Бастауыш сынып оқушыларында шығармашылық қабілетті қалыптастырудың теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2015 в 17:53, реферат

Краткое описание

Әрбір қоғамның әлеуметтік – экономикалық даму деңгейі, сол қоғамдағы жеке адамның шығармашылық потенциалына байланысты. Олай болса, егеменді еліміз Қазақстанда шығармашылық жеке адамды дайындау қажеттігі туындап отыр. Қазіргі кезде қоғамдағы қарқынды өзгерістер жыл сайын жаңа өмір салтын құруда. Осыған орай, қоғамның жаңа талап-тілектері мен әлеуметтік сұранысын қамтамасыз ету мақсатында творчестволық тұрғыда ойлаушы, тәуелсіз жеке адамды, дербес шешім қабылдауға бейім ұрпақты тәрбиелеу – бүгінгі күнде аса маңызды мәселе болып отыр. Шығармашылық жеке адамды қалыптастыру педагогикалық психология ғылымының кейбір жақтарын жаңаша қарауды талап етеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

КУРСОВАЯ ПСИХОЛОГИЯ.docx

— 64.52 Кб (Скачать документ)
  1. Семантикалық спонтандық иілмелік – салыстырмалы шексіз жағдайда әртүрлі идеяларды жасау қабілеті. Тестілер:

  1. әдеттегі заттардың (мысалы, кірпіш) барынша көп қолдануының мүмкіншіліктерін атау;

  1. айтылған класқа қатысты тексерілуші барынша көп объектіні атау керек.

Гильфордтың тестілері қысқа (2-10 мин. есептеген) және үлкен топтарда да қолдануға болады.

Креативтілікті қабілет деп қарастырушылардың бірі – Е.П.Торренс. Ол оны білімдердегі кемшіліктерді, білмейтіндерін, жетіспейтін элементтерді дисгармонияны т.б. жақын қабылдайтын қабілеті деп қарастырады.

Е.П.Торренстің тестерін 2 типке бөлуге болады: вербальдық және образдық.

Креативтілік тездік, иілмелі, сонылық көрсеткіштері бойынша бағаланады, сонымен бірге шығармашылық қасиеттің жалпыланған шкаласы да енгізіледі.

Вербальдық тестілерге мысал:

  1. «Сұра және ойлап тап» тестісі 3 бөлімнен тұрады: а) сұрақтар; б) себептерді жорамалдау; в) салдарды жорамалдау. Жалпы стимул ретінде суда өзінің бейнесін қарап жатырған «Эльфаға ұқсас» сурет беріледі. (а) бөлімінде тексерілуіш барынша көп сұрақ қою керек, (б) бөлімінде осы оқиғаға барынша көп себепр табуға тиісті, (в) бөлімінде оның мүмкін болатын салдарларын атап шығу керек. Тестінің әрбір бөліміне 5 минут уақыт беріледі.

  1. «Өнімді жетілдіру тестісі» Стимул ретінде үрмелі ойыншық пілдің суреті беріледі. Тексерілушіге балаларға ойнау қызықты болу үшін ойыншықтар өзгерту ұсынылады (10 мин).

  1. «Әдеттегідей емес қолдану» тестісі. Стимул – қорытындыға арналған картон қорапшалары. Тексерілушіге оны қолданудың барынша көп тәсілін табу ұсынылады (10 мин).

  1. «Әдеттегідей емес сұрақтар». Стимул бұрынғы. Тексерілуші осы қорапшаларға байланысты барынша көп сұрақ жазуға тиісті (5 мин).

  1. «Тек қана болжап көр». Стимул ретінде өмірде жоқ оқиғаларды тексерілушіге ұсынады. Мысалы, «бұлтқа жерге дейін жететін жіп байланған». Тексерілуші осыдан не шығатынын айтып шығуы керек (5 мин).

Енді Торренстің 3 образдық тестісін көрсетелік. Оның әрбіреуін орындауға 10 мин кетеді.

  1. «Сурет жасау». Тексерушіліктегі адам боялған қағаздан дөңгелек қиып алып, оны таза бетке желімдеп, оған әртүрлі сызықтарды қосып, қандай да бір сурет салады. Сосын оған әңгіме құрып, оған ат беру керек.

  1. «Суреттерді толықтыру». Стимул ретінде 10 бөлікті дұрыс емес сызықтары бар сурет беріледі. Тексерілуші оны қосымша сызықтар арқылы толықтырып, оған қызықты аттар беру керек.

  1. «Сызықтар». Стимул – 30 қос вертикаль параллель сызықтар. Тексерілуші сызықтар қосу арқылы соны объектілер алу керек.

Торренс зерттеулерін қорытындылай келе, төмендегідей қорытындыға келеді: интеллект деңгейі мен креативтілік арасындағы байланыс біржақты. Ол интеллектуал табалдырық моделін ұсынады. JQ<120-қа дейінгі деңгейде креативтілік пен интеллект бірлік факторды құрады, бұдан жоғары табалдырықта креативтілік пен интеллект тәуелсіз ретінде көрінеді. Басқаша айтқанда JQ қандай да бір деңгейінде креативтің көрінуі шектеледі, «табалдырықтан» жоғары деңгейде креативтілік «бастандыққа шығады». «Интеллект табалдырық» моделінің көмегімен ситуациялық ойындар, шығармашылық тапсырмалар арқылы креативтіліктің нәтижесін түсіндіруге болады.

Сонымен, балалардың шығармашылық бастамасының белгілері бойынша барлық балаларға тән ақыл-ой ерекшелігінің мейлінше, ерте көрінуінің байқалуы ерте жаста ақыл-ой жоғарылылығымен өзгешеленуінен көрінеді. Н.Лейтес еңбегінде шығармашылық жетістікке жету шарты индивидтің интеллектісінің потенциалы болып табылады.

Шығармашылық қабілетті дамытуда Медниктің «Ассоциация», «Сурет» әдістемелері қолданылды.

Медниктің алыстағы ассоциация тестілері. Бұл тест бойынша тексерілуші сөздердің арасындағы ассоциациятивтік байланысты орнату керек, яғни бір жүйеге келтіретін төртінші сөзді табу керек. Мысалы: аорта, жүрек, артерия. жауабы: капилляр.

 

Қорытынды

 

Бастауыш мектеп жасындағы балаларда шығармашылық қабілеттің даму ерекшеліктерін зерттеу жұмысының нәтижелері мынадай қорытындылар жасауға мүмкіндік берді:

  1. Бастауыш мектеп оқушысында креативтіліктің дамуының маңызды сипатына жеке бастық және интеллектуалды қасиеттердің ерекшеліктері жатады. Бастауыш мектеп жасында балалардың заттық әлеммен өзара әрекетінде жеке бастық стратегиясы дами отырып, онда репродуктивті немесе продуктивті іс-әрекет типтері қалыптасу негізінде, жүйелі оқыту процесінің басталуымен байланысты табиғи потенциалдарды тарататын креативтілік типінің қалыптасу мүмкіндігі құрыла бастайды.
  2. Зерттеуден алынған мәліметтер көрсеткендей, интеллектуалды балалар арнайы оқуды дұрыс қабылдай алады, соның негізінде балаларда шығармашылық потенциалдың дамуына жол ашылады. Яғни, интеллектінің дамуы – креативтіліктің дамуына негіз бола алады, жеке адамның интеллектуалды және шығармашылық қабілеттері өзара байланысты және өзара тәуелді болады.
  3. Арнайы оқыту шартында тек интеллект ғана емес, әрі шығармашылық мотивация да, соған сәйкес баланың шығармашылық мүмкіндіктері де дамиды. Сондықтан мектеп тәжірибелерінде оқыту шарттарын шығармашылық сипатқа бағыттап отыру керек.
  4. Шығармашылық жеке адамның өмір формасы бола алады, сондықтан да жеке адамның объектіге деген шығармашылық танымға тән қасиеттерді таратуға ұмтылып отырғандығы эмпирикалық материалдар негізінде тұжырымдалды. Зерттеулер көрсеткендей орнықты психологиялық механизмдер бастауыш жасында нақты қалыптаса бастайды.
  5. Балалардағы шығармашылық таным сипаттамалары креативтіліктің дамуымен, оның шығармашылықтағы табыстылығымен тікелей өзара байланысты. Арнайы ұйымдастырылған оқу барысында бастауыш мектеп жасындағы балаларда объектіге деген шығармашылық сипаттамалары неғұрлым жоғары болса, креативтілік те соғұрлым жоғары болады.
  6. Педагогтарға ұйымдастырылған арнайы оқу процесін ұйымдастыру бағдарламасына бағытталған практикалық-оқыту жүйесі өз тиімділігін берді. Олай болса, оқыту-тәрбие жүйесі өз тиімділігін берді. Олай болса, оқыту-тәрбие жүйесін негіздейтін педагогтарға шығармашылық сипаттағы оқу-практикалық сабақтар ұйымдастыруды басшылыққа алып отыру қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер тізімі

  1. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. Алматы, 1996.
  2. Әбенбаев С.Ш. Сынып жетекшісі. Алматы, 2009.
  3. Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. Алматы, 2007.
  4. Байжұманова Б.И. Оқушының психикалық даму ерекшеліктері. // Бастауыш мектеп. №12, 2008.
  5. Байжұманова Б.И. Бастауыш мектеп оқушыларының танымдық қабілетін дамыту // «Қазақстан мектебі» №2, 2006.
  6. Базымова З. Ой белсенділігін дамыту // Бастауыш мектеп. №9-10 ,2010 .
  7. Венгер Л. Педагогика способностей. М., 1989.
  8. Волокитина М.Н. Төменгі класс оқушыларының психологиясы туралы очерк. Алматы, 1986.
  9. Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны тұжырымдамасы // Бастауыш мектеп. №9-10, 1996.
  10. Крутецкий В.А. Психология математических способностей школьников. М., 1968.
  11. Қазақстан Республикасының Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары. Жалпы бастауыш білім. Алматы, 2003.
  12. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы // Егемен Қазақстан. 11 маусым 1999.
  13. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы // Егемен Қазақстан. 16 қазан 2004.
  14. Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. М., 1975.
  15. Немов Р.С. Психология. М., 1995.
  16. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030. Ел президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Алматы, 1997.
  17. Овчарова Р.В. Справочная книга школьного психолога. М., 1996.
  18. Платонов К.К. Проблема способностей. М., 1972.
  19. Теплов Б.М. Избранные психологические труды. М., 1985.
  20. Психологические тесты. Сост. Н.А.Литвинцева. М., 1998.
  21. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании. М., 1996.
  22. Сәбет Бап-Баба Жалпы психология. Алматы, 2003.
  23. Темірбеков А., Балаубаев С. Психология. Алматы, 1996.
  24. Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы, 1993.
  25. Тұрғынбаева Б.А. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. // Бастауыш мектеп №7, 1997.

 

 

 


Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларында шығармашылық қабілетті қалыптастырудың теориялық негіздері