Қазіргі мектептердегі оқыту үрдісінде әдістерді тиімді қолданудағы іс-тәжірибелер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Июня 2013 в 11:09, курсовая работа

Краткое описание

Қоғамда болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзден бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық потенциалын дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
«Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасы біздің ойымызша, ел дамуының әдіснамалық тұжырымдамасы. Ал, бұл өз кезегінде мәртебелі, әдіснамалық мәдениетті жасаушылардан проблемаларды талдауды талап етеді. Осыған орай, бір жағынан алғанда, үздіксіз білім жүйесіні теориялық-әдіснамалық мәселелерін талдау «Қазақстан -2030» бағдарламасын жүзеге асыруды ғылыми тұрғыда қамтамасыз етудің көкейкесті міндеті болып отыр

Содержание

КІРІСПЕ.................................................................................................................3
ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ..............................................................................7
1.1.Оқыту әдістерін және оларды топтастыруға жалпы сипаттама.................7
1.2.Қазіргі мектептерде қолданыс тапқан жаңа әдістер.................................17
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ТИІМДІ ҚОЛДАНУ –ҰСТАЗ ШЕБЕРЛІГІ................................................................31
2.1.Дене шынықтыру сабағында тиімді әдістерді таңдай білу педагогикалық
шеберлікке апарар жол.......................................................................................31
2.2.Қазіргі мектептердегі оқыту үрдісінде әдістерді тиімді қолданудағы
іс-тәжірибелер.....................................................................................................40
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................47
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................................48
ҚОСЫМШАЛАР................................................................................................52

Прикрепленные файлы: 1 файл

смагулов дипл.раб..doc

— 528.00 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ.................................................................................................................3

  1. ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ..............................................................................7

1.1.Оқыту әдістерін  және оларды топтастыруға жалпы сипаттама.................7

1.2.Қазіргі мектептерде   қолданыс тапқан жаңа әдістер.................................17

  1. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ТИІМДІ ҚОЛДАНУ –ҰСТАЗ ШЕБЕРЛІГІ................................................................31

2.1.Дене шынықтыру сабағында  тиімді әдістерді таңдай білу  педагогикалық 

шеберлікке апарар жол.......................................................................................31

2.2.Қазіргі мектептердегі оқыту үрдісінде әдістерді тиімді қолданудағы

іс-тәжірибелер.....................................................................................................40

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................47

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................................48

ҚОСЫМШАЛАР................................................................................................52

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Тақырыптың  көкейкестілігі:

Қоғамда болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім  беру қызметіне жаңаша қарауды, қол  жеткен табыстарды сын көзден бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық потенциалын дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.

      «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасы біздің ойымызша, ел дамуының әдіснамалық тұжырымдамасы.  Ал, бұл өз кезегінде мәртебелі, әдіснамалық мәдениетті  жасаушылардан проблемаларды талдауды талап етеді. Осыған орай, бір жағынан алғанда, үздіксіз білім жүйесіні теориялық-әдіснамалық мәселелерін талдау «Қазақстан -2030» бағдарламасын жүзеге асыруды ғылыми тұрғыда қамтамасыз етудің көкейкесті міндеті болып отыр [16.1].

Қазіргі кезде білім  беру саласында білім кеңістігіне бағытталған қайта құру қалыптасуда.

Білім беру жүйесі білім мазмұнын ұйымдастыруды, қарым-қатынасын және құрылымын түбегейлі өзгертуді, жаңартуды талап етуде.

Білім беру жүйесі жаңаша көзқараспен, ақпаратты қабылдау мен  өңдеу қабілеттілігін дамытуды, білім беру мәселелерін шығармашылықпен шешуді, білім бағдарламаларын дербес өзгешіліктермен толықтыруды ұсынады.

Қалыптасқан дәстүрлі оқыту  әдістері,компьютерлік оқыту құралдарымен орын алмасуда.

Педагогикалық дамуда оқушы  мен оқытушының қарым-қатынасының барысы ең басты негіз болып табылуда.Күннен-күнге ақпараттар тасқыны толассыз ағылған қазіргі қоғамымызда әрбір мұғалім қажетті ақпараттарды, әр түрлі тәжірибелер жөнінде мағлұматтарды, жаңа әдістерді дер кезеңінде қабылдап, дұрыс пайдалана алуы керек. Сонымен, мектептегі оқу-тәрбие жүйесі, оқыту әдістемесі, мұғалім-оқушы арасындағы қарым-қатынас, жалпы оқытуды ұйымдастыру талапқа сай өзгерістерді қажет етіп отыр. Мектеп тәжірибесі жаңаша жұмыс істеп, жаңашыл технологияларды өз іс-әрекетінде пайдаланып жүрген мұғалімдер баршылық.

Бүгінгі ғылыми-техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүесінің алдына мүлдем жаңа талап қойып отыр. Ол өз жұмыс орнында және бүкіл техникалық тізбекте технологияның үздіксіз өзгерістеріне бейімделе алатын орындаушылық  тұлғасын қалыптастыру болғандықтан, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Еліміз ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ол жас ұрпақ тағдыры ұстаздардың қолында» деп, жас ұрпақ бағбандарының алдына зор міндет қойды. Осы жауапкершілікті сезініп, ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар негізінде жеке адамды қалыптастырып, дамыту және оған жан-жақты терең білім беру мақсатында көптеген білім беру технологиялары ұсынылуда. Олар: дамыта оқыту технологиясы; ойынды оқыту технологиясы; сынып ішіндегі саралап оқыту технологиясы.

Бүгінгі таңда жаңа әдіс технологияларын қолдана оқытуда  мұғалімнің алдында тұрған мақсат –  ең алдымен сабақта, оның әр тақырыбына байланысты жүйелі түрде білім беруді жүзеге асыру. Оқытудың жаңа технологиясын  мұғалім басшылыққа ала отырып, сұрыптап пайдалана білген жөн. Тақырыпты өтуде сабақ мақсатын комплекс түрде белгілеу мазмұны туындайды.

Өз ұрпақтарымызды келешекте  қандай деңгейде көргіміз келсе, жаңа технологиямен оқытуға сондай талап  қойылады. Баланы еңбекке баулуда  оның тума қабілетін ескеру соған сай оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын таңдап алу қажет. Пәнді жаңа әдіс технологияларымен оқытуда мұғалімдер алдында қыруар жұмыс күтіп тұр.

Келер ұрпаққа қоғам  талабына сай тәрбие мен білім  беруде мұғалімдер жаңаша іс-әрекеттердің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі көкейкесті мәселе.

Оқытудың жаңаша әдістерін  және олардың қолданылуын зерттеу  барысында жүйенің бір жағдайдан  екінші жағдайға көшу мәселесін И.П. Подласый, И.Т. Огородников, М.А.Данилов, М.Н. Скаткин, И.Я.Лернер, М.И.Махмутов, Н.А.Сорокин, Н.Ф.Тализина және жаңалықты енгізу үрдісіне басшылық М.М.Поташник, Л.И.Романова, Н.В.Горбунова, П.И.Пидкасистый, Н.Р.Юсуфбекова, М.В.Кларин т.б зерттеулерінде қараластырылған.

Философиялық және педагогикалық  әдебиеттерде инновациялық үрдістерді зерттеу барысында кейбір ғалымдар жаңалықтың жүйелілік, әрекеттік тұжырымдамасын ұсынады.

Мұғалімдердің жаңаша әдістерді  қолданудағы іс-әрекеттерінің түрлі  аспектілерін, білім берудің мазмұнын дамыту проблемаларын, оқытудағы жаңаша көзқарастарды енгізі мәселелерін  И.Я.Лернер, И.П.Подласый, Ю.К.Бабанский, В.С.Лазарев, М.М.Поташник, В.А.Сластенин, В.М.Полонский т.б. қарастырған.

Осы  ғалымдардың пікірінше  оқытудың жаңа әдіс технологиясының  маңызды міндеттерінің бірі педагогикалық  жаңашылықты өмірге келтіріп, оны  практикада қолдану үрдісіне басшылық жасау.

Оқу-тәрбие үрдісінде  оқытудың жаңаша әдістерін енгізу мәселесіне Қазақстандық ғалымдарымыз да соңғы  жылдары басты назарды аудара бастады. Осы мәселеге қатысты Ш.Т. Таубаева, Т.Сабыров, С.Н. Лактионова, Қ.Қ. Қабдықайыров, Р.Айтмамбетова, ал білім берудегі білім мазмұнын жетілдіру, білім стандартын жобалау, оқу-әдістеелік кешенмен қамтамасыз ету мәселелері К.Жүнісова, Қ.Аймағанбетова, Г.Әбдікәрімова, К.Бозжанова, М.Жұбанова, М.Сарыбекова, О.Сатқанов, С.Рахметова ал, жаңа типті мектептердегі  мұғалімнің жаңаша әдістерді қолдану мәселері Р.Р.Масыров, Р.Қ.Дүйсенбиновалардың еңбектер қарастырылған.

Бірақ, бұл еңбектерде оқыту әдістерін қолдану технологиялары ғылыми тұрғыдан қарастырылып, жеке проблема ретінде зерттелмеген.

Бұл білім беру жүйесіндегі оқытудың жаңа әдістерін қолдану және оның құрамының өзгеруін қажет ететін ескі мен жаңаның арасындағы әлеуметтік – педагогикалық қайшылықтадың және педагогикалық қауымының «жаңаны» игерудің мүмкіндіктері мен шынайы жағдайының арасындағы қарама-қайшылықтарды анықтауға мүмкіндік туғызады.

Осы мәселелердің көкейкестілігі зерттеу тақырыбын «Денені шынықтыру  сабағын оқыту әдістерін тиімді қолдану – ұстаз- ұстаз шеберлігі» - деп таңдауымызға себеп болады.

Зерттеу мақсаты:

-Оқушыларда оқытудың жаңа әдістерін тиімді қолдана отырып білім берудегі мұғалімдердің іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттарын анықтау.

Зерттеу нысаны.

-Оқушыларға білім  берудегі мұғалімдердің оқытудың  жаңаша әдістерін қолданудағы  іс-әрекетін қалыптастыру үрдісі.

Зерттеу пәні:

-Оқушыларға білім  берудегі мұғалімдердің оқытудың  жаңаша әдістерін қолданудағы  іс-әрекеті.

Зертеу болжамы: егер, мұғалімдер(болашақ мұғалімдер) оқыту әдістерінің жаңа технологияларының педагогикалық негіздерін меңгерсе, онда білім беру саласында үнемі жаңарып отыратын өзгерістерге икемді, жаңалықты оқу-тәрбие үрдісінде қолдана алатын педагогикалық қызметке ынтасы жоғары маман қалыптасады.

Зерттеудің  міндеттері:

-оқушыларға оқытудың  жаңа әдіс технологияларымен  білім беруде іс-әрекеттің теориялық және практикалық негіздерін айқындау және оның мәнін ашып көрсету.

-дене шынықтыру мұғалімдерінің жаңа әдіс технологиямен оқыту іс-әрекетін қалыптастыру әдістемесін жасау және оның тиімділігін іс-тәжірибе арқылы тексеру.

Зерттеудің  ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:

-мұғалімдердің денені шынықтыру сабағын оқыту әдістерінің тиімді қолдану іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары анықталды.

-мұғалімдердің денені  шынықтыру сабағын оқыту әдістерінің  тиімді қолдану іс-әрекетінің  қалыптасуы эксперементтік – іс-тәжірибе арқылы тексерілді.

- мұғалімдердің денені шынықтыру сабағын оқыту әдістерінің тиімді қолдану іс-әрекетінің моделі жасалынды.

Зерттеудің  практикалық мәнділігі:

-зерттеу материалдарын  жалпы білім беретін мектептердің дене шынықтыру мұғалімдері, педагогикалық коллеждерде, сондай-ақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби білім жетілдіру саласында пайдалануға болады.

Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:

- мұғалімдердің денені шынықтыру сабағын оқыту әдістерінің тиімді қолдану іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары.

-мұғалімдердің дене  шынықтыру сабағын оқыту әдістерінің  тиімді қолдану іс-әрекетінің  моделі.

- мұғалімдердің дене шынықтыру сабағын оқыту әдістерінің тиімді қолдану іс-әрекетінің мазмұны мен әдістемесі.

Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

Кіріспе бөлімінде зерттеудің көкейкестілігі, объектісі, пәні, мақсаты, міндеттері, болжамы, зерттеудің ғылыми жаңалығы мен практикалық мәнділігі және қорғауға ұсынылатын қағидалар баяндалады.

«Оқу-тәрбие үрдісінде  оқыту әдістерін қолдаудың теориялық  негіздері» атты бірінші тарауда  әдіс түсінігі және оның ғылыми негіздеріне  сипаттама беріліп, жаңа технологиямен  оқытуда әдістерді топтастыра білу үрдістерінің талабы баяндалады.

«Дене шынықтыру сабағын  оқыту әдістерін тиімді қолдану  – ұстаз шеберлігі» атты екінші тарауда оқыту әдістерінің оқушыларды оқытудағы алатын орны мен оны  тиімді қолдану жағайы сипатталады.

Қорытындыда теориялық және эксперементтік жұмыстардың нәтижелеріне негізделген тұжырымдар мен ұсыныстар беріледі.

Зерттеудің  базасы: Алматы облысы Қоңырөлең кенті Қожбамбет биорта мектебі

Зерттеудің  әдісі: бақылау ,тест, сауалнама, эксперимент.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУДЫҢ  ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

    1. Оқыту әдістеріне және оларды топтастыруға жалпы сипаттама.

     Оқыту әдісі дидактиканың негізгі бір құрамды бөлігі болып табылады.

Себебі, оқыту процесі оның мақсаты, мазмұны, әдістері және ұйымдастыру формаларының біртұтастылығы болып табылады.

Әдіс деген  сөз гректің “metodos” деген сөзінен  шыққан. Метод деген ұғым белгілі  ақиқатқа, шындыққа мақсатқа жетудің  жолдары деген мағынаны білдіреді. Оқыту әдістері туралы әрбір автор  өз анықтамасын береді.

Қысқаша психологиялық  –педагогикалық сөздік “әдіс"- мақсатқа қол жеткізетін жол, тәсіл, белгілі  жолмен тәртіпке салынған іс-әрекет –  деген анықтама береді.

Оқыту әдісі  – оқушыларға білім беру және оларды дамыту мақсатында мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жасайтын қызметі мен қарым-қатнасының тәсіл-амалдары – деген де пікір айтылады.

Оқытудың әдістері – оқытушы – оқушылардың жұмыс  істеу әдісі, оның арқасында білім, іскерлік, дағды қалыптасып, оқушылардың  дүние танымдылығы мен қабілеттілігі артады.

Оқыту-әдістері – мұғалім мен оқушылардың  бірлесе жасайтын әрекеті.

Оқыту-әдістері – мұғалім мен оқушылардың  өзара әрекетінің барысында білім  алу жолдары.

Оқыту-әдістері – мұғалім мен оқушылардың  өзара әрекетінің негізінде білім, тәрбие және таным процесін жетілдіру.

“Әдіске" қатысты  анықтамаларда бәріне ортақ пікір: “белгілі бір мақсатты көздеген мұғалім  мен оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынас  және іс-әрекет". [1.165]

Олай болса  оқыту әдістері – оқытудың мақсат-міндеттеріне сай оның мазмұнын оқушыларға меңгертуге мұғалім мен оқушылардың қолданатын амал-тәсілдері мен құралдарының  жиынтығы болып табылады. Мұғалім қолданылатын амал-тәсілдері мен құралдарының жиынтығы болып табылады. Мұғалім оқыту әдістерінің көмегімен оқушыларға білім беріп, олардың тәжірбиелік әрекетін ұйымдастырудың өзінің іс-әрекетін оқушылардың таным әрекетіне басшылық етумен байланыстырады.

Мұғалім оқытудың нәтижесін арттыруды оқыту әдістеріне қатысты амал-тәсілдерімен қатар  оның құралдарын да пайдаланады.

Информация о работе Қазіргі мектептердегі оқыту үрдісінде әдістерді тиімді қолданудағы іс-тәжірибелер