ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы тарихи әлеуметтік жағдай және қазақ зиялылары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2014 в 16:40, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. М.Дулатұлы шығармаларының тақырып аясы өте кең. Онда қазақ халқының өткені мен бүгінін және болашағының сан алуан әлеуметтік және экономикалық мәселелері барынша молынан қамтылады. Десек те, біз оның шығармаларындағы азатшылдық рухын, оның қазақ халқының санасын оятудағы жойқын күшін барынша ашып көрсетуді қарастыру. М.Дулатұлының «Оян, қазақ!» атты өлеңдер жинағының өзегінде оның халқына деген ұлы махаббатынан туған рух үні – ұранды да, дабылды даусы жатыр. Ол – ұлт теңдігі, ұлт дербестігі, өзгеге кіріптар болмай, тәуелсіз өмір сүру мәселесі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

курс женка.docx

— 66.70 Кб (Скачать документ)

Тигізбесін жұртқа жау  кеселдерін, заман-ай.

Қайырмасы:

Бай қайдасың, ортаға малыңды  сал,

Азды-көпті аямай барыңды  сал.

Жаны тәтті жақсылар, қайдасыңдар?

Милләтіңнің жолына жаныңды  сал, заман-ай». [21. 12].

 Сондай-ақ, бұл кезеңде ақынның  «Жаңа тілек», «Намыс құрбанына», «Қайда едің?», «Тұңғыш құрбан»,  тағы да басқа бірқатар өлеңдері  жазылды. Мәселен, «Қайда едің?»  деген өлеңінде бостандық жолындағы  аласапыран күрестің алмағайып  күндерінде халықтың көкейкесті  арманы үдесінен шыға алмай,  бас сауғалап тасада қалған  қайраткерлердің атына ауыр сын  айтылады.

Уақытша үкімет тұсында М.Дулатов  азаттыққа қол жеткізген қазақ  елінің одан әрі не істеу керектігі  жөнінде жазылған мақалалары «Қазақ», «Сарыарқа» газеттері мен «Абай» журналында жиі жарияланып тұрды. Әсіресе, облыстарда съезд шақыру, облыстық және жалпы қазақ съезін шақыру туралы өзінің бірнеше мақаласын арнады. Мәселен, «Қазақ» газетінің 1917 жылғы  №238 санында жарияланған «Қазақ съезі» деген мақаласында «Әр  жұрт бұл күнде өз қамын ойлап  жатыр, әркім өз аты бәйгеден келуіне, өзі шыққан тауы биік болуына жанталасып қызмет етіп жатыр. Біз де солардан қалмайық. Уақыт өткізбелік. Өкініп жүрмелік. Қазіргі бір күн бұрынғы  жүз жылдан қымбат. Оян, жұрт, талпын жұрт, қамдан жұрт!» деп алаш азаматтарының  намысын қайрайды. Сонымен бірге  тұңғыш съезд Торғай облысының съезі  болғанын айтып, оның қысқаша қаулысын ұсынады. Съезд қаулысында мемлекеттің  демократиялық болуы депутаттардың  халық санына қарай сайлануы, оған әйелдердің де кіргізілуі, дін ісінің мемлекет ісінен бөлектенуі, жалпы  міндетті оқудың енгізілуі, оқудың ана  тілінде жүргізілуі, әйел, еркек  балалардың бірге оқуы, мемлекет керегіне қазаққа берілген жерден артық алынуы, тағы да басқа көптеген өмірлік мәселелерді  тайға таңба басқандай жазды.

А. Байтұрсынов пен М.Дулатов  шығарып отырған «Қазақ» газеті Ақпан төңкерісінен кейін жалпы  Алаш қозғалысымен бірге уақытша  үкімет жағында болып, Қазан төңкерісінің идеяларын қабылдай қойған жоқ. Газет 1918 жылдың наурызында жабылып қалды. Кейінірек Кеңес үкіметі алаш қайраткерлеріне кешірім жасаған  кезде М.Дулатов та жаңа құрылысқа  қызмет етушілер жағында болды. Жанын  салып, барын беріп аянбай қызмет етті. 1920 жылдың аяғында Ташкентке  келіп, сол кездегі Түркістан  республикасының органы «Ақ жол» газетінде жауапты қызметке орналасады. Талай-талай өзекті мәселелер көтеріп, газеттің бетін жандандырып жібереді.

1922-1926 жылдары Орынбордағы қазақтың  халыққа білім беру институтында  оқытушы, одан соң Қазақ мемлекеттік  баспасында бөлім бастығы, «Еңбекші  қазақта» редактордың стилистика  жөніндегі көмекшісі кезінде  өндіре жұмыс істеді. Мақалаларынан  бөлек «Балқия» атты төрт перделі  пъессасын жазып, аудармашылықпен  шұғылданды. Бұлардың сыртында мерзімді  баспасөзде ұдайы жарияланып  тұрған әңгіме, очерктері өз алдына. Әсіресе, «Еңбекші қазақта» істеген  кезінде М.Дулатов қаламынан қорытылып  шыққан жанрлық материалдар тіл  шеберлігі, стиль мінсіздігі жағынан  көп-көп қазақ журналистерінің  жас буынына өзіндік бір мектеп  болды десек, артық айтқандық емес». [21.4]. 
Қорытынды

ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың алғашқы ширегі, негізгі бөлімде  талдау жасағанымыздай, қат-қабат тарихи оқиғаларға толы болғаны белгілі. Феодалдық  қоғамдағы қатынастардың қабырғасы  сөгіліп, капиталистік қатынастарға орын босата бастады. Сайын даланы еркін  жайлап, көшіп - қонып, малдың соңынан  ерген қазақ жұрты мейлі қаласын, мейлі қаламасын ақ патшаның бұғауында  құрық тимеген асаудай бұлқынды. Далалық демократия, билер мәселесі келмеске кетті. Қазақ даласы губерниялар  мен уездерге, облыстарға бөлшектеліп  тасталды. Өзен, көлдердің жағасындағы  шұрайлы жерлер переселендерге, қарашекпендерге  беріліп, онда мекендеген жергілікті халық  шөлейт, жартылай шөлейт аймақтарға көшірілді. Қазақ даласына қайғы-қасіреттің қара бұлты төніп келе жатты.

Ғасыр тоғысындағы ұлт үшін алмағайып  кезеңде тарих ана ұлт үшін басын бәйгеге тіккен бір топ  кемеңгерлерді шығарды. Көш басында  Абай, Ыбырай, Шоқан тұрды. Олар туған  халқын оқу мен білімге шақырды, кәсіпті үйренуге үндеді. Демократиялық  қозғалыс біртіндеп ұлт-азаттық  күресіне ұласа бастады. Бұл кезеңде  А. Байтұрсыновтың, М. Дулатұлының,

Ж. Аймауытовтың, М. Жұмабаевтың қазақ  халқын күреске шақырған азаттық  рухындағы өлеңдері, мақалалары, серкесөздері, тағы да басқа көркем дүниелері «Айқап», «Қазақ» газет-журналдарына халықтың жанайқайы ретінде жиі жарияланып жатты.

Ұлтты азаттық рухында тәрбиелеуде  сөз жоқ, М. Дулатұлының орны айырықша.

Біріншіден, ол ірі ақын. «Оян, қазақтың » бір өзі тұтас дәуірдің әдеби-көркем, әрі тарихи шежіресі іспетті. Онда қазақ  тарихының өткені мен бүгіні, болашағы мен тарихы дәлдікпен суреттеледі.

Екіншіден, ол аса талантты журналист, серкесөздің шынайы шебері. Оның мерзімді баспасөзде жарияланған материалдарындағы  көтерілген әлеуметтік-экономикалық мәселелер  және оларды шешу жолындағы аса құнды  ұсыныстары, тіпті күні бүгінге дейін  маңызын жоғалтқан жоқ десе де болады.

Үшіншіден, ол – көрнекті жазушы. «Бақытсыз  Жамал» қазақ әдебиеті топырағындағы  тұңғыш романы екені белгілі. Сондай-ақ, оның көркем әңгімелері мен «Балқия» атты пьесасы дәуір шындығын шынайы бейнелейді.

Төртіншіден, ол – үлкен тарихшы. Әсіресе, оның көптеген мақалаларында  ел мен жердің тарихына батыл барлау жасалады. Мәселен, «Қазақ тарихы» нақ  осындай дүние.

Бесіншіден, ол – ғалым, тілші, математик. Ол жазған оқу құралдары кезінде  көпшілік көп тұтынатын, көп оқитын кітаптар болды.

Бір сөзбен айтсақ, М. Дулатұлы энциклопедиялық  білімі бар данышпан азамат болды. Оның шығармаларының әдеби-тарихи маңыздылығы  сол нақты деректер мен дәлелдерге құрылуы. Әрине, мақалаларында нақты  жағдайларға байланысты нақты дәлелдер көптеп келтірілсе, көркем туындыларында  мұның бәрі бейнелі беріледі. Сол  кезеңнің тұтас суретін жасайды.

Құладын ұшса қияғы күйетін, құлан  жортса тұяғы тозатын шетсіз-шексіз туған жерін, байтақ өлкесін жанындай сүйіп, көзінің қарашығындай қорғап, тағдырдың талай тауқыметтеріне төзе жүріп, алдағы атар ақ таңнан бір  сәт те үміт үзбеген, жалынды жырлары  мына күнге шаршап-шалдығып, азып-тоза жаздап жеткен Міржақып Дулатұлының  шығармаларының әдебиетімізден алатын орны ерекше. Байтақ жарық дүниенің өзіндей дархан ғажайып тұлғаларының бірегейі бола білген қаламгердің өмір жолы мәңгілікке астасып, ғасырлардан-ғасырларға аттап, сан ұрпақтың елдік мектебіне  тұтас бір ұлттың рухани болмысының алтын арқауына айналды. Қазақ даласы кемел азаматтарға ешқашан кенде  болып көрмеген. Базарлай білсек, халықтың ай маңдайына біткен абзал азаматтары, ардагерлері аз емес.

Ақ алмастай асылдардың бірі, болған Жахаңның әзіз есімін әспеттеп, қымбат мұрасын үкілеп ұстап, қадір-қасиетін өзіміз тану, өзгеге таныту, ардақтау, қастерлеу-біздің баршамыздың елдік, әрқайсымыздың перзенттік парызымыз. Халқы үшін жанын пида еткен азаматтарымызға  «халық жауы», «ұлтшыл» деген жантүршігерлік айып тағылып, атын кітапқа жазбақ тұрмақ, ауызға алмақтың өзі мұң болып, кейінгі  ұрпаққа құбыжық көрсетіп келген халық даналарының жаладан арылуы, қазақ жұртының жүйе-жүйесін босататындай, ел болып емірентетіндей, халық болып  тебірентетіндей терең сыры бар. Шындық өлмейді, ақиқат тозбайды, аруақ  азбайды, асыл жоғалмайды деген халық  сезімінің мұратына жетуі еді. Түптеп келгенде мұны жаңа ұрпақтың туып, өсіп жетілгендігінің, кемеліне келгендігінің  Қазақ елі тәуелсіздігі құтты  қадамының, ұлттық сана-сезімінің қалыптасқандығының, тарихи әділеттігінің қалпына келуінің келісті бір көрінісі деп бағалағанымыз  жөн.

Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан Компартиясы  Орталық Комитетінің Бюросы 1988 жылдың 28 желтоқсанында аса көрнекті қазақ  қаламгерлері Ахмет Байтұрсыновтың, Мағжан Жұмабаевтың және Жүсіпбек Аймауытовтың қоғамдық-саяси, ғылыми-педагогикалық  және әдеби қызметтері жөніндегі  тарихи шындықты қалпына келтіру  қажет деген ұйғарымға келді. Көп ұзамай Міржақып Дулатовтың өмірі  мен шығармашылығы жөнінде де осындай шешім қабылданды. Ол оңайлыққа  түскен жоқ. Халық сөзін сөйлеп, халық  мүддесі жолында неге де пейіл  бола алатын азаматтар толысып, халық  болашағы жолындағы қасиетті парызды  өз мойындарына ала бастағанының арқасында жүзеге асты. Міне содан  бері аз уақытта қиянат шеккен көптеген азаматтардың қымбат мұрасы халықтың қолына қайта тиді. Бес арысымыздың  да кітаптары жарық көрді.

Әдебиет майданына Ахмет Байтұрсыновпен бірге шығып, дел-сал жатқан далаға «Оян, қазақ!» деп ұран салған азамат ақын Міржақып Дулатовтың өмірі мен  өнері кейінгі ұрпақ үшін тауысылмас тағылым, жаңылмас нысана болмақшы.

1914 жылы Мәскеуде жарық көрген  «Восточные сборник в честь  А.М. Веселовского» деген жинаққа  Шығыстың ең әйгілі жазушыларының  қатарында қазақ әдебиетінің  өкілдерінен екі-ақ адам аталғанда,  оның бірі Абай, екіншісі Міржақып  Дулатов болғанының өзі біраз  жайды аңғартып тұрғандай. Осы ғасырдың басында қазақ даласын дүр сілкіндірген үш кітап шыққаны мәлім. Оның бірі Абайдың өлеңдер жинағы, екіншісі Ахмет Байтұрсыновтың «Қырық мысалы», үшіншісі Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ!» атты публицистикалық-лирикалық жинағы еді. [9.3].

Ақынның елім деп егілген жан  даусы кең даланы шарлап, миллиондаған жүректерге жетіп, құрандай жатталған  еді.

Әділетсіздік пен қатыгездіктің  құрбаны болған Міржақып Дулатовтың тағдыры азат ойлы, ұлтжанды, қуғын-сүргінді көп көрген, елім деп еңіреген, өкінішпен  өткен қазақ зиялыларының қайғылы  қиямет тағдыры. Ол өткен күрес жолы қандай бұралаң болса, ол турасындағы  қоғамдық пікір де сондай бұралаң. Бұл  білімдарлығына табандылығы, таланттылығына күрескерлігі, қайырымдылығына қайсарлығы қосылған Дулатовтай күрделі тұлға  тыңғылықты зерттеуді, түбегейлі талдау мен әділ бағаны әлі де күтіп тұр. Екі ғасыр тоғысындағы қиян-кескі  әлеуметтік күрестің қандай сын сәтінде  де жасқанбай араласқан жанқияр  жанға жағылмаған жала, тағылмаған пәле аз. Алашорда қозғалысына байланысты туған жөнді-жөнсіз айыптың бәрі де оның басына жапсырыла бергені  де белгілі. Мұның қаншасы бұрыс, қаншасы дұрыс екенін дана уақыт  көрсетер, әділ тарих өзі айтар. Бірақ  қазірдің өзінде басы ашық шындық мынау: Міржақып Дулатов дүрлігіске толы дүрбелең дәуірде, күрмеуі көп күрделі  кезеңде құбылмалы саясаттың  жел жағына шығып қала бермегенмен, оның қазақтың қамын ойлап, қан жылаған  жүрегі, не айтса да шынайылығынан  танбайтын жалынды қаламы ұлттың рухын көтеруге, санасын оятуға, намысын қамшылауға себепкер болғаны  сөзсіз.  
Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Асқаров.А «Ғасырдың белгісі» // Ақиқат 2000 №1
  2. Нұрпейісов.К «Ғасырдың белгісі» // Ақиқат №1 2000ж.
  3. Сағадиев. К «Ғасырдың белгісі» // Ақиқат №1 2000ж.
  4. Әжібекұлы. М «Алаш рухының азаншысы» // «Ел мәдениеті» 2006ж сәуір.
  5. Исабаев.Қ «Оян, қазақ!» губернаторлардың ұйқысын бұзған // Қазақ әдебиеті №4 1994 28 қаңтар
  6. Қамзабекұлы.Д «ХХ ғасыр: ұлт тұлғалар ұлағаты» // Үкімет жаршысы №5 2000 жыл.
  7. Кәкішұлы.Т «Оян, қазақ!» қалай қуғындалды? // Егемен Қазақстан, 2005 7 қыркүйек.
  8. Татарстан Республикасының ұлттық мұрағаты 420 қор, 179 іс.
  9. Дулатұлы. М  V томдық шығармалар жинағы, І том // Алматы, «Мектеп» 2002ж.
  10. Трушев.А. Міржақов Дулатов (1885-1935) Қайнар Университетінің хабаршысы №3 2003ж
  11. Елеукенов.Ш «Ғасырмен сырласу» // Ақиқат 2000 №1
  12. Елеукенов.Ш «Тұңғыш романист» // Жұлдыз №1 1990ж.
  13. Атабаев.Қ «Қазақта бұлар теңдес бар ғой шешен» // Қазақ әдебиеті, 2006ж 4 шілде.
  14. Жолдасбеков.М «Аруақ азбайды» // Қазақ әдебиеті 1991ж, 21 маусым.
  15. Ысмағұлов.Ж «Сәулесі жарық жолға ұмтылған» // Егемен  Қазақстан.2004ж.16 қыркүйек
  16. Дулатұлы. М  V томдық шығармалар жинағы, І том // Алматы, «Мектеп» 2003ж.
  17. Оразаев.Е «Міржақов Дулатовтың еңбектері ХХ ғасырдағы қазақ тарихының дерек көзі ретінде» // ҚазҰУ хабаршысы 2006ж.
  18. Мектепов.А «Халқын оятқан қаламгер» // Жалын 1989ж №5.
  19. Дулатова. Г «Ардақтап өтем әкемді» // Жұлдыз №6, 1990ж.
  20. Уәлиханов.Ш «Ғасырдың белгісі» // Ақиқат №1 2000ж.
  21. Ысмағұлов.Ж «Міржақов Дулатов» // Сұхбат 1991ж. 15 ақпан.

 


Информация о работе ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы тарихи әлеуметтік жағдай және қазақ зиялылары