Эксперимент жұмыстарының нәтижелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2015 в 10:25, курсовая работа

Краткое описание

Аса көрнекті сазгер, ән жанрының әйгілі майталманы, Қазақстан мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, осы заманғы қазақ эстрадасының негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық әртісі. Оңтүстік Қазақстан облысының Қызылқұм ауданында дүниеге келді. Бала кезінен бойындағы бар талантын алқалы жиын, аламан бәйгелерде көрсете білді. 1950 жылдан бастап шығармашылықпен түбегейлі түрде шұғылданды. 1956- 1962 жж

Содержание

Кіріспе...............................................................................................................4

1. Шәмші Қалдаяқов музыкалық мұрасының қалыптасуы мен дамуы………………………………………………………..……………..….… 6
1.1 Шәмші Қалдаяқовтың дүниетанымын қалыптастырған әлеуметтік жағдайлар…………………………………………………………..……………. 13
1.2 Шәмші Қалдаяқовтың өмір және шығармашылық жолы…………………………………………………...…………..………....……16
2. Оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыруда Ш.Қалдаяқовтың шығармаларының маңызы.………………………………20
2.1 Музыкалық-эстетикалық тәрбие берудегі Шәмші Қалдаяқовтың
шығармаларының маңызды орны….......................................................….......28
2.2 Шәмші Қалдаяқовтың музыкалық мұрасының халықтық бағытының ерекшелігі………………………....…………...................……............................31

3. Эксперимент жұмыстарының нәтижелері...............................................38

ҚОРЫТЫНДЫ .................................................................................................43

ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мукан Тулебаев диплом--новый.doc

— 1.34 Мб (Скачать документ)

         Шәмші  Қалдаяқов  туындыларын орындаудан, насихаттаудан, сахналаудан конкурстар, байқаулар ұйымдастырылса, бұл туралы телеарналардан жүйелі көрсетілсе, қазіргі жастар жат жұрттардың жеңілтек саздарына әуестенбей, ұлттық өнерімізді құрметтеуге ойысатыны сөзсіз.

       Сондай-ақ бүкіл әлемдік өнер жұлдыздарымен иық тірестірерлік Шәмші  Қалдаяқов сынды тұлғаларды танып-біліп, құрмет  тұтатыны да күмәнсіз

             Қазақ халқында «Шәмші, Шәмшінің  әні» десе, ішкен асын жерге  қоймайтын жан жоқ. Адам жүрегін  тебірентетін сезімдердің қайсысы болмасын – асыл ана, ардақты әке, мөлдір сезім, шынайы махаббат – осының бәрі Шәмші әндерінің тақырыбы десек – артық айтқандық болмас…

1930 жылдың 15 тамызында Оңтүстік  Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында дүниеге келген  Шәмші Қалдаяқов – қазақтың ұлттық музыка өнерінің ән жанрына аса айқын да соны леп ала келген сазгер. 1950 жылы Сарыағаштағы Қапыланбек малдәрігерлерлік техникумын бітірген Шәмші 1951-1954 жылдары Қиыр Шығыста әскери борышын атқарды. Шығармашылық жұмыспен 1950 жылдан бастап айналысқан ол 1955 жылы Ташкенттегі музыка училищесінің музыка теориясы факультетіне (проф. В.В.Великановтың класы бойынша) қабылданды. 

Ш.Қалдаяқов – композитор және Қазақстанның халық әртісі. Оның шығармаларының тақырыптық, мазмұндық ауқымы кең. Шәмші шығармаларының қайсысын алмайық, олардың басты тақырыбы – елге, жерге, Отанға деген сүйіспеншілік. Оның әндері құлаққа жағымды, жүрекке жылы қабылданады. «Ақ ерке – Ақ жайық», «Арыс жағасында», «Сыр сұлуы», «Жарқырайды Жезқазған», «Қарқаралы», «Фосфорлы Жамбыл», «Талдықорған – әнім менің», «Теріскей», «Мойынқұмда», «Отырардағы той», «Өмір – өзен» т.б. өлеңдерінен кең байтақ жерімізге, елімізге деген ыстық ықылас, мейірім, сүйіспеншілік сезімдері байқалады.

Ал «Бақыт құшағында», «Бәрінен де сен сұлу» сияқты әндері жастық жігер мен шаттыққа толы. Сазгердің «Ана туралы жыры» әрбір аналар мерекесінің, аналар тойының сәні болса, марш екпінді, мағына-мазмұны терең «Менің Қазақстаным» әні бүгінгі күні тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің әнұраны болып отыр.  Ш.Қалдаяқовтың көптеген әндері Р.Бағланова, Р.Абдуллин, Б.Төлегенова, Р.Мұсабаев, З.Қойшыбаева т.б. әншілердің репертуарынан берік орын алды. Ш.Қалдаяқов 1965 жылы Республика жастар сыйлығының лауреаты болды. 1991 жылы Ш.Қалдаяқов жайлы «Жылдарым менің, жырларым менің» (реж. Т.Ахметов) атты ғұмырнамалық деректі телефильм түсірілді. Артына музыкалық мол мұра қалдырған Ш.Қалдаяқов 1992 жылы 29 ақпанда Алматы қаласында қайтыс болды.

Сүйікті халқын ән бесігіне, вальс ырғағына бөлеген аса белгілі сазгерді есте сақтау мақсатымен Шымкент қаласындағы облыстық филормония мен бір көше, Алматы қаласындағы бір көше, композитордың туған өлкесі – Шәуілдір ауданындағы музыка мектебі Қалдаяқовтың есімімен аталады. Шымкент филормониясының алдына сазгердің ескерткіші орнатылған. Ал 1992 жылдан бастап жыл сайын сазгерлер мен әншілер үшін Қалдаяқов атындағы халықаралық байқау-фестивалінің өтілуі – Шәмшіге деген халық ілтипатының белгісі. 2002 жылы «Шәмшіғұмыр» атты естеліктер мен мақалалар жинағы жарық көрді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

 

Педагогикалық эксперимент Семей қаласындағы Шәкәрім  университетінің базалық  алаңы №17 жалпы білім беретін орта мектебінің  5а, 5ә сыныптарында өткізілді. 5а - эксперименттік топ, 5ә – бақылау тобы. Біздің болжам мен зерттеу мақсаттарымызға сәйкес педагогикалық эксперименттің 3 кезеңінен тұратын жоспары құрылды.

    • Анықтау
    • Қалыптастыру
    • Бақылау

Анықтау кезеңі 2014 жылдың 20 қарашасында өткізілді. Мұның негізгі мақсаты – мектеп оқушыларының көркем мәдени білімділігінің дәрежесін анықтау. Ол үшін ауырлық дәрежесі әр түрлі 10 сұрақтан тұратын тест (11 кесте) құрылған болатын.  Бұл тестке   қазақтың  кәсіби  композиторы Шәмші  Қалдаяқов  жайлы сұрақтар енгізілген.

Оқушылардың сазгер жайлы мәдени білімдерінің дәрежесін анықтау мақсатымен төмендегі кестеде көрсетілген критерийлер құрылды:

Кесте 2

 

Сұрақтардың күрделілік дәрежесі

%

Сипаттама

1

Жоғары деңгей

90-100

Оқушылар 9-10 сұраққа дұрыс жауап берді.

2

Орта деңгей

60-89

Оқушылар 6-8 сұраққа дұрыс жауап берді.

3

Төменгі деңгей

10-59

Оқушылар 1-6 сұраққа дұрыс жауап берді.


 

Диагностика материалдары келесі кестелерде көрсетілген:

 

5 «а» (эксперименттік) топтың  нәтижесі

Кесте 3

 

Сұрақ №

Сұрақтарға дұрыс жауап берген оқушылар саны

Абсолюттік сандар

% қатынасы

1

7

35

2

20

100

3

10

50

4

17

85

5

12

60

6

17

85

7

14

70

8

4

20

9

8

40

10

0

0


5 «Ә» (бақылау) тобының нәтижесі

Кесте 4

Сұрақ №

Сұрақтарға дұрыс жауап берген оқушылар саны

Абсолюттік сандар

% қатынасы

1

8

40

2

12

60

3

3

15

4

16

80

5

11

55

6

15

75

7

12

60

8

5

25

9

4

20

10

0

0


 

Бақылау және эксперименттік топтың салыстырмалы кестесі

Кесте 5

Білім деңгейі

Эксперименттік топ

Бақылау тобы

Абсолюттік сан

%

Абсолюттік сан

%

Жоғарғы

(90-100%)

1

5

0

0

Орташа

(60-89%)

4

20

4

40

Төменгі

(10-59%)

15

75

16

80


 

Эксперименттің анықтау кезеңінің қорытындысы келесі нәтижені көрсетті:

Эксперименттік және бақылау топтары оқушыларының білім деңгейі бірдей болды, тек эксперименттік топтың нәтижесі 1% ға жоғары,  № 10 сұраққа оқушылардың ешқайсысы дұрыс жауап бермеді.

Осылайша, жүргізілген эксперименттік жұмыс оқушылардың білім деңгейін анықтауға мүмкіндік бере отырып, біздің зерттеуіміздің мақсатқа жетудің жолдары мен құралдарын анықтауға мүмкіндік берді.

Педагогикалық зерттеудің қалыптастыру кезеңі  2015 жылдың 21 ақпанынан 20 наурызға дейінгі аралықта № 17 жалпы білім беретін орта мектебінің 5а, 5ә сыныптарында Шәмші  Қалдаяқов туралы материалдарды қосу арқылы жүргізілді. 

1 сәуірде жүргізілген бақылау кезеңі бүкіл эксперименттік жұмыстың қорытындысын жасауға негіз болды. Мәліметтер жинау барысында балаларды Шәмші  Қалдаяқов   жайлы материалдарын игеру мақсатына жеткізді. Онда сондай-ақ, бақылау тобының балалары (5 ә сыныбы 20 оқушы) және эксперименттік топ (5 а сыныбы 20 оқушы).

 

Эксперименттік этаптық сараптау нәтижесі (5 «а» сыныбы)

Кесте 6

Сұрақ №

Сұрақтарға дұрыс жауап берген оқушылар саны

Абсолюттік сандар

Салыстырмалы %

1

12

60

2

20

100

3

11

55

4

18

90

5

13

65

6

18

90

7

18

90

8

19

95

9

16

80

10

14

70


 

 

 

 

 

 

 

 

5 «ә» сыныбының (бақылау  тобы) эксприменттік сараптау нәтижесі

Кесте 7

 

Сұрақтарға дұрыс жауап берген оқушылар саны

Абсолюттік сандар

% қатынасы

1

10

50

2

13

65

3

5

25

4

17

85

5

12

60

6

15

75

7

13

65

8

5

25

9

4

20

10

0

0


Бақылау және эксперименттік топтардың бақылау этапындағы салыстырмалы білім деңгейі

Кесте 8

Білім деңгейі

Эксперименттік топ

Бақылау тобы

Абсолюттік сан

%

Абсолюттік сан

%

Жоғарғы

(90-100%)

5

22

1

5

Орташа

(60-89%)

18

78

7

35

Төменгі

(10-59%)

0

0

12

60

Информация о работе Эксперимент жұмыстарының нәтижелері