тек ойынмен айналысып жүреді. Оқу оның негізгі қызметіне айналса да, бал ойнауын бірден тоқтатпайды. Бала әлі де ойнағысы келеді. Бірақ оған кіші оқушының уақыты да, мұршасы да жоқ. Осының нәтижесінде ойын оның өмірінде 1-ші орыннан 2-ші дәрежедегі әрекетке ысырылады. Осыған орай ойын жаңа мазмұн алады. Балалар ролдердің азаматтық қасиеттік сапасына, айталық, ептілік, қайраттылық, батырлығына, әдемілігіне мән береді. 1-ші және 2-3 сыныптағылардың ойыны бірдей емес. 1-ші сыныпта оқушы «мен ұшқыш болатын», «маған сондай роль ұнайды» деп айтып, бірақ соны орындауға әрекет жасап жарамайтын болса, 3-ші сыныптағылар роль ойынына електеумен шектелмей, соларға орай тиісті қиыншылықтарды жеңуге тырысады. Дмемк, сөзден сол бейнелерді орындауға көшеді, өзі соларға еліктеп, өзі іс жүзінде төзімді, шыдамды, қорықпайтын, епті, айлақор болуы үшін әрекет жасайды. Осының өзі өзін-өзі тәрбиелеудің басы болып табылады. Ойын мақсатының мүлдем өзгеруі басталды. Ойын бұрын ермек болып келес, енді кіші оқушы үшін өз-өзін тәрбиелеудің құрамына айналып отыр.

Рольдік ойындардан басқа түрлі тиісті ережелерге сүйенетін ойындармен кіші оқушы 2-3 сыныптарда айналыса бастайды. Мысалы шахмат, футбол, доп қағу т.б. ойын ойнайды. Ойын үстінде баланың ойы, ептілігі, күштілігі, шыдамдылығы, жылдамдылығы, тапқырлығы дамиды.

Бастауыш мектептегі оқу жұмысының әр саласына бейімделу балада бірден қалыптаспайды. Оған біраз мерзім үйрену керек. Жеке пәндерден сабақтарды ойдағыдай үлгеру үшін алдымен баланың осыған ықыласы болуы шарт. Оқу ойынға қарағанда қиын болғандықтан балалардың кейбіреулерінің оқуға ықыласы болып жарымайды. Оларды оқуға үгіттеу арқылы тарту қиын. Сондықтан оқуға деген ықыласты тудыру үшін тапсырмаларды орындата отырып одан нәтиже шыққанда мадақтау керек. Орындалған тапсырма үшін қуану кейін алдағы тапсырманы орындауға түрткі болады. Әдетте, ықыластың тікелей және жанама түрі бар. Тікелей ықылас оқушының бәлендей нәрсеге қызығуынан болады. Ал, жанама ықылас сол нәрсеге қызық болмаса да, жалпы сабақ үлгерімін жақсартқысы келгендіктен болады. Кіші оқушылар көпке дейін тапсырманы қалай орындаудың тәсілін жақсы білмейді. Бұлар берілген тапсырманы жаттап алғысы кеп тұрады. Мұның себебі олардың оқуға әлі төселмегендігінде.

Бастауыш мектепте тапсырма мынандай 2-түрлі жолмен беріледі: 1-ден, берілген тапсырманы орындау үшін жауапты бала өздігінен іздестіреді. 2-ден, тапсырма жауап іздестіру ретінде берілмейді. Оны орындау үшін баланың қолында үлгісі болуы керек. Мысалы тақпақ берілсе оның тексті болуы керек. Тапсырманың соңғы түрі өте сирек кездеседі. Баланың оқу әрекеті деп тапсырманың шарты мен танысу және проблемалық мәселелерді орындай білу жатады. Осыған әр түрлі пәнге, айталық, грамматикалық, географиялық, математикалық есептер шығару жұмысы жатады. Кость және оның жақтаушылары оқу әрекеті барысында 6 түрлі ой әрекеттерімен даму сатыларын көрсетті. 1) ес, 2) қайта жаңғырту, 3) негіз салу, 4) пайда болған жаңа ситуацияға мүмкіндігінше шешіле іздеу, 5) бұрынғы және жаңа білім қарым-қатынасы, 6) рефлексия, яғни ой толғаныс. Әдетте, оқу өзінше бала үшін әрекеттену, яғни проблемалық мәселені шешу дегенд, осының мынандй үш сатындан тұратынын айтады. 1. берілген тапсырма шартымен танысудан, 2. оны орындаудан, 3. осының қалай орындалғанын тексеруден.

Әр оқу әрекеті кезінде берілер тапсырма алдында мұғалім кіріспе, яғни түсінік беруі керек. Осыдан кейін барып оны орындау нәтижелі болады. Ал 3-ші сатыға келсек, оған үлкен мән беру керек. Баланы кішкентайынан тапсырманы орындаған соң соның қаншалықты дұрыс орындағанын тексере білуге үйретсе, бала қатесін түзетуге, таба білуге үйренеді.

Кіші оқушының негізгі таным процестері мектепке кіргеннен кейін едәуір өзгерістерге ұшырайды.

7 жастағы баланың қабылдауы  мектепке дейінгіге қарағанда  жақсы қалыптасады (көзі көргіш, естігіш, байқағыш). Бірақ әлі де  болса, қабылдаудың кей жеткіліксіз  жақтары да кездеседі М.Орыс  тілінен алынған ұқсас дыбыстарды  ф-п, б-в фонемаларын дұрыс ажырата  алмайтын болады. Бұл сияқты ажырата  алмаушылықтардың бір себебі 7-9 жастағылардың  талдау қызметінің әлі жете  қалыптаспағанынан. Жалпы алғанда  кіші оқушыағ не қызықты немесе не қажетті, соған мән беріп, осыны қабылдауға икем келеді. Оқу барысында мұғалім оқушыға нендей нәрсеге назар аударып, қандай нәрсеге назар керек еместігін айтып отырса жақсы болады. Осныың нәтижесінде бала оқуға керекті объектілерге ғана назар аударуды үйренеді. Кіші оқушының зейіні де қабылдау сияқты әуелгі кезде терең дамымаған. Зейін, әдетте, ерікті, еріксіз болады. Оның еріксіз зейіні ерікті зейіннен басым келеді. Оның еріксіз зейіні әсем бояулар, заттар, қызықты дыбыстарға аударады. 2-3 сыныпта ерікті зейін пайда бола бастайды. Ол қызық емес, бірақ қажет деген сабақтың бөлшектеріне зейінін бөле бастайды. Баланың ерікті зейінін дамыту үшін оның істейтін жұмысын нақты етіп тапсырманы орындаудың жоспарын көрсетіп отыру қажет.

Әдетте, ес пен жадыға байланысты өзінше міндеттер шешу керек. Мұны мнемоникалық міндет дейді. Бір жағдайда берілген тапсырманы сол түпнұсқасынан айнытпай жадта қалдыру қажет. 2-ші жағдайда тапсырманы өз сөзімен мән-мағынасын ғана айтып беруге болады. Осныың өзі әр түрлі мнемоникалық міндет және әр түрлі психикалық әрекетті қажет етеді. Егер түпнұсқасынан айнытпай есте қалдыру жадқа жатса, өз сөзімен айту еске жатады.

1-ші сыныпта балада  арнаусыз есте қалдыру негізгі  роль атқаратын болса, 2-3 сыныптарда  бірте-бірте арнаулы есте қалдыру  негізгі роль атқаратын болады. Кіші оқушының қиялына келсек, оқу талабына сай қиял мазмұны  өзгерістерге ұшырайды. Оқушы қиялы  шығармашылық және өткенді жаңғырту  қиялы болып бөлінеді. Көбісі  шындықтан алыстап кететіндіктен  мектепке дейінгілерде шығармашылық  қиял басым болып, мектептегілерде  қайта жаңғырту кең өріс алған (тарих, география). Кіші оқушылардың  ойлауына келсек, Ж.Пиаженің айтуынша  нақты ой операциясы кездеседі. Бала мектепке келген соң натуралды  ойдан мәдени ұғым арқылы ойлануға  көшеді.

Бастауыш мектеп жасындағы балаларда үлкендерге соның ішінде мұғалімдерге сенімділік, бағыну, еліктеу деңгейлері жоғарылайды. Осы жастағы балалар үлкендердің беделін бағасын сөзсіз қабылдайды. Бастауыш мектеп оқушыларында өзіндік бағалауының мынындай сапалары кездеседі. Олар адекватты (қалыпты), жоғары, төмен.

Баланың өзін-өзі бағалауы үлкендердің бағалауына байланысты. Сенімділік, ашықтық, айтқанын орындау, тыңдау баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына қолайлы жағдай туғызадды. Бірақ, ол үлкендерден үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Өз еркін басқара алу және жетістікке жетуге саналы түрде талпыну баланың ең маңызды қасиеттерінің бірі. Қабылданған шешімге, ниетіне үлкен мақсаттарға байланысты саналы бақылай алу қабілетінің даму деңгейі қалыптасады. Егер бала белгілі бір затты өздігімен орындап жетістікке жететін болса, бұл кезеңде жетістікке жету мотивациясы, яғни жетістікке жету мотиві және сәтсіздіктің алдын алу мотиві т.б. Егер балаға беделі бар адам баланың жетістіктерін аз мақтап, сәтсіздіктерін көп жазалап отырса, оларда сәтсіздіктердің алдын-алу мотивациясы ертерек қалыптасады. Ш.А. Амоношвили төмендегі кластарда балалардың үлгерімінің төмендігін бағамен жазаласа, балалардың үрей, мазасыздық сапаларын туғызып отырады. Жетістікке жету мотивациясына өздік баға мен ынталану деңгейі де жатады. Жалпы психологиялық эксперимент жоғары болса, және сәтсіздіктердің алдын алу төмен болса, баланың өзін-өзі бағалауы жоғары болады. Баланың ынталану дейңгейінің оқу және басқа әрекеттердегі жетістігіне ғана байланысты емес, ол құрдастарының арасында жоғары статусқа, беделге ие баланың өздік бағалы адекватты бағағағ ие болады және ынталану деңгейі жоғары болады. 6-11 жастар аралығында бала өз қабілетіне сын көзқараспен қарай бастайды. Өзінің қолынан келмейтін кемшіліктердің күш-жігерін жұмсау арқылы түзей алатындығын білдіреді. Бастауыш мектеп кезеңін алдағы уақыттағы жетістікті анықтайтын маңызды тұлғалық қасиеттерінің қалыптылығымен сипаттайды.

Жетістікке жету мотивациясымен бірге балада екі түрлі тұлғалық сапа пайда болады. Ол еңбекқорлық және өзбеттілік. Еңбекқорлық сапасы бастауыш мектеп кезеңінде оқу әрекетімен, еңбек әрекеттерінде дамиды және тұрақталады. Балаларда еңбекқорлықтың сапасына қалыптасуына оқу әрекетінің алғашқы кезеңінде ездесетін қиыншылықтар қолайлы жағдай жасайды, олар жаңа өмірлік жағдайға бейімделу, оқу, санау, жазу барысында кездесетін мәселелер, үйдегі, мектептегі жаңа кедергілер жатады. Осы сапаның қалыптасуына баланың жеткен жетістіктерін мадақтаудағы саналы ойластырылған үлкендер әрекеті жатады. Сонымен қатар мындағы ең маңызды рольді баланың өз жетістігіне сөнуі де жатады. Бала өз еңбегіне қанағаттанған, риза болған кезде ғана еңбексүйгіштік сапалары пайда болады. Еңбектану барысында балада жағымды эмоция әсер беретін жағдай болуы шарт. Өзбеттілік сапасы үлкендерге тәуелділігімен байланысты болады. Егер бала үлкендерге сеніп, солардың дегенімен жүре беретін болса, оларда өзбеттілік қасиеті қалыптаспай жолы өссе де үлкендерге деген тәуелділік байқалады. Ал егер бала ерте жасынан өзбеттілік көрсетсе, тұйықтық, өзгені тыңдамау сияқты қасиеттерінің қалыптасуына әсер етеді. Мұндай кемшіліктер кездеспес үшін өздігінен жасауға көп жұмыс тапсырып, оған сенімділік білдіру керек. Баланың өзбеттілікке ұмтылуына қуанып, мадақтап отырған жөн. Мектептегі алғашқы күннен бастап үйге берген тапсырмаларды үлкендердің көмегінсіз өздері орындағанын қадағалап, өзі орындаған тапсырманы дұрыс және дұрыс емес болса да қолдап отыруы керек. Бұл сапаның қалыптасуына мынандай әлеуметтік психологиялық ситуациялар ұйымдастыру керек. Балаға бір тапсырма беріледі, сол тапсырманы орындау барысында бала үлкендермен, құрдастарымен қарым-қатынасқа түсіп, олардың әрекеттерін басқарып отырады және бұл ойын барысында бала топта «лидер» атанады.

Бала мектепке келгеннен кейін өзін қоршаған адамдармен қарымқатынасында үлкен өзгерістерге ұшырайды. ОЛ біріншіден, қарым-қатынасқа кететін уақыт көлемі ұлғаяды. Бұрын бала ойыншықтарын ойнаумен көп уақыт өткізетін болса, мектепке келгеннен кейін уақыттың көпшілігін мұғалімдермен, құрдастырмен, үй ішіндегі туыстармен өткізеді.

Екіншіден, қарым-қатынастардың тақырыбы өзгереді. Бірінші сыныптарда балалар сыныптарына қарағанда, мұғалімдермен көп қарым-қатынас жасайды. өйткені, бұл кезеңде баланың мұғалімге деген сын көзқарасы қалыптаспаған. Мұнда мұғалім барлық бейнесімен үлгілі болып көрінеді.

Үшінші, 4-ші сыныптарда ол өзгереді. Бұл кластарда мұғалім тұлға ретінде көп қызықтырмайды, оларды өз кластарымен араласу қызықтырады. Балалар қарым-қатынас кезінде, достарын таңдау жақтарында өзгереді. Мысалы, бірінші сыныптарда достарын мұғаімнің бағалауы мен оқу әрекетінің үлгеріміне байланысты таңдаса, 3-ші сыныптан бастап баланың тұлғалық қасиеттеріне байланысты таңдайды. Мектеп табалдырығында балаларда өздік сананың жаңа деңгейі ішкі позициясы пайда болады. Бұл позиция өзіне қоршаған адамдарға, болып жатқан жағдайларға деге қатынасын білдіреді.

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларында шығармашылық қабілетті қалыптастырудың теориялық негіздері