ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы тарихи әлеуметтік жағдай және қазақ зиялылары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2014 в 16:40, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. М.Дулатұлы шығармаларының тақырып аясы өте кең. Онда қазақ халқының өткені мен бүгінін және болашағының сан алуан әлеуметтік және экономикалық мәселелері барынша молынан қамтылады. Десек те, біз оның шығармаларындағы азатшылдық рухын, оның қазақ халқының санасын оятудағы жойқын күшін барынша ашып көрсетуді қарастыру. М.Дулатұлының «Оян, қазақ!» атты өлеңдер жинағының өзегінде оның халқына деген ұлы махаббатынан туған рух үні – ұранды да, дабылды даусы жатыр. Ол – ұлт теңдігі, ұлт дербестігі, өзгеге кіріптар болмай, тәуелсіз өмір сүру мәселесі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

курс женка.docx

— 66.70 Кб (Скачать документ)

-жер мәселесі;

-ұлт мәселесі;

-отаншылдық мәселесі;

-еңбексүйгіштік мәселесі;

-тіл мәселесі;

-оқу-тәрбие мәселесі,

-дәстүр, әдет-ғұрып, мәдениет мәселесі;

-дін мәселесі;

-өркениет (прогресс) мәселесі басты  орын алады. 

«Жер мәселесі» деп аталатын (1911 жыл) мақаласында: «Ішкі Россияда бұлттай қаптап көшіп келе жатқан мұжық алдағыға көз салуды үйреніс  қылмаған қазақ халқын да ойға қалдырды», - дейді де, - мұның себебі не? Халықтың өсіп, жердің өспеуі, һәм тозуы –  қазақ жері патша мүлкі саналып, сол себепті миллиондаған жерсіз мұжықты үкіметтің қазақ жеріне қондыруы. Бұл «тілеусіз қонақтар»  келе бастағаннан бері жер тарылып, атамекеннен ірге қозғалып, қазақтың шаруасының күйзелуі, 15-20 жылдан бері бұл  көшпелі мұжықтардың келіп бітуінің ұшы-қиыры көрінбей, бұлай болғанда, енді аз жылда қазақ халқы ең жаман  жерге сорлап қалып, ақырындап пақырлыққа жетуі ықтимал...» деп, басына төніп  келе жатқан үлкен апатты алдын-ала  болжайды.

Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсыновтармен  бірігіп жазған «Алаштың азаматына» (1916 жыл), А. Байтұрсынов, М. Тұнғаншин, С. Қадырбаевтармен бірігіп жазған «Торғай һәм Ырғыз уезінің  халқына» (1916 жыл) деген мақалаларында  бірінші жаһан соғысының өртіне шалдыққан Ресейдің қол астындағы  мұсылман халықтарынан, оның ішінде қазақтардан  да майданның қара жұмысына адам алу  туралы патша жарлығымен байланысты толқыған бұқара халықтың арандап, қырғынға ұшырап қалмауын ойлап шырылдаған перзенттік үні, сабырға, төзімділікке шақырады. Алғашқысында бұл жарлыққа көнгенде – шаруаға  кемшілік те келер, барған жігіт бейнетке де, қазаға да ұшырар, бірақ елдің  іргесі бұзылмас. Ал көнбегенде көретін  ауырлық – қазақ шын қарсылық қылатын болса, ел-елге отряд шығады. Елдің берекесі кетеді, бас пен  малға әлегі бірдей тиеді, елдің  іргесі бұзылады... Военное положение  иғлан етілген жерде түймедей жазыққа, түйедей жаза болады...»  деп, таразының екі басын салыстырып, түбін ойлап іс қылуды, ел іргесі бұзылмауын, үлкен үркіншілікке душар  болмауды салиқалы салмақпен ескертсе, екіншісінде: «Бізді қазақ баласы, қанына тартады, жаны ашиды десеңдер, тіл  алыңдар: қан төкпеңдер, қарсылық қылмаңдар! Алынатын жастар басын қорғаймын  деп, үйдегі кемпір-шал, қатын-баланың  обалына қалмасын! Бізді орысша оқып, орыс арасында жүр, біздің пайдамызды айтпас деп ойлайтындарың бізді  құдай мен аруаққа тапсырыңдар... Түбінде іс өткен соң өкінгеннен пайда жоқ. Өлген тірілмейді, өшкен келмейді...» деп, 25 июнь жарлығына қарсылық қылған Жизаһ шаһарының жиырма мың халқы қырылып, тірі қалғандары босып кеткенін, мал-мүлкінің таланып, жетім-жесірлерінің шулап қалғанын, Жетісу өлкесіндегі қырғыз халқының да тау-тасқа, сай-салаға паналап қашып, ақырында олардың да бүліншілікке ұшырап, қырғын тауып, мойынсұнуға мәжбүр болғанын, мұндай оқиғалардың Ақмола, Семей облыстарының кейбір уездерінде болып басылғанын мысал етіп, жанұшыра тоқтау айтады.

Ал келер жылы жазылған «Оян, қазақ!»  атты мақаласында: «Жауыз үкіметтің  жауыздығы мен былтырғы 25 июнь жарлығынан қазақ халқы қан жылады, бәрімізден артығырақ қырғыз бауырларымыз қырғынға ұшырады» деп, өзінің тәркілеуден жасырып, аман алып қалған мың дана «Оян, қазақ!»  кітабынан түсетін 500 сом шамалы ақшаны көп пұл болмаса да, ел-жұрт, жер-су, мал-мүлкінен айырылған, бір  тілім нанға зар болып тұрған сорлыларға аз да болса қорек болар  еді»,-деп соларға көмекке ұсынатынын түсіндіріп айтады. «Бұл бейшара бауырларымызды ескеру, өлімнен, қуғыннан құтқару-алаш азаматының борышы»,- деп жазады. Газеттің келесі бір нөмірінде: «237 нөмірлі  «Қазақта» жазып едік, Қытай жерінен  босқан қырғыз-қазақтың саны 164 мың, қырылғаны 84 мың, жеріне шұбырып қайтқаны 69 мың, Қытай жерінде қайтпай қалғаны 12 мың деп. Мұны көре тұра, ести тұра басы аман, малы түгел алаштың азаматы  қалайша қараспайды, неғып дәті шыдайды?!», -деп, «Қазақ» басқармасының босқын қазақ-қырғызға неше айдан бері жұрттан  жинаған жәрдемінің арзымайтын аз екенін айтып күйінеді.

«Алты миллион халықпыз» деп  өзге жұртты санымызбен қорқытатынымыз қайда?! Мал мүліктен айырылып, ашаршылықта  қалған 81 мың босқын ағайынға бөлсек, кісі басына 8 тиыннан келеді екен...көп  түкірсе көл болғаны қайсы?!-дейді  де, - 6 октябрьде шыққан 171-ші нөмірлі  үкімет газетінде Жаңа үкімет Жетісу облысында бүліншілікке ұшыраған орыс һәм бұратана халықтарға жәрдемге қазынадан 11 миллион 150 мың шығарды деп басылды. Бұл ақшаны бұлай бөлуге бұйрық қылған: шабыншылық көрген қара шекпендерге  үй басы бір мың сомнан, түземдіктерге (қырғыз-қазаққа) үй басы жүз сомнан берілсін деп.

Бұл бөлу дұрыс па, адал ма қазақ-қырғыздың  зиянынан қара шекпеннің зияны он есе артық па? Оны қоя тұрып, бұл арада жүз сомның бір үйге ешнәрсеге жетпейтінін айтып  өтеміз. Міне, жұрт, бейшара босқын бауырларының өздерінен алып отырған жәрдемі-әлгі, қазынадан алып отырғаны – мынау  деп ашынған Алаш азаматы ащы  ақиқатты ашып айту арқылы ел намысын оятуға ұмтылады. [10.5]

Ақын қай тақырыпты қозғаса  да, қандай мәселе көтерсе де оның арқауы бостандық пен еркіндік, азаттық  рухы жатады. Бұл рух ұлтқа деген  сүйіспеншіліктен, махаббаттан қуат алып жалындай түседі.

 

 

2.2. Қаламгер шығармашылығындағы  азаттық рухы

 

М. Дулатов шығармаларындағы азатшылдық рухы туралы сөз қозғағанда, сөз жоқ, ең алдымен ойға оның жедел де өткір жанр – поэзиясы оралады. Қазақтың бұрын-соңғы ақындарының бәрі де әдебиет әлеміне өлеңмен енгенін жоққа шығаруға болмайды. Міржақыптың да атақ-абыройы алғашқыдан-ақ поэзиясы арқылы асқақтады. Оның бірінші кітабы «Оян, қазақ!» ұлттық сананы да, патшалық билікті де дүр сілкіндірді. Қалың қазақ ауыр әлеуметтік жағдайын жақсартуға ұмтылыс жасаса, патша үкіметі оларды бодандық бұғауынан босатпауға жанталасты. Дәл осы орайда «Бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ» деген қағиданы берік ұстанған ұлт зиялыларының бір топ жарық шоғыры ұлттың қамын жеп, өз шығармаларына азаттық рухын арқау етті. Жоғарыдағы тарауларда атап өткеніміздей олардың бірегейі – Міржақып Дулатов болды.

Міржақып Дулатовтың әдеби творчествосы екі үлкен ерекшелігімен көзге  түседі. Біріншісі – оның шығармаларының сол кездегі ұлт-азаттық қозғалысымен тікелей байланыстылығы. Дулатов  қаламынан туған шығармалар әдеби  туындылардың шеңберінен шығып, саяси  программаға ойысып отырған. Мұнда  сол кездегі Қазақстанның экономикалық-саяси, қоғамдық ахуалына толық талдау жасаған, ағартушылық, демократтық тұрғыдан не істеу керектігі айтылған. Екінші – М. Дулатов қазақ әдебиетінің  дамуына жаңа бет ашады.

«Оян, қазақты» біржағы саяси трактат, тарих оқушылығы ма дерсің. Тек  сауаты жоқ қалың қазақтың жаттап алуына қолайлы болсын деп өлеңмен  жазылған. Автор сөзін «халық үшін»  әсіресе, ХХ ғасыр жастарына арнап отырғанын жасырмайды. [12.139].

Көкірегінің көзі бар, қаламының сөзі бар М. Дулатовтың әмбебап азамат ретінде қалыптасуына ХХ ғасыр басындағы  қазақ халқының ауыр әлеуметтік жағдайы, ел бірлігінің шайқалуы, Қазақ еліне  капиталистік қатынастардың дендеп ене бастауы, Ресейдегі 1904-1905 жылдардағы революциялық дүмпу, ұлттың болашағына деген жанашырлық, тағы да басқа  көптеген жағдайлар айырықша ықпал  жасағаны белгілі. Ол қысқа мерзім ішінде өзінің білім-парасатымен, ақындық  алғырлығымен, жазушылық терең пайымымен, саяси көрегендігімен, қазақ тарихын  жетік білгендігімен, ең бастысы  милләтшілдігімен, ұлтжандылығымен, көрнекті ақын-жазушы атануымен бірге аса  ірі саясаткерге, қоғам және мемлекет қайраткеріне айналды.

Қараңғы қазақ халқын қалың ұйқысынан  қалай ояту керек?

Оянған халық одан әрі не істеу  керек?

Ұлт азаттығы жолындағы күресте  кім ұраншы болмақ?

ХХ ғасыр басындағы ұлтжанды қазақ оқығандарын нақ осы  мәселелер толғандырғаны рас. Олар ел азаттығы жолындағы күресте өздерінің  құрбан болатындарын да жақсы білді.

Ахмет Байтұрсынов қалың ұйқыдағы қазақ қауымын «Маса» болып шағып, намысын қайрай бастады.

Сұлтанмахмұт Торайғыров:

«Қараңғы қазақ көгіне,

Өрмелеп шығып күн болам.

Қараңғылықтың кегіне,

Күн болмағанда кім болам»-деп жастардың жігерін жаныды.

Мағжан Жұмабаев ел тәуелсіздігінің  елдік пен ерліктің өлмес дастаны  «Батыр Баянды» жазды.

Міржақып Дулатов болса «Оян, қазақ!» деп бар дауысымен, зор  ақындық шабытымен жар салды. Халықты жақсы күндерге, жарқын болашаққа  үндеді. Иә, олар аз емес еді. «Алашым» деп , «Қазағым» деп «Алаш» партиясын  құрды. Әрбір шығармасында азаттық  рухы атой салды. Олардың бәрі ақ патшаның алмас қылышынан аман қалғанымен, «Қызыл империя» - Кеңес үкіметінің қанды қылышынан құтыла алмады. Қазақ  зиялыларының трагедиясы тарихымызға  ұлт трагедиясы болып енді.

М. Дулатов шығармаларындағы азаттық  рухты терең тануымыз үшін оның дерек-дәлелдерін сол шығармалардың өзінен іздеген  жөн. Сондықтан оның туындыларында  пайда болған уақыт ерекшеліктеріне  сай бірнеше кезеңдерге бөліп  қарастыруымызға болады. Оларды шартты түрде былайша бөлген дұрыс тәрізді.

Бірінші кезең – 1917 жылғы Ақпан  төңкерісіне дейінгі, яғни Ресей  отаршылдығына қарсы ел үшін, жер  үшін күрес кезеңі.

Екінші кезең – Ақпан төңкерісінен Қазан төңкерісіне дейінгі, яғни Уақытша Үкімет тұсындағы елдегі демократиялық қозғалыстар кезеңі.

Үшінші кезең – Қазан төңкерісінен Кеңес Үкіметі толық орнағанға  дейінгі, яғни азамат соғысы жылдарындағы большевизмге қарсы күрес кезеңі және кеңестік кезең.

М. Дулатовтың көп қырлы, көп жанрлы, тұтас дәуірге әлеуметтік-экономикалық жағынан, қоғамдық-саяси және мәдени жағынан жан-жақты терең бағасын  берген шығармаларына жоғарыда атап көрсетілген кезеңдерге сәйкес шағын  да болса сараптама жасап көрелік. Бұл орайда, алдын-ала айырықша атап көрсететін жағдай М. Дулатов шығармаларындағы азаттық рухы оның алғашқы өлеңдерінен  соңғы көрген дүниесіне дейінгі  аралықта ойға да, көзге де айқын  ұрып, бедерленіп, сілемделіп, жота-жоталанып, шыңнан-шыңға жалғасып, тұтасып жатады. Міржақып Дулатовтың алғашқы еңбектерінен бастап айқын көрінетін нәрсе, ол оның өз ұлтына, қазағына деген шексіз сүйіспеншілігі. Сол сүйіспеншілік,-деп  жазды тарих ғылымының докторы, профессор Қамбар Атабаев, - негізінде  бар өмірін туған халқына қалтқысыз  қызмет етуге арнауы М. Дулатовтың өзі  өмір сүрген қоғамдағы орнын да, саяси көзқарасын да, тағдырын да, тарихтан алар орнын да шешті». [13.13]. Бұл – біріншіден. Екіншіден, М. Дулатовтың алғашқы кезеңіндегі, яғни 1917 жылдың ақпанына дейінгі аралықтағы шығармалары халықтың бұрынғы өткен және бүгінгі хал-ахуалына терең талдау жасайды. Бұл қазақ елінің Ресей бодандығына кіргенге дейінгі өмірін үлкен сағынышпен, қатты аңсаумен тебірене жырласа, Ресей бодандығына кіргеннен кейінгі қазақ елінің өмірін, оның мүшкіл халін жүрегі жылап отырып жырға қосады. Қазақ даласындағы әлеуметтік өмірден қол үзбей жіті құлақ түріп халық тұрмысының жай-жапсарын қадағалап отырған жас ақын, еркін ойлы азамат тығырықтан шығудың бірден-бір жолы ел санасын ояту деп білді. Өзінің ұлт бостандығы үшін жүргізілген күреске жастайынан араласқан саяси қайраткер екендігін көрсетеді. Мысалы, 1905 жылы, яғни жиырма жасында шығарған алғашқа туындыларының бірі «Қазақ халқының бұрынғы һәм бүгінгі халі» атты өлеңінде:

«Міржақып, неге отырсың  қалам тартпай,

Бәйге алмас болғанменен  жүйрік шаппай.

Шамаңды қадари-хал көрсетсеңші,

Байғұс-ау оянсаңшы қарап  жатпай», -деп өзін-өзі оятудан бастайды да, халыққа қызметінен пайда бермейтін, оқуға, білуге талпынбайтын жігіттің несі жігіт деген ой тастайды.

Өлеңді:

«Адасып қараңғыда сорлы  қазақ,

Ай тумай, күн һәм  шықпай, тұр таң атпай.

Сөндірмей жанған өртті  көрген адам,

Қалайша тұру мүмкін жанға  батпай»,-деп аяқтайды.

Өлеңде дін, милләт (ұлт) үшін мал  да, жан да құрбан деген ой тастайды. Ол бұл ойын 1907 жылы Санкт-Петербург  қаласынан шыққан «Серке» газетінің  бірінші нөмірінде жарияланған  «Жастарға» деген өлеңінде одан әрі  дамыта түседі.

 

 

«Найзаменен түртсе де,

Жатырсың, қазақ, оянбай.

Мұнша қалың ұйқыны,

Бердің бізге, ой, Алла-ай!»-деп, Міржақып Дулатов сол «қалың ұйқыдағы» қазағын оятуды басты мақсат етіп қойғанын тағы да қайталайды.

 

«Халыққа, жастар басшы  бол!

Қараңғыда жетектеп

 

Терең судан өтер ме

Мың қойды серке бастамай»,-деп жастарға сенім артады. [13.14]. Бұл өлең тек жастарға ғана емес, жаңадан шыққан «Серке» газетіне де арналған сияқты. Яғни, қазақ халқының азаттық алып, бостандыққа жету жолындағы күресінде қазақ зиялылары, былайша айтсақ «ұлт серкелері» көшбасшы болуға тиіс. «Серке» газетінің таратылып үлгермей тәркіленген екінші нөміріндегі «Біздің мақсатымыз» деген мақаласында «Қазағым менің, елім менің!» ең алдымен қазақ халқы Россияға тәуелді халық, оның ешқандай правосының жоқтығы ыза мен кек тудырады»-деп, одан әрі патша шенеуніктерінің кедей қазақтарды ұрып-соғып, мал-мүлкін тартып алып, ойына не келсе, соны істеп жатқаны; дінімізге, атадан мұра болып келе жатқан ғұрпымызға тиісіп, діни кітаптарды тұтқынға алғанын; мыңдаған мұжықтарды қазақ даласына жер аударып, қазақтардың суы мен шұрайлы жерлерін тартып әпергенін ашына жазды. Патша үкіметінің жарлығымен құрылған дала соттарының шешімдері бойынша жанымен, тәнімен, туған халқына берілген азаматтардың асылып, атылып кеткендеріне, қазірдің өзінде мыңдаған ерлеріміздің шалғай жерлерде жүргеніне немесе түрмеде отырғанына күйзеледі. Бұл ақынның 1906 жылы жазылған, «Оян, қазақ!» жинағына енгізілген «Қазақ жерлері» деген өлеңі де, азаттық рухын асқақтатып, ақынның қалыптасқан саяси күрескер екендігін дәлелдейді. Бұған мысал ретінде:

«Жылында мың сегіз  жүз алпыс сегіз:

Қазыналық,-деді,-жердің һәммәсін да

Тарылып жылдан-жылға жер-суымыз,

Информация о работе ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы тарихи әлеуметтік жағдай және қазақ зиялылары