ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Января 2013 в 18:31, лекция

Краткое описание

«Қазақ әдебиеті тарихының» алтыншы кітабы ХХ ғасырдың басындағы әдеби даму заңдылықтарының басты ерекшеліктерін саралап көрсетуге, сол кезеңде өмір сүрген ақындардың мұраларын талдап зерделеуге арналды.
Сонымен, он томдық «Қазақ әдебиеті тарихының» төртінші - бесінші, алтыншы кітаптары тұтас бір дәуірдегі әдеби процестің ішкі-сыртқы заңдылықтарын сарлап көрсетеді де социалистік реализм әдебиеті алдындағы көркемсөз шежіресін қамтиды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 25.55 Кб (Скачать документ)

6 том - ХХ ғасыр басындағы  қазақ әдебиетінің тарихы.

«Қазақ әдебиеті тарихының» алтыншы кітабы ХХ ғасырдың басындағы  әдеби даму заңдылықтарының басты  ерекшеліктерін саралап көрсетуге, сол кезеңде өмір сүрген ақындардың мұраларын талдап зерделеуге арналды.

Сонымен, он томдық «Қазақ әдебиеті тарихының» төртінші - бесінші, алтыншы кітаптары тұтас бір  дәуірдегі әдеби процестің ішкі-сыртқы заңдылықтарын сарлап көрсетеді  де социалистік реализм әдебиеті алдындағы көркемсөз шежіресін  қамтиды.

Бұл белесті кезең де әдебиеттің өз уақытына сай жедел  дамыған, жаңғыру үрдісі кең, мазмұны  барынша бай әдебиет болуымен ерекшеленеді. Әр жылдарда оның тарихи-теориялық  мәселелері де жан-жақты байсалды зерттеліп  отырды. Академиялық зерттеу еңбектерінің ішінде 1961 жылы жарық көрген «Қазақ әдебиетінің тарихы» үштомдығының тұтас бір кітабы осы ХХ ғасыр  әдебиетінің тарихына арналған еді. Осы кезеңнің әдеби талдаулары өткен  ғасырдың өзінде көрінекті әдебиетшілердің  жарыққа шығарған жинақтарында жарияланды. М. Әуезов, С. Мұқанов, Қ. Жұмалиев, С. Қирабаев, З. Қабдолов, Т. Кәкішев, Р. Бердібаев, Р. Нұрғалиев, Ш. Елеукенов, М. Қаратаев, М. Жармұхамбет, т.б. әдебиет зерттеушілердің  еңбектерінде талданды. ХХ ғасырдың басындағы  көркем шығармалар да қазіргі заманғы  зақ әдебиетінің тарихында елеулі із қалдырды, әрі олар ХХ ғасырдың бастауында тұрып әдебиеттің одан әрі дамуына  жол ашқан еді.

Ғалымдар мен әдебиетшілер осы кезеңдегі әдебиет тарихына арналған еңбектерін әр жылдарда жариялап жұртшылық назарына ұсынып отырды. Бұл орайда С. Сейфуллиннің, «Қазақ әдебиеті» (1932 ж.), С. Мұқановтың «ХХ  ғасырдағы қазақ әдебиеті» (1932 ж.), т.б. еңбектер өз мәнін жоғалтқан  жоқ. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарында жарық көрген «Қазақ әдебиетінің  тарихы» атты академиялық көптомдық  зерттеу еңбегі әдебиет тарихын, оның ішінде ХХ ғасыр әдебиетінің  шығармаларын зерттеудегі межелі бір  белес болса, одан кейінгі кезеңдерде де ХХ ғасыр әдебиеті жайында белгілі  ғалымдардың, қаламгерлердің зерттеу  еңбектері мен көзқарастары түрлі  деңгейде жарияланып отырды.

1917 жылғы қазан төңкерісінен  кейін оның алдындағы Алаш  ұранды әдебиет, ұлттық-демократтық  бағыттағы өзге де туындылар  мен жазушылар еңбектеріне көзқарас  өзгерді. Біртіндеп қуғын-сүргін  науқанына ұшырап, ұзақ жылдар  бойы қапаста қалды.

ХХ ғасырдың басындағы  әдебиет тынысын зерделеуге арналған бесінші томда бұрынғы зерттеу  жұмыстарына да методологиялық тұрғыдан назар аудара отырып, көптеген әдеби  мұралар жаңа көзқарас тұрғысынан бағаланды. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жылдарында рухани дүниенің жаңғыруына, әдебиетті жаңа ұлттық таным өресінен тануға ұмтылыс басымдықпен жүргені  аян. Сол мақсатта көптеген бұрыннан мағлұм шығармалар мен авторлардың  дүниетаным тұжырымдары тарихи шындыққа сәйкес талданды. ХХ ғасыр басындағы  қазақ әдебиеті мен қазақ қоғамының  тарихы арасындағы жанды байланысқа баса назар аударылып, содан туындайтын көркемдік шындық пен тарихи шындықтың  аражігіне жете көңіл бөлінді. Жаңа реалистік, демократтық-ағартушылық  әдебиет пен дәстүрлі әдебиеттің өзара үндестігі мен көркемдік-эстетикалық  бағыттарының аражігі ескеріліп  сөз болды. Ұлттық әдебиетті жедел  дамытқан Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Сәбит Дөнентаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәкен Сейфуллин тұлғалары мен  әдебиеттегі мәртебелі жаңашылдық қызметіне арнайы назар аударылды. Сол арқылы Алаш ұранды кезеңнің көркемдік  шындығы зерделенді. Ұлттық әдебиеттің өрісін кеңейтіп, өресін биіктеткен бұл  ұлы жаңашыл дарындардың дәстүр жалғастығы ХХ ғасырда да қанат жайды. Абай мектебі, Абай дәстүрі мен дүниетанымы  ХХ ғасырдан бастап жаңа қазақ әдебиетінің  алтын арқауына айналды. Осы кезеңде  қазақ әдебиеті жанрлық, түрлік тұрғыдан, мазмұн мен халықтық мұрат жағынан  жедел өсіп өркендеді. Әдебиеттің поэтикасы  байыды, тәжірибесі молықты. Баспасөз бен әдебиет байланысы артты. Қоғам мен әдебиет аралығындағы байланыс барынша айқындық сипат  алды. Әдеби байланыс өрістеді. Тұтастай алғанда, ХХ ғасырдың басында әдебиет  жаңа сипаттармен толысып, ұлттық сананың  сара көрінісіне жол ашты. Қазақ әдебиеті тарихының алтыншы томы осындай басты-басты сипаттарымен ерекшеленеді.

Алтыншы томды әзірлеуге  әдебиеттанудың көрінекті мамандары  қатысты. Осы дәуір заңдылықтары туралы терең із қалдырған ірі  зерттеушілердің көзқарастары мен  еңбектері де ұжымдық зерттеу  ісінде өзіндік орнын тапты. Көптеген ақындардың шығармалары мен өмірбаян деректері туралы қысқа тұжырымды  шолу дәйектері ұсынылды. Он бес  көрінекті ақынға арнайы монографиялық  портреттер (сымбаттамалар) әзірленді. Алтыншы томның алығсөзін, кіріспесін («ХХ ғасырдың басындағы қазақ  әдебиеті») филология ғылымдарының докторы, профессор, зерттеу жобасының  жетекшісі А.Қ. Егеубаев жазды. Жалпы  шолу бөлімінде ұсынылған 1916 жылғы  ұлт-азаттық қозғалысы тұсындағы  әдебиет, Абайдың ақындық мектебі, Алаш ардагерлері, басылымдар мен кітаптар, әдеби байланыстар туралы тараулар мен жекелеген ақындар шығармашылығы  туралы тармақтарды, ақындардың өмірбаяны  мен шығармашылық қызметі жөніндегі  деректемелерді ҚР ҰҒА академигі, филология  ғылымдарының докторы, профессор Р. Нұрғали, филология ғылымдарының докторы, профессор М. Жармұхамедұлы, филология  ғылымдарының докторы, профессор Т. Тебегенов, филология ғылымдарының докторы, профессор Д. Қамзабекұлы, филология ғылымдарының кандидаты  С. Сүтжанов, филология ғылымдарының кандидаты, доцент С. Қорабай, филология  ғылымдарының кандидаттары: Т. Әлбеков, Қ. Раев, кіші ғылыми қызметкерлер Ж. Керімбек пен А. Сейітова әзірледі.

Монографиялық тарауларға ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор С. Қирабаев («Сұлтанмахмұт  Торайғыров», «Спандияр Көбеев»), филология  ғылымдарының докторы, профессор Ж. Ысмағұлов («Ахмет Байтұрсынов», «Міржақып  Дулатов»), филология ғылымдарының докторы, профессор Қ.Мәшһүр Жүсіп («Мәшһүр  Жүсіп Көпееев»), филология ғылымдарының докторы, профессор Б. Әбдіғазиев («Шәкерім Құдайбердіұлы», «Нарманбет Орманбетұлы»), филология ғылымдарының докторы, профессор  Т. Кәкішев, филология ғылымдарының кандидаты С. Жұмағұл, («Сәбит Дөнентаев»), филология ғылымдарының докторы, профессор  Т. Тебегенов (Тайыр Жомартбаев), филология  ғылымдарының кандидаты, доцент Ө. Әбдіманұлы («Бернияз Күлеев»), филология ғылымдарының докторы С. Бәйменше («Жиенғали Тілепбергенов»), филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Қ. Ергөбек («Мұхаметжан Сералин»), филология ғылымдарының кандидаты  Қ. Сыдиқов («Ғұмар Қараш» ) зерттеулері  қосылды. 

 

7 том - ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы  қазақ әдебиетінің тарихы. 

 

"Қазақ әдебиеті тарихының" 7-томы кеңестік дәуірдің 20-30 (1917-1940) жылдарын қамтиды.

Кітаптың зәрулігі бұл  кезеңдегі сан алуан тарихи-әдеби  аласапырандар мен әдеби құбылыстардың  көркемдік ерекшеліктерін, бұған  дейін біржақты түсіндіріліп келген шығармашылық лаборатория сипаттарын жаңа деңгейде айқындау қажеттігінен туындайды.

Еліміздің егемендік алуы өз тарихымызды бұрынғыдай көп ұлтты  мемлекеттің құрамында емес, дербес зерттеп, ұлтымыздың әрқилы тарих асуларында ұтқаны мен ұтылғанын, жеткені мен  жете алмаған тұстарын кең ашып, тәуелсіздік жолындағы күрес  идеясының заңды жолын көрсетуді  талап ететіні даусыз. Халықпен, ұлт мәдениетімен бірге қайшылықты жолдан өткен әдебиетіміздің тарихы да осы талғаммен қайта қарауды  қажет етеді. Бұл тақырыпта бұрын  жазылған еңбектер ("Қазақ совет  әдебиеті тарихының очеркі". 1949, 1958. "Қазақ әдебиетінің тарихы", 3-том, 1967.) қоғамдық орта қысымынан бүкіл  әдеби процесті толық қамти алмады. "Алашордашыл" деген жазушылар (А.Байтұрсынов, Ш.Құдайбердиев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев) есімдері мен  еңбектері аталмады. Кеңес әдебиеті өзінің алдындағы дәстүрлерден үзіліп зерттелді. Кей шығармаларға тақырыптық жағынан баға беріліп, көркемдік ізденістері ашылмады. Әдебиет партиялық принциптің шылауында болды. Енді осыларды қайта қарау қажеттігі туды.

Зерттеудің жаңалығы, міне, осы айтылған мәселелердің жаңаша пайымдалуында, соны концепциялар ұсынуында, көптеген ақын-жазушыларымыздың туындыларына әділ баға берілуінде, бұрын бүркемеленіп келген шындықтың бұған дейінгі  әдебиетке қарағанда әлдеқайда  толымды да тұтас көрінуінде, шығармашылықты бұрынғыдай кеңестік идеологияға бейімделгеніне қарап емес, көркемдіктің мәңгі талаптарына  қандай деңгейде жауап бере алғандығына  қарай бағалау принципін басшылыкқа алынуында. Осы талаптардың барлығы  да "Қазақстан-2030" және "Мәдени мұра" атты мемлекет бағдарламасына толық үйлеседі.

Кітаптың құрылымы "20-30 жылдардағы қазақ әдебиеті", "Поэзия", " Проза", " Драматургия", "Әдеби  сын" атты шолу тараулармен бірге "Жүсіпбек Аймауытов", " Мағжан Жұмабаев", "Сәкен Сейфуллин", " Ілияс Жансүгіров", " Бейімбет Майлин", "Жамбыл Жабаев", "Нүрпейіс Байғанин", "Иса Байзақов" сынды  ақын-жазушылардың шығармашылық портретінен  тұрады. Сондай-ақ, тыңғылықты жасалған "Әдеби өмір шежіресі" мен "20-30 жылдардағы казақ әдебиетінің қысқаша  библиографиялық көрсеткіші" де осы кітаптың құнды тарауларының бірі.

Кіріспеде сол кездегі  әдеби процеске ықпал еткен жағдайлар, 1917 жылғы ақпан, қазан төңкерістеріне қазақ жазушыларының көзқарасы, әдебиетті партия жолына түсірудің  әрекеттері мен жазушылар ұйымдарын  құру кезіндегі таластар, әдебиет  кадрларының іріктелуі, отызыншы жылдары  өткен жазушылар съездері мен  партиялық принциптің жеңісі т.б. мәселелер  қаралған.

Поэзияға арналған тарауда 20-жылдардағы әдеби бағыттың екі  жүйесін белгілеген С.Сейфуллин  мен М.Жұмабаев және халық ақындары шығармалары, олардың өмірді тану мен  бейнелеу принциптері, көркемдік табыстары  мен заман қайшылығынан туған  олқылықгары сөз болады. Отызыншы жылдардағы поэзияның социалистік  реализмнің шектелуіне ұшырап, заман  үні болуға тырысуына бүгінгі  күн түрғысынан баға беріледі. Мұнда  көркемдік дәстүр, көркемдік таным  мен талғам, эстетикалық қабылдауға катысты мәселелер тыңғылықты зерттелген. М.Жұмабаевтың "Батыр Баян", С.Сейфуллиннің "Көкшетау", С.Мұқановтың "Сұлушаш", І.Жансүгіровтің "Күйші", "Құлагер", И.Байзақовтың "Құралай сұлу" т.б. поэмалардың мазмұны, образдардың  көркемдік әлемі, ақындық ізденістердің  ерекшеліктері айтылады.

20-30 жылдардағы проза  жанрының жедел өркендеу жағдайлары  С.Сейфуллин, М.Әуезов, Ж.Аймауытов,  Б.Майлин, С.Мұқанов т.б. жазушылардың  алғашқы прозалық шығармалары  негізінде қаралған. Отызыншы жылдардағы  роман жазуға деген талаптың  молдығы, әр саладағы ізденістер, олардың тақырыптары мен көркемдік  ерекшеліктері сараланған. С.Сейфуллиннің "Тар жол тайғақ кешу", Ж.Аймауытовтың "Қартқожа", "Ақбілек", С.Мұқановтың "Адасқандар", "Жұмбақ жалау" ("Ботакөз") романдарындағы ізденістер  мен көркемдік ерекшеліктер жөнінде  тың тұжырымдар жасалған.

XX ғасырдың басында  оқыған қазақ жастарының қатысуымен  ұйымдастырылған ойын-сауық кештері  сахналық өнердің дамуы мен  драмалық шығармалардың тууына  түрткі болғаны жақсы айтылған. Төңкеріс жылдары алғашқы пьесаларымен  көрінген Ж.Аймауытов, М.Әуезов, С.Сейфуллиндер  осы жанрдың негізін салғаны,  реалистік драма үлгілері жасалғаны  анықталып, сол тұстағы ойын-сауық  кештерінде қойылған пьесалар  толық қамтылған. Олардың ішінде  Ж.Аймауытовтың "Рабиға", "Мансапқорлар", "Қанапия-Шәрбану", М.Әуезовті "Еңлік-Кебек", "Бәйбіше-тоқал", "Қаракөз", С.Сейфуллиннің "Бақыт жолына", "Қызыл сүңқарлар", Б.Майлиннің "Шаншар молда", "Ел мектебі", "Неке қияр", "Көзілдірік", Ж.Шаниннің "Арқалық  батыр", Қ.Кемеңгеровтің "Алтын  сақина", Ж.Тілепбергеновтің "Перизат-Рамазан"  пьесаларының орны атап көрсетілген.  Қазақ театр өнерінің дамуымен  байланысты туған алғашқы драмалық  шығармалардың тарихи маңызы  мен көркемдік сапасына көңіл  бөлінген. Сондай-ақ, М.Әуезовтің "Еңлік-Кебек", "Айман-Шолпан", Ғ.Мүсіреповтің "Қыз Жібек", "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" т.б. театр сахналарында қойылған драмалық шығармалар жөнінде кең сөз болады. Драматургия саласындағы басқа да жазушылардың шығармалары, әр саладағы ізденістері талданған.

Әдеби сынның үлгілері, жаңа дәуірде әдебиеттің қандай бағытта  дамуы қажеттігі жайлы таластар, С.Сейфуллин, М.Жұмабаев, М.Әуезов шығармаларын бағалаудағы әр қилы пікірлер, социалистік  реализм әдісін түсінудің жолдары, мәдени мұра және оны бағалаудағы  қайшылықты ұғымдар, алғашқы зерттеулер т.б. мәселелер өз бағасын алған. Осы кезеңде жарық көрген А.Байтұрсыновтың "Әдебиет танытқыш", М.Әуезовтің "Әдебиет тарихы", Х.Досмұхамедовтің "Қазақ халық әдебиеті" (орыс тілінде), С.Сейфуллиннің "Қазақ әдебиеті", С.Мұқановтың "XX ғасырдағы қазақ  әдебиеті" және Қ.Жұмалиевтің "Әдебиет  теориясы", Е.Ысмайыловтың "Әдебиет  теориясының мәселелері" т.б. зерттеулері  қамтылған.

Монографиялық тарауларға ортақ сипаттар - сол кезең шындығын кең қамтитын материалдардың молдығы, оның нақты талдануы, қазіргі талаптарға әсер еткен факторлардың дұрыс айқындалуы. Әрбір ақын-жазушының шығармашылық ерекшеліктері мен әр түрлі жанрдағы ізденістері көркем шығарманы талдау негізінде олардың ұлт әдебиеті тарихынан алатын орнын айқындайды.

Ұжымдық зерттеуді жасауға  қазақ әдебиеттану ғылымының  көрнекті өкілдері қатысқан. 

 

 

 

8 том - ХХ ғасырдың 40-60 жылдарындағы  қазақ әдебиетінің тарихы. 

 

"Қазақ әдебиеті тарихының" 8-томы кеңес дәуірінің екінші  кезеңіне арналған. Онда ХХ ғасырдың 40-50 жылдарындағы әдебиет дамуының  жолдары талданады. Сонымен бірге  аталған кезеңдегі әдеби процесте  жетекші рөл атқарған ақын-жазушылардың (М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов,  Ғ.Мүстафин, Т.Жароков, Ә.Тәжібаев, Ғ.Орманов,  Қ.Аманжолов, Қ.Бекхожин) шығармашылық  жолына баға беріледі. Қазақ әдебиеті  тарихының ең бір күрделі кезеңі  саналған бұл дәуірдегі әдеби  ағымдар мен туындыларды жаңаша  бағалауға ұмтылыс жасалды. Томға  сол дәуірдегі әдеби өмір шежіресі  мен библиографиялық көрсеткіш  берілді.

Кітап әдебиет зерттеушілеріне, жоғарғы оқу орындары студенттеріне, ізденушілер мен аспиранттарға  арналған. 

 

 

 

9 том - ХХ ғасырдың 60-80 жылдарындағы  қазақ әдебиетінің тарихы. 

 

"Қазақ әдебиеті тарихының" 9-томы кеңес дәуіріндегі қазақ  әдебиеті дамуының үшінші кезеңін  (1956-1980) қамтиды. Бұл кітап 7,8-томдарда  қарастырылған әдеби қозғалысты  ғылыми жинақтаудың жалғасы болып  табылады. Кеңес әдебиеті дамуының  бұл кезеңі алдыңғы дәуірлерге  қарағанда бірсыпыра өзгешеліктерімен  ерекшеленеді. Осы дәуір әдебиетінің  басты ерекшелігі - жазушылардың  шығармашылық белсенділігінің артуы.  Жаңа туындылардың көбеюі, әдеби  процестің ұлғаюы негізінде әдеби  сын мен әдебиеттану ғылымы  да қарқынды дамыды. Әдебиет жанрларының  барлық түрі тең дамып, олардың  тұрақты кадрлары қалыптасты. Жаңаша  күшпен толыққан ұлт әдебиетінде  талантты топ өкілдері өз шығармашылығымен  әдебиетті байытты.

Зерттеуде одақ және дүниежүзі  көлемінде мойындалған ұлт әдебиетінің  көркемдік эстетикалық табыстары, оның өз дәуірімен байланысы кең  қарастырылған. Еркіндік, бостандықты  аңсаған ұлт әдебиетінің халықтық сипатына көңіл аударылады. Осы талаптардың  барлығы да "Қазақстан - 2030" және "Мәдени мұра" атты мемлекеттік  бағдарламалармен толық үндеседі.

Информация о работе ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің тарихы