Эксперимент жұмыстарының нәтижелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2015 в 10:25, курсовая работа

Краткое описание

Аса көрнекті сазгер, ән жанрының әйгілі майталманы, Қазақстан мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, осы заманғы қазақ эстрадасының негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық әртісі. Оңтүстік Қазақстан облысының Қызылқұм ауданында дүниеге келді. Бала кезінен бойындағы бар талантын алқалы жиын, аламан бәйгелерде көрсете білді. 1950 жылдан бастап шығармашылықпен түбегейлі түрде шұғылданды. 1956- 1962 жж

Содержание

Кіріспе...............................................................................................................4

1. Шәмші Қалдаяқов музыкалық мұрасының қалыптасуы мен дамуы………………………………………………………..……………..….… 6
1.1 Шәмші Қалдаяқовтың дүниетанымын қалыптастырған әлеуметтік жағдайлар…………………………………………………………..……………. 13
1.2 Шәмші Қалдаяқовтың өмір және шығармашылық жолы…………………………………………………...…………..………....……16
2. Оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыруда Ш.Қалдаяқовтың шығармаларының маңызы.………………………………20
2.1 Музыкалық-эстетикалық тәрбие берудегі Шәмші Қалдаяқовтың
шығармаларының маңызды орны….......................................................….......28
2.2 Шәмші Қалдаяқовтың музыкалық мұрасының халықтық бағытының ерекшелігі………………………....…………...................……............................31

3. Эксперимент жұмыстарының нәтижелері...............................................38

ҚОРЫТЫНДЫ .................................................................................................43

ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мукан Тулебаев диплом--новый.doc

— 1.34 Мб (Скачать документ)

 


 


МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе...............................................................................................................4 
 
1. Шәмші Қалдаяқов музыкалық мұрасының қалыптасуы мен дамуы………………………………………………………..……………..….… 6

1.1 Шәмші Қалдаяқовтың дүниетанымын қалыптастырған әлеуметтік жағдайлар…………………………………………………………..……………. 13

1.2 Шәмші Қалдаяқовтың өмір және шығармашылық жолы…………………………………………………...…………..………....……16 

2. Оқушылардың музыкалық мәдениетін  қалыптастыруда Ш.Қалдаяқовтың шығармаларының маңызы.………………………………20

2.1 Музыкалық-эстетикалық тәрбие  берудегі Шәмші Қалдаяқовтың 
шығармаларының маңызды орны….......................................................….......28

2.2 Шәмші Қалдаяқовтың музыкалық мұрасының халықтық бағытының ерекшелігі………………………....…………...................……............................31

 

3. Эксперимент жұмыстарының нәтижелері...............................................38

 

ҚОРЫТЫНДЫ .................................................................................................43

 

ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................44

 

ҚОСЫМШАЛАР ..............................................................................................46

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

      Аса көрнекті композитор, ән жанрының әйгілі майталманы, Казақстан мәдениетіне еңбегі  сіңген қайраткер, осы заманғы  қазақ эстрадасының негізін салушылардың  бірі, Казақстанның халық әртісі  ол -    Шәмші Қалдаяқов     (15.08.1930, Отырар ауданы Шәуілдір ауылы – 29.2.1992, Алматы) – композитор, Қазақстанның халық артісі (1991). Шымкент, Тараз, Жетісай қалаларының құрметті азаматы.

Аса көрнекті сазгер, ән жанрының әйгілі майталманы, Қазақстан мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, осы заманғы қазақ эстрадасының негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық әртісі. Оңтүстік Қазақстан облысының Қызылқұм ауданында дүниеге келді. Бала кезінен бойындағы бар талантын алқалы жиын, аламан бәйгелерде көрсете білді. 1950 жылдан бастап шығармашылықпен түбегейлі түрде шұғылданды. 1956- 1962 жж. Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясында В.В.Великанов класында оқыды. Шәмші әндері ғажайып саздылығымен, сылдырап аққан бұлақ суындай тап-таза сыңғырымен, лирикалық наздылығымен ерекшеленеді. Оның шығармашылық жағынан сіңірген еңбегі қазақ эстрадалық әндерінің әуенін ұлттық нақышпен құнарландыруында, яғни халықтық қайнармен қабыстыруында жатыр. Ал бұл оның қазақ жұртының музыкалық дәстүрі сүтін еміп өскендігіне дәлел. Осылайша бағзы мен бүгінгі мақамдарды керемет ұштастыруы Ш.Қалдаяқов туындыларының даңқын дүрілдетіп шығарып, дүйім далаға кең жайылуға кепілдік берді. Мұхтар Әуезов өмірден озар тұсында университет студенттері алдында сөйлеген әйгілі сөзінде Шәмші саздарын Ақан, Біржан өнерпаздығынан кейінгі бір "жыл келгендей жаңалық" сезіндіретін үздік құбылыс ретінде бағалағаны мәлім.

Жұрт аузында "бүкіл қазақ еліне ән салдырған Шәмші" атануының сыры сонда. Сазгер әндері, әсіресе, 60-70-жылдардагы жастардың аузында жүрді. Кешеулеген "хрущевтік жылымық" дәуірінің жас адамдары шетел композиторлары мен орындаушыларына, мәселен, "Биттлзге" калай ынтықса, қазақстандық өз сазгерлерімізді де солай сүйіп тыңдады. Бұл соңғысы мен арасында, әрине, Қалдаяқов бірінші орында тұрды. Әсем да ақылды көкөрім жасты ғана емес, ересек, егде қауымның да, сан түрлі мамандық, алуан ұлт адамдарының да көңілін баурап алды. Халық арасында әсіресе күллі отаншылдық, елшілдік нотасын тап басқан "Менің Қазақстаным" туындысы айрықша мәшһүр болды. 1986 жылы Желтоқсан көтерілісіне қатысушы ұл-қыздар Алматы алаңдары мен көшелерінде Шәмшінің осы әнін ұрандай шырқап шықты. 2005 жылдан "Менің Қазақстаным" туындысы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны болып бекітілді.

 Шәмші әндері ғажайып саздылығымен, сылдырап аққан бұлақ суындай тап-таза сыңғырымен, лирикалық наздылығымен ерекшеленеді. Оның шығармашылық жағынан сіңірген еңбегі казақ эстрадалық әндерінің әуенін ұлтгық нақышпен кұнарландыруында, яғни халықтық қайнармен қабыстыруында жатыр. Ал бұл оның қазақ жұртының музыкалық дәстүрі сүтін еміп өскендігіне дәлел. Осылайша бағзы мен бүгінгі мақамдарды керемет ұштастыруы Ш.Калдаяқов туындыларының даңқын дүрілдетіп шығарып, дүйім далаға кең жайылуға кепілдік берді. 

Шәмші – қазақ өнерін үлкен жаңалық және ұлттық бояуы қанық өлмейтін туындылар олжалаған аса дарынды сазгер екендігін дәлелдеген өнерпаз. Шәмші Батыс өнеріндегі вальсті қазақ топырағына, қазақ табиғатына жақындатып, ұлтымыздың төл өнері санатына қосып жіберген композитор. Содан оны қазақ халқы аса құрметтеп «қазақ вальсінің королі» - деп орынды мақтан етеді. Шәмшінің екі ұлы да кәсіби музыкант. Демек, әкесінің жолын қуған азаматтар.  Шәмші Қалдаяқовтың өзі өмірден өтсе де, әні ешқашан да қазақ халқының жадында сақталады.

 

                                                 &

 

Зерттеудің өзектілігі. Ш.Қалдаяқов шығармаларын одан әрі тереңірек зерттеп игеріп, ұлттық мәдениетіміздің кұрамдас бір бөлігі ретінде тануымыз керек. Бүгінгі таңдағы жаңа міндеттеріміздің бірі - осы.

Қазақстан Республикасының этникалық-мәдени білім тұжырымдамасында: «Ұлттық мұраның түп мақсаты – қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшуі кезінде өзінің  мәдени  мұрасымен саяси экономикалық және рухани дағдарысты жеңіп шыға алатын, өмірге икемделген, білікті, өз  елінің  ұлы  тұлғаларын  дәріптейтін жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеу» - деп өнер мен мәдениетті дамытуға ерекше мән берілсе, орта білімді дамыту тұжырымдамасы жобасында : «Білім берудің маңызды мақсаты адамды әдеттегі үйреншікті сана-сезім шеңберінен алып шығып, мәдениеттің биік деңгейіне көтеру...» деп оқушылардың көркемдік талғамын мәдени  мұралар  арқылы өркениетті мәдениетке жеткізу көзделеді.

Зерттеудің мақсаты – Қазақтың  вальс жанрының  ірге  тасын  қалаушы Ш.Қалдаяқов шығармаларын талдай отырып оның вокалдық туындыларының өскелең  ұрпаққа, келешеккөркемдік әрі тәрбиелік мәнін, маңызын саралау, тағлымын ашу, үйрету  арқылы оқушылардың мәдениетін  қалыптастыру.

Зерттеудің объектісі - Композитор Ш.Қалдаяқовтың ән және лирикаға  толы шығармалары.

Зерттеу пәні - Ш.Қалдаяқов  шығармаларындағы тәрбиелік жүйе.

Зерттеудің міндеттері:

  • Ш.Қалдаяқов туралы   зерттеулерге   тоқтала   отырып,   оның   қазақ 
    мәдениетіндегі тарихи орнын бағалау;
  • Ш.Қалдаяқов шығармаларының мазмұны мен көркемдігін анықтау;
  • Ш.Қалдаяқов  шығармаларының тәрбиелік сипатын саралау.

Зерттеудің  болжамы:    Егер, оқушылардың мәдени  мұраны, қазақтың дәстүрлі көркем мәдениетіне қызығушылықтары  артса, болашақ музыка мұғалімдері даярлығының мазмұнына, формалары мен әдістеріне қазақтың музыкалық  мұрасын  кәсіби  деңгейге  жеткізген  зор тұлғаларды дәріптеп, музыка  пәнінде пайдалануға музыкалық тәрбиенің тарихи, білім, дағды деңгейімен ұштастырылса, музыкалық  білім  беру процесінде қазақтың кәсіби  сазгері  шығармашылығын терең пайдалануға жағдай жасалса.

Әдістемелік негізі - композитордың музыкалық мұрасы және музыка зерттеушілерінің    еңбектері,    мәдени    мұраны    бағалауда    қалыптасқан ғылыми-педагогикалық    еңбектер. Педагогикалық,        өнертану ғылымдарының        жетістіктерін        пайдалана        отырып,        композитор шығармашылығының тәрбиелік сипаттарын ашып көрсету.

Тәжірибелік маңызы – жалпы  білім  беретін орта мектептерде, сыныптан тыс жұмыстарда, Ш.Қалдаяқов шығармаларын барынша  молынан пайдалану жөнінде әдістемелік ұсыныстар жасау.

Зерттеудің педагогикалық сипаттамасы. Ш.Қалдаяқовтың музыкалық-педагогикалық мұрасы, соның ішінде ән жанры қарастырылып, олардың тәрбиелік тағылымы қарастырылды.

Зерттеу көздері:  Қазақстан Республикасының Білім Заңдары, Конституциясы, қаулы-қарарлары, Білім мен ғылым министрлігінің тұжырымдамалары, бағдарламалары, философтардың, өнертанушылардың, мәдениеттанушылардың, тарихшылардың, музыкалық  сыншылардың, педагогтардың еңбектері, мектеп мен жоғары педагогикалық оқу орны оқытушыларының озық тәжірибесі.

Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспе, екі негізгі және эксперименттік бөлім, сондай-ақ қорытынды, қолданылған әдебиет тізімі, қосымшадан тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Шәмші Қалдаяқов музыкалық мұрасының қалыптасуы мен дамуы

 
1.1 Ш.Қалдаяқовтың дүниетанымын қалыптастырған әлеуметтік жағдайлар

         Көркем шығарма - халықтың жан-күйінің, жаркын ойының көрінісі адам  сезімінін аскақ  үні,  дәуір  шындығы,  тыңдаушысына  эстетикалық ләззат   беретін    өнер    саласы.    Сол   себепті     оның    өрісі    кең.    Тыныс тіршілігі, алдағы үміт, парасатты ой - әндердің негізгі арқауы.

Адам баласы тудырған музыкалық жанрлардың ішінде әннін орны да, қызметі    де    бөлек. Ол    тыңдаушысына   жылдам    жететін,    терең    әсер калдыратын жанр. Әннің сезімді оятар асқак үні қалың жұртшылыктың жүрегіне жылдам  ұялап,  қалықтап кете барады.

Қазақ халқының XX ғасырда туған көркем әндері А. Жұбанов, Л.Хамиди, Е. Брусиловский, Қ. Қожамияров, Б. Байқадамов, Б. Ерзакович, Д. Мацуцин, М. Иванов-Сокольский, т.б. шығармашылығында дамығаны белгілі. Осы аға буын өкілдеріне Н. Тілендиев, Ғ. Жұбанова, Е. Рахмадиев, А. Еспаев,      Б. Жұманиязов, М. Сағатов, М. Маңғытаев, Т. Базарбаев, Ә. Бейсеуов, Е. Хасанғалиев, т.б. ел арасына кеңіңен танымал болған әндерін де қосамыз.

Бұл   композиторлардың   бел ортасында   Ш.Қалдаяқов шығармашылығы     тұрса     керек.     Ол     ән - хор     жанрларының     барлық саласында   қатар   еңбек   еткен   талантты   композитор.  

“Әннің төресі - халық тыңдап кана коймай, өздері қосылып айтып кететіндері ғой”,- деп айтқандай, Ш.Қалдаяқовтың әндерінде мұндай көпшілік /массовые песни/ әндер баршылық. Олар тақырыбы   жағынан    әртүрлі    топка    бөлінеді;    еңбек    әндері,    жастар әндері, лирикалық вокальдык циклдар. Бұлардың көпшілігі-ак ондаған, 
жүздеген       тіптен       мыңдаған       қарапайым  көркемөнерпаздардың

репертуарынан орын алып, айтылып жүр. Ең алдымен ол әндердің өмірлігі такырып кеңдігінде, ән әуенінің ұлттық накышының ойға қонымды жандылығында. Еңбек әндерінің өзінде Шәмші айтпаған, әндетпеген мамандық кем де кем. Оларды жеке-жеке алғанда өзіндік ырғак иірімі бар. Ол бір тыңдағаннан-ак өзіне тартып, үйіріп алатын әсем әуен. - Менің алғашкы ұстазым Р. Глиэр: “Жақсы ән жазу-тек қана әдемі мелодия жасау ғана емес, сондай-ақ мәнерлі, маңызды гармониялық сүйемелдеу табу” деуші еді, - дейтін М. Төлебаевтың барлық әндерінің гармониялық кұрылысы, кейде полифониялық стилі әннің көркемдігін әсерлеп жымдай жарасып кететін. Оны ең алдымен Т. Жароковтың елеңіне жазған “Жылқышы” әнінен естуге болады. Әншіге берілген вокальдык партия тау шыңына шығып алып, бар дауыспен “Тау жайлап жылқышымын, қыр кыстаган, колыма жібек баулы қүрық ұстаған” деп шырқата жөнелген ән әуеніне ілескен фортепианолық желдірме сүйемелдеу желе жортып, ауыздықпен алысып келе жатқан еңбек ерінің ой-толқынды образын ерекше еліктіре, жанды суреттейді де, ән бастамасы мен қайырмасы қайырылып ойға оралып, есте қалып қояды да, сүйемелдеуі желдірте ілестіріп отырады. Мұндай тапқырлық барлық әндерінде орын алған.

Мұның ішінде “Отырардағы  той”  мен “ әнінің мәні зор. Өйткені шынайы ындықтан, реалистік өмірден туған әндер. Екі әнде де моторлы ритм, шат көңілді     әуен     шығармаға     айрықша     көркем     көрік     береді.

 Қалайда Қалдаяқовтың бұл әндерінің барлығына тән  нәрсе малшы болсын, қойшы, қырманшы, мақташы, шахтер болсын, қайнаған еңбек   процесінің   өрнегін   көрсету   басым   жатады.    Оны   музыканың ашық та айкын аккордтарымен көсілте, көндіре, төндіре айтады.

Ш.Қалдаяқовтың творчествосының  барлық кезеңдерінде  кездесетін

әндердің тағы  бір  саласы  вокальдық лирика.   “Ән-халык  жаны” -деген       Д    И. Дунаевский.     М. Төлебаевтың     лирикаларынан   халық   жанына налған     көп   әндерді   табамыз.   Ондай   ән   лирикалары   ең   алдымен асы-тұрмыс, бала  бақытына көңіл  күйінің  әр  шақтарында арналады.

Композитордың шынайы сүйіспеншілік , мөлдір махаббат лирикалары. Майда қоңыр мелодиялы, көңілге қонымды жаймашуақ келетін бұл әндер сарыны жалпы Шәмші қаламына тән “қиыннан қиыстырып” сезіммен өрбіп, дамып отырады, ойда қалады, ұзақ сақталады. Орындаушы әншілердің дә репертуардан тастамай үнемі айтып журуі де осының айғағы болса керек.

Композитордың лирикалық жанрдың дамуын корсететін бір топ әндері бар. Бүл төрт ақынның өлеңдеріне жазылған төрт бөлімді әндер жинағы. Оны композитордың өзі “Лирикалық әндердің вокальдық циклі” деп атаған.

Әндер циклі яғни, әртүрлі характерлі заңды формасы бар, мағанасы суреттірек бас-аяғы жинақы түзілген, музыкалық образдары айқын, мазмүны тиянақты ойды білдіретін. Мол тақырыпты қамтитын оригиналдық шығармалар. Ондай циклдар сонау кезде алты жүзден астам әндер қалдырған атақты композитор Ф. Шуберттен басталып, орыс композиторларында классикалық музыканың атасы М. Глинканың творчествосында    кең    орын    алған.    Қазақ    музыкасында    Ш.Қалдаяқовтың еңбектерінде   басталды.    Одан  үлгі  түткан   композиторлардьң   тағылым алғаны да байкалып тұрады.

Лирика     циклының     алғашқысында     әзіл,   юмор     басым.      Ол музыканың   құрылыс   формасы   мен   өрнекті   иін-ыргағынан   да   ойын-күлкі,   калжыңы   мен   аралас   текстінің   өзі   де   бірден   көніл   бұрады. Жабық  көңілден  жайдары  шыққан  ерлердін  жуан  бас  даусына  арнайы жазылған лепірмелі әуен өленінің жолдарымен қабысып кетеді. Бұл Ш.Қалдаяқовтың мұрасындағы жаңалык пен жақсылықтың бір көрінісі еді.

 

 

 

 

 

Шәмші Қалдаяқов (15.8. 1930, Отырар ауданы Шәуілдір ауылы – 29.2.1992, Алматы) – композитор, Қазақстанның халық артісі (1991). Шымкент, Тараз, Жетісай қалаларының құрметті азаматы. Аса көрнекті сазгер, ән жанрының әйгілі майталманы, Қазақстан мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, осы заманғы қазақ эстрадасының негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық әртісі. Оңтүстік Қазақстан облысының Қызылқұм ауданында дүниеге келді. Бала кезінен бойындағы бар талантын алқалы жиын, аламан бәйгелерде көрсете білді. 1950 жылдан бастап шығармашылықпен түбегейлі түрде шұғылданды. 1956- 1962 жж. Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясында В.В.Великанов класында оқыды. Шәмші әндері ғажайып саздылығымен, сылдырап аққан бұлақ суындай тап-таза сыңғырымен, лирикалық наздылығымен ерекшеленеді. Оның шығармашылық жағынан сіңірген еңбегі қазақ эстрадалық әндерінің әуенін ұлттық нақышпен құнарландыруында, яғни халықтық қайнармен қабыстыруында жатыр. Ал бұл оның қазақ жұртының музыкалық дәстүрі сүтін еміп өскендігіне дәлел. Осылайша бағзы мен бүгінгі мақамдарды керемет ұштастыруы Ш.Қалдаяқов туындыларының даңқын дүрілдетіп шығарып, дүйім далаға кең жайылуға кепілдік берді. Мұхтар Әуезов өмірден озар тұсында университет студенттері алдында сөйлеген әйгілі сөзінде Шәмші саздарын Ақан, Біржан өнерпаздығынан кейінгі бір "жыл келгендей жаңалық" сезіндіретін үздік құбылыс ретінде бағалағаны мәлім. Жұрт аузында "бүкіл қазақ еліне ән салдырған Шәмші" атануының сыры сонда. Сазгер әндері, әсіресе, 60-70-жылдардагы жастардың аузында жүрді. Кешеулеген "хрущевтік жылымық" дәуірінің жас адамдары шетел композиторлары мен орындаушыларына, мәселен, "Биттлзге" калай ынтықса, қазақстандық өз сазгерлерімізді де солай сүйіп тыңдады. Бұл соңғысы мен арасында, әрине, Қалдаяқов бірінші орында тұрды. Әсем да ақылды көкөрім жасты ғана емес, ересек, егде қауымның да, сан түрлі мамандық, алуан ұлт адамдарының да көңілін баурап алды. Халық арасында әсіресе күллі отаншылдық, елшілдік нотасын тап басқан "Менің Қазақстаным" туындысы айрықша мәшһүр болды. 1986 жылы Желтоқсан көтерілісіне қатысушы ұл-қыздар Алматы алаңдары мен көшелерінде Шәмшінің осы әнін ұрандай шырқап шықты. 2005 жылдан "Менің Қазақстаным" туындысы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны болып бекітілді. 

Информация о работе Эксперимент жұмыстарының нәтижелері