Эксперимент жұмыстарының нәтижелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2015 в 10:25, курсовая работа

Краткое описание

Аса көрнекті сазгер, ән жанрының әйгілі майталманы, Қазақстан мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, осы заманғы қазақ эстрадасының негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық әртісі. Оңтүстік Қазақстан облысының Қызылқұм ауданында дүниеге келді. Бала кезінен бойындағы бар талантын алқалы жиын, аламан бәйгелерде көрсете білді. 1950 жылдан бастап шығармашылықпен түбегейлі түрде шұғылданды. 1956- 1962 жж

Содержание

Кіріспе...............................................................................................................4

1. Шәмші Қалдаяқов музыкалық мұрасының қалыптасуы мен дамуы………………………………………………………..……………..….… 6
1.1 Шәмші Қалдаяқовтың дүниетанымын қалыптастырған әлеуметтік жағдайлар…………………………………………………………..……………. 13
1.2 Шәмші Қалдаяқовтың өмір және шығармашылық жолы…………………………………………………...…………..………....……16
2. Оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыруда Ш.Қалдаяқовтың шығармаларының маңызы.………………………………20
2.1 Музыкалық-эстетикалық тәрбие берудегі Шәмші Қалдаяқовтың
шығармаларының маңызды орны….......................................................….......28
2.2 Шәмші Қалдаяқовтың музыкалық мұрасының халықтық бағытының ерекшелігі………………………....…………...................……............................31

3. Эксперимент жұмыстарының нәтижелері...............................................38

ҚОРЫТЫНДЫ .................................................................................................43

ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мукан Тулебаев диплом--новый.doc

— 1.34 Мб (Скачать документ)

Шәмші Қалдаяқовтың есімі ұлттық мәдениетіміздің тарихына алтын әріппен жазылған десек, қазақ жазба музыка өнерінің негізін қалаушы аса көрнекті композитордың шығармалары өзіне тән мазмұндылығымен, көркемдік құндылығымен, асқан шеберлік тілімен халқымыздың асыл мұрасына айналды. Оның асқақ туындылары азаматтық үнімен, әдемі лирикалық сарынымен, эпикалық серпінімен, айқын бояуымен күнделікті өміріміздің ажырамас серігіндей қабылданады.

         Туған халқының  өмір салтынан ажырамай, санғасырлық  өнерінен рухани нәр алған  композитордың музыка тілі жалпыға түсінікті бола тұра, жоғары кәсібилік сипатқа ие. Онда Отанға деген сүйіспеншілік, туған жерді қорғау мен елінің бақытты өмірін жырлау тақырыбы мен халық өмірінің сәулелі суреттері сияқты күрделі қоғамдық мәселелер көтеріледі.

Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығындағы қажырлы еңбекті жырлайтын  әндері кезінде жаңашыл туынды ретінде композитордың атын шығарды.         Өзінің қысқа шығармашылық өмірінде (ол 23 жасында ғана музыка әлеміне келіп, 47 жасында дүние салды) Шәмші Қалдаяқовтың жарқ етіп жанған жұлдыздай, сөнбес із қалдырып, туған елінің мақтаныш ететін адал перзенті болды, сүйіспеншілігіне бөленді. Болашақ композитордың өнерге деген сезімталдығы, құштарлығы мен әуесқойлығы ерте қалыптасты.

 Шәмші Қалдаяқовтың табиғи қабілетінің сарқылмас бұлағы байырғы халық қазынасынан бастау алды. Оның композиторлық шеберлігінің одан әрі дами түсуіне, шыңдалып өрбуіне ұстаздары – көрнекті кеңес композиторлары, профессорлар Р.Глиэр, Н.Мясковский зор үлес қосты. Шәмші кәсіби білім алу кезеңінде шаршамай-талмай алға ұмтылып, мәдени және музыкалық мұралармен танысып, классикалық шығармаларды игеріп, өзінің ой-өрісінің жан-жақты қалыптасуын мақсат етті.

         Ашық ұлттық  бояумен нақышталған, өзіндік ерекшеліктерге  толы стиль композитордың музыкалық мұрасына ортақ қолтаңба болып табылады. Халқымыздың бай музыкалық фольклорының эстетикалық, көркемдік қырларын және стильдік ерекшеліктерін жете игеру композитордың шығармашылық өрнегінің қалыптасуына әсер етті. Мысалы, олардың бірі – музыкалық фразаның өзгеше даму барысы мен музыканың шырқау шыңындағы құрылым сияқты көптеген композициялық тәсілдер. 
          Шәмші Қалдаяқов  шығармашылығындағы халықтық өнер қайнарлары кең көлемде көрінеді: қазақ ән мәдениетінің дәстүрлі жанрына (терме) назар аударса да, лирикалық әуендерді дамытуда да, ақын өнерінің речитативтік сарынын алса да, аспаптық музыканың тамаша үлгілерін жүзеге асырса да тек өзіне ғана тән композициялық тәсілдерін тауып, жоғары көркемдік тұрғыда сезімдік-бейнелік қолтаңбасымен ерекшелендіреді.

        Шәмші Қалдаяқовтың асқан дарындылығы алғашқы вокалдық туындыларында-ақ айқын сезілді. Оның ән-романстары – сұлу сазды, асқақ әуенді сырлы лирикаға бай тартымды, романтикаға толы музыка. 
          Композитордың вокалдық жанрға бейімділігі, ондағы таңғаларлық әуен шығару дарындылығы, нәзік лирикалық қабілеті оны опера жанрына бастады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Шәмші Қалдаяқовтың  өмір және шығармашылық жолы 

 

Құйрықты жұлдыз секілді  
Туды да көп тұрмады  
Көрген білген өкінді  
Мін тағар жан болмады  
Ғ.Құрманғалиев

Қазақ даласын әнмен тербеткен Ш. Қалдаяқовтың тағдыры мен ғұмырына осы төрт жол өлең түгелімен арналғандай. Оның әндерінсіз ешбір мереке де, ешбір той-думан да өтпейді. Оның әндерін еңбектеген баладан бастап, еңкейген кәріге дейін шырқайды. Ал «Шәмші аға» деген сөз «Ән аға» деген сөзбен тұтасып, синоним болып кеткелі қашан...

Ол Шымкент облысы Отырар ауданында 193О жылы 15 тамызда дүниеге келген. Оның әндері республикамыздың қай өңірі болмасын жиі айтылып, ән сүйер қауым арасына барынша кең тараған. Ән өнерімізде жарық жұлдыздай сәуле шашып, айырықша із қалдырған Ш.Қалдаяқов күллі қазақ халқының ұлттық мақтанышы сазгердің серісі. Біз ес білгелі бері еліміздің кең байтақ даласымен аспанында қалықтаған, махаббат пен сағыныш сезіміне толық қайталанбас Шәмші әуендері енді ХХІ ғасыр әлеміне бет алып әуелей беретіні ақиқат. Табиғат ерекше дарын иесі еткен дара тұлға Шәмші Қалдаяқовты қазақ баласы есінен шығармас.Шәмші ағамыздың «Қорлан» әнін шырқаудағы өзіне ішкі сырын ашып айтпай сөз шешендігіне салып бұра тартып кететіні де бар. Кең жүрегімен табиғат берген дархан, дарынды Шәмші ағамыз өзінің жүрек тербейтін, қиял қозғайтын, терең ойға шомылдыратын ғажап әндерімен халқын байытатын, олардың өмір сүруге құштарлығын арттыратынШәмші Қалдаяқов пиониноны да, домбыраны да жосылта тартатын еді. Бірақ, домбыраны екпіндете, төпелеп тартқанын көрген емеспіз. Бір әсем әуенді шерте бастайтын да қоңырлата былқылдата ала жөнелетін. Қысқаша айтқанда тұла бойы тұнған өнер болатын.  Қазақтың музыка өнерінде Шәмшінің орны ерекше 300-ге жуық әні бар Ш.Қалдаяқов кеудесін қағып, мен атақты композитормын деп бір сәтте мақтанған жан емес. Қашанда өзінің қарапйымдылығымен ізгілігі мол адам ретінде бүкіл қазақ халқының жүрегінен мәңгі орын алды. Өзінің шығарған өлеңінің бірі «Тамды аруы». Шәмші ағаның қалың жұртқа махабатты жырлаған композитор ретінде белгілі. Тамды аруы махаббат жайлы болғанымен ол махаббат бостандығын аңсап жазылған ән. Яғни, жас жігіттің басынан өткен қайғылы оқиғаға себеп болған. Бұл махаббат бостандығын аңсаған әнді Шәмші ағамыз өзінің шеберлігімен дүниеге әкелді. Ал, «Сағынышым менің» әнінде ерекше аңсау , терең толғау бар. Айта берсек әр әннің өзіндік тарихи сыры бар. Ең бір көшпелі тарих - ән тарихы. Кешегі Кәрібаевтың Жамбыл вальсімен қанағаттанған лектің рухани көші небір аймаңдай дарындармен дараланып, сән салтанаты асқан келешектің көркем келбетін көз алдымызға келтіре білген нұрлы көші еді.  
Көш жуан ортасынан ойып орын алған композитордың бірі әрі бірегейі де Шәмші Қалдаяқов болатын. Шәмшінің тағдырын да біртуар тұтас бір тағдыр иесінің 18 жыл соңғы жылдарында осы топырақта ғажайып шығармашылық ғұмыр кешкі «Мойынқұмда ауылым», «Дүнген қызы», «Фосфорлы Жамбыл» секілді атақты әндері осында дүние есігін ашып, төрткүл дүниеге тарады. Әу баста Шымкент өңірінде атақты әндері осында дүние есігін ашып, төрткүл дүниеге тарады. Әу баста Шымкент өңірінде басталған Шәмші Қалдаяқов атындағы Халықаралық ән фестивалі Жамбылда жалғасын тауып, талай таланттардың тұсауын кесті. Шын таланттың ғажайып дарынның шапағаты тиді деген осы. Дарыны иісі қазаққа ортақ Шәмшідей аяулы жанның ән ғұмыры әлі талай ұрпақтың ой білімімен, парасатымен жаңаша жаңғырып жалғасын таба берері сөзсіз. Бұл еңбекті сол төккен тердің төл басы Тараз тойына тарту деп қабылдауымыз ләміз.  
Қазақ өнері орны толмас қазаға душар болды. 1992 жылы 29 ақпанда жасы 62 ге қараған шағында ұзаққа созылған ауыр науқастан, көрнекті халық әртісі Ш.Қалдаяқов көз жұмды. Шығармашылық жұмыспен 1950 жылдардан бастап айналысқан 1956-1962 жылдарда Алматы консерваториясында оқыды. Шәмшінің тұнып тұрған сыр шындығымен, шынайылылығымен және сезімге терең бойлауымен ерекшеленетін алғашқы әндерінің өзі композитордың атын елге жайып, халықтың сүйікті перзентіне айналдырды. 40 жылдан астам шығармашылық қызметінде Ш.Қалдаяқовтың 300-ге жуық музыкалық туынды жазды. Олардың дені ән жанрында Ш.Қалдаяқовтың өзінің қайталанбас қол таңбасы халықтың бояуы қанық талантымен қазақ халқының қазіргі әнін, өнерін биік белеске көтерді. Оның ғажап шығармашылығы ұлттық мәдениеттің тамаша көрінісінің бірі. Танымал әндер жазудағы табысы үшін композитор 1965 жылы Қазақстан Комсомол сыйлығын алды. Ал, 1991 жылы оған Қазақстан Республикасының Халық әрітісі құрметті атағы берілді. Халықтың сүйікті композиторы Ш.Қалдаяқовтың жарқын бейне тыңдаушылар жүрегінде әрдайым сақталады.

Композитордың қолы жеткен табыстары оны одан арман қанаттандырып, жаңа творчестволық белестерге шабыттандырды. Өмірінің соңғы жылдары әртүрлі тақырыпқа арналған туындылар жазуды арман етті. Болашақ образдарды халықтың аңыз, поэзиясынан және замандас жазушылардың прозаларынан сұрыптағысы келді. Тарлан суреткердің шығармаларының тартымдылық әсері, үн-өрнегінің өзегі, сиқырлы сырының күші қазақтың музыкалық және поэтикалық үнімен байланыстылығында жатыр. Қазақстан музыка өнерінің мақтанышы болған Шәмші  туған елінің рухани байлығын ерекше терең түсініп, тебірене қабылдап, сүйіспеншілікпен қадірлей де, дамыта да білді.          Ш.Қалдаяқовтың өзіне тән тамаша, ғажайып музыкалық дәстүрі республика композиторларының жоғары кәсіби жағынан қалыптасуына зор әсер етті. Ш.Қалдаяқовтың мұрасындағы дәстүрін көрнекті ізбасарлары Е.Рахмадиев, Ғ.Жұбанова, С.Мұхамеджанов, Н.Тілендиев және басқа композиторлар жалғастырды.           КСРО халық әртісі, КСРО және ҚазКСР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Мұқан Төлебаев шығармашылығы қазақ музыкасының шоқтығы биік тұсы болып саналады. Оның мұрасы – ұлттық рухани байлығымыздың маңызды бөлігі. Композитор әрі ұстаз Ш.Қалдаяқовтың ән шығармалары халықтық   дәстүрге   жақын екендігі дау тудырмайды.    

Алайда   әншілік өнердің   дамуы    барысында   ел   арасына   кеңінен   тарайтын    көпшілік шьіғармалардың   туғаны   мәлім.   Оны   эстрадалық   қүбылыс   деп   жүрміз. Оның   кейбір   нышандары   қазақ   әндерінен   де   көрініс   беріп   отырады. Себебі ол ертеден келе жатқан игі дәстүр.

Міне, сол игі дәстүрді ән өнерінде әрі қарай дамытудың орнына, табиғаты бөлек, топырағы алыс жатқан саздардың сөлсіз, нәрсіздеріне сырттай еліктеп, құр солықтау, құптарлық қадам емес. Ал шынайы таланттар бұл талапты қатты ескереді, халық дәстүрін ілгері бастырьш, бүгінгі дәуір талабына үндес тың дүниелер жазады. Ол да Ш.Қалдаяқовтың көптің көкейіне қонған әндерінен айкын көреміз.

Қазіргі  кейбір  эстрадалык  әндерді   естігенде,   кейде  халықтың   әні екенін    айыра    алмай    калатынымыз   да    бар.    Мүндай    еліктеу   ұзаққа апармайды.    Еліктеудің    осындай    екі    түрін     байкап    жүрміз.     Бірі,-әдемілігін        асырып,    ұлттык        нақыштан        аумай,    творчестволық тапқырлықпен жеткізу де,  екіншісі - ұлттық нақыштың  сырын тер төгіп ізденбей, басқаныкін, турасын айту керек, ойсыз, өрнексіз көшіріп  алу. Ән   шығарушы    әсіресе    әуесқой    композиторларымыздың    біразы    осы топқа   қосылып    кетіп    жүргенін    өздері    де    байкамай қалып    жүргені ойландырады.    Мұның    төркіні, әрине,    талант    тапшылығында    жатыр. Сосын  ән  шығарушының   ұстаған   бағытының   негізсіздігінен   болуы   да ықтимал.  Осындайлар  қазақ  музыкасының  ырғактық  өлшемдері   кедей, шағын, бір  сарында келте  қайрылады деп  даурығады.  Меніңше,  мүның ешбір негізі жоқ.  Өйткені халык әндерінің наздылығы мен саздылығын сақтай отырып, олардың әсем аскақтығына күйлердің көркем  ырғағын, сүйкімді    серпінін,    гармониялық    үндестігін    коссак,    бугінгі    эстрада    талабы артығымен канағаттандыратынын көріп жүрміз. Мәселе -ыкласта, барды бағалап, табиғат берген таланттың үстіне тер төгіп еңбек ете білуде.Тағы бір көңіл   аударарлық   бір   мәселе   ән   бар да,   әнді   көпшілікке жеткізуші  бар.  Бізде  ән  орындау  шеберлігі  әлемге  әйгілі  десем,  асыра айтпаған   болармьн.   Асқақ   үнді   халықтық   дәстүрде   айтатын   да,   осы заманғы   талапка   сай орындайтын    өнерлі    әншілеріміз   де   баршылық.

Олар      республикалык,       Одақтық,       бүкіл       дүниежүзілік       конкурс,

фестивальдардың  жүлделерін  альп,  лауреат  атағына да ие  болып  жүр.

Бұлбұл   көмей   Бибігүл   Төлегенова,   жайдарман   талант   Роза   Бағланова,

кұлақ    қүрышын    кандырар    Ришат    Абдуллин,    талгамды    әнші    Роза

Жаманова,   еркін   көсілер   Ермек   Серкебаев,   жүйрік   тарлан   қалпында

кеткен   Жүсекең,   кайталанбас   Ғаракең,   жайма   шуақ   айтатын   Жамал

апай,   майда   қоныр    Суат   Әбусейітов,    оған    қоса   Н. Нүсіпжанов,   Е.

Хасанғалиев,      3.  Қойшыбаева      сияқты      көпке      танымал      талантты

әншілеріміз   арғы   беті Монреаль,   шығыс   шеті   Токиоға   жетіп   жатқан

орындаушыларымыз   жетерлік...   Алда   көп   үміт   күттірерлік   талантты

жастар   да   қаулап    өсіп   келеді.    Онымен    қоса   халық   таланттарынан

ұйымдасқан   әртүрлі   ансамбльдер   мен   әншілер   де   қуанышқа   болейді.

Ескертетін  жағдай, кейбір  орындаушыларымыз   эстрадалық  әндерді ғана

емес,   байыпты   да   байсалды,   кейде   мүңлы, кейде   көңілді   нәзік   күйін

шертетін    тамылжыған    тамаша    әндерді,     қүлпыртып,    қүйқылжытып

айтамын   деп   берекесін   кетіріп   жүр.   Олардың   мін-мүлтігі   әр   қилы.

Кейбіреулер     орындайтын      репертуарының      бойына     терең      бойлай

алмайды,  екіншісі,   әйтеуір   эстрада  осылай   болады   деп,   сырт  сырдан

еліктеуге салынады,  сөйтіп  сәтсіздікке  үшырайды.   Енді  біреулері  озіне

лайықты репертуар  таңдай  білмейді.  Таңдай  білсе  де,   озіндік  орындау

нақышын таба алмай, өз жанынан әншілік жаңалық аша алмағандыктан, баскаларды жалаң қайталаганды ғана біледі.

Әнді орындаушылар бар да, тыңдаушылар бар. Тыңдаушы алғаш орындалған әннен көп ғанибет, ләззат қана алмайды, орындау үлгісін де үйренеді. Осының өзі әннің таралуына керемет зор әсерін тигізеді. Көпшілік орындаушылар бірінші айтқан әншінің орындау шеберлігіне, әннің байыбына бара білуіне, әсем әуенділігіне тікелей еліктейді, айнытпай салуға еліктейді, талпынады. Бұл әрине, түсінбестік. Осыдан келіп әр әнге өзіндік орындаушылык үлесін қоспаған маман (профессионал) әншіден амалсыз түңілесің. Әсем әндердін қадір-қасиетін осылай да кетіріп жүрміз.

Композиторлардың жұптас жандарыныи бірі - ақындар. Қазіргі заман тұрғысынан қарағанда ақынсыз ән тумақ емес. Жақсы өлен жаңа әннің қанаты, ұшырар тұғыры. Ал өлеңді таңдап, талдап алуға келгенде біздің кейбір композиторларымыз дәрменсіздік жасайды. Саралап алудың орнына арзанқол ақындардьщ нәрсіз өлеңсымактарына өздерінің тәп-тәуір дүниесіне сап тели салып жүргендері де мол табылады.

Ән    мәтіндерін    жазуға    белді    акындарымыз    Сырбай    Мәуленов,

Мұзафар   Әлімбаев,   Қуандык   Шаңғытбаев,   Олжас   Сүлейменов,   Қадыр

Мырзалиев,     Ғафу     Қайырбеков,  Тұманбай     Молдағалиев,     Қабдікәрім

Ыдырысов,    Әнуар    Дүсенбиев,    Сағи    Жиенбаев, Нұтфолла    Шәкенов,

Нұрсұлтан    Әлімқұлов    т.б.    еркін    көсіліп    еңбек    етті.    Бірақ,    осыған

  Қарамастан   ән   өлеңдерінің   біразына   әттеген-ай! - деген   өкініш  көп

 шеді.    Осындай    жайғдайды     есмкеретін    жан    ашыр    ақындардың

есіне беріп, талғамына салып, талдап беруін қалар едім. Өйткені бұл

толғағы     жетіп     толықсыған     мәселенің     бірі.     Бұл     жайында республикалық   “Қазақ   әдебиеті”   газеті,   “Жұлдыз”,   “Мәдениет   және журналдарында да бірсыпыра әңгіме болды. Дегенмен әртүрлі талғамсыз авторлың тартыс-талассыз өтетін көркем советтер арасынан өлеңсымақтары өтіп көрініп-ақ жүр. Осы жағын ескере отырып, “қолды”   болған   ән   текстеріне   акындарымыз   біраз   тежеу   саларына

сенеміз. Бұл    жөнінде    де    Шәмші    сонау    жылдардың    өзінде-ақ    қатты

ескертіп еді-ау.

- Сонғы жылдары, - дейді Шәмші осы бір толғақты мәселе жайында,- шығарылған әндердің саны әжептәуір болса да біздің бұл салада мақтанарымыз аз. Қыскаша айтқанда, біздің әндеріміз халык аз айтады, кейде айтпайды. Мұның себептері республикалық концерцттік үйымдардың әнді нашар насихаттауында ғана емес, негізгі себеп әннің өзінде, ен алдымен оның текстінде. Біз жазған әндердің ішінен нақтылы сюжеті, нақтылы образы бар тексті табу тыс қиын. Текстердің бэрінде дерлік өмір шындығын сезім аркылы қабылдау жоқ, юмор, жылылық жок. Бұл текстер характеріне қарай жалан, жалпылама, сырттан жазылады. Тілі жағынан жалтырақ, даурықпа, көркемдік саиасы төмен болып келеді. Мұндай текстке қандай музыка жазуға болар еді? Әрине, сөзі қандай болса, музыкасы да сондай болатыны мәлім. Бізде сөзі музыка жазуға тұрмайтын өлеңдер де көп. Олар бәрі бір автордан алысқа кете алмайды, оны халық қолдамайды, айтпайды. Композитордың    қабылдаған    текстіне    сын    көзімен    қарамауын доғаратын   уақыт  жетті.   Келешекте   ән   текстіне   тек   ақын   емес,   оған музыка    жазатын    композитор    да    жауапты     болсьн.    Көп  жағдайда музыканың    жағдайларын    толык    білмейді. Тіпті    кұбылысты    таңдай білмеушілік, оларға     лайықты     жарқын     және     ұгымды     музыкалық образдарды таба алмаушылық осыдан барып туады. Мұндай    мәселе    осы     күнге    дейін    құнын     жоймаған     өзекті мәселелердің бірі болып келеді. Бұлай дейтініміз ән халықтық дүние, өмір серігі, оны өркендету, дамыту баршамыздың төл ісіміз. Ол біздің ғасырларымыздың тілегі, болашағымыздын өнерлі өрісінің нұрлы таны. Бұл міндет біздің дәуіріміздің әндеріне де жүктеліп отыр. Ол міндетті аткару ән шығаратын барлык творчестволык қаламдастарымыздьң ардақты борышы екенін аскап жауапкершілікпен қарап, естен шығармайық. Ән қанатында қалықтаған Шәмші творчествосы соған меңзейді. Ол ұзаққа самғайтын, ұмытыдмайтын ғасырлар қазынасына қосылған мұқалсам асыл мұра ретінде дәуір тынысымен бірге жасай бермек.

Информация о работе Эксперимент жұмыстарының нәтижелері